Бірінші сыныпта он көлеміндегі сандарды оқыту



БІРІНШІ СЫНЫПТА ОН КӨЛЕМІНДЕГІ САНДАРДЫ ОҚЫТУ
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Бірінші сыныпта қарапайымматематика түсініктерін оқыту
1.1 Қарапайым математикалық түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.9
1.2 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.13

2 Бірінші сынып математикасында оқытудың теориялық негіздері
2.1 Он көлеміндегі сандарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.17
2.2 1 сыныптағы математика сабағындағы он көлеміндегі сандарды қосу және азайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Кіріспе
Курыстық жұмыстың өзектілігі. Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі класс оқушыларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан бастауыш кластарда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш кластарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш кластарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш мектептегі басты міндеттерінің бірі оқушылардың ой – өрісін, іс – қимылын жан – жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты – математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу – оқытудың мақсаты ғана емес, сондай – ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Леушина A.M. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 1987.
2.Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000.
3. Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992.
4. Адамтаева Г. «Білімді тиянақтау». Бастауыш мектеп 10-2004ж.23бет.
5. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж.
Зббет.
6. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж.
7. Әбішева А. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық
ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж. 17бет.
8. Әлиева К. «1 - сыныпта математика сабақтарында дидактикалық
ойындарды пайдалану» .
9. Бантова М.А. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту
методикасы». Алматы «Мектеп» 1978ж.
10. Баймуратова Б. «Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері».
I1. Балқуатова «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу».
Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8бет .
12. Балғабаева Г. «4 санының құрамы». Бастауыш мектеп 2-
2004ж.
13. Бекжурсінова F. «Ойын - тиімді тәсіл». Бастауыш мектеп 2-
2000ж.25бет.
14. Жапсарбаева «Бастауыш-білімнің іргетасы». Бастауыш мектеп
10-2004ж.23бет.
15. Қазенова Г. «Ойын арқылы оқыту». 4-2001ж. 12бет.
16. Құрмалина «Математикада дидактикалық ойындар және
қызықты тапсырма». Алматы «Атамұра» 1997ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
бірінші сыныпта он көлеміндегі сандарды оқыту

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1 Бірінші сыныпта қарапайымматематика түсініктерін оқыту
1.1 Қарапайым математикалық түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5-9
1.2 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-13

2 Бірінші сынып математикасында оқытудың теориялық негіздері
2.1 Он көлеміндегі сандарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .14 -17
2.2 1 сыныптағы математика сабағындағы он көлеміндегі сандарды қосу және азайту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Кіріспе
Курыстық жұмыстың өзектілігі. Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі класс оқушыларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан бастауыш кластарда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш кластарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш кластарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш мектептегі басты міндеттерінің бірі оқушылардың ой - өрісін, іс - қимылын жан - жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу - оқытудың мақсаты ғана емес, сондай - ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.

Курстық жұмыстың міндеті. Бірінші ондық сандарын оқып-үйрену сабақтарын құрғанда балалардың мектепке кірген кезіндегі олардың дайындығы мен дамуына сүйену керек болады. Сондықтан, бірінші сабақтың өзінде-ақ балалардың қандай математикалық білімі мен ұғымының бар екендігін анықтап, соған негіздеп өзінің сабақтарын кұру қажет. Дайындық кезінде нумерацияны оқып-үйрену, санау -- (артық, кем, тең, реттік қатынастар т.с.с)ға көшуге қажетті білімді жүйеге келтіру және толықтыру керек. Санауға дағдыланудың маңызы зор, ол үшін нәрселердің санау жаттығуын әр сабаққа қосу керек, мұнда нәрселерді сырттай, ойша санамай, тікелей олардың өзін санау керек және нәрселерді кез келген тәртіпте санау керек, мұнда санау нәтижесісанау тәртібіне байланысты болады деген қорытынды шығару кажет.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Бірінші сыныпта он көлеміндегі сандарды оқыту.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Бірінші сыныпта қарапайым математика түсініктерін оқыту
1.1 Қарапайым математикалық түсініктер
Бастауыш сыныптағы балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.
Сыныпта есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке - жеке топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ - жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.
Бастауыш сыныптағы балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шығару сабағында балаларға суретті пайдаланып төмендегідей есептерді шығаруға болады.
Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгеруді, математикалық сауаттандыруды басты мақсат етіп қояды. Осыдан қарапайым математиканы оқытудың мынандай мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:
Бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;
- баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
- меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру;
Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді.
Бастауыш мектепте оқушыларды оқытуда балаларың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын орны ерекше.
Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті проблемасына айналды.
а) бақылау арқылы әртүрлі белгілеріне (түсіне, пішініне, мөлшеріне) қарай ажырата алу білігі төмендегі: бірдей, пішіндері әртүрлі сөз тіркестерін, сондай-ақ ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші, жоғары-төмен, ең ұзын- ең қысқа, т.б. ұғымдарын игеру жүзеге асырылады; Тез фигура құрастыр, Не өзгерді?, Екі бірдей фигураны тап, Қандай?, Геометриялық лото сияқты балалар ойындарын қолдануға болады. Таратылатын материалмен (санау матер-иалдары мен қағаз парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;
ә) кеңістік түсініктерді қалып-тастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.
б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең, бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін бейнелейтін Бауырсақ, Үйшік, Шалқан, ертегілерін және сиқырлы терезе ойынын қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы түсінік қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу, оның көктеуі, өсуі, гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі.
Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.
Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика ғылымының дамуы барысында оқушыларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі. Сондықтан оқушыларды математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады.
Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп алулары керек:
- біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан мен бірліктен, қалай жасалатынын;
- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін;
- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын;
- төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын.
Осыларды ұғынып біліп алу оқушыны сан ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді; санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастырады, балалардың санның натурал қатары жөнінде түсінігі қалаытаса бастайды.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қырсырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.
Математикалық ұғым - мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым - біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі - түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым - түрлік ерекшелігі - тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.
Ұғым мазмұны - нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.
Ұғым көлемі - нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: Үшбұ-рыш ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.
Осы таңда дүние танымдылықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модель-деу идеяларын сезінуде, математикалық сауаттылық жалпы әлемдік сауаттылық ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық матема-тикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минималды талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.
Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды, және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын және ерекшеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.

1.2 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықтау
Цифрдың жазылуына нұсқаулар және олармен таныстыру әдістемесі:
1. Барлық цифрлар торға толығымен, он жақ жартысында кабырғасын бойлайорналасуы қажет.
2. Цифрдың ені оның ұзындығынан шамамен екі есе кіші болуы қажет
3. Цифрды жазуды түсіндірмес бұрын алдымен балаларға үлгісін көрсетіп,мұғалімнің басшылығымен әр цифр қандай элементтерден тұратынын талдауқажет (таяқша, ирек, ирек сызық).
Цифрлардың жазылу үлгісі
1 цифры бірі екіншісінен кіші 2 таяқшадан тұрады. 1 цифры үзіліссізжазылады. Алдымен кіші таяқшаны жазады. Оны тор ортасынан сәлжоғарырақ бастайды да, тордың жоғарғы оң жақ бұрышына дейін жүргізеді.
Сонан кейін қаламды қағаздан кӛтермей, негізгі кӛлбеу таяқша ны жазады.
Тордың жоғарғы оң жақ бұрышынан оның тӛменгі қабырғасының ортасына
дейін.
2 цифры ілгіштен және толқынды сызықтан тұрады, үзіліссіз жазылады.Ілгішін тордың жоғары қабырғасының ортасы нан сәл төменіректеу бастап,сызықты жоғары қарай жүргізеді де, оны оң жақ жоғары бұрышта иеді жәнетордың төменгі қабырғасының ортасына дейін көлбеу штрих жүргізеді.Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасын бойлай, оның төменгі бұрышына қарай толқынды сызық жүргізеді. (Бұл цифрдың жүзген аққуға ұқсайтынын балаларға айтуға және оның басын, мойнын,құйыршығын көрсетуге болады).
3 цифры оң жаққа ығысыңқыраған жоғары және төменгі жарты сопақшадантұрады. Жоғары жарты сопақша төмендегіден сәл кіші болуы тиіс. Цифрдыжазуды тор қабырғасының ортасынан сәл жоғарыдан бастайды, жоғарыжарты сопақшаны тордың ортасына дерлік жеткізеді және қаламды қағазданажыратпай төменгі сопақшаны жазады.
4 цифры үш элементтен - таяқшалардан тұрады. Алғашқы екі элементіүзіліссіз жазылады. Бірінші таяқшаны тордың жоғары қабырғасыныңортасынан сәл әрірек бастап, тордың ортасынан сәл төменірек жеткізеді.Ортасынан бастап, қаламды қағаздан ажыратпай, көлденең таяқшаны оңғақарай жүргізеді және тордың оң жақ қабырғасына сәл жеткізбейді. Қаламдықағаздан ажыратпай 4 цифрының үшінші элементін ұзын таяқшаны жазадыжәне ол тордың оң жақтағы қабырғасының ортасынан сәл жоғары басталып,оның төменгі қабырғасына қарай көлбеу жүргізіледі.
5 цифры үш элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқшажазылады. Оны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңырақбастап, тордың ортасына дерлік кӛлбеу жүргізеді. Әрі қарай (ажыратпай) оңжақ сопақшаны жазады. Ең соңында солдан оң қарай цифрдың жоғарыэлементін жазады.
6 цифры сол жақтағы үлкен және оң жақтағы кіші жарты сопақшалардантұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақтағы бұрышынан сәл төменірекбастайды. Көлбей орналасқан және тордың төменгі қабырғасының ортасыарқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызықтыжоғары қарай жүргізеді және тордың ортасынан сәл жоғары оны сол жаққақарай иеді.
7 цифры үш элементтен тұрады: толқынды сызықтан, кӛлбеу және кішітүзеу таяқшалардан. Толқынды сызықты тордың жоғары қабырғасыныңортасынан сәл тӛменірек бастап тордың оң жаң жоғары бұрышына дейінжүргіземіз. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасыныңортасына дейін көлбеу таяқша жүргіземіз.
8 цифры жоғары және төменгі сопақшалардан тұрады (жоғарысопақшатөменгісінен сәл кішіректеу). Цифрды жазуды тордың жоғарықабырғасының ортасынан сәл тӛменіректеу және оңырақ бастап, сызықтыоңға карай және жоғары жүргізеді де, тордың жоғары және оң жаққабырғаларын жанастыра иеді, сонан кейін сызықты (оңнан солға қарай)жүргізгенде де иеді және тордың тӛменгі қабырғасының ортасына тамансолдан оңға карай жүргізеді. Әрі қарай сызық иіліп, жоғарыдағы бастапқы
нүктеге дейін жеткізіледі.
9 цифры сол жактағы кіші жарты сопақшадан және оң жақтағы үлкенжарты сопақшадан тұрады. Цифрды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Сандар мен өрнектер
Алғашқы ондық сандарын оқыту
Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту
Толық жүздіктерді қосу және азайту
Математика оқу бағдарламасы 1 - 4 сыныптар
«Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны
Математика пәнінен дәрістік тезистері
100 көлеміндегі сандарды көбейту мен бөлу
Пәндер