HTML тілі және оның құрылымы


КІРІСПЕ

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті -олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML-гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіл әлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады. Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемт (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет немесе дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде карастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі керсетілетін құжат бөлігі калай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. HTML тілінін атқаратын кызметі: Web-парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп керсететін тілге жатпайды, Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуінде екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web-парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.

1. Техника қауiпсiздiк ережесi

  1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiн қойылатын талаптар

төмендегiдей:

  • компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қостiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтар дым ұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым

салынады;

  • мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
  • дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiм мен жұмыс

істеуге болмайды;

  • дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым

салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;

  • пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

  1. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң

талаптары.

  • дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу

керек;

  • жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
  1. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника

қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
  • сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
  • көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға

болады;

  • электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
  1. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын

талаптар:

  • жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
  • өт сөндiруде көмек көрсету қажет;
  • электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
  • компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т. б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
  • электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлi материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
  1. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi

ережесiнiң талаптары:

  • мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
  • жұмыс орнын ретке келтiру;

2. Компьютерлік желілер

2. 1. Желілердің қызметі

Желі - мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі - бір - бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері - желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ - есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т. б. ) . Желілік қолданбалар - желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т. с. с. ) . Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) - желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б. ) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар - жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы - желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.

Сервер (server) - желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер - желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

Ерекше көңілді сервер типтерінің ішіндегі - файлдық серверге (file server) (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-сервер - желідегі пайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл - үлкен сыйымдылықты оперативтік жады, қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушылар мен орындалатын мәліметтер өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл-сервер ретінде мини - ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

Мәліметтер қоры сервері (database server) - мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері

- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін қолдау;

- мәліметтер қорына сұраныстарды қабылдау және өңдеу, өңдеу нәтижелерін жұмыс станциясына қайтару;

- мәліметтер қорына авторланған қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды есепке алу және сүйемелдеу жүйесін қолдау, пайдаланушылардың қатынас құру мүмкіндіктерін шектеу;

- үлестірілген мәліметтерқорын қолдау, басқа жерлерде орналасқан мәліметтер қоры серверлерімен әрекеттесу функцияларын атқарады.

Қолданбалы программалар сервері (application server) - пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.

Қатынастық сервер (communications server) - жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізу/шығару порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.

Қатынау сервері (access server) - тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері қайтарылады.

Факс - сервер (fax server) - жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері (back up server) - файл - сервер және жұмыс станцияларында орналасқан мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін.

Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер) ;

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер) .

Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т. б. ) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар - қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.

Қайталауыш (repeater) - келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.

Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) - бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін бір уақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.

Маршруттауыш (router) - бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.

Көмей (gateway) (шлюз) - әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері:

- өнімділік;

- сенімділік;

- басқарылымдық;

- кеңейтілімдік;

- айқындық;

- жинақталымдық.

Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне байланысты есептеу желілерінің түрлері:

- жергілікті желілер (LAN - Local Area Network) ;

- ауқымды желілер (WAN - Wide Area Network) .

Желінің масштабына байланысты түрлері:

- жұмыс топтарының жергілікті желілері (бір ОЖ басқаруымен жұмыістейтін компьютерлердің кішігірім санын біріктіреді) ;

- бөлімдердің жергілікті желілері (бір бөлімнің компьютерлерін біріктіреді) ;

- кампустардың жергілікті желілері (бірнеше кіші желілерді біріктіреді) ;

- бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекемен емесе корпорация көлеміндегі компьютерлермен желілерді біріктіреді) .

OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және кезкелген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart Organisation - ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection - OSI) құрды. Бұл есептеу желілері жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі, ол деңгейлер:

1) физикалық деңгей;

2) арналық деңгей;

3) желілік деңгей;

4) көліктік деңгей;

5) сеанстық деңгей;

6) көрсетімдік деңгей;

7) қолданбалы деңгей .

Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген. Әрбір деңгей салыстырмалы тәуелсіз, әрбір деңгей желілік құрылғылардың қатаң анықталған әрекеттесу функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер иерархиялық құрылым құрады, мұнда қандай да бір деңгейде жасалған сұраныс орындалуға одан төмен деңгейге беріледі. Сұранысты өңдеу нәтижелері жоғарғы деңгейге қайтарылады. Деңгейлердің программалық және аппараттық әрекеттесуін сипаттау үшін интерфейстер және хаттамалар қолданылады. Екі көршілес деңгейлер арасындағы әрекеттесуді және олардың арасындағы берілетін мәліметтердің пішімін сипаттау үшін интерфейс (мысалы, Х. 25 ) деп аталатын ережелер мен келісімдер орнатылады. Бір деңгейдегі объектілердің әрекеттесуінің, сонымен қатар бір деңгейдегі объектілер арасында берілетін хабарламалардың көрсетім пішімдерін бекітетін ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады.

Ауқымды есептеу желілері - бір-бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері үш құрауыштан тұрады: желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері; жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар; байланыс арналарына байланыс құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар. Ең әйгілі ауқымды есептеу желісі -Internet.

Internet - түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, радио модемдер, т. б. ) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Оның өзінің атауы “желі арасында” мағынасын білдіреді. Желілерді біріктіру үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Өз компьютерінен кез келген Internet абоненті басқа қалаға мәліметтерді жібере алады, Вашингтондағы Конгрес кітапханасының каталогын көре алады, Нью-Йорктағы Метрополитен музейінің соңғы көрмесінің суреттерімен таныса алады, IEEE конференциясына және әр түрлі мемлекеттердің желі абоненттерімен ойындарға қатыса алады. Internet - тің аса маңызды ерекшелігі - оның әр түрлі желілерді біріктіре отыра ешқандай иерархияны құрмайтыны, желіге қосылған барлық компьютерлер тең құқықты.

Internet-тің негізін жоғары жылдамдықты кеңарналы желілер құрайды, тәуелсіз желілер кеңарналы желілерге NAP (Network Access Point) желілік қатынау нүктелері арқылы қосылады. Тәуелсіз желілер дербес жүйелер түрінде қарастырылады, себебі олардың өзіндік әкімшілік басқаруы және маршруттау хаттамалары бар. Дербес жүйелер ретінде ірі ұлттық желілер болады, мысалы - европалық EUNet, Россия университеттерінің RUNet желілері. Кейбір дербес жүйелер Internet желісіне қатынау қызметін көрсетуге мамандандырылған компаниялар құрады, оларды провайдерлер деп атайды (мысалы, АҚШ-та UUNET, Россияда Relcom) .

2. 2. World Wіde Web құрылымы

WWW дүниежүзілік тармақталған торабы - бұл Іnternet-тің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wіde Web-Іnternet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар Іnternet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. ”Гипермәтін” мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың

”HTML” (Hyper Text Markup Language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне ”сілтеу” бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үш өлшемді нақты бейнелер т. б. орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wіde Web-тің негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW торабындағы кез-келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады. Бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

World Wіde Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметер мен олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық “өрмек” деп айтса да болады.

Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілер бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір топтық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез-келген бұрышында орналаса алады. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызға орналасады. Мұнда қашықтағы - қымбат, жақындағы - арзан деген ұғым жоқ. Олардың бағасы тек мәліметтең көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. Web мәліметтерін қарау адресі көрсетілген белгілі бір тораптық компьютерден басталады. Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе мазмұны тәрізді. Әрбір беттің URL (Unіversal Resource Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу ”көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

2. 3. ТСР/ІР хаттамасы

Интернет торабының жұмысы ТСР/ІР - Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама/ Интернет хаттамасы) коммуникациялық хаттамаларды пайдалануға негізделген. Берілген хаттама кейбір локальдық тораптарда мәліметтерді беру мақсатында қолданылады. ТСР/ІР хаттамалары қосымша деңгей мен мәліметтер арнасы деңгейінің арасындағы барлық аралық хаттамаларды қосады. Жалпы саны оннан асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері:

Транспорттық хаттамалар: ТСР - Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама) және басқа - компьютерлер арасындағы мәліметтерді беруді басқарады.

Маршруттық хаттамалар: ІР - Іnternet Protocol (Интернет хаттамасы) және басқа - мәліметтердің дұрыс беруін қадағалайды, мәліметтердің адрестерін өңдейді.

Тораптық адресті қолдану хаттамасы: DNS - Domaіn Name System (Аттардың доменді жүйесі) және басқа компьютердің бірегей адресін анықтауын қамтамасыз етеді.

Қолданбалы сервис хаттамасы: ҒТР - Fіle Transfer Protocol (файлдарды тапсыру хаттамасы), НТТР - Hyper Text Transfer Protocol (гипертекстті тапсыру хаттамасы), TELNET және басқа - әртүрлі қызметке қол жету үшін қолданылады: компьютерлер арасында файлдарды беру, WWW-ға қамсыз ету.

Шлюздік хаттамалар: EGP - Exterіor Gateway Protocol (ішкі шлюздік хаттама) және басқа - торап арқылы маршрут пен тораптың жағдайы туралы ақпаратты тасымалдауға көмектеседі; сондай-ақ локальды тораптарға мәліметтерді өңдейді.

Почталық хаттамалар: РОР - Post Offіce Protocol (почтаны қабылдау хаттамасы), SMPT - Sіmple Maіl Protocol Transfer (почтаны тапсыру хаттамасы) - почталық хабарларды тапсыру үшін қолданылады.

ТСР/ІР хаттамасының инсталляциясы

ТСР/ІР хаттамасы Іnternet жүйесіне қосылған компьютерде өзімен бірге тілі бар. ТСР/ІР (тапсыру басқармасының хаттамасы/ Іnternet хаттамасы) бастапқы кезде АҚШ қорғаныс министрлігіне арнап жасалған.

Іnternet ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс ісиегендіктен, ол міндетті түрде сіздің компьютеріңізде инсталляциялануы керек. Бірақ егер бұлай болмаса, сіз жіберілгеннің есесін толтыра аласыз.

  1. Баптау менюінен Басқару панель командасын таңдаңыз.
  2. Торап пиктограммасына апарыңыз.
  3. Егер торапта келесі компоненттер қойылған тізімінде ТСР/ІР элементі бейнеленсе, онда бұл хаттама инсталляцияланған. Бірақ егер берілген элемент жоқ болса, Қосу кнопкасын басыңыз.
  4. Диалогтік терезеде пайда болғанға дейін хаттама элементінде 2 рет басыңыз.
  5. Таңдау терезесінде ашылған дайындаушылар алаңында: Тораптық хаттамада Mіcrosoft элементін белгілеңіз, ал Тораптық хаттама алаңында - ТСР/ІР элементі және ОК кнопкасын басыңыз.
  6. CD - ROM жинаушыға 98 инсталляцияланған компакт - дискісін қойыңыз немесе қатты дискідегі инсталляцияланған файлға жол көрсетіңіз және керекті файлдарды көшіру үшін Одан әрі кнопкасын басыңыз.
  7. ТСР/ІР хаттамасының инсталляция процесін аяқтаған соң, операциялық жүйені толтырыңыз.

ТСР/ІР хаттамасын инсталляциялауды аяқтаған соң, оны міндетті түрде конфигурациялау қажет. Ол үшін келесі істерді орындаңыз:

Жұмыс жолындағы жүйелік қоршау пиктограммасына апарып басқару тетігінің оң жақ кнопкасын басыңыз, және ашылған менюден Қасиеттер командасын таңдаңыз.

Ашылған терезенің тізімінің алаңында ТСР/ІР элементін (немесе ТСР/ІР элементі аланып тасталған қатынау контроллері) белгілеңіз және Қасиеттер кнопкасын басыңыз.

ОК кнопкасын басыңыз. Пайда болған терезеде конфигурация DNS қосымша бетін ашыңыз.

DNS - ты қосу опциясын орнатыңыз және компьютердің атын алаңға енгізіңіз.

Сосын провайдер көрсеткен DNS - сервердің адресін, DNS - серверін қараудың реттілігі алаңына қойыңыз және Қосу кнопкасын басыңыз.

ОК кнопкасы арқылы ашық терезелерді жабыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
HTML туралы жалпы түсiнiк
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
JAVA-скриптердің құрылысы мен принциптері
WORLD WIDE WEB және HTML тілі туралы
HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралдың құрылымы
Онлайн оқыту жүйелеріне шолу
HTML тілі туралы
HTML тілі. Гипермәтін және гипермедиа
ВЕБ СЕРВИСТІ ҚҰРУ
Интернет құрылымы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz