Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... ... 3
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.2 Несиенің формалары және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... . 4
1.3 Несие және несие қатынастарының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... 6
ІІ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1 Несие саясатын оңтайландырудың принциптері мен критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
2.2 Банктің несие саясатының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3 ЦентрКредит банкінің несие қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
ІІІ ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРІНІҢ ІШКІ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ..
24
3.1 Банктің несие беру процесін ұйымдастыру тәртібі ... ... ... ... ... ... 24
3.2 Коммерциялық банктің ішкі несие саясатын қалыптастыруды жетілдіру және жүзеге асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
КІРІСПЕ
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Коммерциялық банктерді басқарудың батыстық теориясында пассив және активтерді басқару, сонымен қатар, банк ресурстарын орналастырудың барлық тәсілдерін анықтаушы көрсеткіш ликвидтілікті басқару жолдары қарастырылған.
“Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиал-дарымен несиелік мекемелердің қанат жоюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты - банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдау. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несие-нің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамыз.
Осы тақырыпты зерттеу кезінде мына мәселелер қарастырылады:
- Несиенің мәні және қажеттілігі
- Несиенің формалары және олардың жіктелуі - Несие және несие қатынастарының ерекшелігі
- Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау
- Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен
субъектілері
- Несие ресурстарын қаржылық талдау
- Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары.
Несие – банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. – М.: ИКЦ «ДИС», 1997. – 464 с.
2. Бор М.З., Пятенко В.В., Стратегия управления банковской деятельностью. – М.: Приор, 2001. – с.543
3. Винсент Дж. Лав. Послания Эрнст энд Янг. Как анализировать финансовую отчетность. Пер. с англ. С дополнениями. – М.: «Джон Уайлд энд Сайз, 1996.
4. Кучукова Н.К. Роль банков в развитии казахстанской экономики //Деньги и Кредит. //8/2003.
5. Положение НБ РК от 5.09.2002 года №456 «О пруденциальных нормативах».// Справочная правовая система «ЮРИСТ».
6. Лаврушин О.И. Кредит как экономическая категория социализма. – М.: Финансы и статистика, 1989. – с. 128.
7. Т.Д. Маслова, С.Г. Божук, Л.Н. Ковалик. Маркетинг. – СПб: Питер, 2002. – с.400: ил. – (Серия «Учебники для вузов»).
8. Общая теория денег и Кредита: Учебник для вузов /Под ред.академ. РАЕН Е.Ф. Жукова. – 3-е изд., перераб. И доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – с.423
9. Банковские учреждения в развивающихся странах. Том 1. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. – Вашингтон: Всемирный банк, 1994. – 749 с.
10. Сединин А. Кредитная политика и кредитная культура: отражение во внутренних инструкциях западного банка. //Банковское дело, 2000. - №6. – с.15- 21.
11. Банковское дело: учебник/ Под ред. Лаврушина О. И. – М.: Финансы и статистика, 1999. – 401 с.
12. «Правила начисления вознаграждения (интереса) по Кредитам,
ссудам и депозитам НБ РК» от 20.09.1999 г.
13. Правила ведения документации по кредитованию банками второго
уровня" от 16. 08. 1999 г. № 276
14. "Положение о классификации активов банка условных обязательств и расчете провизий по ним банками второго уровня РК" , 2003.
15. Парламант Республики Казахстан. Закон РК № 2444 от 31.08.1995
года. О банках и банковской деятельности в РК.// Алматы: Жеті -Жарғы,2001.
16. Усоскин В. М., "Современный коммерческий банк: управление и операции", М., 1994 г.
17. Рид Э., Коттер Р., «Коммерческие банки», М., 1991.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2
І
НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... ...
3
1.1
Несиенің мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1.2
Несиенің формалары және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... .
4
1.3
Несие және несие қатынастарының ерекшелігі ... ... ... ... ... ...
6
ІІ
НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
2.1
Несие саясатын оңтайландырудың принциптері мен критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

9
2.2
Банктің несие саясатының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
2.3
ЦентрКредит банкінің несие қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

14
ІІІ
ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРІНІҢ ІШКІ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ..

24
3.1
Банктің несие беру процесін ұйымдастыру тәртібі ... ... ... ... ... ...
24
3.2
Коммерциялық банктің ішкі несие саясатын қалыптастыруды жетілдіру және жүзеге асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
36

КІРІСПЕ
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Коммерциялық банктерді басқарудың батыстық теориясында пассив және активтерді басқару, сонымен қатар, банк ресурстарын орналастырудың барлық тәсілдерін анықтаушы көрсеткіш ликвидтілікті басқару жолдары қарастырылған.
"Несие" деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда "сенім" деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиал-дарымен несиелік мекемелердің қанат жоюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты - банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдау. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несие-нің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамыз.
Осы тақырыпты зерттеу кезінде мына мәселелер қарастырылады:
- Несиенің мәні және қажеттілігі
- Несиенің формалары және олардың жіктелуі - Несие және несие қатынастарының ерекшелігі
- Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау
- Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен
субъектілері
- Несие ресурстарын қаржылық талдау
- Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары.
Несие - банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты.
І. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі

Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:
* несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.
* несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн. Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке түсетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.
Несие берушi -- несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда -- қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарызға алушы -- несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызға алушылар -- кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызға алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызға алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкiн. Несие берушi -- қарызгер болуы мүмкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиелеген құн болып табылады.
Несиенің мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдалан-ғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады.
Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдалануына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Бұл принциптердің барлығы бір - бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.
Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланды. Несиенің шаруашылық саласында қаржы - қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар.Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құығы бар.
Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Несие алушы жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып отыр.

1.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі - бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір - бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және тағы басқаларын жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның иесіне белгілі - бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқығы бар. Несиенің бұл формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы: қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез - келген заңды тұлға бола алады; коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі; қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; коммерциялық несиенің орташа қүны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады; қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңдық түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие - қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез - келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез - келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді. Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларындақолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктің белгілі - бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден - бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банкаралық нарықтан қағазға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай - чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныстар да әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада, қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.

1.3. Несие және несие қатынастарының ерекшелігі

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым - қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады. Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым - қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Ақшадан кейін несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады.Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық ( ростовщиченский ) несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер - көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгеінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.
Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан 43 %- ға дейін көтеруге, ал кей жағдайларда 100 - 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілді. Ескі өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды. Сөйтіп, несинің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементі. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:
Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай - ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі - бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір - бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

ІІ. НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1. Несие саясатын оңтайландырудың принциптері мен критерийлері

Банктің несие саясаты принциптерінің өзара ықпалы арнайы зерттеудің тақырыбы болған емес. Сонымен бірге қоғамның экономикалық дамуының қолданыстағы заңдарының жүйесін ғылыми игеру, олардың әрекет етуін, қолданылу нысанын түсіну несие процесін жетілдірудің алғы шарттарының бірі болар еді.
Несие саясатының принциптері несие процесінің негізі болып табылады, яғни оларды игерген сайын комерциялық банктің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз етуші қызметі тиімді болады.
Банктің несие саясатының принциптері арнайы зерттеу тақырыбы болмағандықтан және экономикалық баспасөз бетінде талқыланбағандықтан банктің несие саясатының жалпы және өзіндік принциптерін атап өту маңызды.
Несие саясатының жалпы принциптері деп орталық банктің мемлекеттік несие саясаты үшін макроэкономикалық деңгейде жүргізілетін, сондай-ақ әрбір нақты комерциялық банктің несие саясаты үшін жүргізілетін бірыңғай принциптерді түсінеміз.
Банктің несие саясатының принциптері несие қатынастарының субьектілерінің экономикалық мүдделілігін ынталандырады және жалпы халық шаруашылығы ауқымында несие саясатын жүзеге асыруда маңызы зор. Банктің несие саясатының негізгі міндеті несиеті өзінің мәніне қарай қолдануды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша несие саясаты өзінің принциптерін жүзеге асырудың тәсілі ретінде көрінеді. Несие саясатының сапасын оны сипаттайтын принциптердің орындалу деңгейі анықтайды.
Банктің несие саясатының маңызды жалпы принциптері деп біз ғылыми негіздеуді, оңтайландыруды тиімділікті сондай-ақ несие саясаты элементтерінің үздіксіз тығыз байланысын бірлігін айтамыз, өйткені тек ғылыми негізделген несие саясаты ғана өмірдің объективті шындығы мен субъективті факторларын ескере отырып, мемлекеттің банктің (институттық құрылым ретінде) оның қызметкерлері мен клиенттерінің оның ішінде халықтың мүддесін неғұрлым толыққанды білдіреді. Осылайша тек ғылыми негізделген несие саясаты ғана банктің дамуының белгілі бір кезеңінде алдына қоятын мақсаттарға барынша сәйкес келеді. Бұдан шығатыны, тек ғылыми негізделген несие саясаты ғана банк үшін (орталық және комерциялық) оңтайлы, неғұрлым тиімді басымдық бағытта болып табылады.
Комерциялық банктің несие саясатының өзіндік принциптері төмендегідей: табыстылық, пайдалылығы (кез келген комерциялық банк үлкен пайда табуды көздейді), сондай-ақ қауіпсіздік, сенімділік (банк қандай да жолмен емес, нарық ақиқатын ескеріп, табыс табуға тырысады).
Сонымен, банктің несие саясатының принциптерінің жүйесі бүтіндей алғанда былайша бейнеленеді.
1-кесте. Коммерциялық банктің несие саясатының негізгі принциптері

Банктің несие саясатының принциптері
Жалпы
өзіндік
Ғылыми негізделуі
Оңтайлылық
Тиімділік
Несие саясаты элементтерінің тығыз байланысы, бірлігі
Табыстылық, пайдалылық
Қауіпсіздік, сенімділік

Жалпы жоғарыда аталған принциптерді сақтау банктің несие саясатының тиімділігін арттыру үшін маңызды шарт болып табылады.
Табыстылық принципі банк дамуының жекелеген уақыт бөлігінде орындалмауы да мүмкін, немесе бүркемеленіп тұрады (мәселен, банктің тактикалық мақсаты жалпы мақсатен сәйкес келмеген кезде). Мұны графикпен бейнелеуге болады.
Бірінші суреттегі графикте комерциялық банктің табысты жұмысы бөлігіндегі белгіленген параметрлерге қол жеткізудің 3 мүмкін болатын жолы көрсетілген.
Пайда

В

А


кезең

1-сурет Банк табыстылығының белгіленген мақсаттарына
жетудің жолдары.

Несие байланысын реттеу кезіндегі мүмкіндіктердің кешені несие саясатының оңтайлы нұсқасын алға қояды. Латынша optimus - неғұрлым қолайлы, неғұрлым сәйкес, ең үздік.
Осылайша, біздің ойымызша, комерциялық банктің оңтайлы несие саясатын жалпылай алғанда банктің шығынын жауып, белгілі бір пайдасын таза табысын әкелетін саясат деп анықтауға болады. Сонымен бірге банк қызметінде табыстың немесе тіпіті шығынның болмауы тиімсіз несие саясатының нәтижесі сияқты қаралмауға тиіс. Банктің несие саясатын әзірлегенде стратегиялық және тактикалық мақсаттар есепке алынады. Шынында да банк қызметіндегі және оның несие саясатындағы басымдық бағыттар банктің несие операцияларының пайдасын, сенімділігін, қауіпсіздігін қамтасыз ететін болу қажет. Жалпы алғанда коммерциялық банктің несие саясатының дәл осы принциптерінің сақталуы тиімді және оңтайлы несие саясатының критериі болып саналады.
Теориялық тұрғыдан келгенде статикалық және динамикалық оптимум деп бөлуге болады. Статистикалық опимум банк дамуының деңгейін, жүргізілетін операциялар мен қызмет санын, банктің еңбек, материалдық, қаржылық ресурсын анықтайды. Ал динамикалық - мүмкін болатын өзгерістерді ескере отырып, осы параметрлерді болашақ жоспарда әзірлейді. Статистикалық оптимум әдетте есеп балансы бойынша анықталады, өткен кезеңдегі қаржы мен инвестиция көздерінің құрылымы пропорциясы туралы қажетті ақпарат алады. Алайда озық нұсқа таңдау үшін бұл жеткіліксіз, өйткені есеп балансында бұған балама жоқ. Сол себепті экономиканың кез келген субьектісінің, банктердің қызметінің негізі болып табылатын жоспарлы құжаттар (бизнес-жоспар, маркетинг жоспары, несие саясатының жоспарлы құжаты) әзірлеу қажет.Коммерциялық банк несие саясатын зерттеу оның жұмысын талдаудың мынадай бағыттарын анықтайды. 1) клиент сапасын, оның несиетік төлем қабілетін бағалау; 2) несие беру кезеңі (несиені беру және өтеу); 3) несие бағасы, пайыздық ставка деңгейі; 4) арнайы шарттар мәселен жеңілдіктер; 5) несиені өндіруге байланысты шығын деңгейі.
Коммерциялық банктің оңтайлы саясаты дегеніміз банк табысы мен пайдасы шексіздікке, ал шығындары мен тәуекелдері ең төменгі шекке ұмтылатын саясат.
Жалпы қоғамда экономикалық қатынастарды оңтайландыру проблемасы күрделі экономикалық және қаржы мәселелерінің біртұтас кешенін қамтиды: экономика субьектісі деңгейінде оңтайлы шаруашылық жүргізу критериін әзірлеуден бастап, қоғамдық ұлғаймалы өндіріс құрылымын жетілдіруге дейін.

2.2. Банктің несие саясатының түрлері

Несие саясатының бірқатар элементтері несие саясатының түрлері туралы айтуға мәжбүрлейді. Несие саясатының түрлері туралы мәселе тың, жаңа отандық және шетелдік экономика әдебиетінде егжей-тегжейлі қарастырылмаған. Сол себепті ол жөнінде толық мағлұмат берейік. Коммерциялық банктің несие саясаты төмендегідей жіктеледі.

2-кесте. Коммерциялық банктің несие саясатының критерий бойынша жіктелуі

Несие қатынастарының субъектісі бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясат
Халықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты
Несие нысаны бойынша
Тұтыну несиеін ұсыну бойынша
Мемлекеттік несие бойынша
Ипотекалық несие бойынша
Банк несиеі бойынша
Халықаралық несие бойынша
Мерзімі бойынша
Қысқа мерзімді несие бойынша
Ұзақ мерзімді несие бойынша
Тәуекелділік дәрежесі бойынша

Агрессивті несие саясаты ;
Дәстүрлі, классикалық

Бағасы бойынша
Мақсатты несие ұсыну бойынша
Мақсатсыз несие ұсыну бойынша
Рынок түрі бойынша
Ақша рыногында
Қаржы рыногында
Капитал рыногында
Географиясы бойынша
Банк жүргізетін несие саясаты:
Жергілікті, аймақтық деңгейде
Ұлттық деңгейде
Халықаралық деңгейде
Салалық бағытталу бойынша
Несие берудегі несие саясаты;
өнеркәсіп кәсіпорны (ауыр, жеңіл, тамақ өнеркәсібі);
сауда ұйымы;
құрылыс ұйымы;
көлік кәсіпорны;
ауыл шаруашылық ұйымы;
өткізу-жабдықтау ұйымы;
байланыс кәсіпорны және т.б.
Қамтамасыз ету бойынша
Қамтамасыз етілген несие беру бойынша
Қамтамасыз етілмеген несие беру бойынша
Несие бағасы бойынша
Төмендегідей несие берудегі саясаты:
-стандартты несие
жеңілдікті несие
проблемалық несие (жоғары пайызбен)
Несие беру әдісі бойынша
Қалдығы бойынша несие бергенде
Айналымы бойынша несие бергенде

Несиелік саясат түрлерін сыныптамалаудың негізінде түрлі критерийлер жатыр. Бұл жерде ұсынылған сыныптаманың жалғыз еместігін атап өткен де маңызды. Өзге критерийлерге қарай несие саясатының басқа да түрлерін топтастыруға болады.
Несиелік саясат банктердің ең алдымен банк пен оның клиенттері арасындағы қарым-қатынасты реттеуіне, басқаруына, ұтымды ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қайтарымды негіздегі ресурстарды тартуға және оларды банк клиенттерін несиетеу үшін инвестиция жасауға қажет. Бұл жерде банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың негізі де несиетік саясат екенін атап өткен жөн. Несиелік саясат агрессиялық, дәстүрлі және классикалық болып келеді. Несиелік саясат түрін таңдау кезінде банк алдымен өз капиталын өсіруді, табысын көбейтуді көздейді немесе мұнда сан қырлы стратегия жатуы мүмкін. Осы айтылғандарды қорытындылай келе мынадай анықтама беруге болады.Несиелік саясат - банктің өз клиенттеріне несие беру жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір уақыт аралығында өз стратегиясын жүзеге асыру үшін жасаған шаралар жүйесі. Несиелік саясат несиеті реттеу жұмысының негізі ретінде, біріншіден, несиелік қарым-қатынастарды дамыту барысындағы басым бағыттарды, екіншіден, несие жетіктерінің жұмыс істеуін анықтайды.
Түрлеріне қарамастан банктің несие саясатының ішкі құрылымы болады. Біздің пікірімізше, коммерциялық банктегі несие саясатының негізгі элементтері мыналар: 1) несиелік процестің негізгі бағыттарын әзірлеу жөніндегі банк стратегиясы; 2) несие беруді ұйымдастыру жөніндегі банк тактикасы; 3) несиелік саясаттың орындалуын бақылау.
Шетелдік экономикалық оқулықтарда несиелік процесті ұйымдастырудағы банктің стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік беретін несиелік саясат бойынша құжат әзірлеу (меморандум) жиі ұсынылады (21, С.70).
Мысалы, Дүниежүзілік банктің Банк ісі және инвестицияны қаржыландыру (Н. Бруктің реакциясымен) деген басылымында несиетік саясат бойынша басшылыққа алатын құжат жасауды ұсынады. Онда несие бойынша көрсетілетін құжаттама және несие бөлімі қызметкерінің міндеттері анықталады. Біздің ойымызша, мұндай жұмыстың аясы тар. Бұл жерде банктің несиелік саясаты несие жұмыстарын ұйымдастырудың тактикасы мен ғана шектеледі. Жоғарыда келтірілген ұстанымға қарағанда коммерциялық банктегі оңтайлы несие саясатын жасаудың теориялық моделінің негізгі ережелерін қалыптастыру қажет болып көрінеді.
Несиелік саясаты әдістемелік тұрғыда оңтайландырудың отандық және әлемдік тәжірибесін, талаптарын ескере отырып, коммерциялық банктегі несиелік саясатты қалыптастырудың төмендегідей нұсқасын ұсынуға болады:
* Несиелік саясаттың жалпы ережелері мен мақсаттары.
* Несиелік операцияларды басқару аппараты және банк қызметкерлерінің өкілеттілігі.
* Несиелік келісім-шарттың әр түрлі кезеңдерінде несиелік процесті ұйымдастыру.
* Банктік бақылау және несиетік процесті басқару.
Несиелік саясатты қалыптастыру және несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы әдістемелік міндетті талаптардан туған бұл теориялық модельді біз коммерциялық банктегі несиелік саясатты оңтайландырудың қажеттілігіне байланысты ұсындық. Біздің ойымызша, мұнда коммерциялық банктің несиелік саладағы стратегиясын анықтайтын Несиелік саясаттың негізгі ережелері мен мақсаттары (1) болу керек. Одан кейінгі бағыттар банк қызметкерлерінің несиетік операцияларды басқару жұмысында банктің тактикасын анықтайды (2), банктің нақты операцияларын және клиентпен арадағы келісім-шарттың ұйымдастырудың жолдарын нақтылайды (3), несиетік процесті бақылау және басқару шараларының жүйесін белгілейді (4). Несиелік саясатты қалыптастырудың теориялық моделінің әрбір бағыты өзара тығыз байланысты және несиелік саясатты қалыптастырып, несиелік процесті ұйымдастыруда міндетті болып табылады, ұтымды несиелік саясаттың мәнін ашу үшін қажет.
Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік құралдарды таңдаудың басым бағыттарымен, екіншіден, банк қызметкерлерінің практикалық іс-қимылын белгілейтін және осы басым бағыттарды өмірге енгізетін нормалармен, ережелермен анықталады. Бұл жерде тәуекелді (оның ішінде несиелік) басқару қабілеттілігі нақты несиелік келісімдердің шарттарын жасаумен айналысатын банк басшылығының бөліктілігіне және қызметкерлердің сыныптамалық деңгейіне байланысты.
Жалпы, несиелік саясатын стратегиясы нақты банктің несие рыногындағы басым бағыттарын, ұстанымдары мен мақсаттарын көздесе, ал тактикасы - несиелік келісім жасау, несиелік процесті ұйымдастыру кезінде осы банктің жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданатын қаржылық және басқа құралдары. Сөйтіп, несиелік саясат банктің несиелік бөлімшелеріндегі тиімді жұмыстың қажетті алғышарттарын жасайды, қызметкерлердің күш-қуатын біріктіріп, ұйымдастырады, қателіктер мен тиімсіз шешім қабылдаудан сақтандырады. Несиелік саясаттың элементтері несиелік саясаттың ұйымдастыру нысандарында, яғни оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерінде нақты қолданылады.

2.3 ЦентрКредит банкінің несие қызметін талдау

Стандарт ипотекасы бағдарламаның ерекшелігі:
- өтініш жедел (3 күн ішінде) қаралады.
- клиент банктің арнайы сайты арқылы электронды өтінішін жіберіп, үйден шықпай-ақ несие алуға өтініш бере алады.
- тұрғын үйді несие бойынша шешім қабылдағаннан кейін де таңдауға болады.
- Қазақстанның кез келген қаласынан үй сатып алуға мүмкіндік бар.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу қарызы теңгеде және АҚШ долларында 25 жылға дейін беріледі. Клиенттің келісімімен жылжымайтын мүлікті құру үшін - қарыз сомасы теңгеде және АҚШ долларында 15 жылға берілсе, ал жылжымайтын мүліктің ішіне ремонт жасау үшін берілетін қарыз ұлттық валютада немесе АҚШ долларында 10 жылға беріледі.
- несиелеу кезінде клиент кепіл ретінде алынатын мүлікті қойса, онда қарызгер бастапқы жарнасын төлеуге міндетті. Бастапқы жарна төмендегідей болады:
- тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша алынатын мүлік бағасының 30 пайызынан төмен болмауы керек;
- банк қызметкерлері үшін тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша алынатын мүлік бағасының 15 пайызынан төмен болмайды.
- мүлік эксплуатациясының мерзімін 50 жыл мерзімінен асырмау қажет. Сонымен бірге кепілге қойылған мүлікке келесідей талаптар қойылады:
- кепіл мүлкі мекеменің барлық бөлмелерін жылытатын электрлік, су, газ сияқты жылу жүйелеріне қосылуы тиіс;
- мүліктің байланыс жүйесімен қамтамасыз етілуі және оның дұрыстығы;
- бастапқы құны 40 пайыз немесе одан көп болса, онда мүлік эксплуатациясы шектелмейді;
- бастапқы құнды қарызгердің жеке шотына аудары дұрыс болады.
Сонымен қатар қарызды бастапқы жарнасыз беруге болады. Егер қосымша өзін қамтамасыз ететін затты қойса. Осыған байланысты қарыз сомасының қатынасы объектілердің өзіндік нарықтық бағасының 70 пайызынан аспау қажет. Сондай-ақ негізгі қарыз сомасының 30 пайызы өтелген болса, онда клиент қосымша қамтамасыз етуден босатылады. Бірақ негізгі кепіл затының кепілдік құны негізгі қарыздың қалған сомасын жабуы керек. Егер кепілге басқа ликвидті қамтамасыз ету заты қойылса, сонымен бірге қарыз сомасы тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша кепілге қойылған заттың нарықтық бағасының 70 пайзынан аспауы қажет. Несиені беру қарызгердің төлем қабілеттілігіне анализ жасау арқылы беріледі.
Экспресс несиесі
Қарызгердің төлем қабілеттілігіне байланысты қарыздың максималды сомасы 300 000 теңгеден аспауы қажет, ал банк қызметкерлеріне берілетін несие сомасы орташа айлық жалақысының 1000% құрайды. Сонымен бірге ай сайынғы жарнасының сомасы жалақының 50 %-нан аспауы қажет.
- Қарыз мерзімі: 36 ай
- Қарызды берудің негізгі шарттары болып мыналар:
- төлемге қабілетті гарант жалақысын БЦК арқылы алуы немесе Капитал ЖЗҚ-ның салымшысы болуы;
- клиенттің 6 айдан кем болмайтын еңбек стажының болуы табылады.
- Қарызды қарастыру мен рәсімдеу үшін қарызгер мен гарант келесідей құжаттарды банкке тапсыру қажет:
- жеке куәлігінің көшермесі;
- СТН
- СИК
- несиені алуға өтініш жазу.
- берілген қарыз бойынша сыйақы мөлшері несиелер бойынша бекітілген сыйақы мөлшеріне сәйкес болуы қажет;
- берілген өтінішті қарастыру 1 күннен аспауы керек;
- филиалдың директоры тәуекелдің жоғарлануына байланысты сыйақы мөлшерін көтеруге құқылы.
Автокөлікті несиелеу
- Автокөлік үшінші бір тұлғадан немесе автосалоннан алынуы мүмкін;
- толық және жарым-жартылай қарызды төлеу автокөлікті иеленетін адам немесе үшінші бір тұлға төлеуге құқылы;
- кепілдікке жылжымайтын мүлікті қойса, онда қарыз теңгемен 10 жылға беріледі;
- сатып алынатын жаңа шетел автокөліктерін кепілге қоған жағдайда, қарыз теңгеде немесе АҚШ долларында 5 жыл мерзімге беріледі;
- егер клиент сатып алынатын автокөлікті кепілген қойған болса, онда ол өз ақша қаражатынан төлейтін бастапқы жарнасы автокөлік бағасының 30%-дан төмен болмауы қажет. Бастапқы жарнасының төленуі қарызгердің жеке шотының көшірмесімен немесе кепілдік сомасы төленгені туралы келісім-шарттың боуымен расталады;
- қолданған автокөлікті сатып алу қарызы - кепілге қойылған жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасының 70%-нан аспауы қажет;
- автокөлікті сатып алу қарызы - қарызгердің кірісін растайтын құжаттармен рәсімделеді;
- несиелеудің міндетті талабы болып - сақтандыру табылады;
- қарыздың төменгі сыйақы мөлшерлемесі Бас офистің өкілетті комитетімен анықталады.
Экстренный несиесі
- қарыз теңгеде және АҚШ долларында 10 жыл мерзімге беріледі;
- минималды сыйақы мөлшерлемесі өкілетті комитетпен бекітіледі;
- өкілетті Несиелік Комитетінің шешімімен негізгі қарыздың өтелуі есептелген сыйақы мен ай сайын, аннуитетік есеппен жүргізіледі;
- өтеудің жай графикалық түрін қолдануға мүмкіндік бар;
- кідіртуге болмайтын қарыздың түсінігіне - ешқандай мақсаты көрсетілмеген, қарызгердің өзінің жеке мұқтаждығына байланысты алынатын қарызды жатқызамыз;
ҚР-ның заңдарына және Несие саясатына қайшы келмейтін клиенттің көптеген мақсаттарына байланысты несие ресурстары қолданыла береді.
- Мақсималды сомасы 500 000 АҚШ доллары немесе теңгедегі эквивалентті сомасы;
- Қарыздың барлығы кепілге жылжымайтын мүлікті қойған жағдайда ғана беріледі. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке келесі талаптар қойылады:
- тек цементті немесе тасты фундаменті бар ғимараттардың болуына;
- басқа пәтерлер мен үйлерден кепілге қойылған мүліктің асбөлмесі мен санузелі бөлек болуы қажет;
- кепілге қойылған мүлік ғимараттың барлық бөлмелерін жылытатын электр, су, газ сияқты жылу жүйесінің барлық түріне қосылуына;
- есік, терезелер мен үй шатырының түгел және дұрыс болуына;
- пәтерге сапалы қызметті қамтамасыз ететін барлық байланыс түрлерінің болуы және оның дұрыстығына.
- қарыз сомасы кепілге қойылған мүліктің бағасының 50%-нан аспауы қажет;
- кепілге қойылған жылжымайтын мүлік міндетті түрде Банктің атауымен көрсетілген сақтандыру компаниясында тіркелуі керек.
- сонымен қатар, кейінге қалдыруға болмайтын қажеттіліктерге берілетін қарыздары да беріледі:
- қарыздар қарызгердің төлем қабілеттілігін анықтау барысында беріледі,
- несиені рәсімдеу кезінде қарызгер банкке қажетті құжаттарды тапсыруға міндетті:
- қарызды беруге мәлімдеме жасау;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- СТН көшірмесі;
- СИК көшірмесі;
- қарызгердің кірістерін куәландыратын құжаттар.
Кепілге депозит қойылатын несиесі
Қойылатын шарттары:
- кепілге депозит қойылған несиелеу - уақытылы, қайтарымды, төлемді және қамсызданған талаптарға байланысты коммерциялық негізінде жүзеге асырылады;
- несиенің максималды сомасы мына формуламен анықталады:
несие сомасы= депозит сомасы - несие бойынша 1-ші 4 айлық сыйақы мөлшер.
Депозит мерзімі сұралған несие мерзімінен аз болған жағдайда депозит мерзімін ұзартуға қажет болады. Бірақ, депозит мерзімі сұралған несиенің мерзімінен аз болмауы қажет. Депозит мерзімі несиелеу мерзімінен 3 жұмыс күнінен аз болмайтын мерзімде болуы тиіс.
- кепілге депозит қойылған қарыздар қарызгердің төлем қабілеттілігі мен несие өтімділігін бағалаусыз-ақ беріледі;
-несиенің сыйақы мөлшерлемесі депозиттің жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 3%-нан жоғары болуы қажет.
- несиені әзірлеу барысында, алдында ашылған депозиттің талаптарын сақтай отырып, депозит кепіл депозитіне қайта әзірленеді;
- кепілді қоятын адам - қарызгер не болмаса үшінші бір заңды және жеке тұлға болуы мүмкін;
- кепілге депозит қойылатын несиелеу кезінде, қарыздың соңғы мерзімі көрсетілген негізгі қарызды өтеу графигін қолдануға болады.
Қарызды беру тәртібі:
Несие сұранысын қарастыру үшін клиентке мынадай құжаттарды банкке ұсыну қажет:
- кепілге берілетін қарызды беру үшін өтініші;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- СТН көшірмесі;
- депозиттегі ақша қаражатын кепілге қоюға берілетін жұбайының келісімі міндетті түрде болуы қажет, егер сұралатын несие сомасы 13 млн. теңгеден көп болса;
- егер, сұралатын несие сомасы 13 млн. теңгеден аз болса, онда жұбайының келісімі керек, керек еместігін филиалдың бірінші директоры шешеді.
VIP клиентерді несиелеу
VIP-клиент - ол келесі талаптарға сай келетін жеке тұлға:
- банк үшін басты клиент;
- банк онымен ұзақ мерзімді қарым-қатынаста болуына сенімді;
- оның төлем қабілеттілігі ешқандай күмән келтірмейді.
VIP клиент негізінде:
- банктің корпоративті клиенттердің заңды менеджерлері;
- банктің корпоративті клиенттірдің ірі акционерлері;
- көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Несие формалары және түрлері
Несие беру, қайтару және пайыздарды есептеу есебі
Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Пәндер