Импорттағы өнім сапасын көтерудегі аккредиттеудің рөлі. Аккредиттеу облысындағы халықаралық тәжірибе


Кіріспе

Сынау және калибрлеу зертханаларын танымал ету мәселесі бүгінгі таңда халықаралық саудадағы ең негізгі техникалық тосқауылдардың бірі болып табылады. Сондықтан Корпорация зертханаларды халықаралық аккредиттеуге дайындау үшін өз қызметіне зертханалар қызметінің аспектілерін қосып отыр.

Кәсіпорындар аналогиясы бойынша, KAZNEX экспортты дамыту және алға бастыру Корпорациясы қызметін зертханалардың мұқтаждықтарын бағалаудан, басқа сөзбен айтқанда, халықаралық аккредиттеуге шығуға дайындалудан бастады және Корпорация осы мақсатты орындауға көмек көрсетеді. Зертханалармен жүргізілген жұмыс қазақстандық зертханалардың дайындалу дәрежесі жөнінен әр түрлі екенін көрсетіп отыр: дамығандары да бар ( сарапшылардың көркем бейнелеуімен айтқанда оларға «кіре салысымен мөр қоюға болады»), орташа дайындықтағылары да бар, сондай-ақ өте әлсіздері де бар.

Көптеген жағдайда, қазақстандық зертханалар мамандарының техникалық біліктілігі жоғары болса да, шетелдік аккредиттелген және танымал зертханалардың мамандарының деңгейі айтарлықтай жоғары болып отыр. Негізгі қиындықтарға білімнің төмендігі мен зертханалардың халықаралық тәжірибесін түсінбеу жатады. Көптеген зертханалардың қызметкерлері шетелдік аккредиттеу жүйесінің стандарттарын түсінбейді, олар халықаралық ұйымдардың қызметі туралы, әлемдегі зертханалар қауымдастығының уақиғалары туралы хабардар емес.

Мұндай жағдай, Қазақстандағы зертханалар аккредиттеудің ұлттық жүйесінің жаңадан қалыптасып келе жатқандығына байланысты болып отыр. Аккредиттеу жүйесін нақты реформалау мен техникалық тұрғыдан реттеудің, жалпы әлемдік жүйелермен үйлестіру мақсатында Қазақстанда соңғы жылдары ғана қолға алынып отырғанын ұмытпау керек. Алайда нақты жұмыс жасап отырған трансшекаралық тосқауылдарды жеңудің халықаралық келісім жүйесінің өзі де соңғы он жылдықта ғана дами бастады (ILAC келісімі 2001 жылдың қаңтар айында күшіне енді) .

Сондықтан Корпорация өз міндетін, ең алдымен, аккредиттеу саласы бойынша халықаралық жүйелердің қағидаларына мүдделі кең шеңбер аясында білім мен ақпараттануды арттыруға көмектесу деп біледі. Бұл жағдайда, KAZNEX зертханалар қызметінің үйлестірілген жүйелерін құруға мемлекет көрсетіп отырған қамқорлыққа қосымша көмек көрсетуге тырысады.

Осы жариялым қызығушылық білдірген оқырмандарды негізгі ұғыммен, халықаралық ұйымдармен және олардың ерекшеліктерімен, сондай- ақ тәжірибеге қарағанда одан артық мысалдармен таныстыруды мақсат етеді. Сондай-ақ жиі қойылатын кейбір сұрақтарға жауаптар енгізілген. Материал, зертханалармен жекеше жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, әр түрлі ақпарат көздерінен дайындалды.

Мысалға, қазақстандық зертханалар кәсіптік біліктілікті тексеретін халықаралық схемалар немесе зертханааралық өлшеу бағдарламалары (РТ-бағдаламалары) туралы аз біледі және іс жүзінде оған қатыспайды. Бүгінде бұл схемалар зертханалар біліктілігін растайтын құрал ретінде өте кең ұғымға ие болуда. Сондықтан жариялымға зертхананың кәсіптік біліктілігінің халықаралық бағдарламалары туралы тарау енгізілген, сондай-ақ мысал ретінде осындай схемаларды қолдану жөніндегі Австралияның NATA ұлттық аккредитация органының негізгі жетекші ережелері келтірілген.

Бұл «Зертханаларға көмек» сериясын ашқан Корпорацияның бірінші жариялымы. Бұдан былай, біз әрбір осындай жариялымды зертханалар алдында бүгінде өткір тұрған мәселелерге арнауды жоспарлауда-мыз. Сондықтан қызығушылық білдірген оқырмандарды өз пікірлерін, түсінік, ұсыныстарын жіберулеріне шақырамыз.

Экспортты дамыту және алға бастыру жөніндегі KAZNEX корпорациясы 2008 жылдың ақпан айында құрылды және «Самрұқ-Қазына» ұлттық ауқатты Қорының құрамына кіреді. Kорпорация экспортты потенциалды дамыту саласын өңдеуші кәсіпорындарға көмек көрсететін даму институттарының бірі болып табылады.

KAZNEX миссиясы - экспортты потенциалды дамыту процесіне қызығушылық танытқан әр түрлі тараптар аралығында ұйымдастырушы, үйлестіруші және байланыстырушы роль атқара отырып, экспортты ынталандыру мен қолдауда институтық жүйені құруда қозғалтушы күш болу.

Корпорация өз қызметін өңделген өнімді айқындаудан бастады, Қазақстан оны және оны өндірушілерді ішкі әлемге, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындардың экспорттық потенциалын дамытуға кедергі келтіретін проблемалардың алдын алуды ұсына алады.

Аккредиттеу ұғымы

Аккредиттеу - бұл ұйымның белгілі бір салада жүзеге асыру біліктілігін формалды түрде мойындау (аккредиттеу саласында) .

Аккредиттеу органы - бұл қызметкер мен қызметін мұқият бағалау негізінде, құжат түрінде берілетін, біліктілігін мойындауды жүзеге асыратын ұйым.

Бағалау сәйкестігі жағынан аккредиттеу зертханаларға, тексеру органдары мен сертификация органдарына қолданылады. Зертханалар қызметін пайдаланушылар аккредиттеу туралы көбірек мәлімет береді және аккредиттеу құнын жеткілікті түсіне біледі. Сертификация органдарын аккредиттеу - жақында ғана іске асқан құбылыс, сондықтан сертификацияға сұраным айтарлықтай көп болса да, аса жоғары бағаланбайды. Сондай-ақ тексеру органдарын аккредиттеу де жаңадан енгізілген, бірақ мұндай аккредиттеудің маңыздылығы артуда, өйткені көптеген елдерде мемлекеттік тексеру органдары қысқартылуда және олардың қызметін көбінесе жеке секторлар атқаруда.

Көптеген елдерде ұлттық зертханалардың аккредиттелуіне жауап беретін бір немесе бірнеше ұйымдар бар. Қазіргі кезде аккредиттеу органдарының көпшілігі өз елдерінің өлшеу және калибрлік зертханаларын аккредиттеу үшін негізге ИСО/МЭК 170251 халықаралық стандартын қабылдады.

Бұл халықаралық стандартты қолдану елдердің зертханалар біліктілігін анықтауда бірыңғай тәсілді қабылдауға көмектесті. Бұл бірыңғай тәсіл ұқсас жүйедегі елдердің өзара бағалау және бір-бірімен аккредиттеу жүйесін мойындауға негізделген келісімдер жасауға мүмкіндік береді.

Көбінесе өзара мойындау туралы келісім деп аталатын мұндай халықаралық келісімдер мемлекеттер арасында өлшеу нәтижесін қабылдау ісінде өте маңызды рөль атқарады. Негізінен мұндай келісімнің әрбір мүшесі, егер де оның мүшелері басқа елдердің зертханаларын аккредиттесе, келісімнің басқа мүшелерінің аккредиттелінген зертханаларын мойындайды.

Халықаралық аккредиттеу - бұл біліктілікті, тиісінше, халықаралық мойындау. Аккредиттеу - бұл стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (International Organization for Standardization ИСО) және Халықаралық Электротехникалық Комиссия (International Electrotechnical Commission) жариялаған ережелер мен халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттеу органымен қарапайым түрде бекіту деген пікір өте кең таралып кеткен. Алайда, мұндай бекітуді кең мағынасында алып қарасақ, дұрыс емес деуге болмайды, басқа стандарттар қолданылатын көптеген жағдайлар мен елдерде мұндай тәсіл бір жақты болуы мүмкін.

Халықаралық мойындауға қол жеткізу механизмі зертханалар мен тексеру органдарын аккредиттеуді өзара мойындау туралы Келісімдер желісімен (Mutual Recognition Arrangement, MRA) немесе сертификация жөніндегі органдарды мойындау туралы Көпжақты келісіммен (Multilateral Arrangement) жүзеге асырылады. Осы келісімдерге қол қойған елдер мен ұйымдар халықаралық ұйымдар құрды, қазіргі кезде олар тәжірибені үйлестіру және халықаралық аккредиттеу талаптары мәселесімен айналысады.

Алайда, мұндай терминнің шарттылығын атап өту керек, өйткені қандай органды немесе елді «халықаралық» деп санауды мойындайтын қатаң жазылған анықтама жоқ. Осы сияқты қандай стандартты халықаралық деп саналатын айқын бөлімше жоқ. Стандарттау жөніндегі Халықаралық Ұйым (International Organization for Standardization), ИСО немесе Халықаралық Электртехникалық Комиссия (International Electrotechnical Commission), жариялаған стандарттар халықаралық делік. Бірақ басқа елдерде кеңінен қолданылатын басқа халықаралық ұйымдар немесе белгілі бір елдің стандарттарын халықаралық стандарттар деп санауға бола ма деген сұраққа әлі жауап жоқ және стандарт немесе мойындаудың «халықаралық» дәрежесі түсінігіне айтарлықтай белгісіздік енгізеді.

Зертхананы аккредиттеуге қатысты ILAC Келісіміне (ол туралы төменде сөз болады) толыққұқықты мүшелікті мойындауды білдіреді деп санау қабылданған, ол Келісімнің қырықтан аса мүше елдеріне таралған, сөйтіп мойындаудың халықаралық масштабын қамтамасыз етеді.

АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТТАРЫ

1. Сараптаманы жүзеге асыруға және лицензиялау субъектісінің (лицензиаттың/өтініш берушінің) біліктілік талаптарының сәйкестігін мәлімдеген аккредитация саласы бойынша № 16 2004 жылдың қарашасында берілген «Жер қойнауын пайдалану саласында (жарылу - қаупі бар және тау - кен өнеркәсібі өндірістерін пайдалану, минералдық шикізатты өндіру, мұнай және газға арналған бұрғылау жұмыстары), энергетика саласында (жылу және электр энергиясын өндіру, тасымалдау және бөлу, электр энергиясын сату мақсатында сатып алу), газбен жабдықтау, құрал - жабдықтарды монтаждау және жөндеу саласында (химиялық, бұрғылау, геологиялық барлау, тау-кен, мұнай-газ кәсіпшілігі, энергетикалық және электротехникалық) тәуелсіз сарапшының арнайы аккредиттеу куәлігі.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі саласында өнімдерді сынақтан өткізу құқығымен акредиттелген. Аккредиттеу аттестаты № КZ. О. 00. 0138

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі аккредиттеу саласына сәйкес өнімдердің және қызмет көрсетудің сәйкестігін растау, Аккредиттеу аттестаты № КZ. О. 00. 0139

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі саласында денсаулық сақтау және қызметкерлер құрамының қауіпсіздігі менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі жұмыстар жүргізу. Аккредиттеу аттестаты № КZ. О. 00. 0140

5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі саласында сапа менеджменті жүйесіне сәйкестікті растау. Аккредиттеу аттестаты № КZ. О. 00. 0141

6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі саласында қоршаған ортаны басқару жүйесін сертификаттау жөніндегі жұмыстар жүргізу. Аккредиттеу аттестаты № КZ. О. 00. 0142

7. Қазақстан Республикасы ТЖМ өндірістік қауіпсіздікті және төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау комитеті берген өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды атқару. Аттестаты № 0034

Аккредиттеу саласы

1. Өнімдерді және қызмет көрсетудің сәйкестігін растау:

1. 1 Мұнайгазөндірісі жабдықтары:

1. 2 Тау - кен жабдықтары:

1. 3 Машинажасау өнімдері:

- біршөмішті экскаваторлар, бульдозерлер, қырғыштар, карьерлік өздігінен төккіш машиналар, тиеуіш машиналар, шахталық тиеуіш-транспортты машиналар, СП типті өздігінен жүретін сөрелер;

- болатты канаттар,

- Көпірлі, мосылы, мұнаралы және консольды электрлі крандар, автокрандар, өзі жүретін жебелі крандар, автомобильді көтергіштер, кран-құбырсалғыштар, сөрелі және көпірлі кран-қаттаушы;

- электрлі тальдар, қолды тальдар, құрлыстық мачталы жүк көтергіштер, электрлі жүк көтергіштер, жалпыға арналған автокөтергіштер, электрлі желілі көтергіштер;

- мұнаралар;

- қысқыштар;

- қысымменен істейтін ыдыстар, (жылуалмастырғыштар) (су, бу, газ, жану және улы заттар) ;

- бу жіне су қазандары, жылыту қазандықтары, бу немесе буға айналдырғыш қазандар, буқыздырғышты қазандар, газтурбиналық құрылғылар, целлюлозды-қағаз өндірісінің машиналары;

- жылжымалы ғимараттар ;

- бекітпе бұйымдары (бұрандама, бұрамалар, бұрамасұқпалар, сомындар, сіргелер, тығырықтар, бұрамашегелер) ;

- қара металлдан жасалған бұйымдар;

- жүк және адам лифттері;

- тамақ қондырғылары;

- сұйыққоймалар, шандар, бактар, ыдыстар, контейнерлер, қара металлдан жасалған осы типтес бұйымдар, мұнай өнімдері үшін бұйымдар;

- тракторлар;

- әмбебап энергоқұралдар, мотоблоктар, гидробалғалар, механикаландырылған бетон араластырғыш құрылғылар, құрылыс материалдарына арналған циклді араластырғыштар, асфальтараластырғыш құрылғылар, асфальт төсегіштер, , автогудронтасығыштар, автоқырғыштар, өздігімен жүретін вибрациалық жол тығыздағыштары;

- жылытқыш аппаратуралары (тамақ жылытатын және дайындайтын тұрмыстық газ пештері, сужылытқыш аппаратуралары, жандырғыш құрылғылар, тұрмыстық аппараттар, сұйық отынды және қатты отынды тұрмыстық аппараттар;

- жылыту аппаратуралары: шойын радиаторлары, болат радиаторлары, беткей немесе орама болаттан әзірленген, алюминийден құйылған радиаторлар, сығылған пішіннен жасалған алюминий радиаторлары, құбырлы радиаторлар, жылу таратқыштар;

- ыдыстар;

- құбырлар,

- илектер;

- арматуралауға арналған болаттар, арматуралық болат, цинктелген жұқа беттік болат, кәдімгі сапалы көміртекті болат;

- мыс және қоспалар;

- алюминий және қоспалар;

- қола;

- қалайы;

- феррокрытпалар;

- теміржол өнімі;

- темір құрылғылардың пісірілім жіктері;

- автоколіктер, арнайы автокөліктер.

- қайта өңдеудегі металлдар, қайта өңдеудегі қара металлдар, түсті металлдар мен қоспалардың қалдықтары;

1. 4 Электронды және электротұрмыстық техникалар, электротехниклық өндіріске арналған өнім.

1. 5 Құрылыс материалдары және конструкциялары.

1. 6 Ағашөңдеу тауарлары.

1. 7 Мұнай өнімдері.

1. 8 Шикізат.

1. 9 Химиялық реагенттер мен заттар.

1. 10 Аккумуляторлар және аккумулятор батареялары.

1. 11 Кальций, қалайы және қорғасынды баббиттері.

1. 12 Өндірістік жарылғыш заттар, түтінді оқ дәрі, дүмпіткіштер.

1. 13 Парфюмер-косметикалық өнім.

1. 1. 4 Арматураланбаған тоқыма қаңқалы резеңкелі сықпа-сорғышты қолтықтама, арматураланған резеңкелі қолтықтама.

1. 15 Электродтар және пісірме материалдары.

1. 16 Тоқыма негіздегі жалпыға арналған жүк шалмалары.

1. 17 Анодты теміркремнийлі жерқосқыштары.

1. 18 Ұйымдардың территориясындағы өндірістік жайлар (жұмыс орындары) .

1. 19 Техникалық қызмет көрсету және көлікті жөндеу кызметі.

1. 20 Жанармай станцияларының және мұнай базаларының қызметтері.

2. Менеджмент жүйелерін сертификаттау

2. 1 ИСО 9001 сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау

2. 2 ИСО 14001 экологиялық менеджмент жүйелерін сертификаттау

2. 3 OHSAS 18001 кәсіби қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджмент жүйелерін сертификаттау

Халықаралық аккредиттеу ұйымдары

Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі органдар үшін зертханаларды аккредиттеу жөніндегі Халықаралық ынтымақтастық (International Laboratory Accreditation Cooperation, ILAC) - халықаралық масштабтағы ең беделді құрылым. ILAC алғашында 1977 жылы аккредиттік нәтижелерді сынау мен калибрлеуді мойындау арқылы сауданы жеңілдету үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында формалсыз конференция ретінде құрылды. 1996 жылы ILAC өз жарғысы бар формалды ұйым болды, оның басты мақсаты аккредиттеу органдары арасында өзара мойындаушылық туралы келісімдер желісін құру болып табылады.

ILAC (ILAC Arrangement) Басты Келісімі халықаралық сауданың техникалық негізін трансшектес жеткізу арқылы халықаралық сауда қатысушыларының сенімділігін және осы аккредиттік зертханаларды қабылдауына мүмкіндік береді. ILAC Келісіміне дейін әлемде зертханаларды аккредиттеуді өзара мойындау туралы келісімдер болған жоқ. Мұндай жағдай саудаға кедергі келтірді, әсіресе, импортталатын елдерге кіргеннен кейін, өнімді қайталай сынау немесе рекалибрлеуде.

Қазіргі уақытта әрекеттегі ILAC Келісімі (ILAC Arrangement), 2000 ж. қараша айында ILAC толыққұқықты мүшелері болып табылатын, 28 елді білдіретін, зертханаларды аккредиттеу жөніндегі 36 органмен жасал-ды. Келісімнің мәні мынада, онда елдер экспортталатын тауарлар үшін сынау мен калибрлеудің техникалық деректерін қабылдау туралы келісті. Бұл келісімнің ең маңызды мақсаты осы келісімге қол қойған, жетілдірілген белгіге сәйкес бағаланған және аккредиттеудің білікті органы болып табылатын аккредитивті сынау мен калибрлік зертханалардың глобальды желісін дамыту болып табылады. Өз кезегінде, келісімге қол қойған ак-кердиттеу органдары бағалаудан өтті және біліктілігі ILAC белгілеріне сай екендігін көрсетті.

Келісім 2001 жылдың 31 қаңтарында күшіне енді және зертхананы аккредиттеу жөнінде кез келген ел немесе орган үшін ашық. Бүгінгі күні ILAC келісімінің толыққұқықты мүшелері әлемнің 48 елінің аккредиттеу органдары болып табылады (1 Қосымшаны қараңыз) . ILAC - бұл үкіметтің немесе елдің емес, аккредиттеу органдарының халықаралық ынтымақтастығы, сондықтан бір елдің бірнеше ұйымдары оның мүшелері бола алады. ILAC-қа мүшелік категория ретіне қарай ұсынылады. Толыққұқықты мүшелер - ILAC басты келісіміне қол қойған, ИСО/МЭК 17011 стандарт талаптарына сай жұмыс істейтін және ILAC талаптары мен процедураларын орындайтын зертханаларды аккредиттеу жөніндегі органдар. Қауымдастырылған мүшелер - бұл жақын арада ұйымдастырылған немесе даму жолындағы органдар.

ILAC қатысатын жүйелер арасында сенімділіктің принципті элементтерін жасау төменде келтірілген. Бұл элементтер талаптарға сай қамтамасыз ету, ILAC Бас Ассамблеясы мен ILAC комитеттері мүшелерінің техникалық біліктілігіне өзара сенімділікті тудыру мен қолдау үшін жасалды. Бұл элементтерге мыналар жатады:

  • ILAC мүшелерінің аккредиттеу жүйесін дамыту мен жұмыс істеуі туралы ақпаратпен алмасуы;
  • ILAC Бас Ассамблеясы мен ILAC комитеттерінің жұмысына және шешім қабылдауына қатысуы;
  • Зертханааралық салыстырмалы өлшем халықаралық бағдарламасы мен кәсіптік біліктілігін тексеру бағдарламасына қатысу;
  • Әр түрлі техникалық салада сынау мен калибрлеуге байланысты проблемаларды талқылау үшін өткізілетін экспертті топтар мен ILAC мақсатты командалар жұмысына қатысуы;
  • Жаңадан кіргендерді бағалау және осы келісімнің мүшелерін үнемі бағалау ILAC пен ынтымақтастықтың аймақтық ұйымдарының құжаттарына сәйкес жүргізіледі;
  • Жаңадан кірген органдар мен келісімге қол қойған органдар жүзеге асыратын бағалауды бақылау олардың зертханаларын анықтау үшін, бұл зертханалар ИСО/МЭК 17025 немесе ИСО 15189 (медициналық сынау зертханалары үшін) ағымдағы болжамдар талаптарын орындай ма, жоқ па;
  • Келісімге қол қойған елдердің метрология институттарына сенімділік, оларға аккредитивті зертханаларды бақылау талабы мен салыстырмалы өлшем бойынша салмақ пен өлшем Халықаралық Бюросының (International Bureau of Weights and Measures, BIPM) және/немесе метрология жөніндегі аймақтық ұйымдардың қызметін қолдау ұсынылады.

ILAC келісімінің жұмыс істеу принципі

ILAC Келісімі аккредиттеудің осы саласында мамандар жүргізетін әрбір органның қарқынды бағасының нәтижелеріне және ILAC басылымдарының серияларында суреттелген ережелер мен процедураларға сәйкес негізделеді.

Келісімнің толыққұқықты мүшесі болып табылатын аккредиттеудің әрбір органы Келісім шарттарын сақтауға және баға жөнінде ILAС процедураларына сүйеніп, мына аталғандарды орындауға өзіне міндеттеме алады:

• ИСО/МЭК 17011 стандартының ағымдағы болжамдарына сәйкестікті, ILAC орынды басшылық құжаттарын қолдау, сондай-ақ бірнеше толықтырушы және маңызды талаптарды орындауға, және

• Барлық аккредитивті зертханалар қызметі ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандартқа немесе ИСО 15189 (медициналық сынау зертханалары үшін) және осы саладағы ILAC саясаты мен жетекшілігінің құжаттарының сәйкестігін қамтамасыз етуге.

ILAC Келісімі бүкіл әлемде келісілген әрекеттегі немесе өңделген аймақтық келісімдерге құралған. Осы аймақтық келісімдерге қатысушы органдар ILAC Келісімінің толыққұқықты мүшелері болып табылатын

аталған аймақтың аккредиттеу органдарында қажетті сенімділікті қолдауға жауапкершілік алады. Әрбір аймақтық ынтымақтастықтың танылған Органы ILAC құжаттарында белгіленген талаптардың процедураларын сақтаулары тиіс. Бүгінгі күні аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ынтымақтастық (European cooperation for Accreditation, EA), зертханаларды аккредиттеу жөніндегі Азиаттық-тынықмұхиттық Ынтымақтастық (Asia Pacifi c Laboratory Accreditation Cooperation, APLAC) аккредиттеу жөніндегі Интер-Америкалық Ынтымақтастық (Inter-American Accreditation Cooperation, IAAC) ILAC мойындаған өзара мойындау мен баға процедуралары туралы қабылдауға болатын келісімдермен аймақтарда жұмыс істейтіндер болып табылады. Аккредиттеуді дамыту жөніндегі оңтүстік-африкалық бірлестік (Southern African Development Community in Accreditation, SADCA) қазіргі уақытта ILAC -қа танылу мен бекітуге өтініш берместен бұрын, келісім жөнінде өзара мойындау туралы бағалау процестерін жасауда. Әлемнің басқа бөлігіндегі даму жолындағы аймақтар тек жаңадан пайда болу кезеңінде, сондай аймақтың бірі - жақында ILAC-қа қосылған метрология, аккредиттеу және сапа жөніндегі Орталық-азиялық ынтымақтастық (Central Asian Cooperation on Metrology Accreditation and Quality, CAC-MAS-Q) . Танылған аймақпен байланыспайтын аккредиттеу органдары бағалану мен танылуы үшін тікелей ILAC-қа өтініш берулеріне болады.

Аккредитивті бағалау органы оның толыққұқықты мүше болу квалификациясын анықтауға аккредитивті тәжірибелі органдары жоғары басшылығының құрамынан бағалаушылар тобы кіреді. Өтініш берген аккредитивті орган қызметінің ИСО/МЭК 170113 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау үшін, бағалауда оның бас офисте жұмыс істеген уақытын кіргізеді. Сонымен қатар, бағалаушылар зертхана қызметін нақты бағалау/қайталап бағалау кезінде ИСО/МЭК 17025 немесе ИСО 15189 (медициналық сынау зертханалары үшін) талаптарына сәйкестігін бұл органның аудитор-бағалаушылары қызметін тәжірибе арқылы тексерулері тиіс, сондай-ақ өтініш беруші - органды зерттеу оның біліктілігін анықтау үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізу.

ILAC келісімінің құндылығы мен маңыздылығын қолдау үшін, оның мүшелері аккредитивті органның статусы немесе қызметіндегі айтарлықтай өзгерістер туралы бір-бірін құлақдар етуге келісті. Айтарлықтай өзгерістерге атын өзгерту, құқықтық немесе корпоративті статусын өзгерту; басқа аккредитивті органдармен жаңадан талқыланатын келісімдер немесе кез келген мұндай келісімді қайтадан қарау, тоқтата тұру немесе тоқтату; ең

басты қызметкердің немесе ұйымдық құрылымның өзгеруі; немесе орган қызметіндегі айтарлықтай өзгерістер жатады. ILAC Келісімінің әрбір толыққұқықты мүшесі сондай-ақ аккредитивті органдар арасында тұрақты келісілген қатынас каналын қамтамасыз ету үшін байланыс жөніндегі қызметкерді тағайындауы тиіс.

ILAC - бұл аккредиттеу органдарының халықаралық ынтымақтастығы, зертханаға арналған аккредитті орган емес. ILAC толыққұқықты мүшелері, сондай-ақ қауымдастықтағы және байланыстағы мүшелері, әдетте, зертханаларды өз елдерінде аккредиттейді, алайда қажетті жағдайда басқа елдердің зертханаларын (тексеру органдарын, сертификация жөніндегі органдарды) аккредиттей алады.

Аккредитті зертханада сыналған өнім халықаралық

ынтымақтастықпен автоматты түрде қабылданылуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік бақылау зертханалары
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Өңірлік келісімдерге қатысатын аккредиттеу жөніндегі органдар
Сертификат беру
Еңбекақы формалары мен жүйелері
Аккредиттеу тәртібі
ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ағымдағы жылдың алты айында
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz