Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1908 – 1916 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі және алаш қозғалысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
« Тарих және философия » кафедрасы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ 1908 - 1916 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
( ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС )
Дайындаған : « Тарих және геог-
рафия » ( КИО-02-3 ) тобының
студенті Азбергенова Ләззат .
Ғылыми жетекші : аға оқытушы
Исаева Л. Н.
Қорғауға жіберілді
мамыр 2007 ж.
« Тарих және философия »
кафедрасының меңгерушісі,
Бекенжанова А. А.
Ақтау - 2007
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . . . 3-9
I-тарау. Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты. «Қа-
зақ» газеті және азаттық үшін күрес идеологиясы-
ның қалыптасуы (1908 - 1916 жылдар) . . . 10-36
1. 1. Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты . . .
1. 2. «Қазақ» газеті және отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы
күрес идеологиясының қалыптасуы . . . 23-36
II-тарау. Қазақ демократиялық интеллигенциясы бірінші
дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліс тұсында . . . 37-59
2. 1. Қазақ зиялылары бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында . . . 37-50
2. 2. Демократиялық интеллигенцияның 1916 жылғы көтеріліс қарса-
ңындағы және тұсындағы қызметі . . . 50-59
2. 3. Қазақ демократиялық интеллигенциясы майдандағы жұмысшылар
арасында . . .
Қорытынды . . . 60-64
Сілтемелер . . . 65-68
Әдебиеттер . . . 69
КІРІСПЕ.
XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық, қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, коғамдық өніп-өсуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Басқаша айтқанда, бұл мезгілде ортағасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.
Міне, осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш - ұлттық интеллигенция араласа бастайды.
Қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең, болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметін, оның ішінде олардың 1908 - 1916 жылдардағы қызметін, азаттық үшін күрес идеологиясының қалыптасуын қарастыру диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Жұмыстың хронологиялық шеңбері 1908 - 1916 жылдарды, яғни 1905 - 1907 жылдардағы бірінші орыс революциясынан кейінгі реакциялық қудалау кезеңінен 1917 жылдардағы революцияларға дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл тақырыпты жан-жақты қарастыру, біздің пікірімізше, ең алдымен бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының танымы болмысынан туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи өтпелі кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы прогреске қызмет еткен.
Кеңестік тарих ғылымы революцияға дейінгі ұлттық интеллигенцияның қоғамдық қызметі «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «күні өткен феодалдық тәртіпті жақтаушылықтың» көрінісі есебінде бағалап келді. Ал қазақ зиялыларының қоғамдық қызметінде мұндай көрініс болды ма, жоқ әлде бұл аталған ұғымдар жаңа тарихи жағдайда ұлы державалық пиғылдағы саяси топтардың патриоттық, ұлт-азаттық күштермен күресте қолданған жаңа әдіс-кұралдары ма еді?
XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу, белгілі дәрежеде, тарихи қоғамдық құбылыс ретінде оның табиғи болмысын, тыныс-тіршілігін, әлеуметтік күш есебінде биік қасиеттері мен кемшіліктерін де танып білу екендігі түсінікті. Басқаша айтқанда, бүгінгі ұрпақ үшін бұрыңғылардың қандай тарихи іс тындырғаны ғана маңызды емес, нақ сондай дәрежеде олардың қайраткер ретінде бар болмысымен кім болғаны да мәнді. Өйткені барлық өркениетті қоғамда әрбір ұрпақ өзінің ерекшелігін, тіптен тарихи борыш-міндеттерін тарихи контексте ғана терең әрі толық түсіне алған.
Революцияға дейінгі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің тарихын зерттеуді олардың өздері бастап берген болатын. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың 1 , М. Дулатовтың 2 , М. Тынышбаевтың 3 және Е. Омаровтың 4 өз замандастарының өмірі мен қызметіне байланысты түрлі басылымдарда жарияланған еңбектерін айтуға болады .
Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Қазақ облыстық бірінші партия конференциясы жаңа қоғамдық құрылыс үшін қазақ елінің интеллигенциясының тым аз екендігін, ал білімді, тәжірибелі аз ғана зиялыларды «ешқандай да кітаптың ауыстыра алмайтындығын» 5 мойындай отырып, бірақ олармен қызмет бөлісу ниеті де жоқ екендігін ашық білдірді. Мұндай саясаттың астары түсінікті болатын, қазақ бұқарасының санасын өзіне қаратып алуды көздеген большевиктер, өзінің негізгі қарсыласы ұлттық тәуелсіздік тұғырнамасында тұрған қазақ демократиялық интеллигенциясын күрес аренасынан біржола ығыстыруды алдына мақсат етіп қойған еді. 1922 жылдан бастап жоғары білікте жүрген Алаш қайраткерлері қызметтерінен ығыстырыла бастайды 6 . Бұл саяси жағдай осы кезеңде жарық көрген материалдардан да анық аңғарылады.
Бүгінгі күнге дейін зерттеушілер мен қалың окырманның назарына ілікпей келе жатқан кітап Мартыненконың «Алаш-Орда» атты құжаттар жинағы 7 . Бұл Алаш қозғалысы жөнінде біршама түсінік бере алатын құжаттардан құралған тұңғыш ғылыми жинақ болатын. Сонымен бірге Мартыненко жинағы да Бочагов еңбегі сияқты нақты саяси мақсатқа қызмет етуге негізделген.
Бочагов пен Мартыненко еңбектерінің шығуымен бір мезгілде алаштық интеллигенцияны қудалау және сотқа тарту ісі қатар жүрді. 1927 жылы қазан айында ОГПУ орындарының Е. Омаровты тұтқынға алып, тергеу жүргізуінен басталған бұл процесс 1930 және 1932 жылдары ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің үлкен тобын (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев және басқалар бастаған) түрлі-ауыр жазаларға кесумен аяқталды 8 .
20-жылдардың орта тұсынан қалыптаса бастаған бұл ауыр саяси жағдай Алаш қозғалысына қатысты жазылған еңбектерге өз әсерін тигізбей қоймады. Өздерінің алғашқы еңбектерінде ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының объективті-революциялық рөлі жөнінде жазған Т. Рысқұлов 9 пен С. Асфендиаров 10 соңғы еңбектерінде қазақ зиялыларының қызметін басынан аяғына дейін реакциялық буржуазиялық ұлтшылдықтың көрінісі есебінде бағалауға мәжбүр болды. Ал F. Тоғжанов 11 , I. Қабылов 12 және Н. Тимофеев 13 сияқты тарихшылар Алаш қозғалысынан тек Кеңес үкіметі мен большевиктер партиясына қарсы әрекетті көрді.
Ф. Голощекин мен партиялық басшылықтың есебі бойынша алаштық идеология мен интеллигенцияға қарсы шабуылдың шырқау биігі С. Брайнин мен Ш. Шафиро даярлаған Алашорда тарихы бойынша очерктер кітабы болуға тиіс еді 14 . Кітапты дайындау барысында, яғни 1933 жылы 8-28 желтоқсан аралығында Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында Алашорданың контреволюциялық рөліне арналған ғылыми конференция өткізіледі.
Ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлерімен біржола есеп айырысу мақсатында жүргізілген 1930 және 1932 жылдардағы сот процестерінен кейін өткізілген бұл конференцияның негізгі мақсаты «күйретілген Алашорданың қалдықтарына» енді теория жүзінде, «тарих майданында» соққы беру еді. Өздерінің осындай саяси мақсат көздегенін баяндамашылар Брайнин мен Шафиро да жасырған жоқ.
Қазақ демократиялық интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеу 20-30-жылдары шамамен осы жоғарыда баяндалғандай бағытта және деңгейде жүрді. Ал 1937-1938 жылдардағы интеллигенцияға қарсы жүргізілген жаппай жазалау саясаты және тоталитарлық идеологияның салтанат құруы бұл тақырыптың ғылыми зерттеу объектісі санатынан ұзақ мерзімге шығып қалуына алып келді. 80-жылдардың соңына шейін XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметіне арналған бірлі-жарым мақалалар болмаса 15 , бұл тақырыпты арнайы зерттеу объектісі есебінде алған монографиялык деңгейдегі еңбектер жарық көрмеді.
Әрине, бұл мәселе мүлдем назардан тыс қалып қойды деген сөз емес еді. Зерттеушілер бұл мәселеге тоқталды. Бірақ оған революцияға дейінгі Қазақстандағы азаттық (таптық) қозғалысқа немесе кеңестік құрылысқа арналған еңбектерінде негізгі мәселеге жанама сюжет есебінде ғана қарады.
1989 жылы баспадан белгілі қоғам қайраткері, ағартушы М. Сералиннің қоғамдық-саяси көзқарасын талдауға арналған С. Зиманов пен К. Ыдрысовтың монографиялық еңбегі жарық көрді 16 . Кітаптан «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары жөнінде көптеген тың фактілерді кездестіреміз.
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарасы әр жылдарда қазақстандық философ ғалымдардың да зерттеу объектісі болды 17 .
Қазан революциясы қарсаңындағы Қазақстандағы
жағдай, соған байланысты қазақ интеллегенциясының
қоғамдық-саяси қызметі, белгілі дәрежеде, шетелдік
эмиграция өкілдері еңбектерінде де көрініс тапты 18 . Бұл
ретте 1917 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың даму ерекшеліктері мен бағыттарын тереңірек түсіну үшін М. Шоқайұлының естеліктерінің маңызын бөліп айтқан орынды 19 .
Алаш қайраткерлерінің тағдырын, әсіресе шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған алаштықтардың өмірі мен қызметін танып-білуде X. Оралтай еңбегінің 20 орны ерекше.
XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысын жаңа әдістемелік тұрғыдан қорытып зерттеуде шетелдік тарихшы мамандардың жариялаған еңбектерінің мәні зор 21 . Сонымен бірге, елімізде қалыптасып отырған мүлдем жаңа саяси жағдайға және бұрын жабық архив қорларының ашылуына байланысты шетелдік авторлардың зерттеулерінің деректік (негізінен, орыс тіліндегі құжаттық жинақтар мен баспасөз материалдарынан тұратын) негізінің әлсіздігін, соған байланысты жасаған тұжырымдарындағы кемшіліктерді елемеу құр еліктеушілікке ұрындырар еді.
Қазақ демократиялық зиялылардың XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жана кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта кұру процесі, соған байланысты тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан Коммунистік партиясы Орталык Комитеті жанынан құрылған комиссияның шешімдері болды. Соның нәтижесінде, сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады.
Осы кезеңнен бастап қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі «дөңгелек столдардың» тақырыбына айнала бастайды. «Қазақстан коммунисі» журналы ( 1991 жылдан бастап «Ақиқат» журналы) мен «Социалистік Қазақстан» газеті Алаш қозғалысына арналған мақалалар топтамасын жариялайды 22 . Түрлі басылымдарда Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қоғамдық қызметі мен саяси көзқарасын талдауға арналған мақалалар жарық көреді 23 .
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М. К. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше 24 . Олар бұл күрделі мәселені ескі, ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді меңзейді.
Зиялылардың тарихын зерттеудегі жаңа кезеңнің тағы бір белгісі бұл мәселені кең тарихи хронологиялық ауқымда және нақты деректік негізде зерттеуді қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы 25 . Ұлттық интеллигенция тарихын кеңес билігі дәуірімен шектеген Қарағұсов және баска авторларлардың пікірін X. Әбжанов орынды сынаған. Сондай-ақ осы жаңа кезеңде ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу тарихнамасы да белгілі бір жүйеге түсе бастады. I. Қозыбаевтың тарихнамалық еңбектерінің жарық көруі соның айғағы еді 26 .
90-жылдардың басында осы уакытқа дейін зерттеушілер үшін жабық болып келген бұрынғы Қауіпсіздік комитетінің архив корлары өз есігін ашты. Сол жаңадан ашылған архив құжаттарының негізінде жазушы Д. Досжанов «Абақты» (Алматы, 1992) аталатын өзінің әдеби-көркем туындысын жариялады. Онда А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т. б. Алаш қайраткерлерінің істі болу тарихын бейнеленіп, олардың өмірбаяндық тың деректері де келтіріледі.
1993 жылдың соңына қарай Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих институтының ұжымы XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар жинағын шығарды 27 . Бұл жинақ көтерген ғылыми мәселелері, мақала авторларының тарихи фактілерді талдау және қорыту дәрежесі тұрғысынан алғанда қазақ тарих ғылымының тәуелсіздікке бет бұрысының айқын көрінісі болып табылады.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін арнайы осы тақырыпқа арналған еңбектерден ХІХ - ХХ ғасырлар межесіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына талдау жасай отырып, Алаш қозғалысының пайда болуы, Алаш қайраткерлерінің Алаш автономиясын құру жолындағы қызметі жан-жақты қарастырылатын көлемді еңбек ретінде белгілі тарихшы - ғалым М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» еңбегін айтуға болады. Сонымен қатар белгілі тарихшы К. Нұрпейісовтың «Алаш һәм Алашорда» атты монографиялық зерттеуінде Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негіздері, Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық мақсат-міндеттері, Алаш Орда автономиясының іс-әрекеттері қарастырылады.
I - ТАРАУ.
Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты. «Қазақ» газеті және азаттық үшін күрес идеологиясының қалыптасуы (1908-1916 жылдар) .
1. 1. ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫ ҚУДАЛАУ САЯСАТЫ.
1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс әкімшілігі қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысын бастаушы саяси күш - ұлттық интеллигенциямен бетпе-бет келді. Сондай-ақ осы мезгілден бастап әкімшілік орындары ұлттық интеллигенцняның белсеңді өкіддерін қудалау саясатын қолға алды. Бұл саясаттың басында империяның ішкі істер министрлігі тұрды, ал жергілікті жерлерде оның нақты жүргізушілері губерниялық және уездік әкімшілік орындары болды.
1905-1906 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың әсіресе далалық облыстарда тегеурінді жүрген еді. Соған сай реакция жылдары да отаршыл билік пен ұлттық интеллигенция арасындағы күрес осы облыстарда айқын сипат алды. Басында далалық облыстардың генерал-губернаторы тұрған облыс және уезд әкімшіліктері ұлт-азаттық қозғалыстың бастаушы өкілдерін, шығармашылық қызметімен ұлттық санаға ықпал жасай бастаған ақын-жазушыларды, революция жылдары түрлі саяси істерге белсенді атсалысқан жеке адамдарды, дін қызметкерлерін жазалау шараларын іске асырды.
1905 жылы жаз айларында түрлі жәрмеңкелер мен жайлауларда мыңдаған адамдардың қатысуымен өткен жиналыстар, оларда қабылданып, үкімет орындарына жөнелтілген петициялар отаршыл әкімшілік үшін күтпеген белсеніділіктің көрінісі еді. Сондықтан да үкімет орындары бұл оқиғалардың одан ары өріс алмауына қажет шараларды істеп бақты. Сол кездегі оқиғалардың куәсі М. Тынышбаевтың көрсетуіне қарағанда, 1905 жылдың күзіне қарай Семей губернаторы Галкин билік орындарына қазақтарды Омбыда өтпек жиналысқа жібермеу туралы жарлық береді. Әскери генерал Романов қазақ тілмаштарын жұмыстан босатып, олардың орнына орыс-казактарды қабылдайды. Крестьян және уезд бастықтарына қазақтардың үстінен бақылауды күшейту және түрлі петицияларға қол қойғандардың тізімін жасау жөнінде нұсқау беріледі. Бұл ретте, әсіресе көзге түсуге тырысқан Қарқаралы уезінің бастығы Оссовский еді. Ол Қарқаралы петициясына қолдарын қойған 42 болыс пен биді жауап алу үшін Қарқаралыға шақыртады, бірақ, олардың бірде-біреуі келмейді.
Әрине, мұндай жағдайда билік орындарының алдымен қозғалыстың басшыларына назар аударатыны мәлім. Бүл ретте ең алдымен көзге іліккен - Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі, бірінші Мемлекеттік Думаның мүшесі, оны таратуға қарсылық білдіріп басқа депутаттармен бірге Выборг манифесіне қол қойған, орыс тілді басылымдардағы өткір мақалаларымен көзге түсіп үлгірген Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкей-ханов. Әкімшілік орындары даладағы революциялық өрлеу барысында-ақ оны халық бұқарасынан аластауға тырысты. «1906 жылы қаңтарда, азаттық күндерімен бірге келген окиғалар ағымында Семейде облыстық съезд өтетін болды. Соған қатынасуға Павлодардан Семейге келе жаткан жолымда, - деп жазды Бөкейханов, - мені Ямышевск поселкесінде 8 каңтар күні тұтқынға алды . . . » Сол қамалғаннан ол ешқандай да тергеусіз 30 сәуірге дейін, яғни Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының елубасылары Мемлекеттік Думаға депутат сайлаушы етіп бекіткені мәлім болғанға дейін абақтыда отырады 1 .
Араға бір жыл салып, яғни 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг манифесіне қол қойғаны үшін заңдар жинағының 51-бабы және 129-бабының 3-тармағының 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылып, Петербург округтік сотының үкімімен Семей абақтысында бірнеше ай отырып шығуға міндеттенді 2 . Осы жылдан бастап үкімет орындары қазақ ұлт-азаттық қозғалысын әлсірету және бастаушысыз қалдыру мақсатында оның белсенді қайраткерлерін қазақ облыстарынан тыс аудандарға жер аудару тәжірибесін қолданды. Ә. Бөкейханов Семей абақтысынан шыққаннан кейін ішкі Ресей қаласы Самарада жандарм орындарынын бақылауы астында тұруға тиіс болды.
Әрине, 1905 жылдың саяси оқиғаларына белсенді түрде араласқан жалғыз Ә. Бөкейханов емес екені түсінікті. Әсіресе, Қарқаралы петициясын дайындау кезінде, ел арасындағы саяси үгіг жұмысында ерекше белсеңділігімен танылған Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынов бастаған Қарқаралы интеллигенциясы еді. Қазақ даласында өздерінен басқа ешкім де еркінсінбеуі керек деп түсінген патша шенеуніктері бұл жағдайды бірден аңғарды. Олар көп ойланбастан тиісті орындарға, жандарм тыңшыларына Қарқаралы интеллигенциясы үстінен, алдымен олардың жетекшісі ретінде танылған Ж. Ақбаев пен А. Байтұрсынов жайында тиесілі материалдар жинауды тапсырды.
Соның нәтижесінде 1906 жылы 4 тамызда Омбы сот палатасының отырысында Ж. Ақбаевтың «үкімет орындарына қарсы әрекет ісі» қаралды. Сот жалған көрсетулер берген куәләрдің келмеуіне, ал келгендерінің бұрынғы көрсетулерінен бас тартуына байланысты айыпкерге тағылған бірде-бір кінәнің негізсіз екендігін мойындауға мәжбүр болған еді.
Семей облысындағы белсенді қазақ интеллигенттерін қудалау ісі облысқа 1908 жылы әскери губернатор қызметіне А. П. Тройницкий келгеннен кейінгі уақытта ушыға түсті. Өзінің реакциялық іс-әрекеттерімен прогрессивті көзқарастағы орыс қоғамына да жексұрын көрінген 2 Тройницкийдің Семейге келген бетте қолға алған істерінің бірі түрлі лас жолдармен қазақ зиялыларының үстінен материал жинау болды. Сол жиналған материалдарды негізге ала отырып, ол 1908 жылы 17 қарашада дала облыстары генерал-губернаторына құпия қатынас жазып, онда Ж. Ақбаевка бірнеше айып тақты. Олардың мазмұны қысқаша мынаған сайды: 1) 1905 жылы 15 қарашада Карқаралыда өткен митингіде басым бөлігіқказақтар мен татарлар болған тобырды орыс билігіне бағынбауға шақырып, «Патша ендігі уақытта патша емес, біздің құлымыз, бостандықты патша өз еркімен берген жоқ одан халық тартьш алды!» деген сөздер айтқан, халықты алым-салық төлеуден бас тартуға шақырған; 2) І907 жылы маусымда Қоянды жәрмеңкесінде переселен учаскелер дайындайтын комиссия-ның отырысы үстіне рұқсатсыз кіріп келіп, қазақтар Мемлекеттік Думаның арнайы ұйғарымынсыз бір тұтам да жер бермейтіндігін, қажет болса жерін қорғап өлуге даяр екендігін айтып, комиссия төрағасын қорлаған; 3) Петербург университетінің профессоры Петражицкийге жазған хатында өзінің қазақтарга ықпал жасап, орыс
билігіне қарсы қарулы көтеріліске даярлағанын айтқан; 4) басқа қазақтармен бірге орыс патшалығының құрамынан кету жолдарын талқылап, сөйтіп сеператистік пиғыл тудырған; 5) Бөкейхановқа беру үшін қазақтардан қаржы жинаған т. с. с. 1 .Ақбаев атына осындай айыптар тағып және оларды өзінде бар фактілермен дәлелдегенсіп, Тройницкий мұндай әрекеттердің қазақ даласында орыс билігінің қадірін тycipмece көтермейтіндігін таусыла айтып, генерал-губернатордан Дала Ережесінің 17-бабына сай Ж. Ақбаевты Сібір өлкесінің бір алыс түкпіріне жер аударуды қиыла өтінеді.
Дала облыстары генерал-губернаторы Е. О. Шмит Тройницкийдің ұсынысын қабыл алып, 1908 жылғы 4 желтоқсанда ішкі істер министріне жолдаған № 99 өтініш хатында «егер Ақбаевты Семей облысынан тағы да сол қырғыздар қоныстанған Ақмола облысына жер аударумен қанағаттансак, онда ол ота. дастарына ықпал ету арқылы өзінің зиянды әрекеттерін жалғастыра бермeк, сондықтан да Ереженің 32-36-бабтарына сәйкес полиция бақылауында бес жылға Якут облысына жер аударуды» 2 сұрайды.
Ж. Ақбаев ісін Ереженің 34-бабына сәйкес құрылған Ерекше Кеңес қараған соң, ішкі істер министрі 1909 жылы 2 қаңтарда «Ақбаев астанадан, губерния және дала генерал-губернаторлығы орталықтарынан басқа, өзі қалаған жерге 1908 жылдың 22 желтоқсанынан бастап санағанда екі жылға жер аударылып ашық полиция бақылауына бағындырылсын 1 деген үкім шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz