Сабақтың типтері және құрылымы

Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы

Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

И. Н. Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2.Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4.Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5.Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6.Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
С. В. Иванов бойынша:
Кіріспе сабақтар.
Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
Дағдылану сабағы.
Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.
Бақылау сабағы.
Б. П. Есипов бойынша:
Аралас сабақтар.
Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
Пысықтау сабағы.
Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз.
Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
Жаттығу сабағы.
Қорыту сабағы.
4. Қайталау, білім сынау сабағы.
5. Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жат-қызуға болады:
Кіріспе сабағы.
Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
Зертханалық сабақ.
Қайталау-қорыту сабағы.
Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
Аралас сабақ
өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай ''Жаңа білімді хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пйдалана білу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушы-лардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайта-лау-қорыту сабағы'' деп аталады.
Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрі оның құрылымына байланысты болып келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі ''Аралас сабақ'' деп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді:
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады.
Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтас-тыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.

Кіріспе сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.
Оларды сабаққа әзірлеу.
Жаңа оқу материалын ендіру.
Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.
5. Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы
Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
Жаңа оқу материалын ендіру.
Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақ-тарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді.
Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалім-нің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.

Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақ оқытудың негізгі түрі, қазіргі сабақтың құрылымы
Сабақтың типтері, құрылымы
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы
Дене тәрбиесі сабақтарының топтастырылуы
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Қайталау сабағының құрылымы
Сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
Сабақтың негізгі элементтері, сабақ типтері
Пәндер