Негізгі құралдардың шығысының есебі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі құралдар туралы түсінік және оның шаруашылық процесіндегі рөлі.5
1.2 Негізгі құралдардың нормативтік.құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері ... ... ... ... .14
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ШЫҒЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Негізігі құралдардың істен шығуының есебі және қаржылық есептілікте негізгі құралдардың ашылу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Негізгі құралдардың шығысының есебіне ХҚЕС.ке сәйкес бағалауы ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Негізгі құралдар - өнім өндіру, қызмет көрсету және жұмыс орындау кезінде еңбек құралдары ретінде қолданылатын мүліктердің бөлігі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және құнын ажыратуға болады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санымын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуын өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс» /1, 5-9б/.
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономиалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Баймұханова, Сәрия Баймұханқызы. Бухгалтерлік есеп : оқулық / жалпы ред. басқ. К. Ш. Дүйсембаев.- 2-ші бас., қайта өңд., толқт.- Алматы: Издат Маркет, 2008.- 312 б.
2. Басқару есебі: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, А.Фурсов, С.Д.Фурсова; Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.-Алматы: Экономика, 2009.- 298 б.
3. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдар // Мектеп бухгалтері-Бухгалтер школы.- 2007.- № 1.- 426
4. Дүйсенбаев, К. Ш. ж.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы / Дүйсенбаев, К. Ш., Төлегенов, Э. Т., Жұмағалиев, Ж. Г.; ред. Н. Р. Жексенбаева. - Алматы: Экономика, 2008.- 328, б.: таб.
5. Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы, Құдайбергенова, Нұрадин Айыпұлы. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері оқулық.-Алматы: Экономика, 2009.- 384 б.: кесте
6. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У.Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі. Кітап 1.- Алматы: Рауан,2008.- 316бет
7. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У. Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі. Кітап 2.- Алматы: Рауан, 2008.-319бет
8. Қаржылық есеп: оқу құралы/ Қ.К.Кеулімжаев, З. Н.Әжібаева, Н. А.Құдайбергенов, А. Ә. Жантева.- Алматы: Экономика, 2009.- 330 б.: кесте
9. ҚҚС-ын негізгі құралдардың бастапқы құнына енгізу: тәжірибеде қолдану тәсілдері// Бухгалтер бюллетені.- 2008. –N 42. - 12-15 б.
10. Міржақыпова, Седеп Тоқтамұратқызы. Банктегі бухгалтерлік есеп: оқулық.- Алматы: Экономика, 2007.- 710 б.
11. Мырзалиев, Б. С., Әбдішүкіров, Р. С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру : оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 164 б.:
12. Мырзалиев, Б.С., Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірбиелік әдістемелері :практикум: (арнайы курс).- Алматы: Заң әдебиеті,2007.- 254 б.: кесте.
13. Назарова, Вера Леонидовна. Шаруашылық жүргізуші субъектілер-дегі бухгалтерлік есеп: оқулық /жалпы ред. басқ.: Н. Қ. Мамыров.- Алматы: Экономика, 2009.- 310 б.
14. Радостовец, В., Ғабдуллин, Т. Негізгі құралдардың есебі // Мектеп бухгалтері-Бухгалтер школы.-2007. - N 2.- 5-8 б.
15. Смурыгина, И. Негізгі құралдарды сатып алу жәнебастапқы құнын анықтау // Бухгалтер бюллетені.-2009. - N 47.- 7-8 б.
16. Сокова, И. Әр түрлі жағдайларда негізгі құралдардың шығып қалуы // Бухгалтер бюллетені.- 2008. - N43. - 13-15 б.
17. Төлегенов, Е. Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2008.- 184 б
18. Баймұханова, Сәрия Баймұханқызы. Бухгалтерлік есеп : оқулық / жалпы ред. басқ. К. Ш. Дүйсембаев.- 2-ші бас., қайта өңд., толқт.- Алматы: Издат Маркет, 2008.- 312 б.
19. Басқару есебі: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, А.Фурсов, С.Д.Фурсова; Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.-Алматы: Экономика, 2009.- 298 б.
20. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдар // Мектеп бухгалтері-Бухгалтер школы.- 2007.- № 1.- 426
21. Дүйсенбаев, К. Ш. ж.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы / Дүйсенбаев, К. Ш., Төлегенов, Э. Т., Жұмағалиев, Ж. Г.; ред. Н. Р. Жексенбаева. - Алматы: Экономика, 2008.- 328, б.: таб.
22. Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы, Құдайбергенова, Нұрадин Айыпұлы. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері оқулық.-Алматы: Экономика, 2009.- 384 б.: кесте
23. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У.Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі. Кітап 1.- Алматы: Рауан,2008.- 316бет

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі құралдар туралы түсінік және оның шаруашылық процесіндегі
рөлі.5
1.2 Негізгі құралдардың нормативтік-құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау
көрсеткіштері ... ... ... ... .14
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ШЫҒЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Негізігі құралдардың істен шығуының есебі және қаржылық есептілікте
негізгі құралдардың ашылу
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..20
2.3 Негізгі құралдардың шығысының есебіне ХҚЕС-ке сәйкес
бағалауы ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Негізгі құралдар - өнім өндіру, қызмет
көрсету және жұмыс орындау кезінде еңбек құралдары ретінде қолданылатын
мүліктердің бөлігі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып
оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды
ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта
өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы,
баланстық құндарды, сату құнын және құнын ажыратуға болады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу
сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі
құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды
пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша
кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар
кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін
жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен
алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек
құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады.
Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген
қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. Экононмикалық дәуірлер
не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін
өзгешелейді. К.Маркс Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің
дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық
қатынастардың көрсеткіші, – деп жазған.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан – 2030.
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы.Жолдауында былай делінген: біздің еліміздің мұраты ұлттық
біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-
ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп
санымын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының
артуын өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне,
осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің
ізашарымыз болып қалуға тиіс 1, 5-9б.
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми-
техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды
тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған
әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық
салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономиалық
стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді
кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы
ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың
болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды
жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген
кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны
тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді.
Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына
қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Бухгалтерлік есеп стандарты Негізгі құралдар есебі бойынша -
негізгі құралдардың мақсаты субьектілерге жататын негізгі құралдар есебінің
методикасын, меншіктік құқығын анықтау, шаруашылық операциясын
анықтау, шаруашылықты жүргізу немесе оперативті басқару .
Негізгі құралдарды пайдалану барысында біріндеп тозады, тозған
бөлшектерін жөндеуді немесе толығымен, иә болмаса тұтастай обьектіні
түгелімен ауыстыруды талап етеді. Содықтан негізгі құралдар объектілеріне,
пайдалы қолданылатын барлық мерзімі ішінде кейінгі күрделі қаржы және
ағымдағы шығын жасайды. №16 Негізгі құралдырдың есебі бухгалтерлік
есеп стандартына және оған әдістемелік ұсыныстарға сәйкес негізгі
құралдарға кейінгі күрделі қаржы жұмсау пайдалы қызмет ету мерзімі
барысында бағаланған, қолданудан түскен болашақ экономикалық тиімділікті
ұлғайтқан жағдайда бастапқы құнды арттырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Негізгі құралдарды жаңартып, толықтырып
ескіргендігін және шаруашылыққа қажет емес пайдаланылмай тұрғандарын дер
кезінде шығысқа шығарып отырудың маңызы өте зор негізгі құралдарды кіріске
алу және шығысқа шығару операцияларының талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы
олардың қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік беру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Негізгі құралдардың түсінігі мен жіктелуін зерттеу;
- Негізгі құралдардың бағалануын қарастыру;
- Жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету шығындарының есебін реттеу:
- Обьектіні ішінара ауыстыруға шыққан шығындар және олардың есебін
анықтау:
- Тексеруге шыққан шығындар есебін қарастыру.
Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың
монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар білікті негізгі құралдар
аммортизациясы мәселесіне қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен
заңнамалық актілер құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы
және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес
келеді.

рөлі
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
жөніндегі 1996 жылғы № 3 ұлттық комиссиясы бекітіп 1997 жылы күшіне енді.
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі.
Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын меншігінд егі немесе оның
уақытша пайдаланудағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау,
шаруашылық есебін жүргізу немесе жедел басқару болып табылады.
№ 6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдардың есебі
негізгі сұрақтарын келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
- Мойындау кезеңі;
- Қызмет ету мерзімі;
- Амортизация есептеу әдісі;
- Кезеңдегі күрделі салым;
- Бағалау әдісі;
Өндіріс процессі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады.
Олар: 1. Еңбек заттары; (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар)
2. Еңбек құралдары; (станоктар, машиналар)
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер,
жер учаскілері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер және жермен
тығыз байланысты көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық
құрал – саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, кітапхана қорлары,
мұражай құндылықтары, автомобиль жолдары және т.б.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті: 2, 295-298б.
Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық
түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығаруын қозғалысын есепте уақытылы
және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына
бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды
жүзеге асыру;
Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді қайта құруды және
шығындарды жүргізумен байланысты есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді
жүзеге асыру;
Моральді және физикалық ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің
деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру;
Негізгі құралдардың топтары:
Күш беретін машиналар, жабдық – машиналар, жылу және электр қуатын
өндіретін генгераторлар, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина
қозғалтқыштар;
Жұмысшы машиналар мен жабдықтар, бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек заттарына механикалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және жабдықтар, станоктар, насостар, электрлі маторлар;
Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары, бұл
өндіріс процестерін өлшеу реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар;
(амперметр, микроскоп, водометр, монометр)
Есептеу техникасы, процесті жылдамдату автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғылар мен аспаптар; (компьютерлер мен басқа да есептеу
машиналары)
Өзге де машиналар мен жабдықтар; (телефон станциялары, радио
желілерінің жабдықтары, өрт машиналары)
Көлік құралдары, адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс
құралдары; (автомобильдер, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы)
Инвентарлық объект, барлық тиесілі керек жарақтармен және керек
заттармен бірге жекелеген объект;
Темірді, ағашты өндеуге арналған құрал сайман, қол еңбегінің
механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген
заттар;
Кесетін, ұратын, қысатын, және тығыздайтын еңбек құралдары;
Инвестициялық объект, басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін
заттар. Жұмыс үстелі, шкафтар, өндірістік операцияларды орындауға немесе
жеңілдетуге қызмет ететін заттар;
Шаруашылық инвентар, кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар.
Үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.;
Көп жылдық өсімдіктер жасына қарамастан қолдан егілетін көп жылдық
өсімдіктер; (жеміс – жидек, жузәмдіктер, көп жылдық гүл
өсімдіктері, роза плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер )
Жерлерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар. Бұл, ауыл шаруашылығында
пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған инвентарлық
сипаты жоқ шығын. Жер учаскілерін жоспарлау, тамырлардан тазарту, егістікке
жер бөлу, жерлерді тастардан тазарту;
Өзге де негізгі құралдар, бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары,
мұражай құндылықтары жатады.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды
бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды
ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын
анықтап қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. № 6 бухгалтерлік есеп
стандарты бойынша бастапқы ағымдағы баланстық құндарды сату құнын және
жою құнын ажыратуға болады. Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы
құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі, оған барлық қажетті
нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу
шығындары соның ішінде:
Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар; (үйлер,
жеңіл автомобильдер бойынша қосылған құн салығы және сатып алу шарты
бойынша мемлекеттік баж)
Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар;
Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді: 1. Шотта көрсе-
тілген сату бағасы; 2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық
сыйақы; 3. Сатып алу, сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсет-
кен қызметін төлеу; 4. Салықтар мен алымдар; 5. Жерді мақсатты пайда-
лануға әзірлеу жөніндегі шығындар.
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
1. Сатып алу бағасы; 2. Тасымалдау шығындары; 3. Монтаждау;
4. Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақ-
тан өткізу.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау – өткізу №
1 нысанындағы актілермен реттеледі.
Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады.
Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық
құралдары негізгі және айналым құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы
өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдрдың маңызы
зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға
болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып,
өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына
біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес
негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес
сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың бірыңғай типтік жіктелуі
қолданылады. Сол жіктеуге байланысты оларды төмендегідей белгілермен
топтастыады: 3, 424-426б.
а) өндіріске қатысуына байланысты: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік негізгі құралдарға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты,
яғни өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда т.б. қызмет
түрлерінің құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарға тұрмыстық
шаруашылық қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет тағы басқа қызмет түрлерінің
негізгі құралдары жатады.
б) тиістілігіне қарай негізгі құралдар: меншікті және арендалық болып
екіге бөлінеді. Меншікті бұл кәсіпорынның меншігіндегі және оның балансында
көрсетілетін негізгі құралдар. Арендаланған бұл басқа кәсіпорыннан аренда
шарты негізінде белгіленген мерзімге алынған негізгі құралдар. Арендаланған
негізгі құралдардың қатарына мерзімі өткенге дейін немесе өткесін шартта
көрсетілген бағаны төлегеннен кейін арендатордың меншігіне көшетін, ұзақ
мерзімге арендаланған негізгі құралдар жатады.
в) пайдалануына қарай негізгі құралдар пайдаланудағы, запастағы және
консервациядағы болып бөлінеді. Запастағы негізгі құралдарға пайдаланудағы
негізгі құралдарды ауыстыру үшін алып қалынған негізгі құралдар жатады.
Консервацияға қойылған негізгі құралдар уақытша қолданылмайтын негізгі
құралдар.
г) атқаратын қызметіне, түрлеріне байланысты: жер, ғимараттр мен
құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, беріліс құралдары, көлік
құралдары, басқалары. Әрбір көрсетілген негізгі құралдар тобына келесі
объектілер кіреді:
Ғимараттар: мақсты халыққа әлеуметтік мәдени қызмет көрсету. Тұрғын үй,
еңбек жағдайын туғызу болып табылатын архитектуралық құрылыс объектілері.
Әрбір жке тұрғын инвентарлық объекті болып есептеледі.
Құрылыс жағдайлары: еңбек затын өзгертпей, қандай да болмасын қызметті
атқару жолымен өндіріс процесін іске асыруға арналған иненерлік құрылыс
объектілері.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйьмдастырудың маңызды шарты оларды
бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай
өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді
жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстың
құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.

Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер,
жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік
баж).
Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.

Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
1. Шотта көрсетілген сату бағасы;
2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялы сыйақы;
3. Сатып алу-сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен
қызметін төлеу;
4. Салықтар мен алымдар;
5. Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар (үйлерді
бұзу, тазалау, тегістеу).

Сатып алу бағасы;
Тасымалдау шығындары (тасымалдау уақытындағы саңтандыру);
Монтаждау;
Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс
жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
Материалдар.
Еңбекақы төлеу.
Үстеме шығындардың тиісті үлесі.
Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.
Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіне берілген
кредиттер бойынша проценттер.
Құрылыс жүргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығыстар.
Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды
төлдетудің нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру
үшін сатып алынған малдар бойынша — жеткізу жөніндегі шығындарды қоса
алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шы-
ғындардан құралады.
Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі
нақты шығындардан құралады (пайдалану бағасы бойынша алынған өнімнің құнын
немесе егу сәтінен бастап өсімдіктерді пайдалануға беруге дейінгі
өткізілуін шегергенде).
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу
(қозғалысы) (НҚ) №1 нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген
объектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға
берілуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын
ресімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан (запастан) пайдалануға беру
үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында (жарғылық капиталға
салымдар, өтеусіз беру) НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау
комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. НҚ, бірнеше
объектілерін қабылдау-өткізуді ресімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық
бұйымдарын, құрал-саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл
объектілер біртектес болса, құндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда
қабылданган болса, рұқсат етіледі.
Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен
бірге бухгалтерияға беріледі.Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект
басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. НҚ, ішкі қозғалысын ресімдеген
кезде акт екі данада жасалады (объектіні өткізетін және қабылдайтын
субъектілер үшін). НҚ, басқа объектіге сатылған кезде акт 3 данада
жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады (1-сі НҚ, қалдығы мен
қозғалысы туралы есептемеге, екіншісі есеп айырысу-төлем құжаттарына қоса
беріледі), үшіншісі НҚ қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді
қабылдау мен оларды жас өсімдіктер тобына есептеуді, сондай-ақ
өсімдіктерді пайдаланудағы өсімдіктер тобына ауыстыруды көпжылдық
өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен ресімделеді. Акт
бекітілгеннен кейін техникалық құжаттарымен бірге бухгалтерияға
тапсырылады. Алаң-дарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс
орман өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен
қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман
өсімдіктерін егу және пайдалануға беру (5 жылдан кем емес) жөніндегі орын-
далған жұмыстарды ресімдеуде қолданылады.Малдың төлдерін негізгі табынға
ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған күні ферма меңгерушісі жасаған
топқа ауыстыру актісімен ресімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар,
ұрғашы шошқалар, биелер, айғырлар ауысатын болса, онда актіде әрбір
жануардың инвентарлық нөмірі, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түр-түсі және
басқа белгілері көрсетіліп, бөлек жазылады. Ешкі, қой және басқа ұсақ
жануарлардың телдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән
белгілерін (тұқымы, жынысы) көрсету арқылы жалпы санын жазады 4, 324-
328б.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2410 шотында жүргізіледі, онда
субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі.
Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2420 шоты арналған.
Инвентарлық обьект НҚ есебінің обьектісі болып табылады, яғни оған
тиесілі бейімдеулері және керек-жарақтарымен бірге аяқталған құрылғы немесе
жеке оқшауланған зат (заттар кешені) белгілі бір дербес функцияларды
орындауға арналған. Инвентарлық обьектіге инвентарлық нөмір тағайындалады.
Обьектінің нөмірлеуін әдетте реттік-сериялық жүйе боынша құрады.
Мысалы, үйлер үшін 0001-ден 0299-ға дейінгі ғимараттарға 0300-ден 0399-
ға дейінгі, беріліс құрылғылары үшін 0400-ден 0499-ға дейінгі нөмірлер
бөлінген.
Инвентарлық нөмірлер НҚ №1 нысанында және НҚ қолда бары мен қозғалысын
есепке алу жөніндегі барлық тіркелімдер мен құжаттарда келтіріледі. Оларды
тиісті обьектілерде темір жетондарды бекіту, бояу жағу немесе басқадай
әдістермен белгілейді. Инвентарлық нөмірі обьектінің пайдалануда болған
барлық кезеңіне сақтайды, ал ол шығарылатын болса, жанадан келіп
түскендеріне ұзақ уақыт бойы (5жылға дейін) қайтадан нөмір қоймайды.
Бухгалтерлік есепте НҚ әрбір обьекті бойынша бүтін теңгеге дейін
дөнгелектелген соммамен ескеріледі.
НҚ талдамалы есебі екі нұсқамен ұйымдастырылуы мүмкін:
1. негізгі құралдардың саны көп және есепті қол әдісімен жүргізетін
ұйымдарда обьектілік, яғни НҚ талдамалы есебі инвентарлық карточкаларда
жүргізіледі. Олар шаруашылық біртектес заттарын, құрал-саймандарын және
өндірістік немесе шаруашылық мақсаты бір және техникалық сипаттамасы, құны
бірдей және бір өндірістік бөлімшеде тұрған басқа заттарды қоспағанда,
әрбір инвентарлық обьектіге ашылады.
Бұл заттарды бір инвентарлық карточкада ескеруге рұқсат етіледі.
Негізгі құралдардың барлық түрлеріне ИНВЕНТАРЛЫҚ КАРТОЧКА НҚ №6 нысаны
деген бірегей типтік нысан белгіленген. Оны келіп түскен НҚ жасалған
актінің, техникалық паспорттардың және басқа құжаттардың негізінде жасайды.
Обьектілер мен олардың жекелеген құрамдас элементтерінің сипаттамасы
қысқаша болып, обьектінің жекелеген ерекшеліктерін дәл көрсетуге және
техниқалық құжаттаманың деректерін толықтай қайталамауға тиіс.
Топтың есепке алу жағдайында карточка НҚ жекелеген обьектілерін
позициялық жазу жолымен толтырылады. НҚ №3 нысандағы НҚ обьектілерін
есептен шығарған кездегі НҚ №1 нысандағы акт НҚ обьектісін басқа субьектіге
берген кезде НҚ шығарылғандағы, сондай-ақ НҚ обьектілерінің субьект
ішіндегі қозғалысы туралы белгілер қоюға негіз болып табылады. Негізгі
құралдарды салуды аяқтау, толығымен жабдықтау, қайта құру, жаңғырту, жөндеу
жөніндегі аяқталған жұмыстар туралы жазбаны карточкаға НҚ №2 нысанындағы
"Жөнделген, қайта құрылған, жанғыртылған обьектілерді қабылдау-өткізу
актісі" негізінде енгізеді. Толтырылған инвентарлық карточкалар
бухгалтерияда НҚ №10 нысанындағы "Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі
инвентарлық карточкалардың тізімдемесінде" тіркеледі. Олар негізгі
құралдардың әрбір сыныптамалық тобы бойынша бір данада жүргізіледі. Тіркеу
кезінде карточканы нөмірлейді, содан кейін арнайы карточкаға орналастырады.
Онда ол сыныптамалық тобы бойынша сақталады. Ал бұл топтардың ішінде –
пайдаланылатын орындары мен материалды жауапты адамдар бойынша және негізгі
құралдың түрлері бойынша сақталады. Карточкада мынадай бөлімдер болады:
- пайдаланудағы негізгі құралдар (сыныптамалық топтар бойынша);
- ағымдағы айда түскендер;
- ағымдағы айда шығарылғандар;
- ішкі қозғалыс;
- жөндеуде;
- запаста;
- сақталуда (консервацияда)
- жалға берілген негізгі құралдар;
- архив(мұрағат)
- ай ішінде 4-бөлімнің карточкалары 12-бөлімнің (негізгі құралдар)
шотында ескерілген айналымдар мен салыстырғаннан кейін картотеканың тиісті
бөлімдеріне орналастырылады.
1.2 Негізгі құралдардың нормативтік-құқықтық реттелуі
Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың
басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін
комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас
мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімнің
өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің ж.б.
мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет.
Негізгі құралдарды пайдалануға, қабылдау комиссиясының қатысуымен
қабылдау-өткізу актісі (ү.НК-1) толтырылып, құжатқа нысанның толық
сипаттамасы - сатып алу (салу) көздері, шығарылған немесе салынған жылы,
пайдалануға берілген күні, сынақтан өткізудің нәтижесі, оның техникалық
жағдайына сәйкестігі, бастапқы құны мен есептелген тозу сомасы, кімнің
жауапкершілігіне қабылданғаны және кімнің өткізгені, комиссиясының
қорытындысы жазылғандығы анықталады. Толық толтырылған қабылдау-өткізу
актісі, техникалық құжаттары (төл құжаты, тұтастық ведомосты ж.б. арнайы
құжаттары) тіркеліп, шаруашылықтың басшысына бекіттіріліп, содан кейін
бухгалтерияға беріледі. Осы құжаттардың негізінде шаруашылықтың
бухгалтериясында кіріске алынған нысандарға материалды жауапкершілікті
тұлғалары бекітіліп, әрбір нысанға мүліктік карточка ашылғандығын,
оларға мүліктік номер беріліп, олардың мүліктік карточкалар көшірмелерінің
жасалып және мүліктік карточкаларын тіркейтін тізімге (тұрған және
пайдалану орындары бойынша) тіркелгендігін, бухгалтерлік есеп шоттарына
таратылып жазылғандығын анықтап, кіріске алынған негізгі құрал-жабдықтардың
техникалық сипаттамасы жазылған төл құжаттары тіркелгендігін анықтау қажет.
Объектілерді негізгі құралдардың құрамына есепке алу “Негізгі
құралдарды қабылдау, тапсыру туралы Актісімен” бекітіледі, онда
олардың пайдалану уақыты көрсетіледі. (ф № ОС–1), Кәсіпорын
пайдалану уақытын өзі сол объектінің экономикалық пайда келтіру
уақытын есептеп шығарады. Қызмет көрсету уақыты (орнатылған нормаға
сәйкес тозық жиынтығын аудару уақыты) және жою құнын (пайдалану
мерзімі біткен соң, жою кезінде пайда болған болжамды сома)
анықтайды 5, 380-384б.
“Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру Актісінің” негізінде бухгал-
терияда инвентарлық карточка (түгендеу карточкасы) ашылады, ол бойынша
негізгі құралдардың аналитикалық есебі жүргізіледі. Негізгі
құралдардың әр объектісіне жеке – жеке инвентарлық номер беріледі.
Нөмірлену реттік – сериялық жүйемен қойылады. Мысалы: үйге 0001 –
0299 деген нөмірлер берілген, ғимаратқа 0300 – 0399 деген нөмір
беріледі. Түгендеу нөмірі “ Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру
Актісі” бойынша келтіріліп, объектінің пайдалану уақыты біткенше
сақталынады. (5 жыл) Ал олар істен шыққанда сол карточка екінші
біріне қосылмайды.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды инвентарлық объект
сомасымен есептейді. Негізгі құралдарды аналитикалық есепке алу 2
түрлі жолмен ұйымдастырылады.
I – нұсқа: Негізгі құралдары өте көп мөлшерде бар ұйымдардың
негізгі құралдарды аналитикалық есепке алуы инвентарлық карточка
бойынша, яғни бірыңғай объектілерден өзгелерге жеке-жеке
инвентарлық карточка ашылу арқылы жүргізіледі. Бірдей заттарға бір
ғана инвентарлық карточка ашылады. Инвентарлық карточканың бірыңғай
типтік формасы тағайындалады, олар негізгі құралдардың барлық
түріне арналған (ф № ОС – 6), оларды негізгі құралдардың түскендігі
Акті, техникалық паспорт және т. б. құжаттар негізінде
толтырылады.
Негізгі құралдардың есептен шығарылғандығы туралы белгіні объектінің
келесі бір субъектіге берген жағдайда және негізгі құралдардың
субъектілер арасында орнын ауыстырғанда қояды. (ф № ОС – 3)
Негізгі құралдарды жою және негізгі құралдар ескірген емесе
тозу кезінде қолданылатын “Негізгі құралдарды жою Актісімен” іске
асырылады. (ф №ОС-1). Аяқталған жұмыс, қайта құрау, реконструкциялау
және жөндеу туралы жазу “ Қайта құрастырылған, жөнделген объектілерді
қабылдау-тапсыру Актісінің” негізінде жазылады (ф №ОС-2).
Толтырылған инвентарлық карточкалар “ Негізгі құралдарды есепке
алудың инвентарлық карточкалар тізімінде ” тіркелінеді. ( ф № ОС - 10
). Ол әр топқа жеке – жеке 1 экземплярдан жасалынады.
Жарамай қалған негізгі құралдардың карточкалары картотеканың “Архив”
бөліміне жіберіледі. Картотекамен дұрыс жұмыс істеу негізгі
құралдарды қадағалауды қамтамасыз етеді.
Айналым мен әр топтың қалдығын салыстыру әр ай сайын негізгі
құралдардың қозғалысын тіркеу карточкасында тіркеледі (ф № ОС - 12).
Ол тіркеу карточкалары 1200 “Қысқа мерзімді дебеторлық берешектер”
бөліміндегі Бас кітаптағы әр инвентарлық карточка негізінде жасалады.
Карточкада негізгі құралдарды әр жыл басындағы (квартал, тоқсан, ай)
қалдығы, келіп түскені, істен шығарылғаны, жойылғаны, ай соңындағы
қалдығы көрсетіледі. Осы мәліметтер негізінде негізгі құралдардың
қолда бары мен қозғалысының есебі жүргізіледі.
II–нұсқа: Үлкен емес ұйымдарда аналитикалық есепті тіркеу
мақсатында негізгі құралдарды тіркеуге арналған инвентарлық кітап
қолданылады. Ол әр топқа немесе негізгі құралдардың объектісіне
жеке -жеке ашылады. Әр объектіге мазмұндама, атау, инвентарлық нөмір,
шығарылған күні, пайдалану уақыты, амортизациялық нормасы жазылған
инвентарлық кітап ашады.
Негізгі құралдардың қолда бар екені туралы (2410 шотының
сальдосы “Негізгі құралдар” және қозғалысы туралы ақпарат алу, яғни
есеп беру кезеңіндегі ф № ОС – 12 карточкасы қолданылады. Бұл
карточкалар “Негізгі құралдардың” 2410 шотының Бас кітаппен кәсіпорын
айналымын салыстыруға пайдаланылады.
“ Негізгі құралдарды қабылдау мен тапсыру Актісі” ( ф №ОС – 1):
- Негізгі құралдардың құрамына жеке объектілерді енгізу;
- Оларды пайдалануға жіберу;
- Негізгі құралдардың ішкі қозғалысын, бір цехтан (бөлімнен,
бөлімшеден ) екінші цехқа орын ауыстыруын қамтамасыз ету;
- Негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға жіберу;
- Негізгі құралдарды басқа субъектіге бергенде (жарғылық капиталға
салым ретінде, сату, сыйлау) жалпы құрамынан шығару секілді
құжаттарды толтыруға негіз болады.
Негізгі құралдарды қабылдап алған кезде акт 1 экземплярмен
толтырылып, қабылдау комиссиясының шешімімен оны ұйымның басшылары
белгілейді, және әр объектіге жеке - жеке жасалады.
Схемада негізгі құралдар қозғалысын есепке алудағы құжаттар
көрсетілген.
Бірнеше субъектіге ортақ акті жасау тек шаруашылық түгендеу,
құрал – жабдықтарға, егер олар бірыңғай және олар бір мезгілде қабылданса
ғана толтырылады.
Толтырылған және қажет құжаттармен толықтырылған соң бухгал-терияға
жіберіліп, онда бас бухгалтер мен басшылар қолы қойылады. Негізгі
құралдардың ішкі қозғалысы туралы акт толтырылғанда ол 2 нұсқада
жасалады, біреуі объектіні жіберетін немесе қабылдайтын субъектіге
беріледі 6, 314-316б.
Негізгі құралдарды басқа ұйымға сатқанда акт 3 нұсқада: бірі
негізгі құралдардың қозғалысымен қалдығы туралы есеп беруге, объектіні
жіберушіде, ал тағы бірі - төлем - есеп айырысу құжаты, ал үшіншісі
негізгі құралдарды қабылдап алушы тұлғаға беріледі.
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Өндірісте негізгі құралдардың белсенді бөлігінің құны арқылы
кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік
көрсеткіштері жоғарылап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы
артады.
Негізгі құралдарды есепке алғанда және жоспарлағанда, сонымен бірге
негізгі құралдардың өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн түрдегі
көрсеткіштері қолданылады.
Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдары төмендегідей бағаланады:
-бастапқы құны бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оның жеткізу
және құрастырып орналастыру шығындары кіреді;
-қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі құралдарды қайта
бағалау нәтижесіндегі құны жатады;
-қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтірілген
құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады.
Негізгі құралдардың қалдық құнын мына формуламен анықтауға болады:
Ққ=НҚбқ-(НҚбқ*Ма100*t)
Мұнда, Ққ-қалдық құны;
НҚбқ-негізгі өндіріс қорының бастапқы құны, теңге;
Ма-толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері, %;
t-негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл
Негізгі құралдарды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы
қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің
жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар-негізгі құралдардың бастапқы
құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі құралдардың бастапқы құны-қорларды дайындауға, жинауға,
әкелуге, жинауға кеткен шығындардың жиынтығы.
Қайта өндіру құны (қалпына келтіру)-негізгі құралдарды қайта өндіруге
кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құн-негізгі құралдардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе
қалпына келтіру құны.
Негізгі құралдардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
шығарылатаны өнім құны, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және
механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кісіпорын
орналасуыың климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.
Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер бар, олар
үш топқа бөлінеді:
1. Пайдалану деңгейін сипаттайтын:
- негізгі құралдардың орта жылдық құны;
- қор қайтарымы;
- қор сыйымдылығы;
- қормен қарулану.
2. Жылжуын сипаттайтын:
- жаңару коэффициенті;
- шығу коэффициенті;
3. Нақты жағдайын сипаттайтын:
- тозу коэффициенті;
- жарамдылық коэффициенті.
Экономикалық талдауда, есепте және жоспарлауда біріншіден еңбек
құралдарының қозғалысын және жағдайын, екіншіден, оларда дұрыс пайдалану
тиімділігін анықтау үшін көптеген көрсеткіштер жүйесін қолданады. Оларды
екі топқа бөлуге болады: жинақтаушы және жеке көрсеткіштер.
Негізгі құралды қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын негізгі бір
жинақтаушы көрсеткіш-қорқайтарымдылық.
Қорқайтарымдылық дегеніміз жалпы өнім құнының негізгі өндірістік
қордың ортражылдық құнына қатынасы.
Қорқайтарымдылық (Ққ) көрсеткіш төмендегі формуламен есептеледі:
ҚҚ=ЖөНқ*100%
Мұнда Жө-жыл бойы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай
есептелгендегі құны;
Нқ-негізгі өндірістік қордың ортажылдық құны;
Қорқайтарымдылық көрсеткішінің кері қатынасы өнімнің қорсиымдылығын
көрсетеді:
Қор сыйымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орта
жылдық құнының жалпы өнім құнына қатынасы.
ҚС =НқЖө*100%
Мұнда ҚС-өнімнің қорсиымдылығы.
Негізгі өндіріс қорының белсенді бөлігін қолдану деңгейін тікелей
сипаттайтын және өндіріс қуаттылығын, сонымен бірге оларды пайдалану
мүмкіндігін жақсартатын жеке көрсеткіштеріне жататыны:
А)жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті-негізгі өндіріс
қорының белсенді бөлімін пайдалану деңгейін уақытпен сипаттайтын көрсеткіш,
немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның
жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады.:
КЭКСТ=УнУжт
Мұнда, УН-машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақыты;
УЖТ-жұмыс тәртібіне сәйкес машина және жабдықтардың жұмыс атқару
уақытының режимдік қоры.
Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың экстенсивті тобында төмендегідей
коэфициенттерді қолданады:
- жабдықтарды алмастыру коэффициенті;
- жабдықтарды жүктеу коэффициенті;
- жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті.
Б) жабдықтарды пайдалануда интенсивті коэффициентінің маңызы өте зор.
Ол машинаны және жабдықтарды пайдалану деңгейін қуаттылықпен сипаттайтын
көрсеткіш. Бұл көрсеткішті есептеу үшін төмендегі формуланы қолданады:
КИНТ=ӨнӨм
Мұнда ӨН-машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;
ӨМ-машина және жабдықтардың техникалық мүмкінділік өнімділігі
(жабдықтардың паспорты бойынша анықталады).
В) жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті-машина және жабдықтарды
пайдалану деңгейін уақытпен және қуаттылықпен сипаттайтын кешенді
көрсеткіш.
Оны мына формуламен анықтауға болады:
Кинтег=Кэкс*Кинтен
Негізгі өндіріс қорларын пайдалануда белгілі өлшемдері бар келесі
көрсеткіштер қолданылады:
Кәсіпорынның барлық мүлкінің рентабельдігі (Рм) жеке құрал
рентабельдігі (Ржқ) және өндіріс қорларының рентабельдігі (Рөқ).
Рм=пайдабаланс активінің орташа жылдық құны*100%
Ржқ=пайдажекеліктегі құралдардың орташа жылдық шамасы*100%
Негізгі өндіріс қорын пайдалану деңгейін сипаттайтын көрсеткіш-оның
рентабельді болуы (РҚОР)
Р=пайданегізгі өндіріс қорының орташа жылдық қалдық құны*100%
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ШЫҒЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған кіріс жылдық жиынтық
табысты құрайды және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа
сай есептелінеді. Кіріс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды
сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға
беруден, пайыздар және дивиденттерден алынуы мүмкін.
Кіріс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен
қызметтерден алынады: олардың сатылу қүны тараптар аясында жасалған келісім
- шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын кіріс сомасын бағасынан немесе
сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олырдың (мәміленің) құндарын
өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны
деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында
бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларында көңіл бөледі: есептеу,
шындық, алаламау, яғни, екң жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды
сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс
сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге
қатыскен кезде, сатушы қандай соманы сүрап отырғанын жэне кандай соманы
сатып алушы тқлейтіндігін білген жағдайда. Мәмілемен байланысты
экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін.
Ал бүл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған)
соманы сатып алушының төяейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келісімшарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып
табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі
ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып
табылмайды және табыс танылмайды; мэміле бойынша күтілетін шығын үлкен
нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсетілген қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына
жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мэміленің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz