Қазақстандағы сақтандыру ұйымдары, олардың төлем қабілетін бағалау және бақылау


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І Бөлім. Сақтандыру нарығының құрылымы және сақтандыру ұйымдарының қызметі
1. 1. Сақтандыру түсінігі мен түрлері . . . 9
1. 2. Сақтандыру - экономикалық категория ретінде . . . 18
1. 3. Сақтандыру ұйымдарының қызметін бағалау . . . 23
ІІ Бөлім. Қазақстандағы сақтандыру ұйымдары, олардың төлем қабілетін бағалау және бақылау
2. 1. Қазақстандағы сақтандыру нарығының құрылымы . . . 41
2. 2. Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары . . . 47
2. 3. Қазақстан сақтандыру нарығының ағымдағы
жағдайы мен келешегі . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал - сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және ұжмдық қызығушылықтар (мүдделер) туады.
Сақтандыру компаниясы - сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субъектісіне айналады.
Сақтандыру компаниясы - коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензия негізінде сақтандыру келісімшарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы тек қана Ұлттық валютада төленеді. Сонымен қатар Мұнда тартылған акция мен қарыздық қаражаттарды қолдануға тиым салынады. Оның құрылуына рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі мынадай қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін береді:
- сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш;
- құрылтайшылық құжаттар;
- сақтандыру ұйымын құру туралы шешім;
- құрылтайшылар туралы мәліметтер және т. б. Сақтандыру қызметін жүзеге асырута лицензия алу үшін
- Агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- лицензия беру туралы өтініш;
- мемлекеттік тіркеу және статистикалық карта туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- жарғылық капиталдың минималды көлемін толық төлегенін растау және меншік капиталы көлемі бойынша минималды талаптарды орындауы туралы құжаттар;
- басқару қызметіндегі жұмысшылар туралы мәліметтер;
- сақтандыру ережелері;
- ішкі аудит қызметі туралы ереже.
Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастырады және жинақталған қаражаттарды инвестициялық салымдарды жүзеге асыруға бағыттайды. Қазақстанда сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің әртараптандыруын шектеу бойынша нақты талаптар бар. Онда бағалы қағаздардың қандай түрлерінде салымдарға лимиттер бар екендігі көрсетілген.
Сақтандыру компаниясына тән ерекшеліктердің бірі - қаражаттарды тартудың ерекше формасы - сақтандыру полисін сату. Олар алынған табысты біріншіден, басқа компанияларцың облигациялары мен акцияларына және мемлекеттік бағалы қағаздар-ына салады. Сонымен қатар олар мемлекет пен кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несиелер береді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру ұйымдары «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша лицензия негізінде жұмыс істейді. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметпен бірлесе және кездейсоқ жағдайлар мен ауруларды, медициналық сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру формасында жүргізіле алмайды. Сақтандыру ұйымдары негізгі қызметтен өзге мынадай қызметтерді атқарады:
- инвестициялық қызмет;
- жинақтаушы сақтандыру келісімшартына сәйкес қарас-тырылған сома шегінде өзінің сақтанушыларына займдар беру;
- сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін ерекше бағдарламалық қамтамасыз етуді сату;
- сақтандыру бойынша арнайы әдебиеттерді сату;
- өзінің қажеттіліктері үшін алдын ала сатып алынғам немесе сақтандыру келісімшартының қорытындысына байланысты өзінің иелігіне түскен мүлікті жалға беру немесе сату;
- сақтандыру бойынша консалтинг;
- сақтандыру немесе қайта сақтандыру салаларында білік-тілікті жоғарылату мақсатында оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;
- сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы.
Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі осы ұйымдар үшін төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық нормативтерінен тұратын пруденциалдық нормативтерді бекіту жолымен жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымдарының жеке келісімшарттары бойынша максималды міндеттемелер көлемі қызмет етуші сақтандыру келісімшарттары бойынша өз міндеттемелерін орын-даумен байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін ғана берілген меншік капиталы мен сақтандыру резервтері сомасының 10%-ынан аспауы керек.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру - азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: кез-келген өркениетті демократиялық мемлекет үшін азаматтарының қауіпсіздігі басты мәселе болып табылады. Бұл қазіргі қаржы дағдарысы кезінде де өзектілігін жоғалтпайды.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардын, сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады [1. 48-б] .
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ыктималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыган ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырак, шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары көзіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңына сәйкес "Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, Қордың уақытша бос қаражатын Ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
Қордың активтері әлеуметтік аударымдар төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімпұл, Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерілген инвестициялық кіріс, заңнамада кезделген өзге де көздер есебінен құралады. Олар әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға, тізбесін Үкімет айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға, артық төленген әлеуметтік аударым сомалары мен өзге де қате есептел-ген қаражатты қайтаруға пайдалана алады. [1. 63-б]
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы сақтандыру нарығының әлеуетіне сипаттама бере отырып, оның келешектегі дамуына талдау жасау. Оның ел экономикасы үшін маңызын ашып көрсету. Қаржы нарығындағы сақтандыру қорларының ролін айқындау. Қазақстандағы сақтандыру нарығының әлемдік бәсекеге қабілеттілігіне сараптама жасау.
Жалпы құрылымы: Дипломдық жұмысты жазу барысында әдебиет құралдары мен ақпараттар тиімді қолданылған, терең сараптаулар жасалып, мәліметтер талданған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Бөлім. Сақтандыру нарығының құрылымы және сақтандыру ұйымдарының қызметі
1. 1. Сақтандыру түсінігі мен түрлері
Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.
Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатысушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған елдердің заңдарында сақтандыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:
- сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
- сақтандыру қоры;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
- уәкілетті аудиторлық ұйым;
- сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге aсырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.
Бұл институттардың өзараіс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін. Сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу секілді бағыттарда көрінуі тиіс. [2. 38-б]
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбеккежарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынанжиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен
Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары - сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары.
Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі - әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресуретарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық - уақытша ераін ақща қаражаттарын мемлекеттік қарыздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебіне сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу-сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған. Жалпы нарықтың анықтамасына және оның ішінде сақтандаруға сәйкес оның құрамына сақтандыру ұйымдары мен компаниялар, серіктестіктер, бәсекелес, сақтандыру делдалдары, сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар, кеңес берушілер енеді. [2. 78-б]
Сақтандыру ұйымның күй - жайын анықтаған кезде басқарудың алдын алу әдістерін пайдаланған және объектінің даму баламаларын бағалаған жөн, себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайдын белгілірін анықтау, оның ішінде бір қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады. Бұл қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды.
Сақтандыру ұйымдары сақтанушылардың, сақтандырушылардың өскелең талаптарына жауап беретін өзін-өзі реттеудің жетілдірілген мөлшеріне әсер ету мүмкіндігі артықшылық болып табылады. Егер өзін-өзі реттейтін сақтандыру ұйымына немесе бірлестікте мүшелік міндетті болеа, бәсекелестікті шектеу қауіпі тындайды. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар бір қалыпсыз даму заңдарына бағынады, өйткені олардағы өрісінің орналасуы тұрақты да, өзгермелі де, уақытша болуы мүкін, алайда өзара байланыс жүйесінде ажырағысыз және іске асырылғыш болады, Ұйымның мақсатқа сай жаңа сапалы бөліктерді қайта жасауға қабілеттілігі Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың икемділігін, көнгіштігін, бейімделушілігін сипаттайды, Бұл ұйымдар болып есептеледі, олардың қызмет ету көздері болып демеушілердің дарналары, мемлекеттік өкімео органдарының, басқарма, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көмектері мен қолдаулары және басқа қайырымдылықтар саналады. Ал олардың қызметі, оларды құру нысандары т. б. өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы ережелерді ескеріп, сондай-ақ сақтандыру заңдарымен және сақтандыру нарығының ерекшк шарттарымен анықталады. Сақтандыру нарығындағы ұйымдардың қатарына сақтандыру нарығының кәсіптік қатысушыларын біріктіретін мемлекеттік емес бейкоммерциялық ұйымдарды жатқызуға болады. Сақтандырушылар, делдалдар, сақтандыру агенттері, актуарийлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, яғни экономиканың бір саласындағы бір немесе әртүрлерінің қызметін жүзеге асыратындардың тез пайда болатынын шамалауға болады. Қызмет ету мақсаты, кез келген басқа бірлестіктегі сияқты - оған қатысушылардың мүдделерін қорғау және сақтандыру саласын дамыту болып табылады. [3. 85-б]
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеу-меттік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақ-тандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топ-тарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресуретарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген аукымда -мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық енімнің қүнын қайта белуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен косар-ланып отырады;
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатынын болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану көзіндегі сақтық балама-лығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардын. балама-сыздығы) .
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресуретары меншігінің субъектісі болып келетіндікген сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының қурамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетін-дігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен кутпеген оқиғалар болган кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жәніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді. [4. 44-б]
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік фунщиясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қогамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық-тың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен ин-фрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денеаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жургізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар - жемшөп, тұқым, отын және т. б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін. [5. 67-б]
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz