Психология пәні туралы


Жоспар
Кіріспе.
Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері.
Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы.
Тарау ІІІ. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы,
салалары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде
өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы,
мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т. б. ерекше кәсіби
практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды
практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларында маңызды өзгеріске ұшыратады. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.
Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым»,
«ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің
субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес,
сезім, қабілет, мінез, т. б. ) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін
ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты
психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының
заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі
жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С. Л. Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді- олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т. б. жатады . . . » Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.
Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты
сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің
даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның
негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер
айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.
Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда
болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары
мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан
бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі үш бөлімін қарастырамыз:
1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиеттер;
3) психикалық қалып.
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу,
қиял және елес, ес;
2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез,
қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену,
абыржу, ашулану, қуану) т. б. компоненттері.
Сонымен, психология - психикалық құбылыстардың, пайда болу,
қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің
көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т. б. кіреді.
Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне
не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп,
психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г. Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде
психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану,
жаратылыстану т. б. ) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан
басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф. Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф. Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан - қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден - дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф. Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф. Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К. Маркс Ф. Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф. Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады. Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды. Дж. Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы - табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж. Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде - идеялист болып көрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз.
Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек
қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға
негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге
болады.
Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік
пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі». Жан бар жерде қаза бар» т. б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата- бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.
Тарау ІІІ. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы,
салалары.
Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы
бар. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану
ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық
ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер
ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше,
оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем
шығармалар туындату мүмкін емес деген.
Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті.
Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі
психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары
түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.
Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде
орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді.
Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп,
нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіп-
дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу
қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы
мүмкін.
Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т. б.
ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-
жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз
байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік
принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді.
Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан
ғылыми-техникалық прогрестің әсері.
Әлеуметтік психология - әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың
ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл - күйін, қоғамдық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz