Менеджмент мектебі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкірім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ

Тақырап: Менеджменттің қазіргі мектебі

Орындаған: магистрант Искаков Р. О.

Мамандық: Информатика М060200

Тексерген: Толымгожинова М. К.

Семей - 2013 ж.

Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің даму барысында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ғылымының алғашқы белгісі «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғаш рет «ғылыми басқару» мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1986 - 1915) . Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңаық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан жақты дәлелдеді. Ф. Тейлор кәіспорынды басару ісін өнер ретінде қарастыра келіп, менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф. Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т. б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Классик үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А. К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынандай қорытындыға келді: «басқару - кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай - ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолмен ұйымдастыру принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұ бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі - Элтон Мейо (1880-1949) болды. Осы ілім формалық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Америкалық зерттеушілер де Мери Пркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиосристік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық негізінде басқаруда математика иен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп, «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х. Райфа.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында миенеджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» деп аталады. әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық - басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.

Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.

«Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпарация концерн, концерн-конгомераттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

«Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғары технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғары біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген едерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың - американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.

Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.

Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент - басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.

Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жетуі үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.

Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының, демографияның жиі жағдайы. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың, малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.

Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмыспен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.

Мененджмент макро және микро экономиканың негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай ролді психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады.

Басқаратын және басқарарылатын жүйелердің, басқарудың объектісі мен субъектісінің салыстырмалық заңдылығы, басқару сферасының басқару объектісінің талабына сәйкес екенін көрсетеді. Солай, 70 жылдары Қытайда байқалған экономиканың дамуындағы сапалы өзгерістер барлық атарбасының белгілі бір өзгеріске ұшырауын талап етті, бұл 1975 жылы жүзеге аса бастаған кешенді реформада өзінің көрінісін тапты. Осының нәтижесінде Қытайдың экономикасы мен оны басқару ғылыми-техникалық прогресстің талабына зерек болды, тұрақты дамудың тенденциясын алды, реттелетін нарықтық қатынастарға өту дағдарыссыз және сілкініссіз жүрді.

Егер жалпы заңдылық басқаруға тұтас түрде тән болса, ал жеке заңдылық басқарудың бөлек жақтарын және жүйесін сипаттайды. Жеке заңдылыққа басқару функцияларының өзгеру заңдылығын, басқару сатыларының, санын оңтайлау заңдылығын, басқару функцияларын, шоғырландыру заңдылығын және бақылаудың өрістелу заңдылығын жатқызуға болады.

Әдістемелік тәсіл менеджментке қатысты басқарудың мақсатына жетуге бағытталған іс-қызметті танып білудің белгілі жолын және әдістерін пайдаланғанды ұйғарады. Менеджментте неғұрлым көп тараған үрдістік тәсіл, яғни басқару ұйымының мақсатына жетуге бағытталған және басқару функциясының үзілмес өзара байланысқа негізделген іс-қызмет ретінде қарастырылады. Әртүрлі авторлар басқару функциясының әртүрлі санын ұсынады. Оңтайлы жиыны келесі функциялардан тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.

Тұрақтандырусыз жағдай орын алғанда және сыртқы ортада қатал өзгерістер болғанда басқаруды ахуалды тәсілі іс жүзінде қолданылады. Ахуалды тәсіл басқарудың әртүрлі әдістерін таңдағанда жағдайға қарай анықтағанды ұйғарады. Ұйымды немесе қоршаған ортаны алсақ та, оларда көптеген факторлар болғандықтан, ұйымды басқарудың бірегей өте жақсы әдісі болмайды. Нақты жағдайда басқару әдісінің нағыз тиімдісі орын алып отырған ахуалға сәйкес болса.

Ахуалды тәсіл басқару теориясына үлкен үлес қосты, өйткені онда орын алып отырған жағдайға қарай басқару ісіне орайлас ғылыми қағидаларды пайдалану туралы нақты ұсыныстар бар.

Ахуалды тәсілдің негізін ұйымның іс-қимылына ықпалын тигізетін негізгі ішкі және сыртқы факторларды анықтау құрайды.

Жүйелік тәсіл басшылардың ұйымды өзара тәуелді адам, құрылым, міндет және технология сияқты элементтердің жиынтығынан тұратындығы және олардың сыртқы ортаның өзгермелі жағдайында әртүрлі мақсатқа жетуге болатындығы түрінде қарастырғанды ұйғарады.

Жүйелі тәсіл - бұл басқару объектісін жүйе реітнде зерттеуге негізделген ғылыми танып білу және әлеуметтік тәжірибе әдістемелерінің бағыты. Бұл тәсіл басқару объектісінің жағдайына және серпіндігіне ықпалын тигізетін барлық негізгі факторларды ескере отырып жүргізетін кешенді зерттеуге негізделген.

Басқарудағы жүйелі тәсілдің маңызды бір белгісі жүйелі талдау, ол күрделі басқару шешімді дайындауда және дәлелдеуде пайдаланылатын әдістемелік құралдардың жиынтығынан тұратындығын көрсетеді. Жүйелі талдау декомпозиция жүйесіне негізделген, яғни оны құрайтын элементтерге бөлуді, олардың әрқайсысын және өзара байланысын зерттеуді, осы элементтердің түгелдей жүйенің жай жағдайына және іс-қимылына көрсететін ықпалын анықтауды қажет етеді. Сөйтіп жүйелерді талдаудың көмегі арқылы күрделі зерттеу объектісі оқып білуге қажетті қол жетерлік қарапайым элементтерден құралған жиынтықтан тұратындығы көрсетіледі.

Жүйелі тәсілді және талдауды пайдаланудың сферасын кеңейту бағдарламалы - мақсатты басқаруды таратумен байланысты, ал оның мәні мақсатты айқын анықтаудан, қойылған мақсатқа кеңтайлы жетудің бағдарламасын жасаудан, оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды бөлуден және бағдарламаны орындау жұмысына басшылық ететін ұйымдарды қалыптастырудан тұрады.

Бағдарламалы мақсатты басқару түпкілікті мақсатты ашып, айқын қоюдан басталады. Мақсат әдеттігінше ойдағы тосатын ахуалды көрсетеді, бірақ басқару жүйесі белгілі бір уақыт кезеңінен кейін алдын-ала бекітіліп берілген ахуалдан және онымен осы тосатын ахуалды бірінен бірі алыстататын бірқатар проблемаларды шешкеннен кейін оған өтуі керек.

Сөйтіп, жалпыланған үлгісі (моделі) мақсатты қою стратегиясынан жасала бастайды. Ал оның біту кезеңі шешімнің балама варианттарын қарастырумен және шешімнің қорытынды вариантын таңдап алумен аяқталады. Осыдан кейін шешім қабылданады, бағдарламаны жасау кезеңі басталады. Бұл кезеңде стратегиялық мақсатқа жету өз алдына мақсаттың 2 түріне бөлінеді. Әрбір кезеңнің міндеті және оны шешудің басымдылықтары бөлініп көрсетіледі және оларды ресурстармен (материалдық, еңбек, қаржы) басқару ісі атқарылады. Бұл орайда әрбір кезеңдегі жұмыстың орындалуы негізгі нәтижемен, көлеммен және уақытпен айқын анықталады.

Бағдарламаны жасау стратегиясында өте маңызды болып табылатын басты мақсат бағытын сақтай отырып, аралықтағы кезеңдердің және шешімдердің сабақтастығы және тұрақтылығын өнімді өткізудің түпкілікті нәтижесін тигізетін олардың ықпалын ашып көрсету және талдау арқылы істі қамтамасыз ету.

Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерін байланыстыру үшін «ағаш мақсаттары» (дерево целей) жасалуы керек. Бұл термин 60 жылдары менеджмент бойынша жазылған әдебиеттерде пайдалана басталды.

«Ағаш мақсаттары» термині 2 ұғымнан тұрады: «ағаш» - бұл графтар теориясында айқын жазылған және «мақсаттар» - оны басқаруда нақты мағынасы бар. Бұл 2 ұғымды біріктіру арнайы түсінік беруді талап етпейді және өзімен өзінің түсінгеніндей әдетінше сезімділікпен ұғынылады.

Басқару функциялардың өзгеру заңдылығы басқарудың әртүрлі иерархиялық сатыларында белгілі бір функциялардың артқанын және келесі кейбіреулерінің азайғанын көрсетеді.

Басқару сатыларының санын оңтайлау заңдылығы басқарудың артық буындарын қысқартуды ұйғарды. Бұл оның дереулігін және икемділігін көтереді.

Басқару функцияларын шоғырландыру заңдылығы басқарудың әрбір сатысы функцияның көбірек шоғырланғанына ұмтылады. Яғни, басқару персоналдың сандарының өсуіне және өсіруіне бұл заңдылықты барлық елдерде байқалатын бюрократтық аппарат санының өсуі туралы деректерді көрнекті суреттейді.

Бақылаудың өрістелу заңдылығы бағынғандардың саны мен және олардың мүмкіншілігінше тиімді басқару іс-қызметін, іс-әрекетін басшы жағынан бақылау арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл басшының қол астында 7-10 бағынған адамдар болса да оңтайлы деп есептелінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымды басқару мектебі
Ғылыми менеджмент мектебі
Жалпы менеджмент туралы
Менеджменттің басқару мектептері
Менеджменттің мектептері
Арт - менеджмент тарихы
5в050700 «Менеджмент» мамандығы 1-курс студенттері үшін іс-тәжірибеден өту туралы есебі
Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері
Менеджмент, менеджмент проблемалары
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ОЙЛАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz