Бақ жасақтау
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
II. Негізгі бөлім
1. Бақ территориясын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Тұқымдар мен сұрыптар таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Бақ отырғызу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
II.I. Бақты күтіп . баптау
1. Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі ... ... ..16
2. Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері ... .21
3. Бақты суару мерзімдері мен күндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Бақты жобалап ұйымдастыру.
Жеміс өсімдіктерінің өнімділігі мен экономикалық тиімділігі, ағаштардың ұзақ тіршілік етуі және олардың әртүрлі орта жағдайларына төзімділігі, өсуі көп жағдайларда бақты отырғызу кезінде анықталады.
Бақ үшін орын дайындау, топырағын мәденилендіру және суару, тұқым, сұрып таңдау, оларды орналастыру, отырғызу секілді мәселелер де шешіледі.
Бақ шарушылығында ең күрделі ұйымдастыру кезеңі бақ отырғызу. Өйткені бір мезгілде орындалатын, белгілі бір қиындығы бар көптеген өндірістік процестерді қысқа мерзімде орындауды талап етеді. Сондықтан да бақ отырғызуға, ол өнеркәсіптік болсада, жеке болса да күрделі құрылыс секілді байыппен қарау керек.
Бақ үшін орын таңдау, территория ұйымдастыру, тұқым мен сұрып таңдаудың шаруашылық және бүкіл аймақтың экономикасын ескере отырып, өнеркәсіптік жеміс шаруашылығының технологиясын іріктеу мәселелерін жаппай ғылыми тұрғыда шешу үшін арнайы жоба жасау қажет. Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.
Бақ отырғызуға бірінен соң бірі орындалатын үш кезең кіреді:
1) орын таңдау және бақ территориясын ұйымдастыру;
2) топырақты жеміс отырғызар алдында дайындау;
3) бақ отырғызу.
Мұндай орын таңдаған кезде жер бедеріне, климаттық жағдайларға баға беріледі. Бұл кезде ірі су көздерінің, тау, елді мекеннің орналасуы, жолдың, темір жол станцияларының т.б. тұрған жері бәрі ескеріледі.
Жер бедерін бағалау – жеміс өсімдіктерінің өсуі мен өнімділігіне үлкен әсер етеді. Ол өсімдік тіршілігінің басқа факторларын қайта бөлетін фактор болып табылады. Мысалы беткейдің экспозициясына байланысты температура көрсеткіштері ауа мен иопырақтың ылғалдылығы, жарық жағдайы мен топырақтың құнарлылығы өзгереді.
Бақ отырғызу үшін бәрінен бұрын жазық жердің де, су айырығы, тегістік беткейдің де бедер элементтері пайдаланылады.
Су айырығы – бақ үшін сумен жеткілікті қамтамасыз еткен жағдайда жақсы орын. Су айырығында ауа дренажы жақсы, үсік қаупі аз. Алайда ылғал жетіспесе мұндай орын бақ отырғызуға жарамайды.
Тегістік – бақ отырғызу үшін қолоайлы тегіс учаске техника пайдалануға да ыңғайлы. Мұнда топырақ жағдайы мен ылғалдану жағдайы біркелкі. Тегістікке суару жүйесін салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процесі де онша емес. Алайда, ауа дренажы нашар, үсік қаупі зор. Әсіресе, бұл тұрғыда, ойпаңдау тұстары – «табақша» қауіпті.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К. Ж. Аяпов. Жеміс және жидек шаруашылығы. Алматы, «Қайнар» баспасы, 1993ж.
2. И. М. Ващенко. Основы сельского хозяйства. Москва, просвещение 1987г. под. ред. И. М. Ващенко
3. Интернет материалдары. www.google.kz, www.massagan.kz

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті
Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы мамандықтары факультеті
Биология кафедрасы
Қорғауға жіберілді
__________________
Кафедра меңгерушісі:
___________________
____ _____ 2011 ж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бақ жасақтау.
Орындаған: Биология 050113 мамандығының 3 курс 31 топ
студенті Медиева.К
Тексерген: б.ғ.к., аға оқытушы
Ищанова.Н.Е.
Атырау 2011ж.
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
II. Негізгі бөлім
1. Бақ территориясын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Тұқымдар мен сұрыптар таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
3. Бақ отырғызу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
II.I. Бақты күтіп - баптау
1. Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі ... ... ..16
2. Баққа тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімдері мен әдістері ... .21
3. Бақты суару мерзімдері мен күндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
I. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
Бақты жобалап ұйымдастыру.
Жеміс өсімдіктерінің өнімділігі мен экономикалық тиімділігі, ағаштардың ұзақ тіршілік етуі және олардың әртүрлі орта жағдайларына төзімділігі, өсуі көп жағдайларда бақты отырғызу кезінде анықталады.
Бақ үшін орын дайындау, топырағын мәденилендіру және суару, тұқым, сұрып таңдау, оларды орналастыру, отырғызу секілді мәселелер де шешіледі.
Бақ шарушылығында ең күрделі ұйымдастыру кезеңі бақ отырғызу. Өйткені бір мезгілде орындалатын, белгілі бір қиындығы бар көптеген өндірістік процестерді қысқа мерзімде орындауды талап етеді. Сондықтан да бақ отырғызуға, ол өнеркәсіптік болсада, жеке болса да күрделі құрылыс секілді байыппен қарау керек.
Бақ үшін орын таңдау, территория ұйымдастыру, тұқым мен сұрып таңдаудың шаруашылық және бүкіл аймақтың экономикасын ескере отырып, өнеркәсіптік жеміс шаруашылығының технологиясын іріктеу мәселелерін жаппай ғылыми тұрғыда шешу үшін арнайы жоба жасау қажет. Жобалар алдында бақ отырғызылатын учаске таңдалады, оларға жан-жақты баға беріледі, бақ территориясы, суландыру жүйесі, жол жүйесі, өнеркәсіптік және мәдени-тұрмыстық құрылыс мәселелері ұйымдастырылады. Орынды технологияны іріктеуге бақ конструкциясын (типін) белгілеу, тұқым мен сұрып, орналастыру схемасы, механизмдерді кең пайдалануға мүмкіндік беретін крондар қалыптастыру енеді.
Бақ отырғызуға бірінен соң бірі орындалатын үш кезең кіреді:
1) орын таңдау және бақ территориясын ұйымдастыру;
2) топырақты жеміс отырғызар алдында дайындау;
3) бақ отырғызу.
Мұндай орын таңдаған кезде жер бедеріне, климаттық жағдайларға баға беріледі. Бұл кезде ірі су көздерінің, тау, елді мекеннің орналасуы, жолдың, темір жол станцияларының т.б. тұрған жері бәрі ескеріледі.
Жер бедерін бағалау - жеміс өсімдіктерінің өсуі мен өнімділігіне үлкен әсер етеді. Ол өсімдік тіршілігінің басқа факторларын қайта бөлетін фактор болып табылады. Мысалы беткейдің экспозициясына байланысты температура көрсеткіштері ауа мен иопырақтың ылғалдылығы, жарық жағдайы мен топырақтың құнарлылығы өзгереді.
Бақ отырғызу үшін бәрінен бұрын жазық жердің де, су айырығы, тегістік беткейдің де бедер элементтері пайдаланылады.
Су айырығы - бақ үшін сумен жеткілікті қамтамасыз еткен жағдайда жақсы орын. Су айырығында ауа дренажы жақсы, үсік қаупі аз. Алайда ылғал жетіспесе мұндай орын бақ отырғызуға жарамайды.
Тегістік - бақ отырғызу үшін қолоайлы тегіс учаске техника пайдалануға да ыңғайлы. Мұнда топырақ жағдайы мен ылғалдану жағдайы біркелкі. Тегістікке суару жүйесін салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процесі де онша емес. Алайда, ауа дренажы нашар, үсік қаупі зор. Әсіресе, бұл тұрғыда, ойпаңдау тұстары - табақша қауіпті.
Өйткені мұнда суық ауа көп жиналады. Бұл көктемде ауаның суытуына себеп болса, қыста бұтақтардың үсуіне себеп болады.
Беткейлер онша тік болмаса бақ үшін қолайлы орын. Ондай жерде ауа дренажы тәуір, жарық та жақсы түседі. Дегенмен, беткей топырағы өте құрғайды. Бұл жерлерде ауа температурасы да, топырақ температурасы да күрт ауытқиды, топырақ нашар жетілген және топырақ су эрозиясына қатты ұрынады. Жер бедері тегіс емес учаскелерге бақ отырғызғанда не таңдағанда бүкіл табыс беткейлерге берілген бағаға байланысты болады. Бағалағанда беткейлердің экспозициясы мен тіктігі, сондай-ақ сол жердің теңіз деңгейінен жалпы биіктігі ескеріледі. Сонымен бірге беткейдің үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінің табиғи жағдайларының айырмашылығын ескеру керек.
Экспозиция дегеніміз беткейдің жарық жаққа бағыты, яғни,солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс. Оңтүстік бағытындағы беткей (оңтүстік, оңтүстік батыс, оңтүстік шығыс) анағұрлым жылы әрі қуаң. Мұнда ағаштар вегетациясын ерте бастайды, температура қыста және көктемде күрт ауытқығанда жеміс және жидек өсімдіктері зардап шегеді. Оларға әсіресе көктемгі суық, Бұтақтардың қыстыкүнгі қуаруы, күннің күйдіруі оңай болмайды. Мұндай беткейлерге қар аз түседі және тұрақты түспейді.
Климат бағалау. Мұнда басты назар мынадай көрсеткіштерге аударылады: орташа тәуліктік температура көлемі және олардың ауытқуы, орташа және абсолютті аз температура, көктемгі суық, жауын-шашын мөлшері және оларды жыл - 12 айға бөлу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, зиянды желдің күші мен бағыты. Сондай-ақ назарға тек ауданның (аймақтың) ғана климат жағдайы емес, сонымен бірге бақ отырғызуға бөлінген учаскенің микроклиматы да алынады.
Топырақ бағалау - топырақтың құнарлылық дәрәжесін (гумус құрамын, топырақ құрылымын), егілетін тұқым үшін тамыр жайылатын қабаттың тереңдігі сай келетін-келмейтінін, топырақта орташа тұздың бар-жоқтығын анықтау үшін қажет. Жеміс ағаштары топырақ сортаңдығына кірпияз келеді. Топырақ ерітіндісіндегі 0,4% тұз концентрациясы өсімдікке жайсыз тиеді. Ал тұз концентрациясы 1,2% болса бақ жойылады. Бақ үшін ауыр саздақты, тасты, құмдақ және сортаң топырақ жарамайды. Жеміс өсімдіктері қара топырақты, қызғылт топырақты және сұр топырақты жерде және орман топырағында жақсы өседі. Бұл кезде тамыр жайылатын қабат едәуір тереңде: шекілдеуікті тұқымдар үшікті тұқымдар үші 2 - 2,5 м, сүйекті тұқымдар үшіін 1,5 - 2м және жидектер үшін 1 - 1,2 м болуға тиіс. Тамыр жайылатын қабаттың ыза суымен, тығыз сазбен, ұсақ тасты қабатпен т.б. шектелуі мүмкін.
Бақты ұсақ тас жақын жатқан (жер бетінен 50 - 60 см) учаскеге отырғызғанда арнайы агротехника қолданылады: қатар аралықтарға көпжылдық шөп өсіріледі, тыңайтқыш енгізіліп, кемінде 6 - 8 рет суарылады.
Түрлі жеміс тұқымының топыраққа деген кірпияздығы да әртүрлі. Алма терең, қалыпты ылғалды және жақсы тегістелген топырақта жақсы өседі. Алмұрт болса алмаға қарағанда топырақты көп талғайды.
Әсіресе ол ылғал мен жылу жетімсіздігіне шыдамсыз, шие биік жерде жақсы өседі, топырақ құнарлылығын таңдамайды, қуаңшылыққа төзімді, карбонатты топырақтың өзінде жеміс бере береді. Алхоры алма мен шиеге қарағанда жылу да, ылғал да сүйгіш өсімдік. Ол ауаның құрғақтығынан зиян шегеді. Ылғалды, құнарлы сазды топырақты ұнатады. Өрік ауыр және тым ылғал топырақты көтере алмайды. Өрік үшін жақсы дренаждалған терең де борпылдақ топырақты анағұрлым биік учаске бөлген жөн. Топырақтың көлемді салмағы 1,35-1,45 шамасында болуы керек. Жеміс ағаштарының өсуіне өзен-көлдің, тағы басқа ірі су көздерінің жақындығыда қолайлы әсер етеді.
Олар ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көтереді, температураның ауытқуын жұмсартады, ағаштардың қыстыкүнгі зақымдануын азайтады.Бақты қай жерге отырғызған жақсы? Қазақстанның Оңтүстігі мен оңтүстік шығысында бақ отырғызу үшін таулы және тау етегіндегі жерлер жақсы орын болып табылады. Бұл жерлерде жеміс дақылдарынан мол да сапалы өнім алынады.
Батыс Қазақстанда бақтар шығыстан соғатын зиянды желден жиі зардап шегеді. Мұнда бақ үшін Батыс және Солтүстік беткейлерді бөлген жөн. Бұл жағдайда ең жақсы топырақ - қара топырақ, қоңыр қызғылт т.с. саздақ және құмдақ топырақ. Баққа орын бөлген кездегі ең қажетті талап - суландыруды ұйымдастыру үшін тұщы су көзінің жақындығы.
Бақ территориясын ұйымдастыру.
Ең әуелі өнеркәсіптік аймақтар: қайта өңдеу заводтарын, жеміс қоймаларын, сорттау - буып түю цехтарын, ыдыс кәсіпорындарын, сондай-ақ жолдарды, үлкен каналдарды тағы басқа гидротехникалық құрылыстарды орналастыру мәселелері шешіледі. Бақ беткейлерге отырғызылатын болса олар егілетін баспалдақтар, эрозияға қарсы шаралар кешенінің құрылыстары қарастырылады. Бригада тұрағы үшін 100-200 га бақ болса 1 - 2 га жер бөлінеді. Содан соң бәрін жер бедерімен, баққа ық болатын өсімдіктерді, жолдарды орналастырумен үйлестіре отырып, кварталдардың мөлшерін, формасы мен орналастырылуын анықтауға кіріседі.
Кварталдар мөлшері баққа ық болатын өсімдіктер алабы ағаштар қолайсыз жағдайлардан сенімді түрде сақталатындай болуы керек, тегістікте кварталдың ең қолайлы - тік бұрышты. Сөйтіп оның қысқа жағы ұзын жағынан 2-3 есе қысқа болуы қажет. Мұндай кварталдардың анағұрлым қолайлы мөлшерлері 400 - 600 Х 200 - 300 м, яғни 8-10 гектардан 15-18 гектарға дейін. Таулы аудандарда кварталдардың формалары мен оның мөлшерлері жер бедеріне қарай анықталады. Баққа жарық жақсы түсуі үшін ағаштар қатарын солтүстіктен оңтүстікке қарайтарту керек. Алайда суармалы бақтарда ағаштар қатары, соған орай кварталдың ұзын жақтары суды қздігінен ағызу жағы ескеріліп тартылады.
Бұл жағдайда ең жақсы еңіс - 0,003 - 0,005 (100 метрге 30 - 50 см). Тауда ағаштар су эрозиясын азайтып, топырақ пен ағашты күтуге ыңғайлы болу үшін беткейге көлденең бағытта отырғызылады. Тауда кварталдар мүмкіндігіне қарай бір экспозициялы беткейде біртекті топырағы бар, бір тіктікте орналастырылады.
Солтүстік Қазақстанда ағаш қатарлары солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай тартылады. Бұл жағдайда ағаштар солтүстік шығыстан соғатын салқын желден жақсы қорғалады.Бақ алқабы үлкен жол тартылып, елді мекенмен, темір жол станцияларымен т.б. байланыстырылады. Квартал аралық жолдар менбаққа ық алқаптың ішкі жағындағы бақ шекарасын қуалай созылған айналма жолдардың енін 4 - 5 м ету керек.Жол салуға әсіресе таулы аудандарда мұқият болған жөн. Бұл жерлерде жол су шайып кетпейтіндей етіліп салынады. Жел жүйесі бақтың кез-келген учаскесіне кіріп-шыға алатындай, тасымалдау кезінде әрбір баспалдаққа (терасса) бара алатындай етіліп салыну керек.Баққа ық болатын алқаптарды бақ отырғызбастан 1 - 3 жыл бұрын, әрі кеткенде 1 жыл бұрын еккен жақсы. Отырғызу схемасы 2,5 - 3 Х 1 - 1,5 м. Кейін орман алабы сиретіледі. Ағаш сүрегін шаруашылыққа пайдалануға болады. Баққа ық болатын алқаптарға да мұқият күтім қажет. Уақытылы суару, топырақты күту, зиянкестер мен аурулардан ағаштарды қорғау керек.
Қазіргі кездегі жеміс шаруашылығына өсімдіктер конструкциясы немесе бақ типі деген ұғым берік енген. Бақ конструкциясы ағаш отырғызу схемасы, әрбір өсімдік үшін бөлінген қоректендіру алаңы, ағаш қалыптастыру, және қосу, өсімдікті күтетін машиналар мен жабдықтар жиынтығы бойынша анықталады.
Бақтың тез жеміс салуы мен өсімдігінің отырғызылатын ағаштың жиі, сиректігіне байланысты екендігі мәлім. Бір алаң өлшеміне ағаш көп, яғни жиі отырғызылса өнеркәсіптік өнім де ерте қалыптасады, өсімдіктің алғашқы өнімі де мол болады. Алайда уақыт өте жиі отырғызылған ағаш өз өнімділігінің төмендеуіне, жеміс сапасының нашарлауына өзі себепші болады. Ағаштарды тым сирек ексе бақ өнімділігінің потенциалы төмендейді. Егілетін ағаш жиілігі қолайлы болуға тиіс. Бір өлшем алаңға отырғызылатын ағаш саны сұрып пен телісушінің өсу күшіне байланысты. Өсімдік жиілігін басқаша жолдармен: ағаш крондары көлемін шектеуге бағытталған, сондай-ақ өсімдікті пайдалану мерзімін қысқарту тәсілдерін қолданып көтеруге болады.
Бақ шаруашылығының болашақтағы табысын ажырататын маңызды шара бақтың типін таңдау болып табылады. Бұл кезде тұқым мен сұрыптың биологиялық ерекшеліктерін, баққа бөлінген учаскенің табиғи-климаттық жағдайын, суармалы-суармасыздығын, шаруашылықтың экономикалық және ұйымдастыру мүмкіндігін ескеру қажет.
Суармалы жағдайда республикамыздың оңтүстік шығысындағы арнайы шаруашылықтарында алма мен алмұрттың кермелі ергежейлі бақ түрлері кең қанат жайған.
Қолайлы жағдайы онша емес, суы жеткіліксіз, топырағы құнарсыз жерлерде биік өсетін телісушіге телімделген, кең қатарлы бақ типінен дұрысы жоқ.
Таулы суландырылмайтын бақтарда алма мен алмұрт тұқымынан көбейетін телісушіге телімделіп өсіріледі.
Түйетайлы беткейлерде ағаштар 7 Х 3 - 4 м схемасы бойынша, баспалдақтарда сұрыптың өсу күшіне қарай ағаштар арасына 2 - 4 м қалдырылып отырғызылады. Мұндай ағаштар қолайсыз жағдайларға төзімділігі жағынан тұқымынан көбейетін телісушіге тікелей телімделген ағаштармен тең түседі, ал тез жеміс салатындығы және аласа өсетіндігі бойынша ергежейлі телісушімен өсірілген ағаштарға жақын.
Солтүстікте алма мен алмұрт 6 Х 4, 6 Х 3 және 5 Х 3 м схема бойынша отырғызылады. Орал облысында бұл көрсеткіш тиісінше 7 - 6 Х 5 - 4 м.
Қазақстанда сүйекті тұқымдар көбіне бірінші типті бақтарға өсіріледі. Оңтүстік пен оңтүстік шығыста отырғызу схемасы сұрыптардың өсу күшіне қарай алхоры үшін 6 - 8 Х 4 - 5 м, шабдалы үшін 5 - 6 Х 3 - 4 м. Суарылмайтын тау баында алхоры 5 Х 3 м, шие 5 Х 2, 5 - 3 м схемасы бойынша отырғызылады.
Тұқымдар мен сорттар таңдау.
Өсімдіктердің тұқымдық - сорттық құрамы аймақтың табиғи - климаттық жағдайлары, шаруашылықты шоғырландыру және ұйымдастыру - экономикалық мүмкіндіктері ескеріле отырып белгіленеді. Бұл кезде сол аймақ пен сол облыс үшін тұқымдық-сорттық аудандастыруды басшылыққы алу керек. Тұқым мен сорттардың қатынасы ауданның немесе шаруашылықтың жеміс шаруашылығы бағыты ескеріле отырып анықталады. Жеміс өндірудің мынадай түрлері бар:
1) облыстан тыс жерлерге шығару;
2) консервілеу өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету;
3) қалаларды, өнеркәсіп орталықтарын, курорттарды т.б. жас жеміс және жидекпен қамтамасыз етеді.
Бірінші бағытты іске асыру үшін қыстық және күздік шекілдеуік тұқымдас дақылдар өсіріледі.
Консервілеу заводтарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін сүйектілер, жидек дақылдары есебінен тұқымдар жиынтығы көбейтіледі. Өйткені олардың алма мен алмұртқа қарағанда технологиялық сапасы жоғары. Бұл жағдайда қайта өңдеуге арналған шикізат ұзақ уақыт түсіп тұратындай тұқымдар мен сұрыптар іріктеледі.
Қала маңындағы шаруашылықтарда тұрмыстық-сұрыптық құрам халықты бақ шаруашылығы өнімдерімен жазда да, қыста да қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
Сұрып таңдау да бақ типіне байланысты. Интенсивті, әсіресе суперинтенсивті бақтар сұрыптары тез пісетін, жүйелі түрде жеміс салуға қабілетті, суаруға және тыңайтқыш енгізуге бейім, күрделі кесуді керек етпейтін крондарының габитусы ыңғайлы және механизммен күтуге мүмкіндік беретіндей болуы керек.
Ірі бақтарда алма мен алмұрттың 2 - 3 жазғы және 3 - 4 қысқы сұрпын еккен жақсы. Сүйекті тұқымдардың сортименттері түрлі мерзімде пісетін сұрыптардың есебінен ұлғайтылады. Ол жеміс жинауды, сөйтіп өнім өткізуді ұлғайтады. Сұрыптарды іріктегенде олардың өзара тозаңдануын ескеру қажет.
Әуесқойлар бағында жеміс және жидек өсімдіктері тұқымы мен сұрыптарының үлкен жиынтығын өсіруге мүмкіндік бар. Тек іріктелген сұрыптар мен тұқымдардың сол жердің қолайсыз жағдайларына төзімділігін дұрыс бағалай білу қажет.
Бақ территориясына тұқымдар мен сұрыптарды олардың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық құндылығын ескеріп орналастыру керек. Анағұрлым құнды деген алма мен алмұрт сұрыптарына топырағы өте құнарлы учаске бөлінеді. Сондай-ақ алмаға қарағанда алмұрт жылу мен жарық жеткіліксіздігін қатты елейді. Жер бетінің биіктеу бөлігіне шие мен өрік егіледі. Шие карбонатты топырақта, өрік борпылдақ бос топырақта жақсы өседі. Бірақ өрік тым ылғалды жерде дұрыс шықпайды. Алхоры болса алма мен шиеге қарағанда жылуды жақсы көреді. Ол ауың да топырақтың да құрғақшылығына шыдамсыз. Саздақты жерде жақсы өседі. Шабдалы менқызыл шие суыққа шыдамайды. Бұл тұқымдар жеңіл құмдақты топырақта жақсы өседі.
Учаскелерді бақ отырғызу үшін дайындауға ағаштар мен бұталарды қопарып, алып тастау, тас жинау, жер бетін тегістеу, топырақ пен топырақ астының тамыр жайылатын қабатын тереңдетіп әзірлеу, суландыру шаралары, қышқыл топырақты әктеп, сілтілі топырақты гипстеу, ыза суы деңгейін түсіру секілді жұмыстар жатады. Учаскенің алдын ала дайындалғанына ағаштың одан арғы қолайсыз жағдайға төзімділігі, ұзақ тіршілік ету-етпеуі, өнімділігі және күтім ыңғайлылығы тығыз байланысты болады. Оны дайындау кезінде жіберілген қателік болашақта түзетуге келмейтін қиындық келтіреді. Жеміс отырғызылатын учаскені дайындағанда әсіресе таулы жерлерге мұқият болу керек. Мұнда ең алдымен эрозиялық процестерді барынша азайтуға көңіл бөлген жөн.
Ағаштарды, бұталар мен тастарды алып тастауға Д-695, ДП-8А тамырымен жұлғыш машиналары, КБ-4А, ДП-24 бұта кескіштері, К-1 тамырымен жұлғыш мала, К-3 аспалы бұта тырмасы, ал тас және түбірлер тасып шығару үшін ГПС-2М және ПВК-5,0 өздігінен түсіретін тіркемелер пайдаланылады.
Учаскені тегістеу жеңіл, орташа және күрделі деп бөлінеді. Жеңіл тегістеуге П-4, ПА-3 тегістегіштері, орташа тегістеу кезінде төбешіктерді жазу және 1-1,5 м ойпаңдарды түзету керек болса бульдозерлер мен скреперлер пайдаланылады. Содан соң осы техника күшімен бүкіл учаскенің беті тегістеліп шығады.
Күрделі тегістеу ауыр техникамен - бульдозерлермен, скреперлермен және грейдерлермен атқарылады. Орташа және крделі тегістеу кезіндегі ең қажетті тәсіл - гумусты қабатты бір жерге үйіп алу. Барлық учаске тегістелген соң әлгі үйіндідегі гумус бүкіл учаскенің бетіне жайылады.
Беткейлердегі учаскелерді дайындағанда ең жақсы әдіс - баспалдақтар (терасса) жасау. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында беткейлердің тіктігіне қарай баспалдақ жасаудың айдалған және қазбалы-үймелі деп аталатын екі түрі бар. Айдалған баспалдақтар жер бедері тегістеу жерлерде және тіктігі 170 беткейлерде қолданылады.
Бұл әдісте баспалдақтар биіктігі 120 беткейлерде жалпы бағыттағы соқаларменқатарлы біржақты етіп немесе тіктігі 120 , 170 беткейлерде плантажды жасалады. Беткейлердің тіктгіне қарай ені 4 - 5 м баспалдақ жасау үшін трактордың 4 реттен 8 ретке дейін өтуі керек. Беткей неғұрлым тік болған сайын трактордың өту саны да соғұрлым көп болады.
Қазбалы-үймелі баспалдақ өте тік беткейлерде (300) пайдаланылатын өте күрделі әдіспен жасалады. Баспалдақтар Т-4 баспалдақ жасағышпен, Д-429А және Д-492А типті бульдозерлермен іске асырылады. Оның ең кем дегендегі ені - 4-4,5 м. Үйілген құламасы 40-450, қазба құламасы тиісінше 600. Баспалдақтар аралығында ені - 0,5-1,0 мың алап қалдырылады. Баспалдақтардың орында ұзындығы 200-300 м. Әрбір баспалдақтың кіріп-шығатын сенімді жолы болуға тиіс.
Топырақ 3-4 жыл ішінде бір рет мәденилендірілсе, нәтижесі жақсы болады. Учаске әбден тегістелген соң жыртылады, сөйтіп көп жылдық шөп 30-35 см тереңдікте жыртылып, плантажды айналымға дейін таза сүдігерде ұсталады. Топырақты бұлай көп жылдық мәденилендіруге мүмкіндік болмаса, онда бақ отырғызуға бөлінеген учаске бір маусымның ішінде дайындалады. Бұл жағдайлар учаске осы аймаққа ұсынылған сидералиялық дақылдар егіледі. Олар гүлдеуінің басында жыртылып, жаздың екінші жартысында және күзде қара сүдігерде ұсталады. Қажет болса учаскеге көкөніс, бақша дақылдары, қант қазалшасы, бір жылдық бұршақ тұқымдастар егіледі. Бірақ тыңайтқыш осы дақылдар үшін белгіленген нормамен ғана енгізіледі. Сүйекті дақылдар егілетін жерге қарамық тұқымдасынасына жататын өсімдік егуге болмайды.
Жеміс дақылдарының негізгі тамыры 80 - 100 см тереңдікте жатады. Соған орай бақ отырғызылатын учаскенің топырағын терең мәденилендіру керек. Ол үшін 50- ссантиметрге дейінгі тереңдікте плантажды жыртылады. Ондай жырту үшін өнеркәсіп орындары ППН-40 маркалы соқа шығарады. Ол соқалар ДТ-75, Т-75 және ДТ-54А тракторларына агрегеатталады.Ал ППУ-50А күшейтілген плантажды соқа ауыр топырақты жыртуға арналған. Егер топырақ мұндай жыртуға мүмкіндік бермесе 20-30 см тереңдікте топырақ тереңдеткішпен қосымша қопсытылады. Тастақты немесе ауыр саздың тығыз қабаты жақын жатқан жерлер Р-80 терең қопсытқышпен жыртылады.
Сортаң учаскелер шайылады. Топырақ отырып үлгеру үшін бақ отырғызуға бірнеше ай қалғанда учаске плантажды түрде айдалады. Бақ көктемде отырғызылатын болса плантаж күзде, ал күзде отырғызылса жаздың бірінші жартысында көтеріледі. Олар жаңашалап жыртылады. Себебі жалшалар қарықтарға қарағанда оңай тегістеледі. Жалпы плантажды айдаған соң бірден тегістеу керек.
Себебі жырылғаннан кейін пайда болған жалшалар тез құрғайды. Топырақты мәденилендіру (терең жыртып, тыңайтқыш енгізу) тұтас және лентелы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тұтас учаске жыртылып, тыңайтқыш та тұтас енгізіледі, екінші жағдайда болашақта ағаш отырғызылатын қатарлар ғана кең етіліп жыртылып, тыңайтқыш беріледі. Ленталы мәденилендіруге еңбек те басқа шығын да (тыңайтқыш, жанармай) аз жұмсалады.
Топырақты ленталы мәденилендіру кең қатарлы бақ отырғызғанда өзін-өзі ақтайды. Бұл жағдайда лента аралығында қалған алаңдарды кейін, бақты отырғызып болған соң-ақ мәденилендіруге болады. Тар қатарлы интенсивті бақ отырғызу үшін топырақ тұтас әдіспен мәденилендіріледі.
Бақ бір орында ондаған жыл бойы өседі. Сондықтан да топырақ дайындау кезінде ағаш тамыры жататын қабатты тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселесін ойластыру керек. Бақ отырғызар алдында фосфор және калий секілді аз қозғалатын минералды заттар қорын терең енгізіп алу өсімдікті көптеген жылдар бойы қоректік элементтермен қамтамасыз етеді.
Органикалық тыңайтқыш енгізуге ерекше қарау керек. Топырақты қоректік элементтермен байытудан басқа, органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық қасиетіне, оның механикалық құрамына қолайлы әсер етеді. Органикалық тыңайтқышты негізгі тереңдете жыртудың алдында фосфор және калий тәрізді минералды тыңайтқыштармен араластыра енгізген дұрыс. 1 гектарға органикалық тыңайтқыштың өте көп мөлшерін, яғни 30 тоннадан 80тоннаға дейін, ал бұрын жыртылған және гумусқа кедей топырақтарға 10 тоннаға дейін енгізу ұсынылады. Минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері мынадай: суперфосфат - 6-7 цга, калий тұзы - 1,5-3,0 цга. Ленталы мәденилендіру кезінде бұл көрсетілген норманың екі есеге дейін азайтылуы мүмкін.
Жеміс көшеттері отырғызылатын жердің топырағын мәденилендірсе, яғни терең де кең шұңқыр қазылса, оған минералды және органикалық тыңайтқыш енгізілсе олар кейін тез тамыр алып, жақсы өседі. Мұндай мәденилендіру жалпы немесе ленталы типті болмаса өздігінен мәденилендіру үшін қолданылады. Соңғы жағдайларда ол бақты беткейлерде және шағын жерге отырғызғанда жиі жасалады. Ол үшін ағаш енгізілетін бір шұңқырға 20-30 кг органикалық тыңайтқыш (жақсы шіріген көң немесе қарашірік), 250 г.ә.з. фосфор және калий тыңайтқышы енгізіледі. Бірақ көшет тамыры минералды тыңайтқышқа тимеуге тиіс. Ол үшін олар шұңқырдың түбіне немесе органикалық тыңайтқышпен араластырылып төмендеу салынады.
Азотты тыңайтқыш өте тез шайылады, сондықтан да бақ отырғызғаннан кейін үстеп қоректендіргіш түрінде, тіпті ағаш отырғызылған соң екінші жылы енгізіледі. Тамырға жақын енгізілген азот тыңайтқышының әсерінен ағашты отырғызғаннан кейінгі алғашқы кезеңде зақымданған тамырлардың тірілуі мен өсуін тоқтататындығы жөнінде мәлімет бар. Қажет жердің ғана топырағын мәденилендіруді пайдалана отырып, оның өсімдіктің табысты жетілуін отырғызылған алғашқы 2-3 жылда ғана қамтамасыз ететінін ескеру керек.
Бақ отырғызу.
Бақ отырғызу міндеттері. Көшеттердің еккеннен кейінгі жандануы - бақ отырғызу жөніндегі табыстың маңызды көрсеткіші. Отырғызылған көшеттің біразы көктемей қалса, ол жерге қайта егу керек. Оған көп шығын шығады. Оның үстіне қайта егілген көшеттер бұрынғыдан гөрі өсуі жағынан қалып қояды, жемісті де кеш салады.
Бірақ бұл істегі табысты жалғыз көшеттің жандануы ғана шешпейді, әрине олардың жанданып көктеп кетуі маңызды мәселе. Өйткені отырғызған кездегі әлсіреген өсімдік жетілуі жағынан басқалардан қалып қояды. Олардың жеміс салуы да бірнеше жылға кідіруі мүмкін.
Өнеркәсіптік жеміс салу мерзімі қысқартылатын интенсивті жеміс шаруашылығында, көшеттердің отырғызылғаннан кейінгі өте жақсы жандануын қамтамасыз ету ғана маңызды емес, сонвмен бірге ағаштардың алғашқы жылы-ақ қарқынды өсуі де маңызды. Бақ отырғызылғаннан кейінгі алғашқы жылы ағаштардың өсімінің көлемі деген көрсеткіш бар. Шекілдеуіктілер тұқымында мұндай өсім кемінде 30-60 см, сүйектілерде 40-80 см. Пальметті бақ отырғызғанда алғашқы жылы олардың өсімін ең кем дегенде 1 метрге жеткізуге тырысу керек. Сонымен бірге отырғызған кезде егілген ағаштар қатарының түзу болуы қажет. Кейін осы жағдайға бақ, яғни ағаш өсімі байланысты болады. Ағаш өсіміне сондай-ақ отырғызу материалының сапасы, отырғызу жұмыстарының дер кезінде және мұқият атқарылуы, ағаштардың егіп болғанна кейінгі күтімі де әсер етеді.
Отырғызу материалы. Отырғызуға арналған көшеттер стандартты, механикалық зақымдану белгілері жоқ, суыққа төзімді, зиянкестер мен аурулардан сау болуы керек. Бақ отырғызу үшін бір және екі жылдық көшеттер пайдаланылады. Бір жылдық көшеттер отырғызған соң жақсы жанданады, оларды тасымалдау да оңай, екі жылдықтардың крондары, питомникте-ақ қалыптасады, баққа отырғызған соң ерте жеміс сала бастайды. Көшеттердің отырғызуға арналған жасы бақ отырғызылатын аймаққа, көшеттің тұқымына және бақ типіне байланысты болады. Жеміс шаруашылығының солтүстік аймақтарында баққа отырғызу үшін шекілдеуікті және сүйекті тұқымдарда екі жылдық көшеттері, оңтүстік және оңтүстік шығыста шекілдеуіктілердің бір және екі жылдық, сүйектілердің бір жылдық көшеттері отырғызылады. Таудағы суармалы емес бақтарға бір жылдық көшеттердің нәтижесі жақсы. Интенсивті жиі және өте жиі отырғызылатын бақтардағы отырғызу материалдары аласа өсетін телісушілерге телімделген. Оларда да көбіне бір жылдық көшеттер пайдаланылады.
Отырғызу материалының сапасы бақ отырғызу процесінің өзінде күрт төмендеуі мүмкін. Бұл олардың тамыр жүйесінің өсуі немесе қурауы салдарынан болатын жағдай. Көшеттерді ауаның температурасы минус, яғни тасымалдауға немесе егуге, сондай-ақ оларды шамалы уақытқы болса да ашық аспан астында, әсіресе күн шақырайып тұрғанда немесе желді күндері қалдыруға болмайды.
Тасымалдаған кезде көшет тамырларын ылғал, жұмсақ сабанмен немесе кенеппен орау керек. Ал оларды егісте сақтау керек болса мерзіміне қарамастан көміп қойған жөн, егердің алдында тамырларын сазды қоспаға батырып алу қажет. Қоспа саз бен ірі қара көңінен су құйылып, қоймалжың болғанша араластырылып дайындалады.
Отырғызу мерзімі. Ағашта қысқы тынығу кезінде көшіріп отырғызған жөн. Климаттық жағдайға, тұқымы мен ұйымдастыру-шаруашылық мүмкіндіктеріне қарай бақ көктем мен күзде отырғызылады.
Көктемгі отырғызу өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінің басына сай келеді. Жағдай қолайлы болса ағаш көктемде тез жанданып, жақсы өседі. Бірақ көктемгі егіс жұмысының басынан ағаштың өсіп-өнуі кезеңінің басына дейін уақыт тым тар, небары 10-12 күн. Күзде отырғызу мерзімі 20-30күнге дейін ұлғаяды. Бірақ кез-келген жағдайды отырғызу жұмысы тұрақты суықтың түсуіне 2-3 апта аяқталуға тиіс. Бұл уақыт отырғызылған көшеттердің тамыр жүйесінің топырақ тоңазығанша алғашқы жандану дәуірінің аяқталуына керек. Күзде отырғызылған көшеттердің үсу немесе қурау қаупі бар. Сондықтан да шекілдеуікті тұқымдардың анағұрлым төзімділерін ғана отырғызып, сүйектілерді көктемде отырғызған жөн.
Отырғызу әдістері. Ағаш қолмен де, машинамен де отырғызылады. Соңғы уақытта өнеркәсіптік бақ отырғызу ісінде машинамен отырғызу әдісі басымдық танытуда. Ол қолмен отырғызуға қарағанда еңбек шығынын 4-10 рет төмендетеді. Машинамен отырғызу әдісі әсіресе интенсивті жиі егілетін бақ отырғызу кезінде аса тиімді. Қазақстанның барлық жеміс шаруашылығы аймағында, егер топырақ қабаты жеткілікті түрде жыртылса және беткейлердің тіктігі 10 градустан аспаса, ағаштарды механизм күшімен отырғызуға бола береді. Оны баспалдақталған беткейлерде де табысты қолданады. Бұл жұмыстар үшін бақ отырғызатын машиналарды да, орман отырғызатын машиналарды да қолдана беруге болады. Олар жүру жылдамдығы азайтылған ДТ-75, ДТ-75М немесе 7-75 тракторларына агрегатталады. Қолмен отырғызу да кең қолдау тапқан. Көлемі аз бақтарда, баспалдақтанбаған беткейлерде, ағаш отырғызылатын орындарды мәденилендірмей болмайтын қуаты аз топырақты учаскелерде, сондай-ақ шықпай қалған ағаштар орнына көшет қолмен отырғызылады. Қолмен отырғызудың түрлі варианты бар. Олар: шұңқырға отырғызу, қарыққа отырғызу, гидрологиялық жолмен бұрғыланған орынға отырғызу т.б. солардың ішінде ең ескісі және кең тарағаны шұңқырға отырғызу. Бұл әдіс бойынша көшет алдын-ала қазылған шұңқырға егіледі.шұңқырлар қолмен немесе шұңқыр қазғышпен қазылады. Шұңқыр алдын-ала қазылса сол орынды әбден мәденилендіруге мүмкіндік туады. Әдеттегідей 30-35 см тереңдікте жыртылған жерлде тереңдігі 60см, ені 100 см дейін қазылып, одан әрі қазылып, одан әрі органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізілген шұңқырды сол жердің плантажы деп есептеуге болады. Шұңқырды қолмен қазғанда топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты бір жағына, астыңғы қабаты екінші жағына үйіледі.
Содан соң ағашты еккен кезде органикалық минералды тыңайтқышпен байытылған үстіңгі қабаттың құнарлы топырағы мен көшеттің тамыры көміледі де, үстіңгі қабаттың топырағы бетіне жабылады. Шұңқыр қазғышпен қазғанда топырақты бұлай бөлуге мүмкіндік болмайды. Алайда бұл вариантта органикалық-минералды қоспа топырақпен бірге шұңқырдың түбіне салынады. Оның үстіне бұл жағдайда еңбек өнімділігі 20 есе өседі де, ақшалай шығын қолмен қазғанға қарағанда 3 есе азаяды. Өнеркәсіп шұңқыр қазғыштың КЯУ-100 және КПЯШ-100 деген екі типін шығарады.
Олар МТЗ-5052 және МТЗ-8082 тракторларына агрегатталады. Диаметрі 30, 40, 60, 100 см аралас бұрғысы бар. 80 см дейін тереңдіктегі шұңқырларды қаза алады. Еңбек өнімділігі сағатына 100-110 шұңқыр.
КПЯШ-60 шұңқыр қазғышы өздігінен жүретін Т-16М шассиіне асылады немесе Т-54В тракторына агрегатталады. Бұл шұңқыр қазғыштың онша терең емес плантажды жыртылған жерден шұңқыр қазуға арналған диаметрі 40 және 60 см екі аралас бұрғысы бар.
Ағаш отырғызар алдында топырақты мәденилендіруге терең плантажды жер жырту енгізілген учаскеде шұңқыр қазып керегі жоқ. Бұл жағдайда кішкентай шұңқырларды тікелей ағаш отырғызу үстінде-ақ қазуға болады. бұлай ағаш егі осы жұмысқа кететін жалпы шығынды 1,5-2 есеге азайтады.
Клонды телісушіге телімделген алма мен алмұрттың интенсивті бағын отырғызған кезде қатарлардағы ағаш аралықтары онша қашық болмаса оларды шұңқыр қазбай-ақ қарықтың өзіне еге беруге болады. ол үшін учаске плантажды жыртылады. Беті ПРВН-2,5 соқасымен тегістеледі де, кварталды қуалай не оған кесе көлденең қатар аралықтар мен қатардағы ағаш орнына сай тереңдігі 22-25 см қарық қазылады. Қарықтардың бірін-бірі қиып өтетін тұсына ағаш егіледі. Клонды телісушілерге телімделген бір жылдық көшеттерді гидрологиялық бұрғылармен бұрғылаған жерге отырғызуға болады. Ол үшін ені 16-18 см орын бұрғылайтын төрт тармақты гидрологиялық бұрғы пайдаланылады. Осы шұңқырларға көшет егуге әбден болады. Шашыратқыштан немесе автоцистернадан 2,5-3 атмосферада ағатын судың жұмысшы қозғалысы жеткілікті. Учаскелер алдын-ала КРН-4,2 немесе КРН-5,6 культиваторларымен механикаландырылған жолмен бөлінеді. 9 адамнан тұратын агрегаттың өнімділігі бір ауысымда 5400 ағаш немесе әр адамға шаққанда 600 көшет.
Отырғызу тереңдігі. Баққа отырғызылған ағаш егер оның тамыр мойнақшасы топырақ деңгейінде, яғни жер бетінде болса жақсы өсіп, жақсы жетіледі. Тайыз отырғызылса да олардың тамыр жүйесі жалаңаштанып соның салдарынан ағаш мықты отырмайды, ал ашық қалған тамырлары жазда қурап, қыста қайта үсіп кетеді. Сондай-ақ тайыз отырғызылған ағаштан тамыр өскіндері көп шығады. Әрине тым терең отырғызып, тамыр мойнағын көміп те тастауға болмайды. Ондайда, әсіресе ауыр ылғал топырақта ағаштың өсуі нашарлап, өнімділігі төмендейді. Әдеттегідей жыртылған жерден қазылған терең шұңқырға отырғызылған дәнінен көбейтілген көшеттің тамыр мойнағы шұңқыр бетінен 3-5 см жоғары тұруға тиіс. Топырақ отырғаннан кейін ол жер бетімен бірдей болып қалады. Плантажды жыртылған жерден тайыз қазылған шұңқырға егілетін көшеттің тамыр мойнағы жер бетімен бірдей немесе 1-2 см терең отырғызылады. Жеңіл топырақты жерлерде тамыр мойнағының сәл тереңге түскені онша қауіпті емес. Сүйектілер ондайды шекілдеуіктілерге қарағанда жақсы көтереді.
Тәжірибе бақ отырғызу үшін 8-12 жұп отырғызушыдан тұратын бригадақұрудың орынды екенін көрсетті. Кейде ағаш отырғызатын үш кісіден тұратын звено құрылады. Ол кезде бір жұмысшы көшетті ұстап тұрады да, екеуі көмеді. Бұл дұрыс емес. Үш адамнан тұратын звено былай жұмыс істеуі керек: әуелі екі жұмысшы күрекпен топырақ қоспасын араластырып,шұңқырдың ортасына конус секілді етіп үйеді. Содан соң бір жұмысшы көшетті алып, конустың үстіне қояды, топырақ пен көшет тамырын түзетеді. Екінші жұмысшы шұңқырды көмуге кіріседі. Тамыр жүйесі көмілгеннен кейін бірінші жұмысшы көшеттің айналасындағы топырақты нығыздап таптайды. Содан соң екі жұмысшы да шұңқырды қалған топырақпен көмеді. Сөйтіп екінші рет таптайды да, жан-жағын ойыстап суаратын алаңша жасайды. Зерттеулер ағаш отырғызумен үш адамнан тұратын звено жұмыс жасаған кезде екі адамнан тұратын звеноға қарағанда еңбек өнімділігінің 44% төмендейтінін көрсетті.
Қайта отырғызған кезде көшеттер 75% дейін негізгі қаңқа тамырынан, өсіп келе жатқан ұсақ түбірінің көп бөлігінен және тамыр жүйесінің активті (өсу және сору тамырлары) заттарынан айырылады. Қайта отырғызылған өсімдіктің жандануы қиын. Тіпті қолайлы өсу жағдайының өзінде алманың активті түбірі отырғызылғаннан кейін 15-20 күнсіз қалыпқа келмейді, ал қолайсыз жағдайда тамырының қалыпқа келуі бұдан да кешеуілдейді.
Осы бір қиын сәтте қайта отырғызылған өсімдікке қаңқа тамырларының тығынды тканьдері мен кесілген орындары арқылы топырақтан келетін су өте аз болады. Бұл кезде көшет бұтағындағы бүршіктер зақымданбағандықтан көктемде өсуге тырысады. Соның салдарынан оның жер бетіндегі бөлігі мен тамыр жүйесінің арасындағы корреляциялық тепе-теңдік бұзылады. Өсімдік организміндегі толық тепе-теңдік, тіршілік процесін және өсімдік көлемін ұлғайтуға ылғал мен қоректік элементтер бәрі бір тамыр жүйесі арқылы түспей қалпына келмейді. Ондай жағдай көшет отырғызылған соң 2-2,5 айдан соң ғана болады. сонымен көшеттіңжер бетіндегі бөлігін кесу жағдайды белгілі бір дәрежеде түзетеді. Ол үшін көшет көктемде отырғызылған бойда кесіледі. Егер көшет күзде отырғызылса онда ерте көктемде кескен дұрыс. Бір жылдық көшет крондарын қалыптасқан екі жылдықтардың қаңқа бұтақтары және қопсытылған күйінде ұсталынады. Діңнің айналасындағы топырақты жабындау тиімді тәсіл болып табылады. Егер көшет күзде отырғызылса жеміс шаруашылығының солтүстік аймағында ағашты суықтан қорғау үшін оны діңі мен негізгі бұтақтары қалың қағазбен, қара қағазбен немесе шырша бұтақтарымен оралады. Тамырының үсіп кету қаупі бар аудандарда көшеттер топырақпен (кемінде 30 см) көміледі.
Отырғызылған баққа құжат арналып, оған бақтың типі телісушінің тұқымдық-сұрыптық құрамы, топырақты дайындау және мәденилендіру тәсілдері, отырғызу материалдарының жасы және шығу тегі, отырғызу мерзімі, әдістері жайлы мәліметтер мен өсімдіктерді отырғызғаннан кейінгі агрошаралары жазылады.[1]
Бақты күтіп-баптау.
Жеміс бағындағы агротехниканың негізгі тәсілдері сол дақыл өсірілетін аймақтың топырақ-климат жағдайларына, қолданылып отырған телісушінің тұқымдық-сұрыптық құрамы жүйесіне, өсімдіктің жасы мен типіне, өсіріліп отырған өнімнің бағытына т.б. байланысты болады. жас бақтағы жеміс ағаштарын күтудің негізгі міндеттері: ағаш тіршілігін сақтау, жемісті тез салдыру, жыл сайын тез өсуін қамтамасыз ету, крондарын дұрыс қалыптастыру және тамыр жүйесінің тереңдеуіне жағдай жаасау т.б. шекілдеуіктілерді жас кезінде олардың бұтақтарының өсімін кемінде 80-100 см, ал сүйектілерді 90-120 см жеткізу қажет. Оған ағаштарды дер кезінде тыңайтқыш енгізе отырып күткенде, жеткілікті суарғанда, зиянкестер мен ауруларға қарсы уақытылы күрескенде ғана қол жеткізеді. Жоғары, дер кезінде қолданылған агротехника жас жеміс ағаштарының ерте және дер кезінде жеміс салуын қамтамасыз етеді.
Жеміс салып тұрған бақтағы негізгі агротехника міндеті: жеміс ағаштарының крондарын одан әрі қалыптастыру. Мұнда бастыназар бұтақтардың қалыпты өсуін қадағалауға аударылады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz