Темірбанк банк жүйесінің жетілдіру жолдары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І Бөлім. Коммерциялық банктерге жалпы сипаттама . . . 8
1. 1. Коммерциялық банктердің қазіргі жағдайын талдау………. …… . . . 8
1. 2. Коммерциялық банктердің қаржы жүйесі . . . 19
1. 3. Темірбанк банкінің қызметтерін бағалау . . . 27
ІІ Бөлім. Темірбанк банк жүйесінің жетілдіру жолдары . . . …34
2. 1. Темірбанк банкінің қаржы нарығындағы қызметі . . . 34
2. 2. Темірбанк қаржы жүйесінің сипаты . . . …. 48
2. 3. Темірбанк банк жүйесінің жетістіктері . . . …. . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 58
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының банк секторының дамуымен және тұрақтылығымен байланысты банк тауарлар мен қызметтерді несиелеу сферасын айтарлықтай кеңейтті. Банктің тұтынушылық несиелеу процесі жылжымайтын мүлікті, автокөлікті, оқуды, емдеуді, салтанатты өткізуді, күрделі жұмысты, демалысты несиелеу бағдарламасымен көрсетілген.
Жоғарыдағы жағдай жиынтық табысты есептеу кезінде отбасы мүшелерінің табыстарына да қатысты. Таза табыс салығын, міндетті зейнетақы аударымдарды, жарналарды, алименттерді, зиян компенсацияларын алып тастағанда соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамада көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып анықталады. Отбасыны асырауға кететін шығындар Тапсырыс берушінің анкетасында клиенттің көрсеткен мәліметтерден анықталады (коммуналдық қызметтер, тамақ, емдеу, көлік шығындары, несиелер бойынша жарналар, білім және т. б. шығындар) . Егер орта айлық жалақы туралы анықтамада көрсетілген жалақы борышқордың анкетасында көрсетілген нақты табыстан төмен болса, онда Несиелік қызметкер борышқордың алатын нақты табысының шындығын тексеру үшін борышқордың жұмыс орнына барады. Борышқордың жұмыс орнында Несиелік қызметкер кәсіпорынның басшыларымен (директор, бас бухгалтер) кездесіп, ауызша растама алу керек, бас бухгалтердің берген мәліметтерімен, еңбек төлемі бойынша ведомостьпен салыстырып, жобаны қаржыландыру туралы Ұсынысты көрсету керек.
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар. Банктер сәтсіз операциялар немесе нашар менеджмент салдарынан шеккен шығындар оның қаржылық жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сондай-ақ оның бизнестегі әріптестерінің мүдделеріне де кесірін тигізеді.
2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін уәкілетті органның арнайы лицензиясы 20 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 18 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. «БТАБанкі» халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда.
2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2, 16 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 2, 11 млн. адам болған (2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21, 2% және 20, 7% артқан. Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 86, 9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 13, 1%. 2005 жылдың 1-ші тамызында бұл арақатынас 81, 4% және 18, 6% құраған болатын.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстанда банк қызметі әркімге тиімді және кеңінен қолданылып келе жатыр. Сондықтан да көптеген қаржылық мекемелер қызметтің бірнеше түрлерін ұсынады. Солардың қатарында «Темірбанк» банк мекемесі де бар.
2006 жылдың шілдесінде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 49, 2 млрд теңге құрайтын 3, 1 млн. -ға тең транзакциялар жасалып, бұл корсеткіштердің мәні 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 41, 1% және 29, 8%-ға артқан.
Бұл ретте, қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялардың саны 3, 0 млн. трансакцияны құрап, бұл трансакциялардың сомасы 47, 4 млрд. теңге болса, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 1 822, 6 млн. теңге болатын 154, 1 мың трансакцияны құрады. Бұл көрсеткіштердің проценттік арақатынасы келесідей түрде қалыптасқан: 95, 1% және 4, 9%, 96, 3% және 3, 7% сәйкесінше.
Төлем жүйесі қызметінің толықтығы әр түрлі типтердегі және арналымдардағы төлем карталарының бар болуымен анықталады. АТФБанк картаны ұстаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: теңгеде және шетел валютада қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру; басқа банктерден түскен қаражаттарды карт шоттарға қосу; несиелік лимитті, AIG ASSIST компаниясының халықаралық сақтандыру полисін, «АТФ Полис», «Интертич» компанияларының локальды сақтандыру полистерін ұсыну. Тұтас алғанда, карталық бизнес - банктің клиенттерімен өзара қарым-қатынастарды ары қарай дамытып тереңдету үшін басымды бағыт болып табылады. [23. 41-б]
2006 жыл ішінде карталардың мынадай мөлшері шығарылған:
- Visa төлем жүйесі - 9417
- Altyn төлем жүйесі - 1921
- American Express карточкасы - 9
2006 жылда көлемі 878 млн. теңгені құраған сауда және сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция жасалған. Есеп беру кезеңінде коммерсанттар қызметтерінен түскен комиссиондық табыс 34, 1 млн. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 46, 7%-ке ұлғайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жүрген коммерсанттардың жалпы көлемі республика бойынша 157.
2006 жылда 10 банкомат cалынған болатын, олардың 2 банкоматы Астана қ. филиалында, 2 банкомат Өскемен қ. филиалында, 1 банкомат Атырау қ. филиалында, 5 банкомат Алматы қаласында орнатылған. Сонымен, 2005 жылдың аяғына банк 13 банкоматқа ие болды.
2006 жылы Интернет желісінде есеп-айырысуларды жүргізу үшін 78 Viza Virtuon картасы шығарылған болатын. 2005 жыл ішінде банктің төлем карталарын ұстаушыларға әлемге әйгілі AIG компаниясының 297 халықаралық сақтандыру полистеріберілді.
American Express Cоmpany ұйымымен келісімі бойынша банк жол чектерін АҚШ долларында және еврода консигнация шартымен алып отырады.
Темірбанк АҚ 1992 жылы 26 наурызда құрылған. Бас ғимараты Алматы қаласында орналасқан. Банктің Қазақстанның 21 қаласында филиалдары мен сату нүктелері бар. Банк алғашында теміржол банкі ретінде жұмысын бастаған болатын. Банктің дұрыс әрі жүйелі стратегиясы оны көпқызметті әмбебап қаржы институтына айналдырды. 1995 жылы банк толық жекешелендіріліп, қаржы нарығында акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 1997 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі Темірбанкті халықаралық стандартқа өтуші банктердің бірінші тобына қосты. 1998 жылы Темірбанктің акциялары Қазақстан қор биржасында «А» дәрежесіне ие болды. 2000 жылы Fitch IBCA халықаралық рейтинг агенттігі Темірбанкке қысқа және ұзақ мерзімді «В» рейтингтерін берді. 2002 жылы аталған агенттік Темірбанкті тұрақты банктер рейтингіне қосты. 2005 жылы Темірбанк Д. А. Қонаев атындағы ЖЗҚ акциялары пакетінің 49%-ын сатып алды. 2007 жылы Темірбанк акциялар пакетін қырғызстандық «Инэксимбанк» ЖАҚ пен қазақстандық «БТА банк» АҚ сатып алды. 2008 жылы Темірбанк жаңа технологияларды енгізе отырып, бірнеше акциялар ұйымдастырды. Қазіргі кезде Темірбанк ашық есік күндерін өткізген алғашқы және бірегей банк болып отыр.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты мен міндеті: ҚР-сының коммерциялық банктерінің, оның ішінде Темірбанк банк жүйесінің функцияларын және операцияларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:
- Коммерциялық банктің мәнін ашу;
- Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
- Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
- Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері: Жаңа коммерциялық құрылымдарға, яғни өзге меншік формасының субъектілеріне қызмет көрстекенде коммерциялық банктер шетелдік тәжірибелерге сүйеніп, қаржылық қызметтің әлемдік тиімді басқа әдістерін пайдаланады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Бөлім. Коммерциялық банктерге жалпы сипаттама
1. 1. Коммерциялық банктердің қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан бұрынғы КСРО - ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т. б. )
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді. [1. 25-б]
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір - екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылуы құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым - қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады. [2. 58-б]
Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк - күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру) .
Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
Банк қызметінің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін
талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары үшін жауапты. [3. 65-б]
Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.
Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
- жоғарғы менеджерлер;
- администраторлар;
- қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударды.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге - қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
Бақылаушы - бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты факторларға байланысты және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау - жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері - банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы
басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құылымдық бірліктер - басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.
Банк өзнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі. [4. 47-б]
Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай, қызмет көрсетудің сапасы әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша артықшылықтарға ие.
Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрылым. Мұндай принциптер бойынша құрылған банкткер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпарацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы. Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде, оның ұйымдастырушылық негізінде іс әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы приципі жатуы мүмкін. Мұндай обылыс, аудан шегінде клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларға дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әртүрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штаптық функцияларды орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т. б.
Штабтық бөлімдер - желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық бөлімдер. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады. [5. 78-б]
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауым айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі банктік меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістеменлік көмек көрсетумен айналысады.
Есеп-кассалық операциялар басқармасы - клиенттнрге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады.
Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған.
Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.
2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1, 9%-ке ұлғайып, 361, 3 млрд теңгені құрды. Банктердің жиынтық активтері 164, 1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 - 0, 093; К2 - 0, 158 құрған болатын (01. 02. 05 күніндегі жағдай бойынша: К1 - 0, 097; К2 - 0, 162) .
Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1 айда 56, 5 млрд. теңгеге өсіп (3, 1%), 1869, 4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2005 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57, 9%, күдікті - 38, 8%, сенімсіз - 3, 3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56, 2%, күдікті - 40, 9%, сенімсіз - 2, 9% құраған болатын.
Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8, 4%-ке ұлғайып, 4713, 6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80, 5%-ке ұлғайып, 1253, 9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3, 0%-ке өсіп, 459, 7 млрд. теңгені құрады. [6. 48-б]
Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2005 жылдың 1 наурызына өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25, 8%-ке ұлғайып, 60, 9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 31, 7%-ке өсіп, 55, 2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5, 7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12, 3%-ке төмен болып тұр.
Есеп беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.
Коммерциялық банктер қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды. [18. 85-б]
Коммерциялық банктер соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Валюта балансы 2005 жылы 58 млрд. теңгеден 2006 жылы 95, 4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жағдай банкті көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстанның банктік қызметтер нарығында 4-ші позициямен қамтамасыз етіп отыр.
Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2005ж. - 59, 7%, 2006ж. - 63, 4%), бірақ баланс валютасындағы олардың үлесі салыстырмалы түрде қалып отыр және орналастыру құралдырының арасында жоғары үлес салмаққа ие болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz