Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде


Мазмұны

Кіріспе . .
11
Кіріспе . .: 1
11: Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қылмыстық іс қозғаудың мәні мен түсінігі
Кіріспе . .: 1. 1
11: Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні . . .
15
Кіріспе . .: 1. 2
11: Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар . . .
23
Кіріспе . .: 1. 3
11:

Сотқа дейінгі отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу

модельдері және маңызы . . .

31
Кіріспе . .: 2
11: Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер
Кіріспе . .: 2. 1
11: Қылмыстық іс қозғау себептерінің мәні, маңызы және мінездемесі . . .
36
Кіріспе . .: 2. 2
11: Қылмыстық іс қозғаудың негіздері . . .
42
Кіріспе . .: 2. 3
11: Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері . . .
44
Кіріспе . .: 3
11: Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
Кіріспе . .: 3. 1
11: Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексерудің әдістері және мерзімі . . .
50
Кіріспе . .: 3. 2
11: Қылмыстық іс қозғау сатысындағы қабылданатын шешімдер . . .
55
Кіріспе . .: 3. 3
11: Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау . . .
59
Кіріспе . .: Қорытынды . . .
11: 67
Кіріспе . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
11: 71

Аннотация

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қылмыстық іс қозғау - алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде».

ЮМ 08 - 1к2 тобының студенті Жұмабаева Береке.

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Бұған қоса, жұмыста осы салада қолданыста жүрген заңды тәжірибелік және теориялық тұрғыда бағалау және оны бұдан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтылған.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Жұмыстың көлемі 74 бет.

Қолданылған әдебиеттер саны 68.

Студент

(қолы)

Нормативтік құқықтық сілтемелер

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: ЮРИСТ. Республикалық референдумда қабылданған 30 тамыз 1995 жыл.

2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: Жеті Жарғы, 13 желтоқсан 1997 жыл.

3 Қазақ КСР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1959 ж. - Алматы: Қазақстан, 1984 жыл.

4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 жыл. - Алматы: ЮРИСТ.

5 Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы. 21 желтоқсан 1995ж. ; 9 тамыз 2010 ж. №346 - 11 ЗРК.

6 Инструкция «О порядке приема, регистрации, учета и рассмотрения заявлений, сообщений, жалоб и иной информации о преступлениях», Генеральная Прокуратура Республики Казахстан 06. 07. 2009 г. №10616.

Анықтамалар

Ақтау үкімі - соттың ақтау үкімімен сотталушының қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде қылмыстың жасалуына оның кінәсыздығын соттың танитын және жариялайтын үкім.

Алдын-ала тергеу - уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

Анықтау органы - қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына: заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолданатын уәкілетті орган.

Анықтаушы - өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

Инвентаризация (лат. inventarium) - мүліктің, ақша құжатының сақталуын, өзара есеп айырысудың дұрыстығын тексеру. Инвентаризация ұрлық, тонау, қарақшылық, өрт қою, біреудің мүлкін уақытша иелену және т. б. қылмыстарды тергеуде кеңінен қолданылатын әдіс.

Жеке, жеке-жариялы және жариялы айыптау істері - жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптаудың жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылуы.

Конституция - қоғамның негізгі тәртібін бекітетін мемлекеттің ең басты заңы.

Кінәсін мойындап келу - әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда, адамның өзі жасаған қылмысы туралы ерікті мәлімдеуі.

Қаулы - соттың үкімнен басқа әр түрлі шешімдері, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қабылданған шешімдері.

Қылмыс - Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес, жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Қылмыстық іс - жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу органы мен сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу.

Қылмыстық ізге түсу органы - прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы.

Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту - қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралар - сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:

1) есі дұрыс емес жағдайда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған;

2) қылмыс жасалғаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған;

3) қылмыс жасаған немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін;

4) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы - Республика Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.

Прокурор - өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.

Рақымшылық (Амнистия; грек. amnestia) - белгілі бір адамдар категорияларына қатысты жоғары билік актісімен жүзеге асырылатын сотпен сотталған адамдардың жазасын жеңілдету және жазадан босату, қылмыстық қудалаудан босату, жазасын өтеп келген адамдардың соттылығын алып тастау.

Ревизия - кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін олардың алғашқы ақша құжаттарын және бухгалтерлік жазбаларын зерделеуге негіздей отырып тексеру.

Сот-психиатриялық сараптама - сот психиатриясы саласында арнайы танымдарды талап ететін мәселелерді шешу үшін тағайындалатын сот сараптамасы.

Фальсификациялау (Фальсификация; ағыл. falsification) - 1) бір нәрсені жалған жасау; дұрыс нәрсені бұрмалау; 2) сыртқы түрін сақтай отырып, өткізу заттарының сапасын нашарлатып пайдақорлық мақсатпен өзгерту.

Қысқартулар мен белгілер

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР К - Қазақстан Республикасының Конституциясы

ҚазКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚІЖК - Қылмыстық іс жүргізу кодексі

ҚК - Қылмыстық кодекс

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

РФ - Ресей Федерациясы

ІІМ - Ішкі істер министрлігі

ІІБ - Ішкі істер басқармасы

ІІО - Ішкі істер органдары

ҚІ - қылмыстық іздестіру

ЖІҚ - жедел іздестіру қызметі

ЖІШ - жедел іздестіру шаралары

т. б. - тағы басқа

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіп пен жан-жақты тәуелділіктен кейін Қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды Заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжат қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды, яғни еліміздің тәуелді, егеменді болып жарияланғанына 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында елімізде бірнеше күрделі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде Республикамыздың құқықтық жүйесі қалыптасып, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Ал қазіргі кезде, құқықтық мемлекет болғаннан кейін сол құқықтық жүйені одан әрі жетілдіріп, дамытуымыз керек.

1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітіп берді. Оның 1-бабында айтылғандай: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды» [1] . Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық.

Құқық қорғау органдарының тәжірибесінде негізсіз ұстау мен қамауға алу фактілері, адамдарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері түбегейлі түрде жойылуы керек. Сонымен қатар, дамыған, өркениетті ел боламыз десек, қылмыспен күресіп, оның деңгейін төмендету шараларын жүргізу алға қойған міндеттеріміздің ең негізгілерінің бірі болуы тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев негізгі мәселелердің бірі ретінде құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру болып табылады және бұл мәселені ең басты азаматтардың құқықтары мен бостандақтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек деп айтты [2] .

Қылмыстың алдын алу, оны болдырмау, қылмыскерді жауапкершілікке тарту, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қылмыстық процестің, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы болып табылатын қылмыстық іс қозғаудың орны ерекше. Бұл сатысыз ешбір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілмейді. Қылмыстылықпен күресуде қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық іс қозғау туралы шешімдері маңызды орын алады. Құқық қорғау органдарының осындай шешімдерді дұрыс қабылдауы қылмыстың алдын алу, оны келешекте болдырмау және қылмысты ашуға елеулі әсерін тигізеді.

Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері - қылмыстың бетін тез арада және толық ашу, кінәлі адамдарды әшкерелеп, жауапкершілікке тарту, заңның, нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және іс бойынша әділ шешім шығару болып табылады [3] .

Сондай-ақ сатының негізгі міндеті қылмыстық іс қозғауға қажетті мән-жайлардың бар жоғын анықтау болып табылады.

Осы міндеттерді орындауда қылмыстық іс қозғау сатысының ролі үлкен.

Бұл мен таңдаған тақырыптың өзектілігін белгілеп, маңыздылығын көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы диплломдық жұмыстың көздейтіні қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғау мәселелерін зерттеу мен теориялық ой-өрістен өткізуді заңдардың ережелері мен қылмыстық іс жүргізу ғылымының, анықтау мен тергеу, прокуратура тәжірибесінің мәселелерін салыстырмалы түрде қарастыру болып табылады.

Көзделген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер алға қойылады:

1) қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық істі қозғау сатысының маңыздылығын анықтау, оның басқа сатылармен ара-қатынасын ашу;

2) қылмыстық істі қозғаудың түсінігі мен маңызының мәнін және мағынасын айқындау;

3) қылмыстық істі қозғаудың процессуалдық тәртібінің маңызын сипаттау;

4) қылмыстық істі қозғаудың теориялық және практикалық маңызын ашу, сондай-ақ осы мәселеге қатысты дүниежүзілік тәжірибенің сапалы деңгейімен салыстыру жасау.

Дипломдық зерттеудің объектісі мен пәні. Зерттеудің объектісі - қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңыздылығы, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау барысында туындайтын даулы мәселелер болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні - қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың мәні және маңызы болып табылады.

Дипломдық зерттеуде қылмыстық іс қозғаудың түсінігі және мәні, қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстық іс жүргізу заңнаманың дамуы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың тізімі көрсетілген, яғни олардың құқықтары мен міндеттері және өкілеттіктері айқындалып, қылмыстық іс қозғау себептерінің мән-маңызын, қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен іс қозғаудан бас тартудың негіздерінің түсінігін анықтауға сараптама жүргізіліп, қылмыстық процестегі қылмыстық іс қозғаудың тәртібіне процесуалдық сипаттамасы беріліп, қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың қызмет ерекшелігі зерттеледі.

Бұған қоса, жұмыста осы салада қолданыста жүрген заңды тәжірибелік және теориялық тұрғыда бағалау және оны бұдан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтылған.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Заң ғылымында қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қарастырылады. Бірақ, кейбір авторлардың айтуы бойынша, қылмыстық істі қозғауды дербес саты ретінде қарастыру даулы мәселелердің қатарына жатады. Бұл түсініктің көптеген анықтамалары зерттеліп, заңгер ғалымдардың көпшілігінің назарын аударып келген мәселе. Қаралып отырған құқық институтының күрделілігін анықтауды келесіде аталатын ғалым заңгерлер өз еңбектерінде зерттеген. Мысалы, Алиев М. М., Әлдекеев А. Ә., Бегалиев К. А., Быков Л. А., Вандышев В. В., Гуценко К. Ф., Дюрягин И. Я., Жогин Н. В., Карнеева Л. М., Лившиц Ю. Д., Ломидзе А. Б., Лютиков Н. Е., Мамутов А. М., Маслов Н. В., Михайленко А. Р., Нәрікбаев М. С., Нұралиева А. С., Оспанов С. Д., Рахунов Р. Д., Рыжаков А. П., Савицкий В. М., Сарсенбаев Т. Е., Сотников Н. И., Строгович М. С., Сүлейменова Г. Ж., Төлеубекова Б. Х., Терентьев Д., Халиқов К. Х., Химичева Г. П., Шифман М. М., және басқа да көптеген ғалымдар өз еңбектерін арнаған.

Осы аталған ғалымдардың еңбектері дипломдық жұмысқа елеулі теориялық база болды.

Алайда, Қазақстан Республикасында қылмыстық істі қозғау мәселелері қылмыстық іс жүргізу ғылымында аз зерттелген. Осыған байланысты, дипломдық зерттеуде қылмыстық істі қозғаудың маңызды жақтарын қарастыру мен мәнін ашуды, мән-мағынасына қарай жіктеп және олардың жетілдіру жақтарын қарастыруды мақсат етіп қою.

Жұмысты зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізін жекелей құқықтық құбылыстарды тануға жәрдемдесетін материалистік диалектиканың заңдары мен категориялары құрады.

Дипломдық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін диалектика категориясы, конституциялық және қылмыстық іс жүргізу құқықтарының, сондай-ақ философияның принциптері мен концептуальдық ережелері, соның ішінде таным теориясы да қалайды.

Зерттеудің нормативті-құқықтық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары және Қазақстан Республикасы мен алыс-жақын шет елдердің өзге де заңдық, нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ, халықаралық құжаттар болды.

Зерттеу барысында құқықтың жалпы теориясы, таным теориясы, конституциялық құқық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқықтары, криминалистика, тағы басқа салалары бойынша тиісті әдебиеттер қолданылды.

Дипломдық зерттеуді жазу барысында, мен - танымның жалпы ғылыми әдістерін, ғылыми сараптау мен жинақтау әдістерін, тарихи әдіс және арнайы әдістерді (ресми-заңдық әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс, логикалық, статистикалық және социологиялық әдіс) қолдандым.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік құндылығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа заңдарын (Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық кодексі, т. б. ) талдаудың нәтижесінде ондағы оңынан істелінген нормалары, сондай-ақ жетіспеушіліктері (кемшіліктері) және осының негізінде тиісті заң нормаларын жетілдіру мәселесіне арналған өзіндік теориялық зерттеулердің алғашқыларының бірі.

Қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретіндегі қылмыстық іс қозғаудың негіздеріне және процессуалдық тәртібіне түсінік беріліп, олардың мәні мен мағынасы айқындалады.

Дипломдық жұмыстың белгілі бір дәрежедегі ғылыми жаңашылдығы - оның отандық заң ғылымдары әдебиетінде аз зерттелген тақырыпқа арналғандығында жатыр.

Зерттеудің тәжірибелік құндылығы - ондағы келтірілген қорытындылар мен ұсыныстар мұнан кейінгі қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс қозғау қызметін құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулерге негіз бола алатындығында.

Бұған қоса, зерттеудің теориялық жайлары мен қорытындылары - «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Прокурорлық қадағалау» пәндерін меңгеру және оқыту процесі барысында пайдаланылуы мүмкін.

1 Қылмыстық іс қозғау қылмыстық процестің дербес сатысы ретінде

1. 1 Қылмыстық істі қозғаудың түсінігі және мәні

Қылмыстық істі қозғау - қылмыстық іс жүргізудің міндетті, бастапқы және дербес сатысы болып табылады. Бұл сатыда құзыретті органдар мен лауазымды тұлғалар жасалған немесе жасалуға дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтер бойынша, қылмыстық іс қозғауға негіздердің бар, жоқтығын анықтап алғаннан кейін, қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Онда қылмыс іздері анықталады, бекітіледі, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ескерту шаралары қолданылады. Сонымен қатар, қылмыстық істі қозғауға құзыретті лауазымды тұлғалар тек қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарғаннан кейін ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген нормаларға сәйкес қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

Аталған сатының болуы заңды және негізді алдын ала тергеудің басталуын, қылмыстық процесс қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарын шектейтін процесуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудағы әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Бұл сатыда қылмыстық қудалау органдары нақты іс бойынша іс жүргізуге қажетті мәліметтердің бар немесе жоғын анықтап, қылмыс белгілерінен тұратын анықталған фактілер бойынша әрекеттер жасау қажеттілігі және осыған орай сот төрелігі органдарының араласуы сияқты бірқатар мәселелер шешіледі.

Қылмыстық істі қозғау - ол өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың қылмыстық іс бойынша өндірісті бастауға себептер мен негіздердің бар не жоғы жөнінде мәселелер шешілетін қылмыстық процесс сатысы.

Қылмыстық істі қозғау сатысы - қылмыстық іс жүргізуде үлкен әрі маңызды роль атқарады. Оның маңыздылығын біз мынадан байқауымызға болады:

  • қылмыстық іс бойынша өндірісті заңды, негізді және уақытында бастау қылмыстық істі жан-жақты, толық және объективті қараудың бірден-бір кепілі болып табылады;
  • қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар іс бойынша процессуалдық шешім қабылдауға, соның ішінде дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуге қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана құқылы;
  • қылмыстық істі қозғауға себеп болған жағдайда, бұл саты барлық қылмыстар бойынша міндетті болып табылады;
  • қылмыстық іс қозғау туралы шешім қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сай дайындалуы керек.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қылмыстық ізге түсу органдары нақты істі қарау мен тергеуге бағытталған процесуалдық әрекеттерді жүргізуге және азаматтарға процесуалдық мәжбүрлеу шараларын: тінту, алу, куәлардан жауап алу, тексеру, куәландыру, эксгумация және өзге де тергеу әрекеттерін қолдануға құқылы әрі міндетті болады. Бұл қылмыстық іс қозғау сатысының процесуалдық-құқықтық немесе заңды мәнін білдіреді.

Қылмыстық іс қозғау сатысы саяси мәнге де ие болады. Іс қозғау туралы мәселені дұрыс және жылдам шешу құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығайуына, қылмыспен күресу шараларын өткізуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ескерту шараларын қолдануға өз әсерін тигізеді. Бұл мәселені мұқият қарау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қылмыстық істердің негізсіз қозғалуы орын алмас еді.

Қылмыстық ізге түсу органдары өздеріне мәлім болған қылмыстың кез келген фактілерін жылдам қарауға, тексеруге және қажетті жағдайларда қылмыстық істі қозғауға міндетті болады.

Қылмыстық істі заңсыз, негізсіз қозғау адамдардың құқықтарының шектелуіне, заңсыздыққа әкеледі; қылмыстық істі уақытында қозғамау қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жойылуына, қылмыскердің бой тасалап кетуіне, соңыра қылмыстың ашылмауына, т. б. келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.

Қылмыстық іс қозғау сатысы - қылмыстық процестің дербес сатысының бірі. Сондықтан ондағы мәселелер дер кезінде және дұрыс шешілуі тиіс.

Аталған сатыда тиісті лауазым иелері болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаларды ғана қабылданып қоймай, қылмыстық іс қозғау немесе одан бас тарту туралы дәлелді шешімдерді де қабылдайды. Қылмыстық іс қозғау сатысының жеке дара сипатқа ие болуы ондағы қылмыстық процесуалдық қызметтің жүзеге асырылуы мен әрбір қылмыстық істің осы сатыдан басталатындығынан көруге болады [4, 18] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
Алдынала тергеудің жалпы шарттары
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар
Қылмыстық іс қозғау жайлы
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz