Құрылыс туралы жалпы түсінік


Жоспар
Кіріспе 3
1. Құрылыс туралы жалпы түсінік . . . 4
2. Құрылыс динамикасы . . . 6
3. Құрылыс материалдарын өндеу кәсібі . . . 9
4. “Алматықұрылыс” компаниясының жетістіктері . . . 13
Қорытынды . 19
Пайдаланылған әдебиеттер ………. . . . . 20
Кіріспе
Құрылыс материалдары мен детальдар өндірудің өсу қарқыны жоғары болғанына қарамастан құрылыс материалдарының көптеген түрлері - (терезе әйнегі, линолеум, қаптағыш плиталар) әлі де болса басқа республикалардан әкелінеді.
Қазақстанда құрылысты ауыр индустрия кәсіпорындары құрылысы. Село - құрылыс, монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстары, сондай-ақ көптеген мамандандырылған басқармалар мен трестер жүргізеді. Құрылыстағы бақылау мен техникалық саясатты Қаз. ССР Министірінің Советінің Құрылыс істері жөніндегі мемлекет континенті іске асырады. Құрылысқа арнап республикада 6 жоғары оқу орны. 25 орта оқу орны, 91 кәсіптік-техникалық училищелер мамандар даярлайды.
Құрылыс саласында басты міндет етіп күрделі қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыру, жаңа қуаттарды, тұрғын үйлерді және басқа да объектілерді қысқа мерзім ішінде және аз шығын жұмсап іске қосуды қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту болатындығын атап көрсетті.
1. Құрылыс туралы жалпы түсінік
Құрылыс материалдары өнеркәсібі үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Минералды-құрылыс шикізатын (ірі, қиыршық тас, ұсақталған тас, гранит,
мәрмәр және т. б. ) алғаш өңдеу,
2. Ұқсастыратын материал (цемент, әк, гипс, т. б. ) өндіру.
3. Құрылыс үшін бетон және темір-бетон мен бұйымдарын,
қабырғалық материалдар жасау.
Минералды-құрылыс шикізатын құрайтын негізгі заттар: кірпіштік саз, әк шикізаты, бетонды толықтырушылар. Олар республиканың барлық жерінде кездеседі. Отқа төзімді және саз, гипс, асбест (таскендір) Солтүстік, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Казақстанда кең таралған, Керамзит саз Алматы, Шымкент, Костанай маңынан табылып өндірілуде. Шеге құм (кварц) кен орындары Ақмола, Павлодар облыстарынан алынуда. Құрылыс құмы мен қиыршық тас кен орындары Шығыс Казақстан облысында. Ұлутас сияқты бағалы құрылыс материалы Маңғыстау облысында өндіріледі. Олар жеңіл қабырғалық блоктар мен тақталар жасауға пайдаланылады. Жамбыл облысында мол гипс қоры бар. Атырау облысында табиғи асфалттың бай қоры табылды. Жол құрылысы үшін ол барлық жерге керек. Цемент алу әктас, мергел бор, домна пештері мен глинозем өндірісінің, металлургия және фосфор зауыттарының қалдықтары, жылу электр станцияларының күлі сияқты әр түрлі шикізат пайдаланылады. Олардың қоры Республиканың барлық аудандарында кездеседі. Цемент өндіруге қажетті шикізаттың мол қоры Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Семей маңынан табылды да, бұл қалаларда ірі цемент зауыттары салынды. Цемент өнеркәсібі базасында асбест-цемент өнімдері өндірісі ұйымдастырылды. Семей асбест-цемент зауыты мен Жітіқара асбест комбинатында (Қостанай облысы) төбе жабатын шифер өндіріледі, Таразда Черепица зауыты салынды. Қарағанды, Семей, Шымкент асбест-цемент өндірісінің ірі кәсіпорындары орналасқан. Цемент пен темір-бетон ең қолайлы және әмбебап материалдар ретінде республиканың барлық облыстарында өндіріледі. Барлық қалаларда дерлік ірі және шағын қабырғалық блоктар, темір-бетон құрылымдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттар бар. Казақстанның оңтүстік мен оңтүстік-шығысында көбіне қызыл кірпіш өндіріледі. Керамзит сазы Алматы, Шымкент, Қостанай маңындағы ірі кен орындары пайдаланылуда. Егер цементті "құрылыстың наны" деп атайтын болсақ, ал жаңа құрылыс материалы керамзиті "ірі тақталы үй салудың наны" деп атайды.
2. Құрылыс динамикасы
Құрылыс динамикасы- конструкциялардың динамикалық күш әсерінен толқу (тербелу) заңдылықтарын зерттейтін құрылыс механикасының саласы. Құрылыс динамикасы мұнымен бірге тербелістерді кеміту әдістерін қарастырады. Сыртқы күштер әсерінен құрылыс конструкциялары сілкініске не соққыға ұшырап толқиды. Құрлыс динамикасы құрылыс конструкцияларындағы кернеудің шамасы мен оның деформациялану ерекшеліктерін әрі мұның қай кезде барынша үлкен шама болатынын, конструкциялардың тербелу ырғағын, олардыңң ішкі күштері мен кернеулерін анықтайды, әрі бұларды осы шамалардың беріктік шегімен салыстырады. Құрылыстардың беріктігі мен ұзаққа шыдау мерзімі динамикалық және статикалық есептеулер негізінде анықталады.
Зерттеу әдістеріне қарай құрлыс динамикасы тәжірибелік және теориялық деп екіге бөлінеді. Тәжірибелік құрылыс динамикасы, құрылысқа әсер ететін динамикалық күштерді, материалдар мен конструкциялардың динамикалық қасиеттерін зерттейді, әрі құрылыс конструкцияларының тербелісін кеміту әдістерін іздестіреді. Т е о р и я л ы қ құрылыс динамикасы тәжірибелік құрылыс динамиканың зерттеу нәтижелрін пайдаланып, аналитикалық немесе санды әдістер арқылы тербеліс ырғағының шамасын есептеп табады. Бұл - құрлыс динамикасының басты мәселесі. Осы мәселені шешу динамикалық күштердің түріне, есептеу әдістеріне байланысты. Динамикалық күштер уақытқа байланысты өзгеретін заңдылық бойынша әсер ететін және кездейсоқ әрі ешқандай заңдылықсыз өзгеретін статикалық шамалармен анықталатын екі топқа ажыратылады.
Республикамызда (Алматы құрылысында) жер сілкінісіне төзімді тұрғын үйлер (ғимараттар) салу ісінде құрылыс динамиканың тәжірибелік саласына баса назар аударылуда. Мысалы Медеу қопарылысы кезінде көп қабатты тұрғын үйдің т. б. құрылыстардың 8-9 баллдың жер сілкінісіне шыдамдылығы сыналды, жол құрылысына қажетті - жабық ылғал өткізбейтін заттар жасалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырған материал ретінде синтетикалар пайдаланылады. Жасанды құрылыс материалы жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш материалдар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс ерітінділеріне; балшықтан күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалына; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы жасалынатын шынылар, балқыту арқылы алынатын кеуек қоқыстар, ситалдар, минералдық мақталарға бөлінеді. Жасанды құрылыс материалының бір түрі - металдар. Олар құрылыста әр түрлі конструкциялар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар т. б. ) жасауға пайдаланылады.
Құрылыс материалының екінші түрі әр түрлі табиғи тау жыныстарынан алып жасалынатын ірге тастар, қабырғалық әшекейлік т. б. материалдар. Құрлыс материалын пайдалану мақсатына қарай іргелік материалдар (шой тас және бетон), қабырғалық (кірпіш және силикат кірпіш, кеуек керамика, жеңіл бетон, силикат бетон, кеуек бетондар, туф, ағаш), төбелік материалдар (темір-бетон, қоқыс бетон, гипс бетон, бетон тақталары мен панельдер және ағаш тақталар), жұқа қабырғалық материалдар (гипс тақта, кеуек гипс тақта, кеуек керамика), едендік материалдар (тақтай, паркет, ксилолит, керамикалық тақталар, асфальт-бетон, құрылыс ерітінділер, линолеум), жабындық материалдар (қыш жабын, жабындық тақта тас, асбест-цементтік тақта, тақтай, темір, пергамин, рубероид, толь), қапталып материалдар (табиғи тау жыныстарынан жасалынатын гранит, әк тас, мәрмәр т. б., керамикалық тақталар, майолика, әр түсті құрылыс ерітінділері, түсті шынылар, гипстен жасалған әр түрлі бөлшектер), әшекейлік материалдар (сыр, бояу, линолеум, суретті шынылар, түсті сылақтар, көркемделген. Органикалық емес (цемент, әк дейін Россияда құрылыс материальдары өнеркәсіптің тас, гипс т. б. ) материалдардың өндірілетін ең бір мешеу қалған салаларының бірі - цемент. Одан бетон, темірді еді. Россияда цемент өндіру бетон, асбест-цемент, құрылыс ерітіндісі басына шаққанда 1913 ж. АҚШ-тан 15 есеге жуық құрылыс материалы жасалады, ал Германиядан 10 есе тастан бу қысымымен алынатын төмен болды. Цемент пен керамиликаттық бетон, кірпіш жасалады, әрі қалың құбырлардың, черепицаның, одан құрылыстық ерітінділер дайын және құрылыс материалдары бар. Қостанайда құрылыс шыныларын өндіретін зауыд салынып, Шевченко қаласының жанындағы Жетібай карьері негізінде қымбатты құрылыс материалы қыйыршық тас өндіру игерілетін болады.
3. Құрлыс материалдарын өңдеу кәсібі
Құрылыс механикасы - құрылыс конструкцияларының беріктігі мен орнықтылығын, қатаңдығын зерттейтін әрі бұларды есептеуге арналған ғылыми пән. Құрылыс материалы кейде құрылыс статикасы немесе құрылыс теориясы деп те атайды. Құрылыс материалының басты мақсаты - конструкция бөліктерінде әр түрлі сыртқы әсерлерден (әр түрлі салмақтар, жүктер, температуралық өзгерістер т. б. ) пайда болатын ішкі күштердің мөлшерін есептеуге арналған әдістерді табу; деформация шамаларын анықтау; орнықтылық жағдайларды зерттеу. Құрылыс конструкциялары мен оның құрамды бөліктері мынадай түрлерге топталады: 1) бір өлшемі қалған екеуінен әлдеқайда үлкен элементтерден құрылған стерженьдік жүйелер; 2) екі өлшемі (ұзындығы мен көлденеңі) үшіншісінен (қалыңдығынан) әлдеқайда (кемінде 20 есе артық) үлкен элементтерден құралған (жасалған) тақта, плита, қабықшалар; 3) үш өлшемі біріне қарайлас элементтерден құрылыс қозғалыстардың өзара алмастырылған (тірек қабырғалар, ірге тастар, принциптері, реакциялардың өзара плотиналар т. б. ) біртұтас массивтер алмастырылу принципі) шығады.
Құрылыс материалы зерттейтін мәселелер
-
статикалық анықталған жүйелерге кедергісі
,
серпімділік, пластика әсер ететін тұрақты анықтау үшін аналитика тығыз байланысты. Құрылыс материалдары көбінесе және графиктік әдістер пайдаланыла стержендік жүйелерді есептеу тәсілді. Құрылыс материалында кинематикалық әдістердерін және оның теорияларын қолданылады. Құрылыстарға әсер ететін стерженьдік жүйелерге жататын жылжымалы күштер жазық және кеңістіктік сызықтық әсерлер арқылы. Мысалы, поездардың көпірге түсіруін, арқалар, тіректер, қабырғалар әсерлерін анықтауға осы әдіс пайдаланылады. Статикалық анықтама қабылданған есептеу схемалары ғана жүйелердің есептері
бойынша құрылыстар статикалық әдіспен шешіледі. Олар күштер әдісі,
анықталған және статикалық анық деформациялық әдіс және араластырылмаған жүйелерге ажыратылады. Соңғы кезде құрылыс материалының мәселесі - Статикалық анықталған жүйелерді шешуге электрондық есептегіш күштер әсерін табуға күштердің пайдаланылуда. Бұлардың әсерлерін анықтау үшін ішкі және сыртқы күштердің тепе-теңдігі, оған қоса жүйелердің деформациялары қарастырылады. Құрылыстың құрамында материалдар сияқты жеңілдетілген теориялар (мысалы, құрылыс конструкциялар тұтас, біркелкі, серпімділігі бекем қатты заттардан тұрады деп жорамалданады) пайдаланылады. Бірақ бұл жеңілдіктер қолданылатын әдістердің дәлдігін жемітеді, кейде айтарлықтай қателіктерге соқтырады. Сондықтан мәселені өте қарапайым түрге дейін оңайлатуға болмайды. Пластинка, плита және қабықшаларды есептеу серпімділік теориясына негізделген. Егер қарастырылмақ мәселеміз серпімділік теориясының заңдарынан алшақ жатса, онда әсер етуші күштер мен деформациялар пластикалық немесе сусымалық теориялар бойынша есептеледі. Тұтас массивті конструкциялардың ішкі күштерінің кернеулерін жалпы жағдайлар үшін анықтау әлі күнге дейін толық шешілмеген мәселе. Құрылыс материалының маңызды салаларының қорына сусымалы заттардың теориясы мен тірек қабырғаларды есептеу мәселесі жатады. Бұлар арқылы сусымалы заттардың тірек қабырғаға түсіретін қысымын анықтаумен бірге ол қабырғалардың беріктігі мен орнықтылығы жеңілдетілген әдістер бойынша анықталады. Грунттың кез келген пішінді құрылыста түсіретін қысымын барынша толық анықтау механикасының өте күрделі мәселесі болып отыр. Сондықтан есептеу кезінде грунттың (топырақтың) тосқауылдарға түсіретін қысымын қарапайымдатылып әрі жеңілдетіліп (топырақ құрғақ түйіршіктер немесе кебу таза құм деп саналады, яғни топырақ жасанды сусымалы заттардан тұрады деп жорамалданады) құрастырылады.
Құрылыс материалының ең негізгі теоремаларының бірі - мүмкін болатын қозғалыстардың жалпылама принципі. Бұл принциппен басқа да теоремалар жұмыстары да жәрдем етеді. Бұған компанияның қатысуымен салынған құрылыс нысандары айғақ бола алады. Соның нәтижесі болса керек, холдингтің және оның кәсіпорындарының бес жетекші қызметкері "Құрылысшы - жасампаз" деген мәртебелі атақпен марапатталды. 2001-2003 жылдары ең таңдаулы сәулеттік туындылар мен құрылыстар арасында өткізілген республикалық байқауда холдинг халықаралық сәулет академиясының Мәскеу бөлімшесінің хрусталь жүлдесіне ие болып, "Ең үздік құрылыс компаниясы" номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Нарықтық қарым-қатынастардың талабына және сұранымына сай құрылыстың сапа мәселесі бірінші кезекке қойылса, бұл компания осы үрдістен табылу үшін жаңа технологиялармен көпшіліктің сапалы әрі көпшіліктің қолдауы.
Бұл күндері осы компания ұжымында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалғыз осы деректің өзі көп жәйтті аңғартып тұрғаны анық. Ал таратып айтар болсақ, бұл құрылыс компаниясының мемлекетіміздің кешегі ғасырдағы және бүгінгі тәуелсіз еліміздің экономикалық даму кезеңінде өзінің қолтаңбасын даралап көрсететін айшықтары тіптен орасан зор. Дәл осы ретте өткенді ойға алып, қазіргі қайнаған тірліктің ырыздық-берекесін атқарылған істің ауқымымен алып қарауға болады.
Қаланы адамдар тұрғызады, ал қала адамдарды тәрбиелейді, деген қанатты сөз қала өркениетінің ежелгі дәуірінде-ақ айтылса керек. Содан бері бұл қағиданың мәні жоғарыламаса, еш кеміген емес. Ондай кезеңнің болуы да мүмкін емес сияқты. Әсіресе, ғылым технологиясы дамып, қарасаң бас айналатын биікке өрмелеген үйлердің ақшаңқан ұшар басына дейін созылған құрылыстың өн бойында сәулетшінің ой еркіндігі, шығармашылық шырқауы және соны жүзеге асыратын құрылысшылардың табандылығы мен шеберлігі біте ұштасып жатқанын енді ешкім жоққа шығара алмайды. Алысқа бармай-ақ, соңғы жылдар бедерінде ғасырлық құрылыстың жаңа өркендеуін бастан кешіп жатқанын Алматы мен Астана қаласынын жаңа ғимараттарын еске алсақ та осы сөзіміздің қандай құрлықтары бастау болып жатқанын негізге алар едік.
Бұл елінің құрылысшьларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін тұрғын үйлердің бағасын көңілге қонымды болуын ұдайы назарда ұстап келеді. Қалай болғанда да құрылыс индустриясының өркендеуі атқарылған жұмыстың сапасына тікелей байланысты. Негізгі шарты да осы. Бұл маңызды мәселелер компанияның үнемі ілгерілеу үстіндегі іс-әрекеттерімен жалғасып келеді.
Әуелде, негізінен, Алматы қаласының құрылысын салуға бейімделсе, енді компанияның географиялық ауқымы еліміздің барлық өңірін қамту үстінде. Тек қана тәуелсіздік жылдардың өзінде ғана озық сәулет өнерінің мәдени-тарихи ескерткіші деп айтуға болатын, бірегей нысандарды салып бергендерін компанияның әрбір мүшесі ауыз толтырып айта алады. Мысалы, оңтүстік астанамызда тұрғызылған Қазақстан елінің құрылысшылары мен сәулетшілерінін де ғажайыптар әлемінен еш қалыспайтын ғимараттар тұрғызу жөн. Солардың арасында мерейлі кезеңге қадам басқан ежелгі құрылыс компаниясы туралы сөз етсек, ол ең әуелі еңбеккерлердің маңдай терінің қайтарымы, көркейген елдің азаматтарының қызметін әділ бағалау дер едік.
Қазақстан құрылыс индустриясының көшбасшысы "Алматықұрылыс" ұлттық холдингтік компаниясының іргетасы қаланғанына биыл 50 жыл толып отыр. Мұны уақыт өлшемімен алып қарасақ, әрине, аз уақыт емес. Сонау 1956 жылы "Главалматыстрой" деген атауымен дүниеге келіп, Қазақстанның астанасы Алматы, Алматы облысы және басқа да қалалардың құрылысы мен оны көркейту жұмысымен өз қызметін айқындап алған бұл мемлекеттік кәсіпорынның тарихына көз жүгіртсек, әрине, көз алдымызға Алатау баурайындағы әсем қалада көп қабатты тұрғын үйлердің бой түзеуімен, жаңа заман үрдісіне сай қол созған сәулет өнерінің айшықтары көрініс тапқан биік ғимараттар салуымен, сондай-ақ 60-80 жылдар аралығында ерекше қарқын алған өндірістік мекемелерді, яғни, жаңа зауыттар мен фабрикалардың пайда болуымен тікелей байланысты кезеңдері көз алдымызға келеді.
4. “Алматықұрылыс” компаниясының жетістіктері
Алматы қаласының бүкіл-әлеуметтік инфрақұрылымы осы құрылыс мекемесінің игілікті істерімен жүзеге асырылған. Бәріне де дәйек куә. Бұл дегеніміз, 13 миллион шаршы метр тұрғын үй, 181 мың оқушыға арналған мектептер, 75 мың орынды балалар бақшасы, 3 мың төсек орны бар аурухана және бір мезгілде 16 мың адамды қабылдай алатын емханалар. Әлбетте, республикамыздың тарихында өз орны бар бұл жетекші компанияның абырой-беделге, кінәраты жоқ сенімге ие болуы сан жүздеген құрылысшылардың, өз ісін жете білетін инженерлердің және құрылыс сәулетінің көркін келтірген сәулетшілердің, сондай-ақ талантты өндіріс ұйымдастырушыларының, бүкіл саналы өмірін құрылыс саласына сарп еткен азаматтардың сіңірген еңбегінің айқын нәтижесі.
Алматы қаласының қазіргі заманғы сәулеттік бет-әлпетін, реңін қалыптастыруда бұл кәсіпорынның құрылысшыларының қолтаңбасын әйгілеп тұратын әрі қала тұрғындарының ғана емес, бүкіл республикамыздың жұртшылық өкілдерінің мақтаныш етіп айта жүретін, алыстан қонақ келсе, соларды көрсеткенінше асығып тұратын және соған лайықты бірқатар ғимараттарды санамалап берсек те болар еді.
Олар - "Қазақстан" қонақ үйі, мемлекеттік тарих музейі, М. Әуезов атындағы драма-театр, Үкімет үйі, мектеп оқушыларының Сарайы, Неке сарайы, Цирк үйі, Елбасының резиденциясы, Казақ Ұлттық университетінің қалашығы . . . Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады. Қалай болғанда да Алматыда кез келген адам қызықтап қарайтын ғимараттар атауының бәрі де осы байырғы құрылыс мекемесінің тікелей қатысуымен салынғанын қайталап айтып жатуымыздың өзі артық етеді.
Қазір "Алматықұрылыс" компаниясы өзінің қанатының астына 14 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді алып, солардың басын біріктіріп отыр. Алмауыт компания деп жүргеніміз де осы. Бұл әрине, жақсы мағынасында, тұрғылас әріптестері арасында бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екенін және өндірістік зор ауқымдылығын көрсетудің қисыны осы. Қазақстанда жаппай құрылыс салу кең өріс алған. Қазіргі уақытта құрылыс ісімен айналысып жүргендер өте көп және олардың санының жуық арада азаятын түрі де жоқ. Дей тұрғанмен, адамдар құрылыс компанияларының бұған дейінгі бай тәжірибесіне және ұзақ жылдар бойы берік сақталып келе жатқан дәстүрлі қызметіне көбірек сенеді. Өйткені, дәстүр сабақтастығы сенім кепілі болмақ. Холдинг қарауындағы барлық құрылыс бөлімшілерінің белсенді кәсіби қызметі әлбетте, Қазақстанның құрылыс ісін және құрылыс индустриясын дамытуға елеулі үлес қосуға республиканың Тәуелсіздік монументі, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғимараты, Студенттер сарайы, бес жұлдызды "Рахат-Палас" отелі, ал жаңа елордасы - Астанада "Салтанат сарайы" қабылдау үйі, "Қазақстан" спорт сарайы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент, әкімшілік ғимараты, Сенат ғимараты және басқа да нысандарды қосуға болады.
Бұл компанияның қызметі егер тұрғын үй мәселесіне келсек, іргетасын құюдан басталып, су жаңа пәтердің кілтін тапсырумен аяқталады. Сан қырлы жобалық құжаттарды әзірлеу, әлемдік стандартқа сай келетін технологияларды жариялаудан көрсету, өндірістік, азаматтық және тұрғын үйлер кешенін салудың өзіндік тәжірибесі жемісін де беріп келеді. Жалғыз ғана ғимараттар мен тұрғын үйлер немесе өндірістік нысандар салуымен ғана айналыспайды, сонымен бірге құрылыс материалдарын өздері де өндіреді және басқаларға сата алады. Құрылыс жобаларын әзірлеу және жүк тасу қызметі де үйлесімді бір арнада тоғысып жатыр.
- Біздің құрылыс компаниясының жарты ғасырлық тарихы еліміздің қала сәулетінің айшықтарымен дараланып тұрғаны анық, - дейді компанияның президенті, белгілі қоғам қайраткері, есімі елімізге кеңінен танымал Амангелді Дінұлы Ермегияев, - бұл кезең тұтас алып қарағанда даму мен жаңарудың, өркениет жолында алға ұмтылудың жарқын кезеңі деуге толық болады. Өйткені, дамыған елдер ең әуелі қала құрылысының айшықтарымен көзге түседі. Ал біздің компанияның үнемі алға ілгерілеп отыруының, сөйтіп құрылыс индустриясында көшбастаушы болуының негізгі тірегі - білім даярлығы мол және кәсіби шеберлігі шыңдалған мамандар. Және істі жан-жақты ұйымдастыра білудің, жалпы ұжымдық ауызбірліктің ұдайы сақталып отыруы. Тәртіп бар жерде тірлік те болады. Мықты кадрлары бар ұжымдарда сенім мен кепіл де болады. Біз көп жылдар бойы жас мамандарды даярлап шығару үшін қажетті қаржыны бөліп, жоғарғы оқу орындарымен тікелей іскерлік байланыс жасап, әлемде мойындалған компаниялар өндірісінің бүкіл жұмысы бір арнадан табылып, өз нәтижесін сапалы жұмыс, жетістік және табыс ретінде көрсетіп келе жатқанына куәміз. Мұның арғы жағында біздің ұлттық компания мүшелерінің арасында елжандылық, қоғамның игілікті істеріне, оның ішінде мәдени-рухани саласына камқоршы әрі демеуші болу мәнісімен сипатталатын елдік намыс бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz