Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Халықаралық туризмнің жалпы сипаттамасы
1.1 Халықаралық туризмнің тарихы, даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Халықаралық туризм көшбасшылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Халықаралық туризмді дамытудағы халықаралық туристік байланыстарды кеңейту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ. Халықаралық туризмнің даму бағыттары
2.1 Халықаралық туризмнің дамуының болашағы және болжамдары ... ... ... 20
2.2 Халықаралық туристік ұйымдардың түрлері мен қызметтері ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен. Сонымен қатар, 2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында туризм сферасынан түскен табыс 74 млрд теңгені құраған.
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.
Соңғы уақытта Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдердің туристерінің Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген қызығушылығы артуда. Сөйтсе де, 2011 жылғы статистикалық деректер бойынша кіру туризмінің үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 9,5 % төмендеуі байқалады.
Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Слука А.Е. Международный туризм. Итоги развития в 1996 г.
География, 1997, №3.
2. Биржаков М.Б. Введение в туризм. -СП б.: "Герда", 2002. С. 192.
3. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002. С. 94.
4. В.Г.Гуляев. Организация туристической деятельности. М.: Нолидж, 1996.
5. Туристік қызмет туралы//Алматы – 2007
6. Үстенова Ө. Туризм маркетингі//Алматы, 2009
7. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002. С. 94.
8. Ердавлетов С.Р., Назарчук М.К., Кораблев В.А. Мифы и реальность казахстанского туризма. Роль туризма в устоичивом развитии Республики Казахстан,/ Под редакцией С.Р.Ердавлетова. Алматы, "Қазақ университеті", 2001. С. 150.
9. Журнал "Континет" №19 (131) 13-26 октября, 2004. С. 10.
10. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. Алматы, "Қазақ университеті", 2002. С. 101.
11. Ғ.МДүйсен.Туризм. Көз коркзк, қол батыр. Қазақ үні, 11, 1997.
12. В.Г.Гуляев. Организация туристической деятельности. М.: Нолидж, 1996.
13. С.Р.Ердавлетов. География туризма Казахстана. Ғылым, 1992.
14. Закон Республики Казахстан "О туризме". 3 июль,1992 г.
15. Қазақстан Ресяубликасы Үкіметінің 1998-2000 жж. арналған іс-қимыл бағдарламасы. Егемен Қазакстан, 15 сәуір, 1998.
16. Туристік қызмет туралы//Алматы - 2007

Курстық жұмыстың тақырыбы: Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның
кезеңдері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Халықаралық туризмнің жалпы сипаттамасы
1.1 Халықаралық туризмнің тарихы, даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...6
1.2 Халықаралық туризм
көшбасшылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Халықаралық туризмді дамытудағы халықаралық туристік байланыстарды
кеңейту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
5
ІІ. Халықаралық туризмнің даму бағыттары
2.1 Халықаралық туризмнің дамуының болашағы және болжамдары ... ... ... 20
2.2 Халықаралық туристік ұйымдардың түрлері мен
қызметтері ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...38
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы
өнім көлемінің 10%-н туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм
саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын
салықтық түсімдермен қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі
уақытта Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта
Қазақстанда болуды жоспарлап отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания,
Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге қызығушылық
байқалатындығын атап өткен. Сонымен қатар, 2009 жылғы статистикалық
мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында туризм сферасынан түскен табыс
74 млрд теңгені құраған.
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген
аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің
қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық
ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне
алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие
болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері
біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын
қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.
Соңғы уақытта Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты
елдердің туристерінің Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген қызығушылығы
артуда. Сөйтсе де, 2011 жылғы статистикалық деректер бойынша кіру
туризмінің үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 9,5 % төмендеуі байқалады.
Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі
американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г. Браймер,
Л. Берри, Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т.б.
Экономиканың жекелеген салаларында тәжірибеде маркетингті қолдану Ш.Р.
Абдильманова, У.Б. Баймуратов, Н.В. Джангарашева, С.Р. Есімжанова, К.К.
Кажымұрат, А.Ш. Нұрсеит, С.Н. Нысанбаев, К.Ә. Сағадиев, Н.Н. Хамитов сияқты
отандық экономист-ғалымдардың еңбектерінде көрініс алған.
БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен
сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі
баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта
элементіне жатады. Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші
мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.
Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан
орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.
Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль жасау және
мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм өз кезегінде әлемдік
шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып
саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде
туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың
саласы болып табылады.
Қазақстанда шетелге шыққысы келетіндердің саны жыл сайын арта түсуде.
2001 жылы кетушілер саны 229 378 адамды құраса, бұл 5%, ал 2002 жылы 47%
құрады. 2003 жылы бұл сан 48% көтерілді, яғни, кетушілер саны 2 374 021
адамды құрады. Мұндай динамика біздің азаматтардың жағдайының жақсарғанын
көрсетеді. Олар өз елінің табиғи объектілеріне емес, шетелдің тур өніміне
қызығушылық танытады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның инфрақұрылымының
төмендігін, ал шетел қызмет көрсету деңгейінің жоғары дәрежеде екенін
көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты
халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері жетілдіру бойынша
ғылыми-әдістемелік тұжырымдалған, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу
болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
– халықаралық туризмнің даму тарихын
– халықаралық туризмнің даму кезеңдерін;
– халықаралық туристік фирмалар қызметін талдау негізінде олардың
мәселелері мен даму келешегін айқындау;
– халықаралық туризм мен Қазақстандағы туризмді салыстырмалы түрде
қарастыра отырып, тақырыпты зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, екі бөлім, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Халықаралық туризмнің тарихы, даму кезеңдері
Халықаралық туризм терең тарихи тамыр алып жатыр. Алғашқы
ұйымдастырылатын сапарлар көне заманнан бастап, ХІХ ғасырдың басына дейін
болды. Бұл сапарлардың мақсаттары мен мотивтері негізінен сол кездегі
қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге байланысты болды.Нақтырақ айтсақ, қажылық,
емделу, сауда және білім мақсаттарында болды. Сапарларға шығуға тек қана
қоғамда жоғары дәрежесі бар адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол
кездегі туризмнің ерекше сипаты элитарлық және өзінділік болды. Туризм
саласындағы әйгілі ағылшын мамандары былай деп тұжырымдаған: емделу
мақсатындағы сапарлар туризмге бастау болды және алғашқы туристік ұйымдар
білім сипатын алды.
Шындығында да бұл кезеңде аристократтық туризм деп аталатын
туризмнің дамуымен сипаттайды. Яғни, бұл кезде шетелдік сапарларға бай
адамдардың қолы ғана жеткен.
Қазіргі кезде әлемдік туризмнің дамуын 4 негізгі тарихи кезеңге бөлуге
болады. Бұндай бөлудің негізін мынадай критерийлер қалайды: туризмнің
әлеуметтік және экономикалық алғышарттары, функциялары.
1-кезең.
Ежелгі заманнан бастап ХІХ ғасырдың басына дейін созылып, туризмнің
тарихи басы деп аталады. Бұл кезеңге сауда мақсаттарындағы, білім ой-
өрісті кеңейтуге, емдеу және қажылыққа байланысты сапарлар тән. Бұл
кезеңнің ерекшелігі - саяхаттардың элитарлығы және қозғалыс құралдарының
онша дамымағандығы.
2-кезең.
Бұл ХІХ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл кезеңде бай адамдар ғана саяхаттай алу мүмкіндігі болған соң
элитарлық туризмнің кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде сонымен бірге,
жаппай туризмнің қалыптасуының негізі қаланды.
ХІХ ғасырдың басында пароход, паровоз сияқты көлік құралдарының пайда
болғандығынан бастап және жол желістерінің кеңеюінен туризм кең масштаб ала
бастады. Осылай жаппай туризмнің өскіндері пайда болды.
Жаппай туризмді дамытудың алғышарттар мыналар болып табылады:
-қоғам жағдайының өсуі;
-алдымен ақысы төленбейтін демалыстың одан соң ақысы төленетін
демалыстардың пайда болуы;
-ғылыми-техникалық прогресс, ол тек көліктің дамуына себепкер ғана
емес, сонымен оның арзандауына да себепші болды.
Алғашқы ұйымдастырған турды 1841 жылы ағылшындық Томас Кук
ұйымдастырды. Ол тур әлеуметтік мақсаттарға көзделген. Сөйтіп, Томас Кук
ұйымдасқан туризмді дамытудың негізін қалаушысына айналды. Ол туризмнің
көмегімен ағылшындардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастырды.
Сапар Франциядағы көрмеге ағылшын халқына арналып ұйымдастырылды.
Жолдаманың құны барлығы 14 шиллингті құрады. Бірақта Томас Кук бұл кезде
туризмді пайда алу үшін қолдануға болатынын білмеді.
1855 жылы алғашқы саяхат бюросы құрылды. Бұл бюро алғашқы турларды
қалыптастырып, оларды тұтынушыға өткізді. Бұл кезең үшін өзіндік
туризмнен басқа туризмнің ұйымдасқан түрлерінің пайда болуы тән. Томас Кук
алғаш рет 1856 жылы туристік агенттік ұйымдастырды. 1870 жылы өзінде
Томас Кук фирмасының 500 мың клиент-туристі болған. Бұл компанияның
клиенттерінің арасында әйгілі адамдар да болған. Мысалы, Марк Твен – ол
өзінің саяхатын толық жазған. Томас Кук сонымен бірге жерді айналып шығу
саяхатын ұсынған алғашқы адам болған. Ол туристтерге жол чектерін қолдануды
да ұсынған. Яғни, қауіпсіздік мақсатында қолма-қол ақшаларды өзімен тасымас
үшін. 1882 жылы Томас Кук қоғамы алғашқы жерді айналып шығу турын
ұйымдастырды. Томас Кук 1892 ж. қайтыс болды. Оның ісін оның ұлы мен
компаньондары жалғастырды. Қазіргі кезде Томас Кук компаниясының әлемнің
барлық елдерінде 12 000 туристік фирмасы бар және 20 млн туристерге қызмет
көрсетеді.
Бұл кезеңді жеке сапарлардан ұйымдасқан туризмге көшу кезеңі деп атауға
болады. Саяхат бюроларын құрылуы басталды. Алғашқы отельдер мен қонақүйлер
іске қосылды.
3-кезең.
ХХ ғасырдың басынан ІІ дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл кезеңде жаппай туризмге ауысу жүзеге асырылады және әлеуметтік
туризм даму алды. Бірақта 30-жылдардағы дағдарыс пен І дүниежүзілік соғыс
туризмнің дамуына кері әсерін тигізді.
4-кезең.
Бұл ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, қазіргі кезге дейін
кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде институттар, өнімдер, өндірістік циклдерді
ұйымдастыру және өндірістік әдістері бар туризмнің мықты индустриясы
қалыптастырылды.
БТҰ-ның эксперттерінің болжамдары бойынша, 2010 жылға қарай әлемдегі
сапарлар саны 2 есеге өседі және миллиардтаған туристік келулерге жетеді,
оның 146 млн Орталық және Шығыс Еуропаға келеді (ТМД және Балтия елдерін
қоса алғанда).
БТҰ бағалауы бойынша, халықаралық туристер саны 2010 жылға қарай 1 млрд
18 млн адамға жетеді.
КСРО Ғылым Академиясында жұмыс істейтін кеңес географтарының
мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемнің барлық елдерінде 25,3 млн шетелдік
келуші тіркелген, ал 1968 жылы олардың саны 141 млн жетіп, бұл жер шары
халқының 4%-ін құраған.
Батыс Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың 50-60 жж. – бұл жаппай қонақүйлерді,
мотельдерді, көңіл көтеру мекемелерін салу кезеңі. Еуропалық туризм
американдық туристерді қабылдауға басым бағытталды және қабылдаушы ел үшін
долларлық түсімдердің көзі болып табылды. 60-шы жылдар мен 70-ші жылдар
ортасына дейін кіру және шығу туризмінің өсімі байқалды және туристік
кәсіпорындар саны мен олардың өндіріс көлемінің өсуі де байқалды.
Жалпы алғанда халықаралық туризмнің дамуын негізгі төрт кезеңге бөліп
қарастыруға болады (1-кесте)
1-кесте. Халықаралық туризмнің даму кезеңдері
1998 жылғы ДСҰ-ның мәліметтеріне сәйкес туризмге байланысты ең көп
табыс алған үздіктердің құрамына АҚШ, Италия, Франция сияқты елдер кірді (2-
кесте, келесі бетті қараңыз).
2-кесте.1998ж. туризмге байланысты ең көп табыс алған елдер
Кестеден көріп отырғанымыздай табыстың үлестік салмағы ең көп елдер -
бүл АҚШ (30,4%), Италия (12,4%), Франция және Испания (12%).
Халықаралық туризмнің қарқынды және тұрақты өсуі туризмнің барлық
тұрғындарға қол жетерлік екенін көрсетеді. Оған қоса халықаралық нарықтың
сыйымдьшығының шектеулілігіне, демографиялық өзгерістерге, көптеген
мемлекеттерде туу көрсеткіштерінің төмендеуіне, тұрғындардың
төлемқабілеттілігінің жоғарылауына және басқа да форс-мажорлық жағдайларға
байланысты халықаралық туристік көрсеткіштерінің өсу қарқынының төмендеуі
байқалады.
Қазіргі таңдағы халықаралық туризмнің дамуын талдай келе, оның келесі
тенденцияларын бөліп көрсетуге болады:
- жекелеген туристік аймақтардағы қатаң бәсеке, мысалы, Америкада,
Еуропада, Азияда;
- туризмнің дамуына ықпал ететін экономикалық, әлеуметтік-мәдени және
қоршаған орта факторларының өсуі;
- саяхаттың ұзақтығының қысқаруы және сапарлардың жиілігінің артуы;
- сапардың уақытын қысқарту мақсатымен жылдамдығы жоғары көлікті көп
қолдану;
- ақпараттық технологиялардың дамуы;
- егде жастағы туристер санының өсуі;
- белсеңді туризм түрлеріне, мысалы, дайвинг, велотуризмге сұраныстың
өсуі;
- нарықты қайта бөлуге байланысты жаңа туристік өнімдердің пайда болуы,
кейбір елдерге рұқсат алудың қиыншылығына байланысты турқызметтерге
сұраныстың төмендеуі;
- ұсынылып отырған турөнімнің сапасына, демалыстың ыңғайлылығына
тұтынушылардың талаптарының өсуі;
- Еуропадан Азияға, Америкаға, Австралияға бағытталған сапарлардың үлес
салмағының өсуі[3, 79 б.].
Әрбір ел және аймақ халықаралық туризмді дамытудың өз тұжырымдамасын
әзірлейді. Өйткені бұл рекреациялық ресурстардың сипаты мен оның бар
болуына, жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейіне, шешіліп отырған
экономикалық мәселелердің сипатымен байланысты болады. Бұл жерде туризмді
дамытудың экономикалық мақсаттылығы маңызды орын алады.
Өткен ғасырдың соңына қарай халықаралық туризм нарығында кейбір
қайшылықтар орын алды. Бұл жағдай отандық туризмді дамыту үшін жаңа
тұжырымдаманы әзірлеуді талап етеді:
- бұқаралық және жеке сипаттағы туристік қызмет көрсетудегі туристік
қажеттіліктер мен себептер (мотивация) арасында. Туристік ұйымдардың
бұқаралық сипатта қызмет көрсетуге бағытталуы олардың бағдарламалық және
тақырыптық қызмет көрсетуге мамандануына кедергі бол-ды;
- туристік ұсыныстар мен бос уақыт құрылымы арасында. Мысалы,
туристерге туристік қызмет көрсету еңбек де-малысы кездерінде ғана жүзеге
асырылды, бұл бос уақыт бюджетінің тек 8%-ын ғана құрады. Рекреацияның уик-
энд формаларының дамымауының әсерінен, демалыс кезіндегі туризм адам
денсаулығын қалпына келтіруші функциясын атқарды. Сондықтан адамның рухани
және физикалық байлығын дамыту функциясы халықаралық ту-ризмнің үлесіне
тиді. Негізінен экстенсивті жолмен дамуын қамтамасыз ететін ха-лықаралық
туризмді жоспарлау және туристерге интенсивті түрде қызмет көрсетуге
ықпалын тигізетін жаңа технологияларды, әдістерді енгізу арасында[4, 258
б.].
2005 жылы халықаралық туризм нарығында бәсекелес тур-өнімнің пайда болу
тенденциясы байқалып, соның нәтижесінде нарықта турұйымның төмеңдегідей
төрт тобы пайда болды:
- вертикальді бірлесудің нәтижесінде пайда болған ірі туристік ұйымдар,
яғни турөнімді өндіру үдерісі кезіндегі бір-бірімен өзара байланысты
сатыларды меңгеретін фирмалар;
- горизонтальді орналасқан фирмалардың бірлесуінің нәтижесінде ірі
концерн мен турұйымдардың пайда болуы;
- турөнімнің әртараптандырылуы (диверсификациясы) нәтижесінде пайда
болған концерндер;
- орта және шағын туристік ұйымдар.
Еркін туристік нарықтың олигополияландырылған нарықтық құрылымға
айналуы, сонымен қатар осы салаға ірі банктердің, сақтаңдыру
компанияларының, көліктік ұйымдардың және қаржылық топтардың келуі
байқалады. Олигополияландырылған нарық құрылымы туристік саланың барлық
бөлімшелерінде, сондай-ақ турөнімді өндірумен қатар өткізіп, сатудан оны
қаржыландыруға дейінгі қырларында да көрінеді. Турбизнестің шоғырлануы
қаржылық ресурстары бар жаңа серіктестерді іздестіруді, ескі серіктестерді
алмастыруды талап етті.
Халықаралық туризмді дамытуда еуропалық қорлардың және Еуропалық
инвестициялық банктің демеуқаржылары (дотациялары) маңызды орын алады.
Қаржылық қолдаудың негізгі мақсаты - аймақтың туристік тартымдылығын
артгыру, туризм саласында қызмет атқаратын кадрлардың кәсіби деңгейін
жоғарылату, саяхат себептерін ескере отырып, стратегияларды әзірлеу және
енгізу, жәрмеңкелік, көрмелік конгресс-орталықтарды салуды қаржыландыру,
ластаушы заттар мен қалдықтарды азайту және қоршаған ортаны қорғау бойынша
жобалар әзірлеу.
Туристік қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында туристік аймақтағы
тұрғындардың әлеуметтік және экономикалық жағдайларына, қоршаған ортаға
әсерін тигізбеуі қажет. Туристік ресурстар бұл бүкіл адамзаттың игілігі
болғандықтан, мемлекет оны қорғауға алуы тиіс. Туризм саласындағы
халықаралық қа-рым-қатынасты іске асыру кезінде әрбір елдің дәстүрі
ескеріліп, құрметтелуі керек[5, 125 б.].
1.2 Халықаралық туризм көшбасшылары
1950 жылы туристердің келу саны бойынша жетекші ел – АҚШ болды. 1970
жылы туристік келу саны бойынша біріншілікке Италия шықты. 1990 жылдан
бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы Франция болды.
Франция ХХ ғасыр соңына дейін халықаралық туризмде көшбасшы болды.
Тура ХХ ғасырдың соңында туристік қызметтер экспортынан түскен жалпы
әлеуметтік түсімдер салыстырмалы жоғары көрсеткіштерге жетті. 1998 жылы
туристік қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560 млрд АҚШ
долларын құрады.
ХХ ғасырдың соңында АҚШ халықаралық туризмнен түскен табыс бойынша
көшбасшы болды. 1999 жылғы түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2000
жылы – 95,2 млрд доллар болды.
2000 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы 10
елдің қатарына РФ кірді. Онда 1999 жылы 18,5 млн адам келген. 2000 жылы бұл
сан 21,2 млн адамға жетті.
БТҰ-ның статистикалық мәліметтері 2000 жылы халықаралық туризмдегі келу
бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық туризмнен түскен
түсімдер үлесі тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік туристерге қызмет
көрсетудің тиімдірек жүйесі АҚШ-та екенін көрсетеді.
Халықаралық туризмді қызмет саласы ретінде қарастыратын болсақ, оның
терең бойлаған тарихи тамырлары бар. Алғашында саяхат танымдық сипатында
болатын, содан кейін қажылыққа бару және іскерлік сапарлар сияқты туризмнің
түрлері пайда бола бастады. Географиялық ашулар, теңіз жүзушілердің
саяхаттары, Америка, Африка және Австралия континенттерін игеру туризмнің
дамуы-на өз әсерін тигізді. Ұлы философ Платон өзінің танымал Академия
атты еңбегінде серуендеу кезіндегі оқытуды, жол үстіндегі әңгімелесуді
білім алудың жолы деп атаған.
Халықаралық туризмнің негізін салған, туристік қызметтің қалыптасуына
ықпалын тигізген ағылшындық Томас Кук деп саналады. Ол 1843 жылы Англиядан
Францияға 600 адамды темір-жол арқылы тасымалдап, өзінің бірінші туристік
саяхат өткізді. Куктың арқасында ерекше туристік өнім - тур пайда болады,
яғ-ни туристерге қызмет көрсету мақсатында теміржол және паро-ход
компанияларымен, қонақүйлер және мейрамханалармен келісімшарт жасады. Кук
турөнімге қатысты сұранысты жүйелі түрде зерттеген және туризмдегі
маркетингтің негізін қалаушысы бо-лып табылады[2, 78 б.].
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехословакия мем-лекеттеріндегі
халықаралық курорттардың ашылуы, осы елдердің Англиямен қатарлас Еуропадағы
туризм орталықтарына айналуы-на себепкер болады.
Нарықтық экономикасы бар елдерде туризм туристік қызметтердің
экспортына бағыттала дамыған индустрия ретінде орын алған. Туристік
қызметтердің көлемділігі географиялық тұрғыдан, сол сияқты турқызметтердің
саралануы тұрғысынан да кеңейе бастады. Туризм көрсеткіштерінің экстенсивті
өсуі, бұл елдердегі үлкен рекреациялық әлеуетімен, тұрғындардың жоғары
дәрежедегі білімділігімен байланысты жэне олардың демалу үшін, жаңа
саяхаттарға шығу үшін өз табысын пайдалану мүмкіндігі болуымен
түсіндіріледі.

кеңейту жолдары
Халықаралық туризмді дамытудағы басты бағыттар халықаралық туристік
байланыстарды кеңейту және туризм саласындағы үкіметаралық келісімдерді
іске асыру болып табылады.
Бұл ретте:
туризм саласындағы бұрын жасалған үкіметаралық келісімдердің іске
асырылуын қамтамасыз ету;
республикаға келетін негізгі туристік ағынға күш беріп отыратын
елдердегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінің жанынан туристік өкілдіктер
ашу жөніндегі мәселені пысықтау;
Қазақстанда ірі халықаралық форумдар, саммиттер, конференциялар мен
семинарлар өткізуге бастамашылық ету және өтуін қамтамасыз ету;
Дүниежүзілік туристік ұйым Бас ассамблеясының XVIII сессиясын 2009
жылы Астана қаласында өткізу мәселесін пысықтау;
іргелес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде туристер
үшін бірлескен туристік бағдарлар ұйымдастыру және шекара, кеден
бақылауының оңайлатылған рәсімдерін енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;
трансшекаралық туристік бағдарларды дамыту жөнінде Орталық Азия
мемлекеттерімен, бірінші кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөл өңірімен өңірлік
ынтымақтастықты дамыту;
Дүниежүзілік туристік ұйымның Атқарушы Кеңесіне 2007 жылы Қазақстанды
шығару жөніндегі шараларды іске асыру қажет.
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін
кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-
қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде
ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі.
Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде
қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де
қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.
Түрлі еуропалық және азиялық нарықтардағы ахуалды зерделеу нәтижесінде
мынадай қорытынды шығаруға болады:
- тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның
әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз
болып қалып отыр;
- Қазақстан сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі
жоқ;
- еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде
Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі
нақты болашақта шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін
көрсетті.
Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік өнімдері Шексіз
даладан қар басқан тау шыңдарына дейін бағдары бойынша саяхатқа шығуды
көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе
трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.
Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін
аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2011 жылдары үш басымдықты
туристік нарық айқындалды:
1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай.
2. Франция, Жапония.
3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.
Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды
туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.
Алайда экотуризм – бұл көпшілікке арналған туризм емес, ол табиғи
аймақтарда туристердің үлкен ағымын қолдауға бағытталмаған, керісінше,
Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға жəне жергілікті тұрғындарға
туризмнің жүзеге асырылуынан табыс əкелуге мүмкіндік беретін тəсілге балама
əдіс болып табылады. Осыған орай туризмнің осы бағыты еліміздің экономикасы
мен оның жекелеген аймақтарында жаңа мықты кластердің жасалуын көздемейді.
Ол, біріншіден, табиғи туризмді ұйымдастыру жолдарының өзгерісімен
байланысады, яғни табиғи аймақтарға, оның ішінде ұлттық жəне аймақтық
табиғи парктерге, табиғи қорықтар мен қорларға туристердің баруымен
байланысты. Сондықтан берілген ақпараттық-анықтамалық жетекшіліктің басты
мақсаты – елімізде экотуризмді дамыту бойынша саясатты қалыптастыруға
арналған қажетті жəне базалық əдістемелік негізді əрі негізін қалаушы
ақпаратты ұсыну. Олар Қазақстан жағдайында экотуризмді жүзеге асырудың аса
маңызды құқықтық, ұйымдастыру жəне ақпараттық-білім беру аспектілерін
түсіндіреді.
Бұл жетекшілікті жасау бойынша жұмыс оның құрамын анықтау, экотуризм
бойынша аса маңызды халықаралық құжаттарды мемлекеттік жəне орыс тілдеріне
аудару, болашақ басылымның тұжырымдамалық мазмұнын əзірлеу арқылы 2008 жылы
Астанадағы ЕҚЫҰ орталығымен ынталандырылған. Кейін бұл бастамаға Ғаламдық
экологиялық қорының БҰҰ ДБ Шағын гранттар бағдарламасы жəне Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы
комитеті қолдау көрсетті. Бұл жобаның атқарушысына – Азиялық-Американдық
серіктестік ҚҚ – сарапшылардың кең тобын қатыстырып, экотуризм бойынша
жетекшіліктің жобасын əзірлеуге жəне жоба бойынша əдістемелік семинар-
тренингті өткізу уақытында ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың жəне
резерваттардың өкілдерін, мүдделі халықаралық жəне үкіметтік емес
ұйымдардың қызметкерлерін белсенді қатыстырып талқылауды ұйымдастыруға
мүмкіндік тудырды. Бұл жұмыстың нəтижесі болып таралымы 500 дана болған
Қазақстанда экотуризмді дамыту жəне ұйымдастыру жөніндегі осы ақпараттық-
анықтама жетекшіліктің мемлекеттік жəне орыс тілдерінде басылып шығуы
табылды.
Құрамы бойынша бұл жетекшілік келесі тараулардан тұрады: экотуризмнің
қазіргі тұжырымдамасы мен негізгі ұстанымдары; сəйкес саясатты қалыптастыру
тəсілдері, ЕҚТА-да туризмді жүзеге асырудың құқықтық-ұйымдастыру
аспектілері; туризмнің табиғи орта мен оның компоненттеріне кері əсерін
төмендету жəне бағалау; жергілікті қоғамдастықтарға негізделген экотуризмді
ұйымдастыру; жергілікті тұрғындар мен туристермен ақпараттық жұмыс жүргізу;
экотуризм мəселелері бойынша туристік іс-əрекет саласындағы мамандардың
оқытуын ұйымдастыру. Осыған қоса ақпараттық-анықтама жетекшілікке
қосымшалар ретінде экотуризм бойынша бірқатар аса маңызды халықаралық
құжаттар берілген, оларды орыс жəне қазақ тіліне аударған – жобаны атқарушы
ұйым. Бұл құжаттар экотуризмнің қазіргі халықаралық тұжырымдамасы, оның
негізгі ұстанымдары жəне Еуропа Кеңесі мен Еуропа
Одағы бойынша ЕҚТА-да тұрақты туризмді дамыту жəне туристік секторында
жұмыс істейтін мамандарды оқыту үшін іске асырылатын тəсілдер туралы
қосымша ақпарат береді. Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі
жетекшілік 5 Ақпараттық-анықтама жетекшілікті əзірлеу негізі ретінде 2002
жылы Жабайы табиғаттың дүниежүзілік қоры жəне Дерсу Узала экотуризмді
дамыту қоры басып шығарған “Экологический туризм на пути в Россию.
Принципы, рекомендации, российский и зарубежный опыт” кітабы айтарлықтай
деңгейде қолданылды. Берілген басылым Қазақстанда экотуризмді ілгері өрлету
саясатының қалыптастыруына жəне əзірлеуіне қатысатын мемлекеттік
органдардың қызметкерлеріне, ЕҚТА басшылары мен мамандарына, республикада
экотуризмді дамытуға қызығушылық білдірген ҮЕҰ мен туристік ұйымдарына
арналған. Авторлар дайындалған жетекшілік қатысты бағдарламалар мен
жоспарларды əзірлеу жəне берілген бағытта ЕҚТА мен туроператорлардың
жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін жақсы сүйеніш болатынына, сонымен қатар
туризм саласындағы мамандарды ЕҚТА-да тұрақты туризмді ұйымдастырудың
негізгі аспектілері бойынша оқытуға көмектесетініне үміт етеді.
Бүкіл Қазақстандағыдай Бурабайда да осы жағдайлар бақыланып отыр.
Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынғы ТМД елдерінің ориентациясын
сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиесілі бөлік шамасын
үлкейтуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және
бәсекелесуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Соның ішінде
соңғы жобалардың бірі – TREDA болып саналады. Бурабайда, әсіресе, Қазақстан
Республикасында бұл жоба аса маңызды роль атқаруда. Оның мақсаты Бурабай,
Монголия, КНДР, КНР қатысушылар көмегімен туманная өзенінің маңайында
аймақаралық туристік орталық ашылды. Ресей мемлекеті бұрынғы ТМД елдерінің
және жақын орналасқан мемлекет туристеріне Қазақстан мәдениетін танытуға
ерік білдірді. Бұл жобаның туризмді дамытудың 2005 жылға дейінгі
бағдарламасымен сәйкес келеді. Бурабай әкімшілігі және туризм комитеті
аймақ үшін болашағы зор туризмнің альтернативтік формасының негізгі
концепциясын қорытып шығарды.

2.1 Халықаралық туризмнің дамуының болашағы және
болжамдары
Халықаралық туризмнің дамуының болашағына және болжамдарына ерекше
көңіл бөлінуі тиіс. ДСҰ-ның Лиссабонда өткен конференциясында Tourism:
2020 Vision зерттеулерінің нәтижесінде келесі бес туристік бағыттар
анықталды:
- қызық оқиғалы туризм (экзотикалық мемлекеттер, Антарктида, су асты
кемелермен саяхат, биік шыңдарға шығу);
- круиздер;
- қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экотуризм, ұлттық қорықтарға
бару;
- мәдени-танымдық туризм;
- тақырыптық туризм, мысалы, белгілі бір объектіге бағытталған
қызығушылық.
Жеке аймақтар бойынша туризмнің даму көрсеткіштерінің өсу қарқынын,
сонымен бірге оның болашақта дамуын талдайық (3-кесте).
3-кесте. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz