Өнімдегі бәсекелестік. Бәсекенің пайда болу шарттары.


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Бәсекенің пайда болу шарттары

Өнімдегі бәсекелестік

Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит - бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке - нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсеке латын сөзі «бірге жүгіру» деген мағына. Оны халық адамдар растырған. Бәсекенің бір түрі зерттеу және сегменттеу бәсеке- нарықты шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықты құрылым тән. Салаға ену және шыру шектелмеген. Әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.
Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңны және табиғи тосқауылдар әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза монополия, не монополистік бәсеке, не олигополия пайда болады.
Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныс ауытқымасы нарықты сұраныстың ауытқымасы болып табылады да, теріс еңкіш сызықты болады. Сондықтан фирмалар тауардың өндірілуін бақылай отырып (монополистік бәсеке үшін бақылау толық емес), бағаға ықпал ете алады. Монополия жағдайында (бағалың кемсі-тушілікке бармайтын) тауардың қосымша бірлігін сатудан алатын шекті кіріс (MR) оның бағасынан төмен.
Фирманың табысы максималды болған жағдайда өндіру келемі MR = МС ережесімен анықталады. Кестеде бұл шекті шығын ауытқымасы мен шекті табыс ауытқымы-ының қиылысу орны болып табылады. Бекітілген баға максималды табыс беретін сұраныс ауытқымасының биіктігімен анықталады. Мұндай баға шекті шығындардан әр-дайым жоғары.

Бәсеке түрлері: ішкі салалық-бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес;
салааралық-түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес.
Бәсекенің формалары:
1. Кәміл бәсеке-еркін бәсеке нарығы.
2. Жетілдірілмеген бәсеке. Ол өзі 3 түрге бөлінеді:
- монополия-тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.
- олигополия-ірі фирмалар билейтін нарық.
- монополистік бәсеке-біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.
Табиғи монополия - бұл екі немесе бұдан да көп фирмалардан гөрі, нарықты шығыны аз қандай да бір тауар, не қызметпен қамтамасыз ететін жалғыз ғана фирмадан пайда болған монополия.
Жасанды монополия - сөз байласу немесе бәсекелесті басып тастау арқылы құрылған монополия.
Кездейсоқ монополия - өз тұтынушылары үшін уақытша сұранысты ұсыныстан асырып түсіру нәтижесінде пай¬да болады, бұл капиталдың (қаржының) тиімді жұмсалун қамтамасыз етеді.
Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері - өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.
Монополияға қарсы заңдылықтар-бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.
Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.
Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:
1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.
2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.
3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап еңгізу;
4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.
5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.
6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы т. б. д

Бәсекенің пайда болу шарттары

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.

Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.

Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан - 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.

Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “ . . . рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес . . . ”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.

Бәсеке дегенiмiз, бiр жағынан, iс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшiн жүрiп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргiзудiң қолайлы жағдайына ие болу үшiн, пайданы көп табу үшiн тауар өндiрушiлердiң бiр-бiрiмен күресi. Екiншi жақтан, ол рынок субъектiлерiнiң өнiмдi өндiру мен оны өткiзудегi және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.

Бәсекенi экономикалық процесс ретiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң белгiлi әрекеттерiнiң жиынтығының түрi деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрiнде жинақталады. Осыған бiрте-бiрте жүрiп отыратын төменде аталған ұдайы өндiрiстiк процестер жатады:

  • өндiрiс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерiн қалыптастыру;
  • өндiрiстi ұйымдастыру, оны шикiзатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндiрiстiк, несие-қаржылық және жобалау мекемелерiнiң бiр-бiрiне әсер етуi;
  • бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары өнiм өндiру;
  • өнiмдi сату. Бұл үшiн оның саны анықталады, өткiзiлетiн орны мен уақыты белгiленедi;
  • пайда есебiнен инвестициялық қор жасау және оны өндiрiстi кеңейту үшiн пайдалану.

Өнiмнiң өмiр сүру циклi бәсекелiк күрес дәрежесiне елеулi әсер етедi. Өнiмнiң өмiр сүру циклiне оның шығарыла бастауынан тоқтағанша жүрiп отыратын мерзiмi жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

  1. жаңа өнiмдi игерiп, өндiрiске енгiзiп орналастыру. Бұл арада сату көлемi көп емес, шығарылған өнiмнiң бағасы жоғары болады;
  2. өндiрiстiң өсуi- өндiрiстiң масштабы өседi, сұраныс өседi, жоғары баға сақталады;
  3. кемелдену. Өндiрiс көлемi ең жоғары дәрежеге жетедi, сұраныс толық қанағаттанады, өндiрiс қарқыны бәсеңдейдi, бәсеке шиеленiседi және бағалар төмендей бастайды;
  4. ескiру. Бұл фазада сұраныс төменгi шегiне жетедi, өндiру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнiмнiң басым көбiнiң өндiрiлуi тоқталады, жаңа өнiм өндiру басталады.

Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп атауға болады:

  • тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
  • бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
  • бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
  • тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
  • бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
  • келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.

Қазiргi заманда “жетiлген бәсеке” концепциясы болып, өндiрiстiң экономикалық теориясы жарыққа келдi. Мұның үлгiсiндегi рыноктың екi типi аталады:

  • жеке тұтынуға пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер рыногы;
  • өндiрiс факторларының рыногы.

Осы рыноктардың өзара байланысы техникалық заң түрiнде тұжырымдалған, экономистер оны “өндiрiс функциясы” деп атайды.

Бәсекенiң экономикалық табиғаты мен қағидалары

Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “ . . . рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес . . . ”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.

Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни, әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.

Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.

Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.

Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан - 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.

Бәсекенiң экономикадағы орнын оның негiзгi қағидалары арқылы да анықтауға болады.

Бәсекенiң негiзгi қағидалары :

  • рынокқа қатысушылар санының шектелмеушiлiгi, рынокқа кiрудiң және одан шығудың абсалюттi еркiн болуы. Бұл қағида кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiн, олардың өндiрiстiң бiр түрiнен екiншi түрiне өтуiн, тұтынушылардң еркiн талғамын, әрбiр тұтынушы өзiнiң қажеттiлiгiн ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуiн талап етедi;
  • материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдiлiгi. Капитадың еркiн айналысы өнеркәсiптiң тиiмдi салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерiн ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиiмдiрек қолдануға мүмкiндiк беру;
  • сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерiсiн, пайда деңгейiн дер кезiнде қадағалап отыруы керек;
  • өнiмдердiң бiртектiлiгi, сапасының, қасиеттерiнiң ұқсас болып келуi. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзiнiң бәсекелестерiн жену үшiн монополиялық рынокта қолданылады;
  • рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер теу мүмкiншiлiгiнiң болмауы, бағаның рынок арқылы берiлген деңгейi қатысушының белгiленген бағасымен сәйкес келiп отыруы мiндеттi шарт емес.

Бәсеке өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң заңдылықтарын дамытып, өнеркәсiптi мамандандыруға. Салалардың салаiшiлiк, өнеркәсiп орындарының санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.

Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға ынталы болады.

Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.

Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.

Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:

  • бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
  • көп аспектiлiк, әр түрлi рынок құрылымы мен механизмдерiне бейiмдi болу;
  • рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
  • рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;

Бәсекенiң толық қанды және тиiмдi дамуы экономика дамуына белгiлi тиiмдiлiктердi және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:

  1. Қоғамның өндiрiстiк тиiмдiлiгiнiң өсуi;
  2. Рыноктық механизмнiң толық қанды қызмет етуi;
  3. Өндiрiс факторларының қолданысын жақсарту;
  4. Оптималды баға құру;
  5. Тауарлардың және қызметтердiң әлемдiк стандарттарға өтуi;
  6. Бизнестiң тиiмдiлiгi, басқашайтқанда ел iшiндегi кәсiпорындар iс-қимылының жаңашылдығы;
  7. Инфрақұрылым немесе елдегi қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының бiлiмi мен бiлiктiлiгi, жасампаздық қасиеттердiң бизнестiң жоғары талабына сәйкестiгi;
  8. Инновацияларды енгiзу.

Бәсеке жаратылысының негiзi шектеулi ресурстарды неғұрлым тиiмдi қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндiру және қызмет көрсетулердiң өз өнiмдерiне инновациялар енгiзуiне ынтасын арттырады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек бәсекелестiк инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейiн 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады.

Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп атап, оны бәсекелестiктiң кемшiлiктерi ретiнде түсiнуге болады. Оларға:

  • тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
  • бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
  • бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
  • тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
  • бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
  • келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.

Экономикада рынокты, ондағы бәсекелестiк жағдайды анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополия туралы
Ақауларды жөндеуге шығындар
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты
Дамыған елдердегі нарықтың түрлері және инфрақұрылымы
Жалақы теориясы:мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Бәсекелестіктің болашағы мен келбеті
Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
Қазақстан Республикасының экономикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржының ролі
Ұлттық экономиканың салалық дамуын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz