Жылдық жиынтық табыстың бухгалтерлік есептегі мәні


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1 бөлім Жылдық жиынтық табыстың бухгалтерлік есептегі мәні

1. 1 Жылдық жиынтық табыс - корпорациялық табыс салығын есептеудің негізі ретінде

1. 2 «Фитопрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық ерекшеліктері және техника-экономикалық көрсеткіштері

1. 3. Кәсіпорынның есеп саясаты

2-тарау. Кәсіпорында жылдық жиынтық табыс есебінің ұйымдастырылуы

2. 1. Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі

2. 2. Негізгі емес қызметтерден түскен табыс есебі

2. 3. Негізгі және негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі және жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдер

3-тарау. Жылдық жиынтық табыс есебінің аудиті

3. 1. Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар

есебі аудитінің жүргізілу тәртіптері

3. 2. Негізгі және негізгі емес қызметтер бойынша шығыстар есебінің аудиті

3. 3. Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының аудиторлық қорытындысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Қазіргі кезде нарықтық экономикалық қатынастардың даму- ына байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі ха- лықарылық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді, яғни шарушылық басқарудың тиімді механизмін жасауға қолайлы жағдай туды деген сөз. Отандық нарықта бәсекелестіктің күшеюі табыс табу мен кәсіпорындарды сақтап қалудың басты факторы өнімнің өзіндік құнын төмендету және кәсіпорынның қаржы жағдайы мен нәтижесі болып табылады . Қазақстан өз азматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс . Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілеттілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.

Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елде- рінің қатарынан лайықты орын алу . Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негіздел- әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.

Осы орайда еліміздің барлық экономика салаларындағы келе- сі кезекте маңызды ұйымдардың ортақ мүддесі шығады, ол бә- рімізге белгілі кез келген ұйымдардың басты мақсаты - табыс табу. Табыс артқан сайын кәсіпорындарға да тиімді, сондай-ақ мемлекетке де тиімді. Сондықтан да өнім өндіруге, жұмыс

атқаруға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды ба- рынша азайтып, оған негізсіз енетін шығындарды бақылау қа- жет Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әрбір заңды тұлғалар - мемлекетік кәсіпорындар, шаруашылық се- ріктестіктер, өндірістік кәсіпорындар, салық салынатын табы- сы бар коммерциялық емес ұйымдар есепті жыл ішінде та- бысқа салынатын са- төлеушілері болып табылады, соның ішін-де :

заңды тұлғалар - резиденттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, және резидент емес заңды тұлғалар;

кәсіпкерлік қызметтен түскен табысы бар коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар.

Заңды тұлғалар өзінің қатысушыларынан бөлек салық са- лынуға жатады.

Серіктестіктің жай келісім-шарттан алған табысы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ұйымдастырылған консорциумның табыстары қатысушылар арасында таратылады және салық салынады. Табысқа салынатын салықтың объектісі - салық салынатын табыс, ол жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын табыс теңгемен анықталады. Егер салық салынатын табыс шетел валютасында анықталған болса, онда ол салықты төлеудің күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен есептелінеді.

Жылдық жиынтық табыс деген ұғымды заңды тұлғаның күнтізбелік жылдың ішіндегі әр түрлі көздерден алған табыс - тары деп түсінеміз. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстардың барлық түрлері жатады, олардың ішіне :

  • өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды) өткізуден (жанама салықтарды қоспағанда) түскен табыс;
  • үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінентүсетін табыстар;
  • сыйақылар түріндегі табыстар;
  • акциялар бойынша дивидеттер бойынша және кәсіпорында қатысудан түскен табыстар;
  • тегін алынған мүлік және ақшалар;
  • тәуелсіз кәсіпорындар арасында тауарларды сатып алумен байланысты тарифтерге, қойылымдарға байланысты түскен табыстар.

Осыдан берілген диплом жұмысының негізгі мақсаты «Фитопрепараттар » ФК » жауапкершілігі шектеулі серіктес- тігінің жылдық жиынтық табысын дұрыс, әрі тиімді есептеудің жолдарын қарастыру және зерттеу шығады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық жиынтық табысының есебін қарастыруда алға қойылатын негізгі міндеттер:

- кәсіпорынның есеп саясатын зерттеу ;

- кәсіпорынның жылдық жиынтық табыс есебін көрсету ;

- жылдық жиынтық табыс есебінің аудитін жүргізілу тәрті- бін көрсету мен аудиторлық тексерудің нәтижелерін қорытын- дылау;

- жылдық жиынтық табысты есептеудің кезінде жіберілген кемшіліктерді жою шараларын ұсыну.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің отандық нарықтың шағын бизнес субъектісіне жатады. Елбасының халыққа жол-дауында айтылғандай, шағын бизнес субъектілерінің маңызы жылдан жылға артуда, сондықтан да бірінші жұмысты солардан бастауымыз қажет деп есептеймін.

Бұл кәсіпорын фармавтикалық өнімдерді өндіріп дәріхана- ларға және емхана мекемелеріне өткізумен айналысады. Жері- нің қазба байлығы мол, экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Қазақ елінің кең байтақ аймақтарында ор- наласқан ұйымдардың немесе шаруашылық қызметін жүргізу- ші субъектілердің көптеген құқықтық түрлері өз қызметін ат- қарып келеді. Қандай да болмасын жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын экономикалық үрдістің түпкі мақсаты материалдық өндіріс пен халықтың сұранысы мен ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдерді өндіріп, қызметтер көрсетіп, мұның өзін үлкен бәсекелестік жағдайға келтіру үшін әр түрлі көздерден қаржы жұмсалады және жұмсалған қаржы- ны тиімді басқару қажеттігі туындайды.

Менің пайымдауымша, берілген кәсіпорынның еліміздің экономикасындағы аймақтық деңгейде алатын болсақ Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық препараттар нарығындағы орны өте маңызды.

Диплом жұмысын орындау барысында аталған кәсіпорында өндірістік практиканы өту кезінде жиналған жылдық есеп мәліметтері пайдаланылды, сонымен қатар алғашқы құжаттар мен жылдық жиынтық табысты құрайтын табыстардың барлық түрлері зерттеліп қарастырылды.

Аталған тақырыпты зерттеуге әдіснамалық және теориялық негіз болып келесі : «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы; Бухгалтерлік есеп стандарттары және тағы басқа норомативтік актілер; сонымен қатар отандық және шетелдің экономистері мен практиктерінің еңбектері пайдаланылды.

1 бөлім Жылдық жиынтық табыстың бухгалтерлік есептегі мәні

1. 1 Жылдық жиынтық табыс - корпорациялық табыс салығын есептеудің негізі ретінде

Кейбір жағдайларда табыс, пайда, түскен пайда терминдерін бухгалтер қауымы дәлме-дәл түсіне бермейді . Табыс термині Ұлыбритания, АҚШ және Қазақстан елдерінде әр түрлі жағдай- да қолданылады. Мысалға, коммерциялық іс-әрекет ерекшелік- теріне қарай Ұлыбританияда табыс қолданылмайды. Мұның ор- нына осы мемлекетте «Сатудан түскен табыс» термині қолда-нылып жалпы табыс, таза пайда, түскен пайда ұғымдары есеп жүргізу тәжірибесіне енгізілген . Ал АҚШ-та «табыс» термині «пайда» терминіне қарағанда жиі қолданылады . Қандай жағ- дайда болмасын«табыстар» мен«шығындар»термині қатар қол- данылып бұлар капитал мен пайда көлемін анықтайды. Пайда деп - есепті жылдағы түскен табыстар сомасының жұмсалған шығындар сомасынан артық дәрежесін айтамыз . Егер шығын- дар көлемі табыстар көлемінен артық болған жағдайда, онда ұйымдар зиян шегеді.

Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы есепті кезең ішін- дегі Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алыну- ға тиіс (алынған) табыстардан тұрады.

Жылдық жиынтық табыста шаруашылық жүргізуші субъек- тінің табыстарының барлық түрлері, соның ішінде:

1) тауарларды ( жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс;

2) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортиза- циялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

3) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;

4) күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;

5) мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жа- сауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жеке- леген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизия - лардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;

7) борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;

8) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;

9) шығып қалған тіркелген активтердің құнының ішкі топ- тың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;

10) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыс- тар;

11) ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар ;

12) бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айып- пұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері, егер осы сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса;

13) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

14) өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;

15) дивиденттер;

16) сыйақылар;

17) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

18) ұтыстар;

19) роялти;

20) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады.

Енді осы жоғарыда аталған табыстардың қандай жағдайлар- да мойындалатынын қарастырайық.

Тауарларды(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуден тү- сетін табыс , егер Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарда өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген тауарлардың орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны тауарларды(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуден түс- табыс болып табылады.

Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуден түскен табыс:

1. тауарларды толық немесе ішінара қайтарылған;

2. мәміле шарттары өзгерген;

3. өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін бағалар, өтемдер өзгерген;

4. теңгемен төлеген кезде өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.

Табысты түзету аталған өзгерістер болған есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Құн өсімінен түсетін табыс үйлерді, ғимараттарды, құры- лыстарды сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған активтерді қоспағанда амортизациялауға жатпайтын басқа да активтерді өткізу кезінде құралады. Амортизациялауға жатпайтын активтерге:

1. жер учаскелері;

2. құрылысы аяқталмаған объектілер;

3. орнатылмаған жабдық;

4. шаруашылық жүргізуші субъекті тауарларды өндіруде, жұмыстарды орындауда, қызмет көрсетуде пайдаланбайтын негізгі құралдар мен материаалдық емес активтер;

5. бағалы қағаздар;

6. кез келген ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлесі;

7. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толық шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

8. инвестициялық жобаларға пайдалануға берілген тір- келген жатады.

Активтер өткізілген айдың бірінші күнінде бухгалтерлік баланста көрсетілген құны олардың баланстық құны болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үйлерді, ғимараттарды құрылыстарды кезінде құн өсімі (залал) өткізу құны мен салық есебінде айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстарға:

1. шаруашылық жүргізуші субъекті таратылған жағдайда тарату балансы бекітілген сәтте кредитор талап етпеген міндеттемелерді қоса алғанда ; шаруашылық жүргізуші субъектінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;

2. күмәнді деп танылған міндеттемелерді қоспағанда Қзақстан публикасының заң актілерінде белгіленген талап мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;

3. сот шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.

Міндеттемелерді есептен шығару нәтижесінде алынған табыс сомасы есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасына тең болады.

Иемденіп алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша сондай-ақ қызметкерлерге есептелген табыстар мен Салық Кодексінің 149-бабының 2- тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтірілуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектінің жылдық жиынтық табысына қосылуға тиіс.

Борышкер банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп танылады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енеді. Сондай-ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап құқығын басқа- ға қайта беру негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен қатар талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы табыстар деп танылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі борышты талап етуі бойынша борышкер төлейтін сома, ол негігі борыштан тыс төлейтін соманы қоса және шаруашылық жүргізуші субъек тінің борышты иемденіп алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалатын табыстары борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар болып табылады.

Егер ішкі топтың шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басында ішкі топтың балансынан асып түссе, салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер құны есепке алына отырып, артық мөлшері жылдық жиынтық жылдық табысқа енгізілуге тиіс. Осы ішкі топтың құн балансы салық кезеңінің соңына дейін нөлге тең болады.

Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар егер Салық Кодексінің 101-бабына сәйкес жеке топтарды құрайтын шығыстарды түзететін табыстардың мөлшері салық кезеңінде жұмсалған шығыстар ескеріле отырып, салық кезеңінде басында соңғысының мөлшерінен асып түссе, артық мөлшері жылдық жиынтық табысқа жатқызылуға тиіс. Бұл топтың мөлшері салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.

Кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар. Егер кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі нақты шығыстар аталған қорға жасалған аударымдардан төмен болса, айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге тиіс.

  1. Егер жер қойнауын пайдаланушы тиісті мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен кен игеру салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі жұмысты жүргізбеген жағдайда, шегерімдерге жатқызылған, кен игеру салдарын жою қорына (резервтік қор) аударымдар сомалары олар жүргізілуге тиіс салық кезеңінің жылдық жиынтық табы- сына енгізілуге тиіс.

Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтем түрінде алынған кірістерге :

1) бұрын шегерімдерге жатқызылған және кейінгі салық кезеңдерінде өтелген күмәнді деп танылған талаптардың сомалары;

2) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды(шығыс- тарды) жабуға арнап алынған сомалар ;

3) бұрын шегерімдерге жатқызылған шығыстарды (залал- дарды) өтеу бойынша алынған басқа да өтемдер жатады.

Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекеті аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімнен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиіс(қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылған (қайтарылуға тиіс) есепті салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады, сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысанда өзінің тіркелген жері бойынша салық органдарын кірістің пайда болуы туралы міндетті түрде хабардар етеді.

Өтеусіз алынған мүлік. Кез келген өтеусіз алынған мүлік, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетулер шаруашылық жүргізуші субъектінің табысы болып табылады.

Мыналар :

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлік;

2) мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған субсидиялар ;

3) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымның банктерден алған міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

4) Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналары- ның сомасы;

5) жеке тұлғалардың салымдарын (депозитттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым және Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры өтелген салымдар (депозиттер) және төленген кепілдік әрі өтемдік төлемдер бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақшаларының сомалары табыс ретінде қаралмайды.

Жылдық жиынтық табысты түзету

1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан :

1) Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан алынған дивиденттер;

2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олар- дың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және эмитент- тің өз акцияларын өткізуі кезіндегі құн өсімі;

3) қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдерінде өткізу күнінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен алынған табыс;

4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облига- цияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;

5) табиғи және техногендік сипттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің құны ;

6) республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Рес- публикасының Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ор- ганнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеу- сіз негізде алған негізгі құрал-жабдықтарының құны;

7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсызданды- ру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар;

  1. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтан- дыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекет- тік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға жіберілген инвестициялық табыстар;

9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар ту- ралы заңдарына сәйкес пайлық акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар ;

10) таза табысты бөлген кезде алынған және әрбір құрыл -тайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, рези -дент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс алып тасталуға тиіс.

2. Активтерді бағалаудың салық төлеуші осының алдындағы салық кезеңінде қолданылған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде алынған оң айырма сомасына ұлғайтылуға және теріс айырма сомасына азайтылуға тиіс. Активтерді бағалаудың өзге әдісіне ауысуды салық төлеуші салық органына жазбаша хабарлап, салық кезеңінің басынан бастап жүргізеді.

1. 2. «Фитопрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық ерекшеліктері және техника-экономикалық көрсеткіштері

«Фитопрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктес- тігі 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қала- сында құрылған. Өз қызметін фармацевтикалық препараттар нарығында жүзеге асырады. Бұл қызмет негізінен дәрілік шөп- терді өңдеумен және тағы басқа фармацевтикалық өнімдер- дің өндірілуімен және өткізілуімен сипатталады. Сондай - ақ бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтермен айналысады . Кәсіпорынның иелігінде жылжымайтын мүлік, атап айтсақ - өндірістік ғима- рат, қойма шаруашылығының ғимараты, әкімшілік ғимарат- тары, сонымен қатар кафе, сауна, таксопарк, бильярд ойы- нына арналған клубы бар. Кәсіпорын балансында көлік құрал- дары бар.

«Фитопрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктес- тігінде:

  • қоймашы,
  • экономист -бухгалтер,
  • басқа да қызметтермен айналысатын қызметкерлері бар.

Әзірге кәсіпорынның негізгі табыс бөлігін жылжымай- тын мүлікті жалға беруден түсетіндіктен, кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын күшейтуде жаңа техника мен технология- ларды игеру үшін үлкен көңіл бөлуде.

Берілген кәсіпорынмен өзінің қызмет ету барысында үлкен көлемді өндірістік-шаруашылық объектілер енгізілген. Төменде ұйым жұмысының 2004-2005 жылдардағы техника-экономи- калық көрсеткіштерін қарастырамыз. (1-кесте)

«Фитопрепараттар»ФК»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі- нің техника-экономикалық көрсеткіштері. 1-кесте

Көрсеткіштер
2004
2005

Ауытқу:

Өсуі(+)

Кемуі(-)

Өсуі (%)

2004-100%

Көрсеткіштер: 1
2004: 2
2005: 3
Ауытқу:Өсуі(+)Кемуі(-): 4
Өсуі (%)2004-100%: 5
Көрсеткіштер:

1. Тауарларды(қызметтерді,

жұмыстарды) сатудан түскен табыс

2. Таза табыс

3. Өнімнің өзіндік құны

4. Негізгі қызмет бойынша рентабельділік

5. Табыстың бір теңгесіне

кеткен шығындар

6. Еңбек өнімділігі

7. Еңбекке ақыны төлеуге кеткен шығындар

8. Негізгі қорлар

9. Қорқайтымдылығы

10. Орташа тізімдік саны

2004:

87427509

923569

26376

1, 29

0, 77

901654

1165933

999818

34, 27

38

2005:

28166163

764944

24390470

1, 31

0, 76

711965

4677453

960886

33, 34

45

Ауытқу:Өсуі(+)Кемуі(-):

-59261346

-1986136

0, 02

-0, 01

-189689

3511520

-38932

-0, 93

7

Өсуі (%)2004-100%:

31, 21

92, 47

102

98, 70

78, 96

401

96, 11

97, 29

118

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық қызметі жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Қаржылық есептеме аудитінің процесі
Корпоративтiк табыс салығының бухгалтерлiк есебi мен салықтық есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Шығындарды пайдаға қосу уақытына байланысты кезеңдік айырмашылықтар
Банктегі салық есебінің мәні мен принцптері
Жылдық жиынтық табыс
Заңды тұлғалардың салық есебі және жиынтық жылдық табысты талдау
Бюджетпен есеп айырысу есебі мен аудиті
JPK Corporation ЖШС
Салық төлеушінің құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz