Сиыр етін өндірісте қолдану


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 1

Негізгі бөлім

  1. Ірі қара етін өндіру технологиясы . . . 2
  2. Етке арналған төлдерді өсіру . . . 4
  3. Өндірістік будандастыру . . . 5

Қорытынды . . . 10 Пайдаланылған әдебиет . . . 11

Кіріспе

Етті ірі қара шаруашылығының даму өткен ғасырдың 20- жылдарынан Ресейдің оңтүстік - шығыс және Қазақстанның жерінде мамандандырылған арнайы шаруашылықтарнының құрылуынан басталды, кейін осындай шаруашылықтар басқа да аймақтарда ашылды. Алғашқы уақытта, ондай шаруашылықтардың табыны қалмақ және жергілікті қазақ ірі қарасынан құралды. 1928-1933жылдар аралығында Англиядан және Уругвайдан герфорд, шортгорн және абердин - ангусс ірі қара тұқымдары көптеп әкелінді. Сонымен қатар, жергілікті малдарды шет мемлекеттен әкелінген мал тұқымдарымен шағылыстыра бастады, соның нәтижесінде көптеген герефорд будан малдарының тобы құрылды, кейін қазақтың ақбас ірі қара тұқымы шығарылды. Табиғи - экономикалық жағдайларға байланысты, етті ірі қара шаруашылығының ұйымдастырушылық және технологиялық ерекшеліктері боды. Оның алғашқы ерекшелігі табиғи жайылымды молымен пайдалану және азық дайындау, төлдерді өсіріп - дамыту тәсілі және сақа малдарды бағып - күту, шығынды азайтып мал өнімін көп алу, мал қорларын салу болды.

Ірі қара етін өндіру технологиясы

Малдардың өсіп - дамуына және бордақылануына байланысты көптеген мемлекеттік және шаруааралық кооперативті шаруашылықтарда, өндірістік технологияны енгізуге байланысты еңбектің өнімділігі жоғарылап, ал алынған өнімдердің өзіндік құны төмендеуде. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде және біздің елде, ірі қара етін сүтті және сүтті-етті малды өсіретін шаруашылықтарда, олардың еттілік қасиетін жақсартатын шараларға көп көңіл бөлу қажет. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы малдармен асылдандыру жұмысын жүргізгенде, олардың қарқынды өсуіне, тірі салмағының жоғарылауына және дене бітімінің жақсаруына мән берген жөн. Көптеген тәжірибелерге қарасақ, көптеген ірі қара тұқымдарының еттілік қасиеті жақсаруда. Оған мысал ретінде қара-ала, қызыл, әулиеата, алатау, симментал ірі қара тұқымдарын айтуға болады. Шаруашылықтарда ет өнімінің көбеюіне көп әсер ететін жылына туатын бұзаулардың басы және буаз қашарлардың үлесі көп болса, бұзаудың саны көбейіп, оларды етке дайындауға мүмкіндік туады.

Сүтті сиыр шаруашыылқтарында бұзауды жыл бойы алып, оларды әрі қарай өсіреді. Әрине, көптеген аймақтарда, ірі арнайы шаруашылықтарда (кешендерде) төлдерді 10- 20 күндігінен бастап әрі қарай өсіріп - дамытады. Бұл шаруашылықтарда жас малдарды өсіріп - дамыту технологиясы өзгереді. Жас малдарды 13 - 14 айлығына дейін қарқынды өсіріп, етке тірі салмақтары 400 - 500 кг-ға дейін жетеді. Жаңа технологияға көшу ірі қара етін көп өндіруге әсерін тигізеді. Ондай шаруашылықтарда, малдарды күту, бағу және азықтандыру жаңа технология бойынша өтіп, еңбектің өнімділігін арттырып,

арзан ірі қара етін алуға болады.

Ірі қара етін өндірудегі ең алғашқы проблема, олардың тірі салмағын жоғарылату, әсіресе жас малдардың салмағын, себебі етке өткізетін жас мал-дардың үлесі 60-70℅ -ға дейін. Жас малдарды қарқынды өсіруді ұйымдас-тыру және бордақылаудың нәтижесінде олардың тірідей салмағы 14 -18 ай-лықтарында 400-500 кг-ға дейін жетеді. Ғылыми деректер бойынша, осы жаста сойылатын малдардың еттік қасиеті жоғарыланып, ет өнімін көбейтуге себебін тигізеді. Сонымен қатар, 1ц ет өніміне мар азығы және еңбек шығындары 1, 5 - 2 есе азаяды. Қарқынды бордақылау мезгілдерінде малдың тұқымына, жынысына және жасына қарай, олардың салмағы 20 - 40℅-ға дейін жоғарылайды.

Ет өндіру шаруашылықтарында мамандандырудың жаңа түрін қолданып, әрі табиғи және экономикалық шаруашылықтардың мамандануына қарай, оларда ет өндіру технологиясы да өзгереді. Сондықтан әр түрлі мамандандырылған шаруашылықтарда ет өндіру технологияларының өзінше ерекшеліктері бар. Жас малды өсіріп - дамыту және оларды бордақылау жұмыстарымен ірі, жоғары механикаландырылған шаруашылықтар (комплекстер) үздіксіз - цех тәсілі бойынша және мамандандырылған мал бордақылау шаруашылықтары айналысады.

Осы шаруашылықтарға болашақ бордақыланатын малдар, осы аймақтардағы басқа ұсақ шаруашылықтардың әкелінуі және осы жұмыс келісімшарт бойынша іске асады. Көптеген тәжірибелер бойынша, әсіресе Ресей, Украина, Балтық теңізі бойындағы республикалардың шаруашылықтары осы тәсілді қолданып үлкен нәтижеге жетті. Шаруашылық ұжымдары қант және вино зауыттарының маңайында ұйымдастырған, ол шаруашылықтар, потока және барданы пайдаланып, малдарды бордақылайды

Етке арналған төлдерді өсіру

Етті ірі қара мал шаруашылықтарында туған бұзаулар 6-8 айлығына дейін енесінің бауырында болып, енесінің сүтін еміп өседі. Етті ірі қара мал шаруашылықтары жайылымы мол жерлерге орналасқан, оның малды жайып семіртуге әсері зор, ал бордақылайтын шаруашылықтар егістігі жақсы дамыған аумақтарға шоғырланған. Жалпы шаруашылықтардың мамандандырылуына, шоғырландыруына, шаруашылық бағытына, бордақылау ерекшеліктеріне, әрі мал азығымен қамтамасыз етілуіне байланысты төмендегідей арнайы комплекстер мен фермалар бар:

  1. Бұзауларды 10 -20 тәулігінен бастап өсіріп 13, 5 - 14 айлығында тірідей салмағы 420 - 450 кг жеткенде етке өткізіледі;
  2. Төлдерді 15 - 18 айлығына дейін бордақылап тірідей салмағы 400-450 кг жеткенде етке өткізеді ; ал бұл шаруашылықтар сүтті және сүтті - етті шаруашылықтардан бұзауларды 4-6 айлығында қабылдаса, етті ірі қара мал шаруашылықтарынан 7 - 10 айлығынан бастап қабылдайды.
  3. Төлдерді 10 - 12 айлықтарына дейін өсіірп, тірідей салмағы 260 - 300
  4. кг жеткенде, оны басқа арнайы мамандандырылған бордақылау шаруашылықтарына, немесе бордақылау алаңына өткізеді;
  5. Төлдерді және бракқа шыққан малдарды бордақылау алаңында және кешендерде бордақылайды;

Мамандандырылған етті ірі қара мал шаруашылықтары мен фермалары көптеген топқа бөлінеді. Оған:

  • Мамандандырылған етті асыл тұқымды шаруашылықтар, негізгі міндеті төлдерін өсіріп, бордақылау; бұл шаруашылықтарда бұзауларды енесінің бауырында 8 - 10 айлығына дейін өсіріп, мамандандырылған бордақылау шаруашылықтарына өткізеді;
  • Мамандандырылған (тауарлы) етті шаруашылықтарда төлдерін өсіріп, 15 - 20 айлықтарында тірідей салмақтары 400 - 450 кг жеткенде етке өткізеді;
  • Етті ірі қара мал фермаларында бұзауларын 6 - 8 айлықтарына дейін енелерінің бауырында өсіріп, бордақылау шаруашылықтарына өткізеді;
  • Асыл тұқымды мал зауыттары мен фермаларының негізгі мақсаты етті тұқымды ірі қара малын одан әрі асылдандыру және басқа фермалардың табынын толықтыратын асыл тұқымды төл өсіру.

Ет өндіретін шаруашылықтар көбінесе табиғи - экономикалық қолайлы аймақтарда, әсіресе табиғи жайылымы және мал азығы мол жерлерде шоғырланған.

Өндірістік будандастыру

Ет өнімін өндіруде сүті аз сүтті тұқымның сиырларын етті тұқымның

бұқаларымен шағылыстырады. Одан алынған будан төлдердің еттілік сапасы

жоғары және мамандандырылған шаруашылықтарда жақсы бордақыланады. Мұндай жұмысты іске асыру үшін шаруашылықтар өз табындарының 20 - 30℅ сиырларын шағылыстыру үшін бөледі. Барлық будан төлдерді (еркек бұзаулар мен ұрғашы бұзауларды) сүтті сиыр табындарынан арнайы комплекстер мен фермаларға өсіру үшін және бордақылау үшін өткізеді. Әрине бұл арнайы шаруашылықтарда мал азығымен толық қамтамасыз етілгеннен кейін, төлдердің өсіп - жетілуіне және өнім беруіне үлкен мүмкіндік туады.

Ал, ірі қара мал тұқымдарын бірімен - бірін шағылыстыруға

дайындалғанда, одан алынатын будан ұрпақтарының келешек еттілік сапасын, көбеюін, әрі бағып - күтуге бейімділігін ескерген жөн.

Ғылыми деректер бойынша төмендегідей нұсқау бойынша малдарды өндірістік негізде шағылыстыруға болады. Мысалы, қырдың қызыл сиырларын герефорд, қазақтың ақбасы, шароле, санта - гертруда және абердин - ангусс бұқаларымен; ал қара-ала және әулиеата тұқымдарының сиырларын шароле, қиан, герефорд және абердин ангус бұқаларымен, симментал және сычев сүтті тұқымдары сиырларын - шароле, қиан герефордтың бұқаларымен; қоңыр және алатау тұқымды сиырларды - қиан және герефордтың бұқаларымен өндірістік будандастырудың және герефордтың бұқаларымен өндірістік будандастырудың сүтті ірі қара шаруашылықтары үшін маңызы зор, себебі, ол шаруашылықтарда жоғары сапалы ет алуға болады.

Шаруашылықтың екі - үш фермасы болса, оның біреуін ет өнімін өндіруге арнауға болады, ол фермада етке арналған төлдерді, бракқа шыққан ірі қараны 2 - 3 айдай бордақылайды.

Өндірістік будандастырудың нәтижесі малдың тұқымына, шағылыстыру тәсіліне және будан малдарды азықтандыру деңгейіне байланысты.

18 айлық будан бұқаштарының ет өнімі

(Н. Ф. Ростовцев дерегі бойынша)

Көрсеткіштері: Көрсеткіштері
Қырдың қызыл тұқымы: Қырдың қызыл тұқымы
Қырдың қызыл будандары: Қырдың қызыл будандары
Көрсеткіштері: герефордпен
Қырдың қызыл тұқымы: абердин-ангуспен
Қырдың қызыл будандары: шорт-горнмен
шаролемен
Көрсеткіштері:

Сояр алдындағы тірі салмағы, кг

Ұша салмағы, кг

Іш майының салмағы, кг

1кг салмаққа кеткен мал азығы, а. ө

Ұшасындағы, 9℅

белогы майы

Қырдың қызыл тұқымы:

401

216, 7

19, 8

8, 14

19, 46

11, 7

Қырдың қызыл будандары:

445

248, 4

19, 3

7, 57

18, 4

15, 3

429

238, 0

20, 6

7, 58

19, 61

14, 39

406

223, 0

18, 5

7, 9

20, 8

11, 69

464

270, 5

19, 2

7, 35

20, 8

11, 69

15 айлық етті тұқым будандарының өнімі

Тұқымдылығы: Тұқымдылығы
Сояр алдындағы салмағы, кг: Сояр алдындағы салмағы, кг
Салмағы, кг: Салмағы, кг
Химиялық құрамы: Химиялық құрамы
Ет калориясы, калл: Ет калориясы, калл
Тұқымдылығы: ұша
Сояр алдындағы салмағы, кг: май
Салмағы, кг: про-теин
Химиялық құрамы: май
Тұқымдылығы: 1
Сояр алдындағы салмағы, кг: 2
Салмағы, кг: 3
Химиялық құрамы: 4
Ет калориясы, калл: 5
6
7
Тұқымдылығы:

Қазақтың ақбасы

Шароле х қазақтың ақбасы

Сояр алдындағы салмағы, кг:

355

384

Салмағы, кг:

201, 5

221, 0

Химиялық құрамы:

9, 6

10, 6

Ет калориясы, калл:

20, 28

20, 0

8, 15

10, 85

1435

2171

Тұқымдылығы: 1
Сояр алдындағы салмағы, кг: 2
Салмағы, кг: 3
Химиялық құрамы: 4
Ет калориясы, калл: 5
6
7
Тұқымдылығы:

Герефорд х қазақтың ақбасы

Абердин-ангус х қазақтың ақбасы

Сояр алдындағы салмағы, кг:

360

332

Салмағы, кг:

207, 0

192, 0

Химиялық құрамы:

10, 9

8, 5

Ет калориясы, калл:

19, 53

20, 24

4, 84

14, 11

2048

2494

Малдарды шағылыстыру уақытында әр мал тұқымының биологиялық ерекшеліктерін және ұрпақтарының тұқым қуалаушылық қасиетін ескереді. Сүтті және қос бағытты ірі қара тұқымдарының өсіп - дамуы ерте аяқталады да, жас уақытынан бастап, олардың дене майы біте бастайды және оларды сойғанда жоғары сортты етті көп алады. Өндірістік будандастыру тәсілінің нәтижесінде, будан малдарының қарқынды өсуін байқаймыз. Етті тұқым малдарының, шароле мен қианнан басқасының, бұқаларының туғандағы салмағы, сүтті және қос бағыттағы сиырларды етті бағытты бұқалармен шағылыстырғанда бұзауларының салмағы төмендеп, жеңіл туады. Сондықтан, тауарлы шаруашылықтарда жас қашарлардың біразын етті бағыттағы бұқалармен шағылыстырған жөн. Будан бұзаулардың туғандағы салмағы орташа болып келеді, ол етті тұқым бұзауларынан салмағы аздау.

Будан бұзаулардың өсіп - даму қарқыны жоғары, ал азық төлеуі жақсы.

Өндірістік будандастыруды жүргізуде, шаруашылықтардың табиғи - экономикалық жағдайын, төл өсіру тәсілін, ірі малдардың жайып семіру және бордақылау, тұқым қуалау ерекшеліктерін ескереді. Олардан алынған ұрпақтардың ет өніміне әсерін анықтайды. Тәжірибе бойынша, етті бағыттағы абердин - ангусс бұқаларын сүтті және қос бағыттағы сиырлармен шағылыстырғанда, алынған будан малдардың етінің сапасының жақсы екені анықталады.

Ыстық аймақтарда санта - гертруда тұқым будандарының өсу қарқыны жақсы, ал етінің сапасы жағынан, басқа етті тұқымдардан төмендеу. Герефорд және шортгорн тұқымдарының будандарын қарқынды өсірсе, олардың тірідей салмағы тез жоғарылайды, дене майлары ерте біте бастайды, сондықтан ондай будан малдарын, басқаларына қарағанда ертерек етке өткізуге болады.

Шароле тұқымының будандары туғанда ірі туады, ал сиырлар туарда қиналады.

Өндірістік будандастыру бір тұқымды екінші тұқыммен шағылыстыру алдында олардың дене бітімінде ескереді. Әсіресе, қолайлысы өте ірі, еттілігі жақсы жетілген, жас уақыттарында өсу қарқыны жоғары, мал азығы шығымы арзан болған малдарды жұптастырады. Ұша құрамының сүйегі аздау малдарды іріктейді. Етті тұқым бұқалары шағылыстыру нәтижесінде өзіндік тұқымдық қасиетін тұрақты түрде қайталайды, әсіресе түсін. Мысалы, герефорд тұқым будандарының басы ақ, денесінің төменгі орта бөлімінің ақ таңбалары болса, абердин - ангус будандарының басы қара және мұқыл (мүйізсіз ), ал шароле будандары ақшыл - көк т. б. болып келеді.

Етті ірі қара шаруашылығында, екі тұқымды бір - бірімен шағылыстырудан гөрі, үш тұқымды бір - бірімен шағылыстыру тәсілі өте нәтижелі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШҰЖЫҚ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Шұжық өнімдерін дайындау технологиясы
Шұжық және шұжық өнімдерін өндіру технологиясы
Жартылай фабрикаттарды сақтау
Етті және ет өнімдерін суықпен өңдеу және сақтау
Сиыр етінің техникалық шарттары
Жартылай ысталған шұжықтар пісірілген шұжықтармен салыстырылғанда сақтауға және тасымалдауға төзімді
Жартылай қақталған шұжықтардың технологиялық нұсқасы
Ірі қара малдың еті мемлекеттік жаңа стандарт жобасын халықаралық стандарт талаптарымен сәйкестендіру
Eт, eт өнімдeрінің құрамы қасиeті жәнe тағамдық құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz