:
42 миллион адамның өліміне себепкер болған «қанды қол қылмыскер» деген ат таңылса да, Сталинге деген, әсіресе, қарт кісілердің ықыласы әлі күнге сөнбей келеді. Уақыт өткен сайын бұл үрдіс тіпті кейінгі буын арасында да жаңғырыға түскендей. Тирандардың тылсым құдыреті неде екен?. .Бүгінгі Ресей Сталиннің саяси қызметінің де, жеке басының да нақты тарихи бағасын әлі бере алмай отыр. Пікір ала-құла. «Қоғамда Сталиннің жеке басы туралы қызу талқылау тоқтаған емес, бір жағына шықсаң, екінші жағы, екінші жағына шықсаң, үшінші жағының көңіліне тиесің», - деген-ді премьер-министр Владимир Путин ресейліктермен болған «тікелей желіде». Солайы солай. Жез мұрт көсем Англия басшысы Черчилл айтқандай, «Ресейді соқамен қабылдап алып, ядролық бомбамен қалдырды». Ұлы Отан соғысында сұмдық құрбандықтармен болса да, жеңіске жетті. Сонымен қатар өз халқына қарсы қылмыстық репрессия жүргізді, тұтас халықтарды жаныштап, аяусыз езді, жеке басына табындырды. Осыны ескерген президент Дмитрий Медведев «Сталиннің елді дамытқаны мен орасан табыстары адам құрбандықтары мен қайғы-қасіретінің қасында түк емес» деген-ді саяси құрбандар күні. Ал Путин Жеңіс күні сөйлеген сөзінде: «Сталинді Гитлермен қатар қоюға ешуақытта жол беруге болмайды. Рас, Сталин тиран болды, көп адамдар оны қылмыскер санайды. Бірақ ол нацист болған жоқ! Мұны шатастыруға болмайды. Егер біз екінші дүниежүзілік соғыста жеңілсек, онда одан да зор сұмдықты көретін едік» деп шегелеген. Путиннің пікірінше, «Сталин мен оның дәуірі - Ресейдің бөлінбес күрделі тарихы. Бұл туралы келешек ұрпақ жақсы білуі керек және одан сабақ алуға тиіс». Осы Путин кезінде «Кеңес Одағының тарқауы ХХ ғасырдағы ең ұлы геосаяси апат болды» деген-ді. Осылайша ол Бірінші дүниежүзілік соғысты да, Екінші дүниежүзілік соғысты да аттап өтіп, Кеңес Одағының тарқауын олардан да жоғары апат деп көрсеткен. Ал оның басшылығы кезінде Ресей жастарының елу төрт пайызы Сталинді «данышпан көшбастаушы» деп атаған.Ал ағылшын газеттері «Екінші дүниежүзілік соғыстағы КСРО жеңісінің биылғы 65 жылдығына орай Кремль Сталинді ақтап алуға дайындалуда» деп жазып жатыр. Яғни Ресей үкіметі ресейліктердің өткен тарихына өкінбейтінін, қайта мақтанатынын жеткізуде. Соған сай жез мұрт көсем қатал тиран емес, орыс ұлтын құтқарушы болып шықпақ. Ағылшындарды Ресейдің мектеп оқулықтарында Сталиннің тұсында 786 мың адамның өлім жазасына кесілгені ғана айтылып, миллиондаған адамның өлімі көрсетілмегені де мазалап отыр.Не керек, Кеңес Одағының заңды мұрагері - бүгінгі Ресейде отызыншы жылдардың ойранына осылайша нақты саяси баға берілмей тұр. Ол үшін Ресей Сталин басында тұрған коммунистердің қолдан ұйымдастырған ашаршылығын ұлы апат, Кеңес халқына мемлекеттік масштабтағы мақсатты түрде жасалған геноцид деп бағалауы тиіс! Бірақ олай болмай тұр. Әлемнің 15 елінің парламенті ашаршылықты украиндықтарға қарсы жасалған геноцид ретінде мойындаса да, Ресейдің қасарып мойындағысы жоқ. Ақиқатына келгенде, Ресей билігі аштықтан қырылған ұлттардан, оның ішінде қазақ халқы басты орында, ресми түрде кешірім сұрауы тиіс еді!Кешірім сұрауды айтамыз, Медведов-Путин басқарған Ресей оны тіпті мойындамай да отыр ғой.Мойындамағаны сол, Ресей өткен ғасырдың 30-жылдарындағы КСРО-дағы аштық құрбандарын ұлтқа бөліп-жарып қарауға басыбүтін қарсы. РФ Мемдумасы ашаршылық тақырыбын саяси саудаға салмауға шақырған арнайы өтініш қабылдады. Онда: «бұл трагедия этникалық белгісі бойынша (бұрынғы КСРО басшылығы тарапынан) ұйымдастырылғаны жөнінде ешбір тарихи куәлік жоқ. КСРО-ның миллиондаған азаматтары, түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бірдей ашаршылық құрбандары болды. Ендеше, бұл трагедия халықаралық бекітілген геноцид белгісі бола алмайды және болуға тиіс те емес» делінген.Ресей 30-жылдардағы ашаршылықты ұлттарға қарсы жасалған геноцид ретінде мойындаудан осылай қорқып отыр. Оны Кремльдің келмеске кеткен коммунист басшылары жасаса да.Не десек те, бүгінгі Ресейдің мемлекеттік идеологиясын «Сталиннің салқыны» тып-тыныш жүр. Ресей тұрмақ, Орталық Азияда да жез мұрт көсемге деген көпшіліктің, әсіресе, көнекөздердің көңілі әлі суымапты. Жақында «Евразийский монитор» атты халықаралық зерттеу агенттігі бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған 14 республика тұрғындарының кеңестік кезеңге деген көзқарастарына зерттеу жұмысын жүргізіпті. Соның ішінде аталған агенттіктің Орталық Азияның төрт республикасы: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан алған деректеріне тоқталмақпыз (Түрiкменстан бұл зерттеуден тысқары қалған) . Әр республикадағы мың тұрғыннан алынған сұрау салу нәтижелері қандай дейсіз ғой? Қазақтардың 74 пайызы, қырғыздардың 78 пайызы, тәжіктердің 84 пайызы, өзбектердің 74 пайызы бір кездегі кеңестік ортақ тарихты жақсы білетін болып шығыпты. Әрине, ең басты тақырып - Сталинге деген көзқарас. Қазақстан мен Қырғызстанда Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеген ХХ съезге деген оңды көзқарас басым болса, керісінше, Тәжікстан мен Өзбекстанда теріс көзқарас басым болған. Сталиннің жеке басына деген көзқарасқа келсек, Қазақстан тұрғындарының 35 пайызы оған жақсы қараған, 36 пайызы теріс бұрылыпты, 19 пайызы бейтарап бағыт ұстанған. Қырғыздардың 61 пайызы, өзбектердің 53 пайызы, тәжіктердің 57 пайызы жез мұрт көсемге оңды көзқарас білдірген. Зерттеушілер Орталық Азиядағы 18 бен 30 жас арасындағы жас ұрпақтың Сталинге деген көзқарасының аға ұрпақтiкінен айырмасы жоғына да назар аударған. Оған қарағанда, сталиндік кезең тарихына деген жаңа көзқарастың әлі күнге дейін жас ұрпақ санасына жаппай сіңірілмегені аңғарылады. Бұл олардың кітап пен газет оқымайтынын, тек аталары мен әжелерінен естігендерін қанағат тұтып жүргенін білдіреді. Бұған осы өлкедегі үлкенді сыйлау салты да өз әсерін тигізгені анық. Ал ресейліктердің 35 пайызы «халықтар көсеміне» оңды көзқарас білдірген және Сталиннің 130 жылдығы Ресейде ашық және кең түрде тойланған. Ресейді былай қойғанда, Тәжікстанда да коммунистер мен ардагерлер тарапынан Сталиннің 130 жылдығы дүркіретіп тойланған. Қазақстанның оңтүстігінде Ескі Иқан дейтін ауылда Сталиннің ескерткіші бар. Сол ескерткіш түбінде коммунистер мен ардагерлер бас қосып, Сталиннің 130 жылдығын атап өткен. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы бұл ауылдың аты Сталиннің ескерткішімен шыққан. Кезінде КСРО аумағында генералиссимустың екі-ақ ескерткіші сақталған-ды: оның бірі - Сталиннің туған жері Гориде, екіншісі - аталған Ескі Иқанда. Алыс түкпірдегі шағын ауылға жез мұрт көсемнің тастұғырын орнату жөніндегі идея Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын туған көрінеді. Көнекөз қарттардың айтуынша, мүсінді орнату үшін ауылдағы әр отбасы мүмкіндігіне қарай өз еріктерімен ақша жинаған. Сөйтіп, Мәскеуде тұратын бір мүсіншіге (аты-жөні ұмытылған) тапсырыс беріпті. Басында ауылда ескерткішті соғуға қажетті материалдар табылмай, барынан үзіп-жұлып құраған болыпты. Көп ұзамай соғыс басталып кетеді де, ескерткіш жайына қалады. Соғыс кезінде «Иқан» ауылдық кеңесіне қарасты «Ынтымақ» артелінің колхозшылары бұрынғысынан он есе артық астық жинап, ауыл аты Одаққа дүркірейді. Соғыстан кейін әрең есін жиған ел баяғы ескерткішті естеріне алады. Оның себебі 1936 жылы ескерткіштің жайымен Мәскеуге барған колхозшылардың ешқайсысы майданнан тірі қайтпапты. Ары қарай іс жөнімен жалғасын тапқан. Сөйтіп, басына әскери фуражке киген, үстінде сүйретілген сұр шинелі бар, бір қолын қалтасына, бір қолын кеудесіне сұғып тұрған халықтар көсемінің екі метрлік тұлғасы Иқан ауылында 1946 жылдан бері міз бақпай тұр. Сталиннің жеке басына табынушылыққа қарсы үгіт кампаниясының күресі басталған тұста, ауылдағы «халықтар көсемін» құлату үшін кран, жүк машинасы, бульдозермен келгенде, Хрущевтің қаһарынан қаймықпаған иқандықтар көсемнің ескерткішін кеудесімен қорғап қалған. Ел егемендігін алған 90-жылдардың басында да мұртты көсемнің ескерткішін құлатуға бірқатар талпыныс жасалғанмен, тағы да жергілікті шалдар сақалын төсеп, етпеттеп жатып алған. Сесі қатты коммунистер көсемі ХХІ ғасырға аман-есен жетіп, жарқын капиталистік болашаққа бет алған қазақ жеріне «қайда барасың?» дегендей сұстана қарап, әлі тұр. Кезінде өзі өлердей қарсы шыққан Түркістан Республикасының топырағында ескерткіші міз бақпай тұратынын жез мұрт көсем қайдан білсін. Одақ құлаған соң ескерткішті аумағымен қоса Әбдусәмет Юсупов деген кісі сатып алыпты. Бүгінде ауласында Сталиннің ескерткіші тұрған оның үйі Түркістанға барар жолдағы жұртшылық ең көп тоқтайтын туристік аялдамаға айналған.Не десек те, Сталинді пір тұтатындар аз емес. 80-жылдары мұртты көсемнің суретін машинаның терезесіне ілудің модаға айналғаны бар. Стекеңнің суреті атақты Баукең-Бауыржан Момышұлының да төрінде өле-өлгенше ілулі тұрыпты. Ал марқұм Қасым Қайсенов тіпті төсегінің тұсына іліп қойған.Қай бір жылы грузиндер жарты ғасыр бойына сары майдай сақтаған Сталиннің ескерткішін Кутаиси қаласына қайтадан тұрғызды. Жез мұрт көсемнің тағы бір асқақтаған ескерткіші Махачкалада бой көтерді. Ұлы Қазан төңкерісінің 85 жылдығына орай Бішкектің орталық алаңына қолын көкке созған күн көсем - зәулім Ленин ескерткішін орнатқан қырғыздар арасында да Сталиннің ескерткішін тұрғызуға деген талпыныс байқалған. Бұдан үш-төрт жыл бұрын «халықтар әкесінің» туған күні - 21 желтоқсанда Грузияның Хашури мен Боржоми қалаларындағы коммунистер тұрғызған Сталиннің ескерткіштерін «капиталистер» трактормен зорға сүйреп құлатқан. Ал Ресейдегі коммунистер көсемі Геннадий Зюганов Сталиннің ескерткішін Мәскеудің қақ төріне орнатпақ болып әрекеттенді. 1945 жылы өткізілген Ялта конференциясының 60 жылдығына орай Қырымда тұрғызылмақ болған тарихқа белгілі үштік - Рузвельт, Черчилл және Сталиннің ескерткішінің де дау-дамайдан басы арылмады.Жаңа тарихтың айтуынша, Сталиннің мойнында 42 миллион адамның қаны бар. Осындай «қанды қол қылмыскер» деген ат таңылса да, Сталинге деген, әсіресе, қарт кісілердің ықыласы әлі күнге сөнбей келеді. Уақыт өткен сайын бұл үрдіс тіпті кейінгі буын арасында да жаңғырыға түскендей. Тирандардың тылсым құдыреті неде екен?. .:
:
:
42 миллион адамның өліміне себепкер болған «қанды қол қылмыскер» деген ат таңылса да, Сталинге деген, әсіресе, қарт кісілердің ықыласы әлі күнге сөнбей келеді. Уақыт өткен сайын бұл үрдіс тіпті кейінгі буын арасында да жаңғырыға түскендей. Тирандардың тылсым құдыреті неде екен?. .Бүгінгі Ресей Сталиннің саяси қызметінің де, жеке басының да нақты тарихи бағасын әлі бере алмай отыр. Пікір ала-құла. «Қоғамда Сталиннің жеке басы туралы қызу талқылау тоқтаған емес, бір жағына шықсаң, екінші жағы, екінші жағына шықсаң, үшінші жағының көңіліне тиесің», - деген-ді премьер-министр Владимир Путин ресейліктермен болған «тікелей желіде». Солайы солай. Жез мұрт көсем Англия басшысы Черчилл айтқандай, «Ресейді соқамен қабылдап алып, ядролық бомбамен қалдырды». Ұлы Отан соғысында сұмдық құрбандықтармен болса да, жеңіске жетті. Сонымен қатар өз халқына қарсы қылмыстық репрессия жүргізді, тұтас халықтарды жаныштап, аяусыз езді, жеке басына табындырды. Осыны ескерген президент Дмитрий Медведев «Сталиннің елді дамытқаны мен орасан табыстары адам құрбандықтары мен қайғы-қасіретінің қасында түк емес» деген-ді саяси құрбандар күні. Ал Путин Жеңіс күні сөйлеген сөзінде: «Сталинді Гитлермен қатар қоюға ешуақытта жол беруге болмайды. Рас, Сталин тиран болды, көп адамдар оны қылмыскер санайды. Бірақ ол нацист болған жоқ! Мұны шатастыруға болмайды. Егер біз екінші дүниежүзілік соғыста жеңілсек, онда одан да зор сұмдықты көретін едік» деп шегелеген. Путиннің пікірінше, «Сталин мен оның дәуірі - Ресейдің бөлінбес күрделі тарихы. Бұл туралы келешек ұрпақ жақсы білуі керек және одан сабақ алуға тиіс». Осы Путин кезінде «Кеңес Одағының тарқауы ХХ ғасырдағы ең ұлы геосаяси апат болды» деген-ді. Осылайша ол Бірінші дүниежүзілік соғысты да, Екінші дүниежүзілік соғысты да аттап өтіп, Кеңес Одағының тарқауын олардан да жоғары апат деп көрсеткен. Ал оның басшылығы кезінде Ресей жастарының елу төрт пайызы Сталинді «данышпан көшбастаушы» деп атаған.Ал ағылшын газеттері «Екінші дүниежүзілік соғыстағы КСРО жеңісінің биылғы 65 жылдығына орай Кремль Сталинді ақтап алуға дайындалуда» деп жазып жатыр. Яғни Ресей үкіметі ресейліктердің өткен тарихына өкінбейтінін, қайта мақтанатынын жеткізуде. Соған сай жез мұрт көсем қатал тиран емес, орыс ұлтын құтқарушы болып шықпақ. Ағылшындарды Ресейдің мектеп оқулықтарында Сталиннің тұсында 786 мың адамның өлім жазасына кесілгені ғана айтылып, миллиондаған адамның өлімі көрсетілмегені де мазалап отыр.Не керек, Кеңес Одағының заңды мұрагері - бүгінгі Ресейде отызыншы жылдардың ойранына осылайша нақты саяси баға берілмей тұр. Ол үшін Ресей Сталин басында тұрған коммунистердің қолдан ұйымдастырған ашаршылығын ұлы апат, Кеңес халқына мемлекеттік масштабтағы мақсатты түрде жасалған геноцид деп бағалауы тиіс! Бірақ олай болмай тұр. Әлемнің 15 елінің парламенті ашаршылықты украиндықтарға қарсы жасалған геноцид ретінде мойындаса да, Ресейдің қасарып мойындағысы жоқ. Ақиқатына келгенде, Ресей билігі аштықтан қырылған ұлттардан, оның ішінде қазақ халқы басты орында, ресми түрде кешірім сұрауы тиіс еді!Кешірім сұрауды айтамыз, Медведов-Путин басқарған Ресей оны тіпті мойындамай да отыр ғой.Мойындамағаны сол, Ресей өткен ғасырдың 30-жылдарындағы КСРО-дағы аштық құрбандарын ұлтқа бөліп-жарып қарауға басыбүтін қарсы. РФ Мемдумасы ашаршылық тақырыбын саяси саудаға салмауға шақырған арнайы өтініш қабылдады. Онда: «бұл трагедия этникалық белгісі бойынша (бұрынғы КСРО басшылығы тарапынан) ұйымдастырылғаны жөнінде ешбір тарихи куәлік жоқ. КСРО-ның миллиондаған азаматтары, түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бірдей ашаршылық құрбандары болды. Ендеше, бұл трагедия халықаралық бекітілген геноцид белгісі бола алмайды және болуға тиіс те емес» делінген.Ресей 30-жылдардағы ашаршылықты ұлттарға қарсы жасалған геноцид ретінде мойындаудан осылай қорқып отыр. Оны Кремльдің келмеске кеткен коммунист басшылары жасаса да.Не десек те, бүгінгі Ресейдің мемлекеттік идеологиясын «Сталиннің салқыны» тып-тыныш жүр. Ресей тұрмақ, Орталық Азияда да жез мұрт көсемге деген көпшіліктің, әсіресе, көнекөздердің көңілі әлі суымапты. Жақында «Евразийский монитор» атты халықаралық зерттеу агенттігі бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған 14 республика тұрғындарының кеңестік кезеңге деген көзқарастарына зерттеу жұмысын жүргізіпті. Соның ішінде аталған агенттіктің Орталық Азияның төрт республикасы: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан алған деректеріне тоқталмақпыз (Түрiкменстан бұл зерттеуден тысқары қалған) . Әр республикадағы мың тұрғыннан алынған сұрау салу нәтижелері қандай дейсіз ғой? Қазақтардың 74 пайызы, қырғыздардың 78 пайызы, тәжіктердің 84 пайызы, өзбектердің 74 пайызы бір кездегі кеңестік ортақ тарихты жақсы білетін болып шығыпты. Әрине, ең басты тақырып - Сталинге деген көзқарас. Қазақстан мен Қырғызстанда Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеген ХХ съезге деген оңды көзқарас басым болса, керісінше, Тәжікстан мен Өзбекстанда теріс көзқарас басым болған. Сталиннің жеке басына деген көзқарасқа келсек, Қазақстан тұрғындарының 35 пайызы оған жақсы қараған, 36 пайызы теріс бұрылыпты, 19 пайызы бейтарап бағыт ұстанған. Қырғыздардың 61 пайызы, өзбектердің 53 пайызы, тәжіктердің 57 пайызы жез мұрт көсемге оңды көзқарас білдірген. Зерттеушілер Орталық Азиядағы 18 бен 30 жас арасындағы жас ұрпақтың Сталинге деген көзқарасының аға ұрпақтiкінен айырмасы жоғына да назар аударған. Оған қарағанда, сталиндік кезең тарихына деген жаңа көзқарастың әлі күнге дейін жас ұрпақ санасына жаппай сіңірілмегені аңғарылады. Бұл олардың кітап пен газет оқымайтынын, тек аталары мен әжелерінен естігендерін қанағат тұтып жүргенін білдіреді. Бұған осы өлкедегі үлкенді сыйлау салты да өз әсерін тигізгені анық. Ал ресейліктердің 35 пайызы «халықтар көсеміне» оңды көзқарас білдірген және Сталиннің 130 жылдығы Ресейде ашық және кең түрде тойланған. Ресейді былай қойғанда, Тәжікстанда да коммунистер мен ардагерлер тарапынан Сталиннің 130 жылдығы дүркіретіп тойланған. Қазақстанның оңтүстігінде Ескі Иқан дейтін ауылда Сталиннің ескерткіші бар. Сол ескерткіш түбінде коммунистер мен ардагерлер бас қосып, Сталиннің 130 жылдығын атап өткен. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы бұл ауылдың аты Сталиннің ескерткішімен шыққан. Кезінде КСРО аумағында генералиссимустың екі-ақ ескерткіші сақталған-ды: оның бірі - Сталиннің туған жері Гориде, екіншісі - аталған Ескі Иқанда. Алыс түкпірдегі шағын ауылға жез мұрт көсемнің тастұғырын орнату жөніндегі идея Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын туған көрінеді. Көнекөз қарттардың айтуынша, мүсінді орнату үшін ауылдағы әр отбасы мүмкіндігіне қарай өз еріктерімен ақша жинаған. Сөйтіп, Мәскеуде тұратын бір мүсіншіге (аты-жөні ұмытылған) тапсырыс беріпті. Басында ауылда ескерткішті соғуға қажетті материалдар табылмай, барынан үзіп-жұлып құраған болыпты. Көп ұзамай соғыс басталып кетеді де, ескерткіш жайына қалады. Соғыс кезінде «Иқан» ауылдық кеңесіне қарасты «Ынтымақ» артелінің колхозшылары бұрынғысынан он есе артық астық жинап, ауыл аты Одаққа дүркірейді. Соғыстан кейін әрең есін жиған ел баяғы ескерткішті естеріне алады. Оның себебі 1936 жылы ескерткіштің жайымен Мәскеуге барған колхозшылардың ешқайсысы майданнан тірі қайтпапты. Ары