Менеджерлерге сипаттама – Стив Джобс



Стив Джобс жалпы мықты тұлға және ең бірінші болып: XXI ғасырда табысты адам болу үшін креативтілік пен технологияны біріктіру керектігін түсінген дарынды бизнесмен.
Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. «Apple» интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және «iPhoneн» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал.
Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 – Қазанның 5, 2011) – американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.
Стив Джобстың әкесі Пол Рейнолд Джобстың балалық шағы Висконсин штатынын Джерментаун фермасында өткен. Оның әкесі маскүнем болып, кейде баласына қол да жұмсаған. Соған қарамастан Пол сабырлы, мейірімді болып өсті. Механик қызметімен айналысатын. Стивтің анасы Клара Нью-Джерсида туылған. Полмен кездесу Клара үшін жаңа өмір бастауға деген мүмкіндік болатын. Қырғын соғысты бастан кешірген Пол мен Клара үшін ең бастысы – балалы болып, тыныш, бейбіт заманда өмір сүру. Алайда, Клара бедеу болып қалғандықтан, 1955 жылы олардың жалғыз амалы бала асырап алу еді. Джоан Шибле Пол Джобс сияқты неміс эмигранттарының отбасынан шыққан. Оның әкесі Артур Шибле Гринбей қаласына орнығып, құндыз фермасын басқарған. Осыдан барып балақайды адвокат отбасы емес, қарапайым механик және оның әйелі қарапайым бухгалтер асырап алады. Пол және Клара балаға Стивен Пол деген есім береді. Джоан баланы асырап алған отбасы оқымаған екендігін білгенде көп қарсылық көрсетті, ақыры рұқсатын берді. Джобстар әулеті ақша жинап баланы колледжге түсіреміз деп жазбаша түрде уәде берді. Оны асырап алғандығын Стив бала кезден білетін. «Ата-анам мені асырап алғандығын жасырмайтын»,-деп ол айтқан болатын. Ол алты-жеті жасында көлшікте ойнап жатқан жерінде қарама-қарсы отырған қыз:
- Сонда сен өзіңнің ата-анаңа керек емес болғандығың ба? – деді қыз.
- Не болды! – деп Стив есіне түсіреді. Мені тоқ ұрғандай болды. Үйге жылап кіріп, оларға бәрін айттым, олар маған қарап: «Жоқ, сен түсінбейсін. Біз арнайы сені таңдап алдық». Олар бұны бірнеше рет айтты. Мен бұның шындық екендігін түсіндім.
Тастанды. Таңдалған. Ерекше. Бұл үш сөз Стив Джобстың тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізді. Оның жан достарының айтуы бойынша:туған анасы оны босана салып тастап кетті, сонысымен жүрегіне қаяу түсірді. «Стив Джобстың істеген ісінің барлығын бақылауда ұстайтындығы туа

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкірім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ
Тақырап: Менеджерлерге сипаттама - Стив Джобс

Орындаған: магистрант Искаков Р.О.
Мамандық: Информатика М060200
Тексерген: Толымгожинова М.К.

Семей - 2013 ж.
Стив Джобс жалпы мықты тұлға және ең бірінші болып: XXI ғасырда табысты адам болу үшін креативтілік пен технологияны біріктіру керектігін түсінген дарынды бизнесмен.
Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. Apple интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және iPhoneн смартфондары мен iPad планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал.
Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 - Қазанның 5, 2011) - американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан Ойыншықтар оқиғасы атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.
Стив Джобстың әкесі Пол Рейнолд Джобстың балалық шағы Висконсин штатынын Джерментаун фермасында өткен. Оның әкесі маскүнем болып, кейде баласына қол да жұмсаған. Соған қарамастан Пол сабырлы, мейірімді болып өсті. Механик қызметімен айналысатын. Стивтің анасы Клара Нью-Джерсида туылған. Полмен кездесу Клара үшін жаңа өмір бастауға деген мүмкіндік болатын. Қырғын соғысты бастан кешірген Пол мен Клара үшін ең бастысы - балалы болып, тыныш, бейбіт заманда өмір сүру. Алайда, Клара бедеу болып қалғандықтан, 1955 жылы олардың жалғыз амалы бала асырап алу еді. Джоан Шибле Пол Джобс сияқты неміс эмигранттарының отбасынан шыққан. Оның әкесі Артур Шибле Гринбей қаласына орнығып, құндыз фермасын басқарған. Осыдан барып балақайды адвокат отбасы емес, қарапайым механик және оның әйелі қарапайым бухгалтер асырап алады. Пол және Клара балаға Стивен Пол деген есім береді. Джоан баланы асырап алған отбасы оқымаған екендігін білгенде көп қарсылық көрсетті, ақыры рұқсатын берді. Джобстар әулеті ақша жинап баланы колледжге түсіреміз деп жазбаша түрде уәде берді. Оны асырап алғандығын Стив бала кезден білетін. Ата-анам мені асырап алғандығын жасырмайтын,-деп ол айтқан болатын. Ол алты-жеті жасында көлшікте ойнап жатқан жерінде қарама-қарсы отырған қыз:
- Сонда сен өзіңнің ата-анаңа керек емес болғандығың ба? - деді қыз.
- Не болды! - деп Стив есіне түсіреді. Мені тоқ ұрғандай болды. Үйге жылап кіріп, оларға бәрін айттым, олар маған қарап: Жоқ, сен түсінбейсін. Біз арнайы сені таңдап алдық. Олар бұны бірнеше рет айтты. Мен бұның шындық екендігін түсіндім.
Тастанды. Таңдалған. Ерекше. Бұл үш сөз Стив Джобстың тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізді. Оның жан достарының айтуы бойынша:туған анасы оны босана салып тастап кетті, сонысымен жүрегіне қаяу түсірді. Стив Джобстың істеген ісінің барлығын бақылауда ұстайтындығы туа біткен мінез және оның ата-анасының оның тастап кетуіне де байланысты,- дейді Дэл Йокам, Стивтің әріптесі,-Барлығын бақылауда ұстағанды қалайды. Еңбегінің жемісі - оны өзіндік тұлға ретінде қалыптастырады.
Сонымен қатар Стив Джобстың әкесі ол туылғанда 23 жаста еді, дәл осы жаста Стивте өз баласынан бас тартады. Бірақ кейіннен қызына қайта қамқорлық жасайды. Крисэнн Бреннан, қыздың анасы, Стивті асырап алуға бергендігі, оны өмір бойы алаңдататын, ол оның мінез-құлқында да байқалатын. Тастанды адам, өзі де баласын тастап кетеді, - деп Крисэнн айтатын еді. 1980 жылдарда Apple компаниясында жұмыс істеген Энди Херцфельд Бреннан және Джобспен тығыз араласқан адамдардың бірі. Стивті түсіну үшін оның неліктен кейде ашушаң және кекшіл екендігін білуіміз керек. Негізі бар мәселе оның анасы босана сала одан бас тартқандықтан. Стив өмірінің бар проблемасының түп-тамыры осында жатыр.
Стив бұнымен келіспейді. Кейбіреулері менің тынбай еңбек етіп, байлыққа қол жеткізгендігім, өз ата-анама қандай екенімді көрсетіп, оларды өкіндіру деп ойлайды. Бос сөз. Мені асырып алғандығын әрқашан білгенмін. Мен өзімді тәуелсіз сезіндім. Бірақ ешқашан - тастанды емес. Мен ерекшемін. Менің ата-анамда мені бұл жөнінде құптайтын. Айта кететін жайт, Пол және Клараны асырап алған ата-анасы деп айтқыздырмайтын. Олар менің 100 пайыз шынайы ата-анам, - дейді ол.
Автокөліктер арқылы әкесі Стивті электроникамен таныстырды. Әкем техниканы жақсы білмейтін, бірақ жұмыс барысында оларды қолданатын кездері болған,-дейді. Әкесі сынық заттарды сатып алып, жөндеуден өткізіп, қымбатырақ ақшаға сататын. Соның арқасында менің ата-анама берген уәдесін орындап, яғни колледжге түсіруге ақша жинайтын.
Уақыт өте келе Стив ата-анасынан да қабілетті, оқуға құштарлығы мол екендігін сезінді. Пол мен Клара да бұны байқады, сол үшін баласының қабілетін, дарынын одан сайын дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді қолданды. Жұбайлар олардың баласы ЕРЕКШЕ екендігіне сенді.
Әкем мен шешем мені жақсы көретін. Менің ерекше екендігімді түсінгенде, жауапкершіліктерін арттыра түсті. Маған қажеттілердің барлығын сатып алып беруге тырысты, үздік мектепке де орналастыруды да. Жалпы, менің әлеуетімді ашуға бар күштерін жұмсады
Мектепке бармас бұрын оқу-жазуды оған мамасы үйреткен. Алғашқы мектептегі жылдар Стив үшін тәтті болмады. Мектептегі алғашқы жылдар мені өте зеріктіретін, тіпті соның әсерінен неше түрлі жағдайларға тап болдым. Кейіннен анықталғандай, тәрбие және мінез-құлқының қалыптасуына байланысты, біреуге бағына алмайтыны байқалды.
Мектептен іші пысқан бала бұзақыға айналады. Оны үш рет мектептен шығарып жібере жаздады. Алайда, әкесінің баласының дарынына деген сенімі мол болатын. Пол асқан сабырлықпен мұғалімдерге: Бала кінәлі емес, оның қызығушылығын оята алмаған сіздер кінәлісіздер, - деп айтатын.
Менің достарым ақылды болатын. Мені математика, ғылым саласы, электроника қызықтыратын. Сонымен қатар ЛСД және басқа да конструкторлармен тәжірибе жасайтынбыз.
Осы кезде Стивтің кез-келген әзілі электроникамен жүзеге асырылатын. Бірде ол үйдегі барлық бөлмелерге бағандар қойды. Оны микрофон ретінде қолдануға болғандықтан, ол өзінің шкафының ішіне басқа бөлмелердегі дыбыстарды естуге мүмкіндік беретін рубканы орнатты. Бір күні кешке, ата-анасының бөлмесінде не болып жатқанын есту мақсатында құлаққап киіп отырған жерінен әкесі ұстап алып, оны ұрыстың астына алған болатын.
Ларри Лэнг, көрші тұратын инженер, стивті ғылыми-зерттеумен айналысатын Hewlett-Packard клубына апарды. Үйірмеде он бес шақты адам болды. Сабаққа қандай да бір зертхананың инженерін шақыратын, ол ол істеп жатқан жұмысы туралы айтып беретін,-дейді Джобс. - Әкем мені сол жаққа алып баратын. Менің қуанышымда шек жоқ еді. HP жарық диодын шығаратын алғашқы компания болатын. Біз оларды қолдануды талқыға салатынбыз. Бірде Джобс компанияның инженеріне жақындап, оған голографиялық зертхананы көрсетуін сұрады. Стивке ең қатты әсер еткені компания өндіріп жатқан мини-компьютерлер еді. Мен сол кезде ПК бірінші рет көрген едім, ол 9100А деп аталатын, ол өте үлкен, шамамаен 20 килограмм болатын, бірақ мен оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның бәсекелестік стратегиясы
Барабанды сканер
Жетістікке қол жеткізген кәсіпкерлер
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы мәлімет
Стивен Пол Джобс
Бизнес аңыздары жайлы (әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары). Стив Джобс
Басқару жүйесі
Сатып алынғаннан кейінгі сервистің сапасы
Жаңа тауарларды өндіру және әзірлеу
Пәндер