Егіншілік жүйелері


Мазмұны
Кіріспе . . . 1
Негізгі бөлім:
А) Негізгі түсінік . . . 2
В) Егіншілік жүйелерінің даму кезеңдері . . . 4
С) Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері . . . 8
Қорытынды . . . 9
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 10
Кіріспе.
Егіншілік жүйелері - шаруашылықты жүргізудің бір саласы. Сондықтан оларды бір-бірінен бөлек қарауға болмайды.
Шаруашылықты жүргізу жүйесі - ауыл шаруашылығы құрылымында егін және мал шаруашылығы өнімдерін неғұрлым мол, жоғары сапалы, өзіндік құны төмен өндіру үшін шаруашылық салаларын экономикалық тиімді үйлестірудің нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұйымдастыру-экономикалық, технологиялық (агротехникалық, зоотехникалық), экологиялық шараларлың және техникалық құралдардың жиынтығы.
Жүйенің негізгі салалары болып егін және мал шаруашылығы саналады. Бұлармен бірге өндірістің негізгі құралдарын ұйымдастыру жүйесі (машиналар мен механизмдер, өндірістік ғимараттар ж. т. б. ) және қосалқы (көмекші) өндіріс пен кәсіпшілік орындары да жүйенің құрамына кіреді. Соңғысы шаруашылықтың пайдалылығын арттыру, жергілікті шикізаттарды және еңбек қорын толық және тиімді пайдалану үшін негізгі салаларға қосымша ашылатын қосалқы жұмыс орындары.
Егін және мал шаруашылығы өзара тығыз байланысты болып келеді, бірін-бірі толықтырып отырады. Дегенмен ауылшаруашылығының негізін өсімдік шаруашылығы құрайды, өйткені тіршілікке керекті органикалық заттар тек жасыл өсімдіктерде түзілетіні белгілі. Сондықтан өсімдік шаруашылығын дұрыс, жүйелі түрде жүргізу бүкіл ауыл шаруашылығының тиімділігіне үлкен әсер ететіні сөзсіз.
Егін шаруашылығын жүйелі және кешенді түрде, ғылыми негізде жүргізу агрономия ғылымының бір саласы егіншілікке жүктелген.
Негізгі түсінік
Егіншілік жүйесі дегеніміз - аз шығын жұмсау арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан тұрақты жоғары және сапалы өнім алу үшін жерді тиімді пайдалануға дәне топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған техникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру-экономикалық және экологиялық шаралардың жиынтығы.
Келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай егіншілік жүйесіне көп шаралар кіреді. Олардың бәрі шаруашылықтағы егістік жерді толық және тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын ұдайы арттырып отыру, табиғаттың залалды құбылыстарын бәсеңдету немесе жою мақсатында жүргізілуі керек.
Егіншілік жүйелерін жоспарлағанда жергілікті агроклиматтық, су және басқа қорларды, топырақ құнарлылығының деңгейін, дақылдардың биологиялық мүмкіншілігін, шаруашылықтың экономикалық даму дәрежесін, оның материалдық мүмкіншілігін еске ала отырып жасау керек. Бұл жұмыс толық мәнінде жасалса нәтиже ойдағыдай болатыны сөзсіз.
Қазіргі егіншілік жүйелері табиғатты қорғауға, қор қуатын үнемдеуге бағытталып, нақтылы агроландшафтқа бейімді болуы тиіс.
Егіншілік жүйесінің жалпы ортақ белгілері (нышандары) - жерді тиімді пайдалану жолары (пайдалантын жердің арақатынасы, егіс көлемінің құрылымы) мен топырақ құнарлылығын арттыру тәсілдері болып келетінін есте сақтау қажет. Ал егін шаруашылығының тарихы топырақтың құнарлылығын орнына келтіру мен арттырудың негізгі 4 тәсілін біледі. Олар - жерді тыңаю үшін аз-көп уақытқа пайдалануды доғару арқылы табиғи факторлардың әсеінен оның құнарлылығын жоғарылаты; пар қолдану (парлау) арқылы егіндіктің құнарлығын арттыру; топырақ құнарлылығын арттыру үшін көпжылдық шөптерді пайдалану; алға қойған мақсатты орындау үшін, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды қолдану және осы аталған тәсілдерді өзара әртүрлі арақатынаста үйлесімді түрде қолдану.
Еігіншілік жүйесі адам баласының тарихи дамуының туындысы, қоғам дамуының әрбір саласындағы агрономия ғылымы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің ең жоғарғы көрсеткіші болып саналады. Егін шаруашылығының даму тарихы ерте заманда ақ басталған. Адам егінщілікпен айналыса бастағаннан кейін оның негізі қалана бастайды. Алғашқы қауымдық, құл иелену және феодалдық қоғамның алғашқы кездеріне егіншіліктің қарапайым жүйелері сәйкес болды. Олар топырақтың тек табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген болатын.
Қарапайым егіншілік жүйелері деп өңдеуге жарайтын жердің аз ғана бөлігі пайдаланатын, өнімділігі төмн болатын, көбіне астық дақылдары егілетін, топырақ құнарлылығын көтеру адамның қатысуынсыз, табиғи процесстердің көмегімен ұзақ уақыт жүзеге асырылатын, өнім алуға жұмасалтын шығынның мөлшері жоғары болатын егіншілік жүйелерін айтамыз.
Ең қарапайым егіншілік жүйелерінің қатарына алғашқы қауымдық заманында жерге жеке меншік болмаған кезде далалық аймақта қолданған тыңайған жер, орманды аймақта кесіп-өртейтін егіншілік жүйелері жатады.
Тыңайған жер егіншілік жүйесі - өңделетін жер құнарлығы төмендегенде оны тастап, басқа құнарлы тың алқапты игеру және бастапқы учаскеге қайтып оралмайтын қарапайым егіншілік жүйесі.
Топырақ құнарлығының төмендеуі, ал оның салдарынан өнімнің өз шығынын ақтамайтындай азаюы топырақтың беткі қабатының құрылымының бұзылып шаңдануы, арамшөптер зиянкестер мен өсімдік ауруларының көбеюіне, өте қарапайым құралдармен топырақты өңдеумен байланысты болып келеді. Жер телімін пайдалану мерзімі әртүрлі (6-10 жыл) болып келген. Бұл аталған қарапайым егіншілік жүйесіне орманды аймақтарда кесіп өртеу егіншілік жүйесі сәйкес келеді.
Кесіп өртеу егіншілік жүйесі - ормандағы ағаштарды кесіп, томарлардан тазартып, қалдықтарын өртеп, орнына мәдени өсімдіктерді өсіретін, ал құнарлылығы төмендегенде бұл жерді тастап, қайта оралмайтын егіншілік жүйесі. Егістікке арналған орман алқаптары 2-3 жыл бойы дәнді дақылдар, зығыр етуге пайдаланылған. Бұл жерді тастап, басқа жерге көшуге жоғары айтылған себептерден басқа, ағаш өркенінің көбеюі мәжбүрлеген.
Қоғамның даму барысында жерге жеке меншік пайда болғанын білеміз. Мұндай жағдайда егін егу үшін жаңа телімдерді игере берудің мүмкіншіліні азайды. Осыған байланысты қарапайым егіншілік жүйелерінің келесі сатылған жер, ал орманды аймақтарда тыңайтылған жер, ал орманды аймақтарда ағаш-танапты егіншілік жүйелері деп аталады. Бұдан бұрынғы қарапайым егіншілік жүйелерінен негізгі айырмашылығы - құнарлылығы орнына келгеннен кейін алғашқы егістікке қайтадан оралуы. Сонымен тыңайтылған егіншілік жүйесі дегеніміз - құнарлылығы төмендеуге байланысты әр түрлі уақыт бойы пайдаланбаған, ал тыңайғаннан кейін қайтадан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделе бастайтын қарапайым егіншілік жүйесі.
Егіншілік жүйелерінің даму кезеңдері
Топырақ құнарлылығының орнына келуі табиғи факторларға тікелей байланысты болып келеді. Ол үшін жер иесі өзінің телімін бірнеше бөлімге бөліп, оның бір бөлігі, негізінен дәнді дақылдар егуге пайдаланып, көпшілігі өндірілмей, тыңаюға қалдырылып отырды, тыңаю кезеңі әр түрлі болады (10-20, 30 жылға дейін) . Осы уақытта топырақ күш алып, өнімділік қабілеті жоғарылайды. Содан кейін бұл жерде қайта игеру басталып отырды. Табиғи жағдайда топырақ құнрлылығының өзгеруі ең алдымен осы жерде өсетін өсімдіктерге (өсімдік қауымдастығына) байланысты екені белгілі Мысалы, далалы аймақтарда өңдеусіз қалған жерде келесі жылы аз жылдық, тез өсетін биік арамшөптер қаптап өсе бастайды. Соған қарап бұл кезеңді қурайлы алқап деп атаған. Топырақта ылғал мөлшері көбеюі, тез өсетін өсімдіктердің тамырының көмегімен топырақ қуыстылығының молаюын, аэробтық процестердің дамуын күшейтеді, қорытындысында топыраққа сіңімді қоректік заттардың қорлана бастауына жол ашады. Міне, топырақтағы орын алған осы факторлар көпжылдық сабақтамырлы өсімдіктердің өсіп-дамуына әкеліп соғады. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы бидайық болады. Содан жылдан жылға оның саны мен салмағы көбейе бастайды. Бұл кезеңді бидайықты шалғын деп атайды. Бидайықтың тамырларының арқасында топырақтың органикалық заттары көбейеді, құрылымы дұрыстала бастайды, көбіне шабындық ретінде пайдаланады. Сонымен қатар топырақ біртіндеп тығыздала бастайды, аэробты процестер әлсірейді, ылғал тез шығынға ұшырай бастайды. Оның салдарынан топырақтың жоғарғы қабатында орналасқан бидайықтың сабақтамырларына қолайсыз жағдай туғандықтан ол келе-келе сирей бастайды, оның орнына өсімдіктердің басқа қауымдастығы келеді. Бұл кезең 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Осыған дейін жеткен жерді жұмсақ тыңайтылған деп атайды.
Табиғи жағдайда бидайықты түптенуі селдір (сирек түп) анаэробты жағдайға бейімделген астық тұқымдастар алмастырады. Олардың басым көпшілігі шисабақ қоңырбастан тұрады да, одан басқа атқонақ, арпабас, еркекшөп сияқты өсімдіктер кіреді. Бұл тыңаю кезеңі ең көп өсетін өсімдіктің атымен қоңырбасты алқап делінеді. Әрине бұл аталған кезең оның алдындағымен (бидайықты) салыстырғанда өнімділігі төмен болады, көбіне жайылым ретінде пайдаланады. Тек өсімдік қауымдастығында еркекшөп пен арпабас басым болғанда ғана шабындыққа пайдалануға болады. Бұл кезең 10-15 жылға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыттың барысында топырақтың тығыздалуы, органикалық заттардың көбеюі, ылғалдың тұрақты болмауы салдарынан анаэробтық процесстер күш алып, қоректік заттардың сіңімді түрі азая береді де, селдір түпті астық тұқымдастарға қолайсыз жағдай туады. Олардың қатары бірте-бірте азайып, өсімдіктер қауымдастығының келесі тобы тығыз түптілермен алмасады. Олардың ішіндегі негізгісі бетеге болғандықтан, бұл кезеңді бетегелі алқап деп атайды. Көктемде бұл жерде көптеп эфемерлер өседі, бұршақ тұқымдастардан таспашөп әжептәуір кездеседі. Оның нәтижесінде топырақтың азот қоры молаяды.
Бетегелі алқап - кәдімгі жайылым. Бұл кезде топырақта шым пайда болады. Топырақтың көптеген қасиеттері тың жерге жақын болып келеді, оны тыңайған жер деп атайды.
Бетеге қанша ылғал тапшылығына төзімді болғанымен, біртіндеп сирей бастайды да, оның орнына селеу (қау, боз) келеді. Селеу құрғақшылыққа өте шыдамды өсімдік, бір жерде табиғи жағдайда ұзақ уақыт (шексіз) өсе беруі мүмкін. Селеумен қатар бұл жерде басқа әр түрлі өсімдіктер де өседі. Бұл кезеңді боз дала немесе тың жер деп атайды, тыңға тән барлық қасиеттерімен сипатталады.
Әрине, өсімдіктер қауымдастығының алмасу реті тек осылай жүреді деуге болмайды. Топырақ-климаттық, жер бедерінің және басқа да ерекшеліктерге байланысты кейбір өзгерістер болуы әбден мүмкін.
Сонымен тыңайтылған жер егіншілік жүйесін қолданғанда, жер иесі оны өзі қалаған кезде өңдеп, егін егуге пайдалана берген.
Орманды аймақтарда ағаш-танапты егіншілік жүйесі орын алған. Ағаш-танапты егіншілік жүйесі - алқапта екпе дақылдарды шаруаға бағалы материал беретін (құрылыс үшін, т. б. ) ағаштармен (орманмен) алмастырып отыратын қарапайым егіншілік жүйесі. Бұл жүйені қолданғанда ағаш кемінде бір жерде 50 жыл өскеннен кейін ғана қиып алынып, қалдықтары өртеніп, әрі қарай жер ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланылады.
Қоғамның әрі қарай дамуына, халықтың, әсіресе қала халқының, санының өсуіне, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктің артуына байланысты пайдаланатын жердің көлемі кеңейіп, тыңаюға қалдырылатын жердің, керісінше, көлемі азая береді. Нәтижесінде, топырақтың тыңаю, оның құнарлылығын арттырудың кезеңі бір жылға дейін жетті. Сөйтіп, егішіліктің парлы жүйесі дүниеге келді. Әрине, бұл жүйе осыған дейін аталған қарапайым егіншілік жүйелерімен салыстырғанда алға басушылық еді. Егіншілік жүйелерінің бір тобы экстенсивті егіншілік жүйелері деп аталады.
Экстенсивті егіншілік жүйелері - өңделетін жердің жартысы және одан да көбіне егін егілетін, алдымен дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптер, таза парда едәуір жерді алвп жататын, топырақ құнарлылығын арттыру, негізінен табиғи процесстерге байланысты болып келетін егіншілік жүйелері. Бұл егіншілік жүйелері феодалдық қоғамға, капиталистік қоғамның алғашқы даму кезеңдеріне сәйкес келеді.
Экстенситвті егіншілік жүйелерінің ең көп тараған түрі парлы егіншілік жүйесі болды. Бұл жүйеде топырақтың құнарлылығын арттыру пар танабына жүктелген. Ауыспалы егістері 2-3-4 танапты болып отырды, яғни пардан кейін 1-2-3 жылға дейін жаздық немесе күздік дәнді дақылдар егіледі. Әрине, ол кездегі техниканың, технологияның деңгейі пардың мүмкіншілігін толық пайдалануға жағдай жасай алмады, сондықта жалпы өнімділік төмен болып отырды.
Кейбір, әсіресе мал шаруашылығы дамыған, жауын-шашыны көп аймақтарда көптанаптық-шөптік немесе жайылым егіншілік жүйесі - жер көлемінің жартысынан артығы табиғи шабындық пен жайылымнан тұратын, ал қалған бөлігіне дәнді және басқа дақылдар егілетін егіншілік жүйесі орын алады. Өнімнің мөлшерін арттыру үшін табиғи шөптерді екпе шөптермен араластырып, оларды алғашқы жылдары шабынға, одан кейін жайылым ретінде пайдаланып отыру тәжірибесі де болған.
ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап Еуропа елдерінде үш танапты дәнді-парлы егіншілік жүйесінің орнына тұқым (ұрық) алмастыру жүйесі келді. Бұл жүйенің ауыспалы егістерінде астық дақылдарымен қатар техникалық (отамалы) және мал азықтық дақылдар егу басталды. Бұл егістіктің жалпы өнімін арттырумен қатар технологияның алға басуына мүмкіншілік берді (топырақты өңдеуді тереңдету, тыңайтқыштарды пайдалану, т. б. ) . Бұл жүйенің арнайы ауыспалы егіс ретінде норфольктік 4 танапты (1. Арпа+беде, 2. Беде, 3. Күздік бидай, 4. Мал азықтық тамыр жеміс-топинамбур) ауыспалы егісін келтіруге болады. Бұл жерде 50 % дәнді дақыл, 25% отамалы дақыл, 25% бұршақ тұқымдас беде болыд келеді және осы әр түрлі бағыттағы дақылдар екі жыл қатар егілмейді, жылда алмастырып отырады. Бұл жүйені, оның ауыспалы егісін, қажетті технологиясын қолдану егіншілікті дамытуға үлкен үлесін тигізді. Содан бастап егін шаруашылығында оның интенсивті жүйесі қалыптаса бастады және бүгінгі күні оларды қолдану кең орын алып отыр.
Интенсивті егін жүйелері - өзінің жоғарғы ғылыми-технологиялық деңгейімен ерекшеленетін, өңдеуге жарайтын жердің барлығына дерлік егіс егілген, оның көлемі өңделетін жердің көлемінен кейде артық болып келетін (аралық дақылдар егу нәтижесінде), жоғары өнімді, экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдар мен олардың құнды сорттары өсірілетін, алдыңғы қатарлы технология мен техникада қолданатын, топырақ құнарлылығы көбіне өндірістен алынатын заттардың көмегімен арттырылатын, топырақты, қоршаған ортаны қорғай алатын егіншілік жүйелері.
Егіншілік жүйелерінің тарихи дамуының нобайы және олардың ерекшелік нышандары (белгілері)
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері
Осы күнгі егіншілік жүйелері әр түрлі теорияларға негізделеді және олардың бәрі егіншілік жүйелерінің алдына қойған міндеттерді орындауға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz