Ғылыми зертеу методологиясы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкірім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырап: Ғылыми зертеу методологиясы
Орындаған: магистрант Искаков Р. О.
Мамандық: Информатика М060200
Тексерген: фил. ғыл. канд. Жаркимбаева Д. Б.
Семей - 2013 ж.
Ғылыми зертеу методологиясы
- Жеке ғылым әдістер, пәндік әдістер, пәнаралық әдістер.
- Эмпирикалык зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, салыстыру, сипаттау, өлшеу.
- Теориялық таным әдістері: формализация, аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивті, абстракциялықтан нактылыққа көшу.
- Жалпылогикалық әдістер мен зерттеу тәсілдері: анализ және синтез, абстракциялау, жалпылау, идеалдау, индукция, аналогия (ұқсастық), модельдеу, системалық, жүйелілік-функционалды, мүмкіндік (вероятностно) -статистикалық.
- Герменевтика: түсіну, түсіндіру және зерделеу.
XX ғ. - ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз.
Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы (жүйесі) .
Ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық таным процесі болып табылады. Ол - теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады. Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан - жақты назар аударуында, зерттеуінде болды.
Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой - пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты.
Жаңа методологиялық әдіс XVII ғасырда - Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде классикалық жаратылыстану дүниеге келді.
Ғылым - білімі, қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед, т. б. ), космологиялық модельдер (Аристарх Самосский, Птоломей т. б. ) жасап, физика, биология т. б. болашақ ғылымдар үшін құнды - құнды идеяларды тұжырымдады.
Ғылыми танымның құрылысыла келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіндік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмайды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:
а) дәл анықталған фактілер;
ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар;
б) шындық дүниенің бірқатар құбылыстарын түсіндіруші заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар;
в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы) ; мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі.
Ғылымның сенімді негізі - әрине анықталған фактілер.
Егер факті дұрыс анықталған болса, онда ол сөзсіз ақиқат болғаны.
Бұл ғылымның эмпириктік, яғни тәжірибелік негізі.
Ғылыми зерттеу мұнымен аяқталмайды. Бұл ғылыми танымның тек бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады. Ғылыми танымның бұл эмпирикалық деңгейінен кейін келетін теориялық деңгей.
Ғылымның мақсаты - заңдылықтарды ашу. Ал заң, заңдылық дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсыбір құбылыстар тобына, класына қатысты жалпылық.
Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақшаласақ, "көңіл аудармау" дегенді білдіреді.
Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру - толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.
Теория - ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Генетикалык, жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар программалар мен парадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма -дегеніміз - нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді ұйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бұл базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.
Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар тудырады. Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу - ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады.
Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмұндық және формальдық жақтарын да ескеру қажет.
Мазмүны жағынан теория - ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тужырымдамалардан тұрады. Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бұл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.
Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық тұрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып тұратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.
Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:
1) Семиотикалық негіздер - теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы компьютерлік бағдарламалардың тілдері) қолдану қолайлырақ
болады.
2) Методологиялық негіздер - сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.
3) Логикалық негіздер - бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.
Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.
Прототеориялық логикалар - бұлар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін - барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.
Философиялық негіз - теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Философиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс.
Ғылыми теориялардың мәні және пайда болуы туралы зерттеген кезде оларды классификациялауға да мән берілуі тиіс. Ғылым зерттеушілер әдетте ғылыми теорияларды үш түрге бөледі.
Бірінші түрге жататындар - сипаттамалық (эмпирикалық) теориялар жатады. Мысалы: Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы, И. Павловтың физиологиялық теориясы тағы басқа. Көптеген тәжірибелік (эмпирикалық) мәліметтердің негізінде бұл теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.
Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бүл түріне теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп жағдайда бұл теориялар аксиомалар түрінде беріледі.
Үшінші түрге жататындар - дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі.
Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бұл теориялардың негізгі мазмұны ең басында беріледі де, ал бұдан шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.
Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмұны мен ерекшеліктері - олардың пайда болуы - ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Түсінік дегеніміз - заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы.
Оларды эмпирикалық және теориялық түсініктер деп бөлуге болады. Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ. Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы құбылыстар мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теориялық түсініктер де объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байланысты, бірақ олардың негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері алынады.
Мысалы, «температура» деген түсінікке біз эмпирикалық және теориялық тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде буған сынап бағанының биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теориялық деңгейге келетін болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін бір жағдай: кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер мен қатынастарды пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да жеткілікті.
Ғылымның мақсаты - әр түрлі заттар мен құбылыстардың қайталанып отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды анықтау.
Ал бұл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады. Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.
Әдістеме дегеніміз - қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы. Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р. Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.
Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі. Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель. Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден тұрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпирикалық әдістемелер болып бөлінеді.
Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мыналарды жатқызуға болады: 1) формальды - зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме - бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.
Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау - объективті жағдайдың қубылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау - объектілер туралы мәліметтерді тіл қуралдары арқылы жеткізу; өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері мен жақтары бойынша салыстыру; эксперимент (тәжірибе) - құбылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларға зерттеулер жүргізу.
Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:
1) анализ - тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктерге бөлу;
2) синтез - заттың бурыннан жіктелген жеке қүрамдас бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіру;
3) абстракциялау - зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;
4) қорытындылау - нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;
5) индукция - жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;
6) дедукция - жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;
7) аналогия - объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;
8) жобалау - объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;
9) классификациялау - барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.
Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын орташа мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz