Азаматтық құқық объектiлерi



Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түсінігі, түрлерi және қасиеттері
1.1. Қаржы құралдары
2. Бағалы қағаздар
3. Мүліктік емес өзіндік құқықтар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе

"Азаматтық құқық" атауы сонау антика дәуірінен белгілі атаулардың бірі.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады:
- субъектілері
- мазмұны
- объектілері
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. Әдетте, азаматтық құқық объектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге дейін ақпарат оның аясына кірмейтін. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарының объектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды. Зат деп материалдық әлемнің кез келген объектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырына оның сапасы мен құқықтық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықта заттарды саралаудыңалуан түрі кездеседі.
Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлімі 27 желтоқсан 1994 ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 27 желтоқсан 1994 ж.
4. "Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы" Ғ. Төлеуғалиев Алматы "Жеті жарғы".

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түсінігі, түрлерi және қасиеттері
1-1. Қаржы құралдары
2. Бағалы қағаздар
3. Мүліктік емес өзіндік құқықтар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

"Азаматтық құқық" атауы сонау антика дәуірінен белгілі атаулардың
бірі.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының бірі болғандықтан
күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен
мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз
байланысты.
Азаматтық құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады:
- субъектілері
- мазмұны
- объектілері
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (Мүлiктiк және жеке
мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар) бағытталған болса, сол нәрсе оның
объектісі деп аталады.
Объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады
және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. Әдетте,
азаматтық құқық объектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге
дейін ақпарат оның аясына кірмейтін. Жалпы алғанда, азаматтық құқық
қатынастарының объектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды. Зат деп
материалдық әлемнің кез келген объектісін айтамыз. Заттардың заңдық
тағдырына оның сапасы мен құқықтық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан
да азаматтық құқықта заттарды саралаудыңалуан түрі кездеседі.

Азаматтық құқықтар объектілері
 
1. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түсінігі, түрлерi және қасиеттері
 
Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық
құқық объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның
iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық
интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар,
тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк
құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға)
(ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе
міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік
құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi,
денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу
құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес
игiлiктер мен құқықтар жатады.
 
Азаматтық құқық объект
iлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса
немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты
мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге
де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып
тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не
алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi
шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi.
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында
белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды.
 
Қозғалмайтын және қозғалатын мүлiк
1. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер
учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз
байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз
ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.
2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу
кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын
заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге
мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
3. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы
қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен
басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
 

 Қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу
1. Қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк
тiркелуге тиiс.
2. Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы,
бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге
пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке
рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен
кезден бастап пайда болады.
3. Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мәмiле Азаматтық Кодекстiң 4-
тарауындағы ережелер сақтала отырып, мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
4. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiленi
мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша
тiркелген құқық немесе мәмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс
етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.
5. Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiленi
мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асырушы орган
жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға
беруге мiндеттi.
6. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мәмiленi
мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда
сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
7. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi және тiркеуден бас тарту негiздерi
Азаматтық Кодекске сәйкес қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмiленi тiркеу туралы Қазақстан Республикасы Заңымен
белгiленедi.
 
Кәсiпорын
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен
құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады.
Кәсiпорын тұтасымен мүлiктiк кешен ретiнде қозғалмайтын мүлiк деп
танылады.
2. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне
арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар,
жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап
ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге
құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер заң құжаттарында
немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.
3. Кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге,
арендаға беру және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға
байланысты басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.
4. Мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорын құрамындағы борыштарды берген кезде
несие берушiлердiң құқықтарына Азаматтық Кодекстiң 48-бабында көзделген
тәртiппен кепiлдiк берiледi.
 
Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн мүлiк
Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз - бөлу нәтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын
(мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк.
Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз - өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн)
өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге
жатпайтын мүлiк.
Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi заңдарда
белгiленедi.
 
Күрделi заттар
1. Егер әртектi заттар оны бiрiгу мәнi белгiлейтiн мақсаты бойынша
пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат
(күрделi зат) деп қаралады.
2. Күрделi зат жөнiнде жасалған мәмiленiң күшi, егер шартта өзгеше
белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады.
 
Басты зат және керек-жарақ
Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған және ортақ
шаруашылық мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер
заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi.
 
Жемiстер, азық-түлiк және табыстар
Мүлiктердi пайдалану нәтижесiнде алынған түсiм (жемiстер, өнiмдер,
табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану туралы шартта өзгеше
көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдаланушы адамға тиесiлi болады.
 
Жануарлар
Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар туралы жалпы
ережелер қолданылады.
 
Интеллектуалдық меншiк
1. Қылмыстық Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер
мен тәртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық
интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды
тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын
жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi,
қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады.
2. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерi мен ерекше
құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану
құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана
жүзеге асырылады.
 
Қызметтiк және коммерциялық құпия
1. Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе
потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға
болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара
қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.
2. Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған адамдар сондай-ақ еңбек
шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан
контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген
залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
 
Ақша (валюта)
1. Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады.
2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша
қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма қол төлеп және қолма
қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың
реттерi, тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленедi.
 
Валюталық қазыналар
1. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi және олар арқылы
мәмiлелер жасау тәртiбi заң құжаттарында белгiленедi.
2. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы
негiздерде қорғалады.
 
1-1. Қаржы құралдары
 
Қаржы құралы – операциялар нәтижесінде бір ұйымның қаржылық активімен
бір мезгілде басқа ұйымда қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал
туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар,
туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары.

Қаржылық актив – ақшасын, басқа ұйымның үлестік құралын білдіретін кез
келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активті алуға
немесе өзі үшін ықтимал тиімді жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық
активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе
есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе
жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік
құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы міндетті болатын туынды
құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің белгіленген сомасын
алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының
белгіленген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі
мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.

Қаржылық міндеттеме – ақшасын немесе өзге де қаржылық активті басқа
ұйымға беру немесе өзі үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа ұйыммен
қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасудың шартты
міндеттемелерін білдіретін кез келген міндеттеме немесе есеп айырысу
ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге
асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының
ауыспалы санын беретін және беруге міндетті болатын туынды емес құрал
немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің тіркелген сомасын
алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының
тіркелген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі
мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.

Үлестік құрал – ұйымның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін
қалатын оның активтеріндегі қалдық үлесіне құқығын растайтын кез-келген
шарт.
 
Туынды қаржы құралдары – болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды
жүргізуді көздейтін, құны шарттың базалық активінің мөлшеріне (мөлшердің
ауытқуын қоса алғанда) тәуелді шарт.
Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және
осы белгілерге сай келетін басқа да туынды, оның ішінде жоғарыда аталған
туынды қаржы құралдарының комбинациясы болып табылатын қаржы құралдары
жатады.
Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар,
валюта, индекстер, проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да
активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары
туынды қаржы құралдарының базалық активтері болып табылады.
 
Опцион – оған сәйкес бір тарап (опцион сатушысы) екінші тарапқа
(опционды сатып алушы) болашақта келісілген жағдайларда пәтуаласқан баға
бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы
құралы. Опционды сатушы өзіне міндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа
ие болады.
Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға
опционды сатады. Опционның келісілген жағдайлары деп мынадай міндетті
шарттарды келісу түсініледі: базалық активтің түрі, базалық активтің жалпы
құны (опцион жасалатын сома), базалық активтің бағасы (страйк – опционды
орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзімі (опционның қолданылу
кезеңі), опционның түрі.
Егер опционды сатып алушы өзі сатып алған құқықты іске асырса, онда
опцион орындалды деп есептеледі.
 
Своп – оған сәйкес тараптар келісілген шарттармен базалық активтер
немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдерді айырбастау жөнінде
пәтуаласатын туынды қаржы құралы.
 
Форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттарда
базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен
кейін міндеттемені өзіне алатын туынды қаржы құралы.
Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.
 
Фьючерс – сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта
белгіленген стандартты шарттарға сәйкес базалық активті сатып алудың
(немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне
алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетін туынды қаржы құралы.
 
 
2. Бағалы қағаздар
 
Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен
басқа да белгiлердiң жиынтығы.

Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаз – эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды
шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін
куәландыратын бағалы қағаздар.
Үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері
Азаматтық құқықтар объектілері
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқық объектілері туралы
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Интеллектуалды меншік объектілері
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері
Пәндер