Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ...1

1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...3
1.1 Мемлекеттік басқарудың мәні мен типтері ...3
1.2 Мемлекеттік басқарудың функциялары мен принциптері ...15
1.3 Мемлекеттік басқарудың жүйелік және ұйымдық құрылымының маңызды сипаттамалары ...19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ...25
2.1 Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері.министрліктер, агенттіктер: құрылымы және қызметтері ...25
2.2 Алматы қаласындағы әлеуметтік процестерді басқару ...32
2.3 Әлеуметтік сфера салаларын инвестициялау ерекшеліктері мен проблемалары ...46

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ...51
3.1 Мемлекеттік басқару. Негізгі экономикалық басқару бағдарламалары ...51
3.2 Әлеуметтік басқару бағдарламалары ...58

ҚОРЫТЫНДЫ ...65

Қолданылған әдебиеттер тізімі ...67
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.
Нарықтық экономикасына өту экономикалық тұрақтыландыруды, мемлекеттің тікелей әсерінсіз кәсіпорындардың шаруашылық өміріне араласудың реформалардың тереңдетуді, қаржы жүйесін тұрақты дамытуды және мемлекетпен кәсіпорындардың іс-әрекет ету шеңберін нақты айқындау үшін мемлекеттік басқаруын және реттеуін талап етеді.
Сонымен қатар осы тақырыптың өзектілігінің негізі бұл қазіргі кезде көптеген елдер үшін мемлекеттік басқару үрдісінің тиімділігін артттыру ең негізгі мәселе болып, көпшілік тарапынан осы жағдайға көп көңіл аударумен түсіндіріледі.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттік биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар тұрғызу басты мақсат.
Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқаруды функциолаудың механизмін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі ролін анықтау.
Елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономиканы басқару жүйесінің өзгеруіне әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған жүйесінен біртіндеп орталықтандырмай басқару жүйесіне ауысу процесінің басталуы уақыт талабына сай екенін өмір көрсетіп отыр. Сондықтан да қазір мемлекеттік басқаруды тиімді ету жолдарын қарастыруда еліміздің аймақтарына біртіндеп өкілеттіктерді беру арқылы жергілікті мәселелердің тиімдіәрі уақытында шешімін табуға, халықтың мүддесінің толығымен сақталуының негізгі жолдары іздестірілуде.
Мемлекеттік басқарудың тиімді болуы үшін оның барлық функцияларын басқару деңгейлері арасында нақты бөлу тек қана уақытты талап етіп қоймай, сонымен бірге, ел мүддесіне залал келтіретіндей қателіктер жіберіп алмау үшін шетелдердің тәжірибелеріне талдау жүргізу, кейбір елдерде болған кемшіліктерде болдырмау, бюджет жүйесіне өзгерістер енгізу, өкілеттіктерді айқын ажырату, салықтарды бөлу, бюджетаралық қатынастарды дұрыс шешу, ең маңыздысы мемлекеттік мүдденің халық мүддесімен астарласып жатуына аса сақтықты талап ететін мәселе.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың түпкі мақсаты экономика мен қоғамның дамуын көздейтіні әлем тәжірибесінен белгілі. Біздің елімізде облыстық деңгейдегі билік орындары орынсыз өсіп, аудандық және селолық деңгейдегі билік орындары қусарып бара жатыр. Ал керісінше, дамыған унитарлы мемлекеттердің ең күшті буындары қала, аудан мен село болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешеу қажет:
- Ең алдымен мемлекеттік басқарудың мәнін ашып, оның типтеріне сипаттама беру.
- Қазақстан Республикасының билік және басқару түрлеріне, құрылымдарына және қызметтеріне сипаттама беру.
- Қазақстанның нарықтық экономикада мемлекеттік басқарумен қамтамасыз етілуі және негізгі эконоикалық және әлеуметтік басқару бағдарламалары проблемаларын анықтау және олады шешу жолдары.
Бұл мәселені қарастыру экономиканы мемлекеттік реттеу, басқару қажеттілігі туралы білімді кеңейтіп, оның қазіргі уақытта өте өзекті проблема екенін анықтайды.
Осы жұмыстың зерттеу концепциясы бұл әлеуметтік-экономикалық жүйесінің трансформациясы және нарық жағдайында өмір сүру кезінде пайда болатын эконгомиканы мемлекеттік басқару мен реттеудің теориясы мен практикасын шет елдер тәжірибесі және Қазақстан ерекшеліктері негізінде зерттеу.
Екінші бөлімде ең алдымен Қазақстан Республикасындағы басқару түрлері, яғни министрліктер, агенттіктер және құрылымы, қызметтері туралы түсініктер берілген.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының нарықтық экономикада мемлекеттік басқарумен қамтамасыз етілуі туралы, билік жүйесінің және мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды проблемалары және негізгі экономикалық басқару бағдарламалары, әлеуметтік басқару бағдарламалары қарастырылған.
ХХ ғасырда басқару теориясы құрылуы мен дамуын атақты батыс және соцалистік лагерь елдері ғылымдары: И.Ансофф, М.Альберт, А.Аузан, А. Акчурин, К.Бердалиев, Г.Будылкин, О.Виханский, Д.Гвишиани, П.Друкер, И.Завадский, С.Колеснев, П.Керженцов, О.Козлова, В.Козбаненеко. М.Кенжегузин, Д.Карнеги, К.Кубаев, Л.Качалина, Р.Каренцев, Г.Лоза, М.Мэйо, А.Маслоу, М.Мескон, Б.Мильнер, А.Наумов, Г.Слизенгер, Ф.Хедоури, И.Ушачев, Р.Уоутерман, А.Файоль, Л.Якокка және тағы басқалардың еңбектері басқару теориясы дамуына үлкен үлес қосты.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 1
1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1 Мемлекеттік басқарудың мәні мен типтері 3
1.2 Мемлекеттік басқарудың функциялары мен принциптері 15
1.3 Мемлекеттік басқарудың жүйелік және ұйымдық құрылымының маңызды
сипаттамалары 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 25
2.1 Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері-министрліктер,
агенттіктер: құрылымы және қызметтері 25
2.2 Алматы қаласындағы әлеуметтік процестерді басқару 32
2.3 Әлеуметтік сфера салаларын инвестициялау ерекшеліктері мен
проблемалары 46
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТІЛУІ 51
3.1 Мемлекеттік басқару. Негізгі экономикалық басқару бағдарламалары 51
3.2 Әлеуметтік басқару бағдарламалары 58
ҚОРЫТЫНДЫ 65
Қолданылған әдебиеттер тізімі 67

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің Қазақстан-2030
Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару
белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі
бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері
15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар
жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке
өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық
механизмдерге көшіруде.
Нарықтық экономикасына өту экономикалық тұрақтыландыруды, мемлекеттің
тікелей әсерінсіз кәсіпорындардың шаруашылық өміріне араласудың
реформалардың тереңдетуді, қаржы жүйесін тұрақты дамытуды және мемлекетпен
кәсіпорындардың іс-әрекет ету шеңберін нақты айқындау үшін мемлекеттік
басқаруын және реттеуін талап етеді.
Сонымен қатар осы тақырыптың өзектілігінің негізі бұл қазіргі кезде
көптеген елдер үшін мемлекеттік басқару үрдісінің тиімділігін артттыру ең
негізгі мәселе болып, көпшілік тарапынан осы жағдайға көп көңіл аударумен
түсіндіріледі.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біртұтастық пен
басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттік
биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен
жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі
жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс
істеуі үшін жағдайлар тұрғызу басты мақсат.
Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқаруды функциолаудың механизмін,
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі
ролін анықтау.
Елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономиканы басқару
жүйесінің өзгеруіне әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік басқарудың
орталықтандырылған жүйесінен біртіндеп орталықтандырмай басқару жүйесіне
ауысу процесінің басталуы уақыт талабына сай екенін өмір көрсетіп отыр.
Сондықтан да қазір мемлекеттік басқаруды тиімді ету жолдарын қарастыруда
еліміздің аймақтарына біртіндеп өкілеттіктерді беру арқылы жергілікті
мәселелердің тиімдіәрі уақытында шешімін табуға, халықтың мүддесінің
толығымен сақталуының негізгі жолдары іздестірілуде.
Мемлекеттік басқарудың тиімді болуы үшін оның барлық функцияларын
басқару деңгейлері арасында нақты бөлу тек қана уақытты талап етіп қоймай,
сонымен бірге, ел мүддесіне залал келтіретіндей қателіктер жіберіп алмау
үшін шетелдердің тәжірибелеріне талдау жүргізу, кейбір елдерде болған
кемшіліктерде болдырмау, бюджет жүйесіне өзгерістер енгізу, өкілеттіктерді
айқын ажырату, салықтарды бөлу, бюджетаралық қатынастарды дұрыс шешу, ең
маңыздысы мемлекеттік мүдденің халық мүддесімен астарласып жатуына аса
сақтықты талап ететін мәселе.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың түпкі мақсаты экономика мен
қоғамның дамуын көздейтіні әлем тәжірибесінен белгілі. Біздің елімізде
облыстық деңгейдегі билік орындары орынсыз өсіп, аудандық және селолық
деңгейдегі билік орындары қусарып бара жатыр. Ал керісінше, дамыған
унитарлы мемлекеттердің ең күшті буындары қала, аудан мен село болып
табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешеу қажет:
- Ең алдымен мемлекеттік басқарудың мәнін ашып, оның типтеріне
сипаттама беру.
- Қазақстан Республикасының билік және басқару түрлеріне,
құрылымдарына және қызметтеріне сипаттама беру.
- Қазақстанның нарықтық экономикада мемлекеттік басқарумен қамтамасыз
етілуі және негізгі эконоикалық және әлеуметтік басқару
бағдарламалары проблемаларын анықтау және олады шешу жолдары.
Бұл мәселені қарастыру экономиканы мемлекеттік реттеу, басқару
қажеттілігі туралы білімді кеңейтіп, оның қазіргі уақытта өте өзекті
проблема екенін анықтайды.
Осы жұмыстың зерттеу концепциясы бұл әлеуметтік-экономикалық жүйесінің
трансформациясы және нарық жағдайында өмір сүру кезінде пайда болатын
эконгомиканы мемлекеттік басқару мен реттеудің теориясы мен практикасын шет
елдер тәжірибесі және Қазақстан ерекшеліктері негізінде зерттеу.
Екінші бөлімде ең алдымен Қазақстан Республикасындағы басқару түрлері,
яғни министрліктер, агенттіктер және құрылымы, қызметтері туралы түсініктер
берілген.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының нарықтық экономикада
мемлекеттік басқарумен қамтамасыз етілуі туралы, билік жүйесінің және
мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды проблемалары және негізгі
экономикалық басқару бағдарламалары, әлеуметтік басқару бағдарламалары
қарастырылған.
ХХ ғасырда басқару теориясы құрылуы мен дамуын атақты батыс және
соцалистік лагерь елдері ғылымдары: И.Ансофф, М.Альберт, А.Аузан, А.
Акчурин, К.Бердалиев, Г.Будылкин, О.Виханский, Д.Гвишиани, П.Друкер,
И.Завадский, С.Колеснев, П.Керженцов, О.Козлова, В.Козбаненеко.
М.Кенжегузин, Д.Карнеги, К.Кубаев, Л.Качалина, Р.Каренцев, Г.Лоза, М.Мэйо,
А.Маслоу, М.Мескон, Б.Мильнер, А.Наумов, Г.Слизенгер, Ф.Хедоури, И.Ушачев,
Р.Уоутерман, А.Файоль, Л.Якокка және тағы басқалардың еңбектері басқару
теориясы дамуына үлкен үлес қосты.

1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік басқарудың мәні мен типтері

Басқарудың қандай түрі болмасын қоғамның пайда болған кезінен бастап,
бар. Қоғам дамыған сайын, басқару түсінігі және оған деген қажеттілік өсе
бастайды. Әлеуметтік басқару саласының елге танымал ғалымы В.Г. Афанасьев
белгілегендей, қоғамның қалыптасуымен бірге, басқару факторының екі типі
пайда болды-обьективтік (тәуелсіз) және субьективтік (тәуелді). Осы екі тип
қоғамдық жүйеге әсер етуші басқару механизмдері болып табылады. Адамдарға
бейболмыс, оның күшіне қоғамдық дамудың обьективті заңдылықтары
қолданылмаған кезде, стихиялық регуляторлар жұмыс істейді. Мысалы, нарықтық
қатынастардың даму заңдылықтары, бір біріне қарама-қарсы күштермен
салалардың арасында қақтығыс орын алған кезінде, сатып алумен сату ж.т.б.
Осындай заңдылықтардың негізінде, тауар өндіру және еңбек бөлінісінін
басқаратын күш ретінде шығатын, құн заңы жатыр. Және керісінше осы
заңдылықтарды біле бастап, басқару қоғамдық өмірді құрудың жаңа сапалы
типін иемденеді немесе, экономикалық өсудің тенденциялары және қоғамдық
өмірдің басқа да салалары есептеледі. Басқаша айтқанда, басқару түсінігімен
спецификалық әлеуметтік сала ретінде біз, бастамасын, адам ақыл-ойын және
мүддесін байланыстырамыз.
Әлеуметтік басқару өзінің мәнімен, мақсатымен, мазмұнымен,
нәтижесімен, субьектісімен, обьектісімен және өзін көрсету формаларымен
сипатталады. Қоғам тарихи өсудің қандай сатысында тұрмасын, басқару онымен
үнемі бірге жүреді, оны құрайтын негізгі бөлігі болып табылады. Өзінің
спецификасы бойынша, басқару кадрларының еңбегі адамның өмір сүру жан-
жақтылығы, ал санасын басқару мақсаттылығы болып, табылады.
Адамдардың коллективтік және бірігіп іс-әрекет ететін жерде, басқару
орын алады. Басқарудың кең сипаты обьективті адамдардың алдына қойылған
мақсаттарды шешуде, координациялау қажеттіліктерінен туындайды. Басқару
қоғамның бірігу сатысына және денгейіне қарамастан, біріккен іс-әрекет
істеу процессінде өте қажет функциясы болып табылады. К.Маркс жазғандай: -
“Жекеленген жұмыстар мен өзіндік қозғалыс органдарымен салыстырғанда бүткіл
өндірістік организмінің қозғалысынан орын алатын процесстер арасында
келісімділік орнататын, кез-келген тікелей қоғамдық немесе біріккен еңбек
үлкен немесе кіші мөлшерде басқаруды қажет етеді. Көпшіліктен өзге скрипач
өзін-өзі басқара алады, ал оркестр дирижорды қажет етеді”. Басқаша
айтқанда, кез-келген коллективтік еңбекті функционалдаудың негізгі шарты
басқару болып табылады, бұл тәртібті орнатумен, ұймдастырумен, жұмысшылар
арасында еңбекті бөлумен, адамның коллективтегі орнымен функциясын
анықтаумен, бәріне ортақ мақсатты анықтаумен байланысты.
Басқарудың формасы, түрі және мәні қандай болатындығы қоғамның
денгейінен, санасынан байланысты. Тарихи кезеңдерде көптеген өзгерістерге
ұшырады: басқарудың империялық тәжірибесінен бастап, салт-дәстүр, ұрпақтан-
ұрпаққа берілетін, алғашқы қауымдық қоғам, қазіргі қоғамдағы ғылыми
негіздегі қоғамдық процесстерді саналық басқаруға дейін. Өзінің жетілуінің
әр сатысында қоғамның өзі мақсатын, принциптерін, мазмұнымен басқару
шекаралаын таңдаған; басқарудың мәні тікелей әлеуметтік-саяси құрылым және
қоғамда бар болған экономиклық қатынастар ықпалымен құрылған.
Қазіргі кезеңде адам цивилизациясын басқару ерекше күрделі
сипатталады, оның орбитасына миллиондаған адамдар өздерінің
қажеттіліктерімен, мақсаттарымен, мүдделерімен кіреді. Нәтижесінде, басқару
бүткіл қоғамның жағдайына, әл-аухаттылығына және әр адамның өмір сүру
деңгейіне әсер етеді. Басқа жағынан, басқарудың өзі өзара байланысты және
өзара іс-әрекет жасайтын күрделі жүйені және басқару жүйесінің қоғаммен жан-
жақты өзара байланысын көрсетеді. Бұның бәрінен біз, басқарудың
интеллектуалдық және тәжірибелік сфералардағы өте жауапты және күрделі сала
екендігін түсінеміз.
Оқу әдебиеттерімен басқару ғылымында басқарудың мәні “ықпал ету”
түсінігі арқылы ашылады. Бұл жерде басқарудың негізгі белгісі көрсетілген-
бұл қоғамдық қатынастарға және адамдардың санасымен жүріс-тұрысына белсенді
ықпал ету. Кең мағынада былай айтуға болады, мысалы: белгілі-бір субьект
кез-келген обьектке әсер ету жолымен, оған өзгерістер еңгізуге, жетілу
жолдарын көрсетуге тырысады. Басқаша айтқанда, егер де әсер етуші басқару
жоқ болса, яғни белгілі-бір мақсаттарға жету үшін обьектке ықпал ететін күш
жоқ болса, онда басқарудың өзіде жоқ болады.
Басқарудың түсінігімен мәнін анықтау үшін, оның басқару ықпалымен
спецификалық жақтарын ашып алу қажет. Басқаруда негізгі және потенциалды
күш ретінде адамның рухымен білімі роль атқарады. “Субьект-обьект” өзара
әрекет формуласында, субьект белсенді жақ болып табылады. Басқарудың әсері
“технология” белгілі. Тәжірибелі түрде жүзеге аспай тұрып, басқару әсері
адамның санасында қалыптасуы керек және оның ішінде нақты да, түсінікті
қойылған мақсат болуы керек. Басынан бастап басқару субьектісі мына
сұрақтарға жауап беруі керек, басқару әсерінің қажеті қандай және оның
мақсаты, ол қандай жетістіктерге алып келеді.
Басқару саласы, басқарудың қоғамдағы функцияларын жүзеге асыратын
адамдарға қойатын талаптары жоғары, професионалды дайындықты талап етеді.
Тиімді басқару үшін, қоғамды ғылыми басқару және мемлекеттік басқару
салаларында өте жоғары білім болуы қажет. Сонымен қатар, егер де білімді
басқару тәжірибесінде қолданылмаса, оны басқару кадрларының білімі мен
өнеріне аудармаса, онда білімнің қажеті керек жоқ. Басқа сөзбен, басқару
білім негізінде қаланған, белгілі бір мақсаттарға ұмытылған, шешімдерді
жасаумен қабылдаумен, оларды жүзеге асыруды ұйымдастырумен, әлеуметтік
процесстерді бақылаумен, қорытындылаумен байланысты күрделі сала.
Қоғамдық процестерді басқарудағы мақсаттылық, тәжірибелік нәтижелерге
жетуге бағытталған. Кейде арнайы әдебиеттерде “жұмыстың мақсаты” деген
термин қолданылады, бұл тәжірибелік мақсаттарға бағытталған басқаруды
айтамыз.
Басқару әсерінен бұрын, қажеттіліктер мен белгі-бір затты өзгетудегі
мүдделер, мүмкіндігінше жолдарды іздеу, нақты бір ойларға, мақсаттарға жету
құралдары, прообраз мақсатында басқару обьектісінің болашақ жағдайы, нақты
шешім қабылдау, белгілі бір ресурстармен қорғалатын (қаржылық, материалдық
) және бастысы-белгілі бір мақсатқа жетудегі субьектінің мүддесі. Басқаша
айтқанда, басқару әсері өзіне нақты қойылған мақсатты, оған жету жолдарын,
тағы да, тәжірибелік бағытты, яғни мақсатқа шынайы қозғалу ж.т.б. қосуы
керек.
Басқаруда (басқару әсерінде) организациялық мәні бар, яғни
ұйымдастырушы мәні бар. Бұл аспектіде басқару, қоғамдық өмірді
ұйымдастырудағы, адамдардың бірігіп (коллективтік) іс-әрекет жасауын
ұйымдастырудағы обьективті қажетті құрал ретінде қарастырады. “Ұйымдастыру”
түсінігі органикалық “басқару” түсінігімен тығыз байланысты, одан басқа ол,
басқарудың мәнін мәнерлейді. Соңғысы біріккен іс-әрекет процессіндегі
қойылған мақсаттарға жету үшін, адамдардың әрекеттерін және қоғамдық
қатынастармен байланыстарды ұйымдастыруды сипаттайтын категория болып
саналады. Ұйымдастыру бүткіл басқару жұмысын қамтиды, кең саланы қамтиды-
кәсіпорын (ұйымдар) жұмысынан бастап, басқарушы және атқарушы органдары
және Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратына дейін қамтиды. Басқаша
айтқанда, ұйымдастыру- басқарудың құрамын көрсетіп қана қоймай, оның
динамикалық процессінің негізгі құралы, ядросы, мәні болып табылады.
Ұйымдастыру жұмыстарының денгейінен басқару субьектісінің алдына қойылған,
мақсаттарға жетудің жолдарымен сапасына ықпалы тиеді.
Басқару (басқару әсері) әсерлету күшімен иемденеді. Құқықтық
нормалар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып және әлеуметтік-технологиялық
нормативтер адамның қоғамдағы жүріп-тұру тәртібіне әлеуметтік әсерлеу
құралдары ретінде жұмыс істейді. Әлеуметтік норма көмегімен ұйымдастырылған
адамдар коллективі және олардың алдына қойылған мақсаттар шегінде, басқару
процесіндегі әр адамның әрекетін қадағалаумен қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік нормалар, әсіресе құқықтық нормалар басқарудың ең негізгі
элементтерінің бірі болып табылады және оларға арналған барлық жағдайларда
қолданылады. Нормативтік құжаттар өзінің императивтілігмен (оларды бұзғаны
үшін, санкция ретінде жауапқа тартылады), ерекшеленеді. Яғни, басқаруда
әлеуметтік нормаларды адамдар коллективіне басқару әсері процессінде және
қоғамға, адамға нормативті әсерлеу жүйесі шынайы бар екендігін көреміз;
басқару қатынастарына қатысушылардың тәжірибелік әрекетінде жүзеге асады.
Басқаруда әлеуметтік институт ретінде, ұйымшылдық-құрылымдық
(әкімшілік) жүйесі бар. Тарихи аспектіде белгілі бір мақсатқа бағытталған
және адамдардың әрекетін тудыратын саналық басқару, арнайы құрылатын
қоғамдық институттар- басқару субьектілері арқылы жүзеге асты. Бұған
қоғамда басқару функцияларын атқаратын мемлекеттік органдар және тағы басқа
ұйымдар кіреді. Басқару субьектісінің роліне толық әлеуметтік басқару
жүйесін және оның әртүрлі сатыларын келісімді функционалаумен қамтамсыз
ету, координация және субординация қатынастарын реттеу, ұймдардың
коолективтарында моральді-психикалық климат орнату ж.т.б. жатқызуға болады.
Әкімшілік жүйені (организациялық) құру мен функциялау, құрылымдық
принциптер (линиялық, функциялық, біріккен линия-функциялық) негізінде
жасалады.
Әкімшілік жүйе өзіне келесі өзара байланысты сипаттамаларды қосады:
а) құрылымдық, ұйымға тұрақтылықты береді, бұл арқылы адамдар бірікен
(коллективтік) жұмысты жүзеге асырады; ә) функционалдық бұл, коллективтің
тәжірибелік жұмысын және басқарудың динамикалық процессін көрсетеді. Кез-
келген әкімшілік жүйеде оның функционадлық және құрылымдық жақтары бір-
бірінен ажыратпас және бір-бірімен тығыз байланысты, және соңынан
адамдардың біріккен коллективтік әрекетінің бірлескен қорытынды нәтижесіне
ықпал етеді немесе әсерін тигізеді. Осыған байланысты ұйымдардың құрылымын
және функцияларын жетілдіру басқару тәжірибесімен ғылымының негізгі
мақсаттарының ішіне кіреді.
Басқару әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрал
ретінде шынайы өмірде өзін әртүрлі болып көрсетеді. Арнайы әдебиеттерде
басқару әртүрлі негізде әртүрлі типтерге бөлінеді (қоғамдық әрекет саласына
байланысты, қоғамдық қатынастардың құрамына байланысты, басқару обьектісіне
байланысты ж.т.б.). Көптеген авторлар классификация түрлері негізінде
басқару субьектісінің құрылымдық мәнімен табиғатын бөліп көрсетеді. Бұл
жағдайда бөлінетіндер: мемлекеттік басқару (кең мағынада мемлекет басқару
субьектісі ретінде), қоғамдық басқару (басқару субьектісі- қоғамдық,
мемлекеттік емес органдар), менеджмент (шаруашылық микроденгейдегі басқару
субьектісі- басқарушы, кәсіпорын менеджері, фирмалар ж.т.б.). Қазіргі оқу
курсында оқу пәні болып, мемлекеттік басқару табылады, ал басқалары
мемлекеттік басқарумен қандай мөлшерде байланысы бар болса, сондай мөлшерде
қарастырылады.
Басқару ықпалына экономикада, әлеуметтік сала да, әкімшілік-саяси
құрылыс саласы да ұшырайды. Өзінің кезегінде, басқару саласы адамның
спецификалық саласы ретінде, қоғамның қандай саласында жүзеге асатынына
байланысты, басқару өзінің табиғи пәніне ие болады. Әсерлеу обьектісі
жағынан әлеуметтік басқарудың салаларын қарастырайық.
Экономиканы басқару-әлеуметтік басқарудың негізгі түрлерінің бірі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде аяққа тұруы, көптеген кең масштабты
реформаларды бастауға мүмкіндік берді. Бұл бағытта республиканың
жетілуінің негізгі тәсілі оның экономикалық өсуін қамтамасыз ету. Ел
Президентінің Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” бағдарламасында
экономикалық өсуге акцент жасалады., ашық экономикалық нарығында базаланып,
ішкі және шет ел инвестициялары денгейін көтеру. Бұл жерде шынайы тұрақты
экономикалық өсу темтеріне жету туралы сөз жүреді.
Мемлекетті басқарудағы құқықты түрде құралған заң құралдарының (заңды
– нормативті негіз, басқару заң қатынастары, заңды міндеттемелерді және
субъективті құқықтарын іске асыру актылары) және әлеуметтік бағалаудың
тиімділігінің бірлігінен мемлекеттік аппарат жүйесінің қызметін құрайды.
Басқару практикасында екі негізгі басқару қызметін көрсететін
бағыттары қалыптасқан: 1) мемлекеттік басқару; 2) қоғамдық басқару. Бұлар
бір-бірін толықтыра отырып, жалпы әлеуметтік жүйенің қызметін басқаратын
құрамды бөліктер болады. Мемлекеттік және қоғамдық басқару органдардың
негізінде конституциялық принциптері бойынша, яғни іскерлігімен, нақты
мақсатты және нысаналы, әлеуметтік басқару табиғатынан және мазмұнынан
құрылады. Негіз болып құрылатын ҚР-ның конституциялық принциптері болып,
қоғамдық келісімділік, саяси тұрақтылық, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін
экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, үкімет өмірінің үлесімді
сұрақтарының демократиялық әдістермен шешілуі, сонымен қоса республикалық
референдумда немесе Парламенттегі (2.п 1 ст.Конституцияның) сайлауы
табылады. Бұның бәрі ҚР-ң мемлекеттік және қоғамдық басқару фундаменталды
негізін анықтайды.
Сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық басқару айырмашылығы бар.
Өйткені қоғамдық басқару мемлекеттік аппараттың басқару сатысында бірдей
емес деңгейінде тұр. Мемлекеттік басқарудың мазмұны үкіметтің қоғам
алдындағы және әлеуметтік рөлінен шығады. Тек үкімет қоғамдық өмірдегі
экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың, әлеуметтік жалпы
комплекстерінің реттеуінде үлесімді орын алады. Үкімет экономикалық,
әлеуметтік аймақта, саяси құрылыста салаларды басқаруын қамтамасыз етеді.
Азаматтардың қоғамдық ұйымдардың ішінде басқару ұйым ішіндегі масштабынан
аспайды. Мемлекеттік басқару қоғамдық басқаруда стержіні болып табылады.
Қоғамдық басқаруға келетін болсақ, ол мемлекеттік емес ұйымның
ішіндегі іскерлікке бағытталған. Ұйымның ішіндегі қатынастар құқықтық
нормалармен емес, қоғамдық әсерлермен регламенттеледі. Азаматтардың
қоғамдық ұйымдары басқаруда өзінің мақсаттарына жету үшін арнайы әдістерді
қолданып, мемлекеттік емес өзі басқарылатын жүйе болады. Бұндай әдістердің
мазмұны моральді, қоғамды және ұйымды құқықты емес азаматардың іс-
әрекеттеріне әсер ету. Басқаша айтқанда ұйымның өз азаматтары арасындағы
қатынастары құқықты емес десек те болады. Керісінше, бұндай ұйымдардың
құқықтық нормалары сол жұмыс жасалып жатқан аймағында нормативті актілермен
реттеледі. Бұл жағдайда қоғамды ұйым заңды тұлға болады.
Қоғамдық ұйымдар ретінде саяси партиялар, профессионалды союздар және
т.б. өз еркімен белгілі мақсаттарға жету үшін заңға қайшы келмей құрылады.
Қоғамдық ұйымдар Конституцияға және ҚР-ң 31-мамырдың 1996 жылғы Қоғамдық
ұйымдар туралы Заңынан және т.б. заңды актілеріне негізделіп құралады. Осы
заң барлық қоғамдық ұйымдарға тарала отырып, тек дінді ұйымдармен
жергілікті басқару ұйымдарына таралмайды. Олар басқа заң актіоерімен
реттеледі.
Қоғамдық ұйымдардың статусы белгілі нормативті актілермен (уставпен)
анықталады. Бекітілген құқықтармен міндеттемелер осы ұйымдарға белгілі
қоғамдық қатынастарға түсуге мүмкіндік береді. Қоғамдық ұйымдар өз
мақсаттарын орындау үшін іс-әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қоғамдық
басқаруы туындайды.
Қоғамдық ұйымның құрылуы және іскерлігі заңмен қабылданған жалпы
құқықты режим деңгейінде жүзеге асады. Қоғамдық ұйымдар заң алдында бәрі де
тең болып, Конституция және басқа да нормативті заңдарына сүйенеді.
Қоғамдық ұйымдар еркіндік, мүшелерінің теңдігі, өзін басқару, заңды болуы,
ашықтығы негізінде құрылып және қызмет етеді. Азаматтың қоғамдық ұйымдарға
қатысуы немесе қатыспауы үшін оның құқығын және бостандығын
шектемейді.Ресми құжатты түрде ұйымның мүшесі болуы міндетті емес. Сонымен
қатар әскер, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот қызметкерлері
партияларға тіркелуі және бір партияның атынан сөйлеуге тиім салынады.
Қоғамдық ұйымдар құқық алуымен бірге өзіне басқару органдар арқылы
міндеттемелер қабылдайды, заңдарға қайшы келмейтін. ҚР-да территориялық
бастамалардан қарағанда республикалық, жергілікті және регионды қоғамдық
ұйымдар құрылуы мүмкін. Республикалық ұйымдарға, республиканың
территориясының обылыстарында жартысынан көп орналасқан құрылымды бөлімдер
(филиалдар, елшіліктер) жатады. Регионалды ұйымдарға, республиканың
территориясының обылыстарында жартысынан аз орналасқан құрылымды бөлімдер
(филиалдар, елшіліктер) жатады. Жергіліктіге бір обылыстың ішінде болатын
ұйымдар.
Конституцияға және ҚР-ң 31-мамырдың 1996 жылғы Қоғамдық ұйымдар
туралы Заңында мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдармен қатынастарының
формалары берілген. Үкімет қоғамдық ұйымдардың құқықтарын және заңды көз-
қарастарын қорғауы бекітілген. Осыған қоса қоғамдық және мемлекеттік
ұйымдардың қосылуы, үкіметтің қоғамдық ұйымдардың және қоғамдық ұйымдардың
үкіметің жұмыстарына заңсыз араласуы, қаржыландыруы рұқсат етілмейді.
Үкімет пен қоғамдық ұйымдардың қатынасының бір формасы бұл – бірге
қызмет ету. Қоғамдық ұйымдар үкіметтен түскен жұмысты келісу арқылы істеуі
мүмкін, заңға қайшы келмейтін. Бұған мысал бола алатын спортағы
республикалық органдардың жеке қоғамды спорт федерациялармен және т.б.
қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынастарынан айқын.
Әлеуметтік-эконмикалық және еңбектік қатынастардан туындайтын
әлеуметтік серіктестік жүйесіне ерекше тоқталып өткен жөн. 2000 жылғы
18желтоқсандағы ҚР-ң Заңында ҚР-ы әлеуметтік серіктестік туралы
республикадағы серіктестіктің негізгі мақсаттары, принциптері және жүйесі
бекітілген. Республикалық деңгейде әлеуметтік серіктестік республикалық үш
жақты комиссиясын (тұрақты орган әлеуметтік серіктестіктердің қызығушылығын
сұхбаттасып, келіс сөздерін жүргізіп белгілі шешімдерге келеді.)
қамтамасыз етеді. Республикалық комиссияның мүшелері болып ҚР-ң
Үкіметінен елшілері, республикалық профсоюздардың және республикалық жұмыс
беру бірлестіктерінің елшілерінен тұрады. Осыған ұқсас деңгейлері төмен
комиссиялар құрылады. Әлеуметтік серіктестіктің мазмұны келесі принциптер
бойынша құрылады: елшіліктердің үлесімді болуы, жақтардың теңдігі,
сұхбаттасуға берілген тізім сұрақтарының таңдау еркіндігі; міндеттерді
қабылдау және жақтардың оны орындау еркіндігі; әлеуметтік серіктестіктердің
заңдарды, халықаралық келісімдерді және республикалық міндеттемелерді
ұстануы; елшіліктердің орындалмауынан шығатын жауапкершілігі.
Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың тағы бір қатынасы болып – үкіметтік
тіркеу және қайта тіркеу. Қоғамдық ұйымдардың үкіметтік тіркеудің тәртібі
мен мерзімі заңды тұлғаларды тіркеу заңымен реттеледі. Тіркелуден
келіспеушілік соттық тәртіппен шешіледі.
Заңмен мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына
араласпауы және кері бекітілген. Егер қоғамдық ұйымдар үкімет органдарының
іскерлігіне немесе үкімет атынан заңдарға қайшы іс жасаса, берілген заң
бойынша жауапқа тартылады. Сонымен қатар қоғам ұйымдары мемлекет және
мемлекет азаматтар мүдделеріне зиян келтірсе, жоғары дәрежелі жауапқа
тартылады (ст.336 УК ҚР-ң).
Үкіметтің құқықты саяси концепциясында, ҚР-ң Президент жарлығымен 2002
жылғы 20 қыркүйектегі № 949 бекітілген Жарлығында, мемлекеттік өміріндегі
аса ағуалды сұрақтардың демократиялық әдіспен шешілуінде мемлекеттік
институттардың, саяси партиялардың, мемелекеттік емес ұйымдардың, әртүрлі
әлеуметтік деңгейдегі азаматтардың, халық азаматтар кейбір топтарының және
т.б. қоғамдық ұйымдардың бірігіп, тығыз байланыста ролі жоғары болады.
Сондықтан мемлекеттік басқару теориясында стратегиялық мақсаттары қоғамдағы
құқықты ғылым көмегімен мемлекеттік және қоғамдық басқаруларының бірігуін
және тығыз байланыста болып, әлеуметтік процестерді шешу.
Мемлекеттік басқарудың типтері
Бұрын болған және қазір өмір сүріп жатқан мемлекеттер бір-бірінен
қатты айырықшаланады. Бұл айырмашылық мемлекетті басқаруында көрініп, терең
принципиалдық (қағидалық) және терең принципиалдық емес мағынаға ие.
Сондықтан да, мемлекеттердің айрықшаланатын белгілерін білу керек.
Билік күшінің қайнар көзі және егемендігі (яғни, дербестігі, жоғарғы
және тәуелсіздігі) бойынша Аристотель заманынан бастап мемлекеттер былай
бөлінеді:
а) монархиялық, тирандыққа айналаалатын;
б) аристократиялық, олигархиялыққа айналаалатын;
в) демократиялық, охлократиялыққа айналаалатын;
Монархиялық мемлекетке жоғарғы билік мұрагерлік монархтың қолында
болып, және ол монарх өз істеріне тек қана Құдайдың алдына жауап береді.
Бұл байланыс жиі түрде діни иерархтардың қатысуымен және олардың берген
батасымен іске асырылатынымен сипатталады. Ал аристократиялық мемлекетке
жоғарғы билік қоғам өкілдерінің ішіндегі ең жақсыларында, элитаның
қолдарында болуы керек деп саналады. Демократиялық қоғамда жоғарғы билік
халықтың қолында-яғни сол мемлекеттің барлық азаматтарында болады.
Таза монархиялық әсіресе абсолютті монархиялық мемлекеттер тарихта
қалды; ал оның сақталып қалған жері болса да, олардың құрамы монархиялық,
аристократиялық және демократиялық варианттары мен пропорцияларынан тұрады,
яғни олар конститутциялық монархиялық (заңдармен шектелген) мемлекеттеріне
айналды. Ал аристократиялық мемлекеттерді бөлу қиынға түсуде, өйткені
элитаның ұйымдастырушылық консолидациясы әр-қашан күрделі іс болатын.
Элитаның билеп еткенң және билік етуі монархиялық немесе демократиялық
сипат түрінде болғанын жиі кездестіресің. Демократиялық мемлекеттердің
болашағының және орындылығының мойындалуы ХХ ғасырға тән, бәрақ біз
халықпыз...қабылдаймыз да, бекітеміз де-деген сөздері АҚШ-тың
Конститутциясында-ақ 1787 жылы жазылып қойылған.
Жоғарыда айтылыпғанның ішінен ескерілетін жәйт -ол жоғарғы биліктің әр
принципі(қағидасы) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыруында мен
функционалдауында өзінің логикасына ие. Монархиялық принціпі кезінде- бұл
жалғыз монархтың билік етуі (жоғарыдан төмен). Аристократиялық принцип
биліктің белгілі түрде бөлінуімен (вертикалдық( және (горизонталдық( түрде
элитадан ұжымдық басқаруды талап етеді(тарихи мысал ретінде: Посполитайдың
сөзі). Демократиялық принципінің мойындалуын мемлекеттік билік пен
мемлекеттік басқарудың төменнен жоғары қарай құрылуын керек етеді – яғни
халықтан. Демократиялық мемлекеттің спецификасы (республика( (латыннан res
publіca – Рим халқының саяси-құқықтық ұйымы) деген терминімен белгіленуі
сирек кездеспейді. Егер, адамдардың тең-құқықты екендігі принципінде
қайтпай тұратын болсақ, бұл позициясына сәйкес келіп және адамдардың
еркіндігін қамтамасыздандыра алатын тек қана демократиялық мемлекет
екендігін мойындауға болады.
Басқару түріне қарай, яғни жалпымемлекеттік(немесе әдетте айтып
жүргеніміздей жоғарғы мемлекеттік) биліктің ұйымдасуына байланысты,
республикаларды парлементтік және президенттік деп ажыратады. Аралас
түрлері де болу мүмкін: жартылай президнттік республика және парламенттік
монархия. Бұл жерде маңыздысы – биліктің бөліну қағидасын(принципін)
мойындау және оның іс-жүзінде іске асуындағы арнайы механизімдері.
Парламенттік республикасында танымалды болып келетін заң шығарушышы
орган, және ол өзінің құрамасынан және өзіне есеп беретін үкіметті
қалыптастырады (Италия, ГФР). Парлементтік монархиясында да заң шығарушы
және атқарушы билік сәйкестерінің қалыптасу механизімі осындай
(Ұлыбритания, Дания, Италия, Япония). Дәл осы жерде және тек осы жерде
премьер-министр қызметі бар болады.
Президенттік республикасында заң шығарушы орган да, және билік
жүргізушісі де бірдей халықпен сайланып, және функциялары дербес
болғанымен олар бір-бірін шектеуімен және қарамақарсылығымен өзара
байланысты (США, Аргентина, Мексика және т.б.).
Ерекше мәртебеге Ресей мен Франция және т.б. мемлекеттерінің
президенттері ие, себебі олар арбитр ретінде (бөлінген( мемлекеттік билік
органдарының функциялануы мен бірбірімен қарымқатынастандыруды
қамтамасыздандырады. Бұндай мемлекеттерінде президентке есеп беретін үкімет
бар болады.
Жалпы мемлекеттік биліктің билік ету түрлерін, функцияларын,
құрылымдарын және басқа да параметрлерін таңдауы мемлекеттік басқаруына
маңызды әсерін тигізеді. Бұл образдық түрде айтқан кезде мемлекеттік
(организімінің( (миі(, сондықтан мемлекет (органдарының( жағдайы және
функциялануы оның құрылғанына байланысты тәуелді болып келеді.
Мемлекеттің құрылу түріне қарай, яғни мемлекеттің белгілі бір
бөліктерге бөлінуіне және сонымен қатар оларды басқару үшін биліктің
бөлінуіне қарай негізінде мемлекеттің екі түрі бар – унитарлы және
федеративті. Кейде конфедеративті мемлекет туралы да айтып жатады, бір-ақ
осындай атауды дұрыс деп айту қиын: конфедерация – бұл белгілі бір
мақсаттарға жету үшін құрылатын мемлекеттердің одағы. Унитарлы мемлекеттер
территориялық-әкімшілік бірліктеріне бөлініп, мемлекеттік биліктік бірегей
вертикалды жүйесімен басқарылады. Олардың ішінде автономиялар қалыптасып,
және де дамыған жергілікті өзін-өзі басқарулар бар болу мүмкін. Федерация
да өзінше бір-тұтас мемлекет болып табылып автономиялар мен оларды құрайтын
бөліктерінен құрылу мүмкін. Бұл мемлекеттік биліктің белгілі бір мөлшерде
вертикалды бөлінуін түсіндіреді.
Мемлекеттердің іштеріндегі іске асып жатқан саяси режимдеріне қарай
ажыратылуы маңызды мәнге ие болады – мемлекеттік биліктің іс жүзінде іске
асуының әдістері мен мазмұны. Мемлекеттің саяси режимі ең маңызды бөлігін
ашады: мемлекеттік билікттің адам құқығы мен еркіндігіне қатысы.
Мемлекеттік биліктің шын мәнісі ретінде саяси режим болып табылады.
Тарихпен анықталған бірнеше саяси режимдердің түрлері бар:
Деспотиялық, бұған тоталитарлы және автократиялық, авторитарлы
режимдер жатады; бұл жерде мемлекеттік еркін жоғары билеушісімен
(император, король, дуче, вождь, фюрер, кормчи, және т.б.) іске асып,
қанау, тежеу,еркіндігті шектеу сипатына тән.
Либералдық, бұл жерде мемлекеттік билік адамның құқығы мен еркіндігін
жүзеге асыру үшін өз мүмкіндіктерін жұмсайды; яғни билік еркіндікке
қызметін көрсетеді; өкінішке орай бұл режим шындықтан гөрі жай саяси
лозунгке жақын болып қалады.
Демократиялық-құқықтық , оның мәні демократиялық қалыптастандырылған
халықтың жалпы еркі(билік күші) тек материалды процессуалды заңмен
шектелген болып табылады. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер дәл осындай
саяси режиміне ұмтылу үшін бағытталған.
Әр мемлекеттің тарихында мемлекеттік ұйым әр-түрліформаларға ие.
Белгілі бір мемлекеттің құрылымының мәнін және басқаруын түсіну үшін
типологиялық мемлекет түрлері жайында нақты білімдер керек.
Бұл жағдайларда экономикалық реформаларды жүргізу үшін басқарудың
ролінің маңызы арта түседі.
Әлеуметтік саланы басқару (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым,
мәдениет, спорт, әлеметтік қамтамасыздандыру) объективті негізде
топтастырылып, бірегей кешенді құрайды. Бұл сала халыққа рухани
құндылықтарды құруында және таратуында, адамды тәрбиелеуінде, әлеуметтік-
мәдени және басқа да қызметтерінде көрінеді. Бұның барлығы әлеуметтік
салаларды басқаруын ерекше ұйымдастыру үшін, және әлеуметтік тұрғыда
обьектілерді дамыту бойынша әр-түрлі әдістер мен басқару ісінің түрлерін
қолдануы әсерін тигізеді.
Саяси-әкімшілік саласындағы басқару ұлттық қауіпсіздікті
қанағаттандыруымен, ішкі-саяси тұрақтылық пен қоғамның консолидациясымен,
және сыртқы-саяси сұрақтарды шешуімен байланысты. Осы саланың мазмұнына
қарулы күштерді, ұлттық қауіпсіздікті, ішкі істерді, юстицияны және
прокуратура мен сыртқы істерді басқару ерекшеліктері кіреді.
Қоғам- экономикалық, саяси және әлеуметтік факторлардың бір-бірімен
қарым-қатынасқа түсетін күрделі әлеуметтік организм болып табылады. Бұл
жағдайларында басқару қоғамның сақталуын, дұрыстығын, ұйымдастырылуын
қамтамасыздандырып, маңызды әлеуметтік институт ретінде көрінеді.
Сонымен қатар, мен басқарудың әлеуметтік институты ретінде маңызды
белгілерін қарастырдым: а) басқару қоғамға керек функция болып табылып,
жалпы сипатқа ие және адамдардың ұжымдық қызметті жүргізіп отырған жерінде
орын алады; б) басқару адамдардың басқарушылық шешімдерді қабылдау мен іс
жүзінде асырумен байланысты мақсатты бағытталған қызметі болып табылады; в)
басқарушылық әсер тигізу басқырудың өзегі болып табылып, қоғамдық жүйесіне
және оның құрамдық бөліктеріне, адамдардың мінез- құлқыларына жан-жақты
әсерін тигізеді; ұйымдастырушылық пен реттеушілік ерекшелігінің
мақсаттылығына ие; г) билік ету басқарудың негізгі белгісі және ол
обьектілерге басқарушылық әсерін, адамдардың мінез-құлқыларын іске асыру
жағдайына керек етеді; д) әлеуметтік басқару жүйесінің және оның құрама
бөліктерінің,адамдар ұжымдарының (ассоциацялар) құрылуын мен функциялдануын
қамтамасыздандыратын басқарудың ұйымдастырушылық(әкімшілік) дайын болуы.
Әлеуметтік басқарудың маңызды белгілерін есепке ала отырып келесі
анықтамаларды қалыптастыруға болады:жаңа берілген жағдайына қоғамда іске
асатын әлеуметтік нормативтердің негізінде келтіру мақсатында әлеуметтік
жүйенің және оның құрама бөліктеріне,адамдар ұжымдарына (ассоциациялар)
әсер ететін және сол үшін арнайы құрылған әкімшілік аппаратының (басқару
субъекті) билік етуі мен ұйымдастырып реттеуі басқару болып табылады.
Мемлекеттік басқаруының негізгі белгілері. Қоғам үрдістеріне
(процесіне) ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері мемлекеттік басқарудың
бағытталған жүйесіне ерекше тән. Бұл мемлекеттің әлеуметтік басқарудың
жүргізуші субъктісі ретіндегі белгілі бір территориясында бүкіл халықты
қамтитын, қоғамдағы саяси биліктің жан-жақты ұйымдастыруымен байланысты
көрінеді. Әлеуметтік басқарудың еш бір субъектісі осындай ерекшелікке ие
болмайды.
Мемлекеттік басқаруды толық түсіну үшін оның маңызды ерекшеліктерін
анализдеуімен байланысты. Ал мемлекеттік басқаруының мән-мағынасы мен
спецификалық ерекшеліктерін ашу үшін – оның қоғамдағы объективті
керектігін көрсететін ерешеліктерін көрсетуін білдіреді.
Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси табиғаты оның бірнеше
мағыналық ерекшеліктерінде көрінеді. Біріншіден, бұл мемлекетте негізделген
мықты билік ету күші болып табылады. Кез-келген билік басқару арқылы
байқалады(еңбек ету ұжымдарында, қоғамдық бірлестіктерінде, және
т.б.).Мемлекеттік билік – бұл қоғам ішіндегі басқарудың ерекше атрибуты.
Материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да ресурстарымен
иемденіп, мемлекет әлеуметтік жүйе үрдісін басқарғанда, керек кезінде
мәжбүрлік легетимдік құралдарын қолдануға құқысы бар.
Мемлекеттік басқарудың мақсаттық сипаты бар және арнайы сұрақтардың
шешуін қамтамасыздандырады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Коституцияның,
заңдардың,мемлекет Президентінің жарлықтарын және басқа да нормативті-
құқықтық актілердің күнделікті орындалуынан және өмірге келтіруінен тұрады.
Мемлекеттік органдар қызметінің неғұрлым нақты мақсаттылығы олардың жарлық
құжаттарында немесе заң актілерінде белгіленіп анықталған.
Мемлекеттік билік қоғамды органдар жүйесінің көмегімен басқарады. Ол
органдар өздерінің құрылымдары бойынша әр-келкі болып келеді, ал олардың
жиынтығын мемлекеттің механизмі деп атауы сирек кездеспейді (мемлекеттік
биліктің материалдық көрінісі). Негізгілерінің қатарына заң шығарушы
органдары, атқарушы және сот, және деқоғамның дұрыс функционалдауын және әр-
түрлі қауіп қатерден сақтануын қамтамасыздандыратын мемлекеттің басқа да
органдары жатады.
Мемлекеттік басқару бүкіл қоғамның мүддесін көрсетіп, барлық
салаларының келісімдерінің дамуының басқаруын камтамасыздандырады.
Басқарушылық функцияларының (қызметтерінің) күнделікті орындалу үшін
қоғамда мемлекет тарапынан арнайы аппарат құрылады. Мемлекеттік
органдарының алдында тұратын сұрақтардың шешілуі, осы органдардың
қызметінің мазмұнын анықтайды. Мемлекеттік басқару арқылы мемлекеттің ішкі
және сыртқы функциялары (қызметтері) іске асады. Мемлекеттің бұл қызметі
көпобразды болып табылып, басқарушылық функциясының үлкен масштабымен және
көлемімен ерекшелінеді. Экономикалық-әлеуметтік салаларын және әкімшілік-
саяси құрылысын дамытуында жайлы сөз айтылып отыр.
Мемлекеттік органдар жүйесінің ішінде мәжбүр етуші органын ерекше
бөлуге болады. Ол орган әскериленген (армия, полиция, ұлттық гвардия, және
т.б.) және арнайы мәжбүр етуші мекемелер (сот, түрме, еңбекпен түзеу
мекемелері, және т.б.) құрылымдарын қамтиды. Еркіндіктен, мүліктерден және
адамдарды өмірден айыру қоғамдағы мемлекеттік биліктің потенциалды
мүмкіндігін көрсетеді.
Мемлекеттік басқарудың келесі белгісі мемлекеттің барлық халқына
сәйкес территориясына билігінің таралуы болып табылады. Бұл жерде ең
алдымен мемлекеттің әлеуметтік ролін бөліп көрсетуге болады. Қоғамның
үстінде тұрған органынан (мысалы, автократиялық, тоталитарлы режим
жағдайлары), қоғамды ұйымдастыратын күшке айналуы (қазіргі заманғы
өркенниетті мемлекет). Мемлекеттің тарихи пайда болуы, бір жағынан қоғамның
әлеуметтік ассиметриясымен, ал басқа жағынан – (кез-келген қоғам
табиғатынан шығатын (жалпы істерді асыруымен( байланысты(. Қазіргі заманғы
мемлекетте осындай міндеттемелер артуда. Бұл көлік және коммуникацияның,
табиғат апаттарымен кресуімен, өз территориясын қорғауымен, халықаралық
қатынастармен және т.б. байланысты. Осы сұрақтарын шешу үшін мемлекет
сәйкес органдарды арнайы осындай (жалпы істерді( орындау үшін құрайды.
Қазіргі заман қоғамында мемлекет әлеуметтік қарсылықтарды, қоғамның әр
мүшесінің қоғамдық және өзіндік мүддесін қорғауында. Демократиялық қоғамда
мемлекеттік басқару биліктің арнайы бұталарына (заң шығарушы, атқарушы,
сот) бөлінуінде негізделген. Басқаша айтқанда қазіргі заман қоғамында
(әлеуметтік арбитраж( мемлекеттің және мемлекеттік басқарудың негізгі бір
функционалдық белгілеріне айналуда.
Мемлекеттік басқаруына тікелей әлеуметтік азаматтықтың институты
қатысты болып келеді. Адамдардың мемлекеттпен тұрақты-құқықтық байланыстары
жайында айтылып отыр. Азаматтықтың институттары арқылы мемлекетпен оның
билігінің әсерінің астындағы адамдардың байланыстары орнатылады.

1.2 Мемлекеттік басқарудың функциялары мен принциптері

Мемлекеттік қызметті қоғаммен байланыста көруге болады,яғни жеке және
қоғамдық өмірді жетілдіру барысында көре аламыз. Мемлекеттің қоғамдағы бұл
қызметтері мемлекеттің функциаларымен сипатталады. Функция латын сөзінен
шыққан functio-міндет қызмет айналасы деген мағынаны білдіреді.Функция
мемлекеттік қатынастар арқылы өз қызметін қоғамға кұйады. Бұл жерде мәселе
тікелей мемлекеттің қоғамдық қатынастары туралы жүріп жатыр, өйткені
мемлекет қоғаммен қарымқатынаста болмаса, ол өзінің мағынасын жоғалтады, ал
оның қоғамдық қасиеті (табиғаты) осы функциялары арқылы ашылады.
Мемлекеттің қоғамдық функцияларының анализі бізге мемлекеттің анық
қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі мемлекетің қоғамдық функцияларының бірнеше түрлерін
бөліп, көрсетуге болады. Бәрінен бұрын мемлекетің қоғамын сақтау және
қорғау функциясы. Оны саясаттық функция депте атауға болады, өйткені кез-
келген саясаттың түб-негізі обьективті мағынада қоғамды тыныш және бейбіт
өмірмен қамтамасыз ету. Мемлекет осы себептерденде пайда болды, қоғамдағы
қарама-қайшылықтарды шешіп, бәрін орталықтандыру.
Бірақ күні бүгінге дейін кейбір саясат күштері мемлекетті жеке адамдардың
өзінің эгоистік жүзеге асыратын механизм деп қарастырады. Сол себептен бұл
адамдар билікке келгеннее бастап, күшті қоғамдық рөлге қарап жібереді және
өз оппоненттерін басып тастауға тырысады, көбінесе оппозициямен санаспайды.
Ал оппозиция конфронтацмя жасап, өз күштерімен мүмкіндіктерін
мобилизациялап, билікке өздері келеді немесе жағдайды өз пайдасына бұрып
алады. Міне осындай оқиғалар қоғамға кері әсерін тигізіп, оның экономикалық
өсуіне кедергі жасайды.
Бәріне белгілі біздің ғасырымыздың бірінші жартысында көп мемлекеттер
дәл осындай қарама-қайшылықтарда құрылған және әр мемлекеттің
конститутциясы ол сол мемлекет ішіндегі әр түрлі ағымдармен қоғамдық
топтардың ойларын біріктіріп, олардың арасындағы жанжалдарды бір шешімге
келтіреді. Мемлекет қоғамның нәтижесі болып табылады, мемлекет жеке
адамдардың пайдасымен ойларын, басқалармен санаспай, қорғап жүзеге асыра
алмайды. Мемлекетті қоғамның бір жағы екінші жаққа қысым көрсету құралына
айналдыруы, мемлекетті амалсыз әлсіздендіреді және мемлекет пен қоғам
арасындағы байланысиы үзіп, ертеме кешпе оны бұзады. Дүние Жүзілік тәжірибе
бойынша, қоғамның ең жақсы кездері, мемлекет ішінде бейбіт өмірмен
тыныштық, конструктивтік творчество болған кезде ғана болады. Егер мемлекет
қоғамды осындай өмірмен қамтамсыз ете алмаса және қолдамаса, қандай да бір
топтар арасындағы қарама-қайшылықтарға, қоғамдағы тыныштықты бұзуға,
этникалық немесе азаматтық соғыс жанжалдарына жол берсе, онда ол
мемлекеттің өзінің бірінші функцияларын атқармауы, яғни өз міндеттерін
орындамауы, мемлекеттің өзін-өзі өтей алмауы. Бұндай жағдайда мемлекеттік
басқару туралы айту қиын. Әлеуметтік және мемлекеттің территориясындағы әр
адамның немесе жеке тұлғаның құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету мемлекеттің
ахуалды функциясы деп айтуға болады. Дәл осы себептен адамдар мемлекетті
құрып, оны рухани және материалдық түрде қолдайды. 30 жылдары қуғынға
ұшыраған орыс саясаткері И.А.Ильин былай айтқан: Әр мемлекеттің мақсаты,
кез-келген жағдайда әр бір азаматты рухани бостадықпен творчествалық
қуатпен қамтамасыз ету, бұл рухани орталықтарды құру еңбектері мемлекеттің
және халықтың тірлігін көрсетеді. Ешкім мемлекеттік қоғау жүйесінен және
көмекпен қатынастан тыс қалмау керек; сонымен қатар барлығы жұмыс істеп, өз
еркімен творчествалық инициативалар жасау керек.
Әрине, әр адамның бостандығы қоғамдағы қарым-қатынаспен, бірігуімен
жүзеге асырылады. Оны басқаратын отбасы, мораль, құқық, және тағы басқа
адамның тіршілік ететін ортасын құратын институттар (салт-дәстүр,дін)
жүзеге асырады. Сөзсіз, адамдар әртүрлі болады және әртүрлі мақсаттарға,
сонымен қатар жемқорлық пен жаман мақсаттарға жету үшін, бір ғана ортаны
пайдаланады. Бұны көрмейтін соқыр идеалист қана. Бұндай жағдайда қоғамды
билейтін күш яғни, мемлекет қана бостандықты қорғайтын және сақтайтын
тұрақты кепіл бола алады. Ғасырдың аяғында индустриалдық демократиялардың
көбісі халықаралық декларациялардың заңдарындағы адамның бостандығы мен
құқықтары комплексін қолдады.
Алайда, осы елдердің күнделікті тәжірибесі бекітілген заң мен адамның
бас-бостандығы және құқықтарының шын өмірде жүзеге асырылуының арасында
талай-талай дистанциямен айырмашылық бар екендігін көрсетеді. Күні бүгінге
дейін, адамдардың өмірі қылмыс қолмен сөніп, оның өміріне қауіп төнеді.
Қылмыстық топтар глобалдық проблемаға айналып кетті. Адамдардың
кейбір құқықтары мен бас-бостандықтары бұзылып, тіпті жауап қайтарусыз
қалады.
Мемлекеттің әлеуметтік функциясы қарастырылған кезде, оның мазмұны
адамдардың құқықтарымен бас-бостандықтарын қорғаумен бітеді. Бірақ, ол одан
әлде қайда кең және күрделі: адамдарды жетілдіру мен қайта жандандырудың
жағдайларының алуан түрлігі туралы айтылады, жаңа ұрпақтың туылғанынан
бастап, оларды тәрбиелеу мен оқыту және ата-бабаларын есте сақтауға дейін;
әлеуметтік салт-дәстүр кенін құру; адамдардың творчесталық өсуін жаңғарту;
және олардың өнері мен мүмкіндіктерін қолдану; әлеуметтік шындық және тағы
басқа принциптерді дүниеге әкелу. Адамның қоғамдағы бостандығы қандай кең
болмасын, әрқашан оны мемлекетпен байланыстырып, тұратын жіп сақталуы
керек, өйткені ол өмірге тұрақтылықпен сенімділік береді, адамды өз-өзіне
сенімді мемлекет азаматына айналдырады.
ХХғ. Екінші жартысында еркін экономикалық нарықпен мемлекет
арасындағы қарым-қатынас өзгерді. Дүние Жүзілік нарықтың орнауы, үлкен
технология базасындағы бәсекелестіктің күшейуі, адамдардың потенциалын
жетілдіру қажеттілігі өндіруші күштердің негізгі компоненті ретінде,
технотрондық қауіптің өсуі, мүлдем жаңа жағдайлар мемлекеттердің қоғамның
экономикалық саласында негізгі роль атқаруына әкеліп соқтырды. Көп жерлерде
глобалдық ойларды халықтық мемлекет және халықтық бизнеске айналдыру
жақындағандығы байқалады. Қазіргі замандағы мемлекет құрылымдық құқықтан
тұратын өзінің экономикалық функциясын төмендетпей керісінше көтермелейді.
Қарама-қарсы идеологиялық позицияларда тұрған мемлекет пен экономика
арасында байланыс барын адамдар бұрыннан байқаған. Орыс ғалымы монархияны
жақтаушы ғасырдың басында Нағыз тұрақты экономика өндіруші күштерді
жетілдіру идеясы арқылы алға жүреді. Бұл эконмикалық жүйе елге эконмикалық
еркіндік береді, барлық күштердің бітімділігі, өндеуші және өндеп алушы,
гармоникалық бірін-бірі толықтырушы және елдің экономикалық қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Бұл жүйе ішкі мағынасы бойынша мемлекеттің бостандық
идеясы мақсаты мен мағынасына сәйкес келеді. Бірақ, ғасыр аяғында да,
көптеген дәлелдеулермен тәжірибелерге қарамастан, кез-келген индустриалды
елде нарықтық экономика, әсіресе өтпелі кезеңде өзін-өзі функционалдап,
мемлекеттің ықпалысыз оның құрылымы мен механизміне мемлекеттің араласпау
керектігін айтқан адамдар болған. Екі тәсіл араласады: әр бір адамға
экономикалық анықтама беру және нормативтік кешендер құру, бұдан
экономикалық қажеттіліктер, ойлар мақсаттар, ережелер, нормативтер,
стимулдар, санкциялар, әрбір қадам мен қозғалыс жақсылап ойландыратын
еді,рационалдық тәсілмен шешіліп отыратын еді, әлеуметтік эффект әкеліп
отыратын еді, қатынастарды гармоникаландыратын еді адам-қоғам-табиғат.
Адамның тіршілік ететін ортасында дағдарыс, қайтадан қайталанбайтын
табиғи ресурстардың біткендігінен болады, бұл жағдай адамдардың рухани
деградациясын қоғамдық және жеке жаңа экономикалық парадигмаларға
итермелейді, ал бұны мемлекет көмегінсіз менгеру мүмкін емес. Мемлекеттің
тотальдігін шешетін және нарықтың анархиясын шешетін қарым-қатынас
механизмін іздеп қолдану керек, соның нәтижесінде біз оптимиздік қоғамдық
өсуді құратын едік.
Мемлекеттің тағы бір айта кететін функциясы, ол бостандықпен
егемендікті қолдап, өз еліндегі халықтардың тарихи тірлігін халықаралық
қоғамдастықтың кқлемінде сақтап қалу. Адам өз халқында (ұлтында) басқа
ұлттармен қарым-қатынаста пайда болады. Бірақ кейде, ғасырлар бойы ұлттық
ойлармен, халықтар тағдырын анықтайтын геосаясаттық жағдайлар ұмытылып
қалады. Бұхара-ақпараттардың космосаясатының арқасында, ұлттық идеялар,
рухани құндылықтар жойылып, бір тәсілмен батыстандыру болып жатыр, оның
барлығы бір адамдардың қолында және оладың арам ойлары жүзеге асырылып
жатқандығы байқалады.
АҚШ-тың 200 жылдық тарихын зерттеп, басқа елдердің тарихымен
салыстыру нәтижесінде А.Шлезингер бір универсалдық ойға келді: Raisons d`
etat ( бұны мемлекеттің құрылуы деп аударуға болады), ал капитализм өсуінің
динамикасы Американы бүкіл Дүние Жүзіне ықпал етуге әкеп соқтырды...Одан
кейін: “Саясаттық және стратегиялық мотивтер, идеологиялық жүйеге
қарамастан, ұлттық қуат және ұлттық қауіпсіздік өзінше өмір сүру қабілетіне
ие болады.” Қандайда болмасын территория және оның көрші жатқан елдер
тарихи ұрыстардың нәтижесі яғни, көбінесе ұрыс-шайқастарда шешілген.
Геосаясатты жақсарту және территорияны бөлу, бүгінгі таңда да, үлкен
материалдық шығындарға кейде қан-төгіске әкеліп соғады. Осы себептен,
мемлекет өзінің сыртқы саясат функциясын стратегиялық параметрлерде басқа
елдермен достық пен қарым-қатынас орнатып, бейбіт өмірді қолдайтын
халықаралық ұйымдарға кіруі бүгінгі таңда өте қажет.
Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын ұйымдастырушы
мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық принциптерінің арасынан
келесілерді атауға болады.
1.Құқықтық нормаларды шығару арқылы қызметтерді тіркеу және
диффересациялау мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының құзіреттеріне басқарушылық қызметтерді бекіту.
2. Бір органның құзіреттерінің шеңьеріндегі бір реттік басқарушылық
қызметтерінің олардың ішкі жүйелерінің немесе бүтіндей мемлекеттік
басқарудың ұйымдық құрылымының шеңберіндегі басқа органдарының басқарушылық
қызметтерімен сайысымдылығы.
3.Шоғырландыру-белгілі органға тиісті басқарушылық қызметтерді жүктеу
және қажетті ресурстардың берілуі. Шоғырландыру нәтижесінде мемлекеттік-
басқарудан шығатын әрекеттерді, басқарылатын обьектілерді реттеуге,
ұйымдастыруға кеңінен бағыттауға болады.
4.Комбинациялау-яғни әр-түрлі басқарушылық қызметтердің
қосарланушылық және параллелизмдігін болдыру үшін бағытталады.
5.Жеткілікті әр-түрлік-саны және мазмұны бойынша басқару жүйесінің
сол немесе басқа компоненттерінің басқарушылық қызметтерінің басқарушылық
қажеттіліктеріне сәйкес болу қажеттігін талап етеді.
6.Басқарылатын компоненттердің ең алдымен басқарылатын обьектілердің
нақтылы қажеттіліктеріне, сұраныстарына басқарушылық әрекеттердің
сәйкестігі.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының құрылысына қатысты
мемлекеттік басқарудың құрылымдық-ұйымдық принциптерінің арасынан мыналарды
бөлуге болады:
1.Мемлекеттік-басқарушылық процестерінің әсерлігін, келісімдігін және
бүтіндігін қамтамасыз етуші мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.
2.Аймақтарға, өндіріс және қызмет көрсету салаларына, қоғамдық
тіршілік қызметінің сферасына ұйымдық құрылымдарының байланыстығын
болдырушы аймақтық-салалық принципі.
3.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқарумен
мемлекеттік билік органдарының түрлі деңгейлік ұйымдық өзара әрекестіктерін
көрсететін ұйымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
ҚР сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
Жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынатын табыстар
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Пәндер