Шығармашылық жұмыс



I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ . БАСТЫ БАҒЫТ

2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру

3. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру

4. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін маңызы

5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамытудың жолдары

III. Қорытынды.

«Шығармашылық жұмыс» . биология пәнінің ең маңызды бөлігі
Кіріспе.
Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті - 2010жыл-ға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын. Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
• оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
• бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
• берер білімнің ғылымилығын арттыру;
• алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
• оқушысының ой белсенділігін дамыту;
• әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту;
• білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде жоғарғы сапаға жету;
Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ – БАСТЫ БАҒЫТ
Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық. Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Бұл – шығармашылық. Адамзаттан қоғамдық тәжірібесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез – қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс – оқыту деп аталады. Дидактиктер М.Я.Лернер, В.В.Краевскийлер 70-жылдары оқушылардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлінбегенін, оған себеп әдістер концепциясында бағыттау болмағандығынан деп көрсетеді. Зерттеушілік әдіс және проблемалық оқытудың басқа да әдістері алғаш кеңес педагогикасы номенклатурасында жоқ болып, тек әңгіме әдісі басым болғанын айтады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Т.Торманов «биологияны оқыту пәнінің инновациялық технологиялары»

http://bilim.idhost.kz/ustaz/1911-okushylardyn-shygarmashylygyn-arttyru.html

http://1referat.kz/psixologiya-pedagogika/bastauysh-synyp-oqushysynyn-shygarmashylyq-is-areketin-qalyptastyru-zholdary.html


http://bilimdiler.kz/adistemelik/5613-bastauysh-synyp-okushylarynyn-shygarmashylyk-kabiletterin-damytu.html

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факультеті
Молекулалық биология және генетика кафедрасы

СӨЖ № 2

Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс

Орындаған: Тілеген Ж.М.
Тексерген: Атанбаева Г.Қ.

Алматы, 2013 жыл
Жоспары:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ - БАСТЫ БАҒЫТ

2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру

3. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру

4. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін маңызы

5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамытудың жолдары

I. Қорытынды.

Шығармашылық жұмыс - биология пәнінің ең маңызды бөлігі

Кіріспе.
Елбасымыз Жаңа Жолдауында: Білім беру саласының басты міндеті - 2010жыл-ға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту- деген болатын. Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі дайын білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
* оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
* бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
* берер білімнің ғылымилығын арттыру;
* алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
* оқушысының ой белсенділігін дамыту;
* әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту;
* білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде жоғарғы сапаға жету;
Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
Шығармашылық ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ - БАСТЫ БАҒЫТ
Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі - тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет - ол салауаттылық. Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Бұл - шығармашылық. Адамзаттан қоғамдық тәжірібесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез - қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс - оқыту деп аталады. Дидактиктер М.Я.Лернер, В.В.Краевскийлер 70-жылдары оқушылардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлінбегенін, оған себеп әдістер концепциясында бағыттау болмағандығынан деп көрсетеді. Зерттеушілік әдіс және проблемалық оқытудың басқа да әдістері алғаш кеңес педагогикасы номенклатурасында жоқ болып, тек әңгіме әдісі басым болғанын айтады.
Ізденушілік дағды, оқудың интеллектуалды біліктілігі кейіннен барып зерттеу пәні ретінде арнайы қалыптастырылды. Себебі осыларсыз индивидтің шығармашылық дамуы қиын деп барлық оқыту әдістерін тізіп келіп танымдық ойындар мен проблемалық - ізденушілік әдістер де қажет деген. Оқушылардың ойлау дербестігін дамыту, проблемалық тапсырмаларды өздерінің құрастыруы аса бағалы, өйткені соның арқасында шығармашылық әрекет тәжірібесін меңгеруге ықпал етуге болады. Осы тұрғысында қарастыратын болсақ, бала дербестігін жүйелі түрде белсенді оқыту арқылы арттырып, содан шығармашылық қырларын қалыптастыруға болатындығы көрінеді Білім беру жүйесінің қай саласында болса да қарастырылмай кетпейтін жеке адам қалыптасуының ең басты компоненті - өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, өзін пайдалану, дамыту - бұл өзін жетілдірудегі саналы жұмыс. Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі - кез келген әрекет барысындағы баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі. Бастысы - әрекет кезінде ол біреудің тапсырмасын пассивті орындаушы емес, белгіленген мақсатты шығармашылықпен іске асырушы, әрекет етуші объектісін жаңадан жасаушы, қосымша міндеттер ұстанушы жасампаз белсенділігі. Жеке адам белсенділігі - оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі. Әрекетшілік - тіршілік мәнісінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті.
Өмір құбылысын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай фактордың өзара әрекеттесуінен туындайды:
а) зерде ой-санасы;
ә) эмоция және ырық;
б) тәжірибелік іс-әрекет.
Адам ой-әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Ұстаздың міндеті - осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекеттің нәтижесін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі "Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті" деп көрсетілуі, "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында елбасының "біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек" деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында "Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту" өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады. Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой-пікірде болған деп білеміз.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады. Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай - ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
* өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
* пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
* өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
* жолдасының жауабыңа пікір айту;
* сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
* үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
* үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
* өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
* танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
* өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда диагностикалау жұмыстары
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру
Шығармашылық тапсырмалар бала белсенділігін арттырудың негізі
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Пәндер