Жеке тұлға анықтамасы



Кіріспе.

Тарау І. Жеке тұлға анықтамасы.

Тарау ІІ. Психоанализ.тұлғаның өзін.өзі тану құралы.

Тарау ІІІ. Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер
Тұлға деген кім? Дегенге көптеген ғалымдар әр түрлі жауап береді. Оның себебі тұлға феномені өте күрделі. Көбінесе тұлға деген ұғым әлеуметтік даму процесінде меңгерілген өмірлік және әлеуметтік маңызды сапалардың жиынтығы деп түсініледі. Тұлға қоғамдық байланыстар мен қатынастарда көрінетін, өзі және қоршағандар үшін маңызды мәні болып табылатын өнегелі қылықтарын анықтайтын орнықты әлеуметтік шарттанған психологиялық сипаттамалары берілген жүйедегі нақты адам. Егерде тұлға түсінігінің пайда болуын қарастырып отырса, онда ол эвропалық тілмен персона деп аталды. Орыс тілінде тұлға сөзі өзінің бастауын «жеке» (личный) деген сөзден алады. Психология тұлғаны сөзді игерген, әлеуметтік байланыстарға түсетін адамның психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар тұлға адамның өзі емес. Философияда адамның маңыздылығы оның қабілеттерімен, өзіндік реттелуге, өзіндік шарттауға, не істеу керек екенін шешуге, қандай шартты таңдау керектігіне, ақылмен, қабілетпен әлеуметтік өзара әрекетке түсетін жағдаймен байланыстырылады. Тұлға өзара әрекет пен танымның әлеуметтік құралдарын меңгерген. Солар арқылы тұлға өзінің іс-әрекетін жүзеге асырады, қандай болғысы келген идеялармен өзін өсіреді, түзейді. Тұлға тарихи, сондықтанда тарихтан тыс тұлға жоқ. Адамның тұлғасы жүз жыл бұрын өмір сүрсе де, ол екі жүз жыл бұрын өмір сүрген адам тұлғасынан, қазіргі жаңа адамнан айырмасы болады. Тұлға тарихи дамудың, әлеуметтік факторлардың құрылуының өнімі боып табылады, өз мәселесін қоғамға кіре отырып шешіп, тұлға болып қалыптасады.
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
1. бап – Баба С. Б. Жалпы психология: Жантану негіздері: 2002 ж
2. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім, 1993 ж
3. Гоноболин Ф. Н. Психология. Алматы: Мектеп, 1996 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.

Тарау І. Жеке тұлға анықтамасы.

Тарау ІІ. Психоанализ-тұлғаның өзін-өзі тану құралы.

Тарау ІІІ. Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Тұлға деген кім? Дегенге көптеген ғалымдар әр түрлі жауап береді. Оның себебі тұлға феномені өте күрделі. Көбінесе тұлға деген ұғым әлеуметтік даму процесінде меңгерілген өмірлік және әлеуметтік маңызды сапалардың жиынтығы деп түсініледі. Тұлға қоғамдық байланыстар мен қатынастарда көрінетін, өзі және қоршағандар үшін маңызды мәні болып табылатын өнегелі қылықтарын анықтайтын орнықты әлеуметтік шарттанған психологиялық сипаттамалары берілген жүйедегі нақты адам. Егерде тұлға түсінігінің пайда болуын қарастырып отырса, онда ол эвропалық тілмен персона деп аталды. Орыс тілінде тұлға сөзі өзінің бастауын жеке (личный) деген сөзден алады. Психология тұлғаны сөзді игерген, әлеуметтік байланыстарға түсетін адамның психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар тұлға адамның өзі емес. Философияда адамның маңыздылығы оның қабілеттерімен, өзіндік реттелуге, өзіндік шарттауға, не істеу керек екенін шешуге, қандай шартты таңдау керектігіне, ақылмен, қабілетпен әлеуметтік өзара әрекетке түсетін жағдаймен байланыстырылады. Тұлға өзара әрекет пен танымның әлеуметтік құралдарын меңгерген. Солар арқылы тұлға өзінің іс-әрекетін жүзеге асырады, қандай болғысы келген идеялармен өзін өсіреді, түзейді. Тұлға тарихи, сондықтанда тарихтан тыс тұлға жоқ. Адамның тұлғасы жүз жыл бұрын өмір сүрсе де, ол екі жүз жыл бұрын өмір сүрген адам тұлғасынан, қазіргі жаңа адамнан айырмасы болады. Тұлға тарихи дамудың, әлеуметтік факторлардың құрылуының өнімі боып табылады, өз мәселесін қоғамға кіре отырып шешіп, тұлға болып қалыптасады.
Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің менің басқа мендерден, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.

Тарау І. Жеке тұлға анықтамасы.

Тұлға -- жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі
Жеке тұлға - белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.
Әлеуметтік психология, жалпы психологиядағы жеке тұлға анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан нақты топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың кәсібі бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді, әлеуметтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.
Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні- оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро, макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл -- әлеуметтену проблемасы.
Екінші жағынан, егер де жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші жүйелер қарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке тұлға басқалармен белсенді қарым-қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды, немесе оның әлеуметтік бағдары қандай екенін қарастыру қажет.
Осы екі бағыт та әлеуметтік психология ғылымының жалпы қисынынан туындайды және де осы бағытта әлеуметтік психологтар тарапынан көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілген (әсіресе, шет елдік ғалымдардың жетістіктеріқомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт-жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сапаларын талдау проблемасы да туындап отыр.

Тарау ІІ. Психоанализ-тұлғаның өзін-өзі тану құралы.

Тұлға дамуын жетілдіру өзіндік сананы дамыту арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін психоанализді қолдану ісі табысты болмақ. Психоанализдің қолданбалы әдістері кең мағынада тұлғаның өзіндік дамуын мақсатты, жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Психоанализ-тұлғаның өзін-өзі тану құралы. Психоанализ Псюхе - жан, анализ - талдау деген мағынаны береді, яғни тұлғаның ішкі жан дүниесіндегі санадан тыс құбылыстарға терең талдау жасау.
Психоанализ - бұл сананы зерттеуді мақсат еткен психологияның бір бөлігі. Бейсана субъектінің жаңылыс сөздерінің ассоцияциялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің, қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер арқылы зерттеледі. Психоанализ терминін З.Фрейд 1896 жылы невроз этилогиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. З.Фрейд психоанализге мынадай сипаттама берген: біріншіден, басқаша қол жеткізбейтін психикалық үрдістерді зерттеу құралы; екіншіден, осы зерттеуге негізделген невроз ауруын емдеу әдісі; үшіншіден, осының нәтижесінде пайда болып, дамып және жаңа ғылыми ілімге жинақталған бірнеше психологиялық тұжырымдамалар.
Психоанализдің ерекшелігі. Психоанализ психотерапияның басқа түрлерінен ең алдымен өзінің жеке тұлғаға бағытталғанымен ерекшеленеді. Бұл, сонымен талдаушының назарында жақсы және жаман жақтардан тұратын нақты адам болады деген сөз. Психоанализ өзінің негізгі мақсаты ретінде осы немесе басқа симптомды жәй алып тастауды көздемейді, өйткені тәжірибе көрсеткендей, бұл бірнеше уақыт өткен соң қайтадан, қалпында немесе басқаша түрде көрініп қалуы мүмкін. Басты міндет симптомның психологиялық табиғатын табу, оның бұлағын анықтау және оның даму динамикасын түсіну. Өзіндік сана және өзін-өзі түсіну міне өзі мен мінезін өзгертуге, үрей мен қорқынышты жеңуге, мінез құлқының жауап тәсілдерін қалыптастыруға арналған екі кілт.
Психоанализ тамыры - бірінші тамыр, не болғанын міндетті түрде көру қажет, бос жерде ештеңе болмайды, ештеңе нолден басталмайды, екінші, цайтгаист, уақыт жаны дегенді білдіретін неміс сөзі, үшінші, автордың тұлғасы маңызды фактор немесе осы бағыттағы көшбасшы.
Психоанализ ең алдымен көптеген психологиялық қорғану арқылы санадан жасырынып жатқан, оған ұмытшақтықты қоса айтсақ, өз бейсанаңа, естеліктеріңе, сезімдеріңе, тілектерің мен көрген түстеріңнің құпиялы астарына жақындауға көмектеседі. Жанталдау нәтижесінде адам алғашқы рет өзі мен өзгелерді дұрыс түсіне бастайды және алғашқы рет өз мүддесін қорғау үшін әжептеуір әрекет жасай бастайды. Психотерапияның түрлі бағыттан қарауды біз психоанализден бастаймыз. Психоанализ тақырыбы жиі талас туғызады. Бұл сұрақ бойынша қарама-қарсы пікірлер бар. Біреулерін психоанализ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Халықаралық тасымалдарды рәсімдеу шарттары туралы ақпарат
Халықаралық тасымалдарды рәсімдеу шарттары туралы
Ақпарат тарихы және анықтамасы
Мұра қалдырушының мүліктік және кейбір мүліктік құқықтары мен міндеттері ретіндегі мұрагерлік масса
Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы
Тұлға қалыптасуы туралы ақпарат
Заңды тұлғаның құқықтық мәртебесі
Қазақстандағы халықаралық тасымалдар рөлі
Пәндер