Турбо паскаль программалау тілі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Турбо Паскаль программалау тілі
1. 1 Турбо Паскаль тілінің шығу тарихы . . . 6
1. 2 Турбо Паскальда жұмысты бастау . . . 7
1. 3 Паскаль тілінің альфавиті . . . 9
1. 4 Программа құрылымы . . . 12
1. 5 Стандартты типтер… . . . 14
1. 6 Стандартты функциялар . . . 15
2. Турбо Паскальда файлдармен жұмыс
2. 1 Файл . . . 16
2. 1 Текстік файлдар . . . 17
2. 2 Типтік файлдар . . . 23
2. 3 Типсіз файлдар . . . 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . 30
Кіріспе
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы иформациялық процестер мен фактордың фундаментальді ролін мойындау болып табылады. Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесі 2 негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі болды: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рольді осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарды: физика, химия, математика, т. б.
Бұл жағдай әлемнің бейнесін жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мысалы: алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес олардың өзара байланысы, өзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталады.
Информатиканың компьютердің көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдістері тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым екені белгілі.
Қазіргі информацияның өте үлкен ағымын компьютер көмегі арқылы қабылдау, компьютер арқылы оны автоматты түрде өңдеу жүзеге асырылады. Сондықтан да программалау информатиканың негізгі ядросы, ал есептеуіш техникалар компьютердің құрылғылары оның материалдық базасы. Күн санап компьютердің біздің күнделікті өмірден тұрақты орын ала бастауы, тілдің маңызын арттырып жіберді. Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм әрекеті әзірленеді, содан соң ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында - программа мәтіні толықтай аяқталған, алгоритмді программалау тілінде сипаттаған күйінде пайда болады.
Программалау тілдері - жасанды тілдер. Олардың табиғи тілден айырмашылығы - мағынасы трансляторға түсінікті болатын, әрі жазу командасының қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Сондықтан болар, соңғы кездері Паскаль тілінің ең алғашқы түп нұсқасын жетілдіру мақсатымен тілдің бірнеше басқа да түрлері, модификациялары пайда бола бастады. Мысал, ретінде Турбо Паскальдің бірнеше тармақпен шығуын алуға болады. Сонымен, программалау адам шығармашылығының ерекше түрі ретінде жоғарғы квалификациялық мамандарды дайындаудың маңызды құрылымы болып тұр.
Берілген курстық жұмысымның негізгі мақсаты - Турбо Паскальда программа құра білу, компьютерде программалау тілінің элементтерін пайдаланып есептер шығару, Турбо Паскальда файлдардын жұмысын және оның түрлерімен таныстыру.
Курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ші бөлімде - Турбо Паскаль программалау тілімен таныстыру мәселесі қарастырылады.
2-ші бөлімде - Турбо Паскальда файлдармен жұмыс істеу мәселесі қарастырылады.
- Турбо Паскаль тіліТурбо Паскаль тілінің шығу тарихы.
Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде - тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі ХVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон - Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан - ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы - ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.
Осы жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі - Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғарғы политехникалық мектептің оқымысты адамы - Никлаус Вирт ( 1968-1971) .
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады. Ол Алго 60 тілінің жетілдірілген түрі болып табылады. 1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IBM PS -ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Келесі қатарда оның соңғы (7. 0) вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған. Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.
Бейсик тілі сияқты Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, түрлі саналық инфорциямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.
Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктері бар:
- Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді;
- Тіл алгоритмді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте - бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет;
- Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;
- Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
- Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді;
- Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға болады. Турбо Паскальда жұмысты бастау.
Турбо Паскальдың интегралдық ортасы пайдаланушының сұраныстарын операциялық жүйесіз-ақ қамтамасыз етеді.
Интегралдық ортаға кіру. DOS-тың командалық қатарында C:\TP\TURBO EXAMPLE1. PAS (ТР-әдеттегі Турбо Паскаль директориясының атауы), деп теріп, Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде Example1. pas жазуы бар Текстік Редактор терезесі пайда болады. Егер программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00. pas- стандартты атауы тұрады.
Редактордың терезеде терілетін программа мәтінін қабылдауға немесе бұрынғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып-өшіп тұратын курсор арқылы білуге болады. Редактордың шықпай-ақ, программаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аламыз.
Белсенді терезе. ТР интегралдық ортасы бірнеше тереземен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда біреуі ғана, яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептелінеді. Жоғарғыдағы әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез-келген терезені белсенді етуге болады.
Белсенді терезеде программа мәтінін көру. Егер терезеге программа мәтіні симаса, онда оны PgDn («алға»), PgUp («кейін қарай») пернелерін басу арқылы парақтап көруге болады.
Программаны сақтау. Терілген (редакцияланған) программа белсенді терезеден F2 пернесін басу арқылы файлға сақталады. Егер файлға атау берілмеген болса, онда ТР файл атауын енгізуді сұрайды. F2пернесін әрдайым басып отырған жөн.
Программаны компиляциялау. F9 не ALT+F9 пернесін басылғанда компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса “Compile successful. Press any key” хабарламасы шығады.
Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+F9 пернелер комбинациясымен іске асады. Нәтиже ALT+F5 пернелері арқылы көрінеді (редактор терезесі «ашылады») . Редакторға қайта өту үшін кез-келген литерлік перне шертілуі керек.
Көшірме алу. Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. ALT+ F пернелерін шертіп, пайда болған “File” мәзірінен “save as …” қатары таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы a:\Example1. pas деп, теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны көшірмесі дискетке жазылады.
Файлды ашу. ТР-да дискіде сақталған программа мәтінін редактор терезесіне шығару (файлды ашу) F3 пернесін шерту арқылы орындалады. Алдымен енгізу өрісі бар сұхбат терезесі пайда болады. Мысалы, сақталған Example1. pas файлын ашу үшін a:\Example1. pas теріп, Enter пернесін басу керек.
Жаңа экранды ашу. ALT+F пернелерін басып, File мәзірінен New қатарын таңдалынған жағдайда жаңа экранда бос файл Nonamexx атымен пайда болады. Мұндағы «хх»-цифрлар.
Тексті баспаға шығару. Принтерді іске қосып, “File” мәзіріндегі “Print” қатары таңдалса, белсенді терезе мазмұны қағаз бетіне басылып шығады.
Турбо Паскальдан шығу. ALT+Х пернелерін басу арқылы орындалады. Егер ашылған терезе мазмұндарын сақтау ұмытылса, оны сақтау туралы хабарлама шығады.
- Паскаль тілінің алфавиті.
Паскаль тілінде қолданылатын символдар:
- 26 үлкен және кіші латын әріптері;
- 0, 1, . . . , 9 - араб цифрлары;
- арнайы символдар (1-кесте) ;
- Кілттік сөздер (2-кесте) .
1-кесте
‘
=
<
>
<=
>=
:=
-
*
/
(, )
[, ]
:
.
,
;
+
Дәйекше (апостроф)
Тең
Кіші
Үлкен
Кіші немесе тең
Үлкен немесе тең
Меншіктеу
Азайту
Көбейту
Бөлу
Жай жақшалар
Тік жақшалар
Қос нүкте
Нүкте
Үтір
Нүктелі үтір
Қосу
Паскаль тілінде программа - сипаттау және операторлар бөлімдерінен тұрады. Программа орындалу барысында Const кілттік сөзінен басталатын мәні өзгермейтін деректер - тұрақтылар . Тұрақтылар программаның сипаттау бөлімінде сипатталады.
Мысалы:
Const k=100; n=50; Pi=3. 141592; Lmp=’p’;
Программалауда айнымалы деп мәлімет үшін жадтан бөлінген орынды айтады. Айнымалылардың мәні программа барысында өзгеруі мүмкін. Айнымалылар латын әрпінен басталған әріптер мен цифрлар және ‘_’ символы комбинациясы арқылы белгіленуі мүмкін. Мысалы, х, ху, х2, х_3 т. с. с. Мұндай белгілемені айнымалы атауы не идентификатор деп атайды. Идентификатор айнымалылармен бірге, тұрақтыларға, программаға, процедураға, функцияға, тағы басқаларға да беріледі.
Идентификатор ретінде кілт сөздерді қолдануға болмайды. Айнымалылар жай және индексті болып бөлінеді. Жай айнымалылар өз атымен жазылады, ал индексі бар айнымалыларда оның атауы мен индексі көрсетіледі.
Мысалы:
Тор, Х, Z56 Vol, F[1] 6 B[2, 1], A[I], B [I, J] .
2-кесте. Паскаль тілінде қолданылатын кілттік (қызметші) сөздер
AND
ARRAY
BEGIN
CASE
CONST
DO
END
FILE
FOR
FUNCTION
IF
OR
ELSE
PROCEDURE
PROGRAM
RECORD
REPEAT
THEN
TYPE
VAR
Және
Массив
Басы
Таңдау
Тұрақты
Орынды
Соңы
Файл
Үшін
Функция
Егер
Немесе
Әйтпесе
Процедура
Программа
Жазу
Қайталау
Онда
Тип
Айнымалы
- Программа құрылымы.
Программа мәтіні: Program <программа-аты>; - деп аталатын, міндетті емес элементтен, ал сипаттау бөлімдері ретімен келесі кілттік сөздермен басталуы мүмкін:
Label (белгілер)
Const (тұрақтылар)
Type (типтер)
Var (айнымалылар)
Function, Procedure (функция, процедура) .
Сипаттау бөлімінен соң Begin, End -операторлық жақшаларына алынған программаның орындалу бөлігі (программа денесі) орналасады. Айнымалылар келесі схемалар түрінде сипатталады:
Var<aйнымалы аттары тізімі>:< тип>;
<Тип> - стандартты тип атауы не сипатталған тип арқылы берілуі мүмкін. Сипатталған типтер құрылымдық айнымалыларға (мысалы: массивтер) қолданылады. Сипатталған құрылымдық типтер бөлімінде анықталады:
Type<Тип аты>=< типтің сипаты>;
Тұрақтының сипатталынуы : Const<тұрақты аты>=< мәні>;
Белгілердің сипатталынуы: Label<белгілер тізімі>; Белгі - ең көбі 4 цифрдан тұратын және программада оператор алдына қос нүкте арқылы жазылатын әріптер не цифрлар комбинациясы. Белгіге өту Goto <белгі>; - операторы арқылы орындалады.
Мысалы, радиусы -ге тең шеңбердің ауданын есептейтін қарапайым программаның жазылу түрі:
Program Example1;
Const PI=3. 14; {тұрақтыны сипаттау}
Var R:real; {R-айнымалысын сипаттау}
Begin {операторлық жақшаның басы}
Write (‘радиусты енгіз’) ; {тексті экранға шығару}
Readln (R) ; {R-дің мәнін клавиатурадан енгізу}
Writeln (‘шеңбер ауданы:’, PI*sgr(R) ) {нәтижені экранға шығару}
End.
Түсініктемелер фигуралық жақшаға алынып жазылады. Символдық мәндер дәйекшеге (апостроф) алынып жазылады. Оларды жазу үшін орыс немесе қазақ әріптерін қолдануға болады.
Оператор - белгілі-бір іс-әрекет орындау үшін жазылатын нұсқау (кілттік сөз) . әр оператор соңына нүктелі үтір (; ) қойылады. Бірнеше операторлар Begin, End түріндегі сөздермен шектеліп жазылса, ол құрама оператор деп есептелінеді. Begin және End операторлық жақшалар деп аталады. -нен кейін және -тің алдына нүктелі үтір қойылмайды, ол операторлар арасына қойылады. Егер программада артық нүктелі үтір қойылса, ол бос оператор деп есептелінеді. Бос оператор - ешқандай әрекет орындамайтын оператор. Программа соңында нүкте қойылады. -тен басқа көптеген кілттік сөздер 2-кестеде келтірілген.
Паскаль тілі операторларын жай және күрделі деп жіктеуге болады. Жай операторлар арқылы тек бір ғана іс-әрекет сипатталады. паскаль тілінде жай операторлар: меншіктеу, шартсыз өту, бос операторлар, енгізу және шығару. Күрделі операторлар - альтернативті бірнеше операторлардан тұратын іс-әрекеттерді сипаттайды. Күрделі операторлар: құрама, шартты өту, таңдау, цикл, жазуды біріктіру.
Меншіктеу - Паскаль программалау тілінің негізгі операторы. Оператордың жалпы жазылу түрі: V:=a; V -мұнда айнымалының аты; «:=» - меншіктеу белгісі; а - өрнек.
Мысалы: im:=0; P:=1;
Im:=im+2; P:=p*im;
1. 5 Стандартты типтер.
Паскальда анықталған стандартты типтер:
- Бүтін типтер - Shortint, Integer, Longint, Byte, Word;
- Нақты типтер - Real, Single, Double, Extended, Comp;
- Логикалық тип - Boolean;
- Символдық тип - Char;
- Жолдық (қатарлық) тип - String;
- ASCII - қатарлық тип - Pchar;
- Мәтіндік файл - Text;
- Нұсқағыш тип - Pointer.
Бұлардан басқа типтер Type бөлімінде не Var бөлімінде анықталуы тиіс. Жай типтердің Паскальда анықталған стандартты типтерінің қабылдауы мүмкін аралықтары (диапозондары) келтірілген.
Бүтін типтер:
Shortint - 128 . . 127
Integer - 32768 . . 32767
Longint - 2147483648 . . 2147483647
Byte - 0 . . 255
Word - 0 . . 65535
Нақты типтер:
Real 2. 9*10 -39 . . 1. 7*10 38
Single 1. 5*10 -45 . . 3. 4*10 38
Double 5. 0*10 -324 . . 1. 7*10 308
Extended 3. 4*10 -4932 . . 1. 1*10 4932
Comp -263+1 . . 263-1.
Boolean - логикалық тип (мәндері: True - ақиқат, False - жалған) .
Char - символдық тип (мәні Паскаль алфавитіндегі дәйекшеге алынған символ ‘v’, ‘5’, ‘; ’, ‘Я’)
1. 6 Стандартты функциялар.
Abs(x) - х-тің абсолют шамасы.
Sqr(x) - х-тің квадраты.
Sqrt(x) - х-тің квадрат түбірі.
Exp(x) - е х -тің мәні.
Ln(x) - х-тің натурал логарифмі.
Sin(x) - х-тің синусы.
Arctan(x) - х-тің арктангенсі.
Round(x) - х-ті жақын бүтінге дөңгелектеу.
Trunc(x) - х-тің бүтін бөлігі.
Int(x) - х-тің бүтін бөлігі.
Frac(x) - х-тің бөлшек бөлігі.
Odd(x) - х -жұп болса мәні ‘False’, тақ болса - ‘True’.
Random(x) - [0, x] аралығынан таңдалынатын кездейсоқ сан. Мұндағы х<65536 бүтін сан.
Randomize операторы әдетте Random операторының алдына қойылады. Ол кездейсоқ таңдалған мәннің әртүрлі болуына әсер етеді.
Succ(x) - бүтін х - тен кейінгі санды анықтайды.
Pred(x) - бүтін х - тің алдындағы санды анықтайды.
Паскаль тіліндегі арифметикалық өрнек - тұрақтылар мен айнымалылардың арифметикалық операциялар, математикалық функциялар арқылы өрнектеліп жазылуы.
Таңбалық типтерге қолданылатын функциялар:
UpCase(s) - латын алфавитінің кіші әріпін бас әріпке түрлендіреді. Қазақ, орыс алфавиті әріптерін түрлендірмейді.
Ord(s) - реттелген символдар жиынындағы s-тің рет нөмірі. Мысалы: Ord(‘5’) =53
Chr(i) - керісінше, i - нөмірлі символ.
Succ(s) - s-тен кейінгі символ.
Pred(s) - s-тің алдындағы символ.
2. Турбо Паскальда файлдармен жұмыс
2. 1 Файл.
Файл - бір типті компоненттер тізбегі. Файл компоненті ретінде кез келген жай типті немесе жазуды алуға болады. Тек файл компоненті ретінде файл болуы мүмкін емес. Сонымен файлдың бір өлшемді массивтен негізгі айырмашылығы:
- сыртқы тасығыштарға; яғни магниттік дискіге тиеледі;
- компоненттер саны бастапқыда анықталмайды.
Турбо Паскальда файлдар үш түрге бөлінеді: текстік файлдар
типтік файлдар
типсіз файлдар
Файлдармен жұмыстағы негізгі ұғым - файлдық айнымалы. Файлдық айнымалы <ФА> немесе f-деп белгіленсе, оның сипатталыну тәсілдері:
- VAR < ФА - аты >:text; {текстік файл}
- VAR < ФА - аты >: File of < компонент типі>; {типтік файл}
- VAR < ФА - аты >: File; {типсіз файл}
Файлды жазу не оқу үшін мынадай процедуралар пайдаланылады: Assign(<ФА>, ’<файлға жол сілтеу>\<сыртқы файл аты>’) . Бұл процедура әдетте бірінші жазылады да, файлдық айнымалыға <ФА> сыртқы файл атауын меншіктейді. Жаңадан құрылатын файл Rewrite(<ФА>) операторымен ашылады. Ал мазмұны әрмен қарай қолданылатын файлдың компоненттерін оқу Reset(<ФА>) операторымен ашылады. Файл компоненттерін оқу үшін Readln, Read және BlockRead процедуралары, ал компоненттерді файлға жазу үшін Writeln, Write және BlockRead процедуралы пайдаланылады. Файлдармен жұмыс соңында файлды жабу - Close(f) процедурасымен, файлды жою - Erase(f), ал файлдың атын өзгерту - Rename(f, <файлдың жаңа аты>) процедурасымен орындалады. Жазылып біткен файл соңына жаңа компонент қосылған файл соңын білдіретін белгі (маркер) қойылады. Егер файл бос болса немесе соңғы компонент - маркер оқылған соң Eof(f) функциясының мәні TRUE болады.
2. 2 Текстік файлдар.
Текстік файлдардың әр компоненті қатар соңын білдіретін Еoln маркерімен аяқталатын жолдық қатардан тұрады. Әр жолдық қатардың ұзындығы 255-тен кіші әр түрлі ұзындықта болуы мүмкін және оның 2 байтында маркер орналасады.
Бір уақытта текстік файлды оқуға және жазуға болмайды, яғни алдымен оны ашып бір режимде жұмыс істеу керек. Текстік файл компоненттерін тізбекті түрде ғана өңдеуге болады. Тек Append(<ФА>) процедурасы ғана бұрынғы текстік файлдың соңына жаңа текст қоса алады.
Текстік файлмен жұмыста енгізу, шығару тізімінде тек жолдық қатарлар, символдық, сандық айнымалылар болуы мүмкін; ал структуралы-айнымалыларды (жазу, массив, жиын, файл) көрсетуге болмайды. Бірақ, текстік файл копоненттерінің қажетті бөлігін негізгі текстен бөліп алып, оларды массив элементтері, жазу өрістерінің мәндері ретінде пайдалануға болады.
1-мысал. Тестік файлда Ank. dat жолдық қатар түрінде студенттердің анкеалық деректері жазылған: аты-жөні (20 символ), туған жылы, ұлты және тағы басқалар.
1 20 24 25 26 35 40
Байттар мазмұны: Айтбаев Т. 1981 қазақ
Абдураимов В. 1980 өзбек
Шаджиков Ш. 1979 Әзірбайжан
Файлдағы қазақтар саны анықтау керек. әр жолдық қатардағы 26 - 35 дейінгі ұлттың мәнін ғана тексеретін болсақ та, тексті файл тізбекті түрде оқылатын болғандықтан бастапқы мәндерге сәйкес айнымалыларды анықтау керек:
Var Fam: String[20] ; Ut: string[9] ; X: string[1] ;
N, TJ:Word; F: text;
Begin n:=0; Assign(f, ’c:\tp7\ank. dat’) ;
Reset(f) ; {файлды оқу үшін ашылды}
While not eof(f) do {файл біткенше қайалау}
Begin
Readln(f, Fam, TJ, X, Ult) ; {анкетаның 3 өрісінің оқылуы}
{х-ке 25-ші байт оқылады}
If ult=’қазақ’ then N:=N+1 end;
Close(f) ; Writeln(‘қазақтар саны:’ N:4) End.
Программада файлдың әр қатарының 3 өрісінің мәні енгізіледі де, қалған өрістер маркерімен қоса ескерілмейді. Келесі қатарды оқуға өтеді. Қатардың ішіндегі сандық айнымалы мәндері бос орынмен яқталады (Қатардың 25-ші позициясы) .
2-мысал. Kitap - деп аталатын текстік файлдағы тексті беттерге бөліп, арасына бет нөмерін және бос қатарлар қосу керек. Есептің шартына сәйкес қатарлар қосылған файлды Х-деп атап, құралған файлды жауып, Kitap - файлы жойылады. Ал Х файлының атауын Kitap - деп, өзгертіледі.
Әдеттегідей кітап бетіндегі текстің әр қатарында шамамен 57-60 символ, ал қатар саны 40 деп алынсын.
Program Example2;
Var f, k:integer; F1, F2:текст {екі файлдық айнымалы анықталады}
S: string[60] ; {қатар}
Bet: string[5] ; {бет номері}
Begin
Assign (f1, ’c:\Kitap’) ; Assign(f2, ’c:\x’) ;
Reset(f1) ; Rewrite(f2) ;
While Not Eof(f1) do
Begin j:=1; k:=1; {к - бет саны есептегіші}
{файлдан файлға қатар көшіру циклі}
Repeat Readln(f1, s) ; Writeln(f2, s) ; j:=j+1;
Until(j>40) or EOF(f1) ;
If Not Eof(f1) Then begin for j:=1 to 5 do
Writeln(f2) ;
{бос 5 қатар}
k:=k+1; Bet:=Str(K) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz