Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі



Жоспар

Кіріспе ...6

І. Бөлім. Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі ...8
1.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері ...10
1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі ...13

ІІ. Бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
2.1 Демократияландыру . мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі ...17
2.2 Қ.Р Билік жүйесін демократияландырудың алғы шарттарын жетілдіру жолдары ...19
2.3 Жүйелі демократиялық реформаларды жүзеге асыру ...23

ІІІ. Бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық жүйесін дамыту жолдары.
3.1 Билік жүйесін демократияландырудың қазіргі жағдайы ...25
3.2 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру ...28
3.3 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғары сапасына қол жеткізу ...32

Қорытынды ...35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...37
Кіріспе

Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Демократиялық жүйе әзірше адам баласы ойлап тапқан, мойындаған, барынша оңтайлы деп танылған бір форма ғана. Ол үнемі жаңғыру, даму, жетілу, оңтайлану үстінде. Сондықтан да демократияны халық өзіне жақын тартып, оның қалыптасуына ынталы болып отыр. Әр ел демократияға өзінше айдар тағып, өзіндік атау беріп жатыр.
Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды. Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым. Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы. Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар. Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы республикамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ.
Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998 ж.
2. Глущенко Е.В. Теория управления, М: 1992 г.
3. Егемен Қазақстан № 210. 02.09.06 ж. “Мемлекеттік басқаруды жаңарту”
4. Егемен Қазақстан. 15.11.06. “Әлемдік стандартқа сай әкімшілік реформасы”.
5. Егемен Қазақстан № 184. 04.08.06 ж. ”Әкімшілік реформасы: ұмтылыс пен ұсыныс”.
6. Егемен Қазақстан № 110. 20.05.06 ж. ”Әкімшілік реформасы: білім мен білік – басты мәселе”.
7. Егемен Қазақстан 11.08.06 ж. “Қазақстандағы корпоративті басқару мүддесі – тиімділік”.
8. Егемен Қазақстан 16.12.06 ж. “Алдымен экономика”.
9. Егемен Қазақстан 26.06.06 ж. “Мемлекеттік қызмет мінсіз болсын”.
10. Егемен Қазақстан № 128 . 07.06.06 ж. “Басқаруды жетілдіру бастаулары”.
11. Егемен Қазақстан 18.10.06 ж. “Жаңа тұрпаттағы басқарушылар”.
12. Егемен Қазақстан № 94-95. 17.04.07 ж. “Ел дамуының белгісі – электронды үкімет”.
13. Егемен Қазақстан 21.02.07 ж. “ Электронды үкімет” бүгінгі күннің қажеттілігі”.
14. Казахстанская правда. 25.11.06 г. “Современное управление: диалектика количества и качества.
15. Ішкі саясат. Саясат – Policy № 6. 2005. “Демократические принципы, кадры и эффективность управления”.
16. Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауы. “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан”.
17. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
18. «Мемлекетті басқару теориясы» оқулық, Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н., Алматы экономика 2007ж
19. «Қазақстан – 2030 » Даму Стратегиясы.
20. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе
6
І. Бөлім. Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді
әрі қарай дамытудағы рөлі.
1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі
8
1.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері
10
1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі
13

ІІ. Бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
2.1 Демократияландыру – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі
17
2.2 Қ.Р Билік жүйесін демократияландырудың алғы шарттарын жетілдіру жолдары

19
2.3 Жүйелі демократиялық реформаларды жүзеге асыру
23

ІІІ. Бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық
жүйесін дамыту жолдары.
3.1 Билік жүйесін демократияландырудың қазіргі жағдайы
25
3.2 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру
28
3.3 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғары сапасына қол жеткізу
32

Қорытынды
35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
37

Кіріспе

Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси
жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі
табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде
жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған
жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі
экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму
деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және
аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті.
Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы
мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық
болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Демократиялық жүйе әзірше адам баласы ойлап тапқан, мойындаған,
барынша оңтайлы деп танылған бір форма ғана. Ол үнемі жаңғыру, даму,
жетілу, оңтайлану үстінде. Сондықтан да демократияны халық өзіне жақын
тартып, оның қалыптасуына ынталы болып отыр. Әр ел демократияға өзінше
айдар тағып, өзіндік атау беріп жатыр.
Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру
жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап
қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы
ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым. Мемлекет – арнайы басқару
және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және
оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің
мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік
жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын
биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік
билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік
механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік
билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік
орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір
мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі
түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат
түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы –
халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру
қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу
теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз
қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі,
заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің
бірлігі, т.б. қағидалар. Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап
мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді
жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда
Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы республикамыздағы
бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды
жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді Қазақстан 2030 стратегиясында
көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске
асырылмақ.
Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру,
шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын
ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас
жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның
әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты
өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да,
әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса
зор.

1 Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай
дамытудағы рөлі.
1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі

Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың
барлық саласында қолданады, аз шығындармен барынша тиімділікке қол
жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық
деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама ортаға ие болып,
табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен
заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы
әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты
басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде әлеуметтік –
экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар
менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отырып, өзінің
қалыптасуы барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Орталық есебінде
басқару әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру,
жергілікті экономикалық дамуы мен жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап
етіледі.
Сонымен мемлекеттік басқару мәні келесі қағида бойынша айқындалады.
Мемлекеттік басқару деп – мемлекеттің билік күшін пайдалану арқылы белгілі
бір мақсаттарға жету үшін адамдардың қоғамдық өміріне тәжірибелі,
ұйымдасқан және реттеуші бағытта әсер етуі аталады. Мемлекеттік басқарудың
мақсаттылығын, тиімділігін адамдардың қажеттігін орындау барысындағы
әлеуметтік бағыттылығы анықтайды. Ендеше мемлекеттік басқару - ерекше
субъектілер тобының экономикалық, әкімшілік, саяси және әлеуметтік,
мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттерімен қызметтерді іс
жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді заңдық біліктілік ұйымдастыру
қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады:
• қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен;
• бұл қызметтің атқару өкім ету сипатымен;
• арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асырумен;
• күнделіктілігімен және үзіліссіздігімен;
• заңға тәуелді сипатымен;
• қызметтің әр түрлі нысандарымен;
Мемлекеттік басқару принциптері – оның мән мағынасын білдіретін негізгі
бастамалары, идеялары. Мемлекеттік басқару принциптері екі түрге бөлінеді:
1. Жалпы мемлекеттік басқару;
2. Ұйымдастырушылық мемлекеттік басқару;
Жалпы мемлекеттік басқарудың өзі бірнеше топқа бөлінеді:
- жалпы демократиялық;
- жалпы объективтілік;
- жалпы ғылымдық;
- жалпы нақтылық;
- жалпы шапшаңдық;
- жалпы тиімділік;
- жалпы жариялылық;
Ал ұйымдастырудың түрлері мыналар:
- салалық;
- желілік;
- аумақтық;
- функционалдық;
- екі жақта бағалаушылық;
- жеке дара басшылық пен олқылықты үйлестіру.
Мемлекеттік басқару ол жүйелі құрастыратын басқару қызметтерден тұрады.
Олар:
1) Жоспарлау қызметі – мұнда қандай мақсат қойылуы қажет, ол қашан
және қалай орындалады деген сұрақтарға жауап беріледі.
2) Ұйымдастыру қызметі – адамдарға өкілеттіліктер мен міндеттерді
бөліп беру арқылы оларды ортақ нәтижеге жұмылдыру:
3) Реттеу қызметі – адамдардың белгілі бір ұйым шеңберінде белгілі бір
қызметтерді атқаруға міндеттейді;
4) Қызметкерлермен жұмыс істеу қызметі - әлемдік тәжірибеде бұл
қызметке маңызды көңіл бөлініп, қолданылып келеді.
5) Бақылау қызметі – барлық жоғарыда аталған қызметтердің кері
байланысын көрсетеді.
Мемлекеттік басқару нысаны – атқарушы билік органдарының өзінің құзіреті
шеңберінде жүзеге асырылған және нарықтық реттеуші мен белгілі бір
сардарлар туғызатын қызметтің сыртқы көрінісі. Сондықтан нарықты экономика
механизмінде мемлекеттің экономикаға араласуынсыз экономиканың толық өзін -
өзі реттеуі мүмкін емес. Осы орайда мемлекет салық, инвестиция, жеңілдіктер
беру арқылы нарықтық экономиканы реттеп отырады. Ал, мемлекеттің арнайы
қызметтері ретінде ғылыми – техникалық дамуды қамтамасыз ету, еңбек
қатынастары мен қаржы жүйесін жүйесін мемлекеттік бақылау және реттеу
қызметтерін қарастырсақ болады. Мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде
қарастыру үшін оның қағидаларын бір – бірімен байланысқан субъектілердің
даму заңдылығын анықтайды. Мемлекеттік басқаруда келесі 3-қағиданы атап
көрсетсек болады:
- Онтологиялық – мұнда элементтердің табиғатпен байланысын, оның даму
заңдылығын және бір – бірімен байланысын қарастырады:
- Гносологиялық – қағидалардың негізгі ерекшеліктерін талдау және оларға
ғылыми түрде сипаттама беру;
- Методологиялық – қағидалардың теориялық және іс – тәжірибеде қолдану
механизмін анықтайды;
Сонымен қатар мемлекеттік басқаруда келесі қағидаларды қамтиды:
1) Қоғамдық - саяси - мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғатын
зерттеу арқылы олардың даму заңдылығын анықтау;
2) Функционалдық - құрылымдық - мемлекеттік басқару органдарының
құрылымының заңдылығын түсіндіреді;
3) Ұйымдық – құрылымдық - мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының
заңдылығы мен бір – бірімен байланысын түсіндіреді;
4) Мемлекеттік басқару қызметі - мемлекеттік басқару органдарының басқару
әдістерін қолдау заңдылығын түсіндіреді;
Мемлекеттік басқару әдістеріне – басқару субъектісінің басқару объектісіне
ықпал ету тәсілі, амалы, ал басқарудың алдына қойған мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін
пайдаланады. Мемлекеттік басқару әдісінің мынандай белгілері бар:
1) Мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи
байланысты.
2) Басқару қызметі субъектісін объектіге басқару ықпалын білдіреді.
3) Басқару субъектісінің өз – құқық өкілеттілігін іске асырудың құралы.
4) Тиісті объектіге арналған.
5) Алға қойылған мақсатына нақты жағдайда қол жеткізудің қолайлы тәсілі.
6) Белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.

1.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері

1991 жылы тәуелсіздік алуымызбен Қазақстанда оның тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша жедел түрде жаңа ұлттық мемлекеттік
құру басталды. Алғаш рет және өте қысқа мерзімде мемлекеттік басқарудың
жаңа, тиімді әрекет ететін жүйесін құрудың тарихи да ел тағдырын шешер
мақсатты талдау жасалып, жария етілді, сөйтіп мемлекеттік қызметкерлердің
кәсіби корпусын қалыптастыру бастау алды. Мемлекеттік қызметтің тиімді
кәсіби жүйесін құрудың Қазақстан тәжірибесі халықаралық деңгейде атап
өтілген.
Дүниежүзілік банк, бірқатар өзге ірі халықаралық ұйымдар мен
институттар бұл жәйтпен есептеседі және лайық көреді. Бізд мемлекеттік
қызметті реформалауда ТМД -ның көптеген елдерінен ілгері бола алдық.
Бүгінде Беларус пен Украина, Қызғызстан, Әзірбайжан, сондай-ақ алыс
шетелдің кейбір елдері біздің тәжірибеге белсенді қызығушылық танытты,
жетістіктерімізден үйренеді. Осы жәйттердің бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің
он жылында жүргізілген мемлекеттік басқаруды реформалау нәтижелігінің
көрсеткіші болып табылады.
Қазақстандық қоғамтанушылар мен заңгер – құқықтанушылар, әдеттеп,
жаңа мемлекеттің құрылысы мен қалыптасуының төрт – бес кезеңін атап
көрсетеді. Бұл нені білдіреді? Біріншіден, бүкіл прцесс өте жаңа, былайша
айтқанда, тым аз мерзімде жүзеге асыралғаны дәлелдейді. Екіншіден, он жыл
бойына бірінші кезекте мемлекеттік құрылыс реформаларының нормативтік
құқықтың және институттың базасын жетілдіру жоспарлы да дәйекті түрде
жүргенін көрсетеді.
1991 жылғы желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздік алуымен мемлекеттік
басқару жүйесін реформалаудың бірінші кезеңі басталады.
Біз оны өте күрделі жағдайда қолға алдық. Бұл кезең өткенінің әлі де
айтарлықай күшті екпінімен, жергілікті әкімшіліктер бұрынғы партия
комитеттеріне “егіздің сыңарындай” ұқсас болып, өкілетті органдар
бұрынғысынша көне халық депутаттары кеңестерінің деңгейінде әрекет еткен
ескі қалыптар мен қасаң дәстүрлердің тұтас қойыртпағы адамдардың санасында
орын алып, нақты өмірде сақталып тұруымен сипатталады.
Жаңа мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы КОКП диктатының,
жоспарлы социалистік экономика мен іс жүзінде барлық материалдық техникалық
және қаржы ресурстары алыстағы және “шет аймақтардың” қажеттеріне
немқұрайлы Орталықтан бөлудің орталықтандырылған жерлесінің салдары
ретіндегі аса терең экономикалық, саяси әлеуметтік және рухани дағдарысты
еңсеруге байланысты міндеттерді шешудің шеруінде жүрып жатты.
Бұл кезеңде Қазақстанда кеңестік социалистік республика моделінен
президенттік басқару нысанындағы мемлекетке көшу жүзеге асырыла бастады.
Негізгі бастау елімізде жаңа жоғары мемлекеттік органның белгіленуі болды,
оның функцияларын Қазақстан Республикасының Президенті атқарады. Бірінші
кезекте атқару билігінің жоғарыдан төмен қарай ретті негізі құрылды. Бұл
кезеңде атқару органдарының жүйесінде бұрын Республика Юриспруденциясынан
іс жүзінде тыс тұрған салаларды басқаруды қамтамасыз еткен жаңа құрылымдар
пайда болды. Олар – Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері,
Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқалары. Атқару билігінің жүйесін
нығайтуымен бір қатарда жергілікті өкілетті органдарының рефеормасы
жүргізілді 1994 жылдың басында. Кеңестердің өзін – өзі таратуынан кейін
жергілікті орындарда жаңа органдарда жаңа органдар – мәслихаттар құрылды.
Мемлекеттік органдарды реформалаудың екінші кезеңі конституциялық
реформа өткізумен және 1995 жылғы тамызда бүкілхалықтық референдумда
Қазақстанның Жаңа Конституциясы қабылдануымен байланысты. Негізінен нақ
сол кезде әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістер барысының ғана
емес, сонымен бірге бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тағдыры
айқылдалады.
1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасында Президенттік басқару
нысанының орнатылғанын жария етті. Конституцияның нормаларға сәйкес
Қазақстан Республикасының Президенті ішкі және сыртқы саясаттың анегізгі
бағыттарын айқындап, биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарының
келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының нышаны мен кепілі болып табылады. 1995 жылғы Қазақстан
Конституциясы мемлекеттік билікті атқару, өкілетті және сот тармақтарына
бөлудің демократиялық принципі бекітті, сонымен бірге оның бірлігіне
кепілдік берді.
Елдің қолданыстағы Конституциясы бойынша Қазақстанда атқару билігінің
жүйесін республика Үкіметі басқаратын болды. Ал еліміздің өкілетті
органдары қос палаталы кәсіби Парламент және жергілікті мәслихаттарға
өзгерілді. Қазақстан Жоғарғы сот басқаратын тәуелсіз сот жүйесі құрылды.
Тұңғыш рет Қазақстан Конституцияның заңдылықтың сақталуын қадағалау
жөніндегі басты орган ретінде Конституциялық Кеңес тағайындалды.
Мемлекеттік аппараты реформалау мақсатында осы кезеңде Қазақстан
Республикасы Президентінің “Мемлекеттік қызмет туралы” заң күші бар Жарлығы
шықты. Нақ соның негізінде мемлекеттік қызметті реформалау және мемлекетке
қызмет ететін кәсіби корпусты қалыптастыру жөніндегі нақты жұмыс басталды.
Мемлекеттік басқарудың реформалаудағы үшінші кезеңнің басталуы 1992
жылғы “Қазақстан 2030” стратегиясының қабылдануымен айқындалады. Бұл
құжатта кәсіби мемлекеттік басқару жүйесі Қазақстанның ұзақ мерзімді
дамуының негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленеді. Стратегияда
нарықтық экономика жағдайы үшін оңтайлы және ұзақ мерзімді басым
мақсаттарды орындауға қабілетті осы заманғы тиімді мемлекеттік басқару
құрылымдарын құру міндеттері қойылды. Алға қойылған міндеттерді орныдау
мақсатында мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру жүргізілді.
Министрліктер мен республикалық ведомстволардың саны 2 еседен астамға
дерлік қысқартылды. Орталық және жергілікті билік органдарының
өкілеттіліктері қайта бөлінді. Жергілікті билік органдарының функциялары
әлде – қайда кеңейтілген, атап өткен жөн.
“Қазақстан 2030” стратегиясының негізінде ұзақ мерзімді, орта
мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар мен іс – әрекет бағдарламалары
талдап жасалып, қазір іске асырылуда.
Мемлекеттік басқару органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөнінде мақсатты шаралар қолға алынды. Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде
бірінші болып “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” арнаулы Заң
қабылдады. Осынау жылдары биліктің өкілетті және сот тармақтары айтарлықтай
нығайтылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен саяси партиялар мен
үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жандандыру үшін жаңа серпін берілді.
Алғаш рет ел Президентін баламалы негізде сайлау, сондай-ақ Парламент
депутаттарын партиялық тізімдер бойынша дауыс беру арқылы сайлау болды.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы Президенттің
И.Ә.назарбаевтың “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына
Жолдауында айқын да ұғынықты баяндалған. Онда Біз мемлекеттік басқарудың
корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілігі
қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа моделін түзудеміз” - делінген. Ортақ
мақсат – Үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен
тиімді басқару құрылымын жасақтау болады. Мемлекеттік басқаруда -
әкімшілік реформасы – өте күрделі мәселе. Бізге оның Үкімет комитеттерінде
талқылауын ұйымдастырып, аранйы таудаулар өткізуді қажет етеді. Бұл көп
адамдарды қамтиды.
Корпоративтік басқаруды жақсарту үшін “Самұрық” құрылды және соған
барлық жақты экономика берілді. Олар ұлттық компаниялардың капиталдану
көлемін ұлғайтқаны, әлемдегі озық компаниялардың акцияларын сатып алғаны,
бізге алдыңғы қатарлы технологияларды әкелгені керек. Біз сондай-ақ
корпоративтік басқаруды жақсарту, мөлдір, Қазақстанда экспорттың
бағдарланған осы заманғы кәсіпорындар салу үшін ашық жұмыс істеу үшін
“Қазынаға” барлық акция жиналды.

1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы рөлі

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикадағы мемлекеттік
басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 20-
жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ
Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама – қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық
тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының
мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын
алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама – қайшылығын
үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді,
мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісіне түсуіне әкеліп соқтырады.
Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында
болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру,
талаптық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті
1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық орын алмады. Сонымен
көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу
жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол
еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің монополитетіне жол
бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды. Экономикада
тәуелсіздіктің негіздері нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы
басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жайлы республика дербестігінің
экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын
анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің
негізі: жерге, оның қойма байлықтарына ішкі және территориялық су
ресурстарына өсімдік пен жан – жануарлар әлеміне, тарихи – мәдени
құндылықтарына, материалдық, қардылық ресурстарына, өндірістік және
өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып
табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса
маңызды өзіндік қаржы – несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы,
салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады. Соңғы он жылдың бедерінде,
Қазақстанда мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында жүргізіліп
жатқан  реформалар, дамыған мемлекеттердің кадрларды басқару тәжірибесін
саралаудың өзектілігін арттыруда. Демек, Қазақстанды алда әлеуметтік
экономикалық және саяси демократиялық  жандандырудың жаңа дәуірі күтіп тұр.
Ол үшін, аталған Жолдауда Қазақстанның даму барысының басымдылықты жеті
бағыты айқындалды.  Яғни, серпінді түрде дамуға заманауи, бәсекеге
қабілетті, ашық экономикасы, демократиялық қоғамы  бар,  барлық
тұрғындардың өмірі жоғарғы талаптағы әлеуметтік стандарттармен қамтылған,
құқықтық нығайған, басқа ұлттармен келісе отырып мемлекеттік тілі және
қазақ халқының мәдениеті дамыған, геосаяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
қамтылған халықаралық қауымдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде
қалыптасуымыз керек.
Әрине, бұл мақсаттарға жетуіміз үшін өзімізден көш ілгері алда тұрған
елдердің тәжірибесін жете зерделеп ел басқару, экономика, әлеуметтік
саланың қайсыбір түрінде болсын заманауи тәсілдерді енгізуге тиіспіз.
Қызметшілер мен мамандарды және басқару кадрларын даярлауға қажетті
халықаралық стандартқа сай академиялық орталықтар, шет мемлекеттердің
ұлттық оқыту ұйымдарымен  біріккен басқару мектептерін ашуға, ондағы
оқытушылардың сапалық құрамын жоғары талапқа сай қалыптастыруға жуық
уақытта қол жеткізуіміз керек.
Бұл ретте, мемлекеттік қызмет саласында  сыртқы тәжірибелерді
саралаудың маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Дегенмен де, мемлекеттік қызмет
барлық әлемде экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бір
құрамдас бөлігі болып қалыптасқан,  ал атқарушы биліктің әрекетке қабілетті
аппаратын құрудың  өткір проблемасы  көптеген  елдердің алдында тұрған
мәселе. Басқарудың мемлекеттік әкімшілік жүйесі дамыған елдерде олардың
мемлекеттік қызмет институттарын ұтымды ұйымдастыруымен, шенеуніктердің 
кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі және көп реттерде  олардың қызметін
бақылаудың жақсы жолға қойылғандығымен айқындалатын жоғары  тиімділігімен
ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы
басқаруды ұйымдастырудың қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы
меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің
барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке
қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің
еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез – келген шектеуіне
жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып
табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың қазіргі
жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының
әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі
тиіс. Экономиканың қарқынды дамуы, саяси тұрақтылық, басқару тиімділігі,
заңнама қорының халықаралық талаптарға сай келуі – Қазақстан корпоративті
басқару қағидаларын жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай туғызуда. Азаматтық
кодекс, Акционерлік қоғам туралы Заң қабылданып, биыл корпоративті
басқару жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Қазақстандық
холдингі”. Мемлекеттік холдингтің құрылуына байланысты бірқатар
заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Оның құрамына
Қазақстан темір жолы, Ұлттық компаниясы АҚ (100-пайыз), Қазпошта АҚ,
Энергетика желісін басқару жөніндегі қазақстандық компания, КЕGOK (100-
пайыз), Қазақтелеком ( 50 –пайыз + 1 акция, Қазмұнайгаз ұлттық
компаниясы АҚ (100-пайыз) кіріп отыр. Ұлттық холдингтің басты мақсаты
ұлттық компанияларды басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдірумен қатар,
холдинг құрамына кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың құнды қағаздарын
қор рыногына шығару болып табылады. Сонымен қатар ұлттық компанисымен
мемлекеттік холдингтің құны артумен қатар, дамымақ. Басқарудың кезекті
сатысында мемлекеттік активтерді басқаратын Қазына тұрақты даму қоры АҚ
холдингі дүниеге келді. Қазына АҚ-ның басты міндеті – экономиканы
әртараптандыруға көмектесу, жобалар мен инновацияны қаржыландыру, шағын
және орта бизнесті қолдауды қаржыландыру. Қор басшысы, сондай –ақ Қазына
жұмысы барынша ашық болатынын атап өтті. Сонымен қатар, басты назарда
инвестициялық жобалар барысында мемлекеттік кірісті қатынастыруға
бағытталады және мемлекет жақсы дивиденттер алуы керек болады. Холдингтің
өзі қарамағына өзіне сәйкес келмейтін кәсіпорынды қабылдай алмайды.
Ауылшаруашылығы секторында КазАгро холдинг компаниясы құрылды. Мемлекет
басқаның бәрін жекеменшікке таратып, өзіне бағалы, асыл тұқымды мал өсіріп,
сататын компаниялардың жергілікті рынокта өздерін дәлелдеуіне, нығаюына
кетті. Ал, әлемдік рынокқа шығар тұста олардың басын қосқан КазАгро
холдингына берілетін болды. Министрлікке қарасты жеті корпорацияның
мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ететін холдингке берілген. Холдингтің
капиталы 80 миллиард теңгені құрап отыр.
Үкімет басшысын тағайындаған Жарлықтан көп кешікпей Президенттің
Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығы жарияланды. Ол құжат
Жарғылық капиталының 100 пайызы түгел мемлекет қолында болатын Сарыарқа
ұлттық компаниясын құруға арналды. Бұл Сарыарқа Ақмола мен Қарағанды
облыстарының және Астана қаласының біртұтас экономикалық рыногын
қалыптастыруды көздейді. Осы өңірдің мемлекеттік және жекеше секторын
шоғырландыратын болады. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, қайта өңдеумен
айналысады. Осылайша, өңір ұғымы алғаш мемлекет өміріндегі істен көрініс
таппақшы. Бүгін Орталық Қазақстандағы екі облыс пен бір республикалық
бағыныстағы қаланы қамтыған Сарыарқа құрылса, ертең солтүстікте
Торғай, шығыста Семей, оңтүстік – шығыста Жетісу, оңтүстікте
Қаратау, батыста Жайық және Үстірт аталатын әлеуметтік – кәсіпкерлік
корпорациялар құрылуы үстінде. Жоғарыда аталған ұлттық компаниялар ортақ
түптеп келгендегі мақсаты ел дамуындағы маңызды мақсаттарды жүзеге асыру,
корпоративті басқару деңгейінде мемлекет мүддесін жүзеге асыру болып
табылады.
Соның біршамасына тоқталсақ:
Біріншісі – отын – энергетика секторының тиімділігін арттыру. 2006-
2008 жылдар аралығы кезеңінде ілеспе табиғи газды кәдеге жаратуды ұлғайту
және оны экспорттық рынокқа шығару, энергия өндіретін жаңа қуаттарды салу
есебінен энергетиканы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету жоспарланған.
Екіншісі - өнім өндіруші компаниялардың өскелең сұранымы базасында
сервистік және тауарлық өндірістерді дамыту, көмірсутегі кеніштерінің ірі
операторлары маңынан Қазақстанның шағын және орташа бизнесінің жұптасып
құруымыз, ол мұнай компанияларының өскелең қажеттеріне қызмет ететін
болады.
Үшінші – экономиканың дамуныа елеулі түрде ықпал етуге қабілетті
серпіліс жобаларын іске асыру. Мұнай – химия өндіріс дамытудың бас
жоспарын іске асыру болады. 2006-2008 жылдардың өзінде –ақ алғашқы мұнай –
химия жобаларын жүзеге асыру басталады.
Төртінші. Жоғары қосылған құны бар тауарлар экспорты мен қызмет
көрсетулер өсуіне қол жеткізуді, оның көлемді өндірісін болашақтағы 2-3
жылда жолға қойылуы мүмкіндігі. Әрине, жоғарыда аталған мәселелер бәрін
дерлік қамтыған жоқ, бірақ бұл республиканың бәсекеге қабілетттігін одан
әрі арттыру мақсатында іске асыру жоспарланып отырған серпіліс
жобаларының неғұрлым болашақтағы бағыттары. Осы бағыттарда мақсатты
жұмыстарды ұйымдастыру үшін Қазына тұрақты даму қоры АҚ және Самұрық
мемлекеттік холдингтік компаниясы АҚ компанияларын жұптастырылған.
Экономикалық және әлеуметтiк жедел жаңару бағыты Қазақстанның экономикалық
және әлеуметтiк дамудағы өзiнiң көшбасшылығын одан әрi сақтап, сол арқылы
капиталды, инвестициялар, технологиялар мен бiлiмдi, бiлiктi кадрларды
тарту орталығына айналуына мүмкiндік туғызуға тиiс.

ІІ. Бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
2.1 Демократияландыру – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі

1991 жылы барлық кеңестен кейінгі кеңістікте шынайы демократиялық
мемлекет орнатудың алғашқы кезеңі басталды. Көпұлтты және көпконфессиялы
Қазақстанның тарихында тұңғыш рет батыс демократиясының тәжірибесі ескеріле
отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет принциптеріне
негізделген тәуелсіз мемлекет құрылды. Қазақстан тәуелсіздігінің бастапқы
кезеңінде заңнамалар елеулі реформалауға ұшырады және бұл біздің елімізде
заңдылық режимін бұдан әрі мықты етіп бекітуді талап етті. Сол жылдардағы
қабылданған шешімдер Қазақстандағы демократиялық реформаның негізі болып
табылды. Сындарлы қайта құрылған қазақстандық қоғамға заңнамалық тұрғыдағы
соған сай жаңа қажеттіліктер керек еді. Алайда, жоғарғы кеңестердің сол
кездегі құқықтық мәртебесі осы өткір мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік
бермеді. Ол уақыттағы жоғарғы кеңестердің тағдыры бізге белгілі.
Тәуелсіздікке ие болудың бастапқы кезеңінде ТМД-ның көптеген елдері
президент пен үкімет бір жақта, жоғарғы кеңес екінші жақта, екеуара
тайталастыққа тап болды. Ол кезде ТМД-ның кейбір елдері өз
мемлекеттеріндегі өзгертулерді саяси реформалардан бастаған жөн деп
есептеді. Уақыт мұндай қайта құрулардың тиімсіздігін көрсетті. Осыған
байланысты құқықтың экономикадан жоғары бола алмайтынын атап көрсеткен жөн,
өйткені осы сәтте құқықтың қандай нормалары қажет екендігін нақ
экономиканың өзі көрсетіп отырды. Осы тұрғыдан, экономикалық реформаларға
басымдық берген Қазақстан таңдауы өзін толық ақтады және бүгінде елде
ойдағыдай жұмыс істейтін нарықтық экономиканың құрылғанын нық сеніммен
айтуға болады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған реформалар бірінші
кезекте мемлекеттің экономикалық қуатын күшейтуге бағытталды. Тарихи
өлшеммен алғанда қысқа уақытта Қазақстанда нарықтық үлкен өзгерістер жүзеге
асырылды. 1995 жылы Қазақстан Конституциясының қабылдануы қоғамды одан әрі
демократияландыруда мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін дамытудың негізін
қалады. Ол 1993 жылғы бұрынғы Конституциямен салыстырғанда, мемлекеттік
органдар билігінің шегін белгілеуді қоса алғанда, осы заманғы либералдық-
демократиялық құндылықтарды толық бекітуімен ерекшеленді. Мемлекеттік
қызметтің тиімділігі мен демократизмге билікті бөлу қағидаты арқылы қол
жеткізілетіні белгілі, ол бүгінде барлық демократиялық мемлекеттердің
негізгі конституциялық қағидаты болып табылады. Билікті бөлу қағидатын
конституциялық тұрғыдан орнықтыру – мемлекет пен қоғамның тарихи ұзақ
дамуының нәтижесі. Мемлекеттік билік функцияларын дербес және тәуелсіз
мемлекеттік органдар арасында бөлу бүгінде құқықтық мемлекет және
демократиялық саяси құрылыс құрудың міндетті шарты болып табылады.
Қазіргі кезде билікті бөлу Қазақстанның конституциялық құрылысының
негізгі қағидаттарының бірі болып отыр. 1995 жылғы Конституция қос палаталы
Парламенттің заңнамалық қызметті шоғырландыруды көздейтін функциясын нақты
айқындай отырып, оның берік негізін қалады. Қос палаталы жүйесі бар
Парламент өзінің заң шығару қызметімен білікті айналысуға, ымыралы шешімдер
табуға қабілетті екенін көрсетті. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің
құқықтық саласы көптеген құбылыстар мен үдерістерге толы. Биліктің күш-
жігері көбіне заңдарды қабылдау мен заңдылықтың сақталуына бағытталады.
Сонымен бірге мемлекетсіз және мемлекеттік пәрменді биліксіз құқық ештеңе
де емес.Қазіргі кезде біз қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық
мемлекет ретінде Қазақстан мемлекеттілігі нығаюының келесі кезеңіне қадам
жасап отырмыз.
Біздің ұғымымызда демократияландыру өте ұзақ процесс және оны бір
сәтте енгізуге болмайтыны мәлім. Сонымен бірге, демократияны қандай бір
тұрақтылық деп немесе оған қол жеткізіп алып, одан әрі бұл бағытта ештеңе
істеуге болмайтын құбылыс ретінде қарастыруға болмайды.
Демократия, менің ойымша, ұдайы жетілдіруді қажет ететін үдеріс.
Қоғамды демократияландырудың ғасырлық дәстүрін иелене отырып, әлемнің
көптеген мемлекеттері оның кемелденуіне қол жеткізе алған жоқ. Мемлекет
басшысының бастамасы бойынша қабылданған республика Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар қоғамды одан әрі саяси және демократиялық
жаңғыртудың негізін салды, мұның өзі Қазақстан мемлекеттілігінің заңды
түрдегі эволюциялық дамуының, сондай-ақ қоғамда демократиялық үдерістерді
одан әрі тереңдетудің айқын айғағы болып табылады. Осы процеске ықпал
ететін басты фактор Парламенттің және мәслихаттардың өкілеттіктерін
кеңейту, саяси партиялардың рөлін күшейту, сот жүйесі мен жергілікті өзін-
өзі басқаруды жетілдіру болып табылады. Қазіргі жағдайларда қоғамды саяси
жаңғыртудың қажеттігі Парламенттің рөлін күшейтуді қажет етті. Біздің
Конституциямыз бойынша заң шығарушы және атқарушы билік дербес және бір-
бірін алмастыруға тиіс емес. Сонымен бірге биліктің атқарушылық тармағының
дербестігі биліктің өкілді органдарына белгілі шектерде есеп беріп отыруын
жоққа шығармайды. Демократияның толыққанды болуы, ең алдымен, топтық
қоғамдық мүдделерді білдіру бостандығы дәрежесіне байланысты.
Саяси-ұйымдық көзқарас тұрғысынан бұл мүдделер азаматтардың өңірлік,
кәсіптік, діни, қоғамдық және басқа да ұйымдарға, оның ішінде саяси
партияларға да бірігуі арқылы көрінеді. Саяси партияларды құру негізінде
халықтың әртүрлі жіктерінің мүдделері жатыр. Саяси партиялар олардың
мүдделерін танытуға, қалыптастыруға және оларды практикалық мемлекеттік
басқарушылық жұмысқа мейлінше маңызды ықпал ететін саясат деңгейіне
шығаруға арналған. Бұл ретте мәселе басқарушылық мемлекеттік қызметтің
стратегиясын, тактикасы мен практикасын әзірлеуге саяси партиялардың ықпалы
туралы болып отыр. Парламент пен мәслихаттардағы орындарды жеңіп ала
отырып, саяси партиялар республикалық және өңірлік деңгейде атқарушылық
билік органдарын қалыптастыруға нақты әсерін тигізеді. Саяси партиялардың
атқарушылық билік органдарын қалыптастыруға және мемлекеттік басқару
саласында аса маңызды практикалық шешімдерді қабылдауға қатысуы қазіргі
заманғы құқықтық мемлекеттің маңызды демократиялық қағидаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы идеологиялық және саяси
саналуандылықты, көппартиялылықты орнықтырды. Егер кеңес конституциялары
қағидат ретінде КОКП-нің басшылық рөлін орнатса, қолданыстағы конституция
елде көппартиялылық жүйесін бекіте отырып, саяси партияның атқарушылық
билікке ықпалы туралы ғана айтуға мүмкіндік береді. Бүгінде толыққанды және
қалыпты жұмыс істейтін көппартиялық жүйе қалыптасты деп сеніммен айтуға
болады. Көппартиялылық – бұл партиялардың жай ғана көп болуы емес, оның
белгілі бір түрде ұйымдасқан күш екендігі айқын болып отыр. Бұл мәселелер
бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саяси
партиялардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруға неғұрлым ауқымды қатысуын
қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоғамда олардың рөлінің нығайып, өсуіне
жәрдемдесетін болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару – демократияның нысандарының бірі, яғни
мемлекетте халықтың еркін білдіру арқылы билікті қалыптастыру тәсілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен танылған және кепілдік берілген
жергілікті өзін-өзі басқару халықтың мүддесін, оның тарихи және өзге де
жергілікті дәстүрлерін негізге ала отырып, тікелей немесе жергілікті өзін-
өзі басқару органдары арқылы жергілікті мәні бар мәселелерді шешу жөніндегі
дербес қызмет ретінде айқындалады. Жергілікті өзін-өзі басқару – халық
билігін білдіру ретінде Қазақстанның конституциялық құрылысы негіздерінің
бірі. Осыған байланысты жергілікті өзін-өзі басқару мейлінше демократиялық
институт болып табылатындығын атап өтуіміз керек, ол азаматтарды қоғам
істерін басқаруға қатысуға тартады әрі олардың саяси құқығын елеулі түрде
қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктердің
неғұрлым толық есебі қамтамасыз етілетін мәселелерді шешу қоғам мен
мемлекетті басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Енді халық
сайлаған, жергілікті жерлердегі міндеттерді шешуге арналған жергілікті
өкілді органдар – мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болады.
Әкімдерді тағайындауға келісім беру жөніндегі өкілеттіктерді мәслихаттарға
беру біздің елімізде демократияның негіздерін одан әрі нығайта түседі.
Қазақстан өз дамуының қазіргі жағдайында еркін, байыпты және жоғары
моральды зор мүмкіндіктері бар қоғам құру мақсатына жету жолында маңызды
қадам жасады.

2.2 Қ.Р билік жүйесін демократияландырудың алғы шарттарын жетілдіру
жолдары

Билік жүйесін демократияландыру ісіне себі тиетін факторлар, яғни
алғышарттар аз емес. Олардың қатарына сайлау, БАҚ, саяси партиялар және
азаматтардың санасы мен мінез-құлық мәдениеті жатады. Бұл ретте сайлау
-демократияның басты алғышарты. Оның маңызы туралы айтатын болсақ, француз
ойшылы В.Гюгоның сайлаулар тұрғанда революцияның керегі болмай қалады, -
деген пікірі еріксіз ойға оралады. Сайлаулар туралы К.Поппер де өзінің
Ашық қоғам атты еңбегінде қоғам тарапынан билікті бақылауда ұстауы үшін
сайлаулар маңызды деген . Жалпыға бірдей, тең, тікелей немесе тікелей емес
және құпия дауыс беру принциптері заң жолымен реттеліп отырады. Әлемнің
әртүрлі елдерінде сайлаулардың көптеген шектеу шарттары (ценз) қолданылады.
Олар: жасына қарай шектеу, тұрғылықтылық цензі, мүліктік ценз, моральдық,
діни ценздер, жыныстық және нәсілдік ценздер. Сайлаулық шектеулердің
Қазақстанда біразы қолданылмайды. Мысалы, мүліктік, діни, жыныстық,
нәсілдік ценздер жоқ. Ал жалпыға бірдей сайлау құқына келетін болсақ,
азаматтар жынысына, нәсіліне, тіліне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына,
кәсіби, біліміне, конфессиясына, саяси көзқарасына қарамай сайлау және
сайлану құқы қамтамасыз етіледі. Жасына қарай шектеу белгілі бір жасқа
толғанда сайлау құқымен пайдаланады. Ол әр елде әртүрлі. Қазақстанда
президент болып сайлану үшін - 40 жас. Ал 1998 жылға дейін жоғарғы жас
мөлшері 65 жыл болған еді, бірақ 1998 жылдың қазаннан бастап Парламент бұл
жас мөлшерін алып тастады.
Отырықшылық цензі де әр елде әртүрлі. Францияда - 6 ай, Жаңа
Зеландияда - 3 ай, АҚШ-та президент болып сайлану үшін сол елде 14 жылдан
кем тұрмауы қажет. Қазақстанда бұл ценз - 15 жыл. Мәжіліс депутаты болуы
үшін - 30 жас (сайланатын округінде 5 жылдан кем тұрмауы керек). Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша сауаттылық цензі белгіленбеген, тек
Парламент депутаты болуы үшін жоғарғы білімі болуы қажет. Моральдық ценз
көп елдерде адамгершілік мінез-құлқына байланысты, яғни сотталғандар,
наркомандар және басқалар үшін шектеулер бар. Қазақстанда сот шешімімен
әкімгершілік-құқықтық жауапқа тартылғандар ғана сайлануға түсе алмайды.
Қазақстанда соңғы жылдары сайлаулар туралы заңнама біраз жетілдірілді және
өзгерген әлеуметтік және саяси жағдайларға бейімделінді. Қазіргі уақытта
оның көп жақтары халықаралық нормаларға сәйкестендірілген. Әлі де
жетілдірілуде.
Қазақстанда 2005 жылы өткен президент саулауы жоғары деңгейде
ұйымдастырылды, тыныш өтті. Дегенмен, барлық сайлаулар кемшіліксіз өтіп
жатыр деу ертерек. Өйткені олардың халықаралық стандарттарға түгелдей сай
болмағандығы бақылаушылар тарапынан атап көрсетілді. Электрондық сайлау
жүйесін тәуелсіз тексеруден өткізу мүмкін болмады. Дегенмен біздің
Демократияландыру жөнінде мына партиялардың қайсысына сенесіз? деген
сауалымызға респондеттердің 82 пайызы Нұр Отанға және Нағыз Ақ жолға
сенетінін білдірді. 2007 жылғы мәжіліс сайлауында тек Нұр Отан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг жоспары
Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Социология ғылымының құрылымындағы басқару әлеуметтануының орны
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары
Пәндер