Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік істің теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
І. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік істің теориялық негіздері . . . 6
- Кәсіпкерлік істің мәні және мазмұны . . . 6
- Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері . . . 8
ІІ. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік іс-әрекеттің жағдайын талдау және кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау . . . 13
2. 1 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар туралы ережелер . . . 13
2. 2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құрудың ерекшеліктері . . . 14
2. 3 Қазақстан Республикасындағы кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау . . . 16
Қорытынды . . . 24
Әдебиеттер тізімі . . . 26
АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) құрылуы мен дамуы».
Бірінші тарауда кәсіпкерлік істің мәні және мазмұны, кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері қарстырылған
Екінші тарауда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар туралы ережелері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құрудың ерекшеліктері, Қазақстан Республикасындағы кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау қарстырылған
Курстық жұмыс компьютерлік текстпен 26 бет, 3 сурет және графиктер бар. Қолданылған әдебиеттер 20.
Кіріспе
Қазақстанда тиімділігі жоғары ұлттық экономиканы құруда мемлекетте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуынсыз мүмкін емес. Әлемдегі дамыған мемлекеттерде шағын бизнес экономикалық өсімнің темпін айқындап және Жалпы Ұлттық Өнімнің 40-50% дейін көлемін алып отыр.
Шағын кәсіпкерлік орташа класстың құрылуына фундаменталды негіз болып табылады, бірақ қызмет сферасының кеңеюінің нәтижесінде республика тенденциясында ғы анық көрінетін әлеуметтік диференциясы әлсіреуі мүмкін.
Мемлекет тарапынан отандық кәсіпкерлікті қолдау туралы бағдарламалары қабылданғанына қарамастан, шағын бизнес мемлекетімізде әлі ерекше сектор болып қалыптасқан жоқ.
Нарықтық экономика жүйесі бұл реттегіш функциясы мемлекеттің қолында болатын экономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделгендіктен экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті қолдап, кіші және орта бизнесті дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық әлеуметтік мәселелерін шешуге кіші кәсіпкерлік нысандарына арқа сүейді. Себебі кіші кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік статусын жоғарлату мен қатар нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, бәсекелестік нарықтық қатынастардың дамуына, тауар ассортиментінің көбейіп, толуына жергілікті шикізат ресурстарының пайдалануына өз ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік қызметтің динамикасын зерттеу, оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.
Курстық жұмысымның енгізгі мақсаты кіші кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдеп, кіші кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындап, проблемаларын шешу жолдарын ұсыну болып отыр.
Мазмұнына келер болсақ:
Бірінші бөлімімде экономикалық жүйедегі кіші кәсіпкерліктің ролі, экономикалық маңызы, экономикалық қызметіне қарай түрлері, ірі кәсіпорындардың алдында кіші кәсіпкерліктің икемділігі ашып айтылған, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің шетел тәжірибесінің пайдалы жақтарын өз мемлекетімізде қолдану тақырыбы қамтылған.
Екінші және үшінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстан Облысында жалпы экономикалық көрсеткішіне сала-сала бойынша талдау жасалып, облыстағы кіші қалаларынада мемлекеттік қолдау көрсетіп дамыту жолдары қарастырылған.
- Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлік істің
экономикалық негіздері
- Кәсіпкерлік істің мәні және маңызы
Экономиканың негізін екі Фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірілген құрал-жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен категорияға бөлінеді:
- Материалдық ресурстар-жер оның табиғи байлығы және капитал;
- Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Қысқаша экономикалық ресусртардың мәніне тоқталайық.
Жер. «Жер» - деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндіріске қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы».
Капитал - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машианлар, жабдықтар фабрика - зауыттар, қойма, транспорт құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтары өндіру, өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Кәсіпорын - бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірілген өінміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болу керек.
Кәсіпкерлікті экономикалық негізі экономикалы ресурстарды: адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік және материалдық ресурстар - жер, мұның табиғи байлығы мен капиталды тиімді пайдаланып, меншік иелері: жұмысшы - еңбек ақысын, капитал иелері - жер иелері - өнімін алуы тиіс.
Шағын бизнес біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды: өнеркәсіп және сауда, денсаулық сақтау және білім беру.
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлік жетілдіру болып табылады.
Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында былай деп жазылған «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторларды жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақта өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі кәсіпкерлік халықтық әл-ауқатын арттыруымен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларын өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне олай бейімделеді. Соандай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізумен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табысына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, рокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зеттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету мен қамтамасыз етіліп, белсенді ролб атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамына жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенімен, серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе шынара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің болу мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш маңызды фактор болып есептеледі.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
- Белгілі бір істің түрі . Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін өмір сүру түрі - белсенділігі және іскерлігі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Экономикалық белсенділік бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табу.
- Сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке тұлғалар, заңды тұлғалар - біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, корпарациялар т. б. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: дербестік, тәуелсіздік, экономикалық ынтымақ, тәуекелділік, жеке жауапкершілік және жаңашылдық.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез құлқы типтерімен байланысты адамдардың қандай типтері белсенді, іскер болар екен? Өздеріңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, миланхолик пе? Сан есебінен алған да белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шыдамай тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалисттік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік (қайғы, қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың белсенділігі әр-түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи т. б. болып бөлінеді.
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонисттік қоғамда, ол адамды қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнершілер. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдарқұрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Үнді сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Перт І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
- Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерлік - бұл кез келген реформалардың өміршеңдігін айқындайтын сферасы болып табылады. Салық салу, зейнетақы реформалары және шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы нормативтік актілердің шындығына келетін болсақ өмір тәжірибесінде шағын кәсіпкерлік субъектілері қатал деструкциялармен кездесіп отырғанын айта аламыз.
Кәсіпкерліктің түрлері:
- Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің манадай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
- Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі
- Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
- Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық праволық; 2) ұжымдық экономикалық.
А. Ұжымдық - праволық кәсіпкерліктер.
І. Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі оданда көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әр бір мүше өз капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1) шексіз жауапкершілікті серіктестер; 2) коммандитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктерімен.
Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
ІІ. Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады:
Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғаларда хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. Ұйымдастырушы типті бір адам болуы да мүмкін.
Акционерлік қоғамды басқару үлгісі
Б. Кәсіпкерліктің ұжымдық - экономикалық формалары.
Кооператив - бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Алайда, біздегі коорперативтер ең алдымен өндірістік қызмет көрсету және сауда - делдалдық салада дамып отыр. Көпшілік жағдайда кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау ағымы байқалады. Мұндай жағдай өндірістің тиімділігін арттыруға тиісінше ықпал жасамайды, инновациялық процесті тежейді, құрылымдық қайта құру жұмыстарын қиындатады.
Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Олар мемлекеттік - әкімшілік жүйе шеңберіндетікелей немесе құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстваларға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бұлардың кірісі мен шығысы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, пайдадан салық төлеуге де тиісті емес. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбады. Кәсіпорындар басшыларын мемлекеттік басшы органдар тағайындайды, мұндағы жұмыс істейтіндерді мемлекеттік қызметкерлер деп атайды.
Мемлекеттік корпарациялар - кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдардың тобы; капиталистер кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпарациялар монополиялық бірлестіктердің түрі.
Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.
Ассоциациялардың негізгі түрлері мыналар:
- Концерн;
- Сала аралық;
- Мемлекеттік бірлестік;
- Шаруашылық ассоциацаясы;
- Консорциум.
- Концерн - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік - лицензиялық кемісдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі. Біріккен кәсіпорындарда акционерлік қоғам немесе басқадай сауда серіктестіктері түрінде заңды ұйымдар құқығы сақталады.
- Консорциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. Консорциум - капиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіру мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субьектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім.
Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерінің тауар сатуға біріктіру, өндірушілердің өнімді бір тұтас сауда кеңесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсаты мен манаполиялық бірігу нысаны. Синдикатқа қатысушылар коммерциялық дербестігін сақтамаса да, өндірістің дербестігін жоғалтпайды.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөніндегі келісім. Біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырылған бірлестік, ассоциация. Картельге мүше болу ерікті.
Мына белгілері бойынша жіктеледі:
- Сату шарттарын қадағалау жөніндегі ассоциация
- Баға белгілеу жөніндегі ассоциация
- өз мүшелері арасында өндірістік қызметті, өнімдерді сату аумағы мен тұтынушылар бойынша бөлу мақсатында құрылған ассоциация
- бизнестің белгілі бір саласында нақты үлесті айқындауды көздейтін ассоциация
Кәсіпорындар қызметтерінің негізгі қызметтеріне қарай:
- коммерциялық;
- коммерциялық емес болып бөлінеді (2 схема)
Коммерциялық кәсіпорынның жіктелуі
Облысымыздағы қарқынды дамып келе жатқан кәсіпкерліктің қазіргі түрлері.
Қазір облысымызды мынадай ұжымдық - құқықтық формалар Кәсіпкерліктер дамыды:
- Шаруашылық серіктестіктер - толық серіктестіктер. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайдаға қарай бөлінеді. Мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
- Коммандитті серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс-жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянын тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
- Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттеріне жауап бермейді. Ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
- Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттеріне өздерінің заттарына жауап береді.
- Ашық және жабық акционерлік қоғам.
- Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
- Унитарлы кәсіпорын - комерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлы кәсіпорын мүліктері бөлінбейді. Унитарлы кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
Төмендегі кестеге аса көңіл аударып көріңіз және кісіпкерлікпен айналысуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік іс-әрекеттің жағдайын талдау және кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау
2. 1 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар туралы ережелер
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация - оның жалғыз қатысушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылған заңды тұлға. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттарында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырады, одан пайданың бөлігі ол өзінің қызметін жүзеге асыратын сол өңірдің халқының мүддесінде әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени жобаларды іске асыру үшін кері инвестициялауға жатады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану саласындағы қызметті реттейтін қоғамдық қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлікте Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледі.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мақсаттары мен міндеттері: Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңір экономикасының дамуына, оны Қазақстан Республикасының ұлттық шаруашылық жүйесіне ықпалдасуына жәрдемдесу, мемлекеттік және жеке капиталдарды шоғырландару жолымен кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың негізгі міндеттері: 1) өңірлердегі кәсіпкерлік қызметін дамытуға және ішкі және сыртқы нарықтардағы отандық тауар өндірушілердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жәрдемдесу; 2) бәсекеге қабілетті, оның ішінде, мемлекеттің қатысуымен пайдасыз ұйымдарды оңалту, қайта құрылымдау негізінде өндірістерді дамытуға жәрдемдесу; 3) өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған жобаларды әзірлеу және/немесе іске асыру; 4) ғылыми және технологиялық саладағы кәсіпкерлік қызметінің субъектілеріне ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жәрдемдесу.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) корпоративтік басқару жүйесінің жариялылығы мен ашықтығы; 2) экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының мүдделерінің теңгермелілігін қамтамасыз ету; 3) өңірдің әлеуметтік маңызды жобаларын іске асырудың басымдығы; 4) Өңірлік әлеуметтік қордың активтерін мақсатты пайдалану. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының функциялары мыналар: - мемлекеттік, оның ішінде, мемлекеттік-жеке әріптестік нысанындағы активтерді басқару; - шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау; - жер активтерімен инвестициялық жобаларға қатысу; - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының жарғылық капиталын төлеуге мемлекет берген ұйымдарды оңалту және қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа өндірістерді құру; - жеке бизнеспен әріптестіктегі инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; - пайдалы қазбаларды, оның ішінде, жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, қайта өңдеу; - өңір аралық экономикалық байланыстарды және жобаларды дамыту; - индустриялық аймақтарды, технопарктерді, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту; - тиісті өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының функциялары болып табылады.
2. 2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құрудың
ерекшеліктері
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құрудың тәртібі: 1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. 2. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру туралы ұсынысты Үкімкетке орталық, жергілікті атқарушы органдардың бастамашылығы бойынша уәкілетті орган енгізеді. 3. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бірнеше облыстар және/немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында құрылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру өңірін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz