Қазақ киіз үйі


Мазмұны
Kipicпе . . . 3
I-тарау. КИІЗ ҮЙДІҢ ГЕНЕЗИСІ . . . 8
II-тapay. КИIЗ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЬIМЫ . . . 23
Қорытынды . . . 34
Әдебиеттер тiзiмi . . . 36
KIPICПE
Тақырыптың өзектілігі.
Егеменді еліміздің өзен-сулардың бойына, күнгейлі жылғалар мен шатқалдарға орналаскан үй-жайларына қарап, олардың жергілікті жағдайға қарай бейімделіп ғұмыр кешкендерінен мағлұмат аламыз. Ондай деректер халқымыздың тарихында орын алып жүрген кейбір қате пікірлерге мойын бұрғызбас дәлел бола алады. Ондай пікірлер халқымыздың жартылай отырықшы елдігіне, тұрақ-жайлардың болганына, тек opыc елімен көрші жатқан жерлерде ғана үй-жай салып, жартылай отырықшы ел бола бастаған немесе егіншілік кәсіппен мүлдем айналыспаған, жерге деген меншіктік құқығы болмаған ел, қолөнері жете дамымаған, үй тұрмысында қажетті киім-кешек, ыдыс-аяқ үлгiлepiнiң кемшіліктері көп деген сияқты халқымыздың тарихындағы болган жағдайларға шүбә келтірушілікті жеріміздегі отырықшы өмірді көрсететін тұрақты елді-мекендердің орындары, бүгiнгi күнге жеткен зергерлік әшекей бұйымдар мен киім-кешек, ыдыс-аяқ үлгілерін жоққа шығарады.
Әр елдің, әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшелігі, ұлттық мәдениеті мен орны бар екендігі белгілі. Әлемдік өркениет саласындағы әр халықтың денгейі де сол мәдени жетістіктермен өлшенеді. Ал coл халықтың мәдениеті жерінің физикалық-географиялық жағдайымен байланысты болып келеді. Қазақ халқының да мәдениеті тұтастай сол факторлармен байланысты. Елiмiздiң заттай мәдениетiнiң тарихы сонау ерте дәуiрден сақ, ғұн заманынан бастау алады. Ceбeбi қолөнер бұйымдарымызда, ою-өрнек, ыдыстарымызда сақтар мәдениетiнiң сарқыншақтары көрiнiс тапкан. Қазақтың заттай мәдениетiне байланысты, әcipece соңғы кезде жаңа тұрғыдағы зерттеулердiң шығуына байланысты мәселенiң қаншалықты маңызын жоймағандығын байқауға болады. Бүгiнгi уақытта қазақ мәдениетiн, салт-дәстүр, салт-санасын зерттеудiң маңызы өте зор. Қазақтың бүriнгi күнгi мәдениетi мен бұрынғы дәстүрлi мәдениетiн салыстыра отырып зерттеу өте қажет. Бұл тақырыптың өзектi мәселелердiң бipi екендiгiн көрсетедi.
• Тақырыптың деректiк көзi мен зерттелу деңгейi. Қазақ халқының дәстүрлi мәдениетi ерте кезеңдерден бастап зерттелу үстiндегi мәселелердiң бipi болған. Қазақстан жерiне келген ең алғашқы елшiлер, саудагерлер, дипломат немесе отарлау әкiмшiлiгiнiң шенеунiгi болсын қазақ мәдениетiнiң сипаттамаларын қалдырып кеткен. Қазақ жepiнiң ежелгi дәуiрдегi тарихи тұрғындарының өмipi туралы алғашқы деректердi грек, парсы және Қытай елдерiнiң жазба деректерiнен бiлемiз.
Бip қуанарлық жағдай XV-XVI ғ. ғ. халқымыздың тарихына байланысты деректер қазақ тiлiнде жарық көре бастады. Әcipece, ортағасырлық ғұлама Махмуд Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» атты еңбегiнде түрiктердiң заттай мәдениетiне байланысты құнды мағлұматтар бар. 1 Халқымыздың соңғы ортағасырдағы тарихын зерттеуде аса құнды деректiң бipi Фазаллах ибн Рузбихан Исфаханидың «Михман наме-ий Бухарасы» болып табылады. Деректе қалалар маңындағы және Сыр бойындагы қазақтардың киiз үйлерi мен қыстақтары туралы мәлiметтер бар 2 . Жалпы XV-XVII ғ. ғ. қазақтар туралы, олардың мәдениетi, экономикасы, салт-санасы жағынан көптеген алуан түpлi хабар беретiн, бұдан асатын дерек әзiрше жок десек қателеспеспiз. Сонымен қатар еуропалық бiлiм алып өз халқының тарихын жазуда үлкен үлec қосқан Ш. Уалиханов Ы. Алтынсарин 4 , Х. Қостанаев, Р. Карутцтың 6 және т. б. еңбектерiнде қазақ мәдениетiне байланысты көптеген мәлiметтер бар.
Революциядан кейiнгi қазақтардың мәдениетiне байланысты мәлiметтердi жинақтау неғұрлым жүйелi түрде қолға алына бастаган. 1930 жылдары КCPO FА-ның Этнография институты құрылды. Институттың көрнектi ғалымдары С. П. Толстов, С. М. Абрамзон, Б. Х. Кармышева, Т. А. Жданко, Г. П. Снесарев, К. Л. Задыхина, М. В. Сазонова, А. С. Морозова, Г. Н. Васильева, В. П. Курылев, т. б. қазақ халқының мәдениетiн зерттеуде көп үлес қосты.
1945 ж. Республикамыздың Ғылым академиясы Ш. Ш. Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты құрылды. А. Х. Марғұлан, В. В. Востров з , И. В. 3ахарова, 4 Х. А. Аргынбаев 5 , Х. А. Қуанова б , М. С. Муқанов сынды ғалымдар бiз зерттеген тақырыпқа байланысты этнографиялық ғылыми саласынан бiраз еңбектер шығарды.
ҚP Fылым академиясы Ш. Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары жазып шығарған «Қазақтар: Тарихи этнографиялык зерттеу» атты енбекте қазақ мәдениетiнiң тарихына кеңiрек шолу жасалынып, ғылыми тұрғыдан мағлұматтар жан-жақты жаңа мағлұматтар берiлген.
Сондай-ақ, С. Касимановтың 9 , Ә. С. Тажiмұратовтың 2 , Н. Ж. Шаханованың және т. б. еңбектерi қазақ халқының заттай мәдениетiн, сонымен қатар дәстүрлi киiз үйiн терең суреттейдi.
Сонымен бiз жоғарыда қазақ халқының заттай мәдениетiне ұқсататын киiз үйдiң тарихын ежелгi дәуiрден бастап, бүгінгi күндегi сөз болған тарихи еңбектер мен зерттеушi ғалымдарға қысқаша болса да тоқталып өттiк. Алайда жазылған барлық еңбектердi 2 дерлiктей қамтыдық деп айтудан аулақпыз. Ceбeбi oл мүмкін емес. Өйткенi осы тақырыптың зерттелуi өз алдына бip жеке мәселенiң жүгi демекпiз.
Бiтiру жұмысының мақсаты мен мiндеттерi.
Бiтipy жұмысының алдына қойған мақсаты - қазақ халқының заттай мәдениетiне, оның iшiнде тұрақтар мен киiз үйдiң тарихына жан-жақты мүмкiндiгiнше ашып баяндау мiндеттерiн алдына қояды. Соған байланысты: қазақ мәдениетiне қарасты бұрынғы және соңғы жылдарда жарық көрген арнайы әдебиеттердi зерттеу, оларды меңгеру;
-такырыпқа байланысты деректерге, зерттеулерге талдау жасап, оларды салыстыру;
-қазақ халқының дәстүрлi киiз үйiн дүниежүзiлiк өркениеттiлiк контекстерiнде қарастыра отырып баға беру мен қорытындылау;
-такырыпқа байланысты өзiндiк ой-пiкiр қалыптастыру.
Жұмыстың құрылымы.
Ұсынылып отырған бiтipy жұмысы кiрiспеден, екi тараудан жане қорытынды бөлiмiнен тұрады.
I - ТАРАУ
КИІЗ ҮЙДІҢ ГЕНЕЗИСI
Киiз үй төбесiнiң конус сияқты күмбезденiп дөңгеленген формасына карап, өте ертеде пайда болған, шығыс халыктарының барлығына ортақ, алғашқы көшпелi жылжымалы үй типiнiң бip түpi.
Әр түрлі тарихи себептермен Қазақстан жерінде негізінен діни, ғибадаттық сәулет ескерткіштерінің ғана сақталғаны мәлім. Олардың басым көпшілігінің күмбезді болып келетіні, ал күмбез тұрпатының белгілі мөлшерде тұрғын үйдің жылжымалы түріне ұқсайтыны белгілі. Бұған Маңғыстаудағы Шақпақ-Ата жертөле мешітіннің орталық бөлімінің төбесіндегі шаңырақтан жарық түсетін киіз үйдің уықты күмбезін қайталайтыны, сол сияқты Х ғасырда бой көтерген Бабаджи Хатун күмбезіндегі шатыврлы жабындының кейіннен күмбезді-дарбазалы сәулет өнерін дамытуда кеңінен пайдаланғаны дәлел бола алады. 1 (Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. А., 1992)
Шатырлы жабында жөнінде кесіп пікір айтқан белгілі совер археологы, шығыстанушы А. Н. Бернштам күмбезді-дарбазалы сәулеткерлікте соңынан бүкіл Орта Азия сәулет өнерінің өзегі болған үш нәрсені - құрылыстың күмбезді қаңқасын, портал мен ойма қыштардан құрасытырылған декорды ерекше бөліп қарап, мұндағы күмбез идеясы мен оны тұтас жүзеге асыру көшпелі малшы қауым мекендеген солтүстіктен алмасқан деп есептейді. 2 (Бернштам А. Н. Архитектурные памятники Киргизии. М., 1950)
Сөйтіп жылдар, ғасырлар өте берген. Құрылыс материалдары, жапсарбасы өзгеріп, салынатын жайлардың тұрқы мен құрылымы күрделене берген. Сол кезеңнің үздік жетістіктерінің бірі Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорығындағы Ахмет Йассауи сәулет ғимараты болып табылады. Алты ғасыр бойы құрылыс жұртты өзінің көлемімен, құрылымының мінсіздігімен, сөзбен жеткізе алмайтын бірегейлігімен, қайталансбас әшекейлі нақыштарымен таң қалдыруда. Аспанмен тірескен көк күмбез, мүлтіксіздіктің шегінен көрінетін қырлы күмбез, эпиграфиялық бас құр, полихромды плиталардан құрастырылған төсем, айрықша безендірілген бағаналар күнмен шағылысып ерекше әсер қалдырады.
Тегі, қазақтар киіз үй жасағанда осындай сәулет ғимараттарына ерекше көңіл бөліп, оның салыну үрдісін басшылыққа алған және өздерініңң кең далада мал өсірумен тікелей байланысты өмірі мен тұрмысына қолайлы болуын көздеп, барынша үнемшіл пиғылда болған дей аламыз.
XVI ғасырдан бастап, Қазақ хандығының нығая бастауына байдланысты орталықтандырылған хан өкіметінің күшеюі құрылыс ісін бір шама қарқынды жолға қойғаны мәлім. Әйтседе Орта Азия хандарының толассыз шабуылдары, Жоңғар шабуылы, жергілікті бай-шонжарлар арасындағы алауыздық құрылыс ісін қарыштап дамытуға мүмкіндік бермегендіктен сол дүрбелең кезеңде тұрақты мекен-жаймен қатар жылжымалы жылы үй де кеңінен тарай бастады. Тегінде, бұған даладағы хал-ахуалдың өзі де итермелеген. Өйткені, үнемі толастамаған жау шабуылын қашанда көктем мен жазда күтуге тура келетін. Арқаның қақаған сары аязы мен ызғырық дауылды желі дұшпанды көрер көзге өлімге баратын ессіздіктен сақтандыратын, қорқытатын.
Қайсы бір деректерге қарағанда, қазақта бұрын доңғалақты үйлердің бірнеше түрі болған. Олардың құрылымы, бітімі жөніндде біздің білетініміз кезінде қазақ жерінде болғандардың жазып қалдырғандары. Мысалы, Г. Рубрук ХІІІ ғасырлың ортасында қазақта жиырма екі өгіз жегілетін, шыбықпен өріп, киізбен жабылатын доңғалақты арбалар болғанын айтса, арада жүз жыл өткеннен кейін Дешті Қыпшақта болған Ибн Батута төрт доңғалақты арбаның үстіне қондырылған, жарық т. үсетін терезелері бар киіз үйді көргені жайында жазып қалдырған. Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани XVI ғасырда бірнеше түйені қосарлап жегетін үлкен арабаның үстіне орналасқан, қол өнері дәстүрінде әсемдлген, ағаш қаңқалы киіз үй жөнінде аса құнды мәлімет берген. Доңғалақты киіз үй жайында мағлұмат XVI ғасырдың ортасында Каспий жағасымен жүріп өткен ағылшын А. Дженкинсонның жол жазбаларында да кездеседі.
Доңғалақты арба үстіндегі Үйлердің жылжымалы мекен-жайдың басқа түрлерінен, мысалға, жергге тігілетін киіз үйден айырмашылығы көшіп қонғанда арба үстінен алынбайтынында немесе жығылмайтынында, ал киіз үйді кез келген мезгілде жығып, жинап арбаға немесе түйеге артып бір орыннан екінші орынға алып кетуге болады. Барған эжерде тез қайта құруға да болады.
Кейінірек пайда болған, кзінде жолсапар үйдің міндетн атқарған күймелі арба да тегінде сол кезеңнен қалған мұра болса керек. Бір айта кетін жайт халық дастандарында немесе ертегілерінде, батырлар жырларында суреттелетін күйменің Гильом де Рубрук пен ибн Батута мағлұматтарына өте ұқсас және сәйкес келетіндігі.
Дегенмен доңғалақты арба үстіндегі үйлер көп ұзамай тұрмыста пайдаланудан шығып қалады да XVIІІ-ХІХ ғасырларда қазақтың көшпелі мекенжайының негізгі түрі - киіз үй бола бастайды. Қазақтар, Қоқан хандығы халқының көпшілігін құрайды. Олар Шығанақ көлі мен Ташкент аралығындағы таулы аймақта көшпелі өмір сүредді және патша ағзамына қанша төлесе, ханға да сонша төлейді. Қоқан қазақтарының көпшілігі өте ауқатты адамдар, Түркістанда, тағы басқа жерлерде тұрақты үйлері бар болғанымен онда өздері тұрмайды. 1 (Вамбери А. Путешествие по Средней Азии. СПб., 1865 г. )
Қазақтың киіз үйі өзінің құрылымы жағынан алғанда көшпелі халықтардың бірде-біреуінікімен салыстыруға болмайтын жылжымалы тұрғын үйлердің ең жетілдірілген түрі болып табылатын (Руденко С. И. ) құрастырмалы-кергелі киіз баспаналардың түркі-қыпшшақ үлгісіне жататын нұсқасы. Моңғолдың үйлеріен салыстырғанда әрі биік, әрі күмбезді, сыпайылау болып келеді.
Акдемик А. Х. Марғұлан ағаштан тұрғызылған немесе тас кесектен соғылған үйлерге қарағанда, киіз үйді өзінің ертедегі із ашарларының, яғни күмбезді сәулет құрылыстарының негізгі белгілерін бойына барынша сіңірген баспананың біршама жетілдірілген соңғы түрі деп есептеген. Киіз үй әдемі иіліп жиналатын кереге қанаттарынан, оның күмбезін құрастыратын уықтарынан, шаңырақтан, алып-салмалы маңдайшасы, табалдырығы, босағасы бар «сықырлауық» есіктен тұрған. Мұның бәрі арқан жіптермен, таңғыштармен біріктірілетін де төрт жағынан туырлықпен, сыртынан екі немесе үш үзікпен, шаңырағынаң үстінен түндікпен, есіктің сыртынан желқағармен, яғни киіз есікпен жабылатын болған.
Қазақта молшылық пен сәттіліктің белгісі болып табылған шымқай ақ киізбен жабылған - ақ үй өте қастерленген. 2 (Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. А., 1997 ж. )
Ақ үйдің шағын көлемді түрі отау деп аталып, жаңадан қосылған жас жұбайларға арнайы тігілетін болған. Жорық кезінде тігілетін жолсапар үй үш-төрт қанатты, қысқа уықты, шағыншаңырақты болған. Мұны қазақтар көбіне Абылайша деп а таған.
Малшы қосының кәдімгі киіз үйден айырмашылығы тіп-тіке болып келтін уықтарын жерге қадап, олардың ұшындағы тесіктерге өткізілген жіппен басын қосып байлай салатынында. Қос екі туырлықпен ғана жабылатын болған. Бұндай қосты көбіне жылқы бағушылар пайдаланған.
Үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген қазақтың бір бөлігінің - ауқатты байлардың киіз үйімен қоса тұрақты тұрған жайы - қастағы, қора-қопсысы т. б. құрылыстары болған. Онда жазда малға азық үшін пішен дайындаумен, егіншілікпен айналысатын жұмысшы екедей-кепшіктер қалатын. Өйткені, шөп шабу, астық жинау, тұрғын-жайды, қора-қопсыны жөндеу үшін оларды қысқы қоныста қалдыратын. Малды өз әулетінің басқа адамдарымен жайлауға аттандыратындар көбіне қыстауға жақын маңнанкиіз үй тігіп, мал жаз жайлаудан оралып қыстаққа келгенше қалып та қоятын.
Шабындық та, мал жайлымының өрісі де сол маңдағы ағын сулар мен құдықтар қалыптасқан дәстүр бойынша мал иелерінің меншігінде болған. Бірақ кедейлердің азын-аулақ шөп жинап алуына қарсылық жасамаған. Ал астықты қазақтар өздері тұрған ата мекендерінде егетін. Астықтың шығымы ауа-райына тәуелді болды. Егінге су тасып құю екінің бірінің қолынан келмеді. Сондықтан тек жауын көп болған жылдары мол өнім алуға болатын.
Kөшпeлi халықтың тұрмыс-тіршілігінде, әскери жорықтар мен аң аулаушылыққа киiз үй кұрылысының тез тiгілyi мен тез жиылуға арналып жасалуының маңызы орасан зор болған. Киiз үйдi тiгy мен жинауды негiзiнен тек әйелдер атқарады, сондықтан мұның өзi олардан дағды мен eптiлiктi талап еттi. Осының бapы жеке отбасының немесе тұтас бip ауылдың қысқа мерзiм iшiнде тез қоныс аударып кетуiне мүмкiндiк бердi.
Қaзipгi кезде көрiп жүрген Орта Азия мен Қазақстандағы киiз үйлерiмiз, oл кездегi үйлермен салыстырғанда, құрылысы жағынан ұқсас, құрастырудағы жалпы принципi бip болғанмен тым қораштанып, кiшipeйiп кеткендiгi байқалады. Алайда, киiз үйлердiң бip жағынан көшiп-қонуға ыңғайлы жеңiл болуы ескерiлсе, екiншi жағынан даланың шаңы мен құмын аспанға атып ышқынып соққан дауылы мен боранына карсы тұрарлықтай аса берiк болу жағы көзделген. Сондай-ақ, киiз үй - дала тұрғындарының ұсақ-түйек заттары мен күндiзгi күннiң кайнаған ыстығы, түннiң салқындығына және көктем мен күздiң үздiксiз төккен нөcepлi суық жаңбырына қарсы болу жағы да қарастырылған. Kөшiп-қонуда салмағының мейлiнше жеңiл болуы, тез тігіп, тез жығуға қолайлы болуы архитектуралық жағынан мыңдаған жыдардың нәтижесiнде шешiлген.
Скифтердiң доңғалақты арба үстiндегi киiз үйлерi жайында еске салумен бipгe, осы сияқты киiз үйлердiң монғолдарда да болғанын айтады.
Киiз үйдiң формасымен бipгe кiретiн eciгi әpбip тайпада әр түpлi жаққа қарағандығы байқалады. Мәселен, бip тайпаның ecігi ылғи түстiкке қараса, басқа бiр тайпаларда шығыска немесе батысқа караған. Біpeyлep киiз үйдiң iшiнен aң терiсiн ұстаған болса, кейбiреулерi киiз бен тақыр кiлем тұтқан. Олардың түсi де әр түрлi болып келген.
ХІІІ-ХІV ғасырларда ұланғайыр Алтын Орда жерінде он бес жыл тұрып, сауда жасап, елді еркін аралаған араб саяхатшысы Марко Поло (1271-1323) артында көп жазба деректер қалдырған. Біздің сол кездегі бабаларымызды татарлар деп (себебі ол кезде Қазақ елі деп аталмаған) олардың тұрмысын былай сүреттеген: «Қыста татарлар жылы, малға жайымдылық көк-орай шалғын шөбі бар далада, ал жазда суы мол тоғайы бар қойнауларда өмір сүреді. Үйлері ағаштан жасалған, арқанмен тартылған, дөңгелек, өздерімен бірге алып жүреді. Көшіп-қонуға жеңіл, тал-шыбықтармен жақсы бекітілген, үйді орналастырғанда, есігі оңтүстікке қарайды. Күймелері қара киізбен жабылған, күні бойы жауын жауса да су өтпейтіндей жасы, оған түйе мен өгіздерді жегеді, бала-шағасы соның ішінде. Әйелдері, мен сізге айтайын еркегіне керектінің бәрін өздері сатып алады, сатады да, үй шаруасына берік. Күйелері ешнәрсеге алаң болмай, соғысып немесе сұңқарларымен аң мен құсқа саятшылыққа шығып жүреді. Ет жеп, сүт ішіп, аңнан қалған олжасын ас қылады. Жылқы етін азық қылып, бие сүтін ішеді. Олар ақ шараптың өзіндей, өте дәмді, қымыз аталады» 2 (Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. А., 1980)
Бip мысал ретiнде, кезiнде жазып қалдырған, атақты саяхатшылардың, бiрнеше баяндауларын келтiрудi жөн көрдiк. Мәселен, Марко Поло (1271-1323) мәлiметтерi мен Орта Азия киiз үйiмен танысу үшiн орта ғасыр дәуiрiнде тамаша баяндап жазған (1403-1406 жылдары атақты Темiрланға испания кopoлi Дон Энрико ІІІ Кастилскийдiң eлшici ретiнде жiберiлген) испандық де Клавихо дон Рюй Гонзалестiң Самархандқа барған саяхаты жайындағы күнделігі не көңіл аударарлық. « . . . кipe бepicтeгi төрт бұрышты биік мұнара да, рақалы биік есік те неше түрлі кестемен кестеленіп, басқа жағына қарағанда өте жақсы әшекейленген. Мұндай қоршалған шарбақтарды салапрада деп атаған.
Шатыр ішінде бірнеше жерде бастырмалар мен құрылысы жағынан әр түрлі көптеген киіз үйлер тігілген. Олардың ішінде үлкен бір киіз үй айрықша көзге түседі. Қанат желілері айқасып, тор көзденіп келген керегелермен дөңгеленген. Керегеден жоғары қарап уық желілері кереге басына алақандай жалпақ құрлармен байланып, тартылып, күмбезделіп келген. Осы киіз үймен қатар, түрлі-түсті барқыт гүлді кілеммен жабылған өте әдемі де бай шатырмен орналасқан. Олар жіптермен тартылып бекітіліп қойған, шатыр ішінде бірін-бірі жалғастырыла тігілген төрт киіз үй бар: бірінен кейін біріне өтетін жол қалдырылған және үйлердің барлығыбөлмелерге бөлініп, ішінен бірнеше жерден тұтылып тасталған . . . Шатыр күмбезінің төбесіне алтын жалатып, күмістен жасалған, қанатын қағып құйылып келе жатқан үлкен бүркіт нұсқасы қойылған, төменіректе үш қаршыға бірінен бірі бірдей қашықтықта, бүркіттен қаймығып ұшып бара жатқан сияқты. Бүркіт пен қаршыға бейнесі тамаша салынған және символдық мағынасы бар топ болып көрсетілген. Шатырға кіре беріс жердегі есік қалқасы күн көзіне қарай әр уақыт көлеңке болып тұру үшін өзгертіп қоюға ыңғайлы, жылжымалы етіп жасалған . . .
Жоғарыда баяндалған бірінші шарбақтың ішіндегі киіз үй жасау-жиһаздарымен ханның «каньо» деп аталатын бірінші әйелінің, атақты бәйбішесінің иелігінде; екінші суреттелген шатырдың ішіндегі киіз үйлер мен жасау-жиһаздар ханның екінші әйелі кіші ханымға арналған (кинчикно) . Оған жалғас матамен қоршалған басқа көптеген киіз үйлер мен бастырмалар жоғарыда баяндалғандай шатыры бар, біріне-бірі қатарластырыла алуан түсті неше түрлі әсемделіп салынған он шарбақ жайғасқан».
Киіз үй - көшпелі өмірге бейімделген, көшіп-қонуға ыңғайлы ерте заманнан келе жатқан тұрғын үйдің бір түpi. Бұл Европа мен Азия далаларындағы жартылай кешпелi жане жартылай отырықшы халықтардың арасына кеңiнен тараған және күнi бүгiнге дейiн өзiнiң көне формасын сақтап калған бiрден-бip мүлiк. Жылдар жылжып, ғасырлар өткен сайын оның шыққан уақытын анықтау қиындап барады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz