Философия (лекциялар)



Мәдениет контекстіндегі философиялық шығармашылықтың тарихи типтері
Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.
Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді.
«Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор қолданған.
Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген Платон.
Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері, практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді.
Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын паш етті.
Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды. Антикалық философияның кез келген өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық болмаса керек.
2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып отырды. Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен тығыз байланысты.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі.
Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола алады. Өйткені әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр нәрсені өзінше қабылдайды, түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы тапқа, топқа тән ортақ белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи, этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз.
Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді. Білім – керемет күш, оның көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге болады. Бұл процесс тереңдеген сайын дүниетаным да екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінін біле алады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірімен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты, мәнді, мағыналы болады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс табуға шамасы жете бермейді.
Сенім дегеніміз адамның білімдеріне, айналадағы қоршаған ортадағы іс - әрекеттерінің дұрыстығына деген батылдығын білдіреді. Адамда өзіне - өзінің терең сенімі болуы – оның әлеуметтік өсуінің дәрежесін көрсетеді. Наным – адамның қиялдағы шындықтың болатынына сенім білдіретін ерекше жағдайы психологиялық ұстанымы.
Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір бір қуанышты оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт – адамды болашаққа жетелейді, өмірге деген сенімді одан әрі арттырып, оған ғашық етеді. Үміт – белгілі бір істің, ойдың жүзеге асуына білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір де бар. Ол – адам
Қосымша әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.
Философия [Электронный ресурс] / Т. Ғабитов. - Электрон. текстовые дан. ( 10,2 мб). - [б. м.] : [б. и.], 2003 эл. опт. диск (CD-ROM). (Шифр -572647)
2. Абдрасилова Г.З.
Ежелгі дүние философиясы [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік құрал / Г. З. Абдрасилова ; ОҚМУ. - Электрон. текстовые дан. (1,38 Мб). - Шымкент : ОҚМУ, 2007
3. Абдрасилова Г.З.
Философия [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік құрал / Г. З. Абдрасилова ; ОҚМУ. - Электрон. текстовые дан. (1,32 Мб). - Шымкент : ОҚМУ, 2007
4. Еркінбекова А.С.
Іскер қарым-қатынас этикасы пәнінен әдістемелік [Электронный ресурс] : оқу құралы / А. С. Еркінбекова, Ж. Нұржанбаева ; ОҚМУ. - Электрон. текстовые дан. (256 Кб). - Шымкент : ОҚМУ, 2007
5. Мақаш У.О.
Қысқаша орысша-қазақша философиялық терминологиялық сөздік [Электронный ресурс] / У.О. Мақаш ; У. О. Макаш. - Электрон. текстовые дан. (1,42 Мб). - [б. м.] : Карагандинский государственный университет им. Е.А. Букетова, 2006 эл. опт. диск (CD-ROM)
6. Құралұлы А.
Философия, педагогика және психологияға байланысты терминдер мен сөз тiркестерiнiң түсiндiрме сөздiгi [Мәтiн] / Құралұлы, А. - Шымкент, 2004. - 32
7. Қазақ даласының ойшылдары (ХIII-ХV ғғ.): Монография. - Алматы. - 2001
2-шi кiтап. - 196
8. Қазақ даласының ойшылдары (ХVI-ХVIII ғғ.): Монография. - Алматы. - 2001
3-шi кiтап. - 199
9. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: 5000-нан астам термин. - Алматы : Рауан. - 2000
23-шi том: Философия және саясаттану. - 288 - (қаз.,орысша тiл)
Перевод заглавия: Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь
10. Қараұлов И.
Сырласу: Жастарға арналған докум.әңгiмелер / Қарақұлов И. - Алматы : Жалын, 1989. - 256

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   
1-лекция

Мәдениет контекстіндегі философиялық шығармашылықтың тарихи типтері
Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және
дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті.
Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік
детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен
тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының -
ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және
мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және
ғылым. Философия және саясат.
Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа
құштарлық, ал көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген
мағынаны береді.
Философ сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс
өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек
математигі мен философы Пифагор қолданған.
Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде
негіздеген Платон.
Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы
негіздері, практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың
әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы
мәліметтерді біріктірді.
Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың
өмірлік тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани
ұстанымның пайда болуын паш етті.
Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да
жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін
түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның
интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті,
яғни жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы
барлық білімдер сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның,
механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды.
Антикалық философияның кез келген өкілінің әмбебап ойшыл,
энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық болмаса керек.
2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп,
дамып отырды. Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де
өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән ерекшеліктері болды.
Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен тығыз
байланысты.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған
ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы
мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын,
сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана
шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен,
дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе
қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан
бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі
рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп,
әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны,
болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным -
өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс -
әрекетінің тірегі.
Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола
алады. Өйткені әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр
нәрсені өзінше қабылдайды, түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен
топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы тапқа, топқа тән ортақ
белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи,
этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз.
Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және
өзекті элементі – білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді.
Білім – керемет күш, оның көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге
болады. Бұл процесс тереңдеген сайын дүниетаным да екшеленіп,
жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне
еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып,
сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы,
бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне
деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты,
ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім
екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінін біле алады. Адамның
алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірімен
байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып
жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Сенімі күшті адамның өмірі де
мықты, мәнді, мағыналы болады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты
дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған
адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын
дұрыс табуға шамасы жете бермейді.
Сенім дегеніміз адамның білімдеріне, айналадағы қоршаған ортадағы
іс - әрекеттерінің дұрыстығына деген батылдығын білдіреді. Адамда
өзіне - өзінің терең сенімі болуы – оның әлеуметтік өсуінің дәрежесін
көрсетеді. Наным – адамның қиялдағы шындықтың болатынына сенім
білдіретін ерекше жағдайы психологиялық ұстанымы.
Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір
бір қуанышты оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт
– адамды болашаққа жетелейді, өмірге деген сенімді одан әрі арттырып,
оған ғашық етеді. Үміт – белгілі бір істің, ойдың жүзеге асуына
білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір
де бар. Ол – адам өміріндегі ең маңызды адамгершілік тірегі.
Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен
рухани құндылықтары да кіреді.
Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның
өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре
тамыры.
Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық,
оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір
тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі
болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал
Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін,
ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты.
Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан
оның бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге
болады. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір
сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады.
Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника,
сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын
білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі,
үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді
қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи,
экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар.
Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның
мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі,
қыры, типі бар.
Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель
миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп
жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына
түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.
Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген
формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи
құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті,
табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды
сұрақтарды қамтыды.
Мәселен, көне грек мифологиясында, әлем хаостан пайда болды
делінген. Сонан соң жер, күн мен түн, әр түрлі құдайлар пайда болған.
Мифология адамзаттың балалық дәуірінің дүниетанымы болып табылады,
ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоциональді – бейнелеу көзқарасын
білдіреді.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған
табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен
дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылыми дүниетанымның негізін адамның өзі және сыртқы әлем туралы
білімдерінің жиынтығы құрайды. Ол үшін ешқандай керемет жоқ, тек қана
танылмаған құбылыстар бар. Алғашқы қарапайым ғылыми білімдер антикалық
дәуірде пайда болған, алайда жүйелі ғылым XVII ғасырдан бастап қана
қалыптаса бастады, ол адамзаттың (ойлау) даму тарихына ерекше әсер
етті.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым
дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс -
әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол
әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым
дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің
көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының
нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді,
сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын
жоғалтқан жоқ.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің
біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру
қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
Дүниетаным мен философияның өзара қарым – қатынасы қалай өрбіп
отырады?
Біріншіден, дүниетаным аясына адамның айналадағы қоршаған ортаға
танымдық қарым – қатынасының барлық тәжірибесі кіреді. Ал философия
дүние құрылымының жалпы принциптері мен маңызды белгілерін зерттейді.
Ол танымдық маңызы бар барлық сұрақтарға жауап іздейді. Өзінің
мүмкіндігіне сүйеніп, тек жалпы дүниетанымдық маңызы бар сұрақтарға
жауап беруге тырысады. Осындай сұрақтың қатарына әлем дегеніміз не?,
адам дегеніміз не? деген сұрақтар жатады. Ал жарықтың жылдамдығы
қандай?, судың құрылымы қандай? деген жеке сұрақтарға физика, химия
сияқты ғылымдар жауап береді.
Екіншіден, философияның ықпалымен дүниетаным ретке келіп,
жинақталу мен теориялықтың жоғары сатысына көтеріледі. Сонымен қатар,
ғылым тарихында болған ірі жетістіктер әлем туралы философиялық
көзқарастардың өзгеріске ұшырауына әкеледі. Н.Коперниктің,
Ч.Дарвиннің, А.Эйнштейннің ғылыми жаңалықтары әлемнің философиялық
үлгісіне әсер еткен жетістіктер болып табылады.
Үшіншіден, өзінің мағынасы жағынан терең, ауқымды дүниетаным
философиялық көзқарастардың пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Төртіншіден, философия дүниетанымның сипаты мен бағытын анықтайды.
Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінің философиясы антропоцентристік болды,
өйткені бұл ғасырларда адам мәселесі алдыңғы қатарға шықты.
Бесіншіден, дүниетаным мен философияны адам мәселесін әртүрлі
тұрғыдан шешу қажеттігі және оның табиғаты мен болмысы туралы әртүрлі
білімдерді біріктіреді, олар әртүрлі таным көздерінен алынады.
Философия жалпы және абстрактілі білім. Ол шындық қалай зерттеліп
жатқандығына ерекше мән береді, оны барлық ғылымдардың негізі немесе
ғылымның өзіндік санасы деуге болады. Көптеген өмірлік мәні бар
сұрақтарға философия жауап береді.

2-лекция
Философия мәдениет жүйесінде
Философия және философ. Мағынаға және еркіндікке толысқан адамның
өмірлік стратегиясьш қалыптастырудағы рухты көтеретін ақиқаттар мен
идеалдардың маңыздылығы. Философия қатаң рационалдықтың идеалы
ретінде.
Философиялық ой кешу типтері. Философиялық бағыттар мен жүйелерlің
көп түрлілігі. Философияның мәдени-тарихи сипаты. Философия
формаларының этномәдени ерекшеліктері.

Гректің әмбебап философы Аристотель шығармаларында бірінші
философия деген сөз негізгі, іргелі ғылымның синонимі ретінде
қолданылған. Философия тарих көшінің өне бойында әлем мен адам туралы
ең күрделі сұрақтарға жауап іздейтін ғылым ретінде қарастырылды.
Әрине, бұл жай ғана кездейсоқтық емес, өйткені философиялық ойлау
бастапқы кезінен бастап – ақ адамзаттың танымдық тәжірибесін жинақтай
отырып, адам, оның төңірегіндегі барлық күрделі мәселелерге жауап
іздеуге тырысты.
Сондықтан, көптеген философтардың кең өресі, жоғарғы эрудициясы
мен ойлау мәдениеті болған.
Философияның пайда болуының негізгі себебі – танымның жеке
түрлерінің (математика, астрономия тағы басқалары) адам мен әлем
туралы біртұтас – білім жүйесін жасай алмауы. Оның шығуына ертедегі
қоғамда дін мен мифологияға қарама – қарсы рационалдық таным жүйесінің
қажеттігін түсіну де әсер етті.
Рационалдық таным аясында Әлем дегеніміз не?, Оның бастапқы
негізі неде?, Әлем шекті ме, шексіз бе?, Адам дегеніміз не?,
Ақиқат дегеніміз не? сынды сұрақтар қалыптасты.
Философияның қалыптасуына антикалық қоғамда оны өзінің негізгі
дүниетанымдық әрекеті ретінде таңдаған арнайы әлеуметтік топтың пісіп
– жетілуі де ықпал етті.
Әлем дегеніміз не? деген сауал – философияның негізгі сұрағы
болып табылады. Ол адамның өзі мен қоршаған ортаға қарым – қатынасының
жалпы, тұрақты, біртұтас негіздерін білуге тырысқан табиғи
қажеттілігінен заңды туындайды. Философияның негізгі сұрағы – шын
мәнінде әлемнің түпкі негіздері мен жүйелік құрылымы, ондағы адамның
орны туралы сұрақ болып табылады.
Бұл мәселе жалпы адам өмірінің бастауы, өйткені адам өзі ес жинап,
дамып, қатая бастағаннан бері өзінің айналасына қарым – қатынасының
мағынасын, мәнін білуге талпыныс жасады.
Осы іргелі сұраққа жауап іздеу барысында екі философиялық ағым
қалыптасты. В.И.Лениннің айтуы бойынша, философиялық материализм
(Демокрит бағыты) мен философиялық идеализм (Платон бағыты).
Олардың көптеген тарихи формалары болды.
Философия адамның әлем мен өзінің мәнін іздей бастаған уақытта –
ақ қалыптаса бастайды. Сондықтан да, философия әлемнің – жалпы
теориясы және ондағы адамды теорялық тұрғыдан пайымдау.
Философияны тек әлем ғана қызықтырып қоймаған, ондағы адам, оның
мәні, өмір сүру заңдылықтары да оның назарынан тыс қалмаған. Өйткені,
адам осы әлемде өмірге келеді, оның аясында қуанады, қайғырады, таным
процесінің дәмін татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы
тұрғысынан адами сипатқа ие болған ғылыми сала. Өйткені, ешбір басқа
әлем мен таным формасы Әлем - Адам күрделі байланысының барлық
байлығы мен мүмкіндігін жан – жақты ашып көрсете алмайды.
Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы
ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың,
оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Философияның пәні басқа ғылымдардан ерекше. Өйткені, философия
дегеніміз - өте терең теориялық білім. Оның құрамында онтология,
гносеология, даму теориясы, антропология, әлеуметтік философия сияқты
өте күрделі салалар бар.
Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология,
саясаттану жеке пәндер болып бөлініп шықты.
Философия пәнінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі
белгілері туындайды:
- ол жалпы, теориялық сипаттағы білім;
- басқа ғылымға негіз бола алатын іргелі ұғымдар мен идеяларды,
ұстанымдарды біріктіретін білім;
- жеке философтардың тұлғалық қасиеттерінің ықпалын бейнелейтін
субъективті білім;
- белгілі тарихи уақыттың объективті білімдері мен ұстанымдарының
жиынтығы;
- танымның нысанын ғана емес, тану тетігін де қарастырады;
- ой тек нысанға ғана емес, өзіне де бағыттала алатындықтан, рефлексивті
сипаты бар;
- бұрынғы философтардың ұстанымына сүйенеді.
Кез - келген пән қажетті ақпаратты бере отырып, әлемнің
салыстырмалы әмбебап үлгісін көрсетеді. Ал философия ойлаудың болмысқа
қатынасының түпкі тамырын, негіздерін зерттейтін болғандықтан, ол
қоршаған ортада нақты ішкі жағынан біртұтас, жалпы көзқарасты
қалыптастырады.
Философия – жүйеленген дүниетаным. Тарихта әлеуметтік өмірді,
дәстүрлі көзқарастарды, басты нанымдарды күрделі, түпкілікті
өзгерістерге ұшырап отыратын ірі идеялық қозғалыстар кең көлемдегі
діни – мистикалық, жаңарту ағымдары көп болған.
Қазіргі уақытта мұндай процестердің кең орын алғандығы соншалық,
оның ерекше қарқыны туралы атап айтуға тура келеді. Бұл философияның
қоғамдық маңызын жоғарылатады, өйткені белгілі бір дүниетанымға
негізделмеген қоғамдық белсенділік өте қауіпті. Жеке адамның еркімен
дүниетанымның өзгертушілік күші іске асып, қоғамдық мақсаттың
орындалуы мүмкін емес.
Адам, оның еркіндігі мен көзқарасы қоғамдық дамудың қайнар көзі.
Әлем бүгін үлкен әлеуметті, техникалық және мәдени өзгерістердің
алдында тұр. Техника мүмкіндіктерінің тереңдеп, өмірдің барлық
саласына еркін енуі үлкен өзгерістер әкелуде.
Философия адам өмірінің мәні мен адам белсенділігінің мақсатын
түсінуге көмектеседі.
Әр адам өзі үшін қандай қиындықтар маңызды екенін өзі таңдайды.
Дегенмен, көптеген рухани абсолюттер барлық адамдарға бірдей және
ұқсас. Философия тарихында әр түрлі жағдайларда және орындарда
көтерілген құндылықтар теңдік, еркіндік, еңбек, әділеттілік,
өмір сүйгіштік т.б. жалпы адамзаттың рухани құндылықтары қатарына
жатады.
Адам әр уақытта заттар мен құбылыстардың түпкі мәніне бойлауға
тырысады. Әсіресе, бұл балаларға тән қасиет. Өйткені, олар мынау не,
неліктен деген сұрақты өте жиі қояды. Мысалы: неге жаңбыр жауады, қар
түседі?
Дүние күрделенген сайын философияның қоғамдағы маңызы арта береді,
оның бірнеше себептері бар:
- әлемнің ірі жетістіктері философиялық тұрғыдан түсіндіру мен бағалауды
қажет етеді;
- қазіргі өркениетте орын алып отырған діни өрлеу философияға, оның
дүниетанымдық мүмкіндігіне тағы да көңіл аударып, оны кеңінен
пайдалануға мүмкіндік ашуда. Өйткені, әр түрлі діни көзқарастар мен
ізденістер өзара сұхбаттасып, ұшырасу процесінде бұрын онша мән беріле
қоймаған тосын жағдайлар туғызып, философиялық талдауға кең өріс бере
бастады;
- антропологиялық өрлеу, яғни адамды, оның мәні мен табиғатын
философиялық тұрғыдан анықтау алдыңғы қатарға шығып отырған маңызды
мәселе.
Философия қоғамда өте маңызды функцияларды орындайды. Олардыңғ
негізгілері мыналар:
- дүниетанымдық – адамның әлем туралы жалпы білімдерін қалыптастыруы;
- онтологиялық – табиғи және әлеуметтік болмыстың негізгі принциптерін
анықтауы;
- гносеологиялық – қоғамның, адамның, табиғаттың іргелі заңдылықтарын
тану процесін түсіндіруі;
- методологиялық – адамның танымдық және практикалық іс - әрекетінің
жалпы принциптері мен методтарын өңдеуі;
- гуманистік – адамның азаматтығы мен қадір, қасиетін, еркіндігін
мойындауды негіздеу;
құндылықтың – моральдық – адамгершілік құндылықтарды жасауы және
негіздеуі.
3-лекция
Мәдениет контекстіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері

Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия
қалыптасуы мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар
дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық
ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта
түрленудің мәңгілік циклынан құрылудың жолдарына деген ізденістер.
Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі
философияның моральдық және метафизикалық өлшемінің формасы ретінде.
Карма, реинкариация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді
философиясының негіздемесі ретінде.
Буддизм және оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға
қатынасы. Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің
іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс
адамының тарихи тағдырына әсері. Шығыс адамының дүниеге қатынасының
қалыптасуына, рухани құндылықтарды таңдауына, өмір салты мен дінінің
қатынасына буддизмнің дүниетанымдық әсері. Күш қолданбаудың буддистік
стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері.
1.Ведалық дәуір біздің дәуірімізге дейінгі XV-VII ғасырларды
қамтиды. Ведалық әдебиеттің төрт түрін көрсетуге болады: самхиттер –
гимндер жинағы; брахмандар – ведалық текстерге түсініктеме және
ритуалдарды баяндау; араньяктар (орман кітаптары орман кезіп, өмір
сүретін дервиштерге арналған жинақ); упанишадтар – жартылай
поэтикалық, жартылай философиялық трактаттар.
2.Эпикалық дәуір. Біздің дәуірімізден бұрынғы VI ғасыр мен біздің
дәуірімізге дейінгі II ғасырлардың аралығын қамтиды. Осы тарихи
уақытта ірі поэмалар Рамаяна мен Махабхарата дүниеге келген. Бұл
дәуірдегі философияның дамуын үш сатыға бөлуге болады:
А) Ведалардың беделін мойындамайтын мектептер – джайнизм, буддизм және
чарвака – локаята материалистік мектебі, б.э.д. VI ғ.
Б) Бхагавадгита мен кейінгі упанишадтарды теологиялық тұрғыдан
реконструкциялау б.з.б. V – IV ғ.
В) Веданың беделін мойындайтын және оған сүйенетін мектептер –
санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя, вайшешика, біздің заманымызға
дейінгі III және біздің заманымызға дейінгі II ғасыр аралығында
дамыған.
Бұл мектептерле классикалық үнді философиясының жүйелері қалыптаса
бастады.
3.Философиялық сутралар және оған түсініктемелер дәуірі. Осы
уақытқа дейінгі жиналған материалдарды қысқарту және жинақтау уақыты
болды.
Сутралар қысқа әрі нұсқа текстер болғандықтан оларды қосымша
түсіндіру қажет болды.
Үнді философиясының дәстүрінде бәрі мойындайтын және пайдаланатын
іргелі ұғымдар бар. Ең алдымен, бұл карма ұғымы. Карма – жазмыш
заңдылығы, тағдыр адамға істеген әрекетінің табиғатына қарай несібе
сыйлайды. Егер адам өзінің эгоистік пиғылдағы әрекетінен тазарып, тек
жоғары құндылықтарға ұмтылып отырса, онда ол карманың кәріне
ұшырамайды. Карма ұғымы сансара туралы іліммен тікелей байланысты.
Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден
екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім.
Қайтадан туу қатары үзіліп, сансарадан азат болуды мокша деп
атайды.
Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті
әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы.
Олардың ең маңыздысы және ең алғашқысы – Ригведа. Ригведаның
гимндерінде атақты құдайларды мадақтап, көтеріңкі әдемі түрде олардың
іс - әрекетін жариялау, туысқандық байланыстары мен ұлы потенциясын,
негізгі функциясын айқындау бар.
Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын
самхит.
Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше
варианттарын ұсынады.
Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит.
Ведалық әдебиет ұзақ уақытта және алғашқы мемлекеттің
қалыптасуының қиыншылықтары жағдайында пісіп – жетілген. Көшпенді, мал
бағатын арийлердің алғашқы тайпалары бірте – бірте өзгеріске ұшырап,
жіктелген таптарға айналып, дамыған жер өңдеуші, сауда, қолөнері бар
қоғам қалыптасты. Мұнда негізгі сословие пайда болды.
Брахмандар – дінбасылары мен монахтар.
Кшатрийлер - әскерлер мен бұрынғы тайпа көсемдері, вайшилер жер
өңдеушілер, қолөнершілер және саудагерлер.
Шудралар – тікелей өндірушілер.
Ведалық текстер көзқарастар мен идеялардың бірыңғай жүйесі емес.
Ведалық дін – бұл күрделі, бірте – бірте дамитын діни –
мифологиялық көзқарастар мен оған сәйкес рәсімдер мен культтік
ырымдардың жиынтығы. Ригведада арийлердің жауларын жоятын найзағай
құдайы Митра маңызды орын алады. От құдайы – Агни, Күн құдайы – Сурья.
Кейбір ведалық гимндерде қоршаған ортаның жекеленген процестері
мен заттарын біріктіретін жалпы принциптерді іздестіруді көреміз. Бұл
– бәрін біріктіретін бәрінен жоғары тұратын әмбебап ғарыштық тәртіп
принципі.
Ведалық культтің негізі - өз міндеттерін бұлжытпай орындап отыруын
сұрап, құдайға жалбарынып, құрбан шалып отыру.
Брахманизм діни философиялық көзқарастар мен рәсімдік – культтік
практика ретінде ведалық әдебиеттің тікелей мұрагері болып табылады.
Онда әлемнің пайда болуы мен дамуы туралы пікірлер бар. Кейбір
жерлерінде әлемнің түпкі субстанциясы су деген пікір де кездеседі.
Брахмандар дегеніміз - ең алдымен, ведалық рәсімдерді орындауға
бағытталған практикалық нұсқаулар.
Брахман – абыздар төрт негізгі принципті есепке алуға міндетті:
шыққан тегі бархмандық болуы және соған лайықты өмір сүруі, білім алуы
және білімділігімен көзге түсуі бірден – бір қажеттілік. Олар
адамдарға көмектесіп, солар үшін құрбан шалуы тиіс.
Мұның өзі брахмандардың қоғамдағы орнын ерекше дәрежеге көтерді,
оларға тиісе алмады, мүлкіне қол сұқпады. Абыз – брахмандар өзінің осы
беделін әрдайым нығайтуға тырысты.
Упанишадтар ведалық әдебиетті аяқтайды.
Упа-ни шад термині ұстаздың жанында отыру дегенді білдіреді,
ұстазға өте жақын отырып, оның аузынан шыққан әрбір сөзге құлақ түріп,
оның мағынасын түсінуге тырысты.
Алғашқы упанишадтар өмірден баз кешіп, ойға шомылған аскеттердің
көмегімен жасалған. Брахман өзінің дамуында төрт кезеңнен өтеді: бала
кезінде ол ұстазының үйінде ведаларды оқып үйренеді, отбасының
қожайыны ретінде түсініктемелерді басшылыққа алады; толыққан шағында
араньяктармен танысады, өмірінің соңында өмір қызықтарынан бас тартып
кезбеге айналған упанишада даналығына назар аударады.
Аскеттер болмыс пен адамның іргелі сұрақтарына жауап іздестіреді.
Ең алдымен, өмір мен өлім, әлемнің құрылымы мен космология, адам мен
ғарыш, адам мен құдай қарым – қатынасы туралы мәселелерге жауап
іздестіреді. Өмірдің иесі кім? Су ма, тамақпа, от па, жылу ма?
Упанишадтарда ұйқы мәселесіне қатты көңіл бөлінген.Өмірдің мәңгі
айналымы туралы идея бар. Адам өлгенде оның рухани және материалдық
бастаулары бір – бірінен бөлінеді. Рухани бастау аса маңызды. Ол
қайтадан туындауы мүмкін. Сөйтіп, Индияда қайтадан туындаудың шексіз
қатары туралы концепция қалыптасты.
Бұл концепцияның мәнісі - өлім, бұл жайбырақаттанудың немесе
тынышталудың ақыры емес. Ол шексіздіктің жай ғана үзілісі, содан кейін
жаңа өмір басталады, яғни бір кезде тәннен ажыраған жаны жаңа түрге
енеді.
Қарма идеясы жақсылық пен жамандық мәселесін жеткілікті
түсіндіріп, шешіп отырды. Бәрі өзіңе байланысты, өзінің
әрекеттеріннің, істеріннің табиғатына байланысты. Жаман әрекеттерің
үшін міндетті түрде жауап бересің.
Упанишад идеалы – Брахманды тану, онымен бірігу, рахаттану.
Брахман – бұл жоғары абсолютті реалдылық, жоғарғы күш.
Брахман – жоғары рухани бірлік, яғни әлемнің рухани түп негізі
абсолют.
Әркімнің жеке жаны – Атман. Атман – индивидуалды рухани мәнді
бейнелейтін ұғым.

4-лекция
Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
Қытайлық философия қарсаңының (Ши цзин, Шу цзин, И цзин
шығармалары) негізгі мазмұны. Конфуцийшылдық философияның практикалық
бағыттылығы. Конфуцийшылдықтың әлеуметтік-этикалық максималарының
прагматикалық сипаты. Конфуцийшылдық философияның қытайлық мәдениет
пен қоғамдағы манызды ролі. Конфуцийшылдық қытайлық қоғамның
идеологиясы ретінде.
Даостық философпя және дүние-әлемнің суреті. Дүние-әлемнің даостық
суретіндегі адамның орны. Өмірді сактау мен нығайтудың даостық тәсілі.
Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің
даостық практикасы.
Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық, доктрина
ретінде. Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара
пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және
оның қытайлық адам мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының
қалыптасуына әсері.
Легизм соғысушы мемлекеттер дәуіріндегі саяси-әлеуметтік
стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары
қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның
қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы
хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері..
Қытай - территориясының көлемі жағынан үшінші орында, ал халқының
саны жағынан бірінші орында тұрған алып мемлекет.
Қытай өркениеті бұдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Ол біздің
дәуірімізден бұрынғы 221 жылдан бастап, 1911 жылға дейін бүтін империя
болып келді. Олар қағаз шығарған, кітап басқан, оқ, жібек дайындаған.
Дүние жүзіндегі ең сапалы ыдыстар Қытайда жасалған.
Қытай халқының мәдени болмысының негізін қалайтын бес атақты
кітабы бар.
Шу - цзин - көне императорлардың өкіметтік басқару жүйелері мен
ақыл кеңестерін қарастырады.
И - цзин - Қытай жазуының негізі болып табылатын фигураларды
түсіндіреді. Сонымен қатар бұл кітап Қытай пайымдауларының да негізі.
Өйткені ол бірлік пен екі жақтылық абстракциясын түсіндіруден
басталады.
Шу - цзин - әртүрлі көне әндердің жиынтығы.
Ли - цзин - әртүрлі рәсімдер жинағы.
Чунь - цю - шежірелер жинағы.
Қытай мәдениетінің үлгі, эталон бола алатын, саф алтындай өлмес
тәлімдері бар.
Қытай қоғамына объективті семьялық пиәтет тән, әрбір қытай азаматы
өзін тек қана жан ұяның ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де ұлы
ретінде сезінген Шу - цзин кітабында Қытай қоғамының түп – негізін
құрайтын, ерекше құрметтелетін және ұдайы тұрақты деп есептеленетін
бес қарым – қатынас немесе міндеттер жүйесі келтірілген: 1) елбасы мен
елдің өзара қарым – қатынасы; 2) әкесі мен баласының; 3) кіші мен
үлкен бауырының; 4) ері мен жұбайының; 5) достардың өзара қарым –
қатынасы.
Бұл міндеттердің немесе жауапкершіліктің әрдайым сақталып,
орындалып отырылуы қоғамның әлеуметтік, адамгершілік негізінің тұрақты
болуын қамтамасыз еткен.
Шу - цзин кітабының Ұлы жоспар деген тарауында бес істің
орындалып, үлгілі тәртіп пен келісті ойдың, сөздің бес бұлжымас
ережесінің сақталуы туралы айтылады: Өзін - өзі бір қалыпты ұстай
алу, лайықты сөйлей білу. Анық көру, нақты есту, терең ойлау.
И - цзин, яғни Өзгерістер кітабында әлем мен адам туралы
алғашқы көзқарастар айтылған, философиялық ойлаудың негіздері
көрестілген.
Өзгерістер кітабы әруақытта қалыптасқан. Бастапқы текст XII –
XIII ғасырлар арасында пайда болған. Оның негіздері 64 гексаграммадан
тұрады.
Гексаграмма дегеніміз – 6 сызықтың әртүрлі комбинациялары:
1. ________________ Шығармашылық (цянь)
________________
________________
________________
________________
________________

2. ______ ________ Орындалуы (куль)
______ ________
______ ________
______ ________
______ ________
______ ________

64. ________________ Әлі де біткен жоқ (Вай - цзы)
______ _________
________________
______ _________
________________
______ _________

Грексаграммадағы сызықтардың орнының өзгеруі өте маңызды. Кітаптың
атының Өзгерістер кітабы деп аталуы да осы сызықтардың өзгеріп
отыруына байланысты.
Қасиетті сызықтар әлемнің қозғалысына сай, олардың табиғи негізі
бар.
Кітапты түсіндірушілер гексаграммалардың орнына қарап, әртүрлі
жорамалдар жасап отырады, әртүрлі оқиғаларға түсініктеме береді.
Қытай философиясының негізін екі маңызды принцип құрайды: инь мен
ян. Инь – қараңғы төменгі, затты тануға жол ашатын бастау.
Инь мен янь қозғалысы бір тұтастықтағы диалектикалық өзгерістерді
білдіреді, инь мен янның ауысып отыруы дао деп аталады.
Қытай философиясының даму барысында инь мен ян барған сайын ең
шеткі қарама – қарсылықтың: жарық пен қараңғылықтың, күн мен түннің,
күн мен айдың, аспан мен жердің, ыстық пен суықтың, жақсы мен жаманның
өзара әрекетін бейнелейді.
Инь мен ян күштерінің дуализмі туралы ілім – Қытай
философиясындағы диалектикалық жүйенің даусыз элементі.
Инь мен ян туралы түсініктер Қытай медицинасының, химиясының,
музыкасының теориясын әзірлеуде кеңінен қолданылды.
Қытай философиясына тұрақтылық және дәстүрге адалдық тән. Тәртіп
пен қоғамдағы реттіліктің негізін аға ұрпақ бастаған іс – әрекетке
тағзым және сыйлау қалайды. Өткен ұрпақ қол жеткізген рухани
құндылықтар негізге алынады.
Сондықтан Қытай қоғамы тұрақты және белгілі құрылымда ұзақ уақыт
өмір сүреді.

Көне Қытай философиясының негізгі ағымдары.
1. Даосизм философиясы.
2. Конфуции философиясы.
Біздің эрамыздан бұрынғы III ғасырда Қытайда бірнеше философиялық
ағымдар қалыптасты.
1. Даосизм
2. Конфуцишілдік
3. Инь – ян
4. Моизм
5. Легизм
6. Есімдер мектебі
Қытай дүниетанымның негізгі ерекшеліктері:
- Қытай мемлекетін бүкіл әлемнің орталығы деп есептеу;
- Жеке оқиғаны, жалпы тарихты циклдық процесс ретінде қарастыру;
- Аспан мен жер алдында жер бетінде ғарыштық циклдардың дұрыс іске
асырылуы үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі;
- Адамды, табиғатты, космосты біртұтастық ретінде қабылдау;
- Сананың бұрынғы күнге ұмтылысы, өзгерістерге қорқынышпен қарау;
- Ұжымнан жеке адамның бөлінбеуі;
- Жеке адамның әлсіздігін мойындау және ұжымның күшіне бас ию;
- Қоғамда вертикальді байланыстың қанат жаюы, адамаралық қатынастарда
субординацияны ұстау, мемлекет басшысын керемет бірліктіруші күш
ретінде қабылдау;
- Барлық қарым – қатынастарда конформистік ұстанымда болу;
- О дүниедегі емес, осы тіршіліктегі өмірді құрметтеу;
- Қарияларды, жасы үлкендерді құрметтеу.
Қытай философиясының өзекті мәселесі адам проблемасы. Ол өз
болмысында космостық қуаттың (энергияның) үш түрін біріктіреді:
- цзин
- ци
- шэнь
Цзин - тірі организмнің бастауы, яғни барлық, тіршілік иелерінің
бастауы.
Ци - барлық тіршілік иелерін құрастыратын материалдық – рухани
қуат.
Шэнь - адам тұлғасының өзегін білдіретін рухани қуат.
Қытай философиясының ең көрнекті ағымы даосизм, оның негізін Лао-
Цзы қалаған. Лао-Цзы Кәрі ұстаз философ деп аударылады, яғни бұл
құрметті лауазым Цзы деген қосымша бала немесе философ мағынасын
береді.
Лао – цзы - Конфуцийдің үлкен замандасы. Ол Дао дэ цзин деген
еңбек жазған. Бұл кітап – тақырып бойынша жинақталған афоризмдер
жинағы.
Трактаттың атын былай анықтауға болады:
- Дао – жол (заттардың)
- Дэ – жанның эманациясы (көрінісі)
- Цзин – мән
Жалпы кітаптың атын Жолдар мен оның көріністері туралы кітап деп
алуға болады.
Көне Қытай философиясы білім мен ізігілік мәселесін қатар қояды.
Ізгілік жолы оңай емес. Ізгілік өте нәзік, оны көріп бағалау
әркімнің қолынан келе бермейді. Ол да үлкен адамшылықты қажет етеді.
Өзіңе сын көзіңмен қарап, өз интеллектіннің өрісін білу өте маңызды.
Даосизм ілімнің негізін қалаған Лао – цзы осыған үлкен мән берген.
Біздің эрамызғa дейінгі IV-III ғасырларда жасалған Дао және дэ
туралы ілім деген трактатта: Білімі бар бола тұрып, білмеймін деп
есептейтін адам дана. Білімі жоқ бола тұрып білетін сияқты түр
көрсететін адам ақымақ. Шын дана өзін ешқашан да ұлымын деп
есептемейді, сондықтан да ол ұлы бола алады делінген.
Адамның дамуына үлкен кесілін тигізетін кедергі өзі жөніндегі
көтеріңкі пікірі мен өзін - өзі дәріптеушілігі болып табылады. Атақ
құмарлық, менмендік сияқты ұсақ, кемшіліктерді жеңе білу – шын
мәніндегі даналыққа апаратын алғашқы қадам.
Даосизм ілімінің негізгі ұғымы – дао. Дао табиғат пен адам
арасындағы жарастықты, тылсым байланысты ерекше дәйектейді. Ғаламның
шексіздігін, мәңгілігін еске алсақ, адамдар әлжуаз, көзге ілінер –
ілінбес қана тіршілік иелері.
Адамдар табиғат ананың шексіз қуатымен жарастықта бола алмаса,
ұзақ өмір сүре алмайды. Даосизмнің басшылыққа алар негізгі желісі осы.
Табиғаттың шектелуді білмейтін алып құдіреті – Дао болып табылады.
Қытай мәдениетінің көрнекті білгірі А.С.Мартиновтың пікірі
бойынша, конфуцийлік тұлға өзінің мән – мағынасын табиғаттан алады.
Сондықтан мемлекеттік аппарат оны табиғаттың сиы, ерекше дары деп
бағалаған.
Даолық жолдың мәні – оның табиғылығынды.
Адам жерге тартады, жер аспанға, аспан – даоға, ал дао - өзіне
тартады. Қытай халқына тән ойлау мәдениеті туралы К.Г.Юнг былай
жазады: Біз кездейсоқтық деп анықтаған құбылыс, осы бір ерекше ойлау
типі үшін, негізгі принцип дәрежесіне көтеріліп, ал біздер себеп
салдарлық байланыс деп соншалықты дәріптейтін құбылыс олар үшін
ешқандай мағынасы жоқ нәрсеге айналады.
Оларды салдарлы себеп туындататын гипотетикалық себептерден бұрын
бақылау сәтінде бірден көзге түсетін әртүрлі кездейсоқ оқиғалардың
өзара байланысы көбірек қызықтырады.
Батыс ойлау мәдениеті әрнәрсені саралап, салыстырып, теріп алып,
жүйелеп, бөлектейді, ал қытайлықтар бір сәтке көре алатын бір
кішкентай бөлшекке, құбылысқа мән береді. Өйткені, оны осы бір
кішкентай құбылыс немесе бөлшектің өзі емес, осы бақылауда болып
тұрған сәт көбірек қызықтырады.
Дао - дегеніміз барлық әлемнің негізі. Дэ – бұл күш пен энергия.
Ол даомен байланысқан, оның көрінісі.
Ци – бұл әмбебап ғарыштық субстанция (энергия). Ци тек тәнді ғана
емес, ойды да тудырады. Ци әлемнің материалды күші ретінде өмірді
тудыра отырып, конструктивті, ал сонымен қатар, жолындағының бәрін
жаппай, құрта отырып, деструктивті роль атқарады.
Пайда болумен, туындаумен және жоғалумен, құрдымға кетумен,
байланыстының бәрі ци ұғымының тікелей мәнін түсіндіреді.
Қытай философиясының тағы да бір көрнекті ағымы – конфуцийшілдік.
Оның негізін – Конфуций қалаған.
Кунь-Цю (551-479 ж. б.э.д.) Еуропа тілдерінде Конфуций басқаша
айтқанда Ұстаз Кун Лу провинциясында Цюй фу деген кішкентай
қалашықта дүниеге келген, әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде
болды. Жеті жасында мектепке барып, он жыл бойы аса үлкен
ыждаһаттылықпен оқыған. Ол рәсімдер мен әртүрлі рәміздерге көп көңіл
аударған.
19 жасында үйленіп, астық амбарларының күзетшісі болған. 66 жасқа
дейін Қытайдың барлық жерлерін аралап көрген. Сонан соң өзінің туған
қаласына оралған. Оның ілімі тез арада тарап, көп ізбасарлары пайда
болған. Өмірінің ақырында оның 3 мыңға жуық оқушылары болған.
Конфуцийдің негізгі еңбектері Көктем мен күз, Кеңес пен
толғам.
Конфуций адамның қоғамдағы және мемлекеттегі орны, тәртібі, өмір
сүру канондары жөнінде көп ойланған. Яғни, ол этика мәселесімен терең
айналысқан.
Конфуций пікірінше, аштан өлу – кішкентай оқиға, ал моральдан
айырылу - өте үлкен оқиға.
Конфуций ілімінің өзегі, негізі - Цзюн – цзы, яғни мәрт азамат
кісі.
Конфуцийдің ойынша аспан аясындағы бес асыл қасиетті бойына
жинаған адам кісілікті деп танылмақ.
Нақты қандай қасиеттер ?
- Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық
Сыпайылық – сыйынды арттырады.
Кеңдік – құрмет туғызады.
Шыншылдық – сенімге жеткізеді.
Зиялылық – табысқа бастайды.
Мейірбандық – билікке жол ашады.
Конфуций мемлекеттің тұрақтылығы туралы мәселе алдыңғы шепке
шығып, қоғамдық маңызға ие болған ерекше тарихи дәуірде өмір сүрді.
Сондықтан қоғамда баянды тұрақтылық немесе өмір сүру заңдылықтары
ұдайы орын алуы үшін оны қалай басқару керек деген сұрақ ойшылдың
көкейінде әруақытта тұрды. Ал адам Конфуцийді белгілі бір жүйеліктің
заңды бөлшегі ретінде қызықтырады. Сондықтан да оның адам туралы ілімі
мемлекетті басқару ілімімен тығыз байланыста болады. Өйткені, Конфуций
әртүрлі жағдайларда адам өзін - өзі қалай ұстауы керек екендігін
көрсетуге тырысады. Оның ізденістерінде адам туралы теориялық
пайымдаулардан гөрі практикалық ақыл – кеңестер басым болып отырады.
Конфуций пікірі Қытай халқының дүниеге көзқарасының
ерекшеліктеріне сүйенеді.
Ол адамды табиғаттың оған бағынатын заңды құбылысы ретінде
қарастырады, сонымен қатар адамның табиғатқа өзін қарсы қоя
алатындығын да ескереді. Мұның өзі адамның Аспан мен Жердің ортасында
тұрғандығымен түсіндіріледі. Бір жағынан, адам жер мен көкті өзара
біріктіретін дәнекер ретінде дүниенің біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, өзінің дүниедегі өзіндік орнына байланысты ол жермен де,
көкпен де ерекше қарым – қатынаста бола алады.
Конфуций дүниенің құрылымы және дүниеге көзқарас мәселесімен
айналасуды қаламаған, рухтар туралы да айтудан бас тартқан.
Барлық адамдардың өзін - өзі ұстауы туралы өте құнды ілім жасады.
Ұстаз айтыпты:
Адамды жақындастыратын – тумыс, табиғат, алыстататын – болмыс,
ғадет.
Конфуций жүйесінде көне дағдылардың дәрежесі және олардың ілімдері
өте жоғары бағаланды, дегенмен алдыңғы қатарға білімнің тек өзі емес,
дұрыс әдеп шығып отырады.
Білімнің құндылығы оның жақсы әдептердің қалыптасуына жағдай
жасауында болып табылады. Конфуций ілімдері этикет тәртібі бойынша
қолданылады. Оларды дұрыс қолдану әр адамның өзіне байланысты болады.
Ритуал нормаларына сәйкес болу үшін өзін - өзі ұстай білу – осының
өзі адамгершілік. Адамгершілікті іске асыру адамның өзіне байланысты,
оған басқалардың қатысы бар ма? Сөйтіп, адамгершілік ритуалға
бағынышты болып табылады. Ізгілікті адам болу үшін өзін - өзі
әруақытта жеңіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры
Қазақтың шешендік сөздері арқылы студенттерді тапқырлыққа тәрбиелеу
Классикалық неміс философиясы жайында
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Классикалық неміс философиясы
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы
Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Пәндер