Компьютерлік желілер



Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Комьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған,компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады.Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.
Бір рангілі желілер.Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда,олар тең деп аталады.Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар.Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж. Оларға қарама- қайшы жұмыс станциялааы немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады,олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер- басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған принтерлерге,факстарға, серверде тұрған мәліметер базасына жетеді.
Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі.Шағын ауқым әдетте жергілікті есептеу желісі(Local Area- Lan)терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар-аймақтық есептеу желісі. (Metropolitan Area Network-MAN)және ғаламдық есептеу желісі.(Wide Area Network-WAN) терминдерімен байлансты.
Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады:


Компьютерлік желілер. Негізгі ұғымдар

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі
пайда болады. Комьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан
пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық
ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға
қосылған,компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға
қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі
басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар
немесе желілік құрылғылар деп аталады.Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған
санға жетеді.
Бір рангілі желілер.Желі тораптары бірдей коммуникациялық
функцияларды орындауда,олар тең деп аталады.Осындай тораптар арасындағы
қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің
маңызды ерекшелігі бар.Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж.
Оларға қарама- қайшы жұмыс станциялааы немесе клиенттер деп аталатын
көптеген компьютерден тұратын желілер болады,олар іс жүзінде сервер деп
аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер- басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін
ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге
қосылған принтерлерге,факстарға, серверде тұрған мәліметер базасына
жетеді.
Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық
ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі.Шағын ауқым әдетте
жергілікті есептеу желісі(Local Area- Lan)терминімен байланыстырылады.
Үлкен ауқымдар-аймақтық есептеу желісі. (Metropolitan Area Network-MAN)және
ғаламдық есептеу желісі.(Wide Area Network-WAN) терминдерімен байлансты.

Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен
анықталады:

желініңақ ақпараттық және праграмалық ресурстарын
бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету;
мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасызету.

Мысалға жергілікті желінің барлық қатысушылары басудың жалпы
құрылғысын(желілік принтер),не болмаса бір ерекшеленген компьютердің
(файлдық сервердің) қатқыл дискінің ресурстарын бірлесе қолдана алады. Бұл
программалық және ақпараттық қамтамасыз етуге де қатысты. Жергілікті
есептеу желісі(ЖЕЖ).Егер желі бір орынға (әдетте бір ғимаратқа немесе әр
түрлі ғимарат кешеніне) байланса,ол жергілікті деп аталады. ЖЕЖ
компьютерлік жүйелер мен перифериялық құрылғыларды(қатқылдискідегі
жинақтағыштар,стримерлер,принтерлер және т.б.) мәліметтерді және
перифериялық құрылғыларды бірлесіп қолданатын топтарға байланыстырады.

ЖЕЖ-дің айрықша қасиеті- мәліметтердің үлкен жылдамдығы,қателердің
төмендеңгейі, мәліметтерді берудің арзан ортасын пайдалану.ЖЕЖ-дің
көпшілігі
оларды қолдайтын қайсібір нақтылы ұйымға жатады.
Жергілікті есептеу желілері жұмыс тобы,бөлімі, кампусі мен
корпоративті желілерге бөлінеді. Корпоративті желілердің тез дамуы мен
олардың зор болашағына орай кеңірек тоқталайық.
Корпоративті компьютерлік желілер(ККЖ)Корпоативті желілер
компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпорация аясында
біріктіреді. Аумақтық ( территориялық ) белгінің ешқандай маңызы жоқ .
мұндай желілер жер шарының кез келген бөлігін қамтиды. Қашықтаған
жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекоммуникация
құралдары,спутниктік байланыс және басқа қазіргізаманғы құралдар
қолданылады.
Корпоративті желілердің қолданатын жабдықтары, программалары және
технологиялары жоғары дәрежеге ие, әрі сан алуандығымен ерекшеленеді.
Сонымен бірге мұндай желілер қолайлы уақытта әсер ететін,кез келген
ресурсқа қол жету мүмкіндігімен біртұтастықты құрауы тиіс.
Корпоративті желілер қамтудың едәуір аумағы бар жергілікті желілердің
ерекше алуан түрі болып табылады. Қазір корпоративті желілер өте белсенді
дамуда және олардың бөлігін интранет(интражелі) желілері деп аталады.
Интранет (интражелі)- Интернетке кіре алатын, бірақ аз ресурстарына
сыртқы пайдаланушылардың қол жетуінен қорғалған,интернет технологияларын
қолданудың арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмашілік немесе
фирмааралық компьютерлік желі.Оны жергілікті желі мен интернет желісі
құралдарын қолданып,фирмалық және фирмаішілік ақпаратқа жету мен оны
сақтау, беру, өңдеу жүйесі ретінде айқындауға болады.
Толық функционалды интранет желісі мынадай базалық желілік
технологияларды орындауды қамтамасыз етеді:

-желілік басқару;
-барлық қалған қызметтер мен ресурстарды бейнелейтін
желілік каталог;
-желілік файл жүйесі;
-хабарларды біріктіріп беру(электронды почта, факс,телеконференция және
т.б.).
-word wide wed жұмысы;
-желілік басу;
-ақпаратты рұқсат етілмей қол жетуден сақтау.

Интранет интерниеттің сыртқы пайдаланушылардан желілік қорғау құралы
брандмауэрлердің көмегімен оқшауланады.Әдетте,wed –серверлерде немесе
прокси- серверлерде орналасатын брандмауэрлерді программалық қамтамасыз
ету ең кемінде сыртқы абоненттің өкілеттіктерін және оның парольді білуін
тексереді, осылайша желіге рұқсат етілмей, қол жетуден қорғау мен одан
құпия ақпаратты алу қамтамасыз етіледі. Интернет желісіндегі ақпарат пен
оның барлық көрсетілетін қызметтері корпоративті желінің барлық
пайдаланушылары үшін қол жетерліктей мүмкіндіктер қарастырылған.
Қазіргі заманғы бәсекелестік қызып тұрған нарықта жаңаша ақпаратқа
қол жеткізу бизнестегі табыстың маңызды компонентіне айналды. Сондықтан
интранет желісін корпоративті қосымша тіркемелерді жүзеге асыруды
келешектегі атқарылар істің ортасы ретінде қарауға болады.
Интернет тарихы 1994ж. басталады,ол кезде бұл термин Интернет
желісінен алынған принциптерге құрылған корпоративті компьютерлік желілері
үшін ұсынылған еді. Бұл тәсіл нақты өндірістік бейіні мен ауқымына
қарамастан,кез келген кәсіпорын үшін әмбебап еді. Интранет-мақұлданған wed-
технологиның корпоративті Желіге көшу.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді
бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама
(протокол) деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі
компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудиобейнематериалдар, т.с.с. өте
үлкен ақпарат көлемі сақталады.
Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіләлемдік өрмек,
электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар
(конференциялар) жатады. Желіге қойлатын ең негізгі талап – байланыс
арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанымен, кез келген жағдайда информацияны
бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады.
Желі тораптарының (түйіндерінің) бірсыпыра бөлігі істен шықса да,
қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс болды. Информацияны
тасымалдау сенімділігі мен оның жеткізілу жылдамдығын арттыру мақсатында
мәліметтерді тасымалдаудың жаңа түрі – дестелерді (пакеттерді)
коммутациялау технологиясы пайда болды. Оның артықшылығы болып мәліметтерді
тасымалдау жылдамдығының жоғарылығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі
саналады.
Пакеттерді коммутациялау принципі тасмалданатын мәліметті бірнеше
шағын фрагменттерге (пакеттерге) бөлуден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін
пунктке дейінгі аралықтарда орналасқан түйінді (негізгі) компьютерлер
арасында пакеттер бір-бірінен тәуелсіз тек өзіне тән байланыс арналары
арқылы жылдам жеткізіліп тасмалданатындай етіп ұйымдастырылды. Бір
мәліметті құрайтын әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша
жеткізілетін болды. Қабылдау пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке
біріктіріліп, өз иесіне, яғни арналған адресатына берілуі тиіс болатын.
Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру
мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер
бірдей тең құқықты болып жасалады. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер
мәліметтерді қабылдау, жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан
келіп түскен хабарларды ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу
(маршруттау) ісін де жүргізе асыра алатын еді.
Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама
1969 жылы АҚШ-тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын
біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші болады. Содан көп
ұзамай-ақ Internet (желі аралықтары) – желілерді біріктіру термині пайда
болды.
Сонымен, Интернет – барлық жүйелері хаттама деп аталған бірыңғай
стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды (глобальды)
компьютерлік желі.
Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып
табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:
• Техникалық немесе аппараттық компонент;
• Программалық компонент;
• Информациялық компонент.
Аппараттық компонент. Интернеттің аппараттық компоненті
компьютерлердің әр түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әр
түрлі болып келген байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары
арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін
құрылғылардан тұрады.
Ол елдегі автомобиль жолдары тәрізді, оның бір бөлігі істен шықса да,
айналма жолдар арқылы кез келген селоға, қалаға баруға мүмкіндік бар.
Интернет жолдары сияқты бір жазықтықта емес, жалпы кеңістіктегі құрылымнан
тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және
спутниктік арналарынан, радиореле жүйелерінен, теледидарға арналған
кабельдік арналардан тұрады.
Программалық компонент. Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен
құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін олардың программалары қамтамасыз
етеді.

Программалар:

мәліметтерді кез келген байланыс арналары арқылы тасмалдайтындай және кез
келген компьютерде оларды қабылдап алуға болатындай етіп түрлендіре алады;
• біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
• тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді;
• желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен ақаулы аймақтар
табылса немесе мәлімет көлемі тасымалданатын шамадан тыс асып кеткен
аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол маңайларды айналып өтетін басқа
жақтарға қарай бағыттайды.
Сонымен, программалық компоненттің негізгі функциялары:
• Информацияны сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе тыңдау;
• Желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;
• аппаратураның функционалдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету істері болып
табылады.
Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:
• Сервер-программалар – тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін
желі торабында орналасады.
• Клиент-программалар, тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервердің
қызметін пайдаланады.
Информациялық компонент. Желідегі компьютерлерде сақталатын әртүрлі
құжаттар арқылы өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір
ерекшелігі – олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде,
дыбыс пен әуен –екіншісінде, ал графика – басқа желідегі, үшінші
компьютерден алына береді. Желідегі құжаттар бір-бірмен сілтеме адрестермен
береді.
Осы құрылымға сәйкес аппараттық, программалық және информациялық
қорлар да біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына байланысты әр түрлі
меншікте (мемлекттік, қоғамдық, корпоративті немесе жеке меншіктерде) бола
береді.
Интернет желісінің ұйымдастырылу принциптері

ІР – адрестер мен URL – адрестер. Желіге қосылған әрбір компьютердің
нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі
аралықта – жеке физикалық адресі (ІР –адрес) болады. Желідегі компьютерлер
бір-бірін осы сандар көмегімен тауып алады. Мысалы, 194.84.93.29 немесе
128.29.15.124, желіге тұрақты қосылған компьютер осындай бекітілген адрес
алады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол
сеансқа арналған уақытша ІР–адрес алады, ол динамикалық ІР–адрес деп
аталады.
Осылай адрестеу тәсілі 256^4 = 4,3 млрд адрес алу мүмкiндiгiн бередi.
Егер нақтылап айтар болсақ, мұндай физикалық адрес 32-разрядты екілік сан
түрінде (4 байт) желіде айналыста болады.
Құжаттар үшін адрестің екінші түрі – URL-адрес (Uniform Resource
Locator Ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) қолданылады, мұндай адрес те
желідегі әрбір құжатқа меншіктеледі.
Хаттамалар. Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлер арасындағы
мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс.
Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай
және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады.
Түрлі-түрлі компьютерлер мен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар
жазған программалардың өзара сәйкесті түрде дұрыс жұмыс істеуін осы
хаттамалар жүзеге асырады. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:
• базалық хаттамалар (ТСР мен ІР) Интернет компьютерлері арасында кез
келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасмалдауға
жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін
болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын ТСРІР (Transmission
Control ProtocolInternet Protocol – тасмалдауды басқару хаттамасы
желіаралық хаттама) терминімен белгілейді.
Интернет ТСРІР хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын
мәліметтерді қалай пакеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын,
қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын,
мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де
басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде,
Интернет ТСРІР хаттамасы мен біртұтас ІР-адрестер кеңістігін пайдаланатын
мыңдаған жеке жерлерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің
барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;
• қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің
арнайы қызмет баптарының – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-
гипермәтінді тасмалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer
Protocol-файлдарды тасмалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан
қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP 3 тәрізді
хаттамаларының, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.
FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау
мүмкіндігін береді. Ол ең “ежелгі” қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК
тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі – осындай қызықты программалар
мен құжаттар алмасу болатын.
Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады.

Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі. Желі
компьютерлерінің физикалық адрестерін пайдалану ыңғайсыз (адамдардың ұзақ
цифрлар тізбегін есте сақтауы қиын), сол себепті физикалық адрестерге
сәйкес әріптерден тұратын мағынасы бар символдық (домендік) адрестер
жасалған. Домендік адрестің жазылу ережесі мынадай:
хаттама:компьютер аты. домен аты каталог подкаталог файл аты
Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы, http. Келесі
компьютер аты жазылады да, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, microsoft.
сom. Адрес соңында кейде сервердегі каталог (бума) аттары мен файл аттары
(Web-парақтар) жазылады, мысалы, mpresscpnew.htm. Тік жақша ішіндегі
адрес бөлігі жазылмаса да болады. Бірнеше нақты адрестерден мысал
келтірейік:
http:www.microsoft.com
http:www.elitehouse.nursat.kz
ftp:mathsoft.com
http:www.translate.rurascpnew.h tm

Аймақтық домен аттары

Kz Қазақстан
Kg Қырғызстан
Ru Ресей

Домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, ең оң жақтағы жоғарғы (шеткі) домен
мемлекет атына сәйкес келеді немесе мекеме типін (АҚШ-тағы) көрсетеді.

Қызмет бабына қарай қойылған домен аттары

Dомен Мекеме типі
com Коммерциялық ұйымдар
Edu Білім мекемелері
Gov Мемлекеттік ұйымдар
Mil Әскери ұйымдар
Org Басқа мекемелер
Net Желіні басқару мекемелері
int Халықаралық ұйымдар

Аттардың домендік жүйесі. Аттардың домендік жүйесі (Domain Name
System, DNS) домендік аттарды санмен жазылатын ІР-адреске түрлендіреді.
Осындай түрлендіру ісін атқаратын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады.
DNS жүйесі жасалғанға дейін домендік аттарды IP-адреске ауыстыруға
қажетті ақпарат hosts файлында сақталатын еді.
Host (хост) – басты компьютер.

Интернеттің негізгі қызметтері

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты
таратуға арналғандары: WWW FTP, Telnet, т.б. электрондық мәлімет алмасу
үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC,IP-телефония және басқалары.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі
функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі
жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін
негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі гипермәтіндік
ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те айта береді. Мәліметтер блоктары (Web-
парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер
немесе web-серверлер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-
құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың
бірінен біріне ауыса береді.
WWW мен оның программалық жабдықтары – Желінің ең қуатты, әрі болашағы
бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасsмалдау
хаттамасы - HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал
оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text
Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers (“browse”
–қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы
деп аталатын программалар қолданылады. Қазіргі кезде Microsoft
Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.
FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен
жұмыс істейтін хаттама (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау
хаттамасы) мен программалар осылай аталады. FTP құралдары сервер
каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып,
керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен
қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс
орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне
кіріп, сондағы орнатылған программалармен өз программалары тәрізді жұмыс
істей алады.
E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол – желі
қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі.
Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар бір-біріне
электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар – тармақталған
дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық
поштадан айырмашылығы – мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер
тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау
кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір
телеконференция бір тақырыпқа (ғылымда, өнерде, спортта, т.с.с) арналады
және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр
түрлі бола береді - өте ауқымды тақырыптан (бір сұрақтың барлық жағы) тек
бір ғана сұраққа дейін (мысалы, филателия) қамтылады.
ISQ (I seek you – мен сені іздеймін) – желі тұтынушыларына нақты уақыт
кезеңінде (масштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірден чат құрып, файл
жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.
IRQ (Internet Relay Chat ) – нақты уақыт кезеңінде телеконференция
өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға
болатын қызметі. IRC –серверлері мен IRC-клиенттері көмегімен
тұтынушылар бір-бірімен “виртуалды” әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді
теру арқылы жүргізеді.
IP – телефония. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды
өте тиімді деп айтуға болмас, бұл тек TCPIP хаттамалары негізінде
электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы цифрлы
файлға (аудиофайлдар жасау сияқты) түрлендіріледі де, желідегі қарапайым
мәліметтер пакеттері тәрізді түрде тасымалданады. Қазақстан Республикасы
байланысының ұлттық операторы болып саналатын “Қазақтелеком” АҚ-ы осы
байланыс түрін практикада пайдаланып жүр.

Internet Explorer – WWW-ке арналған броузер
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:
• құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желінің анықтамасы
Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйе
Желінің шиналық топологиясы
Ауқымды желілер. Интернет
Желілердің құрылымы
Компьютерлік желілердің классификациясы
Желілердің мәні мен түрлері
Желілер және телекоммуникациялар. Желілік қауіпсіздік
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
Пәндер