Валюталық жүйе және оның даму кезеңдері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1. Валюта мәні және құрылымы . . . 9

2. Валюталық жүйе және оның даму кезеңдері . . . 15

3. Халықаралық валюталық нарықтар және валюталық жүйелер . . . 25

4. ХВҚ және Қазақстанның халықаралық валюталық қатынастарда алатын орны . . . 36

5. Әлемдік шарушылық нарығындағы валюта жүйесі . . . 41

Қорытынды . . . 48

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 52


Кіріспе

Валюталық - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері "вексель жәрменкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Валюталық жүйелер материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды.

Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т. б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік; психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т. б.

Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.

Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.

Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму траекториясына шыға алады.

Мұнан кейінгі бес жыл ішінде теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын сақтау көзделеді, ол құнсызданудың ел ішіндегі және шетелдегі инфляция деңгейінің өзгеруіне барабар болуын көздейді, мұның өзі Қазақстан тауарларының сыртқы нарықтағы баға бәсекесіне қабілеттілігінің сақталуына және сол арқылы қалыптасып келе жатқан қолайлы экономикалық позицияның нығаюына және Қазақстанның болашақта табысты дамуы үшін алғышарттар жасауға ықпал етеді.

Осы валюталық режимді сақтау өндірістің және әлбетте экспорттың шикізаттық бағытының жойылмауынан туындап отыр, яғни шикізатқа әлемдік бағаның өзгеруіне қарай ел экономикасының жоғары осалдығы сақталады. Бұған қоса, елдің сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі жоғары, сондықтан экономиканың дамуы Ресейдегі ахуалға тәуелді болады.


1. Валюта мәні және құрылымы

XX ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.

Валюталық қатынастар дегеніміз - дәстүрлі ақша қызметінің дуниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жузеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.

Валюталық қатынастар ұлттық және сыртқы деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы) .

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

  • Ұлттық валюта бірлігі; ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
  • Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі; валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты) ;

- валюталық шектеулердің деңгейі;

- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жузеге асыру тәртібі және т. б.

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.

Валютаның курсы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының „бағасы".

„Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.

Салықаралық валюта жуйесі дүниежузілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бүл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.

Сыртқы валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры; халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;

- валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;

  • валюталардың өзара айырбасталу жағдайы; халықаралық есептеулердің нысандары; халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп; сыртқы экономикалық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықаралық валюта қоры - МВФ, Халықаралық даму банкі - МБРР және т. б. )

Сыртқы экономикалық валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

(1-кесте) .

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүние-жүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады (1. 01. 1991 ж. жағдай бойынша) : АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

  • "еркін пайдаланылатын валюта", яғни халықаралықесеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
  • валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
  • валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.


2. Валюталық жүйе және оның даму кезеңдері

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.

Валютаның курсы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасьгаың „бағасы".

Паритет- валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бұл жуйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
  • халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің қура-мы мен құрылымы; валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
  • валюталардың өзара айырбасталу жағдайы; халықаралық есептеулердің нысандары;
  • халықаралық валюта рыноктары мен дүниежузілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп; халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеушіұйымдар (Халықаралық валюта қоры - МВФГХалықаралық даму банкі - МБРР және т. Б.

Халықаралық Валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе г керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.

Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрменкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заң-дық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы эконо-микалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықгалады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте) .

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүние-жүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады (1. 01. 1991 ж. жағдай бойынша) : АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезендері

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен занды түрде рәсімделді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т. б. ) . Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында I және II) Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.

Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54, 6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші жүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса - ауыр валюта - экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемонна (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде яғни "долларлық аштықта" көрініс тапты.

Бреттон - Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Әлемдік валюталық жүйенің даму кезеңдері
Қазақстан Республикасында ұлттық валюта жүйесі
Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта жүйесінің даму кезеңдері
Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері
Халықаралық валюталық жүйенің экономикалық мәні және қызметтері
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Валюта туралы жалпы түсінік
Ресей Халықаралық валюта қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz