Сауат ашу кезінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
1 Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері
1.1 Байланыстырып сөйлеуге үйренетін дағдылар мен шеберліктер ... ... .6.8
1.2 Жазуға үйретудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.12

2 Оқушылардың грамматика мен тіл дамытуда дағдылары мен шеберліктерін оқыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.16
2.2 Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан алған білімдері мен дағдылары, шеберліктерінің шеңбері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен ка¬рым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердіңістеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейіноны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы про¬цесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түміну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әміров Р., Дәулетбекова Ж. «Қазақ тілі» пәні мазмұнының жаңа бағыттары жөнінде // Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие деңгейін көтеру проблемалары: Ғылыми-практ. конф. материалдары. – Алматы, 1996. – 132-136 б.
2. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 2008. – 240 б.
3. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 2005. – 25 б.
4. Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. – Алматы, 2000. – 173 б.
5. Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. – Алматы, 2002. – 88 б.
6. Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. – 2000. - №5. – 21-24 б.
7. Дүйсебаева М. Фонетиканы оқыту // Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1998. – 240 б.
8. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы, 1994. – 120 б.
9. Сұнғатова Г.Ж.Сабақта ойын жағдаяттарын пайдалану//.Қазақ тілі әдістемесі,2008,№2, 9-11б.
10. Сұнғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі//, 2009,№3,26-29 б.
11. ҚұдайбергеноваА.М.Ойындар-коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру құралы// Қазақ тілі әдістеме, 2009,№8. 20б,22 б.
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.
13. Исаев С. Қазақ тілі/-Алматы, 1993ж.
14. Аханов К. Тіл білімінің негіздері/ Алматы,1991ж.
15. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/-Алматы, 1998 ж.
16. Лингвистикалық түсіндірме сөздік/ -Алматы, 1998 ж.
17. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері/ -Алматы, 1996 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Сауат ашу кезінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
1 Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері
1.1 Байланыстырып сөйлеуге үйренетін дағдылар мен шеберліктер ... ... .6-8
1.2 Жазуға үйретудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-12

2 Оқушылардың грамматика мен тіл дамытуда дағдылары мен шеберліктерін оқыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-16
2.2 Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан алған білімдері мен дағдылары, шеберліктерінің шеңбері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20- 21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен ка - рым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердіңістеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейіноны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы про - цесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика - графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түміну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр - салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екішшісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі - жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасадаы. Мұғалім бұл үшін жұмыстың ір түрлерін, оқыту әдіс - тәсілдерін тиімді пайданалары сөзсіз.
Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор.
Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті- ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын активтендіреді. Штирхтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады.
Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарды меңгереді. Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз- көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс -әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді.
Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.
Дыбыс саны мен әріп үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы, аяқ сөздеріне әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп отыру қажет.
Курстық жұмыстың міндеттері. Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс:
1) дыбыстарды орын-орнына қойып сөз құрастыру;
2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу;
3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің, (ь) айырмашылығын ұғу;
4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу;
5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу;
6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру;
7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;
8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу;
Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:
1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу;
2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу;
3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу;
4) жазған сөздерін тексеріп отыру;
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Сауат ашу кезеңінде оқушылардың уйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері
1.1 Байланыстырып сөйлеуге үйренетін дағдылар мен шеберліктер
I сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әнгімелескенде олар сөйлеммсн сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін граммати - ка сабақтарында нақтылана түседі.
Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет -- балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі картинкалардың, көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.
Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін деформациялық мәтіндер алған жақсы.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мульт - фильм немесе балалардың ойыны, сондай-ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
Сөйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл қабылдаудың маңызы зор. I сынып оқушыларының бірқатары дыбысты дұрыс айта алмайды (р, л, с, ш, з, ж, щ, ц).
Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ, т. б.). Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, ка-га, га-ка, жа-за, за-жа, жа-ша, ша-жа) оңай білуге болады.
Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау процесінде де көрінеді. (Мысалы, шаш, шана сөздерінен шдыбысын бөліп көрсеткенде т. б.). Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.
Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардын, арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды.
Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жсткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.
Осыған орай, I сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажст. Бұлжұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сездік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардьщ арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.
Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, бел - гілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгі-мені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі -- балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.
I сынып оқушыларысурет бойынша, сөйлегенде де, ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естіңжұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтанбалаларды ойлауға, сөздерді көре білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
I сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.
Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттеріне үйренеді. Мұнда балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы (көрнекі түрде салыстыру, қайта құрастыру) пайдаланылады.
Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі мәтіндер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағанамен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т. б.
Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақтарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштар: шырша, үйеңкі т. б.

1.2 Жазуға үйретудің маңызы
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың мақсаты- балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:
Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек.
Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.
3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар- қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынандай:
Қорыта айтқанда, оқушы белсендігін арттыру, тануды шығармашылықпен үйрету арқылы оқушының күш қуаты артып болашақтың жауапты азаматы екендігіне сенім ұялады өмірге, білімне деген қызығушылығы оянды. жауапты Шығармашылық ойлауы мен іс-әрекеті қалыптасқан адамның іскерлігі жетіліп, бойындағы рухани байлықтары нығайып, адамзат мәдениетіне мол үлес қосатыны анық. Шығармашылық жұмыс шығармашыл тұлға қалыптастырады.
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты - балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу
Алфавит пен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы реніші т.б.с.с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын қажет етеді т.с.с.
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.
Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.
Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.) оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша саналы түрде, түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра түседі.
Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі қағидасы - морфологиялық қағида, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б, дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педогогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық қағидаға сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.
Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.

2Оқушылардың грамматика мен тіл дамытуда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесі
Сөздерден сөйлем құрау
Тіл дамыту және оқыту әдістемесі
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Әріптерден сөз жасау
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Пәндер