Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері



Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты

1.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9
1.2 Ұлттық ойын түрлері сабақта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.12

2 Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері

2.1 Мектепте ұлттық ойындарды өткізудің тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... .13.17
2.2 Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
-мектепте ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін
- жалпықазақстандық патриотизм идеясын жүзеге асыру мақсатында ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жүйесінің моделі жасалды;
Зерттеу объектісі: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Оқушыларды мектеп арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты.
2. Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы.
3. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
4. Мектепте ұлттық ойындарды өткізудің тәрбиелік мәні.
5. Ұлттық ойын түрлері сабақта.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құрманбаева С.К. Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі / Қазақстан мектебі. - Алматы, 2004.
2. Несіпбаев Б.К. Ұлт мәдениеті мен өнері / Білім. - Алматы, 2003.
3. Атабаев А.С. Ұлттық ойындар - халық мұрасы /Ұлт тағылымы. – Алматы, 2006.
4. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты / Ана тілі. - Алматы 1995.
5. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, 1991.
6. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, 1994.
7. Е.Сағындықов. «Қазақтың ұлттық ойындар». Алматы; «Рауан» 1991ж.
8. М.Б.Сапарбаев. Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тарихы.
9. Э.Тлеулов. Дене тәрбиесі. Спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент 2009ж.
10. Б.Төтанаев. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы.
11.Қоянбаев.Ж.Б, Қоянбаев.Р.М Қазақ халқының қозғалмалы жəне спорт
ойындарының дене тəрбиесіндегі орны. 176 б
12. Жошыбаева.Г.Ұлттық мектеп - ел еңшісі.Қазақстан мектебі №12,2003.35б
13. Мендалиев.Б.М. Ұлттық ойындар Қазақстан мектебі №1,2005. 56 б
14. Танекиев М.Т Қазақтың ұлттық ойындары Алматы, 1973. 23 б.
15. Төтенай Б. Қазақтың ұлттық ойындары Алматы, 1985. 12 б.
16. Наурыз : жаңарған сал-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. – Алматы : РИК, 1996. –¬ 40 б.
17. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып. – Алматы : РИК, 1996. –¬ 40 б.
18.Қалиев С. Казақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. — 128 б.
19. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2000. 103-1086.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
-мектепте ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін
- жалпықазақстандық патриотизм идеясын жүзеге асыру мақсатында ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жүйесінің моделі жасалды;
Зерттеу объектісі: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Оқушыларды мектеп арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты.
2. Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы.
3. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
4. Мектепте ұлттық ойындарды өткізудің тәрбиелік мәні.
5. Ұлттық ойын түрлері сабақта.
Курстық жұмыстың жетекші идеясы: Бүгінгі өркениет пен ұлттық мәдениет үлгілерін кіріктіре отырып, демократиялық халықтық мәдени мұра негізінде оқушылар ұйымын қайта құрып, сол арқылы ұлттық сана-сезімі оянған, жан-жақты жетілген ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың теориялық және әдiснамалық негiздерiне философия, мәдениеттану, этнология, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, этномәдениет, этнопедагогика және этнопсихология саласындағы жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, ұлттық мектепте гуманитарлық, этномәдени білім мен тәрбие беру; адамгершілік, көркемдік-эстетикалық және экологиялық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; жеке тұлға және оны дамытудағы қарым-қатынас, басқару қызметі және тәрбие теориясымен байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Курстық жұмыстың әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау;
Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыс жұмыс кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
1 Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты
1.1Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы
Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ -- ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан" дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.
Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған -- қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi -- ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. "Аң аулау" билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз.
Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы ма, ханды қара басты, шалма, қарамырза, сайыс, ат үстiндегi тартыс, аударыспақ, балтам тап, аударыспақ, "көк бөрi тарту" сияқты ойын түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин, Низами әл-Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың XIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында "Қыз қуу" ойыны мен "Қыз бөрi" ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.
Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық -- жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа көтердi. Ойын -- адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты -- жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу.
Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған. Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.
Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелi халықтың алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын ойындары қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де сынға түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, көксиыр, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ, моңданақ, ақбайпақ, түйiлген шыт, тиын салу, ақшамшық, ақсерек-көксерек, көршi, шалма, шымбике, инемдi тап, айдапсал, қарамырза, қарт-қарт, жылман т.б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған. Жарысқа астында көлiгi бар, бiлегiнiң қарымы мықты адамдардың бәрi де қатыса алған. Өйткенi көшпендiлердiң кiшiсiнен үлкенiне дейiнгiлер әлгi аталған түрлi ойындардың тәсiлдерiн шебер меңгере бiлген. Ойынның түрлерi күнделiктi тiршiлiкте, маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi.
Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты. Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн арнайы кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт салтына деген құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар көптiң құрмет-сыйына бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды. Содан ойын өнерi ұлттық әдеп-ғұрыптың қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал еттi.
Дала ойындары ашық та, икемдi. Талаптарына шартты түрде келiсуге болады. Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей мүмкiндiк алды. Ойынға төрешiлiк халықтық сипатта жүргiзiлдi. Үлкендер, ел ақсақалдары баталарын берiп, ойынның басталуына рұқсат бердi немесе жеңгендерге табыс пен шапағат тiледi. Халықтық ойындар бiртiндеп дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды, әдет-ғұрып негiзiнде тамыр жайды, жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары ретiнде өрiс алды.
Қазақтың әдет-ғұрып ойындары халықтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғаларын бейнелеп, баяндап бередi. Оған Наурыз мерекесiндегi ойын-сауық түрлерi дәлел болмақ. Наурыз -- күн мен түн теңелген, "ұлыстың ұлы күнi", шығыстағы көптеген көне халықтардың дәстүрiнде жаңа жыл күнi. Наурыз -- наурыз ойын-сауық, спорт пен өнер тоғысқан халықтық мерекенiң думанды салты. Наурыз үлкен мен кiшiнiң, еркек пен әйелдiң, ақын мен бишiнiң, ауылдағы мен қаладағылардың спорт пен өнер саласындағы ашық жарысы. Жарыста күштiлердiң күштiсi, жүйрiктердiң жүйрiгi "жүгiрiп озады, қуып жетедi", бiлектесiп жеңедi, сол өнерiмен ел құрметiне бөленедi.
Ойын -- бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиi атқарылады. Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жаттыққа жiбермейдi, тұтастыққа, бiрлiкке тартады. Ойын-сауықта адам табиғатпен табысты, тынысын кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдiкке қызыру, оны тамашалау көшпендiлердiң жас кезiнен қанына сiңген қасиет. Ойын - ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi ән-бимен өрнектелген сауық түрi. Оған қатысушылар тамаша құратын орынды, уақытты, ортаны өз ерiктерiмен iрiктейдi, оны өткiзудiң рәсiм-салтын икемдейдi. Осыдан орын мен ортаға деген әуесқойлық күшеедi. Ойыншылар тағдырластарымен, өзiмен жақындастарымен кездесiп, өзара сырласуға және жарысуға мүмкiндiк алады. Бұдан ашық мiнездiң, жарқын жүздiлiктiң лебi естiп, ән-күйдiң тоғысы жаңарып жатады. Ойыншылар -- көптiң көңiлiн аулайтын өнерлiлер, өзiнiң мәртебесiн көтермелейтiн өнегелiлер. Ойын үй мен даланың төрiнде өттi, ойыншылар -- елдiң көз алдында, көңiлiнен құрмет тапты.
Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет -өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдiретке тәнтi болған, сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен әуреленген.
Қазақтар әдемiлiкке әуес халық болғандықтан, оны әшекейлеудi дәстүрге айналдырған. Сол рәсiм -- қыз-келiншектер мен тұяғы жерге тимес тұлпарлардан басталған. Әйелдер гауһар тастан жасалған әшекей бұйымдарды, жылтырақ, зергерлiк бұйымдарды жақсы көрген. Өздерi жiбектен, матадан, жүннен әшекейлеп тiгiлген алуан түстi өрнектi киiмдер киген. Әйелдер үшiн әсемдiкке, әдемiлiкке, әшекейлiкке әуестiк олардың қанына туа бiткен қасиет. Әсемдiк пен әдемiлiк еңбекпен келдi, оны жақсы көргендер ойын-сауыққа үйiр болады. Сондықтан әйелдердiң ұқыптылары, шыдамдылары, еңбекқорлары ойын үстiнде әсемдiкке деген тәнтiлiгi мен сезiмталдығы мен ықшамдылығы еркектерден асып түседi. Көшi-қонның барлық шаруасы мен жұмыстарын ештемеден ерiнбейтiн әйелдер мiнсiз атқарады. Әйелдер өз байлығын, әшекейiн көрсету үшiн көңiл көтеруге, әдемi мiнезiмен сүйiктi болуға тырысады, өнеге көрсетедi. Сондай сүйкiмдiлiк пен сүйiспеншiлiктi ортадан, жақын жандардан да күттi. Әдемiлiктi әнмен, шешендiкпен жеткiздi. Отбасындағы тұрмыс та, көңiл-күй базары да, негiзiнен, әйелдiң еңбегiне байланысты.
1.2 Ұлттық ойын түрлері сабақта
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолданып жатыр. Сондай әдіс - тәсілдеріміздің оқу - тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән беріледі. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден - бір таптырмайтын құрал.
Мысалы: Бірінші сыныпта балаларды қимылдату мақсаты мен халық ойыны Қуыр, қуыр, қуырмашты ойнату пайдалы. Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастап шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бар саусағын жұмып тұрып, екінші бала кез - келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі.
Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік береді. Оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші халық ойыны болып табылады. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп.
Қазақ тілі сабағында Буын тақырыбында Өз атыңды буынға бөле білесің бе? Сыныптағы заттарды ата ойындарын ойнатуға болады.
Сабақта ойын түрлерін күрделендіріп ойлан тап ойынын ойнатуға болады. Мысалы: Мұғалім ішінен Алма деген сөз ойлап тұрып ал буынынан басталатын бірінші буынды айтады.
Балалар әр түрлі ал буынынан басталатын бірнеше сөздер айтады. (алау, алма, алға) Сан есім тақырыбында сен білесің бе? ойынын ойнатуға болады. Мұнда бір әңгіме оқылып, оқушыларға ондағы сан есімдерді атап айту ескеріледі. Балалар топқа бөлініп мұқият тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімді көп жазса сол топ озады. Бұл ойында оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімдерді жазуға үйреніп дағдыланады, сауатты жазып үйренеді.
Қазақ тілі сабағында халық ойынын пайдалану - оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіре түседі.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы: ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.
Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасын тексеруге оқушылардың түгел қатысуына мүмкіндік туғызады.
Ортасында оқушылардың шаршағанын басып, сергіту жаттығуы мақсатында қолданылады.
Сабақтың соңында сабақты бекіту немесе сол сабақтан алған білімді жинақтау.
Математика сабағында аз, көп ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес.Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді.
Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушылардың ауызша есептерге жаттығуына логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда: Қай қолымда, Сөз мәнісін байқаңыз, Өзім де құр қалмаймын т.б. Мысалы: өзім де құр қалмайын ойыны. Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір - бірден берсе біреуі ауысып қалады, екі - екіден берсе жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған?
Жауабы: 3 немере, 4 алма. Сөз мәнісін байқауың ойынын алсақ мысалы:
Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр, осы үйде неше адам отыр? Жауабы: 3 адам
Бастауыш сыныпта ойынды пайдалану арқылы есептер шығарумен қатар текстті есептеп шығару барысында құрғақ шығарумен шектелмей оның тәрбиелік мәнін ашып түсіндіруді қажет етеді.
Мысалы: өзім жетекшілік ететін 2-класс математикасындағы кейбір есептерге тоқталар болсам, 17-беттегі №3 есепте сурет бойынша есеп құрастыр және шығар деп тапсырма берілген. Бұл суретте: Саба - 10л Торсық - 4л Оның тәрбиелік мәнін былайша әңгімелеп, түсіндіріп өтер едім.
Қазақ халқының ыдыс аяғы тұрмыстың әр түрлі көлемде болады да, әр түрлі мақсатта қолданылады. Саба деген - үлкен ыдыс, оны сиыр немесе жылқы малының терісінен жасайды, көлемі сыртқы пішіні конус тәріздес болып келеді. Оған 100л-ге дейін қымыз сияды. Жоғары жағынан піспек жасап ішіндегі қымызды пісіп отырады. Жетісіне бір рет ішін жуып тазалайды. Сабаны керегеге іліп қояды. Торсық - қозының терісінен жасалған ыдыс. 3 - 4л сусын кетеді. Оның ішінде сақталған сусын температурасы бір қалыпты болып тұрады. Сондықтан оны жолаушылар, малшылар аттың қанжығасына байлап жүреді. Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас - деген мақал - мәтел бар. Сонымен қатар, Тәулік жыл ғасыр тақырыбын өткенде біраз тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады.
Мысалы, жылдың қазақша атауы бар екенін ескеріп былайша үйретемін:
Тышқан жылы - тыныштық.
Сиыр жылы - сыйлық.
Қоян жылы - қашбалы.
Жылан жылы - жайлы.
Ұлу жылы - үлгілі.
Қой жылы - құтты.
Мешін жылы - мейірлі.
Тауық жылы - табысты.
Ит жылы - игілік.
Доңыз жылы - дүниелі.
Одан кейін есепті шығаруға кіріссек сабақтың тәрбиелік мақсаты ашыла түсер еді. Ұлттық ойындар, ұлттық тәрбие ата - бабамыздан бізге келіп жеткен өткені мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Оны үйренудің, өмірде күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде алатын орны зор.

2 Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері
2.1 Мектепте ұлттық ойындарды өткізудің тәрбиелік мәні
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
Қазақстан Республиасының Білім туралы Заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересектер арасында әр түрлі: спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген. Демек, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Ұлттық ойындарды қазақ тілі пәнінде пайдаланып, жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері және оқу сабақтарында пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықтау
Халық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің құралы ретінде
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Пәндер