Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ

Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

Халықаралық байланыстардың даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттау дың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергіні жасауда.

Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықарлық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттың алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар нарықты ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан.

Халықаралық стандарттардың жалпы мақсаты - сенімділікті қамтамасыз ету, олар барлық қажетті сипаттамаларға ие болады. Оған өнім мен қызметтің сапасы, экологиялық тазалығы, қауіпсіздігі, сенімділігі, үйлесімділігі және тиімділігі жатады. Сол сияқты халықаралық стандарттар экономикалық шығындарды азайтуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ұйымдар үшін халықаралық стандарттарды енгізу сенім мен ұсыныстың бірігуі болып табылады. Көптеген ұйымдар өздерінің өнімдерінің немесе қызметтерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қосымша баға басымдығы ретінде атап көрсетеді. Басқаша айтқанда, халықаралық стандарттар сенім баламасы тәрізді. Халықаралық стандарттардың осы кепілдік және сенімділік беру қабілеттілігі барлық әлемнің бизнес-секторында және экономикасында өзін танытқан соңғы жаһандық қаржы дағдарысы көрінісінде тіпті де зор бағаға ие болды. Тұрақтылық кезіндегі сияқты халықаралық стандарттар тәуекелшілік кезінде де, барлық әлемде сенімді қалыптастыру, тұманды жағдайды және басқарушылық тәуекелдерін сейілту үшін іс жүзіндегі тетіктерді қамтамасыз етеді. Осызаманғы әлемде өзіміз күткендегідей барлығы тегіс жұмыс істейтін жоғары деңгейлі күтім болуы қажет. Айталық, біз телефон тұтқасын көтерген кезде әлемдегі басқа кез келген телефонмен жылдам байланыса аламыз деп күтеміз. Сол сияқты Интернетке енген кезімізде жаңалықтар мен ақпараттарды жедел алуды күтеміз. Ал ауырған кезімізде зерттейтін және емдейтін медициналық құрал-жабдықтарға сенім артамыз. Өз автокөлігімізді жүргізер болсақ, біз оның моторының, рулінің, тежегіш желісіне және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісінің сенімділігіне үміт артамыз. Біз электрмен жабдықтауда болатын іркілістерден және экологияны ластаудың зиянды зардаптарынан қорғаныс күтеміз. Халықаралық стандарттар жаһандық деңгейде осындай сеніммен қамтамасыз етеді. Іс жүзінде стандарттаудың негізгі мақсаттарының бірі осындай сенім ұялату болып табылады. Жүйелер, өнімдер және қызметтер олардан күткеніміздей халықаралық шарттарда көрсетілген тиісті шарттар бойынша орындалуда. Олар өндірушілерге әлем нарықтарына шығу қабілеттілігіне және өнімдерінің жаһандық көлемде ұсыныла алатынына сенімділік береді. Өзара іс-қимыл қабілеттілігі ауқымдылық танытып, пайдаланушыларға қайда болса да тең қызмет алуларына сенімділіктерін арттырады. Сөйтіп, халықаралық стандарттар тұтынушыларға да, өндірушілерге және қызметтер жеткізушілеріне де бірдей пайда әкеледі. Оның дамушы елдерде жаңа өнімдер мен қызметтерді жылжытуды және енгізуді жылдамдататынын, экономикалық дамуына ықпал ететінін атап өту маңызды.

Жалпы ИСО деген не? Әлемдік қоғамдастық сапаны басқаруға - сапаны жоспарлауға көшті. Негізгі мақсат - өнім өндірушілердің тұтынушыны толық қанағаттандыруы.

Бұл тенденция стандарттың жаңа түрінде-ISO (International Organization for Standardization) 9000 анық көрініс тапты. ISO - ұлттық ұйымдардың (ИСO комитет-мүшелерінің) әлемдік федерациясы саналатын стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым.

ISO мақсаты - түрлі салалардағы және қызмет түрлеріндегі ықпалдастық үрдісіне ықпал ететін стандарттау және жобалау қағидаларын дамыту.

Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) - халықаралық стандарттарды әзірлейтін және басып шығаратын әлемдегі ірі ұйым. ИСО - бір ел бір комитет - мүшені білдіретін 157 елдің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар (комитет - мүшелер) желісі. Орталық хатшылығы Женевада, Швейцария барлық жүйені үйлестіреді.

ИСО - мемлекеттік және жеке секторды байланыстыратын үкіметтік емес ұйым. Бір жағынан көптеген ұйымдар (комитеттер - мүшелер) өз елдерінің мемлекеттік құрылымының бөлігі болып табылады немесе өз үкіметтерінің мандаттары болады. Екінші жағынан, басқа да комитет - мүшелер өнеркәсіптік ассоциация арасындағы ұлттық серіктестік арқасында дүниеге келген жеке секторға кірді. Осылайша, ИСО қоғамның айтарлықтай кең қажеттілігі сияқты, бизнес талаптарына да сәйкес келетін шешімдер негізінде жетуге тиіс консенсусқа мүмкіндік береді. ИСО атауы Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) атауында әр түрлі тілдегі түрлі қысқартулар болар еді (“МОС” орыс тілінде, “IOS” ағылшын тілінде, “OIN” француз тілінде), сондықтан оның негізін қалаушы оған барлығын қанағаттандыратын қысқа атау беруге шешті. Олар грек тіліндегі isos, яғни «тең» деген мағынаны білдіретін “ИСО” деген сөзді таңдады. Қандай да бір елге және тіліне қарамастан, ұйым атауының қысқаша түрі үнемі ИСО болады.

Халықаралық стандарттар ашық және мөлдір ортада жасалады, онда әрбір мүдделі тарап өз үлесін енгізе алады. Қазақстанда құрылған стандарттау жүйесі Қазақстан Республикасының 2005 жылы қабылданған “Техникалық реттеу туралы” Заңымен белгіленген құқықтық негізге құралған. Мемлекеттік стандарттардың өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің адамдар өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін, өнімдердің үйлесімділігі мен бірін-бірі алмастыра алатындығын, өнімдерді маркалауды, бақылау әдістері бірлігін қамтамасыз ететін талаптары заңмен міндетті түрде сақталатын болып айқындалған. Мемлекеттік стандарттардың өнімдердің тұтынушылық сипаттамаларына, оның пайдалану қасиеттеріне, кепілдік мерзімдеріне қатысты басқа талаптарына еркіндік берілген. Қазіргі уақытта техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында 64453 стандарттау жөніндегі мемлекеттік құжат бар, оған мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және өңірлік стандарттар енеді. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 3721 бірлік қабылданды, оның ішінде халықаралық талаптармен үйлестірілгені - 2562 бірлік, ол жалпы үйлестірудің 68, 8 пайызын құрайды. 2011 жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден бастап экономиканың басым бағыттарын есепке ала отырып жасалған 2010 жылдың 250-ден астам мемлекеттік стандарты іске қосылды. Мемлекеттік стандарттардың салалар бойынша саны мынадай: барынша көп сан тамақ өнеркәсібінде - 322 (61, 1% немесе абсолюттік өлшемде 197) және жол-көлік пен темір жол техникасында - 297 (үйлестіру деңгейі - 74, 7% немесе абсолюттік көрсеткіште 222 стандарт) ; мұнай-газ саласында, аралас өндірістер - 288 (85, 4% немесе абсолюттік көрсеткіште 246) және құрылыс материалдары мен құрылыс саласында - 194 (72, 6% немесе абсолюттік көрсеткіште 141) ; металлургия және тау-кен жұмыстары саласында - 138 (71, 0% немесе абсолюттік көрсеткіште 98) ; жеңіл өнеркәсіпте - 120 (53, 3% немесе абсолюттік көрсеткіште 64) ; ауыл шаруашылығында - 115 (46, 0% немесе 53) ; энергетика мен электротехникада - 99 (74, 7% немесе 74) ; машина жасауда - 99 (84, 8% немесе 84) және химия технологиясы мен лак-бояу өнеркәсібінде - 85 (67, 0% немесе абсолюттік көрсеткіште 57) . “Қазақстан Республикасындағы 2010-2014 жылдарға арналған техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі бағдарламаның” негізгі мақсаттарының бірі халықаралық стандарттарға сәйкес өнім өндіру үшін жағдай туғызу, менеджмент жүйесі мен технологиялық қайта құруды енгізу болып табылады. Аталмыш бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін орындай отырып, мүдделі тараптардың барлығын халықаралық талаптарға жауап беретін жаңа мемлекеттік стандарттарды белсене енгізуге шақырамыз. 2011 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспары бекітілді және 2012 жылдың осындай жоспары талқылауға ұсынылды. Қазақстан Республикасындағы экономика салаларындағы стандарттарды жасау үшін жұмыс тәжірибесі мол білікті ғылыми кадрлары бар стандарттау жөніндегі 49 техникалық комитет жұмыс істейді, олар 15 ТК ИСО жұмысына белсене қатысады. Қазіргі уақытта мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпараттар классификаторлары туралы ақпарат “Қазақстандық стандарттау институты” РМК Интернет-дүкені ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Интернет-дүкен техникалық реттеу және метрология комитеті сайтының қосымша жүйесі болып табылады және www. memst. kz мекенжайы бойынша орналасқан, Интернет-дүкеннің барлық ақпараттық өнімі нақтылы, маңызды ақпараттан тұрады және ресми мәртебесі бар. Өндірістің де, өнімнің де бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық стандарттарды одан әрі жетілдіре беру қажет.

Стандарттар неге маңызды? Стандарттар біздің өміріміздің аспектілеріне орасан зор үлес қосады. Стандарттар бұйымдар мен қызмет көрсетудің қажетті мысалы, сапа, достық қоршаған орта, қауіпсіздік, сенімділік, тиімділік және өзара алмасушылық, дұрыс экономикалық құндылығы үшін маңызды сипаттамаларды қамтамасыз етеді. Бұйым және көрсетілетін қызметтер біздің қажеттілігімізге сәйкес келетін болса, біз мұны тиісті ретінде қабылдаймыз және бұған стандарттың қандай рөлі бар екеніне ойланып қарамаймыз. Ал стандарт жоқ болса, мұны байқай бастаймыз. Біз сапасы нашар бұйым бізге қолайлы емес екеніне, сатып алған жабдықпен үйлеспейтініне, сенімсіз және қауіпті екеніне алаңдаушылық таныта бастаймыз. Егер бұйым, машина және құрал жүйелері жақсы қауіпсіз жұмыс істейтін жағдайда, ол стандарт талаптарына қауіпсіз жұмыс істейді. Мысалы, ҚР СТ ИСО 1736-2009 Сүт және сүт өнімдері. Майдың құрамын анықтау. Гравиметрлік әдіс(Бақылау әдісі) . ( ISO 1736:2008 Dried milk and dried milk products - determination of fat content -

gravimetric method (reference method), IDT),

Бүкіл әлемге пайда әкелетін мыңдаған стандарттарға жауап беретін ұйым - ол ИСО. Стандарт болмаса, ондай жағдайды байқайтын боламыз.

ИСО Бренді

▪Демократиялығы

Әрбір толық құқылы комитет - мүше өз елінің экономикасы үшін маңызды деп саналатын кез келген стандартты әзірлеуге қатыса алады. Осы экономика көлеміне немесе беріктігіне қарамастан, әрбір ИСО комитет - мүшесінде бір дауыс болады. Әрбір елде стратегиялық деңгейде ИСО жұмыстары бағытына сияқты, жеке стандарттардың мазмұнына әсер ететін тең құқығы бар.

▪Еріктілігі

ИСО стандарттары ерікті болып табылады. Үкіметтік емес ұйым ретінде ИСО заңды өкілеттілікті стандарттарға енгізуге мәжбүрлей алмайды. ИСО реттеумен немесе заңнамамен айналыспайды. Алайда мүше елдер ИСО стандарттарын қабылдау туралы шешім енгізе алады, көбінесе, регламент немесе техникалық базаны қамтамасыз ететін заңдарда сілтеме беру үшін ретінде денсаулық, қауіпсіздік немесе экология мәселелеріне қамқорлық жасайтын елдер. Оның үстіне ИСО стандарттары ерікті болғанымен, олар ИСО 9001 Сапа менеджмент жүйесі немесе жүк контейнері және банк карточкалары өлшемді сияқты нарық талабымен жүре алады. ИСО реттеумен немесе заңнамамен айналыспайды.

▪Нарықтық жағдай жасау

ИСО нарық сұранысына ие стандарттарды ғана әзірлейді. Әдетте стандарттарға сұраныс пайда болған және кейіннен оларды қолданысқа енгізетін өнеркәсіптік, техникалық және экономикалық секторының мамандары жүргізеді.

▪Консенсус

ИСО стандарттары осы облыстағы мамандар арасында халықаралық консенсусте негізделген. Консенсус технология сияқты дамиды және ИСО стандарттардың қолданыста болуын, одан әрі қолданылуын, актуальданатынын немесе күші жойылатынын шешу үшін кемінде әрбір бес жыл сайын кезеңді қайта қарауды қажет ете отырып, дамитын технология сияқты дамушы мүдделерге де назар аударады. ИСО стандарттары ғылым және техниканың қазіргі заманғы жағдайын бейнелеу сияқты өзінің позициясын сақтайды.

▪Кең ауқымды мағынада релевантты ИСО стандарттары технологияны халықаралық көлемде үйлестіру құрылымын қамтамасыз ететін техникалық келісімді білдіреді. Олар бүкіл әлемге пайдалы кең көлемді релевантты ретінде әзірленді. ИСО стандарттары бүкіл әлемге пайдалы болды. Бүгінгі таңда ИСО жұмысы нәтижесі ағылшын және француз тілінде (терминология үнемі беріледі және басқа тілдерде беріледі) 62 астам беттен тұратын 16000 халықаралық стандарт болып табылады.

ISO сертификаты - кәсіпорынға сапа менеджменті жүйесінің барын растайтын, ISO стандарты бойынша Халықаралық мекемемен жасалатын халықаралық сертификат болып табылады. ISO сертификатының болуы сіздің компанияңыздың отандық және халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Сертификат өнім сапасының немесе тұтынушыға қызмет көрсету барысында белгі, сенімділіктің қосымша кепілдігі.

Сертификат жарамдылығы 3жыл.

ISO-ның және ISO сертификатының мақсаты - әртүрлі бизнес саласында интеграциялық процестерге қабілетті стандартизация принциптерінің дамуы. ISO сертификаты және сапа менеджменті сертификаты әлбетте, компанияны берік мекеме ретінде позициялайды, бірақ жұмыс барысында тек сапа жүйесінің болуы жеткіліксіз болатынын көрсетеді.

  1. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ҚАУІПСІЗДІГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІИСО-ның құрамы мен құрылымы

1923 жылы бірінші Халықаралық стандарттау ұжымы құрылды, оның аты «Стандарттау бойынша ұлттық ассоциациясының Халықаралық федерациясы (ИСА) » оның мүшелер саны 20. Бұл ұжымен 32 Халықаралық стандарттар зерттелініп дайындалынып ұсынылды. ИСА екінші дүниежүзілік соғыс кезінд өзінің қызметін тоқтатты.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) 1947 жылы құрылды. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникадан басқа стандарттау саласының барлығын қамтиды. 2003 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 146 ел қатысты, оның ішінд 94 ел ИСО мүшесі болады, 37 корреспондент-мүше жән 15 қол қоюға құқысы бар мүшелер(1-сурет) . ИСО мүшелерінің ИСО комитеттерінің кез келген жұмыстарына қатысуға, стандарт жобаларына дауыс беруге, ИСО кеңес құрамына сайлануға және Бас ассамблея отырысына қатысуға құқысы бар. Корреспондент-мүшелері ИСО жұмыстарында белсенді жұмыс істемейді, бірақ зерттеп дайындалып жатқан стандарттар туралы ақпарат ала алады. ИСО-ның органдары-Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер, орталық секретариат, Жоғарғы органы-Бас ассамблея. Бас ассамблея ИСО-ның жоғарғы органы болады, ол - мүшелер, белгіленген делегаттар мен басқарушылар жиналысы.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/05/ISO_Members.svg/450px-ISO_Members.svg.png

██ мүше елдер

██ корреспондент мүшелер

██ жазылушы елдер қатары

██ ISO 3166-1 стандартты кодын қолданушы, бірақ мүше емес елдер

1-сурет. Халықаралық Стандарттау Мекемесінің ISO мүше елдер картасы

Әр мүшенің үш делегат арнына дауыс беру құқысы бар. Корреспондент-мүшелер мен қол қоятындар жиналысқа бақылаушы ретінде қатысады. Бас ассамблеяның сессиялары арасында ИСО жұмыстарын ИСО кеңесі атқарады, оның басында ИСО Президенті тұрады. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж. б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж. б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж. б. ) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған. Әр уақытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан, осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған. Біраз елдерде электротехника, электроникажәне байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз. ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты үйым мүшелерінің жарна төлемінен және халық- аралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар - Біріккен Ұлттар Үйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж. б. ұйымдар да қатысады. Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтың ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, ЛатынАмерикасында, Арабия аймағында, Афикада, Еуропалық Одақ (Е. О) . Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады. Кеңес 18 мүшеден тұрады, стандарттау бойынша ұлттық ұжымдардың укәкілеттіліктері, олар үш жылға сайланады. Кеңес жанында Ақтау бюросы құрылды, ол ИСО-ның техникалық комитеттерін басқарады. Ұйым құрамында 200-де аса комитет бар. Штаб пәтері Женевада орналасқан. ИСО-ның жоғарғы басшылық органы Бас ассамблея 3 жылда бір рет өтеді. Тікелей басшылық ИСО кеңесі жүргізіледі. Негізгі координациялық жұмысты жеті комитет атқарады(1-сұлба) .

  1. сұлба. ИСО құрылымы

СТАКО - ИСО кеңесінің стандарттау бойынша іргелі мәселелерді қарайтын комитеті. Барлық жұмыстары жұмыс тобының шеңберінде жүргізіледі. Мысалы стандарттау принциптері, стандарттаудың тиімділігі, мемлекеттерде халықаралық стандарттарды қолдану т. б. мәселелерді қарастырады.

Сондай-ақ СТАКО-ның терминология жөніндегі тобы үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл комитеттен дайындап шығарған терминология мен анықтамалар стандарттау, сертификаттау және сынақ жүргізу бойынша қолданылатын терминдерді бір үлгіге келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде СТАКО-ның негізгі іс қызметі стандарттау саласында мемлекетаралық тәжрибе алмасу мақсатымен семинарлар өткізу болып отыр.

ПЛАКО. ИСО-ның жұмысын жоспарлау жөнінен ұсыныстар дайындайды, техникалық жұмыстарды үйлестіріп, ұйымдастырады. Сондай-ақ техникалық комитеттерді құру, тарату жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

КАСКО. Өнімді сертификаттаудың стандарт талаптарына сәйкестігін ұйымдастыру мәселелерін зерттейді. Негізгі жұмыс саласы сертификаттаудың ұлттық және аймақтық жүйесін өзара тану (ұйғару), қабылдауына жәрдем жасау.

ИНФКО - ИСО-ның ақпараттық жүйесін құрады (қалыптастырады) . Стандарт НҚТ-дың автоматтырылған тізімін жүргізу, стандарттар жөніндегі ақпарат алмасу мүмкіндігін жасау.

-Стандарттау орталықтарының жұмысын үйлестіреді.

-Стандарт, НТҚ-ды жіктеу, индекстеу жөнінен нұсқаулар беру.

-НТҚ жөніндегі ақпараттық жүйесінің халықаралық стандартының қолданылуына жәрдем жасайды.

ДЕВКО - стандарттау саласы бойынша дамып келе жатқан елдердің сұранысын (қажеттілігін) зерттейді. Дамыған елдермен тәжірибе алмасу, мамандар дайындау, оқулықтар әзірлеу, дамыған елдермен стандарттау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады.

КОПОЛКО - тұтынушылар үшін өнімді стандарттаудың тиімділігін арттыру жолдарын зерттейді, стандарттау жұмысына тұтынушылардың қатынасуына жағдай туғызады. Тұтынушылар мәселесі бойынша ИСО ұйымдарымен байланыс жасайды.

РЕМКО - стандарттың үлгі, эталондарға қатысты жетекшілік құжаттар әзірлеуіне ИСО-ға әдістемелік көмек көрсетеді.

  1. Қазақстан Республикасында стандарттарды халықаралық деңгейде қолдану барысы

Қазақстан ИСО, МЭК, МОЗМ сияқты халықаралық ұйымдар- дың мүшелеріне 1994 жылдан бастап ене бастады. Сондай-ақ, МГС (мемлекетаралық стандарттау жөніндегі кеңестің) және МНТКС (құрылыста техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның), сол сияқты ЕврАзЭС (Эвразиялық экономикалық ынтымақтастығы) және ШОС (Шанғай ынтымақтастық ұйымының) халықаралық ұйымдарының тең құқылы мүшесі бола алды. Елімізде Саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар Орталығымен тығыз қарымқатынаста жұмыс істейтін Орталық құрылды. Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қоры халықпен тығыз жұмыс істейді. Онда 48 мыңнан астам нормативтік құжаттар, сондай-ақ ИСО, МОЗМ, МЭК халықаралық стандарттары да бар. Бүгінгі таңда тұтынушылардың стандарттар базысынан компьютер арқылы нормативтік құжатын оңай тауып алуына ыңғайлы жағдай жасалынған.

Мемлекетіміздің индустриялды-инновациялық бағдарламасының ең бір басты мақсаты - бәсекеге қабілетті және экспортқа ұялмай шығара алатын өнімдерді өндіру. Қазақстандық өндірушілерді ішкі және сыртқы нарықта жетістіктерге жеткізетін бірден-бір құрал - ол халықаралық стандарттарға көшу болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Йогурт сапасын бақылау
Өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы жағдайында
Сапаның экономикалық маңызы
Сүт өнімдерінің сапасын бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі
ҚР ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық мәні
Өнімдердің сапасы және қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz