Әлеуметтік стратификация


Жоспар
Кіріспе.
Тарау І. Әлеуметтік стратификация
Тарау ІІ. К. Маркс ілімі. М. Вебердің ілімі
Тарау ІІІ. Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және үлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байла-ныстар мен кдтынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы бай-ланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бүл болса когамның тұтастығына, оның біртүтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т. б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. іҚоғамның әлеуметтік қүрылы-мы - адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының ара-сындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайла-рының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
Қоғамның әлеуметтік қүрылымынын даму негізіне: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, тап-тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды.
Өндіріс қүрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғам-нын осы ішкі беліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалып-гаса бастаған қүрылымды нығайтады. Қоғамдык. еңбек бөлінісі де, меншік катынастары да қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалык алғышарттары болып табылады.
Тарау І. Әлеуметтік стратификация
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
- касталар;
- сословиелер;
- таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе
- Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
- Жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
- брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
- кшатрийлер (әскери адамдар) ;
- вайшьтер (саудагерлер, шаруалар мен қолөнершілер) бұл екі топ халықтың 70%-ын құрайтын;
- шудралар- қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған. Сословиелік жүйелер - феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге - қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
Тарау ІІ. К. Маркс ілімі. М. Вебердің ілімі
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті. бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда - феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда - буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер - таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы - меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В. И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз - қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.
М. Вебердің ілімі
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын - саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің ұоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы - білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салтя сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар:
- капитал иелерінің табы;
- интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;
- дәстүрлі ұсақ буржуазия табы
- жұмысшы табы.
Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек. Білім деңгейі - мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.
Мәртебе - адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет. Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3, 4, 6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары - мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары. Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т. б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т. б. ) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш - жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай - орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар
- жоғары орта тап:
- орта таптың орташасы:
- төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми - техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында - заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар. Төменгі тап - құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде - теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Тарау ІІІ. Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.
«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Веритикальды мобильдік - индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады. Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Горизантальды мобильдікте - индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т. б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды. Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz