Отбасы тәрбиесінде кездесетін қателіктердің, алдын алуда отбасы мен мектептің әрекетін кіріктіру



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ, АЛДЫН АЛУДА ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӘРЕКЕТІН КІРІКТІРУ


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Отбасы тәрбиесі және оның даму тарихы

1.1 Тәрбие.отбасынан басталады ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.2 Жанұя . тәрбие факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.11

2Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс.әрекетінің ғылыми теориялық негіздері

2.1Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі ... ... ... ... ... .12.14
2.2 Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Курстық жұмыстыың өзектілігі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының бала тәрбиесіндегі атқарар рөлі зор.Отбасы тәрбиесін табысты жүзеге асыру балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы тәрбиесін тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігін арттыру қажет. Әрі бұл жұмысты отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асыру мақсаты көзделеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында» отбасы және бала тәрбиесі жөнінде алға қойған мәселелер: «Отбасын қолдауға, аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат бөлу. Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету.
Бізге жергілікті деңгей де отбасын және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орындарындағы тәрбиешінің функциясын атқаратын барлық қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты.
Зерттеу объектісі: мектеп педагогикасы қызметі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізетін жұмысы.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың ата-аналарымен жүргізетін жұмыстарының маңызын теориялық тұрғыдан негіздеу, және практикалық жағынан іске асыруда отбасының алатын орнын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.
2. Е.Сағындықұлы, Педагогика(дәстүркурсы). - Алматы, 1999.
3. А.О. Пинт. Ата-аналар, сіздер үшін. - Алматы, 1992.
4. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1995.
5. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1993.
6. Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
7. К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.
8. Педагогика.Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова.«Дарын» әлеуметтік –гуманитарлық университет 2004ж.
9. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс«Парасат әлемі» баспасы 2005ж.
10. Қазақ отбасы. Х. Арғынбаев. «Қайнар» баспасы 1996ж.
11. «Адам тағдыры». Ж. Әбиев«Сарыағаш» 2009ж № 3.
12. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
13. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
14. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
15. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
16. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
17. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстыың өзектілігі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының бала тәрбиесіндегі атқарар рөлі зор.Отбасы тәрбиесін табысты жүзеге асыру балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы тәрбиесін тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігін арттыру қажет. Әрі бұл жұмысты отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асыру мақсаты көзделеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында отбасы және бала тәрбиесі жөнінде алға қойған мәселелер: Отбасын қолдауға, аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат бөлу. Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету.
Бізге жергілікті деңгей де отбасын және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орындарындағы тәрбиешінің функциясын атқаратын барлық қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты.
Зерттеу объектісі: мектеп педагогикасы қызметі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізетін жұмысы.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың ата-аналарымен жүргізетін жұмыстарының маңызын теориялық тұрғыдан негіздеу, және практикалық жағынан іске асыруда отбасының алатын орнын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижесінде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы отбасының маңызын ашу;
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ата-ана тәрбиесінің ерекше орын алатынын көрсету;
- психологтың отбасына көрсететін көмектерінің маңызын ашу;
- психодиагностикалық және коррекциялық жұмыстарда пайдаланылатын әдістемелерді жинақтау және оларды қолдану жолдарын көрсету.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін мамандық іс-тәжірибе барысында студенттер, сынып жетекшілері бастауыш сынып оқушыларына тәрбие жұмыстарын жүргізгенде, мектеп психологі ата-аналарға психологиялық қызмет көрсету барысында пайдалануна болады.
Курстық жұмысты зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: бастауыш мектеп оқушыларының ата-аналарымен және әртүрлі жастағы оқушылармен қарым-қатынас жүргізіледі.
Курстық жұмысын орындау келесі екі кезеңде жүрді. Бірінші кезеңде жеке тұлға дамуына отбасының қосатын үлесін анықтаған ғалымдар еңбектерін талдай отырып балалардың отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды және дипломдық зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты анықталды. Екінші кезеңде мектеп оқушыларының қарым-қатынас мәдениеті, олардың мазасыздануы, оған әсерін тигізетін себептер, оқу мотивациялары зерттелінді.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, төрт бөлімшелерден, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Отбасы тәрбиесі және оның даму тарихы
1.1 Тәрбие-отбасынан басталады
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни қоғамға, өзі өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады.
Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс-әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, киінісіне, жүріс-тұрысына, сөйлесуіне, ойнауына әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған баланысты: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің-дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы - отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде де сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс-әрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін - орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады. Қоғамдық ортамен байланыссыз, жеке берілген отбасы тәрбиесі бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Сондықтан өскен ортасымен отбасындағы тәрбиені байланыстыру адамның даму жолында үлкен орын алады.
Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу өте орынды. Әлі тілі шықпаған балаға: ананы әкел, мынаны әкел, мынаны апрып қой, есікті аш, ары отыр, тамағыңды іш деп жұмсағанда нәрсені әкеліп, апарып қоюды қызық көреді.
Мұндай жұмсаулардың бәрі бала ересек болған сайын күрделене беруі керек. Осы арқылы сіз баланы еңбекке тәрбиелеген боласыз.
Тәрбие - өте нәзік әрі машақаты көп жұмыс. Баланың тәрбиелі, саналы азамат болғанын барлық ата-ана қалайды. Сол тәрбиені беруге қиналады. Кейбір ата-аналар: Қолым тимейді, Өзі-ақ адам болады, Есейген соң бұл қылықтар қалады деп те айтып жатады.
Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап, түсіндіріп, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінде өте маңызды екені белгілі.
Ана - өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің, бір-біріне кішпейіл, қамқор қатынасымен үйде жылулықтың орнығуына бірден-бір себепкер болатын - ана.
Парасатқа құрылған әке-шеше қатынасы баланың адамгершілік сапаларына жетудегі теңдесі жоқ үлгі-өнеге.
Отбасындағы өсіп келе жатқан жеке тұлғаның қалыптасуына, отбасындағы көңіл - күйге қатысты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор.
Кейбір отбасында барлық жағдай байыппен, ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасында жай әңгіменің өзі ұрыс-керіспен, балаға дауыс көтерумен шешіледі. Неге десеңіз отбасы-баланың сезім мектебі. Ондағы ересектердің әрбір іс-әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып, бойына сіңіреді. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық, достық, жанашырлық, адалдық, өзара көмекті байқайтын болса, бұл бала жүрегіне адамгершілік, ізгілік сезімдерін құяды, ал керісінше дау-жанжал, өсек, өтірік, немқұрайлылық, бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса бала санасын улайды. Тәрбие-тал бесіктен басталады демекші, бала балабақшаға барғанда, өз жасындағы балалармен бірге ойнайды, сөйлеседі. Бұл жерде тіл алғыш, айтқанды істемейтін, жылауық, сабырлы балалардың ортасына, яғни аралас ортаға барады. Балабақшада әр баланың мінез-құлқына мән беріліп, жалпы ортақ тәрбие- адамегршілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, тамақтану, бірін-бірі құрметтеу, жылатпау, көмектесу сияқты адамгершілік тәрбиесі беріледі. Ол тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Сондықтан да балабақшадағы тәрбиешілердің бала тәрбиесіне қосатын үлесі зор.
Тәрбиенің түп-тамыры - ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәбиелеуіміз керек.
1.2 Жанұя - тәрбие факторы.
Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғарлауы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да
түрі алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:
1. Репродуктивті - баланың туылуы.
2. Тәрбиелілік - жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
3. Тұрмыстық-экономикалык - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
4. Коммуникативті - жанұялык қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
5. Рекреативті - іс-әрекет ұйымдастыру.
Жанұя - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылык бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті -қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен жанұя балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананын манызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық жанұя мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі жанұя өмірінің тәрбиесіне өзінше қиындық әкелді.
Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол -балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуып қалыптастырады.
Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана мен бала ғана болады.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы - ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр етеді.
Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардьвд мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінін тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу керек.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моралдық қасиеттерін калыптастырулары қажет.
Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқығы туралы конвенция маңызды негізгі құжат болып табылады. Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек, - деп жазылган Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім беруді енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс деп, ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған Бала құқығының декларациясы; Адам құқықтарының жалпы декларациясы және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанұялық қатынастарды, баланың жанұя мен қоғамдағы тәрбйесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
ҚР Консититуциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері Неке және жанұя туралы заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар. Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және баска құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықгық негіз бар, жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.

2Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздері
2.1Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп тәрбиесі
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жпотары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп -- балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Бастауыш мектептің отбасы тәрбисімен сабақтастығы
Отбасы - тәрбие ұжымы
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Пәндер