Қарым-қатынас



Кіріспе.
Тарау І.Қарым.қатынас ұғымы.
Тарау ІІ. Қарым.қатынастың түрлері мен формалары.
ТарауІІІ. Жеке адамдар арасындағы қарым.қатынас және араласу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
1.Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. Ақтау, 2010 ж

2.М.Оңғарова. Қарым-қатынас жасау әдебі:Оқу құралы

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.
Тарау І.Қарым-қатынас ұғымы.
Тарау ІІ. Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
ТарауІІІ. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас және араласу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.

Тарау І.Қарым-қатынас ұғымы.
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

ТарауІІІ. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас және араласу.
Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал басқа білеулеріне ол самарқау күйде қалады, бір кісілерді жақсы көрсе, екіншілерін жек көреді, ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі де толық түсіне қоймайды. Адамның қатынасы - ерекше эмоциялық күй. Қарым-қатынас пен араласу- өзара байланысты, ажырағызсыз құбылыстар. Жөні түзу адамның басқалармен араласуы қарым-қатынассыз болмақ емес. Эмоциялық күй - қарым-қатынас - адамның мінез-құлқынан, бет құбылысынан және тағы басқа қимылдарынан біршама анық көрінеді. Алайда сыртқы мінез-құлық барлық кезде бірдей ішкі көзқарасқа үйлесе бермейді. Сондықтан да адамның сезім-толғаныстарының тереңдігін олардың сырттай көрінуіне қарап пайымдауға болмайды. Мысалы, кейде өте терең сезінетін кісілер өзінің әсерлерін сырттай білдірмеуге тырысады, ал кейде айрықша қиын жағдайларда білдіре де алмайтыны болады.
Тек араласудың нәтижесінде ғана жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарға баға беруге үйренеді, моральдық нормаларды меңгереді, бұл нормаларды күнделікті өмірде тексеріп, пайдаланады да, сол арқылы өзі өмір сүріп, әрекет ететін адамгершілік принциптеріне дағдыланады. Жеке адамның жауапкершілік, парыздылық, принциптілік, қайырымдылық, адалдық, мейрімділік сияқты аса маңызды қасиеттері араласу барысында байқалып ғана қоймайды, сондай-ақ қалыптасады да. Оларсыз мұның барлығы дерексіз белгілерге айналады. Бүкіл адамзатты жақсы көру өзіңнің пәтерлес көршіңді жақсы көруден жеңілірек деп текке айтылмаған ғой.
Араласудың мұнан басқа маңызды жағы - адам бойында әр алуан танып-білуге қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетіндігінде: ол өз бетімен біліп алуға итермелей немесе керісінше мүлдем кері кетіре алады. Бұл ждас жеткіншектердің серіктіктерінде, топтарында ерекше байқалады.
Араласуға деген қажеттіліктің қанағаттандырылмауы қай жастағы адамда да жағымсыз эмоциялық толқулар, өзіне ешқандай қауіп төнбесе де, үрейлену сезімін туғызады. Қарым-қатынас жасауда ұзақ уақыт сәтсіздікке ұшыраса, адамның мінез-құлқы да біршама өзгеруі мүмкін. Ол үнемі басқалардыңөзіне оң қабақпен қарамауын, өз мінез-құлықының шынайы себептерін түсінбеушілікті, өзінің іс-қылығына теріс баға берілуін күтіп жүретін болады. Бір адам басқа адамдармен араласу мүмкіндігінен айрылса, ондай оқшауланудың өте ауыр екенін айтқан болатынбыз. Басқалармен араласуға нағыз мүмкіндік бола тұрып, ол әлдеқандай себептермен жүзеге асапаса, яғни көпшілік арасында жалғызсырау одан да жаман болады.
Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса да, адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ, онша мәні болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын, тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз қарым-қатынаста, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Өзара қарым-қатынасты ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық, жолдастық, достық) деп екі топқа бөлуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қарым - қатынас процесінде тұлғаның дамуы
Отбасы тәрбиесі жағдайында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Шетел және қазақ ғалымдарының қарым–қатынас туралы
Педагогикалық қарым - қатынас түсінік
Адами қарым - қатынас
Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері
Қарым - қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің орнын анықтау
Пәндер