Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану



Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Психологиялық.педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой.пікірлері
1.1 М. Жұмабаевтың өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
1.2М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.11

2 Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой.пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы
2.1 М. Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері ... 12.14
2.2 «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны ... ... ... ... 14.23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Курстық жұмыстың өзектілігі. М.Жұмабаевтың поэзиясының негізгі күшті жақтары –сыршылдығы, ұлттық, халықтық сипаты – оның басты кемшіліктеріне айналады. Халық төбесіне көтерген ақынның қуғын-сүргінге, қасіретке толы ауыр тағдыры басталады. Мағжанды «ұлтшыл», «алашордашыл» ретінде әшкерелеу ұйымдасқандық сипат алды. 1924 жылдың басында Орынборда Мағжанға әдебиеттік сот ұйымдастырылды. Сотта Мағжанды қазақ халқының қас жауы, оның шығармалары еш жерде оқылмасын, баспасөз беттерінде шығармаларының жариялануына орын берілмесін деген мәселелер қойылады. Осындай жиналыстың бірі сол жылы Мәскеуде қараша айында өтті. Мағжан өлеңдерін халыққа жат деп тауып, қарар қабылдады. Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы» атты мақаласында: «Мағжанның нағыз кінәсі, жалғыз-ақ кінәсі – аса үлкен дарындылығында»,- деген болатын. Шын мәніндегі мағжантану Жүсіпбектің осы мақаласынан бастау алды. Бұл мақала жайлы «Бұл сыни еңбектің, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, жалғыз мағжантануды ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел басып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш, сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Осындай ерекшеліктерімен күні бүгінге дейін сын саласындағы биік шеберліктің «эталоны» болып келеді» –деп жазды ғалым Т.Кәкішев.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
Зерттеу тақырыбының пәні: педагогика ғылымының қалыптасу үрдісі
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
• Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
• Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
• М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру;
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбеков Б. Қ 26 Этнопедагогика: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. 302-б.
2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1923.
3. Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004. 286-б.
4. Қоянбаев. Педагогика. Алматы.2001. 205-б.
5. С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында // Ізденіс, 2002. №4 Б: 8-12
6. С.Сеңкібаев. Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел
мектебінің негізі // Ұлт тағылымы. 2001. №6 Б: 3-6
7. Б.Базарбаева, О.Бөдесова. М.Жұмабаев атындағы педагогикалық
бағдарлы мектебінің болашағы // Ұлағат. 2003. №1 Б:16-18
8. М.Бағыбаева. М.Жұмабаевтың психологиялық мұрасы // Ұлағат. 2003. №2 Б: 25-27
9. М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие // Ұлағат.
2004. №5 Б: 36-38
10. С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық-тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы // Білім. 2001. №3 -306-б.
11. Жұртбай Т. Алаш ақиықтары. – Астана: Отырар. 2004. 8-б.
12. К.Құнантаева, И.Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде //
Қазақстан мектебі. 1993. №10
13. Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі. 1993. №2
14. Оқулық және оқулыққа қосымшалар. – Алматы: «Санат», 2003. – 528-б.
15. Жұмабаев Мағжан. Таңдамалы: (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер,
аудармалар). – Алматы: Ғылым, 1992. – 272-б.
16. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы. // Лениншіл жас. №5, 1923.
17. Шәріпов А. С.Қожанұлы- әдебиетші. – Алматы: Ер-Дәулет. 1994. 348-б.
18. Тоғжанов Ғ. Мағжан туралы // Жаңа дәуір. 1928, №9, 34-б.
19. Мұстамбаев Ы. Жұмабаев және «Тоқсанның тобы». // Советская степь. 24.V. 1929.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. М.Жұмабаевтың поэзиясының негізгі күшті жақтары - сыршылдығы, ұлттық, халықтық сипаты - оның басты кемшіліктеріне айналады. Халық төбесіне көтерген ақынның қуғын-сүргінге, қасіретке толы ауыр тағдыры басталады. Мағжанды ұлтшыл, алашордашыл ретінде әшкерелеу ұйымдасқандық сипат алды. 1924 жылдың басында Орынборда Мағжанға әдебиеттік сот ұйымдастырылды. Сотта Мағжанды қазақ халқының қас жауы, оның шығармалары еш жерде оқылмасын, баспасөз беттерінде шығармаларының жариялануына орын берілмесін деген мәселелер қойылады. Осындай жиналыстың бірі сол жылы Мәскеуде қараша айында өтті. Мағжан өлеңдерін халыққа жат деп тауып, қарар қабылдады. Ж.Аймауытовтың Мағжанның ақындығы атты мақаласында: Мағжанның нағыз кінәсі, жалғыз-ақ кінәсі - аса үлкен дарындылығында,- деген болатын. Шын мәніндегі мағжантану Жүсіпбектің осы мақаласынан бастау алды. Бұл мақала жайлы Бұл сыни еңбектің, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, жалғыз мағжантануды ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел басып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш, сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Осындай ерекшеліктерімен күні бүгінге дейін сын саласындағы биік шеберліктің эталоны болып келеді - деп жазды ғалым Т.Кәкішев.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
Зерттеу тақырыбының пәні: педагогика ғылымының қалыптасу үрдісі
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
* Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
* Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
* М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеті, беріледі. Курстық жұмыстың бірінші тарауы Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері, - деп аталады. Бірінші тарау Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы, тағдыры, ақындық еңбектері, репресия ұшыраған кезі және де Мағжан Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері толықтай ашып көрсетіліп, талданады. Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы атты екінші тарауда М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары, оның педагогикалық еңбектерінің бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері, Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны, автордың тәрбиелік идеялары қарастырылады. Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері
1.1 М. Жұмабаевтың өмір жолы
Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 ж. Қызылордадағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттық жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихына дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоу-си, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 ж. шыққан Абай өлеңдерін оқып, Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға деген өлең жазды. 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 ж. Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында Шолпан атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913-1916 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. Бірлік ұйымы жұмысқа белсене араласып, Балапан қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, М.Жұмабаев "Қазақ" газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Акмола облыстық, қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. "Алаш партиясының Ақмола обл. комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуык абақтыға отырып шықты. Екінші жаллы қазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалык етті. 1918-1919 ж. Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті [17, 20].
1919-1923 ж. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жүмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды" жазып, жарыққа шығарады. 1923-1927 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркем өнер ин-тында оқиды. Онда орыс өдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достыққарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сыяға ұшырады. 1924 ж. 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабаевтың 1922 ж. қазанда, 1923 ж. Ташкеште басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 ж. 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат" деген өлең жазды. Ол "Тілші" газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ" газетінің 1924 ж. 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына деген ескертпемен Сәлемге сәлем деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, уралап айқайламадың деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан 1927-1929 ж. Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 ж. ақын "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырқа түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 ж. М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабак беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 ж. наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзия-М. Жұмабаевтың Петропавл қаласындағы ескерткішінін өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байыпты. Жұмабаев ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалықшақ", "Казағым", "Қарағым'', "Мен сорлы"). Бірқатар өлендерін махаббат тақырыбына арнады ("Жас келін", "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу"). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды ("Туған жерім -- Сасықкөл"). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленді халыктарының бірлігі тақырыбы Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
1.2 М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары
Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігінe самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бipre оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялык, жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы "Педагогика" атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазак, зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал.... Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттың мұғалімдер курсында оқытылған дерістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады. Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.
Мағжан Жұмабаев тағы да былай деді: Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі (интернационалдық терминдер - С.Қ.) болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым. Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын.... Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару, - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. Ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, - баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы керек. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр, - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда, қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. ...Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл. Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат-анадан алшақтап, оған немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғалымның ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра аламағаны анық. Бұрқыраған боран мен сатырлаған жаңбырда, сақылдаған аяз бен ми қайнатқан аптапта, ұлан-ғайыр сахараны кезіп жүрген қазақтың көшпелі тұрмысында сәбидің ыстық-суыққа ұрынбай өсуіне бесіктің ғасырлар бойы игі қызмет еткенін, әрине, жоққа шығаруға болмайды. Автор осымен байланысты: Қазақ бесігі - аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп себепші дей келе, қазақ бесігінің құрылысын жетілдіре түсу қажет дейді.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды. Шытырман мәселенің арқауын осылайша түйіндеп, Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындау, есейе келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да, түсінікті нәрсе.
Ол сыртқы сезімдерді (қазір түйсіктер деп аталады) көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына ыждағат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрге сүйену қажеттігін, есту сезімін дамыту үшін түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе, бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтеді.
Кітапта зейін туралы да біраз деректер бар. Абай дегеніміз, - деп жазды ол, сыртқы дүниедегі бір затқа яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге - ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі. Оның бала зейінін тәрбиелеу жөнінде айтқандары қысқа болса да нұсқа. Автор шәкірттердің зейінін дамыту үшін әсердің күшті, жке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір оқушылардың абай болмауының себептерін де аша кетеді.
Автор тілдің адам өміріндегі маңызы жайында айта келіп, оның ұлттық мәнін мәйекті мәнермен жеткізеді: Ұлттың тілі кеми бастауы, - деп жазды ол, - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тымық, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр. Бала темпераментін сангвиник, холерик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндайды. Баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктері де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берілгені байқалады. Мағжнның кітабы Педагогика деп аталғанымен, көбіне психология мәселелерін сөз еткен. Мысалы, шағын еңбектің 17 тарауының 13-і тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика тақырыбына екі-ақ тақырып (Педагогика бөлімдері, Жалпы педагогика) арналып, оларды автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндаған. Сөйтіп, барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған тараулары адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.
Мағжан Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М.Жұмабаевтың - осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы ...адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ... Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек.

2 Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы
2.1 М. Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері
Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға алғаш қадам жасаушылардың бірі де Мағжан. 1923 жылы Бастауыш мектепте ана тілі атты еңбегін жариялайды. Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады. Мектеп үш тұрғыдан : 1) Бастауыш мектептің міндеті, 2) Еңбек міндетінің міндеті, 3) Төрт жылдық бастауыш мектептегі ана тілінен құралуы талап етеді дей отырып, ана тілінің мақсаты мен міндетін көрсетеді. Әдіскер ғалым аталмыш еңбегінде жаттығулар мен дағдылар жүйесін ІV сыныпқа топтай отырып төмендегіше ұсынады:
І-сыныпта: а) жандағы әсерді қысылмай сөзбен жарыққа шығару; ә) аздап жаттаған өлең мысалдарды дұрыс, ашық айту, оқи білу; б) қысқа да болса, дұрыс сөйлеу; в) оқуға жаттығу; г) өзі салған суреттердің астына өзінің атын жаза білу; ғ) тақтадан, кітаптан көшіру; д) күн аттарын жазу һәм барлық балалардың аттарын тізе білу; е) ұғынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алу; ж) ертегілерді, әңгімелерді сахнаға айналдыра білу.
ІІ-сыныпта: а) естігені я көргені туралы толығырақ әңгіме айту; ә) есіткен, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру; б) біреумен дұрыс, толық сөйлесе білу; в) сурет бойынша әңгіме ете білу; г) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші ойдан шығарып айту; ғ) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; д) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; е) баспадан, жазбадан қысқа мақалаларды көшіріп жаза білу; ж) күнделік тізу; з) оқуға ұстарту.
ІІІ-сыныпта : а) бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме шығарып тәжірибе жасау; ә) балалар жиылысында пікірін дәлелдеп толық қылып сөйлей білу; г) әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу; күнделікті календарды тізе білу; ғ) балалардың өз әсерлерінен альбом тізу, журнал шығару; д) жиылыстар, экскурсиялар сықылды оқиғалардан жазбаша есеп бере білу.
ІV-сыныпта : а) белгілі бір пікірдің жобасымен толық дұрыс сөйлеу һәм жазу; ә) әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, өлшеулі, өлшеусіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу; б) әдебиет әсірінен алынатын сұлулық сезімін декламациямен тереңдету; в) оқығанды суретке салу, әдебиет әсерінен сахнаға айналдыру; г) жазбаша баяндама һәм есептен шығып жиылыстарды сөз сөйлеу; ғ) журналды тереңдету; д) спектакльге қатысу; е) мектепті оқу үйін басқаруға жәрдем қылу.
Сондай-ақ М.Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, "Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі деп қарайды. Тілдің ережелерін бала өзінің сөйлеп жүрген тілінің ережелері деп емес, "Тіл құралдың ережелері деп түсінеді", - дейді [6]
Мектептің міндеті - бір жақтан, хат таныту болса, екінші жақтан, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Ағартушы төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің ауданын мына бағыттарда жүргізіді ұсынады:
1. оқу, жазуға үйрету;
2. емлеге дағдыландыру;
3. жазбаша сөзді өркендету;
4. баланың ұғымына лайық ауызша һәм жазба әдебиет түрлерімен таныстыру;
5. ұғып оқуға дағдыландыру.
М.Жұмабаев бала не нәрсемен айналысса да, ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білуі керектігін, болмаса тілі түзілмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмеймін балаға ешбір білім беруге мүмкін еместігін дәл аңғарған.

2.2 Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны
1922жылы15қырқүйегінде Қызылжарда өзінің Педагогика еңбегі жайлы М.Жұмабаев: Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза - орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым. Ақын осылайша ағынан жарылып, өз еңбегін төрт аяғынан тең басқан дүние демейді. Сөйте тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының (педагогтерінің) еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, мұғалімдерге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдікі, - дейді ұстаз.
Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Қазақта Баланы жастан
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Мағжан Жұмабаев - педагог ретінде
Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны
Пәндер