Локальды желі



Мазмұны
Кіріспе 3
1 Желі ұғымы 4
1.1 Компьютерлік желілердің түрлері 4
1.2 Жергілікті желі 6
1.3 Желілік техникалық құралдар 8
2 Локальді желілік топологиялар мен технологиялар
2.1 Негізгі желілік топологиялар 9
2.2 Желілік технологиялар 11
2.3 Ethernet технологиясы 12
3 Локальді желілерге арналған чат жүйесі 15
3.1 Weв.сервердің құрылымы мен құрамы 15
3.2 Чат қосымшасының жұмысын сипаттау 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22
Қосымша 23
Кіріспе
Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр.
Локальды және глобальды желілерде ақпаратты жылдам өткізу үшін көптеген технологиялар жасалынған.Осы жасалынған технологиялардың ішінен Ethernet озып шықты. Gigabit Ethernet және Fast Ethernet технологияларының пайда болуының арқасында жоғары деңгейдегі локальдық желілердің пада болды. Қазіргі Ethernet 10 Мбит/с ал Fast Ethernet 100 Мбит/с ал Gigabit Ethernet 1000 000 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Ethernet жұмысы үшін арнайы желі адаптерлері, концентраторлар ЦТР кабелі немесе оптикалық талшықты кабельдермен қатар 10 және 100 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейтін комбинацияланған құрылғы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Гусев Д. Технологии беспроводного доступа: Справочник. Спб.: БХВ Петербург, 2002.
2.Гук М. Аппаратные средства локальных сетей: Энциклопедия Спб.: Питер, 2000.
3.Қазақстанның, ТМД-ғы елдері телекоммуникациялық компаниялар мен басты жабдық өндіруші фирма өкілдіктерінің сайттары.
4.C.В.Коньшин. З.З. Закижан. Сымсыз байланыс технологиялары. 050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған лекциялар конспекті. – Алматы: АэжБИ, 2006.- 39 б.
5. Интернет ресурсы.
6. Радиосвязь/ Под ред. О.В.Головина. – М: Горячая линия - Телеком, 2001.
7.Телекоммуникационные системы и сети: Учебное пособие. Том 2. – Радиосвязь, радиовещание, телевидение/ Катунин Г.П., Мамчев Г.В., Попантонопуло В.Н., Шувалов В.П.; под ред. Шувалова В.П. – Изд.2-е, испр. И доп. – М:Горячая линия – Телеком, 2005.
8. C.В.Коньшин. З.З. Закижан. Сымсыз байланыс технологиялары. 050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған лекциялар конспекті. – Алматы: АэжБИ, 2006.
9. Печаткин А.В. Системы мобильной связи (1часть).- Р.: РГАТА им. П.А. Соловьева, 2007
10. Карташевский В.Г. и др. Сети подвижной связи/ Карташевский В.Г., Семенов С.Н., Фирстова Т.В. – М: Эко- трендз, 2001.

Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрлігі
С.Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті

Кафедра____________________________ _______________________

Есеп

Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ _______________________

Орындаған:____________________
Тексерген:_____________________

Астана қ.
2013ж

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Желі ұғымы 4
1.1 Компьютерлік желілердің түрлері 4
1.2 Жергілікті желі 6
1.3 Желілік техникалық құралдар 8
2 Локальді желілік топологиялар мен технологиялар
2.1 Негізгі желілік топологиялар 9
2.2 Желілік технологиялар 11
2.3 Ethernet технологиясы 12
3 Локальді желілерге арналған чат жүйесі 15
3.1 Weв-сервердің құрылымы мен құрамы 15
3.2 Чат қосымшасының жұмысын сипаттау 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22
Қосымша 23

Кіріспе
Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт - азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр.
Локальды және глобальды желілерде ақпаратты жылдам өткізу үшін көптеген технологиялар жасалынған.Осы жасалынған технологиялардың ішінен Ethernet озып шықты. Gigabit Ethernet және Fast Ethernet технологияларының пайда болуының арқасында жоғары деңгейдегі локальдық желілердің пада болды. Қазіргі Ethernet 10 Мбитс ал Fast Ethernet 100 Мбитс ал Gigabit Ethernet 1000 000 Мбитс жылдамдықта жұмыс істейді. Ethernet жұмысы үшін арнайы желі адаптерлері, концентраторлар ЦТР кабелі немесе оптикалық талшықты кабельдермен қатар 10 және 100 Мбитс жылдамдықта жұмыс істейтін комбинацияланған құрылғы керек.

1 Желі ұғымы
1.1 Компьютерлік желілердің түрлері
Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан,бірақ бір компанияға немесе фирмаға,мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады.Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады. Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды.Оның мынадай ерекшеліктері бар:
-құжаттарды бірге пайдалану;
-құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ,жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға,түзетуге,түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
-компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
-сервердегі қодлданбалы программалармен оңай байланысу;
-қымбат тұратын қорларды - принтерлерді,CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын,қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолдданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т.б.
Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасындла атқара алады.Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен скөлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтықтармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып,сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
- электрондық пошта рақылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;
- Интернетпен байланысу
Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыры( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама(протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі. Желі топологиясы негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын анықтайды.
Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. Желілік программалық құралдар-компьютерлік желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы.
Протоколдар - желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

1.2 Жергілікті желі
Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Бірнеше мысал келтірелік:
* Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды.
* Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі - бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы - шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек.
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http:www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы - http:www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы - http:www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz - Қазақстан, .ru - Ресей, .ua - Украина, .uk - Ұлыбритания, .fr - Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com - коммерциялық ұйымдар, .org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu - білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады. Провайдер -- бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.
Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады. Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал: Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы - уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу - бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі - кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Қызметтер құны осы аталған факторларға және Сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.

1.3 Желілік техникалық құралдар
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады:
Ақпараттық құралдар:
-кабельдер;
-серверлер;
-желілік интерфейс тақшалар(NIC,Network Neterface Card);
-концентраторлар;
-аймақтық тармақталңан желілер үшін бағдарлауыштар
(маршуртизаторлар);
-аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;
-аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер;
Серверлер. Клиент\ сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютерлер болып табылады. Бұған қоса серверлерде желілік операциялық жүйе (NOS,Network Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғылард(принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Nerwork Operatibg System)үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас жүру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол модулятор\демулятор сөздерінің шыққан түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрленеді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

2 Локальді желілік топологиялар мен технологиялар
2.1 Негізгі желілік топологиялар
Локальді желі(Локальная сеть; LAN). Шағын территорияны қамтитын (мекеме, кәсіпорын) және объектілер арасында сәйкесінше қысқа (500 метрден артық емес) байланыс желілерін пайдаланатын мәліметгерді тарату желісі.
Локальді желі пайдаланушылардың жұмыс орындарын және периферийлі құрылғыларды бір желінің басқарылуымен жұмыс істейтін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. Қысқа арақашықтықтар мәліметтерді жоғары жылдамдыкта (100 Мбитс) таратып жеткізуді және нақты уақыт режіміндегі қызметтердің кең жиынын ұсынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Негізгі желілік топологиялар.Желініс атқаратын қызметіне қарай топологиялардың мынандай түрлері болады:
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осы тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желіні жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.(2.1-сурет)
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның ерекшелігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.(2.2-сурет)
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Таратылған мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.(2.3-сурет)
Желілік программалық құралдар
Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:
- желілік операциялық жүйеден,
-желіні басқару программалық құралдарынан тұрады. Желілік операциялық жүйе(NOS, Nerwork Operating System)-желіге қосылғанәрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Олқелілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағвлап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауд(маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows NT, UNIX, Macintosh немесе OS2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып ,керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады.Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орнласады да,қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап,ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін айқындап отырады.Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып,каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп,желіні басқару функциясын жүзеге асырады.Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server,Novell Netware,Banyan Vines тәрізділер жатады.
Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау,басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады.Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын,желіні жеке иеленудің (TCO Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.
Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады,осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді.Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады.Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сиқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтырдың алдын алып отырады.

2.2 Желілік технологиялар
Желілік орта дегеніміз - компьютерлерді желіге біріктіру технологиясы. Ethernet - жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі.Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп,мәліметтерді 10Мбитс жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады.Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса,онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап,олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады.Бұл схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда,тиімді болып саналады.Тұтынушылар саны ұлғайған кезде бұл желініңжұмысы тиімсіз бола бастайды.Мұндай жағдайды тұтынушыларды шағын топтарға бөліп,сегменттер санын арттыру ең тиімді (оптимальды) тәсіл болып табылады.Соңғы кездерде әрбір үстелдегі компьютерлік жүйеге 10 Мбитс жылдамдықты арнайы бөлінген арна беру ісі қалыптасып келеді.Мұндай тенденция онша қымбат емес Ethernet комутаторларының бар болуына байланысты қалыптасқан. Ethernet желісінде тасымалданатын пакеттер әртүрлі көлемде бола береді. Fast Ethernet желісінде ағымдағы арнаны бақылай отырып,көпарналы қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMACD Carrier Sense Multiple Acces with Collision Detection) айқындай алатын Ethernet технологиясы қолданылады.Бұл екі технологияларда ІЕЕЕ 802.3 стандартына тнегізделген осыған орай осы екі типтегі желілерді жасау кезінде (көбінесе) бірдей кабель типтерін,ұқсас желі құрылғыларын және біріңғай қолданбалы программаларды пайдалануға болады. Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100Мбитс жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады.
Gigabit Ethernet желілері Ethernet және Fast Ethernet желілерінің ифрақұрылымымен үйлеседі,оның үстіне олар Fast Ethernet желілеріне қарағанда 10 есе артық,яғни 1000Мбитс жылдамдықпен жұмыс істей алады. Gigabit Ethernet желілері негізгі желілердің қысылшаң орындарын болдырмайтын мықты шешім болып саналады. Қысылшаң орындар тасымалдау арналарының өткеру алабына сезімтал қолданбалы программаларға байланысты және интражелілер мен мультимедиалық программалардың трафиктері ағынының шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды. Gigabit Ethernet желісі Ethernet және Fast Ethernet жұмыс топтарын біртіндеп жаңа технологияға көшіру тәсілі болып табылады. Мұндай тәсіл - олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп,жоғары жұмыс өнімділігіне тез қол жеткізу мүмкіндігі.

2.3 Ethernet технологиясы
Ethernet (англ. ether -- эфир) -- кең тарататын жүйе. Ethernet бұл бүгінгі күнгі ең таралған локальды желінің стандарты. Ethernet бұл желілік стандарт. 1975 жылы Xerox фирмасымен құрылған және шығарылған. 1980 жылы Dec Intel және Xerox бірігіп желі үшін Ethernet стандартының екінші версиясын шығарды, сондықтан Ethernet стандартының фирмалық версиясын Ethernet Dix немесе Ethernet 2 стандарты деп аталады. Ethernet Dix стандартына сәйкес IEEE 802.3 стандарты құрылды, олар бір-бірімен ұқсас. Ethernet Dix-те конфигурациялық тестілеу протоколы анықталады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автотранспорттық мекемедегі ақпараттық жүйені ұйымдастыру
Серверлік локальды желілер
Internet және интернет серверлері
Локальді есептеу желілерін құрастыру
Локальды желілер
Локальды есептеу желілері
Локалды желілердің эволюциясы
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Жылжымалы радиобайланыс жүйелері
Компьютерлік желілер концепциясы
Пәндер