Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылығы


Кіріспе
Өзектілігі: 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Этносаралық, конфессияаралық келісім мен төзімділікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін іске асыру нәтижесінде және халқымыздың ұлтжандылығының арқасында елдің ішкі саяси тұрақтылығы мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өсуіне қол жеткізілді.
Халықаралық ынтымақтастықтың жалпыға ортақ қағидаттарына адалдық, жаппай қырып-жоятын қарудан бас тарту, ықпалдастық байланыстарды тереңдету қадамдары еліміздің әлемдік қоғамдастықта жоғары беделге ие болуына септігін тигізді.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты.
Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.
Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.
Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.
Қазақстанның әлемдік нарықтағы тиімді артықшылығы - оның ішкі саяси тұрақтылығы болып табылады. Мемлекет басшылығы әрдайым бұл мәселені елдің дамуының басты арқауы деп таныды.
Еліміздің даму бағытының өміршеңдігіне әлемдік қауымдастықтың сенім артуы нәтижесінде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының жемістілігінің жарқын белгісі болып табылады. 2010 жылдың желтоқсанында Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ саммиті - кеңістік қатардағы елдерің тарихында орын алған ең ауқымды форум.
2011 жылы Қазақстан Орта Азия елдерінің ішінде алғаш рет Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумын өткізді.
2011 жылдың ақпан айында Қазақстанды ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) аймақтық бағдарламасының Басқарушы комитетіне мүше болуға шақырды.
Мақсаты:Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықтың құқықтырының факторларын қарастыру
Мақсатқа жету міндеттері:
- Саяси тұрақтылық - қоғам жаңғыруының негізін түсіндіру
- Қазақстанның ішкі саяси жағдайын қарастыру
- Қазақстанның әскери саяси жағдайы
I. Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылығы
1. 1Саяси тұрақтылық - қоғам жаңғыруының негізі
Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік құрылысты қалыптастыру жолында, егемендікті бекітуде, саяси тұрақтылықты нығайту барысында күрделі үдерістерден өтті. Өз кезегінде бұл республикамыздағы саяси жүйені демократияландыру үдерісін жалғастырып, әлеуметтік-экономикалық реформаларға қажетті шарттар жасады.
Сондықтан қоғамымыздағы бейбіт өмір мен қоғамдық келісім мемлекет басшылығы мен барлық қазақстандықтардың біріккен күш-жігерінің нәтижесі деп толық сеніммен айтуымызға болады. Саяси тәжірибе көрсеткендей, саяси тұрақтылық мәселесі мемлекеттердің саяси режімі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне қарамастан кез келген ел үшін өзекті болып саналады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, “Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді”. Бүгінгі күнде Қазақстан төраға ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүмкіндіктерін қақтығыстарды реттеу жолындағы мәселелер төңірегінде жоғарылатты.
Ал ЕҚЫҰ-ның Астана қаласында өтетін Саммитінде аймақтардағы тұрақтандыру технологиялары ізденісі қарастырылатындығына халқымыз сенімді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 19 жылдығы мен ЕҚЫҰ Саммиті алдында еліміздің саяси тұрақтылығын бекітетін негізгі факторларға мән берген дұрыс деп санаймыз. Осы саладағы Қазақстандық тәжірибе кез келген мемлекеттің бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің өркениетті жолдары ізденісінде үлкен мәнге ие. Біріншіден, саяси жүйе сүйенетін, тұрғындар құндылығын жоғарылататын қоғамдағы саяси өмірді демократияландыру саяси тұрақтылықтың негізгі сипаттамалық белгілеріне ие. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыс мәселелеріне қатысты консенсус қазақстандық қоғамға тән құбылыс.
Бұл демократиялық қоғамдық басқарудың қажеттіліктерін таныта түседі. Екіншіден, саяси тұрақтылық реформалардың тереңдігімен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің жоғарғы деңгейін қалыптастырумен сипатталып, өткізіліп отырған реформаларды халықтың қолдауы көрсеткішін айқындайды. “Посткризистік әлем” институтының 2009 жылдың ақпанында өткізген “PostКСРО: үкіметтердің дағдарысқа қарсы қимылдарын бағалау” атты зерттеулерінің нәтижесі бойынша бұрынғы КСРО мемлекеттері арасындағы Қазақстан Республикасының тұрғындары болашақтан бақуатты өмірді күтеді. Бүгінгі кезеңде еліміз азаматтардың осы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар атқаруда. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауларында азаматтардың материалдық жағдайы, білім беру жүйесі мен тұрғын үй мәселелеріне баса назар аудартқаны мәлім. Үшіншіден, саяси тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігі азаматтық қоғамның жоғарылығын, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланыс сапасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру талаптарының деңгейін танытады. Аталған көрсеткіштердің төменгі деңгейі қоғамдағы шиеленісті туғызып, саяси тұрақсыздыққа әкеледі. Жалпы ішкі қақтығыстар кез келген мемлекеттер үшін аса қауіпті құбылыс. Бұл іс басындағы билікті ығыстыру мақсатындағы бейконституциялық процестерге итермелейтіндігі белгілі.
Сонымен қатар, ішкі қақтығыстар әлеуметтік-экономикалық және психологиялық нәубет. Өйткені азаматтар өз күш-жігерін прогресс жолына емес, өздерінің иррационалды мінез-құлқын дамытып, қоғамдық дамуға кері ықпал етеді. Төртіншіден, саяси тұрақтылыққа жету құқықтық және моральдық нормаларды, ұлттық дәстүрді танытатын саяси мәдениет деңгейіне байланысты. Модернизация келіссөздер жүргізудің мәдениетін қалыптастыру мен толерантты сананы тәрбиелеудегі жаңа дағдыларды дайындауды қажет етеді.
Сондықтан Қазақстанда өркениетті үнқатысу мен пікірталастарды ұйымдастыруда мүмкін болған әңгімелесу алаңдары ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің үйлесімді әдістері мен бейбіт мәдениет идеясы насихатталуда. Қазақстанның қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға Қазақстанның төрағалығы “Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік” ұранымен өтіп жатқандығы айқындалу үстінде. Бесіншіден, қоғам тұрақтылығы мемлекет лидерінің нақтылы тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекет басында тұрған саяси лидер қоғамдағы келісімді қамтамасыз еткенде ғана өз легитимдігін жоғарылатады.
Өйткені, тек қана ол қоғамдағы жан-жақты қарама-қайшы ойларды татуластырып, біріктіре алады. Қоғамды модернизациялау кезеңінде лидерлер тұрақтылық факторларын нығайтып, жаңа өзгерістердің бастамашысы болып қала бермек. Осы шарттарды лидерлер саяси бағытты айқындап, қоғам дамуының стратегиясын қалыптастырып, оны орындау құралдарын анықтайды. Елбасымыздың осы жолдағы саясаты латентті қарама-қайшылықтар профилактикасына бағытталып, тұрақтылықтың қосымша ресурстарын қалыптастыруы айқындалады. Бүгінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы әлемдік қауымдастықтың еліміздегі ішкі саяси жағдайларына назарын аудартуда. Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің қазақстандық тәжірибесі ЕҚЫҰ кеңістігінде қолдануға қажетті шарт екендігіне ел тұрғындарының көздері жетті.
1. 2. Қазақстанның ішкі саясаты
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Өз тәуелсіздігінің 19 жылында Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді. Ішкі саясаттың жүру қарқынын мыналардан көруге болады.
1. Қазақстан тәуелсіздік алғандықтан, өзінің Конституциясын жариялады. Алғаш рет 1993 жылы Конституция қабылдап, кейін 1995 жылы бүгінгі күнге дейін жетіп отырған екінші жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияның маңызды ережелерін атап кетер болсақ, олар :
- Халықтың билік етуі жарияланып, халыққа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілді.
- Қазақстан Республикасында өз аумағының, оның тұтастығының, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, өз заңдарының, басқа елдермен терезесі тең болуы Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайды.
- Қазақстан Республикасының саясаты тікелей адам мен азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын әр кез қолдап отырады.
- Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналып отыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ол ұлттардың өкілдері елімізде тату-тәтті тыныш өмір кешуде. Сол себепті Конституцияда адамдардың ұлтына, нәсіліне, жынысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі атап көрсетілген.
2. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған саясат демократиялық сипатта болғандықтан, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасқан болатын. Себебі елдегі билік етуші үкіметтің саясатын бақылап отыру үшін халық бірнеше оппозициялық саяси партияларды құруы тиіс. Бүгінде елімізде билік тізгінін Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев басқарып отырған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ұстап отыр. Сонымен қатар елімізде «Ақжол», «Руханият», «Қазақстанның коммунистік париясы», т. б. ірілі-ұсақты оппозициялық саяси партиялар да бар.
3. Қазақстанның алға дамуын әрі қарай ілгерілету мақсатында Елбасымыз алдағы жылдарда жүргізілетін саясаттың бағыттарын айқындау үшін 1997 жылдың қазан айында «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялады. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Осы стратегияның маңызды басымдықтарына шолу жасап кетер болсақ:
- Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыта отырып, әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайта отырып, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асыру қажет.
- Макроэкономиканы тұрақтандыра отырып, сауда мен өндіріске мемлекеттің жиі араласуын тежеу арқылы және тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету мақсатында өндірісті диверсификациялау көмегімен Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясын жүзеге асыру қажет.
- Сонымен қатар әлеуметтік стратегияны, ресурстарды дұрыс пайдалану стратегиясын, көлік пен байланысты дамыту стратегиясын, басқару саласындағы стратегияны және де қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында алға біршама тапсырма қойылып отыр.
- Қазақстан Республикасының ішкі саясаты туралы сөз қозғай отырып, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы туралы сөз қозғамай кету мүмкін емес. Елбасымыз алдағы онжылдықта экономиканы дағдаарыстан кейінгі дамуға әзірлеу қажет екендігін, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканық тұрақты өсуіне қол жеткізу керек екенін, адам капиталының қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау қажетін, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз ету қажетін, ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту керек екенін айтып өткен еді. Еліміздің экономикасын өрге өрлету үшін экономиканы әртараптандыру, сауатты сауда саясатын жүргізу, экономикаға инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару - аталмыш жоспарда ел экономикасын дамытуға бағытталған алға қойылған мәселелер болып табылады.
II. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiгiнiң әскери-саяси
негiздерi
2. 1. Әскери-саяси жағдайды дамыту болжамы
Еуропа мен Азияның сауда және көлiк-коммуникациялық ағынының қиылысында тұрған Қазақстанның геосаяси жағдайы, елдiң бай табиғи ресурстары халықаралық және өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту саласында елеулi басымдықтар бередi. Сонымен бiр уақытта табиғи ресурстарды бөлудiң әркелкiлiгi, дамыған және дамушы елдер арасындағы ұлғайып келе жатқан алшақтық, экономикалық өктемдiк, мемлекеттердiң әлеуметтiк-саяси құрылысына қағидаттардағы айырмашылықтар және жаһанданудың басқа да терiс аспектiлерi оларды шешу кезiнде әскери және өзге де қуат құралдарының пайдаланылу мүмкiндiгi мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленiстiруге ықпал етуi мүмкiн. Қазақстанның айналасындағы ахуал түбегейлi өзгердi. Өңiрдегi жағдайды тұрақсыздандыратын және ұлттық қауiпсiздiкке қатер туғызатын жаңа факторлар туындады, ол әскери қатерлердiң тұрақты мониторингi жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды талап етедi.
Жаппай қырып-жою қаруын таратудың өсiп келе жатқан қаупi, трансұлттық терроризм мен дiни экстремизм, қару-жарақ пен есiрткiнiң заңсыз айналымы, этникалық және демографиялық шиеленiстiң өсуi, табиғи ресурстардың, ең алдымен судың тапшылығы, жекелеген өңiрлерде және тұтастай әлемде экологиялық жағдайдың нашарлауы орта мерзiмдi перспективада Қазақстанның қауiпсiздiгiне, халықаралық және өңiрлiк тұрақтылыққа елеулi қатер төндiредi. Ядролық қаруы бар мемлекеттер және "соғысқа бейiм тұратын" деп аталатын елдер санының ұлғаюы белгiлi бiр дәрежеде қалыптасқан халықаралық қауiпсiздiк жүйесiн бұза отырып, әлемде күштердi орналастыруды түбегейлi өзгертедi. Бұл ықтимал қатерлерге қарсы ic-қимыл үшiн принциптi жаңа қағидаттар, оның iшiнде негiзгi ғаламдық күштер орталықтарымен бiрлесiп тұжырымдауды талап етедi.
Ықпал ету объектiлерi маңызды экономикалық және әскери орталықтар, азаматтық халық, ұлттық рәмiздер болуы мүмкiн, ол тек жекелеген мемлекеттердегi ғана емес, сондай-ақ тұтастай өңiрдегi жағдайды тұрақсыздандыруға әкеп соқтырады.
Сөйтiп, қазiргi заманғы геосаяси жағдай саяси тұрақсыздықпен, экономикалық, демографиялық және әлеуметтiк сипаттағы қайшылықтармен сипатталады, өзiмен бiрге тұрақсыздандыру қатерiн әкеледi.
Осы жағдайларда бейбiтшiлiктi, халықаралық және өңiрлiк қауiпсiздiктi, тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негiзде мемлекеттiң тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қорғау Қазақстанның әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы түйiндi мақсаттар болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткiзуде басымдық саяси шараларға және алдын алу дипломатиясына берiледi. Сонымен қатар әскери-қорғаныстық құрауыштарға сұраныс сақталып отыр және, демек, Әскери доктринаның жаңа жағдайларға бейiмделу проблемасы өзектi болып табылады.
Әскери-саяси жағдайды талдау Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiне төнетiн негiзгi қатерлер мыналар болуы мүмкiн деп болжайды:
сыртқы:саяси тұрақсыздық, шекаралас елдердегi мемлекеттiк институттардың жеткiлiктi дамымауы; қарулы арандатулар, Қазақстан Республикасына аумақтық кiнә қоюлар; шетел мемлекеттерi немесе ұйымдары тарапынан Қазақстан Республикасының iшкi iстерiне араласу;
Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiне залал келтiруге әскери-саяси ұйымдар мен одақтар ықпалының кеңеюi; Қазақстан шекарасының маңында қарулы жанжалдар ошақтарының болуы;
жекелеген мемлекеттердiң жаппай қырып-жою қаруын және оны жеткiзу құралдарын жасау жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруы, оны шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтарды, технологиялар мен құрауыштарды, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы технологияларды заңсыз таратуы;
әскери қыр көрсету, Қазақстан мен оған достас мемлекеттердiң шекаралары маңындағы қалыптасқан күштер теңгерiмiн бұзуға әкеп соқтыратын әскер топтарын өрiстету; халықаралық радикалдық топтардың қызметi, шекаралас елдердегi дiни экстремизм ұстанымының күшеюi;
iшкi:конституциялық құрылысты өзгертуге бағытталған күш көрсету ic-әрекеттерi; Қазақстан Республикасының бiрлiгi мен аумақтық тұтастығын, елдегi iшкi саяси тұрақтылықты бұза отырып, экстремистiк, ұлттық, дiни, сепаратистiк және террористiк қозғалыстардың құқыққа қарсы қызметi;
мемлекеттiк билiктiң орталық органдарының жұмыс iстеуiне iрiткi салуға бағытталған ic-әрекеттердi жоспарлау, дайындау және жүзеге асыру, мемлекеттiк және басқа да өмiрлiк маңызы бар объектiлерге шабуыл жасау;
заңсыз қарулы құралымдарды құру, жарақтандыру, дайындау және олардың жұмыс iстеуi; Қазақстан Республикасының аумағында диверсиялар, террористiк актiлер, өзге де құқыққа қарсы ic-әрекеттер үшiн пайдаланылуы мүмкiн қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш және басқа да құралдарды заңсыз тарату; Қазақстан Республикасындағы экономикалық және саяси тұрақтылыққа қатер төндiретiн ауқымдағы ұйымдасқан қылмыс, контрабандалық және өзге де заңға қарсы қызмет.
- Қазақстанның әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етусаласындағы саясаты
Қазақстан Республикасы қызметiнiң маңызды бағыты - мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, агрессияны немесе әскери жанжалдар тұтандыруды болдырмау, тұлға мен қоғамды қорғау, елдiң саяси және экономикалық мүдделерiн icke асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Қазақстан өзiнiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi демократиялық, құқықтық мемлекеттi дамыту, әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру, тең құқылы әрiптестiк, өзара тиiмдi ынтымақтастық, халықаралық қатынастардағы тату көршiлестiк принциптерiн бекiту, халықаралық қауiпсiздiктiң толық қамтитын жүйесiн дәйектi түрде қалыптастыру, өңiрде бейбiтшiлiктi сақтау және нығайту тұрғысынан қарастырады. Қазақстан қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң әскери емес шараларына, бiрiншi кезекте саяси-дипломатиялық, құқықтық, экономикалық, гуманитарлық, ақпараттық-насихаттау және өзге де шараларына басымдық бередi, ол мынадай мiндеттердi шешудiң басымдықтарын алдын ала айқындайды:
әскери саладағы, бiрiншi кезекте Орталық Азиядағы өзара тиiмдi ынтымақтастық, өзара түсiнiстiк, сенiм мен ашықтық шараларын жүзеге асыру негiзiнде достас мемлекеттермен байланыстарды және интеграциялық процестердi күшейту; әскери жанжалдарды және агрессия тұтандыруды болдырмаудың халықаралық тетiктерiн құру жөнiндегi қызметтi жандандыру; сенiм шараларын нығайту, мемлекетаралық қайшылықтарды шешу үшiн күш қолданудан бас тарту, халықаралық дауларды реттеу;
әлемнiң демократиялық және индустриялық дамыған мемлекеттерiмен экономикалық байланысты кеңейту және қарым-қатынасты тереңдету;
халықаралық қоғамдастық тарапынан елдi қолдауды қамтамасыз ету үшiн халықаралық институттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану;
жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың және қару-жарақты бақылаудың халықаралық режимдерiн нығайтуға жан-жақты жәрдемдесу.
Қазақстан бейбiтшiлiк тәртiбiн қалыптастыруға белсендi қатыса отырып және әскери жанжалдарды болдырмау, ал олар туындаған жағдайда - олардың бастапқы даму сатысында жанжалдасу ахуалдарын бәсеңдету мәселелерiн шешуде әрiптестiк және ынтымақтастық құралын, диалогты және басқа да мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзiнiң байланыстарын кеңiнен пайдаланатын болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz