Грамматикамен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты



ГРАММАТИКАМЕН ЖАЗУ САБАҚТАРЫНЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1 ГРАММАТИКАМЕН ЖАЗУ САБАҚТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
1.1 ГРАММАТИКАМЕН ЖАЗУ САБАҚТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
1.2 ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.9

2 ГРАММАТИКАМЕН ЖАЗУ САБАҚТАРЫНЫ
2.1 ГРАММАТИКАМЕН ЖАЗУ САБАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... 10.16
2.2 ГРАММАТИКА ЖАЗУ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНАТЫН КӨРНЕКІЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Грамматика (грек. лат.grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат.gramma — әріп)
1. тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
2. тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
1. сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
2. морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
3. синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер еткендей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.
Грамматика мен жазудың әдістемесіндеқазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдері де ескеріледі. Мектептерде үлгермеушілікке қарсы күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да, грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш мектептегі оқудың негізгі қағидалары оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.
Курстық жұмыстың міндеті — балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1998. - №4, июль, - 26-27 б.
2. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1995. – 52 б.
3. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1995. - №6.
4. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 2000. - №11. – 6-8 б.
5. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен метоликалық нұсқау. – Алматы, 1993.
6. Сыздықова Р., шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. – Алматы, 1999.
7. Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. – алматы, 1969. – 228 б.
8. Кәтенбаева Б. Морфологияны оқыту // Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 103 б.
9. Исабаев А. Қазақ тілі фонетикасын оқытудың методикалық негіздері. – Алматы, 1984. – 184 б.
10. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1991. – 184 б.
11. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1991. – 20 б.
12. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту методикасы. – алматы, 1999. – 96 б.
13. Әміров Р. Қоғам реформасына сай қазақ тілін оқыту концепциясы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2002. - №4.
14. Қалиев Ғ., Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2007. – 40 б.
15. Әміров Р., Дәулетбекова Ж. «Қазақ тілі» пәні мазмұнының жаңа бағыттары жөнінде // Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие деңгейін көтеру проблемалары: Ғылыми-практ. конф. материалдары. – Алматы, 2006. – 132-136 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Грамматика (грек. лат.grammatike (techne) -- әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат.gramma -- әріп)
1. тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
2. тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
1. сөзжасам процесінің тәсілдері -- сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
2. морфология -- сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
3. синтаксис -- сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер еткендей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.
Грамматика мен жазудың әдістемесіндеқазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдері де ескеріледі. Мектептерде үлгермеушілікке қарсы күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да, грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш мектептегі оқудың негізгі қағидалары оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.
Курстық жұмыстың міндеті -- балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру -- оқу сабақтарындағы ең басты талап. Балалар бұл сабақтардаоқығандарына жақсы түсініп, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге, процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.

1 Грамматикамен жазу сабақтарының мақсаты мен міндеті
1.1Грамматикамен жазу сабақтарының мақсаты мен міндеті
Бастауыш мектепттерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грам - матика курсының алға қоятын ең басты мақсаты -- оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастау - ыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бас - тауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мек - тептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдығына қарамастан ғылыми негізде құрылады.
Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жұмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз үғымдар оқушы - лар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.
1.2 Грамматикалық жаттығулар
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз талдау-жинақтау жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді.
Грамматиқалық жаттығулар, оқушылардың, қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті -- балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе с мен ш, р мен л, ж мен з сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.
Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөзішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты -- ана тілініңморфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрдемеңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады:
1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар,
2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі -- түбір, жұрнақ, жалғау -- бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын ту-дырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады, 2) белгілі бір сөздердің ішінен не - гізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі, 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысын - да мағына жағына назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жатты - ғулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: Баланың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге (сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық формалар, сөздер, күнделікті тәжірибе, үлгі арқасында өздігінен-ақ грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті -- сол тә - жірибе нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру, -- деген болатын.
Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әр - бір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) текстен керекті сөздерді тапқызу, 2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру, 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату, 4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грам - матикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту, 5) мағына және тұлға жағынанқандай ұқсастық, айырмашылық, барын салыстыру арқылы анықтау, 6) ұқсас сөздерді топтату, 7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.
Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттьіғуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.
Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жат - тығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделген.
Шығармашылық жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан анналитико-синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық
талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу т. б.

2 Грамматикамен жазу сабақтарыны
2.1 Грамматикамен жазу сабақтарының түрлері
Ана тілінен сыныпта білім мен дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ен негізгі түрі сабақ болып есептеледі.
Кеңес педагогикасының үйретуі бойынша және көрнекті педагогтердің зерттеуінше, сабақтың алуан түр - лері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім мен дағды және шеберлік кеңес педагогтері қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардын, білімін бскіту сабағы, 3) оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың, білімін, дағдысын және шеберліктерін есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.
Мектеп практикасында сабақтың таза бір түрі сирек кездеседі. Қазақ тілі сабағыньщ қай-қайсысында болмасын үй тапсырмасын тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстары, оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен сабақ деп аталады. Сабақтын кең тараған түрі осы біріккен сабақ болғандықтан, аз-кем тоқталып өтелік:
Біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып, жүйелі біртұтас сабақ болып өтеді;
Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді;
Сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан-жақты толық дайындалады;
сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады. Біріккен сабақ бірде өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жүмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардың білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бүл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т. б.) қолданылады. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабақ сайын қолданыла бермейді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп саналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне қарай, әр сабаққа пайдаланылады.
Сабақтың үй тапсырмасын тексеру бөлігінде оқушылар (мұғалімнің сұрауы бойынша) тапсырманы қалай орындағандарын, не білгендерін айтады және сыныпта, үйде істеген жүмыстарының нәтижесін ғана емес, сол нәтижеге қалай жеткендерін (қалай меңгергендерін) көрсетеді. Жаттығуларын талдайды, қателері түзетіледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: Бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу. Мақсаты бір буынды сөздерді көп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету.
Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды т. б. Мысалы, I сыныпта Әліппедегі суреттерді көрсетіп, жемістердің атын ататады. Қарақат сөзін буынға бөлгізеді, онда үш буын бар екені анықталған соң, әр буын сұралады, әр буын - ды кірістіріп сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, қарақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында Біздің бақта мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақат та бар. Қара қарақат та бар. Қарақат өте тәтті. Біздер қарақатты тереміз).
Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі мүмкін.
Үйге тапсырманы балалар дәптерлеріне жазып алуға тиіс (Оқушы сөзін септеу).
Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде бір сөз бірнеше түрге енеді, 2) мұнда оған бір - неше сұрақ қойылады, 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттық қасиетінен айырылмайды, 4) олар зат - тың атын білдіреді, 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? деген сұраулар қойылады деген сияқты тұрғыда тұжырым жасайды.
Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы, үй тапсырмасын мұғалім толық және ішінара тексеруі мүмкін. Егер оқушылар үйге берілген жаттығуды түгел оқып, қалай орындағандарына тү-сінік беріп шықса, толық тексеру, ал кейбір маңызды сөздерді немесе сөйлемдерді ғана іріктеп оқытып, талдатса, ішінара тексеру іске асады. Сонымен қатар тек - серу жалпы және жеке де болады. Алғашқысында оқу-шылардан түгел сұралады. Ал жеке тексеруде оқушы мұғалімге дәптерін береді. Мұғалім оның ішінен бір сөзді немесе сөйлемді таңдап алады да, оқушыға жаздырады, талдатады т. б.
Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін әсіресе әңгіме әдісі пайдалырақ. Әңгімелесу барысында сұрақ-жауап қолда-нылады. Қойылған сұрақтарға қарай, балалар кітаптағы ережені оқымас бұрын өздері қорытынды шығаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Бастауыш мектептердегі грамматика курсы
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Грамматика және тіл дамыту
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Сауат ашу теориясы
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
Пәндер