Шығармашылық құқық
КІРІСПЕ
1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес.
Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер заң шығармашылығының ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, заң шығару процесін жетілдіру мен заңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дер кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Заң шығару міндеттілігі ең алдымен негізгі заң шығарушы орган Қазақстан Республикасының Конституциясының 49-бабының 1-тармағымен Парламентке жүктелген. Заң шығару процесі мәселесі бүгінде аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алған. 1995 жылғы Конституция бойынша заң шығармашылығы маңызды, жалпы мемлекеттік маңызы бар қатынастарды

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
1 Қазақстан Республикасының Конститутциясы Алматы, 1995ж
2 Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Алматы,2004ж
3 Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.
4 Қ.Р Конституциясының түсіндірме сөздігі.
5 http://www.oks.kz/Muragat/129-130/alashtyktar.htm
6 © 2011 Қызылорда облысы әділет департамент

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес.
Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер заң шығармашылығының ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, заң шығару процесін жетілдіру мен заңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дер кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Заң шығару міндеттілігі ең алдымен негізгі заң шығарушы орган Қазақстан Республикасының Конституциясының 49-бабының 1-тармағымен Парламентке жүктелген. Заң шығару процесі мәселесі бүгінде аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алған. 1995 жылғы Конституция бойынша заң шығармашылығы маңызды, жалпы мемлекеттік маңызы бар қатынастарды қамтиды. Ол қатынастардың дамуы, өзгеріп отыруы немесе тежелуі көбінесе заң шығару қызметінің табыстылығына байланысты. Заң шығармашылығының табыстылығы деп құқықтық реттелуге зәру, объективтік түрде себептелген қоғамдық қатынастардың дер кезінде, халық пен мемлекеттің мүддесіне сай заңи реттелуін, заң шығару процесінде кемістіктер мен кемшін тұстардың болмауын және тиісті қызметтің нәтижесі болып табылатын заңның қоғамның алға қарай қарқынды дамуына, мемлекетіміздің өркениетінің өсуіне қатысты қозғаушы бөлшек ретінде тұрақты қызмет етуін ұғынуымызға болады. Өйткені, заң шығармашылық мемлекеттік тәуелсіздік рухында, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, экономиканы дамыту мүддесінде заңдарды шығаруға арналған.
Өз кезегінде, мұндай заңдар қоғамда, мемлекетте заңдылық пен конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Демек, қоғамдық дамудың біршама жетістіктері қоғамдық қатынастарды заңи реттеу арқылы мүмкін болады деп есептейміз. Заң шығару процесінің мұндай маңызы әр уақыттағы ғалымдар арасында тиісті мәселеге қатысты зор қызығушылықтар мен орасан талпыныстар тудырып отыр.
Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Оның жаңалығы мен құндылығы қаралатын мәселенің маңыздылығында, Қазақстан Республикасының Парламентімен тиімді заң шығармашылығының қажеттігі мен оған ықпал ететін жағдайларды анықтап, мазмұндауда, сондай-ақ жұмыста баяндалған қорытындылар мен ережелерде байқалады.
Курстык жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының Парламентімен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы мен заң шығармашылығының процесі табылады.
1 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ
Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А. Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар - белгілі ғалым-заңгерлер: С.З. Зиманов, В.А. Ким, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К.Амандықова, С.С. Сартаев, М.Т. Баймаханов, С.А. Табанов, М. Құл-Мұхаммед т.б.
Құқықтың жалпы теориясы мамандарының еңбектеріне сүйене отырып құқық шығармашылығын анықтасақ, ол мемлекеттік құқықтың және оның жеке салаларының дамуын және жетілуін қамтамасыз ететін, халықтың еркін көрсететін тәртіп ережесін жасау мен нормативті бекітудің тұрақты процесін білдіреді. Құқық шығармашылығы - қоғамдық қатынастарды жеткілікті құқықтық реттеуді жүзеге асырудың табиғи алғышарты болып табылады. Құқық шығармашылығының түпкі нәтижесі - құқықтық нормалардың мәтінінде көрініс тапқан жаңа (өзгертілген немесе нақтыланған) ережелер.
Құқық шығармашылығы тікелей мағынада құқықты жасау ретінде, нәтижесі қоғамда әрекет етуші құқықты белгілеу болып табылатын қызмет ретінде анықталады. Бұл тұрғыдан құқық шығармашылығы ұғымын ашу жалпы құқық, қоғамда әрекет етуші құқық түсініктеріне тоқталу, оларды анықтау міндетін қояды.
Мемлекет және құқық теориясы іліміне сәйкес құқық та мемлекет секілді қосымша өнімнің болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі, рулық әдет-ғұрыптардың жалпыға міндетті құқықтық ережелерге айналуы т.б. нәтижесінде пайда болды. Мемлекет рулық әдет-ғұрыптарға кұкықгық ереже нысанын берумен қатар, жаңа жүріс-тұрыс ережелерін шығарды. Ол осы ережелердің талаптарының орындалуын, адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану үстінде заңдарды бұзбауын талап етеді. Демек, құқық - ол мемлекетпен белгіленетін, қорғалатын жалпыға міндетті ережелердің жүйесі. Ол қоғамды реттеп, басқарудың құралы. Теория заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылатындығын көрсетеді. Біздің тоқталып отырған мәселемізге қатысты ашсақ, құқық - ол бәрінен бұрын құқықтық нормалардың бір жүйеге келтірілген жиынтығы. Ол реттеушілік касиеті арқылы қоғамдық қатынастарға, адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамның дамуына әсер етеді. Құқық - ол жеке жүріс-тұрыс ережелері емес, ол құқық нормаларының біртұтас жиынтығы. Қазақстан Республикасында әрекет етуші құқықтың мазмұны Конституциямен ашылған. Яғни, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай белгілейді: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Демек, құқық - бұл нормативтік актілерде көрініс тапқан, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Ал, құқық нормаларының мұндай жүйесін, яғни құқықты пайда болғызатын қызмет - ол кұқық шығармашылығы болып табылады.
Заң ғылымында құқық шығармашылығын билікке ие болатын халықтың немесе билік етуші таптың еркінің заңға, нақтырақ айтсақ, жалпыға міндетті ережеге айналуы деп түсінетін пікір бар. Мұндай таптық мазмүнды көзқарасты марксизм бағытындағы барлық дерлік ғалымдар қолдайды деп айтуға болады. Кеңес өкіметінің орта шеніне қарай құқық шығармашылығын таптық сипатта емес, мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде анықтайтын пікірлер етек жайды. Мемлекеттік билік, мемлекет құқық нормаларының пайда болуының тікелей факторы, құқықты жасайтын күш болып танылды. Расында да біртұтас мемлекеттік билік құқықты жасайтын әлеуметтік-саяси күш болып табылады. Мемлекеттік билік мемлекеттің әлеуметтік-саяси қызметінің мазмұны - құқықтың қалыптасуының тікелей қайнар көзі. Мемлекеттік билік -- бұл мемлекеттің тікелей өзімен немесе өкілеттік беру арқылы тұрғылықты халықпен жүзеге асатын қоғамдық биліктің бір түрі болып табылатындықган, нақ осы мемлекеттік билік - қызметі құқықты жасайтын күш. Кейбір жағдайларда мемлекет құқық нормасын жасауды тікелей халыққа береді. Алайда, халықтың референдум арқылы құқық нормасын қабылдауы мемлекеттің қатысуынсыз болмайды. Демек, мемлекет өз халқымен бірге құқық шығармашылығының әлеуметтік субъектісі, ал оның қызметі - құқық шығарудың тікелей күші болып табылады.
Құқық шығармашылығын мемлекеттік биліктің мазмұнымен ғана байланыстыра отырып анықтау жеткіліксіз деп есептейді ғалымдардың келесі бір тобы. Олардың ойынша құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің мазмұны ғана емес, ашып айтсақ, мемлекеттік биліктің саясаты қандай болса, оның белгілеген құқықтық нормаларының мазмұны да сондай болады деп қана анықтау емес, сонымен қатар ол мемлекет қызметінің ұйымдық - құқықтық нысаны да. Тиісті көзқарасты ұстанушы ғалымдардың бірі - А.В.Мицкевич өз пікірін былай негіздейді: Құқық шығармашылығы тиісті қоғамда құқықтық нормаларды қандай органдар, қандай тәртіппен жасайтынын белгілеуге мүмкіндік беретін белгілі ұйымдық нысандарда көрсетілген. Құқық шығармашылығын мемлекеттік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде үғыну оның құқық жасау процесінде алатын орнын анықтау үшін маңызды. Осы топтағы көзқарастардың ішінде құқық шығармашылығын кеңінен толығырақ анықтайтын мына бір пікірге тоқталу жөн болар. Яғни "құқық шығармашылығы - бұл халықтың еркін білдіретін, қоғам дамуының мақсаттарына жетуте бағытталған, қоғамдық қатынастарды нормативтік құқықтық реттеуге деген қажеттіктерді анықтау жөніндегі және анықталған қажеттіліктерге сәйкес жаңа құқық нормаларын шығару, әрекет етудегі құқықтық нормаларды өзгерту мен жою жөніндегі мемлекеттің үйымдық рәсімделген қызметі".
Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің жалпы заңды реттеу, пісіп-жетілген қажеттіліктерді құқықтық нормаларға айналдыру арқылы зандық нормаларды қалыптастыру жөніндегі қажеттіліктерді тануы, мойындауы. Мұндай қажеттіліктерді тани отырып, мемлекет тиісінше актілердің қабылдануын анықтайды. Мемлекетпен, оның органдарымен қабылданған нормалар ғана жалпыға міндетті ереже сипатында болады, мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қорғалады.
Референдум арқылы құқық шығармашылығын қоспағанда құқықты жасау - бұл мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жасау, өңдеу, қабылдау, жариялау жөніндегі қызметі. Мұны Конституциядан, Парламент, Үкімет, орталық атқарушы органдар туралы т.б. заң актілерінен көруге болады. Алайда, Кеңестік заңгерлердің ой-пікірлерін зерттеу құқық шығармашылығы - мемлекеттік орган қызметінің бір жағы деген түсінікті жоққа шығаратын көзқарастардың бар екендігін байқатады. Мұндай көзқарасты ұстанушылардың бірі Н.Я. Соколов құқық шығармашылығын мемлекеттен бөлек өздігінен қалыптасып, өрбитін жағдай ретінде, нақты тоқталсақ ол құқық шығармашылығы деп тиісті құзыретті органдардың қызметін емес, қоғамның құқықтық көзқарастарының қалыптасуын және олардың тиісті нормативтік актілерде байқалуы мен бекітілуі процесін қамтитын қоғам өміріндегі өзіндік құбылысты анықтайды.
Құқық шығармашылығын бұлай түсіну дүрыс емес. Өйткені, нормативтік актілерде құқықтық көзқарастар емес қоғамдық қатынастар бекітіледі және құқықтық сананың (көзқарастың) қалыптасуы құқық нормасын жасамайды, шығармайды. Сондай-ақ, аталмыш анықтамада жанама көрсетілгендей, құқық шығармашылығы құқықтық сананың қандай да бір бөлшегі емес және ол өзіндік құбылыс та емес. Құқықтық сана (көзқарас) - бұл қоғамда қалыптасатын әлеуметтік құбылыс, ол заң шығармашылығына әсер етуі мүмкін, бірақ заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылмайды.
Қазіргі Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың бәрі дерлік құқық шығармашылығын - қоғамның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделерін тануға негізделген, құқық нормаларын жасау, өзгерту және жою жөніндегі мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны ретінде анықтайды. Алайда, Ю.В.Мальцев құқық шығармашылығын тек мемлекет қызметінің нысаны ретінде анықтау біржақты және толық емес дейді және өзінің мүндай қорытындыға келуін Л.С.Явичтің пікірі арқылы негіздейді. Яғни, Ю.В.Мальцев тек қана құқық құру процесі емес, сондай-ақ жеке заңи нормалардың шығу тегі заң шығарушының қызметінің шегінен шығады, себебі әдеттегі көпшілік жүріс-тұрыстың және жаратылысы бойынша құқықтық катынастардың фактілік үлгілерін заң шығарушы ақыл-есте калыптасқан қандай да бір тиянақты императивтен құрастырмайды, ол өмірдің өзінен алады деп есептейтін Л.С.Явичтің пікірін қолдайды. Ю.В.Мальцев құқық шығармашылығы үғымын анықтауда бұдан өзге мына екі жағдайға да көңіл бөлу керектігін көрсетеді:
1) құқық шығармашылығының процесі материалдық жагдайлармен айқындалады, қоғамдық қатынастармен байланысты. Олар нормативтік жорамалдардың нағыз қайнар көзі болып табылады. Өмірдің өзі мен заң шығарушы ашатын және тұжырымдайтын жүріс-тұрыстың қалыптасқан және байқалған үлгілері заң нормаларының шынайы қайнар көзі болуға тиіс деген түсінік құқық шығармашылығының әдістемелік негізі болып табылуы керек. Қандай да бір доктрина немесе қоғамдық дамудың мақсаттары емес, тек өмір мен ақиқат қана құқық шығармашылығы қызметінде шешуші маңызға ие;
2) мемлекеттің құқық шығармашылығы маңызды, бірақ құқық шығарудың бірден-бір қайнар көзі емес. Құқықтық жүйеге заңи нормаларды енгізудің маңызды қайнар көздері болып сондай-ақ үлгі істер, әдет-ғұрып және шарт табылады. Расында да үлгі істер мен құқықтық әдет-ғұрыптар да құқық шығармашылығы арқылы нормалық актілер жасау секілді құқықтың қалыптасуының жолдары болып табылады. Кеңес заманында құқықтық әдет-ғұрып нормаларының құқық жүйесін құрушылық рөлі жеткілікті дәрежеде кеңінен қоддау таппағанымен, біздің құқық жүйемізде оның орын алғанын жоққа шығаруға болмайды. Күні кешегі тарихымыз -мұның дәлелі. Үлгі істер мен құқықтық әдеттер де құқықтың қалыптасуының жолдары болып табылатындығын көрнекті ғалым Р.С. Сапарғалиев қазақ тарихымен негіздей отырып былай дәлелдейді: "Өз кезегінде қазақ мемлекеттігінің құқығы осы үш жолмен (нормативтік актілер, үлгі істер, құқықтық әдеттер) қалыптасқан.
Оған дәлел Қасым ханның қасқа жолы (ХҮғ.), Есім ханның ескі жолы (ХҮғ.), Тәуке ханның Жеті жарғысы (ХҮІІІғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Бүгінде Қазақстанда ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда.
Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің құқық нормаларын жасау жөніндегі қызметі. Жай ғана емес, саналы, ерікті, ғылыми негізделген, белсенді қызметі. Мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметі негізінде экономикалық және өзге қоғамдық қатынастар заңды нормалар түрінде көрініс табады. Мемлекет осы қатынастарды құқықтық қатынастар ретінде рәсімдейді, дамуына әсер етеді.
Құқық шығармашылығының қызметі арқылы экономикалық және өзге де қоғамдық әлеуметтік қатынастар жалпы құқықтық қатынастарға айнала отырып, қайтадан басқа жаңа әлеуметтік қатынастарға әсер ету үшін құқықтық нормаларда бекітіледі. Қандай да бір әлеуметтік қатынастардың қоғамдық дамудың мұқтаждықтарының анықталуы, оларды құқықтық реттеудің қажеттілігінің пісіп-жетілуі құқық шығармашылығының басталуына себеп болады. Құқық шығармашылығы нәтижесінде қолданымдағы құқық жүйесін толықтыратын немесе өзгертетін қажеттіліктер, алғышарттар заңи шынайы, құқық ережелеріне айналады, нормативтік актілерде белгіленеді.
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі. Бүгінде халық құқық шығармашылығын тікелей референдум арқылы заң шығаруға қатысу, ерік білдіру арқылы жүзеге асырса, күні кешегі тарихымызда бұқараның референдумнан өзге, қоғамдық ұйымдардың қызметтері арқылы мемлекеттің құқық шығармашылығына кеңінен қатысқанын көреміз. Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық ұйымдардың, нақты айтсақ, Бүкілодақтық Ленин Комсомол Жастар Одағының, кәсіподақтар мен ерікті қауымдардың т.б. заң шығармашылығының бастамашысы ретінде болуы, ВЦСПС-тің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау мен оларды бекітуге қатысуы, т.б. қоғамдық ұйымдардың құқық шығармашылығы әрекеттерінің кеңінен қоддау тапқандығы соншалық, қоғамдық ұйымдардың нормативтік актілер шығаруы ғылымда жалпы құқық шығармашылығының амалдарының бірі ретінде бекініп, ол құқық шығармашылығын анықтауға негіз болды.
Ашып айтсақ, Кеңес заңгері Ц.А.Ямпольская және т.б. кейбір ғалымдар құқық шығармашылығы деп нормативтік актілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің құқық шығармашылығына бұқараның катысуының әртүрлі нысандарын халықтың тікелей құқықшығармашылығы мен қоғамдық ұйымдардың жеке нормативтік актілерді шығаруын) анықтайды.
Бұл акт нормаларының орындалмауы жауапкершілік туындатады. Мемлекеттік органдармен бірлесе құқық шығару кезінде қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдармен байланыстығы көрнекі ашық түрде болады. Бұл байланыс бірлескен құқық шығармашылығының қоғамдық ұйымдар үшін де, мемлекеттік орган үшін де жалпы құқықтық негіздерінде және норманы өмірде жүзеге асыру мен оны бұзушылықтан қорғау барысында байқалады. Ц.А. Ямпольскаяның құқық шығармашылығын мемлекеттік органның қызметімен қатар, бұқара көпшіліктің,мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуының нысандары ретінде анықтауы сол кезеңдегі құқық шығармашылығының демократиялық нысандарының дамуының, қолданылуының көрінісідеуге болады. Әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен референдумдахалықтың нормативтік актілер қабылдауы мәні бойынша халықтыңмемлекеттік еркін білдіруі болып табылды. Бұқараның мұндайқұқық шығармашылығы мемлекеттің қатысуынсыз болмайтыныхақ.
Қоғамдық ұйымдардың нормативтік құқықтық актісі мемлекеттің оған берген өкілеттіктері негізінде шығарылды.
Бүгінде де халықтың референдум арқылы құқық шығармашылығы мемлекетпен байланысты жағдайда. Яғни республикалық референдум өткізу туралы шешім болғанда ғана референдуммен заң шығарылуы мүмкін. Ал, ондай шешімді ҚР Конституциясының бабының 10 тармағына сәйкес Республика Президенті болуы тиіс: өзінің, Республика Парламентінің, Үкіметтің және сан жағынан республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде біддіретін республикалық референдумға қатысу құқығы бар екі жүз мыңнан кем емес республика азаматтарының. Тиісті бастамашылықтың болуы республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға міндеттемейді.
Қазақстан халқының еркін заңға, жалпыға міндетті құқықтық нормаларға айналдыру - бұл тиісті қызметтің жалпы бағытын көрсететін жетекші, бастапқы идеялармен қатаң сәйкестікте, яғни белгілі бір қағидалар негізінде жүзеге асырылатын процесс. Мемлекеттің кез-келген қызметі секілді құқық шығармашылығы да белгілі бір қағидалармен сәйкестілікте жүзеге асады. Оларды нақты атап айтсақ, жоғарыда тоқталған - құқық шығармашылығының демократиялығы және жариялылығы. Демократиялық қағидасы бұқара халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына катысуының жолдары мен дәрежесін көрсетсе, жариялылық-құқық шығармашылығы қызметінің көпшілік үшін ашық, қолайлы процесс екендігін белгілейді.
Қазіргі ғалымдардың құқық шығармашылығының бастапқы идеясы ретінде көрсететін келесі қағидалары: құқық шығармашылығының кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылымға негізделгендігі және құқық қолдану тәіжрибесімен байланыстығы.
Құқық шығармашылығының кәсіпқойлығы қағидасы құқық шығармашылығының сапасымен, құқық шығармашылығы шешімін қабылдау жолдарының, тетігінің тиімділігімен тікелей байланысты. Мұндай қызметке заң жобасын жасау жөнінде кәсіптік білімі мен тәжірибесі бар жетік мамандар (заңгерлер, саясаттанушылар т.б.) катысулары тиіс.
Құқық шығармашылығының келесі қағидасы - құқық шығару процесінің ғылыми сапасын көтеру (ғылыми негізділігі) қағидасы. Бұл үшін қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйелерін жан-жақгы зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу қажет. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алған абзал. Құқық шығармашылығындағы зандылық - құқық шығармашылығының келесі қағидасы. Жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Тек қана қабылданатын нормалар ғана емес, сондай-ақ оларды (нормативтік актілерді) дайындау, қабылдау және жариялау, яғни бүкіл құқық шығармашылығы процесі Конституция, заң шегінде, нақты талаптарға сәйкестікте жүзеге асырылуы керек.
Құқық шығармашылығының қағидаларының ішінде аталмай қалғаны - оның құқық қолдану тәжірибесімен байланыстығы қағидасы. Бұл қағиданы негізгі ғалымдар тобы құқық шығармашылығының ғылыми негізділігі қағидасымен бірлікте қарайды. Алайда оны жеке бөліп қарайтын ғалымдар да бар. Бұл қағиданың мәні мынада деп айтуға болады: кұқық қолдану практикасы кұқық шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді өмірде жүзеге асыруға бағыттала отырып, құқық шығарушыға өз еңбегінің жемісін бағалауға, оның тиімділігі, сапасы туралы хабардар болуға, құқық шығару қызметін жетілдіріп отыруға көмектеседі. Құқық қолдану тәжірибесімен байланыста ғана құқық шығарушы өзінің кемшіліктерін, қателіктерін анықтайды, құқық шығармашылығына деген қажеттік-мұқтаждықтарды ашады.
Құқық шығармашылығының бұл қағидалары белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде халықтың еркін нормативтік құқықтық актіге айналдырумен байланысты, нормативтік актілерді дайындау, шығару, өзгерту, жою процестеріне қатысатын органдар мен ұйымдардың қызметінің бастамаларын көрсететін категориялар, жетекші идеялар. Құқық шығармашылығының қағидаларын дұрыс анықтай отырып және олардың іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету арқылы құқық шығарушы тиісті шығармашылықтың тиімділігін көтереді, құқық шығармашылығын ғылыми негіздейді. Аталған қағидалар біріншіден, құқық шығармашылығының негізгі, объективті қажетті жақтарын көрсетеді; екіншіден, құқық шығармашылығы процесіндегі тұрақты заңи байланыстар мен қатынастарды сипаттайды; үшіншіден, өз мазмұнында құқық шығармашылығының нақты нышандары мен ерекшеліктерін қамтвды. Құқық шығармашылығының аталмыш қағидалары (демократиялығы, кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылыми негізділігі жөне кұқық қолдану тәжірибесімен байланыстығы) - қай уақыттың болмасын құқық шығармашылығының бастапқы, анықтаушы идеялары.
Құқық шығармашылығы - құқықтық реттеу механизмінің негізгі, бастапқы сатысы. Мемлекет құқық нормасын жасай отырып, құқық қолданушы және құқық қорғаушы амалдардың барлық жүйесін әрекетке қосады және осылай жеке адамдардың, ұйымдардың, қоғамның дамуына әсер етеді. Демек, құқықтық реттеу тиісті субъектілер үшін нақты кұқықгар мен міндеттер туындайды, жауапкершілік белгілейді. Құқық шығармашылығы арқылы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тиісті қажеттіліктің болуымен байланысты. Ал, құқықтық реттеуге деген қажеттілік келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:
1. Құқықтық реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастардың жаңа саласы пайда болады;
2. Экономикалық және әлеуметтік процестердің қарқынды дамуы себепті бұрын реттелген қатынастардың құқықтық реттелуін өзгерту қажеттігі пайда болады.
Құқықтық реттеуге деген қажеттілікті анықтау, оның бағытын анықтайтын факторларды зерттеу құқық шығармашылығының басталуының себепшісі. Қоғамдық қатынастарды құқық шығармашылығы арқылы құқықтық реттеу барысында адамдардың, халықтың ерік мүддесі алдыңғы кезекке шығады, тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітіліп, белгіленеді. Құқық шығармашылығы - бұл халықтың ерік-мүддесін бекіту, жалпыға міндетті заңды ережелерді қалыптастыру жөніндегі қызмет. Осы қызмет нәтижесінде мемлекеттің құқық жүйесі жасалады. Демек, құқықтық жүйенің қалыптасуы жеке нормативтік актілерді жасау арқылы жүргізіледі.
Нормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығармашылығының соңғы аяқтаушы түйіні және тікелей заңды нәтижесі. Қандай нысанда көрсетілгеніне қарамастан, ол белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгілейтін заңдық маңызы бар акт болып табылады. Осы тұрғыдан алсақ, құқық шығармашылығы - бұл сырттай қарағанда нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, бекіту және жариялау амалы ретінде болады. Әрбір жаңа нормативтік акт - құқықтық жүйенің дербес бөлшегі. Құқық шығармашылығының нәтижесінде құқықтық жүйеге жаңа нормативтік акт қосылып отырады.
Құқық шығармашылығы - бұл бірыңғай, дәйекті іс-қимылдардың тәртібі. Сондықтан құқық шығармашылығына әсер ететін, көмектесетін, ол үшін қажетті шаралар мен жағдайлар жасайтын, бірақ нормативтік актілерді жасау жөніндегі жұмыстың қандай-да бір кезеңі болып табылмайтын іс-әрекеттер құқық шығармашылығы процесіне кірмейді, - деп А.С. Пиголкин дұрыс көрсетеді. Нақты айтсақ, заң актілерін жетілдіру туралы ұсыныстар, қандай-да бір құқық шығарушы органның қызметін жақсартуға байланысты жалпы ұйымдық шаралар құқық шығармашылығына жатпайды. Құқық шығармашылығы заңи маңызы бар әрекеттердің жүзеге асырылуының тәртібін белгілейтін қызмет. Сондықтан ол қызмет нормативтік құқықтық актіні дайындау мен қабылдау жөнінде қоғамдық қатынас пайда болғанда ғана жүзеге асады.
Құқық шығармашылығы құқық нормаларын әртүрлі амалдармен, ашып айтар болсақ жаңа ереже белгілеу, ескіні жаңарту, яғни өзгерту, сондай-ақ, толықтыру және бұрын қабылданған нормаларды жоюдың түрлі амалдарын қолданып жасайды. Құқық шығармашылығының жолдары алдымен құқық нормаларының қалай жасалатынына қарай ажыратылады. Құқық шығарудың негізгі амалдарына бізге тарихтан белгілі, сондай-ақ бұдан біраз бұрынырақ, алдында жазылып кеткен мына әдістерді жатқызуға болады. Олар: құқық нормасын шығару, әдет-ғұрыптарды тану және сот үлгілерін жасау. Нақтырақ ашып айтсақ,
1) құқық шығармашылығы органының қатысуынсыз қалыптасқан құқықтық сипаттағы нормаларды мемлекеттің тануы. Бұған әдет-ғұрыптарды мемлекеттің тануын жатқызамыз;
2) нақты іс бойынша мемлекет органдарының шешімдеріне нормативтік сипат беру (үлгі прецедент);
3) нормативтік актілерді жасау жөніндегі мемлекеттің қызметі. Бүған дейін де атап кеткеніміздей, қазіргі Қазақстанның құқық шығармашылығының жолдары: нормативтік актіні уәкілетті органдардың шығаруы, нормативтік актіні референдуммен халықтың қабылдауы.
1.1 Автор және авторлық құқық ұғымы
1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.
2. Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейiнгi отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.
3. Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi.
Авторлық құқық объектiсi. Жалпы ережелер
1. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
2. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);
6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.
5. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.
Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар :
1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; Z010242
10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; Z020332
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 , 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
3) халық шығармашылығы туындылары;
4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар. Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың
ақиқаттылығы
1. Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.
Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:
1) қоршауға алынған латынша С әрпi;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
3) туындының алғаш жарияланған жылы.
Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленушi туындыға айрықша мүлiктiк құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
1.2 Авторлық құқық объектілері
Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар
1. Мыналар авторлық құқық объектілері болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драм және музыкалық драмалық туындылар;

5) мәтіні бар немесе мәтіні ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz