Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар


Мазмұны
Жоспар
Кіріспе. . 4-10
I тарау. Ұлтаралық қатынастарды өркениетті дамыту-қоғамдық
тұрақтылықты сақтаудың негізі . . . 11-26
1. 1. Кеңестік кезеңнің алғашқы кезіндегі ұлтаралық саясаттың
мазмұны . . . 11-18
1. 2. Қазіргі кезеңдегі ұлтаралық қатынастар мәдениетін
реттеудің негізгі бағдарламасы . . . 19-26
II тарау. Қазақстан халықтары Ассамблеясы-ұлтаралық
қатынастарды реттеудің маңызды факторы . . . 27-56
2. 1. Қазақстан халықтары Ассамблеясының
мақсаты мен міндеті . . . 27-40
2. 2. Республикадағы дінаралық татулық-қоғамдық
тұрақтылықты сақтаудың жолы . . . 41-43
2. 3. Жаһандану кезеңінде мемлекет дамуындағы ұлтаралық
қатынастардың маңызы . . . 44-56
III Эксперименттік бағдарлама мазмұны . . . 57-58
Қорытынды . . . 59-66 Қосымша . . . 67-74 Қолданылған әдебиеттер . . . 75-77
Кіріспе.
«Сан ғасырлардан бері қазақтың даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата-бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне, түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толерантты мінез-құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл - біздің тарихи қасиетіміз, өсіп, өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік»1- деген болатын Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
Осы ұлтаралық қатынастар жөніндегі тақырып қоғамдық саяси-әлеуметтік зерттеулердің өзекті мәселелерінің бірі ретінде саналады. Сы мәселе бойынша көптеген авторлар ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамыту жөнінде өз еңбектерін жазды. Олар, Сужиков М. ”Напряженность или гармонизация? :Развитие межнациональных отнашении в Казахстане”, Кабульдинов. З. Е “Народ Казахстана:история и современность”, Садықов. Т. С. “Тарих тағылымы:Ұлтаралық қатынастар мәдениеті. ”, Аяган. Б. ”Апогей и закат советского социализма” және т. б.
Қоғамды демократияландыру Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерінің қайта түлеуі және дамуы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етті. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің парасатты саясатымен көрегендік танытып, халықтың бірлігін нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрды. Қазақстан халықтары Ассамблеясы 300-ден астам республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық және аудандық ұлттық-мәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгін әрбір ұлтқа мүмкіндік беріліп, жағдай жасалды. Өздерінің салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, тілі мен әдебиетін, мәдениеті мен тарихын дамытуға қамқорлық көрсетілуде. Бүгін Қазақстанда еліміздің этномәдениет әр түрлігінің қоғам дамуының оң факторына айналдыру мүмкіндігі бар. Барлық ұлттар мен ұлыстар - қазақтар, орыстар, украиндар, немістер және басқа да этнос өкілдері өздерін Қазақстан халқының жаңа мәдени тұтастығын құрастырушы ретінде сезініп отыр деуге болады.
Осының бәрі мемлекет басшысының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылығын сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға және ұлттық мәдениетті қорғаудың құқықтық тұтқаларын нығайтуға заңдық негіз жасалған. Қазір республикамыздың барлық мектептері 9 тілде - қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тілі ретінде оқытылады, 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің 170 жексенбілік мектебі республиканың барлық өңірінде жұмыс істейді. Еліміздегі көп ұлтты жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің жүйе құраушы факторы - әр түрлі ұлт оқушыларының ізгілікке бағытталған қоғамдық-мәнді бірлескен іс-әрекеті. Оны ұйымдастыруда мұғалімдердің белсенділігі, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың көмегі өте зор. Сондықтан білім беру мекемелері ұлттық БАҚ, ұлттық театр, ұлттық-мәдени бірлестіктер және Қазақстан халықтары Ассамблеясымен тығыз байланыста жұмыс жасауда.
Мемлекеттік тіл - баршаның құрметтеуге тиіс қарым-қатынас құралы. Республикамызда тұратын 6 млн. 968 мың этнос өкілдерінің 21, 6 пайызы мемлекеттік тілде сөйлей алады. Ал қазақстандықтардың 65 пайызы қазақ тіліне жетік, 18 этнос өкілдерінің 60-80 пайызы қазақ тілін жақсы біледі. Жексенбілік ұлттық мектептерде әр ұлттың ана тілі, мәдениеті, салт-дәстүрін дәріптеумен қатар қазақ халқының тарихы, мәдениетін насихаттау ісі жүргізілуде. Мектептерде қазақ тілі үйірмелері ашылып, мемлекеттік тілді меңгеру ісі қолға алынып отырғандығын және өзге ұлттар арасында қазақ тіліне деген сұраныстың күннен күнге артып отырғандығын уақыт көрсетуде.
Ұлттық БАҚ-тың атқаратын қызметі мен ерекшелігін айтар болсақ, 5 республикалық және 19 өңірлік ұлт тіліндегі газеттер бар. Олар «Уйгур авази», «Коре ильбо», «Deutshe Algemeine Zeitung», «Украінскі новини» газеттері және «Русский мир» журналы, тағы басқа да басылымдар жарық көруде. Сонымен қатар жыл сайын аз ұлттардың тілінде әдеби кітаптар шығарылады. Соның ішінде «Н. Назарбаев - ұлтаралық және дінаралық келісім үлгісінің негізін қалаушы»; «Қазақстан халықтары Ассамблеясы»; «10 жыл»; «Достық әлемі», «Планета дружбы» және көптеген дүниелер жарыққа шықты. Одан басқа республикалық деңгейде корейлердің, немістердің, поляктардың бірнеше съезі, ұйғыр, түрік, дүнген, курд, өзбектің мәдени күндері, татардың сабантой мен құрылтайы болып өткені баршаға мәлім. Сондай-ақ жыл сайын Наурыз, Масленица, Рождество сияқты мерекелерді атап өту игі дәстурге айналған. Республикамызда кәсіби 9 ұлттық театр және 471 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Бұл барлық ұлттардың тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, тарихы мен мәдениетін дамытуда көрініс табуда. Мұндай жағдай ТМД елдерінің бірде-бірінде жасалмағандығын атап өту керек.
Еуропа мен Азия қиылысында орналасқан көп ұлтты Қазақстан өңірі де халықтар достығының ортақ үйі болып, көпшілікті сан қырлы дәстүрлері және мәдениетімен таң қалдыруда. Батыс Қазақстан облысының ең басты ерекшелектерінің бірі - Ресейдің Астрахань, Волгоград, Самара, Саратов және Орынбор облыстарымен көрші. Бүгінде Батыс Қазақстан облысын өзін алсақ та, онда 90-нан астам әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, 30-дан астам ұлттық-мәдени орталықтар Кіші Ассамблея құрамында жұмыс істейді. Олардың қай-қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Сонымен қатар өздерінің ана тілдерін, тарихи отандарының тарихы мен шежіресін, салты мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарына үйретуге, өз ұлттарының рухани тәрбиесімен тәрбиелеуге ынталы.
Әр облыс орталығында Достық үйі ашылып, жұмыс істеуде. Мұнда ұлттық-мәдени орталықтардың қолдауымен түрлі тақырыптарда дөңгелек стол, кездесу, әдеби шығармашылық кештер, дәстүрлі мерекелер, көрмелер мен байқаулар және тағы да басқа шаралар өткізіліп, мектеп оқушылары мен студент-жастар қатысуда.
Барлық ұлттардың өнерін дамытуда жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан халықтары мәдениеті мен өнерінің фестивалі ерекше орын алады. Бұл мерекеге ұлт өкілдерінің көркем өнерпаздары, қол өнері мен ұлттық тағам әзірлеудің шеберлері қатысып, жеңімпаз танылуда. Фестивальдар халықтық мерекеге айналып, барлық ұлттардың рухани, мәдени байлықтары паш етіледі, оған әр ұлттың жас-кәрісі түгелдей қатысып, бұл үлкен қуанышқа ортақтасады. Көп тілде орындалатын сазды әндер, сырлы өлең жолдары, әсерлі билер олардың бойында бір-біріне деген құрмет пен ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеуде. Мұның бәрі мәдениеттердің өзара байланысына, бірін-бірі толықтырып, байыта түсуіне ықпал етеді.
Республикамыздағы діни конфессиялардың ең басты ерекшелігі өзара сыйластық болып табылады. Рухани өзара түсіністік пен ұлтаралық келісім қоғамымызды татулық пен халықтар бірлігіне шақырып қана қоймай, өзге мемлекеттер үшін бейбіт елдің үлгісіне айналады. Республикамыздағы Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы ұлттық-мәдени орталықтарға көмек, тілдерді дамыту, жастар тәрбиесімен айналысатын ұйым болып табылады.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының арқасында басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынаста болу бізге халықтардың мәдениеті мен тарихын танудың сирек мүмкіндігін сыйлайды. Бұл бәрімізді бірлікке шақырып, ұлтына қарамастан жақындастырады. Достық қарым-қатынастар Қазақстанды Еуразиялық орталыққа айналдырып, рухани-мәдени тұтастығы мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы көп ұлтты еліміздегі халықтар достығын нығайтуға, еліміздің өркендеуіне, Отанымыздың нағыз азаматтары мен патриоттарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда.
Қазақта «Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз. Өткен жылдар ішінде Қазақстан халқы этностық, конфессиялық ерекшелігіне қарамастан ортақ мүдде мен өзара түсінушілігі қалыптасқан біртұтас халық ретінде қалыптасты деп айтуға болады. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін алаңдай алады. Қазақстан халқы - Ассамблея арқылы Қазақстандық патриотизм моделін өмірге келтіріп отырған халық, оның айғағы - еліміздегі татулық пен келісімнің дүние жүзінің басқа елдеріне үлгі бола алғандығы.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әрбір қазақстандық өзінің ұлттық ерекшелігіне қарамастан Қазақстан оның құқығы мен еркіндігін әрқашан қорғауға дайын тұрған мемлекет екенін сезінуі қажет. Тек сол жағдайда ғана қазақстандық патриотизм сезімін ұялату мен тәрбиелеудің негізі қалыптасады деген сенім білдіруге болады. Тек сондай жағдайда ғана еліміздің әрбір азаматы әлем танып отырған Қазақстан атты мемлекеттің азаматы болғандығын мақтан тұтар еді» деген сөзі де жалпы қазақстандық патриотизмді дәріптеудің маңыздылығын айқындай түседі.
Еліміз алдында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты тұр. Елбасы белгілеген стратегияны жүзеге асырудың көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігінсіз мүмкін емесін де ескерген жөн.
Сонымен, Қазақстан халықтары Ассамблеясы қазастандық патриотизмді және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қоғамды саяси және экономикалық жаңғыртудың барлық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының алдына қойылған басты міндеті қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту еді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы сарабдал саясат арқылы әрқайсымыз көп ұлтты және көп дінді мемлекет екенімізді байыптай отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды сақтауда бай тәжірибеге ие болдық. Қазақстан халықтары Ассамблеясы XXI ғасырда өркениетті елдердің өзі үлгі алатын бір айшықты кезеңге аяқ басты.
Біз ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік болып, босағасынан ырыздық-дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен бір-бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Ынтымақ, береке, бірлік те халықтар достығымен нығаятындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан демократия жолымен қадам басып келе жатқан мемлекет. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымызға еліміздегі ұлтаралық қатынастың алатын орны зор. Сондықтан республикамызда тұратын этникалық топтардың арасындағы бейбітшілікті сақтап қалу үшін бір - бірімізді жақсы түсініп, біз қазақстандықтар екенімізді, бір шаңырақтың астында тұратын біртұтас мемлекетті құрайтын халық екенімізді ұпытпауымыз қажет.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі -Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасындағы келісімділікті қамтамасыз ету. Еліміз бұрыңғы Кеңес үкіметі құрамында болған мемлекеттерде болып жатқан ұлтаралық қақтығыстардың қауіпті екенін бағалап, дер кезінде түсінді. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің ішкі саясатындағы өзекті бағыттардың бірі. Ұзаққа созылған әр уақыт кезеңдерінде бізде халықтар арасындағы қарым-қатынас ерекше дәстүр ретінде қалыптасқан. Қазіргі таңда Дүниежүзінде біздегі этникалық қарым-қатынастағы келісімділіктің қазақстандық моделін үлгі ретінде көрсетіп жүр. Тағдырдың тәлкегімен Қазақстанның территориясына көшіп келген этникалық диаспоралардың тұрмыс-тіршілігі бүнгі күнгі көп ұлтты Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -Қазақстанда тұрып жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлтаралық қарым-қатынастарын реттеудегі саяси-әлеуметтік мәселелерін жан-жақты ашып, жүйелі түрде көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеті - ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігін, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Сонымен қоса Қазақстан халықтар Ассамблеясының алатын рөлін, мемлекеттің дамуындағы ұлтаралық қатынастардың маңызы зор екенін жеткізу.
Дипломдық жұмыстың обьектісі : Қазақстан территориясын мекендейтін халықтар және олардың өзара қарым-қатынасы, байланыстары.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы- өз кезегінде БҰҰ-ның бас хатшысы болған Кофи Аннан Қазақстанды”ұлтаралық келісім мен тұрақтылық жағынан басқа мемлекеттерге үлгі болатының”атап көрсеткен. Елімізге 2001 жылы келген Рим Папасы Ионн Павел ІІ-ші де Қазақстандағы ұлтаралық қатынастың жоғары дәрежеде екенін айтқан болатын. Осыдан келе біз еліміздегі ұлтаралық қатынастарды нығайтудағы саясаттың дамып келе жатқанына және одан әрі гүлденетіне кәміл сенеміз.
Дипломдық жұмыстың зерттеу базасы -Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы.
Зерттеу жұмысында қолданылған негізгі құжаттар :
- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы:Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
- Арыстанбекова. А. Ұлттар ұйымы және Қазақстан
- Назарбаев. Н. Ә . Қазақстан Халықтары Ассамблеясы:10 жыл
- Қазақстан Халықтары Ассамблеясы IV сессиясының материялдары
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері- жұмыста белгілі бір зерттеу әдістері сауалнама, анкета қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы- жұмыс кіріспе, 2 тараудан, 5 параграфтан, эксперименттік жұмыстан, қорытындыдан, қосымшадан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
І тарау. Ұлтаралық қатынастарды өркениетті
дамыту-қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың негізі.
1. 1. Кеңестік кезеңнің алғашқы кезіндегі
ұлтаралық саясаттың мазмұны.
Бұрынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлттық саясатты зерттеу және ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егер бүгінгі таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналып, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ - қателесер едік.
Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сана денгейіндегі түсініктеріміз объективті емес үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек. Міне осыдан барып тұжырымдаудағы ұшқарылықтар - «Ақтандақтарға» тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың жауапты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастардың проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді.
Бұрыңғы системаның басты тарихи кемшілігі неде? Меніңше, оның себебін тоталитарлық мемлекеттің аясына, оның үстіне пролетарлық интернационализм туы астында бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезімнің серпінін ширықтыруға әкеп соқты. Қоғам капиталистік немесе социалистік даму жолын таңдай алса да, қорғау институттарын нығайту және ұлттық сана-сезімді дамытпайынша мемлекеттік құрылыстың сөзсіз жеңілетінін тарих көрсетіп отыр.
Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл миллиондаған адал азаматтар қаза тапқан 20-30 жылдардың аштығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен қоғамдық ойдың ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен ату болды. Бұл халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою болды.
Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және «ғасырлар жобаларын» жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор зардаптарға әкеліп соқты. Мұның өзі біз үшін Семей полигонының проблемасына, Арал теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондарының қасіретіне айналды. Мұндай саясат кәдімгі қарсылықты туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игіліктің, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де ұласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы ұлттық теңдікке жету болатын.
80-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шиеленіскен ұлттық қатынастардағы қарама-қайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар бойы қанаудың нәтижесінен туған болатын. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін көрсеткен неғұрлым сезімтал барометр болып шықты. Мұның өзі бірқатар республикалардың тоталитарлық системаға ашық қарсы тұруына жағдай туғызды. Осы кезеңде халықтардың ұлттық-мемелекеттік теңсіздігі аса үлкен мемлекеттің саяси бөлінуінің басты негізіне айналды. Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген етене ұмтылысына төтеп бере алмады.
Біз болған оқиғалардан тағылым алуымыз керек. Ұлттық саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстан халқының ұлттық құрамын және жеңіл де оңай өте қоймаған оны құрудың процесін ескеруіміз керек. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шаруалық отарлау барысында революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам келген. Коллективтендіру кезінде КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға 250 мың конфискеленген шаруалар жер аударылды. Соғыс алдындағы жылдарда өнеркәсіп құрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, әсіресе еуропалық бөлінген 1 миллион 200 мың адам көшірілді.
Қазақстанға әр жылдарда 800 мыңға таяу немістер, 18, 5 мың корейлердің отбасы, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілдері зорлықпен көшірілді. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқа да халықтардың өкілдері Қазақстанға өз еркімен келген жоқ.
Халықтарды күшпен көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс кезінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тынға 1, 5 миллион адам келді, ал жабық әскер объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде2.
Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3, 5 миллион адам соңғы 40-50 жылдар ішінде келді.
Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің қасіреті салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930 - 1932 жылдары 1, 3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге оралмастан көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейін. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын. Сонша адам осында көшірілді. Ал 1932 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адамға кеміп кетті.
XX ғасыр қазақтарды өзінің Отанында азшылыққа айналдырған оқиғалардың ғасырына айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан бүгін таңда осы халықтың мемлекеттікке деген құқына күмән келтірушілер оның қасіретінің тереңдігін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екеніне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен көз жеткізіп отыр.
Біздің республикамызға өз еркінен тыс келгендер де кінәлі емес. Сондықтан қазіргі көшіп-қонудың себебі экономикалық проблемаларда ғана емес, сонымен бірге күштеп көшірілген орыстардың, украиндардың, белорустардың, немістердің және басқа халықтардың ұрпақтарының тарихи отанына оралуды қалайтынында, ұлттық мемлекеттік құрылысына деген ынтасында жатыр.
Осындай бірегей сан ұлттығы бар (оның үстіне мұның негізінде көптеген халықтардың қасіреті жатыр) Қазақстан бірін-бірі қырып жатқан ТМД елдеріндегі біздің жақын көршілеріміздің қайғылы жағдайына жол берген жоқ. Сондықтан мен мемлекетте бейбітшілік пен ұлтаралық тұрақтылықты одан әрі де сақтай алатынымызға сенімдімін.
Бұл сенім неге негізделіп отыр?
Ұлттық мәселені шешуде үш тәсіл бар деп есептеймін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz