Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар



ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1 ЖАЗУҒА ҮЙРЕНУ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ
1.1 КӨРКЕМ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8
1.2 ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.10

2 ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
2.1 ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР ... ... ... ...11.18
2.2 ЖАЗУҒА ҮЙРЕНУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР ... ... ... ... ... ... .. 18.19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Жазудың әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 – жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол.Мәселен,Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен көркем жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.
Мұндай көркем жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.
Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.
АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді.
Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды.Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричердеон айналасты.
Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.
Дегенмен, мынадай жағдайды елестетіп көрейікші: техника жоғарғы деңгейде дамып, тіпті адам қолымен емес арнайы машинкамен жазғанда,жазуға үйретудің қажеті бар ма? Менің ойымша, қай уақытта болса да жазуға үйрету міндетті түрде қажет.Себебі, қазіргі кезде өз ойын еркін жаза алатын,сауатты адамдардың қоғамда маңызы зор. Міне осыдан келіп зерттеу мақсаты туындайды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына көркем жазу пәнін оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді анықтау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР
1. Ш.Әуелбаева. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы, 1987.
2. Н.Әміриев. Ойдыңкөрінісі.// Қазақ тілі мен әдебиеті, 1999, № 5 – 6.
3. Н.Кенжебекова. Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. // Бастауыш мектеп, 2005, №8.
4. Ұ.Бейсенбиева. Сауатты жазуға үйрету.// Бастауыш сыныпта оқыту, 2005, №2
5. Ғ.Абашыкова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп, 2004, № 11.
6. Ә. Хасенов.Қазақтіліоқулығынаметодикалықнұсқау. Алматы, 1986.
7. Д.Бірімжанова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп,2004, №5.
8. Ғ.Тұрманбекова. Әліппе сабағы. // Бастауыш мектеп, 2004, № 7.
9. Қ.Бозжанова. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру. Алматы, 1998.
10. М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 1971.
11. Н.Ұлықбаев. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы, 1969.
12. С.Рахметова.Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1975.
13. М.Дүйсенова. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. Алматы, 1973.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Жазудың әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 - жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол.Мәселен,Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен көркем жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.
Мұндай көркем жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.
Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.
АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді.
Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды.Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричердеон айналасты.
Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.
Дегенмен, мынадай жағдайды елестетіп көрейікші: техника жоғарғы деңгейде дамып, тіпті адам қолымен емес арнайы машинкамен жазғанда,жазуға үйретудің қажеті бар ма? Менің ойымша, қай уақытта болса да жазуға үйрету міндетті түрде қажет.Себебі, қазіргі кезде өз ойын еркін жаза алатын,сауатты адамдардың қоғамда маңызы зор. Міне осыдан келіп зерттеу мақсаты туындайды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына көркем жазу пәнін оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді анықтау.
Көркем жазу пәнін зерттей келе, бастауыш мектепте көркем жазу сабақтарының жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.
Зерттеу обьектісі - Бастауыш сыныпта көркем жазу пәнінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Зерттеу пәні - Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары: қазақ тілі, ана тілі.
Зерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы - Бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған жазу үлгілерін санақ бойынша үйрету кезтесі, жазуға үйрету тарихының классификациялық кестес, көркем жазуда қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы - бастауыш мектепте тіл сабағындағы көркем жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні - көркем жазудың жалпы даму тарихына, жазуды зерттеген әдіскерлер, гигиенистердің, физиологтардың еңбектеріне шолу жасалынды.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ - синтез, бақылау - байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.
Зерттеудің өміршеңдігі - оқу мен жазуды байланыстыра жүргізген жеке тұлға, сауатты да жан - жақты болып дами алады.
Курстық жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,қосымша және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстары
1.1 Көркем жазуға үйрету жұмыстары
Көркем жазу 1 - ші сыныптан сауат ашу кезеңінен басталып , келесі сыныптарда жалғасады , немесе жазу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болады . Коллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың маңызы зор. Ұқыпты, таза , әдемі , анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушылардың бойында ұқыптылық , тиянақтылық , еңбекқорлық кез - келген жұмысты аяғына жеткізуге қажетті төзімділік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді .
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр - салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екішшісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі - жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасадаы. Мұғалім бұл үшін жұмыстың ір түрлерін, оқыту әдіс - тәсілдерін тиімді пайданалары сөзсіз.
Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор.
Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті- ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын активтендіреді. Штирхтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады.
Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарды меңгереді. Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз- көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс -әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет.
Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.
Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.
Дыбыс саны мен әріп үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы, аяқ сөздеріне әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп отыру қажет.
Жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. Орынын белгіле жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орынын белгілейді.
Әріпті тап жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді.
Ғажайып алаң ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.
Баланың әлемі - бұл нақты заттың әлемі, егер баламен жақын болам десеңіз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу - мұғалімнің төл ісі.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.
Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады. Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал келесі жаттығу көз бен қолдың координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады.
1-ші сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін білім кеңейтіліп, күрделене түседі. Қысқа й дыбысымен ң дыбысының жазылу емлесінде өзіндік қиындықтары бар. Оны былай жинақтап көрсетуге болады. й - ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына түбірі тый,сый сөздеріне жазылатындығы ескеріледі. ң әріпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды. Бұл дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі. Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынансының өзгертетіндігіне көз жеткізу керек. Және н - тіл ұшы дыбысы, ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек.
Сауатты жазуға тиімді әдістерінің бірі - жатқа жазу. Мысалы: ақ түйіншек секеңдейді, сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып сауатты жазуға төселдіреді.

Жұмбақтың шешулерін дұрыс жазу және осы сөздердегі әріптерден бірнеше сөз құрау арқылы сөздік қорын байытуға болады. Ю әрпі бар сөздердің жазылу ережесі де осыған ұқсас.
Қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерге Ь, Ъ белгілері дыбыс қатарына жатпайды. Бұлар орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады.
Оқушыны сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы - диктант. Ал, диктанттың бірнеше түрі бар.
Оқушылар бақылау диктантын 20-30 минутта жазып бітеді. Содан кейін мәнерлеп оқып шығып, өздеріне 1-2 минут шолып шығуға тапсырамын. Тапқан қателерін қарындашпен белгілетемін. Таппаған жағдайда қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайындағы түсініктерін, ережелерін еске түсіру арқылы қатемен жұмыс ұйымдастырамын. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Үзбей жазуға жаттықтыру жүмыстары балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылық оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілік талап етеді. Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп, білім деңгейіне сай тапсырма беріледі. Жаттығуларды жазғанда әріптердің ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.
0.2 Жазуға қойылатын талаптар
Бұл жұмыстардың мақсаты - балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады: Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.
1) Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу.
2) Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы.
3) Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.
4) Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес, дұрыс жазылуы.
5) Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат - балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашықтық ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеуде мен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте алыстағыны көре алмайтын болады.
Дәптерге жарық стол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түске сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегіндегі дәл ортасында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисайту немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренулері қажет.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс: материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға берілетін мәтін алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолдары көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі. Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:
1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайына қарап, бақылап отырады.
3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан- ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кірістіреді.
4. Мұғалім партаны аралап жүріп жазу процесін бақылайды.
5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателіктері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздермен олардың формаларының әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ неге олай жазғанын әлі айтып бере алмайды. Мұндай құбылысты кейде орфографиялық сезім деп те атап жүр. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай, орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.

2 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
2.1 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Орфографиялық ережелерді түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдардың арасында қандай айырмашылық бар? пен қайсысында бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған тексті жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).
3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:
1.Грамматикалық-орфографиялық талдау (грамматикалық талдауды қараңыз). Бұл - оқушыларды граммтикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландыру. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немес басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.).
Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көтереді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білім жөнінде біраз мәлімет береді.
2.Көшіру. Алғашқы, Ісыныпта, ІІ сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған ммәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылалды. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с. белгіленеді.
Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағнасына түсінесің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстары
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету туралы
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
Жазу және тіл дамыту әдістемесі
Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Қазақ әдебиетінде жүргізілетін шығармашылық жазба жұмыстары
Қазақ тілін оқыту методикасы пәнінен түзген лекция мәтіндері
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Пәндер