Карталардың ерекшеліктері


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Карталардың ерекшеліктері . . . 4
2. Картаның мазмұны және шарты белгілері . . . 7
3. Шартты белгілер . . . 9
4. Карта және пландар . . . 11
5. Пландар мен карталардың шартты белгілері . . . 12
Қорытынды . . . 16
Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . . 19
Кіріспе
Топографиялық карталардың ерекшеліктері. Жер бетінің карталары географиялық карталар деп аталады. Әдетте олардың масштабы ұсақ болады. Жер беті ондай карталарда 1 млн. еседен артық кішірейтіліп бейнеленеді. Ірі масштабты карталар (1 : 200 000 және одан ірі) топографиялық карталар деп аталады. Олар мазмұны жөнінен жалпы географиялық карталарға жатады (неліктен?) . Неғұрлым ірі масштабты (1 : 25 000, 1 : 50 000, 1 : 100 000) топографиялың карталар жер бетінде жүргізілген топографиялық түсірулер мен өлшеулердің нәтижесінде жасалады. Оның өзінде аэрофотосуреттер кеңінен пайдаланылаңы.
Ірі масштабты топографиялың картаның әрбір табағы жер бетінің іс жүзінде жазықтыққа жақын біршама шағын бөлігін бейнелейді. Сон-дықтан ұсақ масштабты географиялық карталармен салыстырғанда мұндай карталарда бұрмаланулар өте мардымсыз болатындықтан оларды ескермеуге болады. Масштаб картаның барлық жерінде бірдей болып келеді.
Топографиялық карталарда үлкен территорияны бейнелеу үшін ондай карталардың көп табағы басылып шығарылады. [1]
Топографиялық картаның әрбір табағы жер бетінің мери-диандармен және параллельдермен шектелген учаскесін алып жатады. Мысалы, 1 : 1000 000 масштабтағы картаның әрбір табағы 6° сайын жүргізілген меридиандармен және бір-бірінен 4° қашықтықтағы параллельдермен шектеледі. Соның нәтижесінде жер шарында мөлшері бойлық бойынша 6° және ендік бойынша 4° трапециялар пайда болады. Тым ірі масштабты карталар үшін кішірек мөлшердегі трапециялар пайдаланылады. Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картаның трапециясының мөлшері бойлық бойынша 30' және ендік бойынша 20', ал 1 : 25 000 масштабтағы топографиялық картаның табақ бетінің мөлшері бойлық бойынша 7' 30" және ендік. бойынша 5'.
1. Карталардың ерекшеліктері
1. Сонымен, топографиялық карталардың барлық табақ беттерінің трапеция түрінде рамкасы болады. Рамканың жоғарғы (солтүстік) және төменгі (оңтүстік) қабырғалары параллельдер, ал қапталдары (батыс және шығыс) - меридиандар болып табылады. Осы меридиандар мен параллельдердің градус есебімен алынған географиялық координаталары картаның бұрыштарында көрсетілген. Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутқа (1') тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10") тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бұрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызықтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялық тор мен тік бұрышты координаталар торының элементтерін табыңдар) .
Топографиялық карталардың мазмұны және шартты белгілері. Атласта немесе оқулыққа берілген қосымшада келтірілген топографиялық картаны қарап шығып, онда не бейнеленгенің яғни оның мазмұнын анықтайың. Бұл тапсырманы орындау үшін атласта (немесе қосымшада) көрсетілген топографиялық карталардың шартты белгілерін оқып үйрену керек. Бірақ ең алдымен белгілердің негізгі топтарын бөлейік. [2]
Мемлекеттік геодезиялық тор пункттері. Олардың шартты белгісі - кішкене тең бүйірлі үшбұрыш. Үшбұрыштың ортасында геодезиялық пункттің картадағы орнын көрсететін нүкте бейнеленген: оның картадан алынған координаталары нүктенің жер бетіндегі орнына сәйкес келеді. Белгінің жанына қойылған цифрлар геодезиялық тор пунктінің абсолют биіктігін (биіктік белгісін) көрсетеді. Елді мекендер құрылыс салынған бөлігінің пішінін көрсе-тетін кескіндермен бейнеленеді. Түрлі түспен отқа төзімді және отқа төзімсіз құрылыстардың кварталдары, сонымен бірге жеке құрылыстар бейнеленеді. Атаулардың жазулары әр түрлі шрифтімен беріледі. Олар елді мекендердің түрлерін - қалаларды, қала және село үлгісіндегі поселкелерді бейнелейді. Село үлгісіндегі елді мекен атының жанындағы цифрлар селодағы үйлердің санын көрсетеді.
Жекелеген жергілікті заттар (өнеркәсіп және әлеуметтік-мәдени объектілер) масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Олар - заводтың, су диірмен мен ағаш тілетін заводтың, электр станцияның, пайдалы қазбалар өндірілетін орынның т. с. с. белгілері.
Гидрография. Өзендер мен жылғалар картада көк түсті сызықты белгілермен бейнеленеді, көлдер, бөгендер, тоғандар пішіні көгілдір түспен көрсетіледі. Көк түсті цифрлармен өзендердегі, көлдердегі су кемері, яғни су деңгейінің абсолют биіктігі, көрсеткіш белгілермен және жазулармен өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы, оның ені мен тереңдігі, өткелдің сипаты белгіленеді. Арнаулы шартты белгілермен өзендердегі паромдар мен көпірлер, кемежайлар көрсетіледі. Гидрография элементтеріне топографиялық карталарда көрсетілетін құдықтар мен бұлақтар да жатады.
Жол торабы қалыңдығы және бояуы әр түрлі сызықтың белгілермен бейнеленеді (темір жолдар, тас жолдар, жол өтпелері) . Белгінің пішіні, оның түсі жолдың түрін, тарту күшінің түрін көрсетеді. Сонымен қатар арнаулы белгілермен тас жолдың ені мен жабындысы немесе темір жол табанының саны сияқты жол сипаттамалары көрсетіледі.
Өсімдік жамылғысы карталарды жасыл түстің әр түрлі реңімен беріледі. Ормандарда белгілермен қылқан жапырақты немесе жапырақты ағаш тұқымдарының басым түрлері көрсетіледі, цифрлармен және жазулармен ағаштардың орташа биіктігі, жуандығы, орманның қалыңдығы, тұқымдық құрамы белгіленеді. Шалғындарды, бауларды, батпақтарды, сондай-ақ орманның шабылған, дауыл құлатқан, өртенген, жас ағаш көшеттерін т. б. көрсету үшін арнаулы белгілер қолданылады. Жер бедері, яғни жер бетінің ой-қыры - едәуір дәрежеде бүкіл ландшафтының сипатын анықтайтын аса маңызды табиғат элементтерінің бірі. Жер бедері ерекшеліктерін толық зерттеп, есепке алмайынша, территорияны игеру, оны шаруашылық мақсатына дұрыс пайдалану қиын.
Топографиялық карталарда жер бедері горизонталь сызықтармен бейнеленеді. Горизонталь сызықтарды жер бедерін биіктігі бойынша өзара тең аралықтар арқылы жүргізілген горизонталь жазықтықтармен қиған із ретінде қарауға болады. Көршілес горизонтальдардың биіктіктерінің айырмасын көрсететін көршілес қима жазықтықтардың арасындағы қашықтықты қима биіктігі деп атайды. Беткейді неғұрлым көбірек горизонтальдар бейнелесе, оның соғұрлым биік болғаны. Горизонтальдар бір-біріне неғұрлым жақын орналасса, беткей соғұрлым тік келеді және керісінше, горизонтальдар бір-бірінен алыс болса, олар соғұрлым жатық беткейді бейнелейді. Демек, горизонтальдарға қарап, беткейлердің пішіні мен тіктігін, кез келген нүктенің абсолют биіктігін және жер бетіндегі нүктелердің бір-бірінен арту биіктігін анықтауға болады. Жер бедері қимасының биіктігі және еңістер шкаласы картада оның оңтүстік рамкасының астында көрсетіледі. [3]
Ұсақ масштабты географиялық карталарда горизонталъдарды жинақтап сызады; қима биіктігін үлкейтеді және горизонтальдардың суретін онайлатады Олар жер бедерінің пішіні мен түрлері, абсолют биіктіктері мен еңістері туралы тек жалпы түсінік береді. Ұсақ масштабты карталарда жер бедері әдетте қат-қабат бояумен қоса горизонтальдармен (изогипстермен) бейнеленеді, Горизонтальдар биіктік сатыларды шектейді, ал жақсы кернекілік үшін горизонталъдардың аралықтары (сатылар) қабыл-данған шкалаға сәйкес бояулармен боялады. Ұсақ масштабты карталарда қолданылатын шкалалар гипсометриялық ш к а л а деп аталады. Шкаладағы түстің өңі мен рені биіктік-тердің бір қалыпты, бірте-бірте өзгерісін көрсететіндей, жер бедерінің көрнекі, пластикалық бейнесін беретіндей етіп таңдап алынады.
Мектептің оқу карталарында әдетте ойпаттар мен ойыстар жасыл түстің әр түрлі реңімен, қыратты және таулы учаскелер сары, қызғылт сары және қоңыр түсті өңге боялады. Теңіздер мен мұхиттардың түбінің жер бедерін аралықтары көгілдір түстен көк түске дейінгі қат-қабат бояумен қоса изобаталармең (бірдей тереңдіктердің сызықтары) бейнелейді. Биіктік пен тереңдік шкалалары картаның түсініктемесінде орналастырылады. Жер бедерінің шартты белгілеріне сонымен бірге жыраны, жарды, қорғанды, тастарды бейнелейтін арнаулы белгілер, сондай-ақ абсолют және салыстырмалы биіктік белгілерін көрсететін цифрлар да жатады. Картадан жер бедерін ажыратып оқу беткейдің бағыты мен тіктігін ажырата білуден, горизонталь сызықтар бойынша жердің ой-қырының түрін (пішінін), теңіз деңгейінен биіктікті және нүктелердің бір-бірінен арту биіктігін анықтаудан құралады. Жер бе-дерінің әр түрлі пішіні горизонталь сызықтармен бейнеленген суретті алып қарайық. Горизонтальдардың суреті бойынша тауды қазаншұңқырдан айыру үшін картада беткейдің бағыты арнайы көрсетіледі. Ол үшін бергштрихтер - горизонтальдарға перпендикуляр қысқа сызықтар қолданылады. Бергштрихтер беткейдің қай бағытқа қарай аласара беретінің көрсеткіш белгілер сияқты көрсетеді. Горизонтальдардағы сандық белгілер және биіктік белгілері олардың теңіз деңгейінен биіктігін көрсетеді. Горизонтальдардың бойына жазылған цифрлардың жоғарғы жағы әр уақытта беткейдің биіктейтін жағына қарайды. Жер беті әдетте су қоймаларына - өзен, көл, жылғаларға қарай аласарады. Сондықтан карта бойынша жер бедерін оқып үйренуді су объектілерін оқып үйренумен ұштастыру тиімді болады. Топографиялық карталардың шартты белгілерін талдау олардың мазмұны жөнінен жалпы географиялық карталар екендігін көрсетеді. Өйткені оларда жер бетінің негізгі табиғи сипаттамалары және әлеуметтік-экономикалық объектілер бейнеленген. [3]
1-сурет
2. Картаның мазмұны және шартты белгілері
Шартты белгілер. Карта масштабында көрсетуге келмейтін географиялық объектілер масштабтан тыс белгілер әдісімен бейнеленеді. Мысалы, ондай белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, елді мекендер мен олардағы тұрғындардың саны, темір жол станциялары, порттар, пайдалы қазбалардың кен орындары, аэродромдар, ескерткіштер т. с. с. белгіленеді. Көбінесе олар ортасы объект орналасқан пунктке сәйкес келетін қарапайым суреттер немесе геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, тік бұрыш, т. б. ) түрінде болады. Кейде белгінің суреті бейнелейтін заттың пішініне ұқсас болады. Шартты белгінің мөлшері картада бейнеленетін объектінің мөлшерін немесе мәнін (маңызын) сипаттайды. Мысалы, СССР-дің, одақтас және автономиялы республикалардың астаналары үшін мөлшері әр түрлі жұлдызшалар мен дөңгелекшелер қолданылады. Аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында бейнелеуге болатын объектілерді белгілеу үшін де шартты белгілер қолданылады. Масштабтан тыс белгілерден ерекше оларды аудандық және сызықты белгілер деп атайды.
Аудандық белгілермен, мысалға, орман алқаптары, ауылшаруашылық жерлері, көлдер, батпақтар және басқа да объектілер көрсетіледі. Сызықты белгілер өзен, жол, шекара, құбырларды белгілеу үшін пайдаланылады. Алайда масштабта сызықты белгілер объектілердің ұзындығын ғана көрсете алатындығын естен шығармау керек.
Ал объектілердің ені үлкейтіліп беріледі, сондықтан оны картадан өлшеуге болмайды. Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картада көрсетілген темір жолдың ені оның нақтылы енінен 10 еседен асып түседі. Сол себептен де ұсақ масштабты картадан тіпті Волга сияқты ірі өзендердің де енін өлшеуге болмайды.
Бұлардан басқа түсініктеме шартты белгілер де болады. Олар объектінің сипаттамасын толықтырып тұрады. Мәселен, өзендегі көрсеткіш белгі ағыстың бағытын көрсетеді, орманның пішініндегі ағаштың (жапырақты немесе қылқан жапырақты) суреті белгілі бір ағаш тұқымының басым екенін білдіреді.
Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір көрсету мүмкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінің береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб:
1 11 К. 1 1
500 ' 1000 ' 2000 ' 5000 > 1 ' 25000
және т. с. с. алынады.
Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен картаға кескіндеу кезінде қаншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді, Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасының оңтүстік қабыр-ғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінің ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145, 3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1 : 1000, пландағы ұзындығы 145, 3 : 10= 14, 53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9, 13 см, ал картаның масштабы 1 : 1 (яғни 1 см - 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9, 13-100 = 913 м болады. [4]
3. Карта және пландар
Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының ұзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге болады. Сызықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір1-2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тік сызық болып табы-лады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлік-
ке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкес келеді. Нөлдік сызықшадан оңға қарайсалынған кесінділер 1 : 2000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80, 100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы аЬ кесіндісіне жердегі 88 м ұзындығы сәйкес(1-суретке) келеді.
Сызықтық масштабтың көмегімен 0, 5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге және салуға болады. Ара қашықтықты өте дәлдікпен анықтау үшін көлденең масштабты қолданады. Көлденең масштаб кесінділерді пропорционал бөлуге негізделген график болып табылады. Көлденен масштабты салу үшін түзуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикуляр тұргызылады. Масштабтың негізіне параллель тең аралықта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі сол жақтарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке ( 2 мм) бөледі. 1- суретте көрсетілгендей, алынған нүктелерді көлбеу түзулермен қосады. BE сызығына параллель көлбеу сызықтардың арасындағы кесінділер AB табаның оннан бір бөлігіне тең болады, яғни ED=AB/10, ал BD перпендикуляры мен BE көлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб табанының жүзден бір бөлігіне тең. Сірә, осы кесінділердің ең кішісі (t) ED кесіндісінен 10 есе кем, яғни t=ED/10=AB/100. Осындай масштаб нормальды жүздік көлденен масштаб деп аталады.
2-сурет
Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0, 2 мм план масштабының бөліміне көбейтілгенде неге тең болатынын білу қажет. Мысалы, 1 : 5000 масштабтағы план үшін - 100 м, 5 м, 0, 5 м. Өлшеу кезінде циркуль ашасының инесін диаметрі 0, 1 мм шеңбер ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0, 1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы, 1/500, 1/1000, 1/2000, 1/5000, 1/1 масштабтары үшін олардың дәлдігі 0, 05 м, 0, 1 м, 0, 2 м, 0, 5 м, 1, 0 м-ге тең. Демек, осы көрсетілген кесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді. [5]
4. Карта және пландар
Геодезиялық өлшеулер мен жекелеген учаскелердің түсірулері жер беті, оның сапалық жағдайының өзгеру заңдылықтары, физикалық кеңістік, табиғи, жер ресурстарының халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланудағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы жеткілікті дәрежеде толық мағлұмат бере алмайды. Халық шаруашылығына қажетті осы сияқты және т. б. мәліметрді картография береді. Картография уақыт пен кеңістіктегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысы және өзгеруі туралы географиялық карталарды жасау мен әдістерді пайдалану туралы ғылым.
Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. (Қарта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалық-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т. б. ) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т. ) кескінделеді. 1 : 1-1 : 1 масштабтағы жалпы географи ялық карталар топографиялық карталат деп аталады. Олар ірі масштабты - 1: 1, 1 : 25000, 1 : 5; орта масштабты - 1 : 100. 0, ; : 2, ұсақ масштабты - 1 : 500, 000, 1 : 1 болып бөлінеді. 1 : 500, 1 : 1000, 1 : 2000 және 1 : 5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады. Жер бетенің шектеулі учаскесі бедерінің контурлары мен пішіндер зонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы кескіндеуді (Жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп атайды.
Ұсақ масштабты карталары халық шаруашылығының дамуын негізгі жобалау кезінде жерді жалпы зерттеуге, су кеңістігінің және жер бетінің қорларын есепке алуға, күрделі инженерлік объектілерді алдын ала жобалауға, еліміздің қорғаныс мүддесіне арналған.
Орта масштабты карталар егжей-тегжейлі мазмұнға және неғұрлым жоғары дәлдікке ие болады; олар ауыл шаруашылығында егжей-тегжейлі жобалауға, жолдарды, трассаларды, электр жеткізу желісін жобалауға селолық елді мекендерді алдын ала жоспарлау және салуға, пайдалы қазбалардың қорын барлау және іздестіруге арналған.
Ірі масштабты карталар мен пландар әр алуан жұмыстарды неғұрлым дәл егжей-тегжейлі жобалау (суландыру, құрғату, көгалдандыру, қалалардың басты жоспарларын жасау, инженерлік тораптарды және коммуникацияларды жобалау) үшін жасалады.
Тақырыптық арнайы карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалынады, бірақ олардың элементтерінің бірі ғана барынша толық ашылады (топырақ карталары, орман, сортаңдану, дымқылдану геологиялық карталар және т. б. ) .
Қазіргі уақытта пайдалы қазбалар кенін барлау және игеру кезінде жердің үлкен ауданын мелиорациялау және игеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруда, жолды салуда, айналадағы ортаны қорғауда және халық шаруашылығының басқа мақсаттарында арнайы салалық карталар жасалынады. [3]
5. Пландар мен карталардың шартты белгілері
Топографиялық карталардың шартты белгілері шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйе болып табылады.
Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырады.
Біркелкі объектілердің әр түрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалы және сандық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапқы графикалық белгілермен беріледі. Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.
Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабтық контурлы шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардың көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мүмкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан, яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фондық бояу түстері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме(жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтап отырып белгіленеді. Масштабтан тыс (нүктелік) шартты белгілермен сұлбасын картаның масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, құдық және т. б. Масштабтан тыс шартты белгілер - тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын шағын геометриялық фигуралар. Масштабтан тыс шартты белгілер нүктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы нүктелермен картадағы объектілердің координаталарын және өзара қашықтығын анықтайды. [6]
Өзендер, каналдар, жолдар және басқа сызықтық объектілер масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.
Жазулар және түсіндірме шартты белгілер масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде қолданылады да, олар объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет атқарады. Елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т. б. аттары толық жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің жанында орналасады; олар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мыса-лы, мк. - мектеп, вкз. - вокзал. Цифрлық белгілер көбіне объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара кашықтығын, т. б. ) көрсету үшін қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz