Несиенің қажеттігі және несие қатынастарының пайда болуы


Несиенің қажеттігі және несие қатынастарының пайда болуы
1. 1 Несиенің қажеттілігі
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. "Кредит" деген сөз, "Қарыз", "несие" деген "kredo" - сенемін деген мағына беретін латынша "kreditium" деген сөзінен шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар - ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасына іздеу қажет. Несие қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Экономикалық категория ретінде, несие -кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып топтайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өнірістікке өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни ақша капиталының ауыспалы айналымы жүрді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машина, шикізат және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші незеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектіде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектіде ақша деген қажеттілігінің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектіде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектідегі ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады.
Капитал айналымдарда және ауыспалы айналым процесінде ақшалай қаражаттардың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге болады.
Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы мен қайталуы болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.
Несиенің мүмкіншілігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы - экономикалық байланысын туындайтын міндеттемелірдің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызуғышылық танытулары керек.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым - қатынасты білдіреді.
1. 2 Несиенің мәні, қызметтері
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формаларын тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек.
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек.
Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді.
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозқалыс сатыларын несиенің негізгі көрсететін жөн.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары қатысуы керек.
Сонымен несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды. Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттары болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс тұлға болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз - бір - біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарыды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Ақшаға немесе тауарға құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы - оның авансылану сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде онда жасалуы тиіс табыстардыболжап біледі. Қарыз алушыға кредиторға несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың болуынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндегін ескереді.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозқалысын көрсетуге болады: несиені орналастыру (НО) - қарыз алушылардың несиені алуы (НА) - несиені пайдалану (НП) - ресурстардың босатуы (РБ) - уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) - несие формасында орналастырған қаражаттарды кредитордың алуы (ҚА) .
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылғымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе объектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтері атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- аналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының қайта бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады.
Несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай - ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналасын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өнірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми - техникалық прогресті жеделдету қызметі қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми - зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға түседі.
1. 3
Несиенің капиталдың жасампазды теориясы натуралистік қарама - қарсы идеяны ұсынады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуына шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процесінен алыстатады. Несие ақшамен және байлықпен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша, несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады, ол банктерге делдалдық ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарасты. Бұл теорияның қолдаушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумпетер (Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептейді.
Несие пайда әкеледі сондықтан ол "өндіргіш капитал" болып табылады, ал "банктер" - "несие фабрикасы". Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сонымен қатар олар, банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
Дж. Кейнстің тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз - инфляцияға, инфляция - өндіріске, өндіріс - табысқа, табыс - бағаға әсер етеді. Ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін мойындайды.
АҚШ ғалымдары, Р. Голдамий, С. Кузнец, К. Дугел, Д. Кример бұл тұжырымдаманыдамыта отырып, несие капиталдың нарығын және оның сигменттерін, олардың экономикамен өзара әрекетін, қызмет ету параметрлерін зерттеді. Бұл нарықтық қатысушылары мыналар:
- алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстардың иелері: уақытша бос ресурстары бар зағды және жеке тұлға, мемлекет.
- уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие - қаржы институттары ретіндегі тұлғалық мамандандырылған делдардар.
- қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы заңды және жеке тұлға, мемлекет.
Несие мәнінің өзгеруімен қатар оның көрініс танытуды да өзгеріп отырады. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрсететін танумен сипатталады. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В. М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу бөлу категорияларына жатқызады және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.
II бөлім Несие ақшаның маңызы мен түрлері
2. 1 Несие - ақша саясаты және ақшаның экономикадағы рөлі
Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құру мүмкін. Несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады.
а) экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі есептеу (дисконттық) ставка банктің вексельді сатып ағымдағы банк алымын қарыз процентінің мөлшері дейміз немесе жеке тұлға мен мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттемелері. Эмиссиялық банк коммерциялық банктің векселін ғана ескереді. Есептеу ставкасының төмендеуі мен көтерілу жеке коммерциялық банктердің әртүрлі қарыздар ставкасын қайта қарау үшін сигнал болып табылады.
ә) эмиссиондық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі. коммерциялық банктердің эмиссиондық банктегі депозиттері қолдануға рұқсат етілмейтін ерікті салымдардары ұлғайта отырып, ұлттық банк жеке банктердің несие ресурстарын шектейді.
б) "ашық нерықтағы операция". Мемлекет бар пәрменімен облигацияны сатады немесе сатып алады. Бірінші жағдайды жеке несие жүйесін қарыз капиталының ресурстары алынып, ұдайы өндірісті қиындатады. Екінші жағдайда қосымша қаржы несие жүйесіне құйылып, ұдайы өндірісті ынталандырады.
Қазіргі замандағы қоғанда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталыды, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарларды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етпейді, ол өндіріспен үздіксіз байланыста болады. Ақша тауарлар мен қызметінің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы - несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.
Ақша нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадығы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.
Ақша - несиелік реттеудің мақсаты - ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсуін ынталандыру.
Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер - вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаның түрліше формалары пайда болады.
Ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғлысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.
2. 2 Несиенің түрлері, мәні
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар - бұл несие негізіндеалтынның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғаласын көрсетеді және "төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады".
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операциялармен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету, нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма - қолсыз ақша айналымның дамуына мүмкіндік жасау.
Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несеи карточкалары жатады.
Вексель - бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымның қасиетке ие болғандықтан яғни қолма - қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.
Вексель несенгесату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз - кәсіпорындардың бір - біріне банктерді жанай өтуі арқылы неселеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы - кәсіпорын тауарды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді.
Вексель қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма - қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:
- вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар айналымының бір бөлігін, әсірісе көтерме сауданы ғана қамтиды;
- вексельдік көтермелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сальдо қолма - қол ақшамен төленеді;
- борыштық міндеттеме ретіндегі вексельдер тек төлем қабілеті бар субъектілер арасында ғана шектеулі айналыс сферасына ие болады;
- вексельдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі болады.
Қолма -қол ақшаларда мұндай шектеулер жоқ.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алды. Құрамын анықтағаннан кейін және өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл "банктік хат" банкнота деп атады және ол пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді.
Банкнота өзінің мәнін жағынан - бұл банкирге арналған вексель болып табылады.
1993 ж. біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша - банкнота болып табылады.
Банктік салымдар мен қолма - қолсызө есептеулер негізінде құрылатын депозитті ақшалар айналысы чекпен байланысты.
Чек - бұл шот иесінің чек ұстаушының шотына чекте көсетілген ақша сомасын қолма - қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма - қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.
Банктен қолма - қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды.
Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.
Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен көрсетілген:
3
4
5 1 2
Чек есеп айырысу сызбасы.
1- төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 - банк оған чекті кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 - бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 - тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады;
5 - бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны бенефициар шотына түсіреді.
Несие карточкалары. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қөл төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат. Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма - қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т. б.
Қолма - қол қағаз ақшалар орнына несие карточкалар және электронда ақшаларды қолдану - бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадым.
Несиелік карточклар бөлшек сауда айналымдағы және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатыпт алуға арналған, туризм және ойын - сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
Несиелік карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымның жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.
III бөлім Қазақстандағы ақша -несие саясаты
3. 1 Несие - қаржы рыногы қарама - қайшылыққа толы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz