Газ шаруашылығындағы құрылыста қолданылатын материалдарының түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . бет
I. Техника .технологиялық бөлім
І.1. Болат газ құбырларына техникалық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.2. Дәнекерлеу материалдарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.3. Оқшаулау материалдарының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.4. Пластмасса материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Есептеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
IV. Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Құрылыс материалдарын ғимараттарды салу мен жөңдеуде пайдаланатын табиғи және жасанды материалдармен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
1. Табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
2. Органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.);
3. Бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
4. Жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
5. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
6. Металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
7. Синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).
Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланы-лады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

1.Шурайц А.Л., Карчин В.Ю., Вольнов Ю.Н. "Полимерлік материал газ құбыры" Саратов: баспа "Волга - ХХΙ ғасыр" 2007 ж.
2. Карчин В.Ю., Бухин В.Е., Вольнов Ю.Н. "Полиэтилен газды желі": Саратов:Приволж.кітапты баспа, 2003 ж.
3.Матковски А., Будзински З. "Қазіргі газ желісіреттегішінің жобасы жәнеқұрылысы //Полимергаз. 2004 . № 3
4.Стриковский Л.Л. "Металлопластик құбыры және өндірістік ұлттық өзгешеліктер// Полимергаз 2004 г. № 1
5.Гардюхин А.И. "Газ желісі және устовки" -Москва, Құрылыс баспасы, 1975 ж.
6. Газ шаруашылығындағы Қауіпсіздік ережелері. Алматы, 1993 ж.
7.Ионин А.А. "Газбен қамтамасыз ету", -Москва,Құрылыс баспасы, 1984 ж.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Құрылыс материалдарын ғимараттарды салу мен жөңдеуде пайдаланатын табиғи және жасанды материалдармен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
1. Табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
2. Органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.);
3. Бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
4. Жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
5. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
6. Металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
7. Синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).
Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланы-лады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі - цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетон-дар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары: құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі - металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық "золокерам" материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазіргі құрылыста көптеген ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі материалдар кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын құрылыс материалдары шикізат және конструктивті бөлшектер болды. Негізгі құрылыс материалдары өнім ретінде: орманды, табиғи тастар, жасанды тастар ( керамикалық ), пластмассалар, дәнекерлеу, оқшаулау және т.б. Құрылыс материалдары олардың құрамы әр түрлі және әр қайсысы әр түрлі мақсатта қолданылады.

I.ТЕХНИКА- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
І.1. Болат газ құбырларына техникалық сипаттама
Темір құбырларды газ құрылысында берік пісірілген темірден, СНиП ІІ 37-76 стандартына сәйкес жасалады. Газ құбырының құрамында қосымша 0,027% - көміртегі, 0,005% - күкірт және 0,004% фосфорды құрайды. Жер асты және жер үсті газ құбырларын жоғары қысыммен Ст 2, Ст 3, Ст 4, категориямен жасалады. Газ құбырларының номинал диаметрі 6-1200мм. Ал құбыр қабырғасының қалыңдығы 2мм-ден аспайды. Жер асты газ құбыры қабырғасының қалыңдығы 3мм. Алыс қашықтықта тасымалдауда темір газ құбырларын пісіру арқылы қосады. Ғимарат ішінде резба арқылы жалғайды, жер асты газ құбырларында өшіріп, қосу орындалатын жерлерде фланец арқылы жалғанады.
Темір газ құбырларын жалғау
Газ құбырларын жалғау күрделі жұмыс. Жұмыстың басында үлкен дайындық жүргізеді.
1. Байланысу торабының схемасын құру.
2. Өндірістік жұмыстардың жоспарын құру, жалғаудың әдісін таңдау, газ құбырын қажетті қысыммен қамтамасыз ету.
3. Қажетті көлемдегі материалдарды, бұйымдарды дайындау. Құбырды жасап шығарғанда оны беріктікке есептеген соң орнатылған объекті басында газ құбырларын кесу алдында ауа айдап 20кгсм2 қысыммен бақылау тексерісін жүргізеді. Бұл уақытта құбырдағы ауаның қысымы 0,01кгсм2 төменделуі керек және 1 сағат тексереміз. Бақылау жүргізіп болған соң жалғанушы құбырлардың крандары мен ысырмаларын жабамыз.
Сонымен қатар құбыр бойындағы ауа аралас газды атмосфераға жібере алатын жерді және газдың қысымын төмендететін түтікті құбыр бойына орнатуға ыңғайлы орын таңдаймыз. Газ құбырын жалғаудың кең тараған түрлері:
1. Таңбалы
2. Телескопиялық
3. Тік қойылған
Магистральдық газ құбыры деп - газды өндіру аудандарынан қалалармен өнеркәсіптік мекемелердің тұтыну орындарындағы газ бөлгіш станцияларына (Г.Б.С) дейін тасымалдайтын құбырларды айтамыз. Жұмыстық қысымға байланысты магистральдық құбырлардың 3 класы қалыптасқан:
1. Жоғарғы қысымдағы (жұмыстық қысымы 2,5 мПа-дан жоғары)
2. Орта қысымдағы (жұмыстық қысымы 1,2 мПа - 2,5 мПа-ға дейін)
3. Төменгі қысымдағы (жұмыстық қысым 1,2 мПа-дан төмен болатын қысым)
Қазіргі кезде магистральді құбыры негізінен диаметрлерін жылына 1200 және 1400мм, қысымын 7,5 мПа дейін етіп салады. Магистральды газ құбырлары магистральды мұнай құбырларына ұқсас. Магистральдік газ құбырының 1 ерекшелігі айдау аймағындада барлық ұзындықта диаметрі бірдей болатын құбыр станцияларының аралығында айтарлықтай қысымды ұстап тұруы. Мысалы: мұнай құбырында мұнайдың бастапқы қысымы сорғы станциясында 5 мПа-ға тең болса, айдаудың оңтайлы параметрлеріне сейкес келеді. Газ құбырларға газды бермес бұрын оны тұтынушыға тасымалдауды қиындататын немесе улы болуынан қолдануға қауіпті ететін қоспалардан тазартылады.

I.2. Дәнекерлеу материалдарының түрлері

Дәнекерлеу - қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру. Дәнекерлеу пісірудің бір түріне жатады, бірақ пісірулерден айырмашылығы бар. Негізгі айырма-шылығы қосылатын металл жиектері балқытылмайды, дәнекердің балқу температурасы негізгі металл балқу температурасынан төмен болып алынады. Атомдар аралық байланыспен қатар адгезиялық байланыс қалыптасады. Дәнекерлі қосылыстың беріктігі пісірілген қосылыстан төмен болады.
Пісіру жабдықтары
Пісіру трансформаторлары бәсеңдетуші болып табылады және жеткізуші электр желілерінің (аса жоғары) бір кернеуінің айнымалы тоғын сағат жиіліктегі (біршама төмен) басқа кернеудегі айнымалы тоққа түрлендіреді және пісіру доғасын қоректендіруге жұмсалады. Бұдан басқа, олар пісіру режимінің талаптарына байланысты тоқтың күшін реттеуді жүзеге асырады. Пісіру трансформаторы қалыңдығы 0,5мм электр-техникалық болат тілімдерінен жиналған, тұйықталған магнит өткізгіштің бекітілген корпустан тұрады, магнит өткізгіштің өзегінде бастапқы және туынды орамдар орналасқан. Орамдардың әрқайсысы өзектің бүйір стерженінде орналасқан екі шарғыдан жасалған: олардың қосылысы жүйелі немесе бағыттас болуы мүмкін. Бастапқы және туынды орамдардың арасында индуктивті байланыс болады. Орамдарының саны көп бастапқы орамдар бойынша 220 немесе 330В кернеумен желілерден айнымалы тоқты өткізу үшін, трансформатордың өзегінде айнымалы магниттік ағын жасалады, ол орамдарының саны аз туынды орамдармен әсерлесе отырып, онда сол жиіліктегі, бірақ аз кернеулі және көп күшті айнымалы тоқты индукциялайды. Доғаларды дұрыс жағу үшін пісіру трансформаторының туынды кернеуі әдетте 60В-тан аз емес 80В-тан көп емес болады. Бастапқы орамдардың шорғылары жылжымайтындай бекітіледі және айнымалы тоқтың желілеріне қосылады. Туынды орамдардың шоғырлары өзек бойымен жылжиды да, олардан пісіру тоқ доғаға бастапқы және туынды орамдар арасындағы қашықтық өзгеруімен жүргізіледі. Реттелу екінші орамның шоғырларымен қатаң байланысқан бұрамамен, гайка және бұрандамен жүзеге асырылады. Тұтқаны айналдыру мен бұраманың айналу бағытына байланысты туынды орамдарды жоғарғы немесе төмен жылжытуға болады. Туынды орамдардың бастапқы орамдарға жақындауы кезінде пісіру тоғы артады, орамдарды алып тастау кезінде - азаяды. Бастапқы және туынды орамдардың шоғырларының жүйелі немесе бағыттас қосылысы тоқтың күшін реттеудің екі диапазоның алуға мүмкіндік береді, тоқ күштерінің диапазондарын корпустың қақпағын шығарылған арнаулы тұтқаның көмегімен ауыстырып қосады.
Пісіру түзеткіштері пісіру доғасын қоректендіруге арналған, олар айнымалы тоқтың тұрақты тоққа түрлендіру үшін қызмет етеді. Осы мақсатпен түзеткіштерде жартылай пайдаланылады. Пісіру түзеткіші қорғалмалы шорғыны бәсеңдетуші үш фазалы трансформатордан, желдеткіші бар түзеткіш блоктан, жалпы корпусқа орналасқан реттеуші және қорғаныс аппараттарынан тұрады.
Бәсеңдетуші үш фазалы трансформатор желімдердің кернеуін қажетті жұмыс кернеуіне дейін төмендетеді, сондай-ақ бастапқы орамдардың арасындағы ара қашықтық өзгеруі мен пісіру тоғын реттейді. Түзеткіште пісіру тоғын реттеудің екі диапазоны болады.
Түзетілген тоқпен пісіру түзу және кері қарама-қарсылықта жүргізілуі мүмкін. Түзу қарама-қарсылық жағдайына бөлшек көздің + қысқашында, ал электрод көздің - қысқашына қосылады, кері қарама-қарсылық жағдайында керісінше қосылады.
Пісіру түрлендіргіші. Тұрақты тоқты пісіру түрлендіргіші немесе агрегаттар түрінде шығарылатын, коллекторлы машиналық генераторлардың көмегімен алады. Пісіру түрлендіргіші әдетте жалпы корпус пен жалпы білікте орналасқан, тұрақты тоқ генераторы мен айнымалы тоқтың электроқозғалтқыштан тұрады. Электр қозғалтқыш айнымалы тоқтың энергиясын механикалық энергияға, ал пісіру генераторы механикалық энергияны пісіру доғасын қоректендіруші электрлі тұрақты тоққа түрлендіреді. Агрегаттарда іштен жану қозғалтқыштарын пайдаланады. Пісіру генераторы магнит полюсті статордан және орамды ротордан тұрады, каллектор арқылы тұрақты токқа түрленеді де пісіру тізбегіне бағытталады. Пісіру тоғының күші статорды қоздырушы орамға қосылған реостатпен реттелді. Пісіру түрлендіргіштері мен агрегаттар әр түрлі сызбалармен құралады.
Электродтардың ұзындығы 225, 250, 350, 400 - 450мм болады. Қалыңдығы 1,6-дан 12мм-ге дейін болады. Газ құбырларында дәнекерлеу жұмысы кезінде электродтардың 350-450мм түрі қолданылады. Электродтардың жұқа қаптамалары қазіргі кезде шығарылмайды.

Доғалы пісірулерге арналған электродтар

Балқитын
Балқымайтын

Иондатылған қабы бар
Қалың (сапас) қапталған
Ішінде түтікті ұнтағы бар
Сырты қапталмаған эектродты сым
графитті
вольфрамды
көпірлі


болаттан
Түсті металдардан
шойыннан





I.3. Оқшаулау материалдарының жіктелуі
Газ құбырларын оқшаулау.
Жер асты газ құбырларын дат басудан қорғаудың 2 әдісі бар. Олар активті және классивті. Газ құбырларды оқшаулаудан және газ құбырларда электро тоқтары арқылы қорғауға болады. Оны қорғау үшін қарсы оқшаулау материалдардан қорғау дайындалады. Оған битум және битумды резиналы оқшаулау әр түрлі классификациядан жасалады. Жердің материялды дат басу жағынан тікелей қатысы зор.
Оқшаулау жұмыстары
Болат газ құбырлары өзінің диаметрінің үлкендігіне байланысты шаруашылықта кең қолданыс тапты. Бірақ олардың кемшілігі: карозияға төзімсіз.
Жер асты газ құбырларын химиялық және электр химиялық оқшаулаудан қорғау үшін оқшаулау жұмыстарын жүргізеді.
Оқшаулау жұмыстарын әртүрлі мақсатта қолданылады сондықтан оларды жұмыс принципіне қарай 3-ке бөледі.
Құрылыс орның және оның элементтерін судан қорғау үшін гидро оқшаулауыш жұмыстар жүргізіледі. Ғимараттарда температураны тұрақты ұстауға жылжыту агрегаттарында жылу оқшаулағыш жұмыстар жүргізіледі.
Металдан жасалған бұйымдар әртүрлі оқшаулаудан қорғау үшін оқшаулауға қарсы оқшаулау жүргізеді.
Оқшаулау бетумның және бетумді резиналы құрамымен жер беті және жер асты құбырларды сипатына қарай қорғау жұмыстары жүргізіледі. Оқшаулаумен жабу мықтылығын жақсарту үшін бризол, цедризол қоспаларын қосып қорғау, күннің сәулесіне және смоланы ағып кету кедергі ететіндей қарама қарсы крафт қағазын қолданамыз. Оқшаулаудың сапасын тексеру келесі түрде жасалады:
1. Құбыр сыртын көру
2. Құбырдың қалыңдығын тексеру
3. Оны 100м сайын тексеру.
Егер оқшаулау оңай кесіп алынса, оқшаулаудың сапасы төмен болғаны деп саналады. Ол егер қиын кесілсе керісінше сапасы мықты болғаны.
Оқшаулаудың үш түрлі типте болады: орташа, жоғарғы және өте жоғары. Газ құбырын оқшаулауға қарсы қарсы оқшаулау гость 9.015-74 снип II-37-76 жүйесінде жоспарланып жүргізіледі. Көп жағдайда қалаларда халық тығыз орналасқан пунктерде құбырларды жоғары типпен оқшауланады. Ол механикалық берік, құрылыста тұрақты пайдалануда тиімді болу керек. Сонымен қатар металға берік бекітіліп биологиялық жағдайларға берік және бұзылуына қарсы төтеп беруге ыңғайлы болу керек.
Оқшаулау жұмыстарының жүргізу
1.Құбырды тазалап аламыз, яғни тоттан қысқы уақытта қармен мұздан, содан соң брунтовка жүргізіледі. Брунтовка міндетті түрде құбырлардың бірінші қабаты болады. Базалық жағдайда мынадай жуу жұмыстары жүргізіледі: механикалық - метал айналмалы щеткалардың көмегімен, химиялық - қышқылдық қоспасы бар сұйықтық көмегімен жүргізіледі. 500-600мм диаметрлі құбырларды жууда цилиндрлі щеткасы бар машиналармн орындалады.
Қағаз материалдары құбырдың сыртқы бөлігіне қолданылады. Ол құбырды механикалық ақаудан, монтаждық жұмыс кезінде құбырды тасымалдағанда және ыстық күндері қорғайды. Құрылыс кезінде қағаздың ГОСТ 2228-75 және ГОСТ 8273-75 маркілері қолданылады.

І.4. Пластмасса материалдары
Пластмассалар, пластикалық материалдар -- құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-фармальдегидті Пластмассалар, поливинилхлоридті Пластмассалар, т. б. аталуы да Пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа Пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.
Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
полимерлену өнімдері Пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі Пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі Пластмассалар Сонымен қатар термопластик. және термореактивті Пластмассалар болады.
Термопластикалық Пластмассалар қыздырғанда пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады. Термореактивті Пластмассалар жылу әсерінен алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер (эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады. Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны тәрізді, сол қалпын терм. деструкция басталғанға дейін сақтайды. Олар 100 -- 500oС аралығындағы температурада өзгеріске ұшырамайды. Пластмассалар электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен қолданылады. Пластмассалар өндіру зауыттары Қазақстанда Маңғыстау, Атырау облыстарында бар.
Пластмассалар деп жоғары молекулалық органикалық заттар -
полимерлердің негізінде алынған материалдарды айтады. Полимерлерді көбінесе шайырлар деп атайды. Пластмассалардың негізгі ерекшеліктерінің 6ipi - олардың қыздыру кезіндегі пластикалық күйге өту және қысым астында алынған қалпын сақтай отырып, бұйым болып қалыптасу мүмкіндігі.
Пластмассалар, олардың бағалы физикалық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Керамикалық кірпішті жартылай – құрғақ әдіспен дайындау
Термиялық өңдеу әдістемесі
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Цемент өнеркәсбі ауыр өнеркәсіптің бір бөлігі
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Битум және полимерлер
Құрылыс материалдары пәнінінен оқу құралы
Полимерлік байланыстырғыш материалдар
Жылуоқшаулағыш материалдар өндірісі
Мұнай мен газдың пайда болу тарихы және физикалық қасиеті
Пәндер