Нарманбет Орманбетұлы - Арқаның ақиық ақыны
Мазмұны
І. Кіріспе
Оқырманға арнау сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Нарманбет Орманбетұлының өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ..5.7
1.2. “Зар заман” ақынының өлеңдерінің тақырыптары, өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.14
ІІІ. Қорытынды
Ақын өмірі . үлгі.өнеге, өшпес мұра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.19
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Тарихта ашылмаған ақтандақтар болмауға тиісті” деген болатын. Олай болса, халқымыздың асылдарының ашылмаған қырларын ашып, жарыққа жарқырату-біздің, яғни тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпақтарының төл міндеті. Аумалы-төкпелі кезеңдегі көркем сөз өнеріне ғана емес, жалпы қазақтың қара өлеңіне, оның қадір-қасиетіне, таным-тағылым деңгейіне теңдесіз үлес қосқан, ел тарихын өлең-жыр тілімен кестелеуде қарымды қабілет танытып, қасірет күйін шертіп өткен шежірелі тұлғалардың бірі Арқаның ақиық ақыны-Нарманбет Орманбетұлы болатын.
Жыр жамбозы, Арқаның шашасына шаң жұқтырмас ақын Нарманбет Орманбетұлының халқымыздың тарихында,қазақ поэзиясының шоқтығын асқақтатуда қосқан үлесі, қалдырған мұралары ұшан-теңіз, салған сара жолы теңдесіз.
Асыл сөздің зергері, ғұлама, кемеңгер, көріпкел ойдың иесі, халық мақтанышы болған ақынның келешек толқын ұрпаққа қалдырған мұрасы бағасыз, құнды қазына, асыл мұра.
Баға жетпес үлгі тұтар ақын ғұмырнамасы, қапылыста жол нұсқайтын ақын шығармашылығы көкірегі ояу, көзі ашық ұрпақ санасына ұялап,тек жақсылыққа бастап, парасаттылыққа тәрбиелейді. Кезінде ақын айтқандай,
«шөлдеген ішіп, татсын тойғанға» ұласып, айналары сөзсіз.
Ақын Нарманбет Орманбетұлы 1860 жылы бұрынғы Жезқазған облысы Приозер ауданы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Саға деген жерінде дүниеге келген. Руы – Тобықты. Нарманбет 7 атасынан қолынан билік кетпеген, байлығымен емес, шешен, әділ билігімен ауызына ел қаратқан ұрпақтан тарайды. Ақынның төртінші атасы Деріпсалды – Қазақ – Қалмақ шапқыншылығы кезінде ел қорғауда ерлік көрсеткен, Абылайдан бата алған батыр адам.
Нарманбет Орманбетұлы алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған.12– 13 жасынан өлең шығара бастаған.
Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз” деп ұлы Абайдың өзі айтқандай, жақсыдан шарапат алуды өмір бойы мұрат тұтқан Нарманбеттің балалық, жастық-жігіттік кездегі шығармалары мен тоқтасқан кездегі ойшыл, өмір ағысын сабақтаудан туған дүниелерін тап басып айту, өмірлік деректерін молынан келтіру қиын іс екені ақиқат.
Табиғатында зерек, ізденімпаз Нарманбет бала күнінен бастап-ақ шешендік нақылдарға ден қойып, ел аузынан естігендерін жаттап, ұғып алатын құйма құлақ атанады.
Нарманбет жиырма жастан асқан соң ақын, алғырлығымен ел аузына ілігеді. Сол кездердің өзінде-ақ дау-шардың дұрыс-бұрыстығына елдің көзін толық жеткізу үшін нақыл сөздерді орынды жерінде дөп қолданып, тақпақтап

Пайдаланған әдебиеттер
1."Қазақ энциклопедиясы" 7 том.
2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
3. А.Н. Туғанбаев “Нарманбет Орманбетұлы.Шығармалары”, “Болашақ – Баспа” редакциялық-баспа бөлімі, 1998.

Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты КММ
Жоба тақырыбы:
“Нарманбет Орманбетұлы – Арқаның ақиық ақыны”
Орындаған: Оңғарбекова Жанаргүл
7 “А” сынып оқушысы
Жетекшісі: Махтбекова З.А.
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Балқаш 2013
Мазмұны
І. Кіріспе
Оқырманға арнау
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..4
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Нарманбет Орманбетұлының өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. 5-7
1.2. “Зар заман” ақынының өлеңдерінің тақырыптары, өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-14
ІІІ. Қорытынды
Ақын өмірі – үлгі-өнеге, өшпес
мұра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-19
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 20
Жоба жұмысының мақсаты: XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында өмір сүрген
ақиық ақын Нарманбет Орманбетұлының өмірі, шығармашылығымен етене танысу.
Міндеті: “Зар заман” ақыны Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің тақырыптық -
мазмұндық, көркемдік ерекшелігіне тоқталу, тәрбиелік мәнін анықтау.
Өзектілігі: Ақын шығармашылығын зерттеуші Нарманбеттанушылардың еңбектеріне
сүйене отырып, өміршеңдігін кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Жобаның жаңашылдығы: ақын өмірімен қазақ поэзиясының мол қорына енген асыл
сөздердің, жыр-толғаулардың өшпес мұраға, өлмес ғұмырға, сөнбес сәулеге
айналып, теңдесіз құрметке ие болуы.
Нарманбет Орманбетұлы – Арқаның ақиық ақыны
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Тарихта ашылмаған ақтандақтар болмауға
тиісті” деген болатын. Олай болса, халқымыздың асылдарының ашылмаған
қырларын ашып, жарыққа жарқырату-біздің, яғни тәуелсіз еліміздің бүгінгі
ұрпақтарының төл міндеті. Аумалы-төкпелі кезеңдегі көркем сөз өнеріне ғана
емес, жалпы қазақтың қара өлеңіне, оның қадір-қасиетіне, таным-тағылым
деңгейіне теңдесіз үлес қосқан, ел тарихын өлең-жыр тілімен кестелеуде
қарымды қабілет танытып, қасірет күйін шертіп өткен шежірелі тұлғалардың
бірі Арқаның ақиық ақыны-Нарманбет Орманбетұлы болатын.
Жыр жамбозы, Арқаның шашасына шаң жұқтырмас ақын Нарманбет
Орманбетұлының халқымыздың тарихында,қазақ поэзиясының шоқтығын асқақтатуда
қосқан үлесі, қалдырған мұралары ұшан-теңіз, салған сара жолы теңдесіз.
Асыл сөздің зергері, ғұлама, кемеңгер, көріпкел ойдың иесі, халық
мақтанышы болған ақынның келешек толқын ұрпаққа қалдырған мұрасы бағасыз,
құнды қазына, асыл мұра.
Баға жетпес үлгі тұтар ақын ғұмырнамасы, қапылыста жол нұсқайтын ақын
шығармашылығы көкірегі ояу, көзі ашық ұрпақ санасына ұялап,тек жақсылыққа
бастап, парасаттылыққа тәрбиелейді. Кезінде ақын айтқандай,
шөлдеген ішіп, татсын тойғанға ұласып, айналары сөзсіз.
Ақын Нарманбет Орманбетұлы 1860 жылы бұрынғы Жезқазған облысы Приозер
ауданы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Саға деген жерінде
дүниеге келген. Руы – Тобықты. Нарманбет 7 атасынан қолынан билік кетпеген,
байлығымен емес, шешен, әділ билігімен ауызына ел қаратқан ұрпақтан
тарайды. Ақынның төртінші атасы Деріпсалды – Қазақ – Қалмақ шапқыншылығы
кезінде ел қорғауда ерлік көрсеткен, Абылайдан бата алған батыр адам.
Нарманбет Орманбетұлы алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі
сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік
біліп, әдебиетімен таныс болған.12– 13 жасынан өлең шығара бастаған.
Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз” деп ұлы Абайдың өзі
айтқандай, жақсыдан шарапат алуды өмір бойы мұрат тұтқан Нарманбеттің
балалық, жастық-жігіттік кездегі шығармалары мен тоқтасқан кездегі ойшыл,
өмір ағысын сабақтаудан туған дүниелерін тап басып айту, өмірлік деректерін
молынан келтіру қиын іс екені ақиқат.
Табиғатында зерек, ізденімпаз Нарманбет бала күнінен бастап-ақ
шешендік нақылдарға ден қойып, ел аузынан естігендерін жаттап, ұғып алатын
құйма құлақ атанады.
Нарманбет жиырма жастан асқан соң ақын, алғырлығымен ел аузына
ілігеді. Сол кездердің өзінде-ақ дау-шардың дұрыс-бұрыстығына елдің көзін
толық жеткізу үшін нақыл сөздерді орынды жерінде дөп қолданып, тақпақтап
кететін “Тобықтының шегір көз шешен сарысы” атанады. Ел басқару ісіне
кірісіп, әкесі мен ел арасына дәнекер болады.
Қазақ халқының біртуар перзенті, алты Алаштың қамын жеген айтулы
Әлихан Бөкейхановтың інісі Смақан қарияның естелігіне жүгінсек, Нарманбет
он жеті жасында тілмаш, жиырма тоғыз жасында болыс болған екен.
Ақынның шығармашылық өнерінің шарықтау кезеңі 1900 жылдардан кейінгі
уақыт. Оның осы жылдардан бастап жазғандары бұрынғыларына қарағанда идеялық-
көркемдік жағынан, тақырыбының кеңдігі жағынан құнды да мәнді. Өйткені,
ақын осы жылдардан бастап сол ортада болып жатқан шытырман оқиғаларға
тереңдей қатысып, әр түрлі қиыншылықтарды бастан кешіреді. 1900 жылы
Қасым, Мұса атты екі өнерпаз інісі, бір жылдан соң әкесі Орманбет қайтыс
болады. Сол жылы ағайын арасының араздығы күшейіп, ел ішінде дау-тартыс
молаяды. Өз аулы қыста жұтқа ұшырап, дәулеті кемиді. Осыған байланысты “Ала
болса ағайын”, “Тілеш байға” т.б. өлеңдері туады.
XX ғасырдың бас кезіндегі Ресей мен қазақ даласында болып жатқан ірі-
ірі өзгерістер ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тақырыбына айналады.
1905-1907 жылдардағы төңкерістен кейін ояну сарынымен “Сарыарқаға қарасақ”,
“Қазақ елі біз тұрмыз”, “Жақыпқа”, “Мектеп бастығына” деген өлеңдерін
жазады. 1906 жылы Семей шаһарында өткен Мемлекеттік I Думаға депутаттыққа
кандидат ұсыну жөніндегі ұлы жиынға қатысады. Осы жылдардан бастап қазақ
ауылдарының қоныстан айырылуы жайында “Сарыарқа”, “Жойқын құлан жосиды”,
“Шал қайғысы”, “Ауыл қайғысы”, “Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер” т.б.
өлеңдерімен бірге отарлаудың жергілікті жердегі қара шоқпары – пристав пен
оның төңірегіндегілердің екіжүзділігін, парақорлығын әшкерелейтін “Кер
заман” дейтін сатиралық поэмасы дүниеге келеді.
Өздігінен талаптанып көп ізденудің арқасында озық ойлы орыс
жазушыларының шығармаларын еркін оқитын, оқығанын талдай отырып көңілге
тоқитындай дәрежеге көтеріледі. Кейінде, олқын-толқын жылдары ұран
есебінде жазылған өлеңінде:
Пушкин менен Лермонтов
Біздей ақын емес пе?
Ақын болған адамдар
Жұрттың қамын жемес пе?
Әдебиеттен қалыспай
Бізде нұсқа салайық, - деуі Пушкин мен Лермонтов шығармаларымен жете
танысып, олардың рухынан нәр алғандығын дәлелдесе керек.
Ақын өмірінің соңғы бір жарым жылдай уақытын Қарқаралыда өткізеді.
1917-1918 жылдары уездік соттың төрағасы міндетін атқарған. 1917 жылы
ақпан төңкерісінен кейін Қарқарылада құрылған уездік комитеттің құрамына
еніп, іле-шала осы комитеттің төрағасы Ақбайұлы Жақып, вицетөрағасы және
төралқасы болып Нарманбет сайланады. Осы екі қызметті қатар атқарған ақын
1918 жылдың 2 ақпанында Қарқаралыда Совдеп құлаған соң өз аулына оралады.
“Нарманбет 1918 жылы Қарқаралы уезінің сот ағасы қызметін атқарады”.
Ел сүйіспеншілігіне бөлене білген Нарманбет ел ағасы, ақын ретінде
халық тұрмысынан, оның басындағы қуанышты-күйінішті жайлардан әсте
алшақтамайды. Халқымен бірге болып, оның жоғын жоқтасты. Өмір шындығын өз
туындысына арқау еткенін М. Әуезовтың: “...Абайдың алдындағы адамдар деп
Шортанбай, Алтынсарин, Мәшһүр-Жүсіп, Нарманбеттерді алу керек. Бұл
адамдардың кейбірінің Абайдан жас болғандығын есеп қылуға болмайды. Бәрінің
жазған сөздеріндегі бетті, белгілі сарынды есепке алу керек. Ол дәуірдің
ақындары жазба әдебиеттің басы екені даусыз”, - деген пікірі толықтыра
түсіп, Нарманбеттің т.б. аттары аталған адамдардың әдебиет тарихын кезеңге,
дәуірге бөлудегі алатын орнын аңғартқандай. Сондықтан да болар оның
шығармашылық жолынан XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ
халқының саяси-экономикалық кейіпі мен әрқилы әлеуметтік шындығы анық
көрінеді.
Өткен ғасырдың аяғы-осы ғасырдың басындағы аласапыран, аумалы-төкпелі
кезіндегі көркем сөз өнеріне ғана емес, жалпы қазақтың қара өлеңіне, оның
қадір-қасиетіне, таным-тағылым деңгейіне өлшеусіз үлес қосқан; тар
заманалардағы талайлы тағдыр-тарихымызды өлең-жыр тілімен кестелеуде

бірі-Арқадан шыққан арқалы ақын Нарманбет Орманбетұлы екендігі белгілі.
Халқының келешегі үшін “Жабыменен жарысып, надандармен алысып” өткен
ұлы ақынның артында қалған мұрасы көп уақыт бойы тұтқындалып, есімі ел
жадынан шыға бастады. Оған екі түрлі жағдай себепкер. Біріншісі-
жазбаларының көзі тірісінде екі рет қолды болып, ізім-қайым жоғалып кетуі
болса, екіншісі-
Дүние-ай, базарыңда арзан нарқым,
Болса да арзан нарқым, қымбат даңқым.
Қадір жоқ тіршілікте Нарманбетте,
Өлген соң әттеген-ай дерсің, халқым, - деп өзі айтқандай, ақынның
дүниеден өтер кезеңінің алмағайып заманаларға тұспа-тұс келуі, кейіннен
сталиндік қысым, қудалау арқылы халықты тарихи есінен айырып, мәңгүрттік
күйге түсіру мақсатында әдейі ойластырылып жасалған саясаттың Нарманбет
мұраларына қырсығының тиюі еді.
“Өзімді алма, сөзімді ал”, - деген Абай,
Алмаса да сөз жазды-ау талай-талай.
Ағаты болса ғафуын өтінемін,
“Сен соның інісі едің, - деме, пәле-ай”, - деп ақындық жолдағы
дәрісін Абай мектебінен бастаған Нарманбеттің бүтіндей шығармашылық өнерін
сөз еткенде, оның жеткен жетістігі мен ақындық өлшемінің айқындаушысы болып
саналатын еңбектері өзі айтқандай, ұстазы мұраларымен сабақтас, тақырыптас,
идеялас кей жағдайларда іштей қабысып жататынын аңғаруға болады. Осы
екі алыптың еңбектерін салыстыра қарасақ, бірінде айтылмай қалған ой
мен өрнек табудағы ізденістерінің екіншісінде толыға түсіп, нәрлілігі
мен құндылығының жаңаша сипатқа ауысқанына көз жеткізе алар едік.
Тіпті осы мектептен тағылым алғандардың көбісі ортақ тақырыпты
өздерінше жырлап, сырттай сөз сайысына түсіп отырғанына да куәгер бола
алады екенбіз. Мысалы, Шәкәрімнің “Талап пен ақыл” деген өлеңінде:
Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық,
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің тізгінін соға ұстаттық.
Ынсап деген аспайды, кем қалмайды,
Орын таппай ол сірә қозғалмайды.
Рақым жақсы көреді аяғанды,
Адамға қаттылықты ойға алмайды.
Ар демек-адамшылық намыс деген,
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емес күншіл болып алыс деген, - деп ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр,
сақтық жайлы анықтамалар беріп, оларға ой мен талапты қосып сегіз етіп
баяндаса, Нарманбет осы жайларды:
Әдеп, ұят, ар, намыс, сабыр, сақтық,
Қанағат, рақым, шапағат, адал-әктік.
Шындықпенен бірге өсіп, біте қайнар,
Осы он бірге ат қойып, айдар тақтық.
Өсек, өтірік, мақтан, қайырсыз бай,
Парақор бидің басына бөшке жаптық.
Соңғы бесеу әр жерден кездеседі,
Айдар таққан он бірді қайдан таптық? – деп өзінше кестелейді. Адамдық
пен надандықтың осы қасиеттерін саралай көрсету арқылы ақын атақты “он
бірді” салыстырмалы түрде “соңғы бесеуге” қарсы қояды. Адамдық қасиеттердің
пенде бойына орнығуын қарастырғандай болып ой түйеді. Осы сияқты басқа да
өлеңдерінде ақын ой толғамдарын үлкен тебіреністерге, философиялық
тұжырымдарға құра отырып, әр кез имандылықты ту етіп көтереді.
“Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз” деп ұлы Абайдың өзі

Өлең-сөзге жастайынан құмарта құлаған ақын Қарқаралыға Абайдың
келгенің естіп, тілдесіп сөз үйренуді ниет қылады. Оның жатқан үйіне іздеп
келіп сәлем береді. Танысудың есебін таппаған Нарманбет: “Тобықты
Орманбеттің баласы едім, Сізге сәлем бергелі келдім. Шахатым таусылып қалып
еді”, - дейді жорта. Сонда Абай: “Баймын-қайыр-сақауытым жоқ, батырмын –
мейір-шапағатым жоқ, молдамын-тағатғибадатым жоқ”, - депті. Сонда Нарманбет
іле, қолма-қол: “Бар болып қайыр-сақауатыңыз жоқ болса, қарын ағаңыздан
алған ғибратыңыз болар, батыр болып мейір-шапағатыңыз жоқ болса,
Ғазірейілден алған һәбіретіңіз болар, молда болып тағат ғибадатыңыз жоқ
болса, Әзірейілден алған үлгіңіз болар” депті.
Осы аз ғана тіл қайырысудан кейін Абай Нарманбеттің тапқырлығына
сүйсініп, қасына отырғызыпты.
Осы таныстық Нарманбеттің Абай мектебінен тағылым алуына, оның жолын
қуып, “сырты-күміс, іші-алтын сөз жақсысын” талмай іздеп өтуіне түпкілікті
қозғау салады.
Нарманбет шығармашылығына тұңғыш ғалым ретінде бағасын берген Мұхтар
Әуезов болатын. Ғалым Н.Орманбетұлының шығармашылығын зерттеу ісіне баса
назар аударуының өзіндік себептері бар. Біріншіден Нарманбет Абайдың
ақындық мектебі шәкірттерінің бірі болса, екіншіден, қазақ әдебиетіндегі
зар заман ағымының соңғы буынына жатады, әрі соңғы өкілі болып есептеледі
. Нарманбет өлеңдерін Абай үлгісімен жазып, тіпті Абайдың ойындағы
пәлсафалық сарын, ізгі ниетті ойлар, даналық сөздер Абай өлеңдерінің ізімен
ұқсас. Ойлануы бір, жазуы бөлек жырларды тіпті кім жазғаның айырудың өзі
бөлек. Кейбір жырларын Абай сөзімен бастап, ары қарай терең философиялық
түйіндеу жасап, оны көркем, бейнелі сөзбен жазып, шығарған туындылары
қаншама. Нарманбет Абайша ел ағасы ретінде халық тұрмысын, оның басындағы
қиыншылықты жазып, халқымен бірге жоғын жоқтаған ақын. Өмір шыңдығын өз
туындысына арқау еткенін М.Әуезовтың: ...Абайдың алдындағы адамдар деп

ақындары жазба әдебиеттің басы екені даусыз,-деген пікірі толықтыра түсіп,
Нарманбеттің т.б. аттары аталған адамдардың әдебиет тарихын кезеңге,
дәуірге бөлудегі алатын орнын аңғартқандай. Ал Профессор Б. Кенжебаев 1958
жылы жарық көрген қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демокрит ақын-
жазушылары деген кітабында Нарманбет Орманбетұлының өмірі, ақындығы жайлы
қысқаша мағлұмат бере келіп, Нарманбеттің орыстың классик жазушыларының
және Абайдың шығармаларымен таныс болғандығын келтірген Нарманбет даму
тарихын күрделі келбетін жырлаған ақын ретінде сыншыл реалист ретінде
Абайдан үлгі алуы бірден-бір айғақ. Ғалым Әбдіғалиев айтқандай:
Нарманбеттің көпке мәлім, алғашқы өлеңі 14 жасындағы жазылған. Әйтсе де
оның шынайы ақындық өнер жолына түсуі тікелей Абай поэзиясымен жақын
танысқан сексенінші жылдардан басталса керек. Ендігі жерде Абай өлеңі
Нарманбет үшін бағыт-бағдар берер темір қазыққа айналды деп жазады. Ақын
Абайдан сыншыл реализм әдістерін үйреніп, оны жақсы меңгере білді. Ол өз
шығармасына арқау етіп алған оқиғаларын кеңейтіп, әр қырынан аша білуге қол
жеткізді. Нарманбеттің ел билеушілерін әшкерлеуін, жан әлемі қатты
күйзелгенін мына жолдан да анық айғарамыз:
Аждаһаның аузында,
Айырылып қалдық қоныстан.
Бекіліп мизам шықпай тұр,
Әлі бізге Орыстан.
Әділеттік азайды-
Би, старшын болыстан.
Ел ішінде азғында,
Төр тимеген құзғындар,
Партия жасап жұлысқан ,-
деп патша ұлығымен қоса, партия жасап ел бірлігін бұзған шен құмар
болыстарды, старшындарды сынайды. Жалпы Шен құмар болыс, би, старшын, тағы
басқа жергілікті әкімдерді сынау, мінеу, келеке ету Нарманбет
шығармаларының жарқын бір көрінісі. Бұл ретте ақын Абайдың жергілікті
әкімдерді өлтіре сынайтын көркемдік тәсілдерін сәтті қолданады.
Нарманбеттің Абайша қоғамдағы әділетсіздікті батыл сынауы, оны түзетбек
болып күресуі, жақсыдан үйреніп, жаманнан безнуі қазақтың жаман кертартпа,
келеңсіз қылықтарын баса айтып, құтқарудың жолы оқу білім, -деп Абайша
ағартушылық жолды іздейді.
Оқудың нұры сәулесі түспеген соң,
Көңілінде біздің жұрттың қара жатыр,-
деп барлық кеселдің түп-тамыры надандықта дейді, сол надандық апарар жолы
қашанда жақсылық емес екендігін, Абай ізімен түйіндеуі осыған хақ. Абайда
заманында надандық, қараңғылық атаулымен өмірі күресіп өткені, сол жолда
көптеген кара сөздер мен өлеңдерін жазып кетті. Абайдың ағартушылық идеясын
одан әрі жалғастырып, өлеңдеріне арқау еткен Нарманбет ақын Қазақ елі біз
тұрмыз деген өлеңінде тағы да пысықтап өтеді:
Қазақ елі біз тұрмыз,
Үлгі өнерден құр тұрмыз.
Сауында бар, санда жоқ,
Надандықты емдеткен,
Қисық жолды жөндеткен,
Тым болмаса қам да жоқ.
Артта қалған өрнек жоқ,
Көрге барса ермек жоқ,
Жарық сәуле шам да жоқ,
Азбандай буға ілестік,
Бұқадай суға сірестік,
Қызық түгіл шаң да жоқ ,-
деп жалпы қазақтың мәдениетке талпынудан артта, қараңғы қалып бара
жатқанына қатты күйінеді. Сонымен бірге тағы да оқу-өнер жолына үндейді. Ол
Абай айтқан Қалың елін, қазағын, қайран жұртын жанымен сүйді, оның жарқын
келешегі – жастарына үмітпен қарады. Жастардың келешегіне үмітпен қарағанын
Жастарға деген өлеңі арқылы аңғартады. Аталған өлеңде жастарға ескерту
жасап, ақыл айтады. Оларға ұран тастап, оқу-өнерге шақырады.
Ақынның ел ішіндегі зорлық-зомбылықты, әділетсіздікті, теңсіздікті
көріп, болыс, билік құмарларды сынға алғаны Абайдай демократтық қөзқарасыда
дау тудырмайды. Бірақ Нарманбет өз дәуірінің тиісті бағасын алды, тіпті
Нарманбетке көптеген ғалымдар еңбектерде жазды. Солардың бірі алматылық
Балтабай Әбдіғазиев, жерлесіміз Азат Бабашев, кезіндегі журналист ғалым
Рамазан Сағымбекұлы, Ақтоғайлық жоғары дәрежелі мұғалім, Нарманбеттанушы
Аманкелді Туғанбаев Нарманбеттің ақындығы жайлы тың мәліметтер мен
материалдар, зерттеулер ұсынды. Рамазан Сағымбекұлы Қайта жанған жұлдыз
атты көлемді мақаласында тың, тарихи мәліметтерді молынан келтірген. Автор
ақынның әдебиет тарихындағы орнын Шәкәріммен теңестіріп, Абайдан кейінгі
кезеңнің Абайы, сол Абайды өзінен де көп реттерде аласара бермейтін арқалы
да ақиық ақын деп дұрыс баға береді.

Ақынның ел аузында сақталған 4000 жолдай өлеңі бар.
1939 жылы ғалым Е. Ысмайылов Мақсұт пен Тұрғанбктің жинағы негізінде
алғысөз жазып, “Нарманбеттің өлеңдері” деген атпен таңдамалысын шығарды.
Осы ғалымның ақын жайлы жазған қысқаша талдауы 1941 жылы орта мектептің 9
класына арналған әдебиеттік оқу кітабына еніп, шамалы өлеңдері
хрестоматияға басылды. Одан бұрын, 1926 жылы “Жиырма үш толғау” деген
жинаққа “Орманбеттің жоқтауы” еніп, “Сарыарқа сайран жерім-ай” деген өлеңі
сол кездегі мерзімді баспасөздерге берілді. 1966 жылы Алматыда басылған
ақындар айтысының үш томдығының екінші кітабына Жуасбай ақынмен айтысы
шықты. 1978 жылы Ленинградта шыққан “Поэты Казахстана” атты антологиялық
жинақта біраз өлеңдері орыс тіліне аударылып басылды.
Профессор Б. Кенжебаев 1958 жылы жарық көрген “Қазақ халқының XX
ғасыр басындағы демократ ақын-жазушылары” деген кітабында Нарманбет
Орманбетұлының өмірі, ақындығы жайлы қысқаша мағлұмат бере келіп, “Ұлы
Октябрь революциясынан бұрынғы қазақтың оқығандарының ішінен кітап
шығарып, баспасөз бетінде өлең-жыр, мақала жазып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz